Все записи автора TAQ.KZ

Сайдирасулхан Ералиев: Тұрғындардың мәселесі басты назарда

Сайдирасулхан Ералиев: Тұрғындардың мәселесі басты назарда

«AMANAT» партиясының облыстық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары бойынша кезекті брифинг өтті. Брифингте Түркістан қаласы бойынша сайланған облыстық мәслихат депутаттары Инара Намазбаева мен Сүлеймен Арыстанов және Сайрам ауданы бойынша сайланған мандат иелері Нұржан Жамалбеков пен Сайдирасулхан Ералиев БАҚ өкілдеріне сайлауалды бағарламалардың орындалу барысы төңірегінде баяндап, өзекті мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, бірқатар мәселелердің шешілуіне ықпал жасап жүргенін жеткізді.

Депутаттар өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал жасап келеді (видео)

 

 

«AMANAT» партиясының облыстық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары бойынша кезекті брифинг өтті. Брифингте Түркістан қаласы бойынша сайланған облыстық мәслихат депутаттары Инара Намазбаева мен Сүлеймен Арыстанов және Сайрам ауданы бойынша сайланған мандат иелері Нұржан Жамалбеков пен Сайдирасулхан Ералиев БАҚ өкілдеріне сайлауалды бағарламалардың орындалу барысы төңірегінде де айтап өтті. Халық қалаулысы Арыстан Сүлейменов сайлауалды бағдарламаның орындалуы мен Жол картасы төңірегінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңда тұрғындармен кездесулердің тұрақты түрде кестеге сай өткізіліп жатқандығын атап өткен Арыстан Тұрсымбайұлы халықтың өтініштерінің басым бөлігі ауыз су, облыс орталығындағы қоғамдық көліктер, жаяу жүргінші жолдарының дұрысталуы екенін жеткізді. Мандат иесі 5 айдың көлемінде 4 депутаттық сауал жолдап, оның 2-уіне жауап алған. Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалымен бірлесе отырып 2 қоғамдық қабылдау ұйымдастырған.

 

 

Облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева депутаттарға жүктелген жауапкершілікті сезініп, халықпен тығыз жұмыс жасап жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар, өзінің Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы екенін, бірнеше қоғамдық қабылдау өткізгенін, онда негізінен көпбалалы аналардың мәселелері тыңдалғанын жеткізді. Бірі жұмысқа тұруына көмек беруін өтінсе, енді бірі қаржылай қолдау сұраған. 2,5 пайыздық қайтарымсыз несие қызықтырғандар да бар. Мандат иесі қабылдауға келген азаматтардың барлығы да өз деңгейінде жауап алып кеткенін атап өтті.

 

 

Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына бір мандаттық сайлау жүйесі бойынша Сайрам ауданынан түсіп, халық қалаулысы атанған Нұржан Жамалбеков мандат иесінің ең алдымен халықтың қызметшісі екенін, ел арасында болып, олардың өзекті мәселелерін зерделеп, нақты шешілу жолдарын қарастыруға ықпал ететінін айтып өтті. Осы орайда Нұржан Шәріпбекұлы депутат ретінде Сайрам ауданында 7 рет қоғамдық қабылдау өткізіп, жалпы 47 азаматтың талап-тілегін тыңдаған. Қабылдау нәтижелерімен 14 депутаттық сауал жолдаған. Соның бірі –Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда айтылған өзекті мәселе. Ауыл тұрғындары Сайрам ауданы аумағы арқылы өттетін республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» автомобиль жолының бойындағы Жібек жолы елді мекенінің тұсына жер асты мал өткелін салып беру мәселесін көтеріп, көмек сұраған. Депутат осынау мәселенің маңыздылығын ескеріп, аталған жәйтті оңтайлы шешіп беру үшін ҚР индустрия және даму министірлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасынана хат жолдаған. Бүгінде жауап күтіліп отыр. Брифингте сол сияқты өзге де депутаттық сауалдар, оның орындалу барысы төңірегінде сөз болды. Одан бөлек, «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек, «Ауыл аманаты», «Халықпен бірге» бағдарламаларының ел ішінде белсенді жүргізілуіне атсалысып жатқанын жеткізді.

 

 

 

Сайдирасулхан Ералиев елді мекендерде негізінен инфрақұрылым мәселесінің өзекті екенін, ең алдымен осы жәйттерді шешіп алуға атсалысып отырғанын атап өтті. Брифинг барысында БАҚ өкілдері халық қалаулыларына өздері сайланған аймақтары бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауап алды.

ДЕПУТАТТАР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУІНЕ ЫҚПАЛ ЖАСАП КЕЛЕДІ

Түркістан облыстық мәслихат депутаттарының атқарған жұмыстары бойынша баспасөз мәжілісі жалғасуда.
Кезекті брифингте «AMANAT» партиясынан Түркістан қаласы бойынша сайланған облыстық мәслихат депутаттары Инара Намазбаева мен Сүлеймен Арыстанов және Сайрам ауданы бойынша сайланған  Нұржан Жамалбеков пен Сайдирасулхан Ералиев БАҚ өкілдеріне сайлауалды бағарламалардың орындалу барысы туралы баяндады.
Халық қалаулысы Арыстан Сүлейменов сайлауалды бағдарламаның орындалуы мен Жол картасы төңірегінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңда тұрғындармен кездесулердің тұрақты түрде кестеге сай өткізіліп жатқандығын атап өткен Арыстан Тұрсымбайұлы халықтың өтініштерінің басым бөлігі ауыз су, облыс орталығындағы қоғамдық көліктер, жаяу жүргінші жолдарының дұрысталуы екенін жеткізді. Мандат иесі 5 айдың көлемінде 4 депутаттық сауал жолдап, оның 2-уіне жауап алған. Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалымен бірлесе отырып 2 қоғамдық қабылдау ұйымдастырған.
Облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева депутаттарға жүктелген жауапкершілікті сезініп, халықпен тығыз жұмыс жасап жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар, өзінің Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы екенін, бірнеше қоғамдық қабылдау өткізгенін, онда негізінен көпбалалы аналардың мәселелері тыңдалғанын жеткізді. Бірі жұмысқа тұруына көмек беруін өтінсе, енді бірі қаржылай қолдау сұраған. 2,5 пайыздық қайтарымсыз несие қызықтырғандар да бар. Мандат иесі қабылдауға келген азаматтардың барлығы да өз деңгейінде жауап алып кеткенін атап өтті.
Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына бір мандаттық сайлау жүйесі бойынша Сайрам ауданынан түсіп, халық қалаулысы атанған Нұржан Жамалбеков мандат иесінің ең алдымен халықтың қызметшісі екенін, ел арасында болып, олардың өзекті мәселелерін зерделеп, нақты шешілу жолдарын қарастыруға ықпал ететінін айтып өтті. Осы орайда Нұржан Шәріпбекұлы депутат ретінде Сайрам ауданында 7 рет қоғамдық қабылдау өткізіп, жалпы 47 азаматтың талап-тілегін тыңдаған. Қабылдау нәтижелерімен 14 депутаттық сауал жолдаған. Соның бірі –Сайрам ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде өткен көшпелі қоғамдық қабылдауда айтылған өзекті мәселе. Ауыл тұрғындары Сайрам ауданы аумағы арқылы өттетін республикалық маңызы бар А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Өзбекстан респ.шекарасы» автомобиль жолының бойындағы Жібек жолы елді мекенінің тұсына жер асты мал өткелін салып беру мәселесін көтеріп, көмек сұраған. Депутат осынау мәселенің маңыздылығын ескеріп, аталған жәйтті оңтайлы шешіп беру үшін ҚР индустрия және даму министірлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасынана хат жолдаған. Бүгінде жауап күтіліп отыр. Брифингте сол сияқты өзге де депутаттық сауалдар, оның орындалу барысы төңірегінде сөз болды. Одан бөлек, «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек, «Ауыл аманаты», «Халықпен бірге» бағдарламаларының ел ішінде белсенді жүргізілуіне атсалысып жатқанын жеткізді.
Сайдирасулхан Ералиев елді мекендерде негізінен инфрақұрылым мәселесінің өзекті екенін, ең алдымен осы жәйттерді шешіп алуға атсалысып отырғанын атап өтті. Брифинг барысында БАҚ өкілдері халық қалаулыларына өздері сайланған аймақтары бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауап алды.

Түлкібаста жаңа бизнес идеялары бар үміткерлердің өтініштері қаралды

Түлкібас ауданында мемлекеттік қайтарымсыз грантты алуға үміткерлердің өтініштері қаралды. Кезекті комиссия отырысы Азаттық ауылы, Навои көшесі нөмері 103 үйде орналасқан «Мәдениет үйі» ғимаратында өтті. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 26 – 27 – 28 күндері сағат 10:00 ден 19:00 аралығында өткен іс-шараның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тікелей көрсетілім ұйымдастырылып, аудандық “Мансап” орталығының әлеуметтік желісінде жарияланды.
Жалпы мемлекеттік грантқа Түлкібас ауданы бойынша  260 үміткер өтініш білдірген, әр үміткердің https://business.enbek.kz/ ақпараттық порталының жеке кабинетінде нақты уақыты туралы хабарлама жолданған.
“2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы” аясында жаңа бизнес идеяларды іске асырғысы келетін азаматтар комиссияға алдын-ала хабарландыру бойынша  тиісті құжаттарын, яғни жеке куәлік және бизнес жоспарын, мүгедектігі бар азаматтар жұмысқа жарамдылығы туралы анықтамасын да тапсырды. Сондай-ақ әр үміткер бағдарлама бойынша өз мақсаттары мен жүзеге асырғысы келетін жобаларын баяндап берді.
Айта кетейік өткен жылы Түлкібас ауданында жалпы жұмысқа қамту шараларына 4638 жұмыссыз азамат қатысып, соның ішінде «Еңбек» бағыты бойынша 3569 азамат жұмыспен (тұрақты жұмыспен 1700; уақытша жұмыспен 1869) қамтылған. Бұдан бөлек ұлттық жобалар аясында ашылған жұмыс орындарына 434 азамат, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың әр бір «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» тапсырмасы аясында 635 тұрғын жаңа жұмыс орнына жолданған.
Ал, биылғы жылы  «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясындағы барлық бағыттары бойынша 5588 адамды кешенді жоспарға сәйкес жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл бағыттағы міндеттемелерді жүзеге асыру үшін ауданда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері кешенді жоспардың аясында жұмыссыздыққа тіркелгендерді еңбекпен қамту шаралары ұйымдастырылып, Мансап орталығына жүгінген азаматтарды сұранымы бойынша «Әлеуметтік жұмыс» орындарына,  «Жастар практикасына», «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатыстыру, одан бөлек зейнет жасына дейінгі тұрғындарды «Күміс жас» жобасына  жолдау іске асырылған. 800 ден аса адам «Ақылы қоғамдық» жұмысқа жолданса , 750 ге тарта адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал 60 қа жуық тұрғын  «Жаңа жұмыс» орнына орналасыпты.
Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша 7 айдың көрсеткішімен ауданда  608 азамат жұмысқа орналасса, бұған дейін  жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға ниетті 44 азаматқа мемлекеттік қайтарымсыз грант берілген болатын.  Бұдан бөлек,  мүгедектігі бар еңбекке қабілетті адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетіліп,  оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнындарына,  жастар практикасына, күміс жас жобасына,  алғашқы жұмыс пен қоғамдық жұмысқа орналастырылған.

ТӨЛЕБИЛІК ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Төлеби ауданында Қарттар күні мерекесі қарсаңында қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді. Шараға қатысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев сөз алып, жылы лебізін білдірді.
– Мемлекетіміздің қалыптасу жолында еселі еңбегімен танылған аға буын өкілеріне алғыс айтамыз. Сіздердің ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілікті, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлестеріңіз ерек. Өскелең ұрпақ үшін сіздер борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске деген өшпес ерік-жігердің үлгісі болып келесіздер. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,- деді аудан әкімі.    
Жиында демеушілер тарапынан ақ дастарқан жайылып, бабалар рухына құран бағышталды. Одан соң аудан ақсақалдары өскелең ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтты. Елдегі ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың маңыздылығына тоқталды. Кездесу соңында ауданның дамуы жолында еңбек етіп жүрген ардагерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды. Шара аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

Н.ӘБІШОВ: Шардара ауданында құны 30 млрд теңге болатын зауыт салынуда

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының ықпал етуімен Шардара ауданында құны 30 млрд және қуаттылығы 150 тонна болатын зауыт салынуда. Бұл туралы, Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Н.Әбішов Шардара ауданындағы Достық , Ақалтын ауылында өткен мақта мәселесі бойынша шаруалармен кездесуінде айтты.

Жиынға Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай, құқық қорғау саласының қызметкерлері, ауыл әкімі және тиісті мекеме басшылары қатысты. Басқосуда мақта жиын-теріміне қатысты мақташылардың мәселесі айтылды.
Аудан басшысынан бастап тиісті басқарма, мекеме басшылары ауылшаруашылық саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді. Шаруаларға мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат берілді.

 

 

Мақташылардың мәселесі бойынша алдарыңызға арнайы келіп отырмыз. Қазіргі уақытта, Шардара ауданынан жүгері зауыт салынуда. Алдағы уақытта өңірде жеңіл өнеркәсіп дамып, ауыспалы егіс жүйесі қолға алынатын болады. Жұмысшы топтың мақсаты, биылғы мақта терімі бойынша өздеріңізбен жүздесіп, қандай да бір мәселелеріңіз болса тыңдауға дайынбыз,- деді облыстық мәслихат төрағасы.

 

Жалпы Достық ауылында екі мақта қабылдау пункт бар. Шаруа қожалықтарының саны – 305. Ауылда егістік жер көлемі- 5406 гектарды болса, оның ішінде 576 гектар жерге мақта егілген. Ал, Ақалтын ауылында шаруа егістік жер көлемі 7мың гектардан аса, оның 1000 гектарына ғана мақта егілген. Айта кетейік, аудан бойынша мақта қабылдау пунктеріндегі 38 таразы 19 лаборатория тексеруден толықтай өтті.

 

 

Жиынға қатысқан шаруалар облыстық штаб мүшелеріне өз ойларын айтып, мақта жөнінде сұрақтарын қойды. Мәселен, мақта қабылдау кезінде пунктеріндегі таразы мен лабораторияны жіті бақылауға алу керектігін айтты. Мақта бағасы мен жеңілдетілген несие, субсидия мәселесі де сөз болды.

 

 

 

Барлық сұрақтарға Нұралы Әлмаханұлы тиісті жауаптарын беріп, мақта жиын-терімі аяқталғанша шаруалардың мәселесін бақылауға алатынын айтты. Кездесуден кейін, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Ауыл халқы жылдар бойы шешімін таппаған жер, канал мәселесі туралы шағым білдірді. Барлық ұсыныс-тілектер назарға алынып, орындалуы бойынша тиісті мерзім бекітілді

Төлеби ауданында оқушыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Түркістан облысы Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты “Оңтүстік” негізгі орта мектебі КММ-сінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің және кереғар діни ағымдардың алдын алу мақсатында “Мектептегі бала құқығы мен міндеті” тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Шара барысында, Төлеби ауданы, Тасарық ауылдық округының әкімі, аудандық полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының инспекторлары, аудандық ішкі саясат бөлімінің ” Жастар ресурстық орталығы” КММ – нің қызметкерлері мен теолог маманы және психологы қатысуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Түлкібас: Жастар жұмыссыз қалмайды

2023 жылдың наурыз айынан бастап,  “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасымен жұмыссыз тіркеліп тұрған Тастұмсық ауылының тұрғындары Эрметова Севара мен Алена Байназарова Түлкібас ауданындағы “Нұр бала” бөбекжайы – бала бақшасына жолданған болатын.
Қазіргі таңда, жас мамандар тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді. Олар, балабақша тәрбиешілерінің көмекшісі атанып, кішкентай балғындарды тамақтандыруға және уақытында демалуына көмектеседі.
Қос маманда, Мансап орталығының қолдауымен алғашқы жұмыс орынына орналасқандарына қуанышты. Олардың алға қойған мақсаттары да аз емес. Бастысы, ерінбей еңбек еткен адам өзінің өмір сүру сапасын жақсартып, мол тәжірбие жинауына мүмкіндік алады, дейді Севара мен Алена.
Айта кетейік,  халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы керек болатын, алайда биыл мемлекет үшін маңызды жоба 2029 жылға дейін ұзартылды. Яғни, үкімет мерзімін ұзартқан бағдарлама қазақстандықтардың, оның ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев: «Халықтың табысын арттыру бағ­дар­ламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақ­ты және мақсатты болуы керек. Әрбір бас­қару деңгейінде кедейлікті азай­ту­дың нақты көрсеткіштері белгіленуі тиіс. Жұмысқа мұқтаж азаматтардың нақ­ты санын анықтау қажет» – деген болатын.

Перзиденттің дәл осы тапсырмасы негізінде жүзеге асып жатқан бағдарлама 5 бағытты қам­тиды. Олар: өңірлік жұмыспен қам­ту карталары шеңберінде эконо­ми­ка­ның нақты секторында жұмыс орнын құ­ру, «Ауыл аманаты» жобасын іске асы­ру шеңберінде ауыл тұрғындарының кі­рісін арттыру, табыс деңгейін арт­ты­ру­ды қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шаралар және мемлекеттік қолдау ша­ралары, бюджет қаражаты есебінен жа­­­лақыны көтеру бойынша мін­дет­те­мелер, халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау.

Бүгінде статистикаға сүйенсек, елімізде жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектердің шамамен 35 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істе­мей­ді екен.  Ал 40 пайызға жуығы оқу бітіргеннен кейін бір жыл көлемінде екі қолға бір күрек тап­пай жүріп қалады. Осы орайда жастар ара­сын­да­ғы жұмыссыздықты жоюды көздеген бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай 3,3 миллионнан ас­там адамды, оның ішінде 2,3 миллион жас­ты жұмыспен қамту жоспарланған. Жас­тар­ды жұмыспен қамтуға арналған  «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар прак­тикасы», «Дипломмен ауылға» сын­ды бағдарламалар бар. Аталған бағ­дарламалар жастарды жұмысқа ор­на­лас­тырудың тетігін іске асыруды қам­ти­ды. ЖОО бітірген жас маманға бірден жұ­мыс табылуы қиын. Қолында дип­ло­мы болғанымен, тәжірибесі жоқ ма­ман­ды көп мекеме жұмысқа алғысы кел­мей­ді. Осы орайда мемлекет жастарға ты­­­­ғырықтан шығудың тиімді жолын ұсынады. Ол – “Жастар практикасы” бағдарламасы мен “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасы. Биыл да өз жалғасын тапқан  мемлекеттік жобаға жұмыс беру­ші­лер­дің өзі аса қызығушылық танытып келеді.

 

 

Айта кетейік, “Алғашқы жұмыс орнына“ – еңбек өтілімі болмаған, 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады. Аталған бағдарлама бойынша жұмысқа орналасуға ниетті  Түлкібас ауданының жастары мен оқу орынын бітірген түлектер Мансап орталығына жүгіне алады.

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Аудандық мәдениет үйінде «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 46 жұмыс беруші мекемеден 140 бос жұмыс орыны ұсынылды. Бос жұмыс орындарының ішінде білім саласы мен аудан аумағында орналасқан кәсіпорындарға қатысты сұраныс көп болды. Атап айтқанда, қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, математика және химия пәндерінің мұғалімдеріне бос жұмыс орындары бар.
 
200-ге жуық азамат жәрмеңкеге келіп, әр түрлі сала бойынша жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Жұмыс беруші мекемелердің басшылары мен өкілдері келген тұрғындарға жұмысқа орналасудың шарттарын түсіндіріп, Мансап орталығының қызметкерлері жәрмеңкеге қатысушы азаматтарға мемлекеттен қарастырылған қолдау түрлері туралы ақпарат берді.
Айта кетейік, Түлкібас ауданында Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша тапсырмасы да жүйелі түрде іске асып келеді. Биыл, бұл бағытта 7 айдың көрсеткішімен ауданда 600 ден аса азамат жұмысқа орналасқан болатын. Сонымен қатар, «Еңбек күні» мерекесі қарсаңында өткізілген жәрмеңкеде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидияланатын уақытша жұмыс орындары және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі туралы да айтылды. Жұмыс іздеп жүрген азаматтарға «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталы (enbek.kz) арқылы бос жұмыс орындарын іздеу мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында ұйымдастырылатын жұмыс орындарына қатысу тәртібі түсіндіріліп, бағдарламаға қатысуға шақырылды.
Жалпы, Түлкібас ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясындағы барлық бағыттар бойынша 5588 адамды кешенді жоспарға сәйкес жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінде Ұлттық жоба шеңберіндегі  жұмыстар өз деңгейінде орындалып келеді. Бұл бағытта 3 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылғандар қатарына қосылған. Оның ішінде «Әлеуметтік жұмыс» орындарына, «Жастар практикасына», «Алғашқы жұмыс орны» жобасы мен «Күміс жас» жобасына,  «Ақылы қоғамдық» жұмысқа жолданған тұрғындар өз қызметтерін аброймен атқарып жүр. Ал, тұрақты жұмысқа  750 ге тарта азамат жолданып, еңбек етуде. Ауданда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грантты алып, өз кәсібін бастаған тұрғындар да аз емес. Ол азаматтар өзінің табысын арттырумен қатар, аудандағы бірқатар тұрғындары да жұмыспен қамтуда. Олардың қатарында наубайхана, тігін шеберханасы, медициналық мекеме, әсемдік орталықтары мен шаштараз ашып, бизнесін өркендетіп отырған кәсіпкерлер де бар. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы бағытында бірқатар азаматтар таңқурай, құлпынай, қияр өсіріп өнімдерін еселесе, ал мал шаруашлығында ірі қара және жылқы басын көбейтіп жүрген шаруа иелері де кездеседі.
Бұдан бөлек, Түлкібас ауданында мүгедектігі бар еңбекке қабілетті 300 ге жуық  адамға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Оның ішінде  8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 2 азамат жастар практикасына, 2 азамат күміс жас жобасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына, 45 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 190 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына, 15 тен аса азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алған және 20 азамат деректер қорындағы бос жұмыс орнына жолданыпты.

Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 13-і күні Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІІІ тоқсандағы көшпелі отырысы өтті.
Аталған кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев және кеңес мүшелері, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Оралбеков, Тасарық ауылдық округі әкімі Б.Алтынбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Б.Смайлхан, Төлеби аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Жакипов, Төлеби аудандық кәсіпкерлерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы А.Жарынбетова, аудандық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері және аудан тұрғындары қатысты.
Күн тәртібінде «Тасарық ауылдық округі тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу» және «Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау» тақырыптары қаралды.
Тасарық ауылдық округі әкімі Б.Алтынбеков 2023 жылы округ бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды. Нақты айтар болсақ, ауыл шаруашылық, денсаулық, білім және спорт, кәсіпкерлік және әлеуметтік салалары бойынша, сонымен қатар ауыз су және ағын су, газ, электр жарығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде және алдағы уақытта жоспарланып, атқарылатын жұмыстары жөнінде айтып өтті.
Төлеби аудандық кәсіпкерлерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы А.Жарынбетова, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлерін және ауданда ауыл шаруашылық саласында атқарылып жатқан жұмыстарының барысы туралы айтып өтті.
Жиын соңында Тасарық ауылдық округіне қарасты кәсібінен өз нәсібін тауып жүрген бірнеше кәсіпкерлермен кездесті.
Шонов Қалмахан 2018 жылдан бері үй іргелік жерге тамшылатып суғару әдісімен құлпынай егеді. Жидекті өсімдіктердің қатарына жататын құлпынайда адамға қажетті витаминдер, микроэлементтер, минералды тұздар, органикалық қышқылдар және басқа да пайдалы заттар бар, сондықтан оларды алдын алу-емдеу өнімдеріне жатқызады. Жидектер-консерві өнеркәсібі үшін құнды шикізат.
Лебиев Салман 2019 жылдан бері бал арасын асыраумен айналысады. Бал – көп ауруға шипа. Сол сияқты араның шаққаны – ревматизм сияқты ауруларға таптырмайтын ем. Ол гүлдерді тозаңдандырады, ондағы шаң-тозаңды тазалап кетеді, сондықтан да араны «қанатты агротехник» дейді мамандар.