
ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ТӘУЛІГІНЕ 200 БАНКА КӨКӨНІС КОНСЕРВІЛЕП, САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРАДЫ

«Ауданда 6 айдың қорытындысымен негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 7 466,8 млн. теңгені құрады. Одан бөлек, көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 6 айлық нәтижемен 6 873,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады. Аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға жетіп, оларда 12 720-ға жуық адам жұмыспен қамтылып, өнім көлемі І тоқсан қорытындысымен 8,1 млрд. теңгеге жетті. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 168 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», – деді Нұржан Жақсылықұлы.
“Қазіргі таңда 73 азамат бағдарламаға қатысуға ниет білдіріпті. Қабылданған жобалар саны – 55 (312,3 млн. теңге), оның ішінде қаржыландырылған өтінімдер – 22 (111,8 млн. теңге). Одан бөлек, 2023-2025 жылдары ауыл шаруашылық саласы бойынша 10,5 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 202 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.”- деді аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов.
Түлкібас ауданында экономикалық белсенді халық саны 42,9 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылғандардың саны 40,7 мың адамды құрайды. Ал, жұмыссыздар саны 2243 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрап отыр. Бұл туралы, Түлкібас ауданының әкімі Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Аудан әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша аудан көлемінде 1322 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, 2023 жылдың 1 шілдесіне 526 жаңа жұмыс орны ашылыпты.
“Жастар практикасына 625 азаматқа Республикалық бюджеттен 776,3 млн теңге қаржы бөлінген. 150 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 223 жұмыссыз жастар парктикасына жолданды. Игерілген қаржысы 136,5 млн теңге. Ал, “Алғашқы жұмыс орны” жобасына 60 азаматқа Республикалық бюджеттен 74,5 млн теңге қаржы бөлінген. 21 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 46 азамат алғашқы жұмыс орнына жолданды. Игерілген қаржысы 27,3 млн теңге. Сондай-ақ, “Күміс жас” жобасына 90 азамат жоспарланған. Осы бағытта ұлттық қордан 57,8 млн теңге қаржы қарастырылған. 46 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 90 азамат “Күміс жас” жобасы бойынша жұмысқа жолданып, 44,4 млн теңгесі игерілді”, – деп мәлімдеді Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов
Сондай-ақ Түлкібас ауданында Мемлекеттік грант бойынша 90 азаматқа Ұлттық қордан 124,2 млн теңгеге қаржы бөлінген. 2023 жылдың 1 шілдесіне 44 азаматқа 60,7 млн теңге грант берілу мақұлданыпты. Ал, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша 12,4 млн теңгеге 60 азаматқа 3-мамандық бойынша оқуға жолдама беру жоспарлануда. Сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарына 200 азаматқа республикалық бюджеттен 69,3 млн теңгеге қаржы бөлінген. 34 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 203 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Игерілген қаржысы 38,4 млн теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, ауданда ақылы қоғамдық жұмысқа 700 азамат жолдау жоспарланып, бұл бағытта 579,6 млн теңге қаржы жоспарланған. Аудан көлеміндегі 32 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 821 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға жолданды. Игерілген қаржы 206,4 млн теңгені құрады, – деп атап өтті аудан әкімі
Ал, атаулы әлеуметтік көмектің жылдық жоспары 526,0 млн теңге болса, 6 айының қорытындысымен 760 отбасындағы 4 355 адамға 234,6 млн. теңге тағайындалып, 757 отбасындағы 4 330 адамға 198,8 млн. теңге төленген.
2023 жылы Түркістан облысында жұмыспен қамту саласы 4 негізгі стратегиялық бағыт бойынша жүргізілуде. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Өңірдің жұмыспен қамту картасын» бекіту, Үкіметтің қаулысы негізінде «Еңбек» бағытының іске асырылуы, Түркістан облысының даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өз ісін ашу, Мемлекет басшысының «2050 жылдарға дейінгі даму стратегиясы» бойынша цифрландыруды тереңдету іске асырылады. Биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 109,7 мың жаңа жұмыс орынын ашу жоспары ұсынылып, Түркістан облысы әкімінің бекітуімен облыстың жұмыспен қамту картасы нақтыланған. Оның ішінде 72,4 мыңы тұрақты болса, 37,4 мыңы – уақытша жұмыс орындары. Биылдан бастап 35 жасқа толмаған азаматарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген қайтарымды шағын несие беру жүзеге асырылуда. Ал әлеуметтік жұмыс орны, қоғамдық жұмыс, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Күміс жас» жобалары жалпы «Еңбек» бағыты аясында 32,9 мың адамды субсидияланған жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бюджет есебінен 35,6 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Бүгінде, «Күміс жас» бағдарламасы зейнет жасына таяған азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр. Аталған жоба өткен жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында іске қосылған болатын. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жоба аясында былтыр 3080 адам жұмысқа орналасқан. Оның 516-сы – түркістандық. Яғни, Түркістан облысы ең көп жұмыспен қамтылғандар қатарына енгізілген. Ал, өңірде биыл «Күміс жас» жобасы арқылы 1656 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Аталған бағдарлама бойынша тұрақты қызметке орналасқандардың бірі, Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Құлназаров Нұржан Орынбайұлы. Ол 2022 жылдың 21- ші шілдесі күні “Күміс Жас” бағдарламасымен жұмыссыздыққа тіркеліп, “Мыңбұлақ“ шаруа қожалығына Биогумус өнімдерін өндіру бойынша аграном болып жұмысқа жолданған болатын. Ал, 2023 жылдың 21 шілесінде аталған мекемеге тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді.
– Соңғы жылдары белгілі бір себептермен жұмыссыз қалып қойдым. Осындай бағдарлама бар екенін естіген соң, қатысып көруді жөн санадым. Түлкібас ауданындағы мамандардың нұсқауымен жұмысқа қабылдандым. Жұмыс қиын емес, өте ыңғайлы, өзіме ұнайды. Бастысы еңбек ете білу керек. Еңбектенбей, өзгелерден көмек күтетін адамдарға айтарым, мемлекет осындай игі бағдарламаларды шығарып жатқан кезде мүмкіндіктерді пайдалану керек. «Күміс жас» жобасының елге берер пайдасы мол деп білемін. Жұмыссыз жүрген замандастарыма осы бағдарламаға қатысуға кеңес берер едім. – дейді «Күміс жас» жобасының қатысушысы Нұржан Орынбайұлы.
Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында мүміндігі шектеулі баласын тәрбиелеуші санатындағы жеке кәсіпкер Назира Телғозиева мемлекеттік грант иегері атанып, бүгінде қияр шаруашлығын дамытуға кіріскен. Бастау бизнес жобасы аясында, өзінің бизнес-идеясын қорғап, 2023 жылдың сәуір айында мемлекеттен 1 380 000 теңге алған азаматша ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 га егістік алқабында қияр өсіруде. Тәулігіне төрт тонна қияр алатын егістікте, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тиісінше егістік алқабын игеруге де мүмкіндік алды.
«Бүгінде ізденіп еңбек етіп, жеке кәсібін өрлетемін деген азаматқа мүмкіндіктер өте көп. Ең бастысы ерінбеу керек деп ойлаймын. Жолдасым екеуміз осы кәсіпті игеріп келе жатқанымызға біршама жыл болды, отбасылық кәсіп деп айтуға да болады. Бүгінде еңбегіміздің нәтижесін көріп отырмыз. Табысымыз отбасымызға толық жетеді. Қазіргі тағда қиярға сұраныс өте жоғары, сол үшін балаларымыз да арасында көмек беріп, қолдау көрсетеді»,-дейді Назира Телғозиева.
Қиияр шаруашылығымен айналысу елімізде кеңінен тараған кәсіптің түрі ғой. Шаруалардың көпшілігі оны жылыжайларда өсіріп жатады. Бірақ, қиярды кез-келген, тек қышқыл және тұзды емес топырақтарда да өсіруге болады. Ол басқа көкөніс дақылдарымен салыстырғанда, топырақтан қоректік заттарды аз шығындағанымен, оларды бойына тез сіңіреді. Жалпы қияр өнімін оның пісіп, жетілуіне қарай теріп отыру қажет. Себебі оны уақытылы жинамасаң, ұрықтанып, басқа да көкөністердің өсуіне кері әсерін тигізеді, жеуге де жарамсыз болып қалуы мүмкін. Әсіресе, шілде айында жеміс беру уақыты қызған шақта, күніне немесе екі күнде бір рет өнімді жинап алу керек. Қииярдың күтімі дұрыс болу үшін, топырағын қопсытып, уақытылы арам шөптерін жұлып және жаңа өскен сабақтарын қыстырып отыру қажет. Сосын бұл көкөніс түрі суды жақсы көреді.Сондықтан,оғанда баса көңіл бөлу қажет. Мен бастау бизнес аясында осы кәсіпті бастағаныма қуаныштымын. Шаруашылыққа отбасым,жақындарым да қолдау білдіріп жатыр – дейді Назира Телғозиева.
Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін өркендетіп жатқан кәсіпкерлердің қатары артқан. Тіпті, шаруаға қосымша азаматтарды тартып, оларды жұмыспен қамтып жатқандары да бар. Ал, 2023 жылға берілетін мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарланып отыр.
“ – Қазір біз кент ішіндегі 15 дүкенің әр қайсысына күніне 40-60 данадан нан өткіземіз. Кейде тапсырыс көп беріп жатады. Оған үлгермейміз. Кейін үлкейтіп, ауылдық округтерге тасысам деген жоспар бар” – деді Гүлнәр Жақсыбаева.
Айта кетейік, жеке кәсіпкер Гүлнәр Жақсыбаева мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2023 жылдың сәуір айында 1 380 000 теңге қайтарымсыз қаражат алған. Аталған наубайханада қазір 2 адам тұрақты жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта наубайхана көлемі ұлғайып, сұраныс артып жатса тағы бірнеше азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ нан өнімін шығаратын орын жергілікті тұрғындарға да тиімді болып отыр. Яғни, жылдар бойы ас атасын аудан орталығынан тасыған тұрғындардың мәселесі шешімін тауып отыр.
Жалпы нан пісіру саласы тамақ өнімдерінің ішіндегі көшбасшылардың бірі болып саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмауы мүмкін, бірақ мұндай наубайханалар диеталық, ұлттық, эксклюзивті нан пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуға мүмкіндік береді.
Жеке кәсіпкер Гүлнара Жақсыбаева кішігірім наубайханасына конвекционды пеш, шкаф, дайын өнімдерді қоятын жылы сөрелер мен тот баспайтын болат противиньдер, мұздатқыш ларь секілді құрал-жабдықтарды да орнатқан. Бүгінде, өнім бағасы да сатып алушыларға қолжетімді болып отыр. Келешекте жеке кәсіпкер, тұтынушылардың санын көбейту үшін және бизнесті кеңейту үшін пісірілген өнімді үйге немесе жұмыс орнына жеткізіп беру іспетті қосымша қызмет көрсетулерді ұсынуы да мүмкін.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері және Өңірлік даму жөніндегі кеңестердің бірлескен мәжілісі өтті. Кеңестердің бірлескен мәжілісін Өңірлік даму жөніндегі кеңестің төрағасы Серманизов Бахытжан Қыпшақбайұлы төрағалық етіп, жүргізді.
Мәжіліске облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы, облыстық Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Райымбеков Ғани Ақылбекұлы, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мырзахметов Нұржігіт Назарбекұлы, Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Полатбеков Бақытжан Әнуарбекұлы, Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі және кеңес мүшелері мен партия қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:
1. Түркістан облысының экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін көбейту туралы;
2. Түркістан облысында минералды тыңайтқыштардың көлемін арттыру туралы;
3. Түркістан облысындағы 100 елді мекенді газдандыру туралы;
4. Түркістан қаласында темір жол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу туралы.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облысының
2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындалуы жөніндегі жол картасындағы көрсеткіштерге тоқталды. Өңір экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі 2023 жылы 22,5% – ға, ал 2027 жылға дейін 25,5% – ға жеткізу көзделгенін атап өтті. 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 25,4%-ды құраған. Ағымдағы жылдың 1 мамырына Ұлттық жоба шеңберінде несиенің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша 126 жоба 9,7 млрд. теңгеге қолдау алған болса, ішінара кепілдендіру құралы бойынша 54 кәсіпкерлік субъектісі 1,2 млрд. теңгеге кепілдендірілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың екінші жартысында ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну құралы бойынша 148 млн. теңгеге қайтарымсыз гранттар ұсыну жоспарланған. «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы Түркістан облысына 19,8 млрд. теңге бөлінгенін, аталған жоба шеңберінде халықты 2,5 % жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету мақсатында 6 бағыт таңдалған. Атап айтқанда;
– – өсімдік шаруашылығын дамыту;
– – мал шаруашылығын дамыту;
– – құс шаруашылығын дамыту;
– – балық шаруашылығын дамыту;
– – ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;
– – тұрғындардың өз кәсібін ашу бағыты.
– Бүгінгі таңда, «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты (тұрғындардың өз кәсібін ашу бағыты) бойынша 50 шағын өндірістік жобалар іріктеліп, 2,5% – дық жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 2023 жылдың 5 ай қорытындысымен
6,9 млрд. теңгеге 822 жоба, «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы
3 079 млрд. теңгеге 584 жоба (2023 жылға 13 бағдарлама бойынша қаржыландыру жоспарланған) қаржыландырды.
Кеңес отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қатысушылар баяндамашыларға сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Қордаланған мәселелерге байланысты алдағы уақытта кеңес құрамы бекітіліп аудандарды аралап жұмыс барысымен танысатын болады.