«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: «Ustazga AI: ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЖИ-САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміздің білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын меңгеруін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы мақсатта партияның Шымкент қалалық филиалы мен «Daryn Ustaz» орталығы бірлесіп «Ustazga AI: жасанды интеллект педагог көмекшісі ретінде» атты арнайы курсты таныстыру және түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – мұғалімдерге арналған тегін онлайн курсты ұйымдастыру, білім беру саласында жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдарын көрсету, сондай-ақ педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру.

Іс-шараға «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова, партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, «Daryn.Online» компаниясының бас директоры Айбек Қуатбаев, «Daryn Ustaz» педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру орталығының директоры Ерлан Абдиманапов, Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов, сондай-ақ қала мектептері мен колледждерінің директорлары қатысты.


Партия Хатшысы Шолпан Каринова жасанды интеллекттің заманауи білім беру үдерісіндегі маңызын атап өтті.

«Әлемнің барлық саласында жасанды интеллект белсенді түрде енгізіліп жатыр. Әсіресе, білім саласы бұл өзгерістерден тыс қалмауы тиіс. ЖИ мұғалімдердің уақытын үнемдеп қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасайды. Бүгінде ұстаздарға арналған қолжетімді платформалар әзірленді. Соларды игеру – бәсекеге қабілетті маман болудың алғышарты», – деді ол.

Курс нәтижесі бойынша 80 академиялық сағаттық ресми сертификат беріледі. Сертификат аттестацияда жарамды, сондай-ақ «ҰСТАЗ» Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасына енгізіледі.

Астана қаласынан келген сарапшылар жасанды интеллекттің мұғалім жұмысына қосатын тиімділігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Олардың айтуынша, курсқа қатысушылар:

– Сабақ жоспарларын, тестілерді, талдауларды, БЖБ/ТЖБ сияқты құжаттарды жасанды интеллект көмегімен автоматтандыруды үйренеді;

– икемді оқу уақыты нәтижесінде жұмыспен қатар білім алуға мүмкіндікке ие болады;

– конкурсқа жоба жіберу арқылы үздік 400 педагог қатарынан таңдалып, Астанада өтетін ПедХакатонға жолдама алады;

– сондай-ақ Хакатон жеңімпазы атанған 20 педагог Оңтүстік Корея мемлекетінде өтетін тегін тағылымдамаға жолдама алады.

Спикерлердің айтуынша, жасанды интеллектті дұрыс қолдана білген мұғалім бір күндік жұмысты бірнеше есе жылдам орындай алады. Бұл педагогтердің өзінің кәсіби дамуына, шығармашылық ізденісіне және оқушымен жұмыс сапасын жақсартуға мол мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер және оларды шешу» атты Жолдауында жасанды интеллектті білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару саласына кеңінен енгізу қажеттігін атап өткен еді. Президент үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыруды стратегиялық мақсат ретінде белгіледі.

Осы тапсырмаға сәйкес «AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірлерінде педагогтерге арналған «Daryn.ai» платформасында оқыту курстарын іске қосты. Бұл – мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Кездесуде партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев білім саласындағы цифрландыру процесіне партия тарапынан ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Жасанды интеллект – жаңа дәуірдің талабы. Мұғалімнің бұл технологияны меңгеруі білім сапасын арттырады, оқыту үдерісін жеңілдетеді. Біз педагогтердің кәсіби дамуына әрдайым қолдау көрсетеміз. Өткізіліп жатқан курстар – ұстаздардың бәсекеге қабілетті болуына арналған нақты қадам», – деді Мұрат Жолдыхожаев.

Жиын соңында қатысушылар курс мазмұны, ЖИ құралдарын мектептер мен колледждер жұмысына енгізу тәсілдері туралы сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты. Педагогтер кездесудің практикалық тұрғыда өте пайдалы болғанын атап өтті.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да ұстаздардың кәсіби өсуіне және цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобаларды жалғастырады.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ЖОМАРТ ӘБДІБАЕВ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

«AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалыны қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Әбдібаев Жомарт Махаматжанұлы аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар аудандағы құрылыс алаңшаларының жұмысы, жол, асфальт төсеу, құрылыс жұмыстарына қаржы қаралуына ықпал жасау жайлы болды.
Қарабау елді мекенінен келген ауыл биі Зұлыпхар Сүлейменов салынатын кіші стадионның құрылысының басталуы жайлы сұрады.
Мердігер мекеме анықталып құрылыс жұмыстарының жақын арада басталатындығы айтылды.
Сонымен қатар, Қарабау елді мекеніндегі ФАП-қа барар жолға асфальт жабындысы төселуі қажет екендігін жеткізді. Аудандағы жауапты мекемеге мәселені оң шешуді тапсырды.

Жібек жолы елді мекенінен келген тұрғын Бақтияр Ешмұратов облыстық маңызы бар жолдардан елді мекендерге кіретін жолдарды асфальт жабындысын төсеу керектігін фото суреттерімен көрсетті және жазбаша өтінішін қалдырды.
Бұл мәселені оңтайлы шешу мақсатында арнайы мамандармен мәселенің басына барып көру керектігін ұсынды.

Қала тұрғыны Гүләйша Анарбаева ішкі көшелерін орталық кәріз құбырларына қосу жайлы мәселе көтерді.
Кәріз мәселесінің құжаттары сараптаудан шыққан, келесі жылға қаржысы қаралып құрылыс жұмыстары жасалатындығы жайлы жауапты мекеме басшысы тарапынан жауап берілді. Жомарт Әбдібаев бақылауда ұстауды тапсырды.

Жаңақұрылыс елді мекенінен келген ауыл биі Даулет Тұрсынбаев су құбырын жүргізілгеннен кейінгі жолдарды жөндеу және байланыс операторларының қондырғыларын орнату жайлы өтініш білдірді.
Жол жөндеу жұмысының қаржысы қаралған келесі жылға орындалады, байланыс операторлары жайлы өтініш беруін сұрап, ары қарай оң шешілуіне ықпал жасайтындығын айтты.

Қызылжар ауылдық округінің әкімі Әбдіжаппар Рахымбердиев спорт комплексінің және асфальт жабындысын төсеу бойынша әзірленген құжаттарының пайдалану мерзімі өтпей жатып құрылыс жұмыстарының қаржысын қарауға ықпал жасауды сұрады.
Жомарт Әбдібаев құжаттарын алып, толық өз бақылауына ұстайтындығын мәлімдеді.
Сонымен қатар, халық қалаулысы ауданда және қандай түйіні шешілмей тұрған мәселелер бар екендігін сұрап, ықпал жасайтындығын айтты.

ДЕПУТАТТАР ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облыстық мәслихатының алдағы өтетін кезекті сессиясында Түркістан облысы полиция департаментінің өңірде қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалады. Осыған орай аталған мәселені зерттеу және дайындау бойынша уақытша депутаттық комиссия құрылды. Коммисия төрағасы – облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов.

Түркістан облысы мәслихатының депутаттары ішкі істер саласындағы материалдық-техникалық базаның жағдайымен танысу мақсатында іссапармен Шымкент қаласы мен Сарыағаш ауданына барды.

Іссапар барысында халық қалаулылары алдымен Шымкент қаласында орналасқан Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ ғимаратында болды. Депутаттарға департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен қызметтік нысандары таныстырылды. Шымкент қаласында орналасқан ғимарат 1982 жылы салынған. Нысан биыл ағымдағы жөндеуден өткізілген.

Сапар одан әрі Сарыағаш ауданының Жібек жолы елді мекенінде жалғасып, мұнда халыққа қызмет көрсететін жаңа полиция бөлімшесінің жұмысы таныстырылды.

Сондай-ақ, депутаттар Сарыағаш аудандық полиция басқармасына қарасты Жедел басқару орталығының жұмысымен де танысты.

Жаңа кезеңнің басталуы!

Рүстем Омаров Джеки Чанның халықаралық жобасы — «Доспехи Бога: Ультиматум» фильміне қосылды.

Атақты экшн-франшизаның жаңа бөлімінде Sәlem Entertainment жобасының жұлдызы актер әрі сценарист ретінде бой көрсетеді.

«Бала кезімнің кумирі Джеки Чанмен бірге түсетініме өте қуаныштымын», — дейді Рүстем Омаров.

БІРЛІК ПЕН ІС ӘРЕКЕТ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ!

“RESPUBLICA” партиясының Түркістан облыстық филиалында облыстық партия филиалының төрағасы Айткулов Бекжан Бақтыбекұлының төрағалығымен Өңірлік кеңес пен ReWomen Іскер әйелдер қауымдастығының бірлескен отырысы өтті.

Шараға Өңірлік кеңес мүшелері, облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, кәсіпкерлер мен белсенді партия мүшелері қатысты.

Жиында Республика күні қарсаңында партия мүшелерінің бірлігі мен ел дамуына қосқан үлесі атап өтілді.
Партияның белсенді мүшелеріне “RESPUBLICA” партиясының төрағасы Айдарбек Асанұлының атынан Алғыс хаттар табыс етіліп, ел мерекесіне орай шын жүректен құттықтаулар айтылды.

Өз сөзінде Бекжан Бақтыбекұлы партия алдында тұрған маңызды мақсат-міндеттерге тоқталып, алдағы кезеңде:
? Партияның сандық және сапалық құрамын арттыру,
? Партиялық кадрлық резервті қалыптастыру,
? Әрбір мүшенің қоғамдық белсенділігін арттыру,
? Жергілікті бастамаларды қолдау бағытында нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар қараша айында Түркістан қаласында өтетін Республикалық іскер әйелдер форумына дайындық барысы талқыланып, ұйымдастыру бағыттары пысықталды.

Жиын соңында қатысушылар Республика күнімен бір-бірін құттықтап, ортақ пікір алмасып, ел игілігі жолында жұмыла еңбек етудің маңызын атап өтті.

RESPUBLICA партиясы – ЖАҢАРҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА СИМВОЛЫ!
Бірге – әділетті қоғам, ашық мемлекет және берекелі болашақ үшін!

#RESPUBLICA #Түркістан #РеспубликаКүні #БекжанАйткулов #ІскерӘйелдерКеңесі #ӨңірлікКеңес #ӘділеттіҚазақстан

ЕЛДІК ПЕН БІРЛІКТІ АЙҚЫНДАҒАН КҮН

Бүгін Егемендік декларациясын қабылдаған күнге 35 толып отыр. Алматыда Жоғарғы Кеңесте алғаш рет қазақ үшін тарихта болмаған Егемендік декларациясын қабылдау үшін 360 депутаттың 281 -і қолдап , 18-і қарсы, 2-уі қалыс қалып көпшілік дауыспен осылайша егемендікті, елдің дербестігін білдіретін декларация қабылданды. Саяси құжатты қабылдау оңай жұмыс болмады. 1990жылдың 15 қазанында Жоғарғы Кеңестің екінші сессиясында Асанбаевтың төрағалығымен Егемендік декларациясының жобасы ұсынылып, қоғам болып талқылау үшін 17 қазанда республикалық Социалистік Қазақстан газетінде декларацияның жобасы жарияланды.

Декларацияны бүге шүгесіне дейін талдап құрастырушылар белгілі ғалым-заңгерлер Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев, қоғам қайраткерлері Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сияқты текті тұлғалар тер төкті. Салық Зиманов мінберде 6 сағат тапжылмай тұрып декларацияны таныстырып, кейбір қыршаңқы сұрақтарға қасқайып жауап берді. Декларация 17 тармақтан тұрса, кіріспесіндегі қазақ халқының тағдыры үшін жауапты деген сөз кеңестік дәуірдің наны қатты ұнаған кейбір азаматтарға бұл тұс аса ұнай қоймады да қазақ ұлтының деген сөзді жалпылама сөзге қоғам, азаматтық қоғамға алмастыру қажет дегенді айтқандар депутаттардың арасынан табылды. Дәл осыған дәйекті жауап азулы қайраткерлер Шерзан Мұртаза мен Әбіш Кекілбаевтың қызу қанды пікірлері Салық Зимановтың түсініктемелеріне тұздық болды. Елдің бюджетін қалыптастыру деген тармаққа да күмәнмен қараушылар табылып жатты.

Сыртқы саясатта дербестікті, ішкі саясатта мемлекетшілдікті білдіретін заң жобасының комиссия төрағасы Салық Зиманов сессия біткен соң депутаттармен бірге ғимараттың алдына шығып жиналып тұрған халыққа Егемендік декларациясын таныстырғанда Алматының Алатауы ажарланып кешкі қоңыр күз нұрланып сала берді. Декларацияны қабылдау сағат 18-55 те бітсе, сыртта жиналып тұрғандарға сүйіншілеу ары қарай жалғасты. Қара күздің суығына қарамай ымырт үйірілсе де тапжылмай күткен елшіл азаматтардың жан дүниесінің тербеліп, теңіздей толқуын рухтың көтерілгенінен қуанышынан мерекелік көріністі айтпай -ақ түсінер деп ойлаймын менің оқырманым.

1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік туралы заңның негізі осы Егемендік декларациясы болды. Ұлытауда өткен Құрылтайда Мемлекет басшысының 25 қазанды Республика күні етіп белгілеуді ортаға салып, оның атаулы мереке етіп бекітілуі егемендіктің мәртебесін асқақтата түсті. Мереке құтты барша жұртым!

Рухымыз мықты, жасампаз елдігіміз әлемге үлгі болсын!

Қалыйма Жантөреева,
“AMANAT” партиясы филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық әйелдер қанатының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты

Құрметті қазақ елі! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл тарихи құжаттың мәні мен маңызы орасан. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Біз халық сенімін арқалаған депутат ретінде, жыл сайын осы маңызды шараның куәсі болып, өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, құрметтеуге атсалысамыз. Еліміздің даму жолында, елдігімізді айшықтайтын мағыналы мерекеде оның қадір-қасиетін барынша насихаттауға жұмыла жұмыс жасаймыз.

Өйткені біздің ел, Әділетті Қазақстанды құруға кірісті. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар!  Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз.
Біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады.

Құрметті қауым!

Республика күні мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілеймін! Еліміздің егемендігі баянды болсын! Көк туымыз көкте самғасын.

Құрметпен, Сауран аудандық мәслихат депутаты, Нұржол Данаханұлы!

МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті жұмыс жиыны өтті. Облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің жетекшілігімен өткен мәжіліске облыстық партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Еркебұлан Хандиллаев, комиссия мүшелері, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркін Забиров, Кентау қаласы және Сауран, Төлеби, Түлкібас аудандары әкімдерінің орынбасарлары, жергілікті әкімдіктердің құрылыс бөлімдерінің басшылары, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаушы мекемелердің өкілдері қатысты.

Мәжілісте сөз алған Алтынсары Дүйсенбекұлы мәдениет саласын дамыту көрсеткіштері партияның Сайлауалды бағдарламасының маңызды тармақтары болып енгенін айтты.

«- 2025 жылғы 2 қазанда «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «MIRAS» республикалық кеңесінің отырысында еліміздегі мәдениет объектілерін салу, жөндеу жұмыстары және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында көтерген жасанды интеллекті дәуіріндегі мәдениет пен өнерді дамыту жолдары талқыланды. Кеңес отырысында біздің облыста салынып жатқан мәдениет нысандарына қатысты мәселе көтерілді. Салынып жатқан мәдениет нысандарына мониторинг жүргізу, партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жиынын өткізу және қорытындысы бойынша нақты ақпарат беру тапсырылды. Осыған байланысты, бүгінгі жиында Сайлауалды бағдарламаның орындалуы мен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыстары жүргізіліп жатқан мәдениет нысандарындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылайтын боламыз», – деді.

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша партияның Түркістан облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Асқар Еркінбеков хабарлама жасады. Хабарламада облыстық, аудандық партиялық бақылау комиссиялары жүргізген мониторинг жұмыстарының қорытындысы жарияланды.

«- Жалпы, бізге берілген мәліметке сәйкес, 2023-2025 жылдары 20 мәдениет нысандарының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 2023 жылы 4 мәдениет нысанының құрылысы басталып, 2024 жылға өтпелі болған, 2024 жылы барлығының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген. Сонымен қатар, 2024 жылы 7 мәдениет нысанының құрылысы басталып, 2025 жылға өтпелі болған. Биыл осы объектілердің ішінде Бәйдібек ауданында 1 нысан, Мақтаарал ауданында 2 нысан пайдалануға берілген. Қалған 4 нысанның: Кентау қаласындағы, Сауран, Төлеби, Түлкібас аудандарындағы нысандардың құрылыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланғанымен, бірқатар өзекті мәселелер бар екені анықталып отыр», – деді Асқар Еркінбеков.

Жиын барысында Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылдық округі, Даубаба ауылындағы 100 орындық клубтың, Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округіндегі 120 орындық мәдениет үйінің, Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы 300 орындық мәдениет үйінің және Төлеби ауданы, Киелітас ауылдық округі, Киелітас ауылындағы 140 орындық мәдениет үйінің құрылыстарына қатысты өзекті мәселелелер көтерілді. Нысандардың құрылыстарына жауапты салалық басқармалар мен аудан әкімдері орынбасарларының жауаптары тыңдалды.

Түлкібас ауданындағы клуб құрылысы 90 пайызға аяқталғаны, құрылыс жұмыстарын толық көлемде атқару үшін 143,0 млн. теңге көлеміндегі қаржы мәселесін шұғыл шешу керектігі хабарланды. Сауран ауданындағы мәдениет үйінің құрылысы 70 пайызға орындалғаны, әрлеу және абаттандыру жұмыстарының сапасын қатаң қадағалауда ұстау керектігі айтылды. Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс көлемі де 70 пайызға аяқталған, нысанды толық іске қосу үшін 377,0 млн. теңге керек екені жеткізілді.

Ал Төлеби ауданындағы мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылдан бері созылып келе жатқаны, мердігер ұйым мен авторлық қадағалаушы ұйым арасында техникалық келіспеушіліктер туындап, құрылыс процессі едәуір қиындықтарға тап болғаны мәлімделді. 2023 жылы жобаны жүзеге асыруға 305,9 миллион теңге бөлініп, оның 87,9 миллион теңгесі ғана игерілген. Құрылыс жұмыстары кеш басталуына байланысты уақтылы игерілмей қалған 217,9 миллион теңге республикалық бюджетке кері қайтарылған. 2024 жылы нысан құрылысын жалғастыруға облыстық бюджеттен 31,7 миллион теңге бөлініп, толық игерілген. Ал 2025 жылы облыстық бюджеттен 97,9 миллион теңге қарастырылып, бүгінгі күнге дейін оның 30 миллион теңгесі ғана игерілген. Жобаны толық аяқтау үшін қосымша 100 миллион теңге қаржы қажет екені айтылды.

Сондай-ақ партиялық бақылау инспекторының хабарламасында 2025 жылы жаңадан 9 мәдениет нысанының құрылысы басталғаны хабарланып, олардың барлығы да 2026 жылға өтпелі екені айтылды. Аталған нысандар Сарыағаш ауданының – Жылға, Жонарық Мәдениет, Келетің – Карл Маркс ауылында, Жетісайдың – Жылы су, Ордабасының – Бадам, Түлкібастың – Ынтымақ, Т.Рысқұлов, Сауранның – Шорнақ елді мекендерінде салынып жатқаны мәлімделіп, олардың құрылыстарына қатаң қадағалау жүргізу тапсырылды.

Жиында қаралған мәселе бойынша Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында және жергілікті бюджеттен құрылыс жұмыстары жүріп жатқан мәдениет нысандары туралы есеп берді.

«- Биыл облыс көлемінде 16 мәдениет нысанының құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде 6 құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Қалған 10-ы 2026 жылға өтпелі. Бүгінге дейін Бәйдібек ауданы, Амансай елді мекенінде 150 орындық мәдениет үйі, Мақтаарал ауданы, Ж.Қалшораев елді мекенінде 200 орындық мәдениет үйі мен кітапханасы және Түркістан қалалық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Құрылысы жүріп жатқан 3 нысанның қатарында Мақтаарал ауданы, Ынталы елді мекенінде 200 орындық мәдениет үйі мен кітапханасы, Түлкібас ауданы, Дәубаба ауылында 100 орындық мәдениет үйі, Сауран ауданы, Бабайқорған ауылында 120 орындық мәдениет үйі бар», – деді Әзімхан Серікұлы.

Жиында мәдениет нысандарының сапалы әрі уақтылы салынуына қатысты мәселелер көтеріліп, тиісті мекемелерге және аудан әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді, құрылыс барысын жеделдету және сапаны арттыру бойынша ұсыныстар айтылды. Партия бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі қадағалап, әрбір ауылдағы мәдениет нысандарының тұрғындарға қолжетімді болуын басты назарда ұстайтын болады.

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында қуаттылығы жылына 48 мың тонна құс етін өндіретін фабриканың құрылысы жүргізілмек. Қуанышты сәтпен бөлісуге облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат депутаты Жомарт Абдибаев және ауыл тұрғындары мен ақсақалдары Жабағылы ауылындағы «Қарқын Трейд» ЖШС-ның құс етін өндіру зауытының капсуласын салу рәсіміне қатысып, жобаның сәтті жүзеге асуына ниет білдірді.


Жобаға жалпы 53,7 млрд. теңге инвестиция тартылмақ. Кәсіпорын жылына 48 мың тоннаға дейін құс етін өндіруді көздеп отыр. Жобаға қолдау көрсету мақсатында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан 5 млрд. теңге несие берілмек. Сонымен қатар мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Жоба іске қосылғанда 1 200-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.


Кәсіпорын 517,7 гектар жерде орналасады. Жоба аясында 96 құс фермасын, инкубатор, құрама жем зауыты, газ-электр станциясы, құс сою және қалдық өңдеу цехі және тоңазытқыш қоймалар салу көзделген. Жоба үш кезеңнен тұрады. І кезең 2026-2027 жылдары жүзеге асырылып, 21,9 млрд теңге инвестиция салынбақ. 550 жұмыс орны құрылып, 15 мың тонна өнім өндіру жоспарлануда. Жобаның ІІ кезеңіне (2028-2029 жж.) 15,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 325 жұмыс орны ашылмақ. Өндіріліетін өнім көлемі – 24 мың тонна. ІІІ кезең 2029-2030 жылдары жүзеге асырылып, 16 млрд теңге инвестиция салынады. 48 мың тонна өнім өндіріліп, 325 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Жоба толық іске 2029-2030 жылдары қосылады.

?ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

?2025 жылғы 9 қазан күні Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен депутаттар арасында кіші футболдан облыстық біріншілік өтті.
Футбол бәсекесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысты.
Облыс әкімі турнирдің ашылуымен құттықтап, спорт саласына қатысты облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

?Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы жарысқа облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараттарының қызметкерлерінен құралған 18 команда қатысты.

?Дүбірлі доданың марапаттау салтанатында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау сөз сөйлеп, жасыл алаңда жеңіске жеткен командаларға медальдар мен кубок, ақшалай сертификаттарды табыс етті.

?Жарыстың қорытынды есебі бойынша жеңіс тұғырынан Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарынан құралған команда 1-ші орын алып, 1 млн. теңгені иемденді. Құрамада облыс мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, депутаттар Нұржан Сейтжанов, Нұржан Жамалбеков, Сайдирасулхан Ералиев, Талғат Қаржауов, Еркебұлан Хандиллаев, Бекарыс Шойбеков, Сүлеймен Арыстанов болды.

?Ал жүлделі 2-орыннан көрінген Төлеби аудандық мәслихатының депутаттарына 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Дүбірлі додада 3-орынды Түркістан қалалық мәслихаты 300 000 теңгемен жеңіп алса, Арыс қалалық мәслихат депутаттары 4-ші орыннан көрініп, 200 000 теңгені иеленді.
Сонымен қатар, алаңда белсенділік танытқан депутаттарға арнайы номинациялар бойынша дипломдар мен 50 мың теңгеге қаржылай сертификаттар табысталды.
Жетісай аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов – “Үздік ойыншы”, Бәйдібек ауданының қатысушысы Нұрғали Тұрлыбеков – “Үздік шабуылшы”, Мақтаарал ауданының қатысушысы Мұхан Тұрсынханов – “Үздік қақпашы”, Сайрам ауданының қатысушысы Қадырбек Қуатбеков – “Үздік қорғаушы” атанды.

№KZ89VPY00063999 Куәлік нөмірі

Lost your password? Please enter your email address. You will receive mail with link to set new password.

Exit mobile version