Архив рубрики: Ауыл шаруашылығы

Өркендеген Жартытөбе ауылы

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша, өңірдегі ауылдардың экономикасын өркендетіп, тұрғындар үшiн қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында «Үлгілі ауыл» байқауы қолға алынған болатын. Осы орайда, «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпазын анықтау мақсатында облыстық конкурстық комиссияның отырысы өтті. Салалық басқармалар басшылығы, облыстық мәслихат, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысқан жиында қорытынды жасалып, аталған байқаудың жеңімпаздары анықталды. Нақтырақ айтқанда, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылы бас жүлдені жеңіп алды. Жүлделі І орын Шардара ауданы, Көксу ауылына бұйырса, ІІ орын Сарыағаш ауданы, Мәдениет ауылына, ІІІ орын Созақ ауданы, Жартытөбе ауылына бұйырды.

Естеріңізде болса, ережеге сәйкес байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңі – сәуір мен тамыз аралығында аудан көлемінде ұйымдастырылса, ал екінші кезең – облыстық деңгейде қыркүйек пен қараша аралығында жалғасын тапты. Байқаудың аудандық кезеңіне 16 аудан, қаладан жалпы 75 ауыл қатысқан. Нәтижесінде, облыстық кезеңге 16 ауыл (әр аудан, қаладан – 1-ден) жолдама алып, бақ сынады. Айта кетейік, арнайы құрылған жұмысшы топ барлық ауданды аралап, жеңімпаз ауылды анықтады.

Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан деңгейінде өткізілген байқауға әрбір ауылдық округтен бір елді мекеннен қатысып, жасыл желекпен көмкерілген Жартытөбе ауылы үздік деп танылған еді. Осылайша ауыл шаруашылығынан үздік көрсеткіштер көрсетіп, халықты салауатты өмір салтына бейімдеп, ынтымағы мен бірлігі артып, көркейген келбетімен ерекшеленген Жартытөбе ауылы облыстық деңгейде де үздіктер қатарына еніп отыр. Жеңімпаз ауылды нақтылау кезінде ауылдардағы тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына, ауыл шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейіне басымдық берілген болатын. Аудандық деңгейден жеңімпаз атанған Жартытөбе ауылы, кезекте облыстық деңгейде де жоғарғы көрсеткішке ие болды.

Айта кетейік, аудан орталығына іргелес орналасқан Жартытөбе ауылы стандартқа сай жабдықталған білім ордасымен, балабақшамен және ауруханамен , сонымен қатр мәдениет үйімен, балаларға арналған спорт,ойын алаңшаларымен қамтылған. Бұдан бөлек ауыл тұрғындарының сұранысына орай да тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі уақытта Жартытөбе ауылы мен оған қарасты Аққолтық және Бабата елді мекендерінің ішкі көшелері 100 пайыз асфальт және 100 пайыз көше жарықшамдарымен қамтылған екен. Бұған қоса толықтай орталықтандырылған таза ауыз су жүйесі жүргізілген.

Ауылды көркейту-көгалдандыру және қоқыстан тазарту жұмыстары да қарқынды іске асырылып, ауылдың келбеті ажарлана түскен. Ішкі көшелер мен ауыл маңына отырғызылған тал көшеттері аймақты жасыл желекке орауда. Сәні мен салтанаты келіскен ауылдың ажарлана түсуіне «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасының да серпін бергенін айта кету керек. Сонымен қатар, денсаулыққа зиянды өнімнің бірі болып саналатын алькогольді ішімдікті сатудан бас тартып, өскелең ұрпақты салауатты өмірге қалыптастыруды жөн санаған ауылда 69 алтын құрсақты батыр аналар тұрса, жалпы округ бойынша 179 батыр ана бар.

Сондай-ақ Жартытөбе ауылдық округі бойынша 28 азамат “Ауыл аманаты” жобасы бойынша 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізген. Осылайша соңғы уақытта ауылдан өз кәсібін ашып, нәсібін ұлғайтып отырған азаматтардың қатары күн санап артуда. Әрбір істі аса ұйымшылдықпен атқаратын ауылда соңғы 5 жылға жуық уақытта ешқандай қылмыс дерегі тіркелмеген.

Міне осындай игі істері мен нақты көрсеткіштері бар Жартытөбе ауылдық округі, биыл ауыл шаруашылығы бойынша 2024 жылдың қортындысымен 1-орынды жеңіп алғандығын айта кету керек. Яғни, ауыл шаруашылық қызметкерлері мерекесіне орай Созақ ауданы бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің «Алтын Күз»-2024 жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Шара барысында 2024 жылы ауыл «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жеңілдетілген несие арқылы алынған техникалардың көрмесі ұйымдастырылып, шаруалардың тауарлары төмендетілген бағамен сатылымға шығарылды. Биылғы жылы Жартытөбе ауылдық округінің бірқатар шаруалары техникаларын жаңартты. Олар ескі техникаларын «Аманжол Ш» , «Айгерім», «Мұса» шаруа қожалық төрағалары жеңілдетілген несие арқылы алынған DONG FENG 904 маркалы тракторларға жаңартты.

Ауыл шаруашылық саласынының техникаларын жаңартуға өз үлестерін қосқаны үшін, «Аманжол Ш» шаруа қожалық төрағасы Ержан Сүлейменов және «Айгерім» шаруа қожалық төрағасы Нұрлыбек Көкенов аудан әкімі М.Тұрысбековтың алғыс хатымен марапатталса, «Ауыл аманаты» халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша берілген 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиенің 1 – бағыты бойынша өсімдік шаруашылығын дамыту үшін 6 млн теңгеге қол жеткізген көп балалы ана Жамал Балагүл Орынбасарқызы жылыжай өнімдері бойынша бір жылда 4,5 тонна өнім алғаны үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. «Сембек-ата» АӨК-і төрағасы Бақбергенов Жарқынбек Сембекұлы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша техника алып ауылымыздың тазалығына, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникаларын жаңартуға үлесін қосқаны үшін марапатталған болатын.

Сауранға тартылған инвестициялар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді

Жаңа жұмыс орындарын ашу халықтың әлеуетін арттырып, аймақтың дамуына оң серпін берері сөзсіз. Ол үшін жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету маңызды мәселе. Мемлекет басшысы да Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өткен болатын. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Осы тапсырманы негізге ала отырып, Сауран ауданы әкімдігінің бастамасымен бизнес өкілдерінен құралған делегациясы ҚХР-ға арнайы іс-сапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу және жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жұмыс орындарын көбейту болып табылады.

Саурандықтар бірінші кезекте Боро-Тала қаласындағы Арасан ауданының кәсіпорындарын аралап көрді. Балық шаруашылығы, саңырауқұлақ өндірісі мен тәтті жүгері өндірісінің жұмыстарымен танысты. Қытайдағы аква мәдениет негізінен жергілікті халықтың күріш өсіруі кезінде дамыған. Қытай әлі күнге дейін әлемде бұл кәсіп саласы бо­йынша алдына жан салмай келеді. Себебі, қазір әлем бойынша ең та­бысы мол бизнестің түрі осы балық ша­­руашылығына тиесілі. Аталған қалада балық өсіру кеңінен қолға алынған. ”Салқын су” балық шаруашылығында бекіре, форель, янтарь балық түрін өсіреді. 30 жылдан астам дәл осы кәсібпен айналысқан шаруа қожалықта бекіре балықтың ұзындығы 4-5 метрге дейін жетіп, салмағы 90 келіден асатын балықтар бар.

Делегациясының іссапары әрі қарай Қарабұқа ауылында жалғасты. Аумақта жүгері өсіру және өңдеу әлеуеті жоғары. Онда ауқымды “Шин ноң”тәтті жүгері өндіріс кооперативі жүгеру зауыты жұмыс жасайды. 350-400 гектар жерге жүгері егіп, бір маусымда экспортқа шығарады. Делегация құрамына өнімді өсіру мүмкіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар, “Кен юань”саңырау құлақ өндірісінің жұмысы таныстырылды. Қытай халық республикасында 22 түрлі саңырауқұлақ өнімдерін тұтынса, мұнда оның 11 түрі өсіріліп, сатылымға шығарылады. Сапардың екінші күні саурандықтар мақтаны тереңдетіп өсіру, тұқым өндіру және оны өңдеу, жіп шығару технологиясымен танысты. Арасан қаласының шаһар басшылығымен екі жақты кездесу өткізіп, Түркістан облысына келуге шақырды. Нәтижесі бойынша Қытайдың бай тәжірибесі негізінде Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алдағы уақытта бірнеше зауыт-фабрикалар жұмыс істейді деген жоспар бар.

Өңірге инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу бағытында саурандық делегация Чыңду ауданы, Шиньжин қаласындағы «СITICO» өндірістік зауытының жұмысымен танысқан болатын. Онда зауыттың әлеуеті таныстырылып, барлық мәліметер ұсынылды. Әлем бойынша ең табысы мол бизнестің түрі болып табылатын балық шаруашылығына қажетті өнімдер өндірілуде. Атап өтетін болсақ, зауытта 60-тан астам балық жемдерін әзірлеуде. Аталмыш нысанның қуаттылығы жылына 500 мың тонна балық жемдерін өндіреді. Ішкі нарықта сұраныс жоғары болғандықтан өнімдерін импорттаумен қатар, шет ел мемлекеттеріне де эспорттауда. Делегация тарапынан, компанияның дайын өнімдерін шығару бойынша жұмыстарымен тәжірибие алмасты. Балық өнімдерін өндірумен айналысуға ниетті бизнес өкілдеріне компанияның қолданып жатқан жабдықтарының тиімділігі мен жабдықтардың технологиясы бойынша ақпараттарымен бөлісті.

Мұндай іс-сапар Сауран ауданында жаңа кәсіпорындардың ашылуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына өзіндік септігін тигізеді. Себебі жергілікті кәсіпкерлер дамыған елдердің тәжірбиесі арқылы жаңа жобаларды жүзеге асырмақ.

Жалпы өндірісі дамыған елдермен байланысты арттыру тың идеялар мен жаңа бастамаларға жол ашуда. Мысалы күні кеше Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Іс-шараға отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты. Ең алдымен халықаралық форумға келушілер назарына көрме ұсынылды. Онда инвесторларға Түркістан өңірінің қолөнері, туристік дестинациялары таныстырылып, таза табиғи ауыл шаруашылығы өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ облыста жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар да таныстырылды.

Олардың қатарында Сауран ауданының көрсеткіштері мен мүмкіндіктері де айтылды. Форум аясында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтымақтастықтың орталығы» тақырыбында мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті.

– Бүгінгі форум жаңа бастамаларды және инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған маңызды алаң. Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам ірі компания өкілдері қатысуда. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин осы күнге дейін бірнеше рет кездесіп, екі жақты қатынастарды дамытуға бағытталған аса маңызды құжаттарға қол қойған. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс нығая түсуде. Соңғы 20 жылда Қытайдан тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 44 млрд. АҚШ долларын құрады. Түркістан облысы құрылғаннан бастап, Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 110 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылды. Түркістан облысының әлуеті өте жоғары. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, туризм және барлық салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Өңірде инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар ғимараттарды ұсынатын индустриалды аймақтар және дайын ғимараттар орнатылған шағын өнеркәсіптік парктер бар. Жоғарыда аталған инвестициялық алаңдарда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамын, – деген Дархан Сатыбалды өңірдің инвестициялық әлеуеті туралы кеңінен баяндады.

Пленарлық отырыс барысында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Люй И сөз алып, халықаралық іс-шараның елдер арасындағы достықты нығайтудағы маңызы туралы айтты. Сонымен бірге спикерлер қатарында ҚР Ауыл шаурашылығы министрлігі мен кәсіпкерлік саласының өкілдері де болды. Форум жұмысы әрі қарай тақырыптық панельдік отырыстарға жалғасты. Халықаралық маңызы бар құжаттарға қол қойылып, ынтымақтастық арта түсті.

Айта кетейік, Түркістан облысында негізгі каптиталға тартылған инвестиция көлемі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 972 млрд теңгені құрап, триллионға жуықтаған. Бұл көрсеткіштер аймақта өндірістің дамып, өнеркәсіптің дамып жатқанын айғақтайды. Әрі өңірде былтыр өңдеу өнеркәсібінде 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Халықаралық форумның негізгі мақсаты – Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру және өңірдің шет елдермен экономикалық байланыстарын нығайту. Инвестиция тартып, өндіріс орындарын көбейту болды.

Осылайша, жиын барысында жалпы құны 301 млрд теңгеден асатын 35 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл келісім аясында өңірде жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Айта кетейік, форум бизнес пен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Түркістан облысының халықаралық ынтымақтастықтағы стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. Жалпы Түркістан облысында 2027 жылға дейін жүзеге асатын 145 инвест жобаның пулы қалыптасқан. Бұл жобалар 17 мың жаңа жұмыс орнын ашып, өзіндік кірісті қосымша 100 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сондай-ақ өңірде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Онда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, облыста қазір өңірдің бар әлеуетін пайдаланып, дайын өнім шығаруға басымдық берілген. Осы мақсатта және өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе Қытай Халық Республикасына іс-сапарлар ұйымдастырылып жатыр. Оның нәтижесінде Қытай Халық Республикасының жаңа технологиясы және қытайлық инвесторлардың капиталымен бірқатар жобалар бастау алды. Ал өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады. Ірі жобалардың қатарында текстиль кластерін құру, күн және жел электростанциясының құрылысы сияқты ірі жобалар бар.

Жалпы өңірге инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында Сауран ауданының әлеуеті жоғары. Сонымен қатар ауданда мақта кластерін дамыту бағытында да жұмыс жүріп жатыр. Олардың қатарында  «Казтекс» ЖШС-нің мақта өңдеу зауыты бар.  Аталған зауытты салу, жаңа технологиямен қамту жобасы биыл басталған болатын. Тиісінше оған Түркиядан инвестиция тартылған. Жобаның құны –1500,0 млн. тенге, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна мақта өңдеу. Маусымдық кезеңдерде 150 адам жұмыспен қамтылса, 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жоба басшысы Туражан Саидовтың айтуынша, аталған ЖШС ұзақ жылдардан бері мақта шаруашылығымен айналысып келеді. Кейін шетелдегі серіктестері тарапынан заманауи мақта өңдеу зауытын салу туралы ұсыныс түскен. Түркиядан арнайы құрылғылар, мақта өңдейтін машиналар әкелінген. Бұлардың ерекшелігі – электр қуатын үнемдейді, әрі мақта талшығын сапалы етіп шығарады. Айта кетерлігі, Сауран ауданында бұрын-соңды болмаған құрылғылар сатып алынған. Ал 2025-2026 жылдары аталған зауыттың қасынан шитті өңдеп, май шығаратын цех ашу жоспарға енгізілген.

Расында Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамытуға күш салынуда. Жоғары сапалы шитті мақтаны өсіріп, оны өңдеуге ден қойылған. Өңірде мақта-тоқыма кластерін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Бұл бағытта жүйелі жұмысқа кіріскен кәсіпорындардың бірі — «Golden Cotton» мақта қабылдау және қайта өңдеу зауыты. Осыдан 2 жыл бұрын ашылған зауыт 4 гектар аумата орналасқан. Жоба құны – 789,0 млн. теңге. Мұнда жылына 12 мың тонна мақта өңдейді. Жергілікті тұрғындарды да  жұмыспен қамтып отыр. Өндірілген өнімді Ресей, Беларусь және Қытай елдеріне сатуға шығарады. Былтыр 8 мың тонна мақта өнімін қабылдап, қайта өндеген. Кәсіпкер су үнемдеу технологиясының көмегімен 2025 жылы 1 мың гектар жерге жоғары сотты мақта тұқымын егіп, өнім сапасын арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, істен шыққан ескі қондырғыны сатып алып, оны жөндеуден өткізген Саидбек Жаппаров мақтаны қайта өңдеу цехын іске қосқан болатын. Кәсіпкер жылына 600 тонна мақтаны қайта өңдеп, өндірілген өнімді Қытай мен Түркияға сатады. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын қойма ашып қойған.

Айта кететін жайт, Түркістан облысында жыл сайын облыста 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Облыста егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде.Түркістан облысы елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылымдарда 70 мыңға жуық шаруалар еңбек етеді. Облыста жыл сайын 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналуда. Осыған орай облыста былтыр «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілген болатын. Оған сәйкес 4 бағыта, егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, мақта кластерін құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Нәтижесінде мақта бағасына да алдағы жылдары тәуелділік жойылатын болады.

Бұл бағытта Сауран ауданында ашылатын кәсіпорындардың да қатары басым. Жалпы ауданда 2024 жылдың III-тоқсанында ауданның жалпы өңірлік өнімі 78,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артқан.  Көрсеткіш 2023 жылдың тиісті кезеңінде 78,2 млрд. теңге болған еді. Бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 765,9 мың теңгені құраған. 2024 жылдың 9 айында 59,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 100,3%-ды құрап отыр. Оның ішінде: мал шаруашылығында – 11 276,2 млн. теңге, өсімдік шаруашылығында – 47 724,3 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Үш жақты келісімге сәйкес, 2024 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында 112,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 102,5 пайызға жету көзделуде. Ауданда 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі былтыр 49,4 млрд. теңгені құраған. Биыл өнім көлемін 85 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Негізі Сауран ауданында биыл 37 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде жаңадан 800-ден астам жұмыс орны ашылып, тиісінше халықтың әлеуетін арттыру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Аудан экономикасының жандана түсуіне түрткі болатын жобалар қатарында «Turkistan Fruit» ЖШС-ң жеміс шырыны өндірісі де бар. Жоба құны — 4,5 млрд. теңге, онда 54 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылуда. Сондай-ақ, Шорнақ ауылынан қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қапшығын өндіретін «Sauran Plast» өндірістік кешені бар. Бұдан бөлек, Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС-і жалпы қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясының құрылысын басталған болатын. Жоба құны — 8 млрд.теңге. Айта кетерлігі, ауданға қарасты Шаға ауылдық округінде «SAURAN» индустриалды аймағы құрылған. Онда тоқыма, тігін, құрылыс материалдарын өндіру, электроника және ұсақ машина жасау, жиһаз өнеркәсптері шоғырлануда.

Жартытөбенің жетістіктері мен игі жобалары артып келеді

Созақ ауданы әкімінің халықпен кездесуі жалғасын тауып жатыр. Жиында аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жобалар туралы баяндап, әр ауылдың өзекті мәселелеріне назар аударуда. Мұхит Тұрысбековтің кезекті жиында Жартытөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, аудан көлемінде атқарылар жұмыстарды баяндап берді. Сондай-ақ, ауылдық округте жүзеге асырылған жобаларды қамтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

 

-«Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Талап-тілектеріңізді ескере отырып, бірнеше жобаларды қолға алдық. Кездесу алдында ауылдық округтегі әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысын қарап шықтым. Бүгінде Бабата ауылында демеушілер есбінен жарықшамдар орнатылып, жеке инвестор арқылы 50 орындық балабақшаның құрылысы жүруде. Бұл балабақша заманауи талаптарға сай жабдықталып, бүлдіршіндеріміздің қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді. 10-нан астам азаматтар жұмыспен қамтылады. Бұл жоба ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға септігін тигізеді. Біз әруақытта бірге жұмыс істей отырып, ауылымыздың даму жолында ілгерілеуіміз керек. Елді мекендердегі жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыстарымызды одан әрі жандандырып, бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Тұрғындарымыздың мүддесі біз үшін маңызды, және біз оларға барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз. Сондықтан, жауаптыларға әрбір істі жіті бақылап, жұмысты жүйелі түрде жүзеге асыруды тапсырдым. Бізге көрсетілген қолдау мен сенімді ақтап, ауданымызды дамытуды жалғастыруымыз керек. Бәріміз бірлесіп, ауылымыздың болашағын жарқын ету үшін еңбек етуіміз қажет. Қосымша ұсыныстарыңыз болса тыңдап, нақты жоспарға сәйкес жұмыс жүргіземіз»,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Жиын соңында ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарды жоғары бағалап, алғыстарын жеткізді. Бірқатар азаматтар жеке мәселелері бойынша жүгінді. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, шешу үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Сонымен қатар, Жартытөбе ауылдық округінде демеушілер тарапынан атқарылған жұмыстар бақылауға алынып, келелі міндеттер нақтыланды. Бүгінгі таңда Созақ ауданы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында бірлескен жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Осы уақытқа дейін ауданның ауылдық округтер мен кенттерінде «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қарасты кәсіпорындары бірнеше балалар ойын алаңдары мен әлеуметтік нысандар салып, сондай-ақ көше жарықшамдарын орнатуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Жартытөбе ауылдық округінде жалғасын тауып жатыр.

 

Осы ретте, Жартытөбе ауылдық округіне жұмыс сапарымен барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков демеушілер арқылы атқарылған жұмыстарды бақылауына алды. Сапар аясында Бабата ауылына барып, «Орталық» ӨК» ЖШС-нің демеушілігімен жүргізілген бір шақырымдық ішкі көшеге орнатылған жарықшамдарды көрді. Сондай-ақ, тұрғындардың талап-тілектері негізінде жеке инвестор арқылы салынып жатқан 50 орындық балабақшаның жай-күйімен танысты. 350 шаршы метр аумақты алып жатқан балабақшаны жеке кәсіпкер Нұрман Назаров салуда. Ғимарат заман талабына сай жабдықталып, бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай асхана, ойын бөлмесі, жатын бөлме, медициналық кабинетпен қамтылатын болады. Балабақшада 10-нан астам адам жұмыспен қамтылады. Жаңа нысанның құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталады.

Сонымен қатар, аудан әкімі ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді өткізулеріне мүмкіндік беретін жобаларды да назардан тыс қалдырмады. «Орталық» ӨК» ЖШС-нің демеушілігімен ауылдық спорт клубына гандбол, бокс және күрес сияқты спорт түрлерімен шұғылдануға арналып алынған спорт жабдықтарын көріп, онда спортпен шұғылданып жатқан балдармен ашық әңгімелесті. Жаттықтырушылар қуаныштарымен бөлісіп, алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ, Созақ ауданында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып, игі іс Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бабата елді мекенінде жүзеге асты. Аз қамтылған отбасына «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен алынған үй табысталды. Ауылға арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа баспананың кілтін табыстап, үй иесін қоныс тойымен құттықтады.

-«Бүгінгі қуаныш – тек сіздер үшін ғана емес, барша ауыл тұрғындары үшін де маңызды. Әрбір адам өзінің шаңырағында бақытты болуы тиіс. Жаңа үй – жаңа мүмкіндіктер, жаңа бастама. Біз тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамымыздың дамуына барынша қолдау көрсетеміз. Осылайша, біз бірлігімізді нығайтып, еліміздің болашағын бірге қалыптастырамыз», – деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

«Қазфосфат» ЖШС бас директорының әлеуметтік даму және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Ерсін Берікұлына өз кезегінде баспана иесінің отбасына береке, бақыт және табыс тілеп, жаңа үй алдағы өмірлеріне қуаныш сыйлайтынына сенім білдірді.

-«Біздің ауылымыздың болашағы осындай қамқорлықпен жарқын болмақ. Бұл қоғамымыздың дамуына және әлеуметтік теңдіктің орнауына және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруге үлкен ықпал ететіні сөзсіз», – деген ауыл ақсақалдары мен тұрғындар да игі іске арқау болған барша азаматтарға ізгі тілектерін арнап, баспана иесінің қуанышын бірге бөлісті.

Айта кетейік, Бабата елді мекенінен берілген 5 бөлмелі баспанада су, жылу сынды коммуналдық қызметтері үшін жеке бөлмелер қарастырылып, жылу жүйелері толықтай орнатылған. 20 сотықтан астам жер учаскелері арнайы шарбақпен қоршалған. Ол қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау-бақша дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді.

Міне осындай игі істері мен нақты көрсеткіштері бар Жартытөбе ауылдық округі, биыл ауыл шаруашылығы бойынша 2024 жылдың қортындысымен 1-орынды жеңіп алғандығын айта кету керек. Яғни, ауыл шаруашылық қызметкерлері мерекесіне орай Созақ ауданы бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің «Алтын Күз»-2024 жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Шара барысында 2024 жылы ауыл «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жеңілдетілген несие арқылы алынған техникалардың көрмесі ұйымдастырылып, шаруалардың тауарлары төмендетілген бағамен сатылымға шығарылды. Биылғы жылы Жартытөбе ауылдық округінің бірқатар шаруалары техникаларын жаңартты. Олар ескі техникаларын «Аманжол Ш» , «Айгерім», «Мұса» шаруа қожалық төрағалары жеңілдетілген несие арқылы алынған DONG FENG 904 маркалы тракторларға жаңартты. Ауыл шаруашылық саласынының техникаларын жаңартуға өз үлестерін қосқаны үшін, «Аманжол Ш» шаруа қожалық төрағасы Ержан Сүлейменов және «Айгерім» шаруа қожалық төрағасы Нұрлыбек Көкенов аудан әкімі М.Тұрысбековтың алғыс хатымен марапатталса, «Ауыл аманаты» халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша берілген 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиенің 1 – бағыты бойынша өсімдік шаруашылығын дамыту үшін 6 млн теңгеге қол жеткізген көп балалы ана Жамал Балагүл Орынбасарқызы жылыжай өнімдері бойынша бір жылда 4,5 тонна өнім алғаны үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. «Сембек-ата» АӨК-і төрағасы Бақбергенов Жарқынбек Сембекұлы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша техника алып ауылымыздың тазалығына, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникаларын жаңартуға үлесін қосқаны үшін марапатталды.

Ауданда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы балық шаруашылығын жолға қойған азаматтардың кәсібі де жандана түскен. Бұған дейін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа жобаны қолға алған Жартытөбе ауылдық округің тұрғыны Әлтеков Нұрлыбектің тоғандық балық шаруашылығымен танысқан болатын. Қазіргі таңда кәсіпкер жаңа жобаның тиімділігін көріп, өз кәсібін өркендетіп жатқан жағдайы бар. Айта кетейік, Әлтеков Нұрлыбек «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8 млн 300 мың теңге 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алған. Мамыр айында 10000 дана сазан шабағын қолдан қазылған тоғанға жіберіп, қазіргі уақытта бұлақ суын ұтымды пайдаланған кәсіпкер өнімін сатуға кіріскен. Сонымен қатар округте екі азамат жеңілдетілген несие алып, балық шаруашылығымен айналысып отыр. Ал, Майусов Құрманбек термопанель технологиясы бойынша 5 млн теңге несие алып үйдің сыртқы жылу жабындысын өндіріп, аудан көлемінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. «Алтын күз» 2024 жыл ауыл шаруашылық қызметкерлер мерекесінде асыл тұқымды қошқарлардың салмағы бойынша жарыс нәтижесімен жеке кәсіпкер мал шаруашылығының майталманы Бақберген Әбуовтің асыл тұқымды қошқары 136 кг салмақпен 2-орынды иеленді. Осылайша шаруалардың биылғы жылдағы тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде «Алтын күз»- 2024 жыл ауыл шаруашылық қызметкерлер мерекесінің қортындысы бойынша Жартытөбе ауылдық округі 1- орынды иеленді. Сонымен қатар, Түркістан қаласында ауыл шаруашылығының асыл мұрасын дәріптеп, еңбекқор жандардың жетістіктерін атап өтетін «AGROFEST TÚRKISTAN — 2024» салтанатты шарасы өткен болатын. Бұл шара Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып, еңбеккерлердің қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы рөлін айқындады. Шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін аралап,  қолөнер шеберлерінің туындылары мен мал шаруашылығы көрмесімен де танысқан еді. Тиісінше салтанатты шарада, агроөнеркәсіптік кешендегі жетістіктерімен ерекшеленген аудан және қала әкімдері марапатталды. Ал, Созақ ауданы жыл қорытындысында жылқы шаруашылығын дамытушы озат аудан номинациясын иеленіп, бұл саладағы үздік жетістіктерін еселей түсті. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан Мырзағали Жақаевқа “Еңбек ардагері” медалі табысталды. “Бабата-1” АШӨК төрайымы Сәуле Қалдыбекова Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталып, Әнетов Мақсат “Жылқы шаруашылығын дамытушы” дипломымен ерекшеленді. Міне, Созақ ауданының осындай жетістіктерге жетуіне Жартытөбе ауылдық окугі шаруаларының қосқан үлесі орасан деп айтуға болады.

Жалпы, Жартытөбе ауылдық округі спорттық-мәдени іс-шараларды да жиі ұйымдастырып, жастарға салауатты өмір салтын насихаттау бойынша түрлі жарыстар өткізіп тұрады. Солардың бірі, жақында Жартытөбе ауылдық округінде Көкенов Ғани Лесбекұлын еске алуға арналған жүгіруден аудан аралық марафон және округ жастары арасында кіші футболдан жарыс болып өтті. Жарыстың ұйымдастырушылары ата-анасы, бауырлары. 10 шақырым ұзақтыққа ерлер арасында жүгіруден 20-ға жуық спортшы тіркеліп, барлығы дерлік 10 шақырымды бағындырды. Ең жасы үлкені аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы Ермек Өтебаев болса, ең жасы Кемелұлы атындағы мектептің 8 сынып оқушысы болды. Марафон қортындысы бойынша бірінші болып келген Сызған ауылының азаматы Нұрпейісов Еламан Серікұлына арнайы сертификат 100 мың теңге ақшалай ұтысы мен ауылдық округ әкімінің марапатына ие болды. Ал, екінші болып келген Жартытөбе ауылының оқушысы Лесбек Нұрәділ Нұрлыбекұлы 70мың теңге сертификат және құттықтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар, мәре сызығына 3ші болып келген Тастылық ауылының азаматы Зәкіржанов Жандос Қырғызбайұлы дәл осылай 50 мың теңге қаржылай ұтысқа ие болған.

Ең жас марафоншы және ардагер марафоншыларды ынталандыру мақсатында аудандық мәслихат депутаты Р.Сапарбаев пен кәсіпкер, іскер азамат Е.Сүлейменов қаржылай сый-сияпатпен марапаттады. Сондай-ақ ауылдық округ жастар арасынан кіші футболдан Көкенов Ғани Лесбекұлын еске алуға арналған турнирде тартысқа толы, керемет ойын өрнегімен өтті. Таңертең басталған турнир кешкі уақытта аяқталып, аталған турнирге 8 команда қатысқан болатын. Тиісінше, жеңімпаз командалар марапатталып, ойындағы үздіктерге арнайы номинациялар тапсырылған. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Аққолтық-2 командасы жеңіп алып, 100 мың теңге, кубок және арнайы сертификатпен мақтау қағазын ауыл әкімі Д. Жүсіпов табыстаған. Сонымен қатар, 2-орынды жеңіп алғаны үшін Аққолтық-1 командасы арнайы кубокпен, 70 мың теңге қаржылай жүлдемен марапатталды. Ал, 3 орынды- Бабата командасы қанжығасына байлап, кубок пен 50 мың теңге қаржылай жүлде табыс етілді. Сонымен қатар Үздік шабуылшы, Үздік қақпашы, Үздік қорғаушы номинациялары бойынша да спортшылар марапатталып, қаржылай жүлде табыс берілген болатын.  Сондай-ақ, түскі үзіліс кезінде Жартытөбе ауылдық округінің мешіт маңындағы асханада ауыл тұрғындары мен жарысқа қатысушыларға ас беріліп, құран бағышталды. Ұйымдастырушы Көкеновтер әулетіне аудан халқы ризашылықтарын білдіріп, ниеттеріне қабыл айтып, ізгі тілектерін білдірді. Жарыстың жоғары деңгейде өтіп, ауыл спортына қосқан үлес қосқан жастарға да бұл күні алғыс білдірілді.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығынан үздік көрсеткіштер көрсетіп, халықты салауатты өмір салтына бейімдеп, ынтымағы мен бірлігі артып, көркейген келбетімен ерекшеленген Жартытөбе ауылы «Үлгілі ауыл» атанған болатын. Биыл, аудан деңгейінде өткізілген байқауға әрбір ауылдық округтен бір елді мекеннен қатысып, жасыл желекпен көмкерілген Жартытөбе ауылы үздік деп танылған еді. Жеңімпаз ауылды нақтылау кезінде ауылдардағы тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына, ауыл шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейіне басымдық берілген болатын. Аудандық деңгейден жеңімпаз атанған Жартытөбе ауылы, кезекте облыстық деңгейде бақ сынауға мүмкіндік алған болатын.

Айта кетейік, аудан орталығына іргелес орналасқан Жартытөбе ауылында стандартқа сай жабдықталған білім ордасы, балабақша, аурухана, мәдениет үйі, балаларға арналған спорт, ойын алаңшаларымен қамтылған. Бұдан бөлек ауыл тұрғындарының сұранысына орай да тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі уақытта Жартытөбе ауылы мен оған қарасты Аққолтық және Бабата елді мекендерінің ішкі көшелері 100 пайыз асфальт және 100 пайыз көше жарықшамдарымен қамтылды. Бұған қоса толықтай орталықтандырылған таза ауыз су жүйесі жүргізілген. Ауылды көркейту-көгалдандыру және қоқыстан тазарту жұмыстары да қарқынды іске асырылып, ауылдың келбеті ажарлана түскен. Ішкі көшелер мен ауыл маңына отырғызылған тал көшеттері аймақты жасыл желекке орауда. Сәні мен салтанаты келіскен ауылдың ажарлана түсуіне «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасының да серпін бергені анық.

Сонымен қатар, денсаулыққа зиянды өнімнің бірі болып саналатын алькогольді ішімдікті сатудан бас тартып, өскелең ұрпақты салауатты өмірге қалыптастыруды жөн санаған ауылда 69 алтын құрсақты батыр аналар тұрса, жалпы округ бойынша 179 батыр ана бар. Сондай-ақ Округ бойынша 28 азамат “Ауыл аманаты” жобасы бойынша 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізген. Осылайша соңғы уақытта ауылдан өз кәсібін ашып, нәсібін ұлғайтып отырған азаматтардың қатары күн санап артуда. Әрбір істі аса ұйымшылдықпен атқаратын ауылда соңғы 5 жылға жуық уақытта ешқандай қылмыс дерегі тіркелмеген.

ТҮРКІСТАНДА 2 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАТЫН МАҚТА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

«TURAN» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінің» қазығы қағылды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-нің директоры Сюй Цзе мақтаны терең өңдеп, дайын өнімді экспортқа шығаратын көпсалалы кешеннің капсуласын салды. Аймақ басшысы бұл жобаның әлеуметтік маңыздылығын айта келе, мақта шаруашылығын жаңа деңгейге шығаратын жаңа бастамаға сәттілік тіледі.

Келер жылы жүзеге асатын жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасының құрамында жіп иіретін, мата шығаратын, бояп, өңдейтін 11 цех салынады. 2000-нан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша жылына 13000 тонна иірілген жіп, үйге арналған 50 миллион метр тоқыма бұйымдарын, 7 миллион төсек-орын жиынтығын шығарады. Өндіріс орнының қуаттылығы жыл сайын артып отырады.

Мақта-тоқыма кластерін дамытуға бағытталған өндіріс орнының құрылысын Xinjiang Lihua Group Co., LTD компаниясы қолға алды. Компания әлемге танымал «Louis Vuitton», «Gucci» брендтерімен тікелей жұмыс істейді. Алдағы уақытта Түркістанда шығаратын жіптер мен маталарды әйгілі брендтерге сатуды көздеп отыр.

Түркістан облысы – елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Облыста мақта-тоқыма кластерін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық берілуде. Елімізде бәсекеге қабілетті тоқыма және тігін өнеркәсібі дамымағандықтан, шитті мақтаны сату бағасы экспорт нарығына тәуелді болып отыр.

Өзекті мәселені шешу үшін облыс әкімінің тапсырмасымен өткен жылы «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілді. Оған сәйкес 4 бағытта, егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, мақта кластерін құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіледі. Нәтижесінде 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделген. Нәтижесінде мақта бағасына тәуелділік жойылмақ.

Түркістан облысында жылда 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Өңірде егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде. Осы мақсатта Қытай тәжірибесі негізінде биыл Арыс қаласы және Жетісай, Сауран, Ордабасы аудандарында 2,5 гектар алқапқа элиталы сортты мақта егілді. Бұл технология суды, энергияны, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарынан 60-65 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. Шаруалардың айтуынша, нәтижесі таңғаларлықтай.

Мақта-тоқыма кластерін дамыту мақсатында 2023 жылы Мақтаарал ауданында «Cotton Мақта» ЖШС мақта өңдеу зауыты жобасы жүзеге асырылды. Замануи қытайлық технологиямен жабдықталған мақта өңдеу зауыты өткен жылы 40 мың тонна шитті мақтаны қабылдады. Бұдан бөлек, облыста Қытай және Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 223,5 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, Түркістан қаласының инвестициялық әлеуетін жоғарылату мақсатында 2018 жылғы құрылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағы – 3987,39 гектар, 6 қосалқы аймақтан тұрады.

Бүгінгі таңда «TURAN» АЭА инвестициялық портфелі жалпы құны 530,085 млрд. теңгені құрайтын 129 жобадан тұрады. Оның ішінде 214,55 млрд. теңгеге 28 жоба іске асырылды. Бүгінде 353,87 млрд. теңгеге 95 жоба іске асырылуда. Одан бөлек, «TURAN» АЭА өнеркәсіптік субзоналарының аумағында 41,083 млрд. теңгеге қатысушылар ретінде 13 өнеркәсіптік жоба тіркелді. Атап айтқанда, «BASPOLYMER» ЖШС, «Туран Жол» ЖШС, «Gesso Tech» ЖШС, «QazEcoPack» ЖШС, «PSI Mineral Technologies» ЖШС, «Панель Систем КЗТ» ЖШС, «Exclusive Stroy Montazh» ЖШС, «ТуркестанТемирБетон» ЖШС, «Kentau Red Star» ЖШС, «АЛТЫН ДАЛА МАҚТА» ЖШС, «Многопрофильный Кентауский Завод» ЖШС, «ER-QAN» ЖШС, «Sayat Technology» ЖШС.

Бұл аймақта 6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Барлық жобалар іске қосылғанда 7 221 жаңа жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта 2,5 мың жұмыс орнын құрайтын, жалпы сомасы 175,72 млрд. теңгенің 13 инвестициялық жобасы пысықталуда.

«TURAN» АЭА қатысушылары жер және мүлік салығынан, импортқа кедендік баждардан, корпоративтік табыс салығынан, жерді жалға алу төлемінен, қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.

Сауран: «Golden Cotton» мақта зауытында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.

Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамытуға күш салынуда. Жоғары сапалы шитті мақтаны өсіріп, оны өңдеуге ден қойылған. Өңірде мақта-тоқыма кластерін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Сауран ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Golden Cotton» мақта қабылдау және қайта өңдеу зауытында болды. Осыдан 2 жыл бұрын ашылған зауыт 4 гектар аумата орналасқан. Жоба құны – 789,0 млн. теңге. Мұнда жылына 12 мың тонна мақта өңдейді. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған. Өндірілген өнімді Ресей, Беларусь және Қытай елдеріне сатуға шығарады. Былтыр 8 мың тонна мақта өнімін қабылдап, қайта өндеген. Су үнемдеу технологиясының көмегімен келер жылы 1 мың гектар жерге жоғары сотты мақта тұқымын егіп, өнім сапасын арттырмақ.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды сондай-ақ саурандық жас кәсіпкермен кездесті. Істен шыққан ескі қондырғыны сатып алып, жөндеген Саидбек Жаппаров мақтаны қайта өңдеу цехын іске қосқан. Жылына 600 тонна мақтаны қайта өңдеп, өндірілген өнімді Қытай мен Түркияға сатады. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын қойма ашып қойған. Облыс әкімі жас кәсіпкерге сәттілік тілеп, кәсібін кеңейтуін құптады. Түркістан облысында жыл сайын облыста 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Облыста егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде.

Түркістан облысы елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылымдарда 70 мыңға жуық шаруалар еңбек етеді. Облыста жыл сайын 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналуда. Мақта саласындағы негізгі түйіткілді мәселе баға тұрақсыздығы. Себебі елімізде бәсекеге қабілетті тоқыма және тігін өнеркәсібі дамымағандықтан, шитті мақтаны сату бағасы экспорт нарығына тәуелді болып отыр. Елімізде мақта талшығын терең өңдеу бойынша тек 3 кәсіпорын бар, олардың үлесінде мақта талшығының қайта өңделген көлемі 18% — дан аспайды.

Осыған орай облыста 2023 жылы «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілді. Оған сәйкес 4 бағыта, егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, мақта кластерін құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіледі. Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Нәтижесінде мақта бағасына алдағы жылдары тәуелділік жойылатын болады. Осы мақсатта 2023 жылы Мақтаарал ауданында “Cotton Мақта” ЖШС мақта өңдеу зауыты жобасы жүзеге асырылды. Жобаның құны 3 млрд. теңге, жылдық қуаттылығы 60,0 мың тонна мақта талшығын шығару. Зауытта 80 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Өткен жылы мақта өңдеу зауыты 40,0 мың тонна шитті мақтаны қабылдады. Зауытты заманауи қытайлық технологиямен жарақтандырудың нәтижесінде, күніне 600-650 тонна шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, облыста бүгінгі күнге, ҚХР, Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 223,5 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында «Global Textile Solution» ЖШС-нің құны 21 млрд. теңге құрайтын «Мақта-тоқыма кешені және логистикалық хаб құру» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба негізінде 2000 жаңа жұмыс орындары ашылады. Жобаның қуаттылығы – 160 мың тонна. Жоба 2026 – 2027 ж.ж. толық циклде іске қосылады.

Сондай-ақ Жетісай ауданында құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын жылына 7500 тонна иірілген жіп фабрикасын салу бойынша «TST JETISAY TEXTILE» ЖШС-нің жобасы жүзеге асуда. Кәсіпорында 200 жаңа жұмыс орны құрылады.

СОЗАҚТА 6 ЖЫЛДА 38 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫП, 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аудан, қалалардың даму жоспарын талқылап, бекіту жұмыстары жалғасуда. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков өңір әкіміне ауданның 2024-2030 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Негізгі индикаторлар мен экономиканы алға сүйрейтін салалар сарапталып, терең талданды. Облыс әкімі тарапынан даму жоспарын толықтыру туралы тапсырма беріліп, сала басшыларының ұсыныстары тыңдалды.
– Бекітілген даму жоспарын орындау бойынша Жол картасы бекітіліп, ол тиянақты әрі сапалы орындалуы тиіс. Созақ ауданында өндірісті дамыту маңызды. Тау-кен саласында мүмкіндік мол. Туризмді дамытуға да күш салған жөн. Аудан әкімдігі мен басқармалар бірлесе жұмыс атқаруы қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Аудан әкімінің айтуынша, Созақ ауданы бойынша 2024-2030 жылдарға жалпы құны 640 млрд. 757 млн. теңгеге 38 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орындары – 2 989 адам. Салықтық түсімдер 1 млрд 987 млн. теңге болады деп болжанып отыр. Өнеркәсіп саласында жалпы құны 636,2 млрд. теңгеге 15 жоба жүзеге асып, 2 803 адам жұмыспен қамтылады. Салықтық түсімдер 1 млрд. 850 млн. теңге болады деп күтілуде.
Агроөнеркәсіп кешені саласында 19 жоба жүзеге асады. Жалпы құны 3,7 млрд. теңге, жұмыс орны – 151 адам. Туризм саласында жалпы құны 810 млн. теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылып, 35 жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. Барлық салада жұмыс күшейтіліп, нақты жоспарлар қойылады.
Іске асырылатын инвестициялық жобалардың нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемін жыл сайын 6,8 пайызға өсіру арқылы 6 жылда 1,5 есеге арттыру көзделген. Оның ішінде өнеркәсіп саласы бойынша 2030 жылға дейін жыл сайын 6,5 пайыз өсім беріп, 1,5 есеге арттыру, ауыл шаруашылығы саласы бойынша жыл сайынғы өсімді 12,5 пайызға, яғни 2 есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл жоспардың орындалуы облыс әкімінің бақылауында болады.

ЖЕТІСАЙДА МАҚТА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ, ӨНІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Жетісай ауданына іссапармен барып, мақта алқаптары мен мақта зауыттарында болды. Шаруалар мен диқандармен еркін форматта тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Кездесу барысында күзгі жауын-шашынға қалдырмай мақта терім науқанын сапалы ұйымдастыру, күзгі жиын-терімге берілетін мемлекеттік қолдауларды өз уақытында көрсету, мақта бағасы мен басқа да мәселелер сараланды. Мақта қабылдау бекеттеріндегі таразыдан алдау, зертханаларда мақта сапасын қасақана төмендету секілді жағдайларға жол бермеу мақсатында мақта қабылдау бекеттеріндегі таразылар тексерілді.

Мақта өңдеу зауыттары басшыларының айтуынша, әр компания тікелей халықаралық мақта саудагерлерімен (трейдерлермен) жұмыс істейтіндіктен мақта талшықтарын шикізат күйінде сатып алуға қажетті қаражаттың, жеке инвесторлар тарапынан сұраныстың жоқтығын алға тартты. Баға – мақта сапасына байланысты екенін мәлімдеді.

Шаруалармен жүздесу барысында өңір басшысының тапсырмасы аясында мақта кластерін дамытуға күш салынғаны, бұл бағытты барынша дамыту маңызды екені айтылды.
Негізгі табысы мен күнкөрісі агросектормен тікелей байланысты Жетісай ауданында биылғы жылы 79,3 мың гектар жерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдарының 40,8 мың гектарға жуығы мақта дақылы болса, 19,7 мың гектары бақша, 3,4 мың гектары көкөніс, 7,3 мың гектары дәндік жүгері мен 6,6 гектар егістігі мал азықтық дақылдары. Егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан 544,5 мың тонна бақша, 88,3 мың тонна көкөніс, 40,3 мың тонна дәндік жүгері мен 99,2 мың тонна мал азықтық өнімдері алынған.

Науқанға 715 дана трактор мен 897 дана трактор тіркемелері, 61 дана ОВХ мен 232 дана мақта терім машиналары дайын.
Өткен жылы 45 мың гектарға мақта шитін сеуіп, 122 мың тонна ақ ұлпа жинаған жетісайлық шаруалар биылғы жылы да сол межені орындауға ниетті.

Өйткені, өнім сапасын арттырып, ағын суды үнемдеудің тиімді технологиясы саналатын тамшылатып суғару әдісі биылдың өзінде ауданда 2 мың гектарға артқан. Оның 300 гектардан астамы мақта дақылын өндірушілердің еншісінде.

Түркістанда «Бір ауыл — бір өнім» өңірлік көрме-жәрмеңкесі өтті

Этно ауыл кешеніне қойылған көрмеде 40-қа жуық кәсіпкер өз өнімін ұсынып, көпшілік назарына ұсынды. Басты талап — өнім жергілікті шикізаттан өндірілуі және де сақтау мерзімі 5 күннен кем болмауы тиіс.

Көрмеде қолөнер шеберлерінің өнімдері, бал, құрт, кептірілген жеміс-жидектер, сүт пен кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар, сабын және тағы басқа тауарлар қойылды. Арнайы құрылған комиссия мүшелері отандық тауар өндіруші кәсіпкерлердің өнімдерін бағалап, үздіктер анықталды.

«Көрме-жәрмеңке «Мен Кәсіпкер» кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылуда. Іс-шара мақсаты — қарапайым азаматтардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру, кәсіпкерлерге өз өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейтуге, әрі қарай экспортқа шығуға жәрдемдесу. Биыл да ең мықты 3 кәсіп иесі республикалық көрмеге қатысуға мүмкіндік алады», — деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков.

Жалпы былтыр елімізде алғаш рет «Бір ауыл — бір өнім» жобасы жүзеге асырылып өңірлік көрме-жәрмеңкеге облысымыздағы 60-тан астам кәсіпкер қатысты. Өнімдерді бағалау барысында жұмысшы топ 10 көрме үздігін анықтап, 3 кәсіпкердің өнімі «Түркістан облысының үздік тауары» деп танылды.

Үздік ондықтың қатарындағы жеңімпаздар:

1) Бабахан Танакөз Айдарқызы — бал өнімі, ЖК Бабахан, Арыс қаласы;

2) Пазылбекова Жанат Полатханқызы — жүннен жасалған өнімдер, ЖК Рамаз, Түркістан қаласы;

3) Мұсаева Сәуле Әжіханқызы — табиғы косметика, ЖК Мусаева, Түркістан қаласы;

4) Тутаева Гульмира Көпбайқызы — кәдесый өнімі, Тутаева ЖК, Сайрам ауданы;

5) Шынбергенов Амантай Ерманұлы — қымыз, Аманбол и К ЖШС, Бәйдібек ауданы;

6) Ахметов Біржан Анарбайұлы — ағаштан астау, домбыра, Отырар ауданы;

7) Байзакова Раушан Әмірбекқызы — ағаш ыдыстар, ЖК Дильназ, Арыс ауданы;

⁠8) Еримбетов Жанзак Алзақұлы — саздан құмыра, Отырар ауданы;

9) Омарова Нұрбибі Жарқынқызы — жүннен жасалған өнімдер, ЖК Омарова, Мақтаарал ауданы;

10) Маханов Бауыржан — сабын, ЖК Alinur Grup, Жетісай ауданы.

Табысқа жетудің жолы – еңбек ету

Игілікке жетудің жолы – аянбай еңбек ету. Еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік болады. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеледі. Бақуатты, бәсекеге қабілетті болып, табысы артады және нығая түседі. Қазіргі таңда, өңірімізде адал істі кәсіп етіп, қара жерден өз несібесін тауып жүрген азаматтар жетерлік. Яғни ауыл шаруашылығына бейімделіп, берекелі өнім алып жүрген шаруалар бар.

Солардың бірі — Сауран ауданы Майдантал ауылдық округіндегі “Ақсақ-керіз” шаруа қожалығының иесі Нұржан Бексейтов. Бүгінде су ресурстарын тиімді пайдалану арқылы аграрлық саланың дамуына жол ашатын негізгі бастамалардың бірі тамшылатып суару технологиясын ұтымды пайдаланып жатқан шаруа қожалықтың жұмысы көпке үлгі деуге болады. Нұржан Бексейтовтың жаңа бастамасы суды үнемдей отырып, егін көлемін арттыруға септігін тигізіп отыр екен. Бүгінде ол 25 гектар жерге тамшылатып суару әдісі арқылы қарбыз өсіруде.

« — Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен тарала бастаған тәсілдің тиімді тұстары көп екен. Осы әдістің арқасында арықпен суарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналады. Артық шығынды қажет етпейді. Жалпы айтқанда шығыным аз, табысым берекелі болатынына сеніммен қараймын. Тиісінше, суды үнемдеу жұмыс күшін де қысқартады. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде ағын су мәселесі өзекті болып отыр. Ағын суды барынша үнемдеп, тиімді пайдалану еліміз үшін қашан да маңызы зор. Әсіресе шөлейтті аумақта тамшылатып суару әдісі арқылы мол өнім алуға қолайлы.Заман ағымына қарай заманауи техникаларды пайдалана отырып егін өсіріп, одан мол өнім алу үшін, тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістеріне баса мән беруіміз керек. Тамшылатып суарудың тиімділігі сол, егістік көлемі қанша үлкен болса да, су аз шығындалады. Екіншіден, басқа зиянды шөптер дәннің өсіп, күш алып кетуіне кедергі бола алмайды. Биылдан бастап 1 гектар жерге тамшылатып суару әдісін қолданып көруді ойладық. Әуелі аздан бастап, пайдасы мен қиын тұстарын бағамдап көргенді жөн санадым. Бірақ әзірге жаман емес, алдағы жылдары тұтастай осы әдіске көшу жоспарымызда бар. Негізі бұрын егінді арық арқылы су жіберіп, суарып келдік. Онда су көп кетеді, әрі арамшөп мол шығады, оны уақытылы жұлып отыру керек. Ал мына әдістің тиімділігі сол, су аз шығындалады, арамшөп деген болмайды.» -дейді “Ақсақ-керіз” шаруа қожалығының иесі Нұржан Бексейтов

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агросектор саласында еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мiндетiн қойғаны белгілі. Сондықтан дала төсінде жүрген егіншілер бүгінгі күнгі ең озық технология саналып жүрген тамшылатып суару әдісіне арқа сүйеп отыр. Шыны керек, бүгінде аудандағы бірқатар шаруа қожалықтар осы әдіске көшіп үлгерді. Бүгінде бірқатар шаруа қожалығы арнайы құрылғылар арқылы жасалатын бұл жүйенің тиімділігі көп екенін айтып отыр. Тиісінше  тыңайтқыш көлемі де 5-6 есе азаяды екен. Есесіне бұл тәсілмен мол өнім алуға болады. Ең бастысы, ағын су үнемделеді. Қазіргі таңда мамандар ауыл шаруашылығын дамыту үшін озық технологияны пайдалану көрсеткішін көтеру маңызды екенін айтады. Шет мемлекеттерде өсімдіктерді тамшылатып суару әдісімен жылыжайларда, сондай-ақ аспалы бақтарда өсіру тәсілі кең қолданыста.

Тамшылатып суару – өсімдіктің тамырына суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды дәл әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс. Тамшылатып суаруға арналған құбырлар топырақ үстімен немесе астымен де орналастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, құбырлар арқылы фертигация әдісін, яғни тыңайтқыштарды суға қосып қолдануға да болады. Суарудың мұндай түрі тыңайтқышты да, суды да қажет мөлшерде пайдалануға мүмкіндік береді, бұл дегеніңіз ең бастысы суды үнемдеуге мүмкіндік береді және егіннің еселі болуына септігін тигізеді.

Расында басқа егістік алқаптарға қарағанда, тамшылатып суарумен піскен дақылдардың дәмі ерекше болады дейді мамандар. Тың жоба арқылы мол өнім алуды көздеп отырған “Ақсақ-керіз” шаруа қожалығы бүгінде үш адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр екен. Сонымен қатар, тамшылатып суару әдісіне пайдаланылатын заттарды да өз қолдарымен жасап шығыпты. Адал еңбектің иесі Нұржан Бексейтов елімізде іс бастаймын деген азаматтарға қашанда қолдау болатынын айтады. Сондай-ақ, аймақтың әлеуетін көтеру үшін әрбір азамат еңбек ету керектігін атап өтті.

Ауыл халқының кірістерін арттыру маңызды

Сауран ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаевтың төрағалығымен «Ауыл Аманаты» пилоттық жобасының ауданда жүзеге асуы бойынша жиналыс өткізілді. Жиынға ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешен субьектілерін несиелендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бауыржан Қалданов, «Түркістан ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлыбек Исаев, «ОҢТҮСТІК» АИО ЖШС-нің басқарма төрағасы Айса Шырақбаев, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бекзат Абубакиров және «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы ауылдық округ әкімдері, кооператив төрағалары, ауыл шаруашылығы бөлімінің және ауылдық округінің мамандары қатысты.

“Ауыл Аманаты” пилоттық жобасы бойынша ауыл халқының кірістерін арттыру және ауқымды түрде қолдану үшін ауылдарға микрокредиттер беру бағдарламасы аясында жоғарыдағы аталған азаматтар өз салалары бойынша мағлұмат беріп, жобаның талаптары мен шарттары туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Биыл ауданнан осы жобаға қатысушы ретінде Үшқайық, Иассы, Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтері таңдалып отыр.

Айта кетейік, енді «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтар үшін электронды ақпараттық жүйе әзірленуде. Портал жеңілдетілген несие алып, кәсіп ашуды көздеген адамға тиісті өтінімді үйден шықпай-ақ, қашықтан беруге мүмкіндік туғызбақ. Жүйе жобасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте таныстырылған болатын.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бағдарламаға қатысушыларға жеңілдетілген несие беру үрдісін өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үйлестіруде. Олардың кеңселері облыс орталықтарында орналасқан. Бұл ретте кейбір тұрғындар үшін шалғай жатқан ауылдардан келіп, өтінім беру біршама ыңғайсыздықтар тудыруда. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың сөзінше, әзірленіп жатқан портал өтінімді қабылдап қана қоймай оның қарастыру кезеңдерін қашықтан бақылап отыруға мүмкіндік бермек.

«Өтінім беруші жүйеге электронды қолтаңбасы арқылы тіркеліп, бағдарламаға қатысуға қажетті мәліметтер мен құжаттарды жүктейді. Қолданушының рұқсатымен оның жеке деректері тексеріліп, базаларда бар кей мәліметтер автоматты түрде енгізіледі. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда өтінім бірнеше сатыда қарастырылады. «Ауыл аманаты» арқылы несие алуға ниетті азамат жеке кабинеті арқылы құжаттар нақты қай маманның қарауында тұрғанын көре алады», — деді Бағлан Бекбауов.

Электронды жүйені ең бірінші Жамбыл облысында пилоттық режимде енгізу көзделіп отыр. Одан кейін, «Ауыл аманаты» жүзеге асырылып жатқан облыстарда жалғасын тауып, ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

«Бағдарламаға қатысушылар үшін барынша ыңғайлы жағдай жасау маңызды. Ақпараттық жүйенің өзге де қажетті мәліметтер базаларымен интеграциялануын жіті қадағалау керек. Біздің түпкілікті мақсатымыз ауыл тұрғындарының табысын арттыру екенін естен шығармау қажет. Сондықтан берілетін несиелер ауылдардағы ағайынның тұрақты табысқа қол жеткізуіне ықпал етуі тиіс. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кәсіп ашқан немесе жұмысқа орналасқандар туралы деректер тиісті базалар арқылы тексеріліп отырады. Сондықтан аймақтар бағдарламаның нәтижелі жүзеге асуын қатаң бақылауы шарт», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.