Бестөбедегі шахтада заңсыз алтын іздеуші көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ТAQ.KZ тілшісі.
27 ақпанда Степногорск полициясына «Центральная» шахтасының 520 көкжиегінде 1993 жылғы ер адамның көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Қазіргі таңда мұны Ақмола полициясы тергеп жатыр екен.
«Бір топ ер адам алтынды заңсыз өндіру үшін шахтаның төменгі көкжиегіне түскені анықталған. Кеннің құлауы нәтижесінде ер адам жарақат алды. Үш алтын іздеуші жұмысшының денесін алып шықты», – деп хабарлады полиция.
ҚР ҚК 269-1-бабының 3-бөлігі бойынша «Қорғалатын объектіге заңсыз кіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін қаңтар айында Бестөбе кенішінің жұмыс істемейтін шахтасының аумағынан заңсыз алтын іздеушінің мәйіті табылғаны хабарланған болатын.