
ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ


“Олардың қатарында Түркістан қаласындағы “Қазанстандық Венеция” аталып “Керуен Сарайдың” құрылысына “Қазақстандық инвестициялық даму қоры” 22,3 миллиард теңге бөліпті. Феттах Таминдже 24,7 миллиард теңге құйған. Мұнда да Қазақстан даму банкінен 40 миллирд теңге көлемінде несие алыныпты. Осылайша нысанға жұмсалған қаржы 87 миллиард теңгеден асып кеткен” деп жарияланған Protenge Telegram-арнасында.
Түркістан облысы Төлеби ауданынан сайланған депутат халыққа берген уәдесін орындады. Ол ауданға қарасты Үңгіртас көшесіне өз қаражаты есебінен арнайы техника жалдап, жолдарды тегістеп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Халық қалаулысы Ерболат Жабаев бұған дейін тұрғындармен кездесуде айтылған ұсыныс-тілектерін назарға алып, нақты іске кіріскен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шакырылымдағы Қазақстан Республикасы Парлам енті Мәжілісінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде сайлау алдындағы уәделер мен бағдарламаларды орындаудың маңыздылығына тоқталған болатын. Сайлау алдындағы бағдарламалар және уәделер ретімен орындалу керек. Сонда азаматтардың билікке және шынайы өзгеріске деген сенімі артады, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Кемелұлының идеясын қолдау, сайлау алды бағдарламада көрсеткен уәделерін орындау мақсатында Төлеби аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев аудандағы жол мәселесін ретке келтіруде.
Бүгінде ауыл тұрғындары көптен көрген жол азабынан құтылып, сертіне берік депутатқа алғыстарын жеткізді.
Ордабасы ауданы Қараспан елдімекенінде жалпы ұзындығы 24,3 шақырымды құрайтын «Қараспан» магистральды каналы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Жобаға тапсырыс беруші Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы. Ал, мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-і. Жобаның жалпы құны – 3 млрд 344 млн 721 мың 906 теңгені құрайды.
Қазіргі таңда оның 5 шақырымы толық аяқталып отыр. Мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-ң өкілі Самат Ергешбаевтың айтуынша, каналды жөндеу жұмыстары 2022 жылдың қараша айында басталған. 2024 жылдың соңында канал пайдалануға берілетін болады. Айта кетерлігі канал толық аяқталған уақытта аудандағы Ермоловка, Мамаевка, Обручевка, Пахташи, Бірлік, Джамбул елді мекендерін сумен қамтамасыз ететін болады.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласының әкіміне жаңа терминал құрылысын жеделдетуді тапсырды, – деп хабарлайды Тaq.kz ақпараттық порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Премьер-министр Шымкент әуежайының жағдайы халықаралық мәртебеге сәйкес келмейтінін атап өтті. “Жаңа терминал салу 2018 жылы тапсырылған болатын. Не себептен әлі күнге дейін пайдалануға берілмей отыр? Қалаға немесе елге келген туристер мен қонақтар ең алдымен әуежайдың жағдайына назар салады. Сол себепті тез арада жаңа терминалды пайдалануға беру керек”, – деді Әлихан Смайылов.
Шымкент қаласының әкімі Марат Әйтенов бүгінгі таңда жоба 80 пайыздан аса аяқталғанын, құрылыс 40 мың шаршы метр алып жатқанын айтты. Ал, терминал 2023 жылдың соңында толығымен пайдалануға берілетінін мәлімдеді.
Үкімет басшысы әкімдікке жұмыстардың барлығын мүмкіндігінше тезірек аяқтап, құрылыстың одан әрі созылуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.