Желіде зейнетақы жинағының 50 пайызын кез келген мақсатта жұмсауға алып бере алатынын айтып, ақы сұрайтын алаяқтар пайда болған. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі өкілдері айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz сайтына сілтеме жасап TAQ.KZ ақпараттық агентігі.
Сегіз жыл бірге тұрған танысы үйіне ұрлыққа түсті
Полицейлер күдіктіден шолақ мылтық пен бірнеше оқ тәркіледі
Үйінде 2 қару мен 100-ден астам оқ болған
Полицейлер жергілікті тұрғыннан 2 қару мен 100-ден астам оқты тәркіледі.
Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері мен Созақ ауданының полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен еш жерде тіркелмеген 2 қару мен оқ-дәрілер тапты.
Нақтырақ айтсақ, қылмыстың алдын алу бағытында қызметте жүрген полицейлер, жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде қару-жарақ заттарын заңсыз сақтайтынын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Созақ ауданының тұрғынын анықтап, оның үйіне тінту жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде күдіктінің үйінен заң талаптарына сай келмейтін 1 дана ойық ұңғылы қару мен 1 дана 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіледі. Сондай-ақ 100-ден астам оқ пен 6 дана атылған оқ алынды. Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
«Мемлекеттен қайтарымсыз грант әперемін». 7 тұрғыннан 7,5 миллион теңге алған
Ер адам әйелінің өзгемен некеде екенін жеті жылдан кейін білген
Ерлі-зайыпты Дубайда некеге тұрған. Неке елшілікте, содан кейін ҚР аумағындағы АХАТ органында тіркеліпті. Тіпті олар бірге тұрған кезеңде ортақ балалары дүниеге келген. Ер адам әйелі жасырын некеге тұрғанын Дубайдан Грузияға көшкенде білген, — деп хабарлайды TAQ.KZ тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл ақпаратты Астана қаласы сотының баспасөз қызметі растаған.
Одан кейін отбасы Грузияға қоныс аударып, онда олар сол елде тұруға рұқсат алған. Алайда, құжаттарды алған кезде ер адам жұбайы жеті жыл бұрын Тбилиси қаласында Грузия азаматымен некеге тұрғанын біледі.
Ер адам осы жағдайға байланысты зайыбының некеде тұрғаны туралы ештеңе білмейтінін айтып сотқа жүгінген. Сот 2018 жылы Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығында жұбайлар арасында тіркелген некені жарамсыз деп таныды.
Әйел Астана қаласы сотына апелляциялық шағыммен жүгінген. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Шешім заңды күшіне енді.
Бейресми кездесудегі өзекті мәселелер
ӘКІМГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Ақтау қаласының әкіміне қатысты 50 АЕК мөлшерінде, яғни 172 500 теңге айыппұл салынды. Әкім ақшалай өндіріп алуды 5 күн ішінде төлеуі және сот шешімін 10 күн ішінде орындауы қажет, деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап TAQ.KZ тілшісі.
Әкімге қомақты айыппұл заңды күшіне енген сот шешімін уақытылы орындамағаны үшін салынғаны белгілі болды.
Маңғыстау облыстық ауданаралық сотының шешімімен шаһардағы кәсіпкердің Ақтау қаласы әкіміне қатысты талап-арызы қанағаттандырылған. Өйткені жергілікті әкімдік оған жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартқан екен. Бұл әрекетін сот заңсыз деп таныды. Талапты орындауға 1 ай мерзім белгіленді.