Архив рубрики: Білім

Мектеп оқушыларымен «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сабақ өтті

Кентау қаласында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп гимназиясында «Оқуға құштар мектеп » жобасы мен «Бір тұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру аясында Біртұтас қазақ халқының асыл перзенті, көрнекті ақыны, жазушы, драматург және ірі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына -130 жыл толуына орай,  8 «А» сынып оқушылары мен мектеп кітапханашылары Р.Мадиханова мен А.Есіркеп «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сабақ ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты: ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

«- Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын – жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Өмірге жұлдыз болып келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара адамдар, дарынды жандар аз – ақ. Бірақ қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда 20 – сыншы ғасырда кенже қалған емес. Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады. Қандай марғасқа, жаны жайсаң адамдар өмір сүрді сол кезеңде. Әр адамның өз келбеті, өз жан – дүниесі болады. Егер ақынға сезім мен сұлулықты, қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады. Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын. Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген. Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп, талай дүниелер дүниеге келді. Соғыстың да ащы дәмін татып, бала оқытуды да меңгерген ірі ұстаз өмірінің соңғы кезіне дейін құдіретті ақындық өнердің жүректе жатқан шырағын сөндірген емес. Жаңалыққа толы қым – қуыт жиырмасыншы ғасыр өмір майданына, өмір жағалауына таңдаулыларды өзі шығарып тастап отырды. Жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын. Өзінің бар өнерін халық мақсатына, туған елінің жарқын болашағына арнап, жаңа заманның дауылпазы болды. Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек.» – деді мектеп кітапханашысы Р.Мадиханова

Іс-шараға қатысқан 8 сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Кентербаева мен бірге ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып қана қоймай , ақын әндерімен де танысып, өздері оқыған ақын өлеңдерінің мәні мен мағанасына, тарихына терең үңіліп ақын шығармашылығымен жақынырақ танысты. Сәкен Сейфуллин – қазақтың бір туар ұлы, қазақ әдебиетінің негізін салушыларының бірі. Өлмес әдеби, мәдени мұра қалдырған ақын осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, өлеңдері халқымен бірге жасай бермек. Мектептің кітап қорындағы Сәкен Сейфуллиннің 5 томдық жинағы,«Аққудың айырылуы», «Өнегілі өмір» және т. б кітаптары бар. Қазақ әдебиеті энциклопедиясында Сәкен Сейфуллиннің толық өмір баяны баяндалған.

Кентауда педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар өткізді

Кентау қаласындағы №7 кәсіптік колледжінде Түркістан облысы «Өркен» Балалардың Әл-ауқатын арттыру Ұлттық Ғылыми Практикалық институты» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған біліктілік арттыру курсына қатысып және білім жетілдіріп келген колледж педогогтары «Зорлық-зомбылықтың алдын алудың және білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарын регламенттейтін заңнамалық және нормативтік актілер мен құжаттар» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Колледж оқытушыларына зорлық-зомбылық ұғымымен, зорлық-зомбылық түрлерінің жіктелуімен таныстыру,зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша педагогтердің құқықтық мәдениетін жетілдіру.

« – Зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою жолындағы айтарлықтай кедергі болып «зорлық-зомбылық» ұғымын түсіну аясының тарлығы табылады, аталмыш ұғым көбінесе тек дене жазалауына ғана қатысты қолданылады. Зорлық-зомбылыққа қорқытуды, психологиялық қысым көрсетуді немесе тіл тигізуді жатқызу таңсық жайт. Қоғамда жалпы «зорлық-зомбылық» ұғымын дұрыс түсінуді, оның жағымсыз салдарынан хабардар болуды, оның барлық түрін барлық деңгейлерде қабылдамауды және күресуді, сондай-ақ, бала тәрбиесі мәдениетінен зорлықпен тәрбиелеудің кез-келген түрін жоюды мақсат деп білу қажет. Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсаттарына жету үшін бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды. Алдын алу деңгейінде балаларға кез-келген түрде, соның ішінде дене жазалауы түрінде зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салатын заңнамамен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларын зорлықсыз тәрбиелеу дағдыларын үйде қызмет көрсету және жақсы ата-ана болу бағдарламалары сынды шаралар арқылы дамыту маңызды. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде,сонымен қатар білім беру орындарында, қосымша білім беру ұйымдарында балаларға арналған арнаулы бағдарламалар болуы қажет.Шара қолдану деңгейінде балаларға зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы өкілетті органдарға міндетті түрде хабардау жүйесін жасау, жүйенің тиімділігін арттыру үшін бала құқықтарын қорғау жүйесіне қосымша әрекет етуші тұлғаларды енгізу, өкілетті органдар арасында нақты үйлестіру және тиімді өзара әрекеттесу тетігін жасап шығару, мамандарды балаларға зорлық-зомбылық көрсету оқиғаларымен жұмыс жасауға үйрету, сонымен бірге, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі зорлық-зомбылық оқиғалары кезінде құқық қорғау және сот органдарының шара қолдануына қатысты нұсқаулықтар әзірлеу маңызды.» – деді өз тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар.

Мамандардың және халықтың балаларға зорлық-зомбылық көрсетілетінінен, соның ішінде, зорлық-зомбылық көрсету қауіп-қатерлерінен және белгілерінен, оған қоса балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің жағымсыз салдарынан хабардарлығын арттыруға көңіл бөлудің де маңызы аз емес. Сонымен қатар, жағдайды және оң өзгерістерді бақылап отыру үшін балаларға көрсетілетін зорлық-зомблықтың барлық түрлері туралы әкімшілік мәліметтерді жинауды әрі қарай жетілдіру қажет, деп санайды педагогтар.

Осылайша семинар барысында оқытушылар іс-шараға белсене ат салысып, өз ой-пікірлерін білдіріп, тиімді шешім қабылдау жолдарын қарастырды. Буллинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатында білім алушырдың сауаттылығын арттыру жолдары қарастырылып, жан-жақты тұлға болып қалыптастыру жолдары мен алғы шарттары түсіндірілді.

«Танысыңыз, жаңа әдебиеттер!» атты тәрбие сағаты өтті

Кентау қаласындағы №7 кәсіптік колледж студенттерінің кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқу орны ұжымының тарапынан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Осындай игі бастамалардың бірі «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапханаға келіп түскен жаңа әдеби кітаптарды колледж жатақханасында жатқан білім алушылардың уақытын тиімді өткізу барысында, Ш.Жатбасқызының ұйымдастыруымен «Танысыңыз, жаңа әдебиеттер!» атты тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты колледждегі білім алушыларды кітап оқуға баулау. Кітапханадағы  әдеби, көркем кітаптарды оқуға кеңес беріп, олардың түрлі туындыларға, шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын ояту және оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, әр оқырманға жеке дара ұсыну.

Кітап – ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіш. Ұлыларымыз айтқандай кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. Осы бағытта «Танысыңыз, жаңа әдебиеттер!» тақырыбында жаңадан түскен кітаптарды насихаттау мақсатында кітап көрме жасақтап, оқырмандарға ұсынылды. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп, ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғыну маңызды. Бұл көрмеге көркем әдебиеттер, тарихи, тілтану, әдебиеттану саласындағы кітаптар қойылды. Сондай-ақ, кітапхананың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мазмұнды көпшілік шаралар ұйымдастырылып, жоспарда  белгіленген күндерде өткізіліп отыратыны айтылды.

 

«- Әр жыл сайын дәстүрлі түрде оқу жылының басында 1 курс студенттеріне арналған «Кітапханалық сабақтар» да ұйымдастырылады. Сабақ барысында  студенттерді «Кітапхананы пайдалану ережесімен», кітап қорымен, каталогтармен жұмыс, кітап көрмелерінің мазмұны, мерзімдік басылымдар туралы, кітапханаға тіркелу тәртібі, сондай-ақ тағы басқа қызмет көрсету түрлерімен жоспарлы түрде кестеге сәйкес өткізілуде. Кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес оқырмандардың рухани байлықтарын әдебиет оқу  арқылы  жеткізу  мақсатында еліміздің ақын- жазушыларынын шығармаларын насихаттауда түрлі тақырыптарға арналған  инновациялық, көпшілік шаралар ұйымдастырылады. Атап айтатын болсақ, Тілдер мерекесі қарсаңында «Тілдің мерейі-елдің мерейі»  атты танымдық -зияткерлік сағат, көрнекті жазушылардың даталы күндеріне орай шығармаларын насихаттау барысында библиографиялық ұсыныстар дайындалып оқырмандарға ұсынылып, насихатталады. Салауатты өмір салтын насихаттауда «Менің денсаулығым-менің болашағым»атты тақырыптық сөре, студент жастарға Қазақстанның сырттан келген  басқа ұлт  өкілдеріне алтын бесік болған әлемдегі мемлекеттердің бірі екендігін ұғындыру, патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеу, Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы насихат жұмыстарын жүргізу барысында «Татулықтың тірегі, бірліктің белгісі-Тәуелсіздік» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылып өткізілді. Студенттердің кітапқа деген  қызығушылығын арттыру мақсатында «Менің сүйікті кітаптарым» атты өткізілген оқырман бенефисі, жастардың поэзияға деген  сүйіспеншіліктерін арттыру, поэзияны бағалай білуге баулу, сөз өнерін қадірлеуге тәрбиелеу және адамгершілік тәрбиені насихаттау мақсатында «Әдептілік-әдеміліктің белгісі» тақырыбында студенттер арасында өткізілген пікірталас, қазақтың әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін  ұғындыру, жастардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру, әдемілік  туралы түсініктерін кеңейту, мақсатын көздеді. Жастарға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет- ғұрпының  тәрбиелік мәнін ұғындыру бағытында, жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен «Салт –дәстүр тәрбие негізі» тақырыбындағы оздырылған шараны айтуға болады. Жоспарға сәйкес студент жастарға Отаңға деген  сүйіспеншілікті тәрбиелеу  мақсатында  «Өшпес ерлік-ұрпаққа» атты  әдеби-сазды кеш өткізіліп, қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты «Зобалаң жылдар жаңғырығы» ұсыныстық-библиографиялық көрсеткіш шығарылып студент жастарға насихатталды.  Кітапханада кітап мәртебесін көтерумен қатар кітапхана қорын жаңа ғылыми басылымдармен, республикалық және жергілікті газет-журналдармен  толықтырып отырылады,  және келіп түскен баспасөз басылымдарын насихаттауда  ай сайын шолу өткізіліп отырылады.  Осы бағытта кітапханада тұрақты  кітап көрмелері ұйымдастырылып отырылады. Атап айтсақ, «Егеменді Ел-Тәуелсіз Қазақстан», «Тіл-ұлтымыздың тірегі», «Дені сау ұрпақ-Ел болашағы», « Заңды білу-заман талабы», «Танысыңыз-Жаңа кітаптар», «Саламатты Қазақстан» және тағы басқа жыл бойына  саны 20-ға дейін оқырмандарға көмек ретінде айтулы күндерге арналған кітап қорын ашатын тақырыптық сөрелер ұйымдастырылады. Әр оқу жылының басында оқырмандардың ақпараттық мәдениетін арттыруда,  1 курс студенттеріне кітапхананың кітап қорымен, анықтамалық аппаратпен  таныстыру экскурсиялары өткізіледі. Кітапхананың жоспарына сәйкес кітап қорын насихаттау мақсатында, кітап оқу мәдениетін арттыруда өткізілетін көпшілік шараларға үлкен  көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні кітапхананың басты қызметінің бірі электронды кітап қоры және электронды мәліметтер базасын жинақтау. «Кітапхана ісі» бағдарламасы бойынша электронды қоры базасы жасақталып, келген жаңа кітаптармен толықтырылуда.  Бағдарламада оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттер бойынша анықтама, жаңадан келіп түскен оқулықтар туралы мәлімет алуға болады. Кітапхана қорындағы басылымдар, олардың түрлері бойынша бөлінуі, оқулықтар қозғалысы туралы ақпарат «Жинақталған есеп кітапшасы» бөлімінде беріледі. Оқытушылар мен студенттер «Кітаптар каталогы» арқылы каталогтағы басылымдармен, мақалалармен танысып, «Web-құрамдас» бөлігіндегі іздеу ұяшығына атауды енгізу арқылы қажетті оқулықты іздеп таба алады.» – деді Ш.Жатбасқызы

«Танысыңыз, жаңа әдебиеттер!» атты тәрбие сағатында білім алушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру мақсатында сұрақ-жауап қойылып белсенді оқырманға тәтті үйлестірілді. Кеш соңында I – курс студенті Бурибаев Жансерік қазақтың қара домбырасымен күй ойнады.

Кентауда “Ұстаз. Ғалым. Азамат” атты тұлғалы кеш өтті

Кентау қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаевтың туғанына 120 жыл толуына орай “Ұстаз. Ғалым. Азамат” атты тұлғалы кеш өтті. Іс – шараға Ө.Жәнібеков атындағы №3 мектеп- лицейінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Тағылымға толы кештің мақсаты кешегі кеңестік дәуірдің қаншама теперішін көріп жүрсе де мойымай, қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше ғасыр ілгерілетуге күш салып, осы жолда шәкірттер тәрбиелеп мақсатына жеткен қажырлы да күрескер ғалымның өмір жолы мен шығармаларын жастарға насихаттау, өнегелі істерін дәріптеу және өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болды. Сонымен қатар, “Ұстаз. Ғалым. Азамат” атты тұлғалы кеште ұлы тұлғаның өмірбаяны баяндалды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаев 1904 жылы 4 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Бөген ауылында дүниеге келген. Журналистика саласында қызмет істеген талантты тұлғаның өмірі баспасөз саласымен өрілді. 1923-1928 жылдары «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттерінде, 1929-1930 жылдары «Кеңес туы», 1932-1933 жылдары «Оңтүстік Қазақстан», 1928-1929, 1931-1932, 1933-1935 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») басылымдарында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редактор болып жұмыс істеді. 1925 жылы Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін, Әдебиет институтының екің жылдық курсын, 1942 жылы ҚазМУ-ді (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1938-1941 жылдары «КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары» ресми басылымында аудармашы, 1941-1944 жылдары Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасының бас редакторы болып қызмет істеген. Жоғары оқу орнында ұстаздық қызметке қабылданған соң 1961 жылдан ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі, 1975-1987 жылдары аталған университеттің профессоры болды. 1987 жылы 17 шілдеде 63 жасында Алматы қаласында дүниеден өткен.

Бейсембай Кенжебаев – абайтану ғылымының қалыптасуына үлкен үлес қосқан тұлға. Абай Құнанбайұлының ақындық қарымы, ойшылдық сипаты ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде әбден мойындалып болғанымен де, оның шыққан тегі большевиктер партиясы басқарған жаңа қоғам үшін «томпақ» еді. Сондықтан да Бейсекең сияқты ұлтсүйер әдебиеттанушылардың алдында бұл томпақтықтың тігісін жатқыза отырып, тәпсірлеу міндеті тұрды.  Кезінде әдебиет тарихын әбден «тазартуға» тырысқан біршама қызылкөз сыншылар Абайдың өзін байшыл, феодал деп әдебиет тарихынан аластауға әрекет еткенде, сонау жиырманшы жылдардан мақала жазуы да, Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына қатысты да өзінің азаматтық үнін білдірген де, мемлекеттік баспаны басқарып жүрген кезінде Мұхтар Әуезовтің «Абай» романын шығарып жібергені де Бейсенбай Кенжебаевтың ұлт мүддесі жолындағы жанкештілігінің көрініс болатын.

« – Бейсенбай Кенжебаевтың абайтану ғылымын дамытуға қатысты келесі бір еңбегі – «Абай шығармаларының соңғы басылуы туралы» сыни мақаласы. Абайдың өмірден өтуіне елу жыл толуына байланысты 1954 жылы Қаз ССР ҒА  Тіл және әдебиет институты баспаға әзірлеп жарық көрген, ақынның екі томдық шығармалар жинағына сыни шолу ретінде жазылған мақаласында Бейсембай Кенжебаев бұған дейінгі 1909, 1933, 1945-48 жылдардағы басылымдарында жіберілген текстологиялық қателер мен кемшіліктер болғанын, бірақ бұл жинақтар Абайды зерттеу ғылымының елеулі табысы екенін айта келе: «Абай шығармаларының соңғы басылуын баспаға әзірлеген, басқарған жолдастар осы табысты пайдалануға, оның кемін толтырып, қатесін түзеп, ұлы ақынның мұраларын мінсіз етіп, нағыз ғылыми тұрғыда шығаруға, Абайды зерттеу ғылымын тағы да дамыта түсуге міндетті еді. Бірақ бұл жинақ көп ретте жұртшылық күткен дәрежеде шықпаған», – деп өзінің бұл жинаққа көңілі толмайтынын, көптеген қате, кемшіліктер бар екенін ашық айтады. Мұнда сыншы жаңа басылымның кемшіліктері ретінде, әзірлеушілер тек Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбаларына ғана сүйенгенін, кеңес үкіметі орнағаннан бергі кезеңдегі ғылыми экспедициялар жинаған өлеңдерді енгізбегендігін атап көрсетеді. Сондай-ақ Абай өлеңдерінің жазылу тарихы, көздеген дәл нысанасы бар екендігін, сондықтан да баспаға әзірлеушілер осыны сезінуі қажеттігін ескерте отырып, бұл бағытта қанағаттанарлықтай жұмыс істемегенін нақты мысалдар арқылы көрсетеді. Абай және басқа да қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері туралы таптық сипаттағы пікірталастар, айтыс-тартыстар заманында Бейсембай Кенжебаев та өз үнін қатады. «Абай – халықтық ақын» деген пікірлі ұстана отырып, жиырма бір жастағы жас ғалым «Абай қазақтың феодал табынан шықты: оның өз әкесі Құнанбай, арғы аталары Ырғызбай, Өскенбай – ірі бай, феодал, әйгілі би, сұлтан болған, ел ішінде үстемдік жүргізген, феодализмнің барлық уытын жайған адамдар.», – дей отырып, Бейсембай Кенжебаев Абайдың шыққан тегіне емес, оның ақындық тұлғасына мән беруге шақырады. Абай тұлғасына қатысты бұл ұстанымына ғалым ғұмыр бойы адал болып өткенін көреміз. «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократ жазушылары» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған Бейсенбай Кенжебаевтың Абай тұлғасына қатысты жанқиярлық еңбегі – М.Әуезовтің «Абай» романын баспадан шығартуы еді. «Бейсекеңнің ол күресі текке кетпеді, ақыры баянды болды. Баспада бас редактор болып тұрғанында жоғары орындағылар «шығарылмасын» деп тоқтатып тастаған Әуезовтің «Абай» романын 1942 жылы жауапкершілікті мойнына алып шығарып жіберіп, басы дауға қалғаны бар. Сол үшін арыз беріп, жұмысынан кеткен. «Абай» романын халық романы деп алғаш мақала жазған да Бейсекең. Сондай бір қиын жылдарда Мәскеуге барып, жаңағы өзің айтқаныңдай, бірнеше жыл сонда тұруға да мәжбүр болған», – деп жазады өз естелік жазбасында М.Мағауин.

Ұлтының жоғын жоқтап, ұпайын түгендеу жолында саналы ғұмырын арнаған қажырлы ғалымның арманы орындалды, әдебиет тарихының өрісі бірнеше ғасырға ілгерілеп, зерттеу тақырыбының аясы кеңіді. Мұның өзі ұлттың рухани сана-сезімінің жаңа деңгейге көтерілуіне игі әсер етті. Өткен ғасырдың екінші жартысындағы осындай игілікті қадамдардың, рухани өрлеудің бастауында тұрған көрнекті тұлғалардың бірі ұлы ұстаз Бейсенбай Кенжебаев екенін бүгінгі ұрпақ біле жүргені абзал.

LESSON STUDY : ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕДЕН ТАБЫС НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ДЕЙІН

«Бұған дейін жасалғандардың бәрін, одан да жақсырақ етіп жасауға болады» – деп Генри Форт айтқандай, заманауи жағдайда оқу-тәрбие үрдісін сапалы қамтамасыз ету күрделі кәсіби іс-әрекет болып табылады. Себебі қазіргі кезде білім саласындағы қарқынды өзгерістер инновациялық технологияларды, жаңғырту мәселелерін талап етіп отыр. Осы орайда сабаққа деген қызығушылықпен білім сапасын арттыруда Lesson Study тәсілін қолдану кеңінен таралып отыр. Кентау қаласының білім бөлімінің 07.10.2024 жылғы №418 ә/қ бұйрығы негізінде және Кентау қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.А.Мақұлбекованың бастамасымен Lesson Study сыныптағы іс-әрекетті зерттеудің жапон әдісінің элементтерін енгізу және сыныптағы оқушылардың зерттеу жұмыстарын жас ерекшелігіне сәйкес жүргізу мақсатында Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің 4 «Б» сыныбы сабақтағы іс-әрекетті зерттеу бойынша қалалық деңгейде зерттеуге алынған.

Жалпы Lesson Study тәсілі – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алған. Батыста америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана танымал бола бастады. Қазіргі уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. Бұл мұғалімнің тәжірбиелі білімін қалыптастыруға ықпал ететін, сабақта орын алып жатқан іс-әрекетті зерттеудің ерекше мысалы болып келетін педагогикалық тәсілдердің бірі .Оқушының білім алуына көмек беру негізінде ұйымадастыруға боладыLesson Study-сынып оқушыларының деңгейін анықтау, топтық жұмыс құрамындағы әртүрлі деңгейдегі оқушыларды анықтау мақсатында қолданылады. Әрі оқушы, әрі сабақ зерттеледі. Оқушылардың оқу үдерісі мұғалімдер тарапынан зерттеліп, зерттеу нәтижесінде мұғалімдер жаңа әдістерді енгізіп, қателіктерді түзей алады. Оқу мен оқыту сапасын арттыруға арналған таптырмайтын құрал ретінде қолданылып келеді.

Осы бағытта Ә.Науаи атындағы № 17 жалпы білім беретін мектеп базасында зерттеуге алынған 4 «Б» сыныпта, бастауыш сынып мұғалімі Базарбаева Дариға Сүлейменқызы дүниетану пәнінен «Отбасының қоғам өміріндегі маңызы» тақырыбында зерттеу сабағының алғашқы циклы жоспарланып, өткізілді. Зерттеуге алынған 4 «Б» сынып оқушылары сабаққа белсене қатысып, отбасы тақырыбы бойынша өз ой-пікірлерін еркін айтып, мақал-мәтелдер келтірді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық жұмыстар жүргізіліп, сергіту сәтінде нейрожаттығу өткізілді. Сабақты жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, сабақтың тәрбиелік мәніне, отбасылық құндылықтарға басты назар аударылды. Сабақ барысында оқушылар «Бәйге» әдісі арқылы бағаланып отырды. Сабақта «Бес жолды өлең» және «Ақылдының алты қалпағы» әдісінен тиімді пайдаланды. Сабақ өзінің оқу мақсатына жетті.

« – Табысты мұғалімдер көбінесе сыныпта болып жатқанның біразына, кейде тіпті көпшілігіне мән бермейді. Бұл – кемшілік емес! Бұл – оларға табысты болуға көмектескен үдерістердің нәтижесі. Сынып дегеніміз – кәсіпқойларға қызмет етуге тура келетін барынша күрделі жұмыс жағдайлары: шамамен бір сағатқа жуық уақыт ішінде сабақта жұмыс істеп отырған 30 және одан да көп оқушы үлкен көлемді ақпарат өндіреді. Бұл ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның салдарынан сабақ, жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады. Зерттеушілер мұғалімдердің ақпараттың осы ағынын және оның жылдамдығын қалай игеретінін бақылаған. Рэгг және басқалар анықтағандай, мұғалімдер бірінші үш жылда барлық қиындықтан өтіп, жақсы педагог болып қалыптасады, себебі өздері үшін проблема болып табылатын оқу жағдайын басқарудың жаңа тәсілін тапқанда олар бұл тәсілді осыған ұқсас жағдайларда үнемі қолдануға болатын белгілі бір оңтайлы нысанға айналдырып алады да, реті келген кезде қолданып отырады. Мұғалімдер өз сыныбында автономды түрде «жеке маман» ретінде жұмыс істейтіндіктен, басқа мұғалімдерде әріптесінің «болжамды» білімін тәжірибеде көруге мүмкіндік бола бермейді. Ал мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның жұмысының нәтижелілігі бағаланатын болғандықтан, ол сол баға пен пікірдің үдесінен шығуға тырысып, өзінің «жасырын» білімдерін көрсетуге ұмтылмайды, яғни тәуекелге бармауды жөн көріп, «қауіпсіз» оқытуды көрсетеді. Санасыз субъктілерге қарағанда адамдар көп көлемді ақпаратты «сүзгіден» өткізу арқылы игереді. Сыныпта да дәл солай: қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей, белгілі бір сәтте болған маңызды нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған ақпаратты лезде меңгеріп, бірден өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі жылдам сабақ жағдайында біз басымдық берген басқа да маңызды нәрселерді өңдеу үшін жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді. Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.» – дейді бастауыш сынып мұғалімі Базарбаева Дариға.

Зерттеу сабағын Кентау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.А.Мақұлбекова, қаладағы барлық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері, сонымен қатар мектептің зерттеу тобының мүшелері. педагогтар бақылады. Сабақтың барысын зерттеу тобының бақылаушылары берілген критерийлер бойынша сабақтағы іс-әрекетті зерделеп, сабақ соңында талдау жұмыстарын жасап, қорытындыларын шығарды. Сабақты зерттеуде мұғалімдер өзара білім мен тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға септігін тигізді. Мұғалімдер өздерінің тәжірибесіндегі зерттеу тәсілдерін ортаға салып тәжірибе алмасты.

« – Lesson Study-ді бастамас бұрын топ мүшелеріне өздері енгізіп жатқан оқыту әдісінің негіздеріне қатысты қандай жұмыс атқарғанын, ол туралы не білгенін, нені пысықтағанын әріптестеріне көрсетуге мүмкіндік беру қажет. Мұғалімдер өздерінің істеген істері туралы пікірлерімен басқалармен бөлісетінін алдын-ала білсе, олар мұны бүкіл үдеріс бойында естерінде ұстайтын болады. Бұл Lesson Study тобына өз пікірлері мен ойларын әріптестері алдағы уақытта оны пайдалана алатындай етіп нақты баяндауға мүмкіндік береді. Lesson Study қысқа бейнежазбалары мен PowerPoint таныстырылымына салынған фотосуреттері – сабақты өткізу барысын көрсетіп, тәжірибені қорытудың танымал тәсілі. Топ дайындаған, бейімдеген немесе жетілдірген педагогикалық әдістемені толық ұғынуға көмектесу мақсатында басқа мұғалімдермен жұмыс істеу мүмкіндігін ұйымдастыруға болады. Тәжірибені нақты тұжырымдау, түсіндіру және көрсету: 1. әріптестерінің тәжірибесіне сүйеніп өз тәжірибесін жетілдіруде көмектесетінін; 2. түсіндіру мен коучинг жүргізіп отырған маманның жұмыс тиімділігін арттыратынын естен шығармаған абзал. Себебі Lesson Study кезінде мұғалімдер әдетте пайдаланғанымен, ол туралы ешқашан айтпайтын тәжірибедегі жасырын білімін ашық көрсетеді. Басқаларға түсіндіру арқылы мұғалімдер өз білімдері туралы көп білуге, сөйтіп білімдерін одан әрі жетілдіруге мол мүмкіндік алады. Мұғалімдер бөлмесінде «оқыту қабырғасын» ұйымдастырып, ол жерде Lesson Study тобы өз жұмыстарын, фотосуреттерін, бақылауларын, оқушылар сауалнамалары мен пікірталас нәтижелерін, бастапқы болжамдарын ұсына алады. Бұл ресми таныстырғаннан кейін де мұғалімдер бөлмесінде осы мәселе төңірегінде ұзақ уақыт бойы талқы жүргізуге ықпал етеді.» – дейді Кентау қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А.А.Мақұлбекова

Кентауда мемлекеттің тілдің оқытылу сапасын арттыру мақсатында семинар өтті

Түркістан облысы, Кентау қаласы «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясында» Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының және Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Аралас мектептердегі мемлекеттің тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалдық сауаттылық, патриотизм» тақырыбындағы онкүндіктің іс-жоспарына сай «Алаш ардақтыларының ұлттық идеялары және педагогикалық шығармаларының қайта жаңғыруы» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Семинар Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясы, №5,№6,№17,№23 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтті.

Тәжірибелік семинарда №23 Ә.Бөкейханов атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адилханова Жанар «Алаш ардақтыларының педагогикалық шығармалары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада алаш ардақтыларының педагогикалық шығармалары жайлы ақпарат беріліп, бірнеше әдіс арқылы олардың туындыларының қайта жаңғыруы жайлы ақпарат берілді.

« – Алаш арыстарының тарихта алатын орны ерекше. Олар: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы,Мұстафа Шоқай  және тағы да басқа ұлы тұлғалар. Аты аталған зиялылар  өркениетті елдердің  өмірдегі тәжірибелерін ескере отырып, келешек ұрпақ, қазақ халқы білім алып, дамып, басқа өркениетті  елдермен  теңестіруді қалады және қол жеткізді деп айтуға болады. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті.Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пайда болуымен тұңғыш ұлттық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау бойынша бірізді бағыт ұстанды. Қозғалыс көшбасшысы А.Байтұрсынов: «басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек!Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» деген еді. Ал, Алаш алыптарының бірі М.Дулатов «Оян, қазақ» деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Х.Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» деген екен. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш идеясында  қазақ тілі мәселесі ерекше болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектері сан  алуан. Олар: Біріншіден, тілтану ғылымының іргетасын қалады. А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Тіл құралы», Т.Шонанұлының, Е.Омарұлының оқу-әдістемелік мақалалары. Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды. А.Байтұрсынұлы, Ғ.Қараш, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Серкебаев шығармаларындағы жазба реалистік дәстүр, М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясындағы романтикалық жазба дәстүр мәдениетті жазба әдебиетінің қалыптасқандығын байқатса, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің зор үлгілері болды. Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. А.Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» – деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты. Төртіншіден, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы қазақ баспасөзі қалыптасты. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы,Ғ.Қараш,М.Дулатов, С.Торайғыров және тағы да басқа Алаш қаламгерлерінің XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы публицистикалық еңбектерін тізбелемегеннің өзінде, «Қазақ» газеті сияқты ұлттың ұлы басылымының өзі публицистикалық стильдің, жалпы әдеби тілдің қалыптасуына өлшеусіз мол үлес қосты. Бесіншіден, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Сонымен қатар, Алаш қаламгерлерінің аударма саласындағы алуан еңбектерінің нәтижесінде қазақ аудармасының негізі қаланды. Бұл арада Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы және тағы басқалар жасаған көркем аудармалар, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытов, Т.Шонанұлы және тағы басқа қаламгерлер жасаған ғылыми аудармалар, сондай-ақ әлеуметтану, саясаттану, философия салаларында орындалған аудармалар, әлбетте, саны жағынан да, түрі жағынан да өзіне дейінгі кезеңдерге қарағанда әжептеуір өсу болатын. Міне алашордашылардың ең басты ұлттық идеяларын осылай  жіктеп, зерделеуге болады.

Мағжан-ұлтын тереңнен сүйген ақын. М.Жұмабаев:

 «Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін!» – деп келетін өз позициясын адам жанының, психологиялық әлемінің құпия құбылыстарын суреттеу арқылы жеке адам мен ұлт тағдырын бірлікте қарастырып, түсіндіреді. Ендеше сол кезеңдегі ұлты үшін жан қиған ақынның ұраны халқын жетелеп, күш беріп, арманы, тілегі бүгінгі күнмен сабақтастықта жүзеге асып, ұлттық тұлғасы, оның тілдік шығармалары арқылы сомдалып, ұлттық тілдік тұлғаға айналды деп айтуға болады.  Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай  күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанды.Шабыттана жырлайды.Мен жастарға сенемін! деп асқақтай сөйледі.Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы- сөз,заманымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменов айтқандай жастарды тәрбиелеуде сөздің құдіретті күшін пайдаланудың маңызы зор екендігін сезінген ақын өнегелі, өрелі асыл сөздерін кейінгі ұрпаққа сыйлайды. Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығының дәлелі – Мәңгілік Ел. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Кешегі Алаш идеясы-бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуына сол кезеңдердегі Алаш зиялыларының да еңбегі зор.» – деді №23 Ә.Бөкейханов атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адилханова Жанар.

 

 

№5 Абай атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Акимбекова Г. Туребекова А. “Алаш арысы – Әлихан Бөкейханов” тақырыбында сахналық қойылым ұйымдастырды. Оқушылардың орындауында көрсетілген қойылым барысында ұлт мүддесі үшін қызмет еткен тұлғалардың керемет кездесуі көретілді. №6 А.С.Пушкин атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ибраева Перизат, Утжанова Қарлығаш келген ұстаздармен шебер сынып ұйымдастырды. Ұстаздар бірнеше әдістерімен бөлісті. Жасанды интелектпен жұмыс түрлерін тәжірибеде көрсетті.

Ал, №17 А.Науаи атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Шынтемірова «А.Байтұрсынұлының көзқарастары мен педагогикалық идеяларының ұстанымдары» тақырыбындағы баяндамасында А.Байтұрсыновтың шығармашылығын оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсіл үлгілерімен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті.

« – Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық идеялары бүгінгі күні өзекті болып табылады, өйткені Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Ахмет Байтұрсынов өз халқының шынайы ұлы бола отырып, еуропалық халықтардың мәдени құндылықтарына қосылуға, олардан үлгі алуға – білім, ғылым, кітап шығаруға шақырды. “Ғылым мен практикалық білімнің негізін сіңірген халық ақылды, бай және күшті болады” қазір бүкіл әлемдегі елдердің орта білім беру жүйелері “ХХІ ғасырда табысты болу үшін балаларға не үйрену керек?”Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартында тұжырымдалған білім берудің негізгі құндылықтары мен мақсаттары мектеп түлектерінің жалпы білім деңгейін арттыруға, инновациялар мен көшбасшылықты іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған, халықаралық тәжірибені ескере отырып, мектепте білім беру мазмұны тұрғысынан ұлттық бірегейлікті дамыту. Aхмeт Бaйтұpcынұлы қaзaқ әлiппeci жәнe қaзaқ тiлiнe бaйлaныcты оқулықтapды жaзуды 1910 жылдaн бacтaп қолғa aлғaн болaтын. Cонымeн бipгe қaзaқ тiлiнiң гpaфикacын дa жacaуғa ұмтылды. Қaзaқ гpaфикacынa нeгiз peтiндe қaзaқ мәдeниeтiнe дe өзгe туыcтac хaлықтapдың дүниeciнe дe жaқын apaб тiлi тaңбaлapын пaйaлaнa отыpып, оны қaзaқ фонeтикacынa икeмдeп, қaзaқ дыбыcтapы жоқ тaңбaны aлфaвиттeн шығapып, apaб тaңбaлapы жоқ дыбыcтapғa тaңбa қоcып, қaзaқ тiлiндeгi жуaнды әpi жiңiшкeлi үндecтiк зaңынa caй eтiп жaзуғa ыңғaйлы дәйeкшi бeлглepiн жacaйды. Cолaй, 24 тaңбaдaн құpaлғaн жaзуды «қaзaқ жaзуы» дeп aтaп, өзгeлep «Бaйтұpcынов жaзуы» дeп aтaп кeткeн қaзaқтың тұңғыш ұлттық гpaфикacын жacaп шығapaды. Одaн cоң оcы жaзуды үйpeтeтiн әлiппe құpacтыpып шығapaды. 1911-1912 жылдapы оcы eңбeгi Уфa мeн Оpынбоp қaлaлapындa бacылып шыққaн әлiппeci «Оқу құpaлы» дeгeн aтпeн 1912-1925 жылдapдың apacындa жeтi peт қaйтaдaн бacылып, оқыту icтepiндe ұзaқ түpдe пaйдaлaнылып кeлдi. 1926 жылдapы ғaлым «Әлiп-бидiң» жaңa түpiн жaзуғa ниeттeндi. Aл оның оcы тaлпыныcы, қaзaқ тiлiн пән тұpғыcында оқытaтын оқулықтap жaзумeн ұлacып, «Тiл – құpaл» aтты үш бөлiмнeн құpaлғaн, шaғын үш кiтaбының жapыққa шығуынa aлып кeлдi.

«Тiл-құpaлы» eңбeгi тeк қaнa мeктeп оқулығы peiндe eмec, қaзaқ тiлiн aнa тiлi peтiндe тaнуынa нeгiз болғaн eңбeк болды дeceк қaтeлecпeймiз. Ахмет Байтұрсыновтың бойынан табылған дарыны оған поэзияда, публицистикада, ғылымда және де мәдениеттің басқа да салаларында өзін шебер екендігін көрсете білді. Ол білім жолында өзінің сара жолын көрсеткен ғалым, қазақ тілін жетілдіру үшін шетел әдебиеттерін аударған аудармашы ретінде де танимыз, этнограф, көптеген оқулықтардың жазып қана қоймай, сонымен қатар жас балаларға, ересектерге арналған көптеген өлеңдердің авторы. Байтұрсынов балалар қатар ересектерге білім бұлағын ашқан үлкен ұстаз болды. Ол халықтың жадында қазақ ғылымы мен мәдениетінің шырағы болып қала берді. «Егер халықымыздың басты байлығы-денсаулығы болса, жаны үшін басты байлығы– білім мен өнер, осылардың көмегімен халықымыз дамып, қанатын кеңге жаяды деп үміт еткен. Ұлт ұстазының басты міндетттерінің бірі – жастарға білім беру, қолөнерге үйрету, оларға мамандық беру. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін қазақ даласында барлық ауылдарда қазақ мектептерін ашып, қазақ тілінде сабақ беру керек. Бұл біздің басты мақсатымыз және міндетіміз», – деді Ахмет Байтұрсынов. А.Байтұрсынов-алғашқы қазақ әліппесінің авторы. Ғалым Байтұрсыновтың құрметіне аталған жаңа қазақ әліпбиі кезінде жазу реформасын жүргізу барлық түркітілдес халықтар үшін үлгі тұтарлық болды. Сондай-ақ, автор «Ана тілі бойынша нұсқаулық», «Қазақ тілі курсының экспозициясы», «Грамматиканы оқуға арналған нұсқаулық», «Сөйлеуді дамыту», түрлі хрестоматияларды жазды. Бұл әдістемелік еңбектер әлі күнге дейін қазақ тіл білімі және қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың арасында беделді.» – деді №17 А.Науаи атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Шынтемірова

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясында» өткен семинарда педагогтар өзара пікір алмасып, аралас мектептердегі мемлекеттің тілдің оқытылу сапасын арттыру бойынша да өз ойларын жеткізді.

 

« – Қазіргі мемлекетіміздің білім беру саласындағы алдына қойып отырған басты мақсаты – заман талабына сай кәсіби мұғалімді қалыптастыра отырып білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Бұл бағытта қазіргі гиперактивті балалардың энергиясын керекті бағытқа икемдеу, сол энергияны тұрақты, берік білім негізін қалыптастыруға бейімдеу, білім алу барысында меңгерген теориялық материалды өмірдің өзгермелі ситуацияларына қолдануға дайын жас ұрпақты дайындау – білім саласының басты мақсаты. Қай елдін болсын өсіпөркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мәнмағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керектігін тәжірибеден көрдік. Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес,педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. ҚР ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курсбағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жақсы, терең білетін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.» – деді №6 А.С.Пушкин атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ибраева Перизат

Білім мен құқықтық сананың қалыптасуы-қазіргі адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, қоғамға жан-жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет. Мұндай азаматты мектеп, дәлірек айтсақ, ұстаз тәрбиелейді. Өйткені: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Әлемдік деңгейде кең қанат жайып келе жатқан ғаламдану үрдісінде әр халықтың өзіндік бет – бейнесін сақтап қалуы мен ұлттық ерекшеліктерді қазіргі өркениет талаптарына сай жетілдіру мәселесі зор маңызға ие болып отыр. Халықтың рухани құндылықтары ақпараттар ағынымен, жан- жақтан еніп жатқан жат түсініктер тасқынында жоғалып кетпеуі үшін жас ұрпақтың білімінің берік, білігінің бекем болуы тиіс. Әрине, ол жалпы білім беретін білім мекемелеріндегі оқу – тәрбие жүйесінің қалай ұйымдастырылуына тікелей тәуелді деп қорытындылады семинарды ұйымдастырушылар.

КЕНТАУДА БІЛІМ ОРДАСЫНАН ОҚУ ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТ АШЫЛДЫ

Кентау қаласының 69 жылдық мерейтойы қарсаңында «Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі» базасында жаңа тұрпатты Оқу өндірістік ғимараты пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов білім ордасының басшылығын және студенттерді мерекемен құттықтап, нағыз маман тәрбиелеуде мүмкіндік беретін ғимараттың ашылуына тілектестік білдірді. Жаңа ғимаратта жас мамандар оқумен қатар тәжірибе алмасып, өндірістік саланың қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алады.
Айта кетейік, 2008 жылы құрылған 16 жылдық тарихы бар колледж алғашқы талапкерлеріне білім қақпасын айқара ашқан күннен бері, бәсекеге қабілетті орта буын мамандарын дайындау жөніндегі бастамаларын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып келеді.
Сондай-ақ облыс көлемінде өтетін түрлі олимпиядалар, конкурстар және «WorldSkills» Облыстық байқауларында жүлделі орындарды иеленіп келе жатқан оқу орны.
Осы жылдар ішінде колледжді табысты аяқтаған 1175 тен астам бітірушілер еліміздің түпкір-түпкірінде өндірісте еңбек етуде.
Колледжде жаңа заман талабына сәйкес дуальді оқыту жүйесі жақсы жолға қойылған. Облыстық білімді қадағалау департаментінің 28 тамыз 2024 жылғы шешімімен колледжде «Қолданбалы бакалавриат» мамандарын дайындауға мемлекеттік лицензия беріліп, колледжге «Кентау жоғары Гуманитарлық Техникалық колледжі» статусына ие болған.

КЕНТАУДА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН АРНАЙЫ МӘЖІЛІСІ ӨТТ

Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшыларымен арнайы мәжіліс өтті.
Оған құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары қатысты. Мәжілісті Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова төрағалық жасап, жүргізіп отырды. Маңызды жиынның күн тәртібінде Кәмелет жасына толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың профилактикасы жөнінде мәселе талқыланды.
Бірінші Кентау қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасры полиция подполковнигі Абдрахман Тоқбергенов Жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың профилактикасы бойынша баяндама жасады.
Түркістан облысы ПД нұсқамасына сәйкес 3 рет «Жасөспірім» 2 рет «Абайлаңыз балалар» және «жасөспірім және құқық» іс шаралары өткізіліп, мүдделі орган өкілдері қатыстырылды. Іс-шаралар барысында, Кентау қаласы ПБ қызметкерлерімен, күнделікті кәмелетке толмағандар қылмысының алдын-алу профилактикасы барысында күндізгі және түнгі мезгілдерде көшелер мен ойын сауық орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейд барысында түнгі мезгілдерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген -274 жасөспірін, ойын-сауық орнында болған 8 жасөспірім, Ұсақ бұзақылық жасаған 7 жасөспірім анықталған. Ата-аналық міндетін тиісінше орындамайтын 14 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарының алдын алу бойынша оқу орындарында 246 рет кездесулер өткізіліп, құқықтық тақырыпта түсініктер берілген.
Кентау қалалық білім бөлімінің бас маманы Едіге Әпиев жалпы бөлімге қарасты білім беретін мектептердегі кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстардың және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Жиын соңында мәжіліске қатысушылардың ұсыныстары мен ескертпелері хаттамаға енгізілді.

Кентау: 3 оқушы қалалық ІІ-кезеңге қатысу үшін жолдама алды

Кентау қаласында орналасқан “Әл – Фараби атындағы №14 мектеп – гимназия” КММ-де Түркістан облысы білім басқармасының облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 16 қазан күні сағат 10:00-де 10 – 11 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша Республикалық «Алтын түлек» олимпиадасының мектепішілік І кезеңі өтті. Олимпиадаға 2024 жылғы 09 – 16 қазан аралығында https://pwa.zerdeli.app/ сілтемеcі арқылы тіркелген білім ордасының 10 – сыныптан 7 оқушы, 11 – сыныптан 5 оқушысы қатысқан болатын. Мектепішілік І кезеңнің сапалы, жоғары дәрежеде өтуі мектеп директорының бұйрығымен бекітілген сарапшылар құрамы мен математика пәнінің мұғалімдері жұмыс жүргізді.

Олимпиаданың мектепішілік І кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады. Бірінші және екінші бөлім – тест тапсырмалары, үшінші бөлім – тапсырманың бос орындарын толықтырып жазу. Барлығы 100 ұпай және 60 минут уақыт берілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен, 10 – сыныптан 3 оқушы, 10 – сыныптан 3 оқушы қалалық ІІ кезеңге қатысу үшін жолдама алды. Мектеп ұжымы олимпиаданың мектепішілік кезеңінен орын алған оқушыларды марапаттап, қалалық ІІ кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, «Алтын түлек» олимпиадасының мақсаты оқушылар арасында математикаға ерекше қабілеті бар балаларды анықтау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық бағыттарға қызығушылықты ояту, сондай-ақ оқушыларға математикалық ұғымдарды талдау, сыни тұрғыдан ойлау, күрделі есептерді шешу дағдыларын үйрету болып табылады. Сонымен қатар, олимпиаданы өткізу мақсаттарының бірі – кәсіби бағдар беру жұмысы. Олимпиадаға қатысушылар жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен және факультеттерімен танысады.  Атап өтілгендей, «Зердел» ақыл-ой даму мектебімен бірлесіп ұйымдастырылған олимпиаданы өткізу еліміздегі математикалық білімнің дамуына қосылған қомақты үлес деп айтуға болады. Олимпиаданы ұйымдастыру оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Айта кетейік, өткен жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Алтын түлек» олимпиадасының республикалық кезеңі өткен болатын. Сайысқа Қазақстан бойынша 3000 оқушы қатысса, оның 234-і Түркістан облысы атынан бақтарын сынаған. Білім олимпиадасы «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірге ұйымдастырылған олимпиадаға 10-11сынып оқушылары қатысып,жалпы олимпиада нәтижесінде Түркістан облысының 8 оқушысы – бірінші орынға, 20 оқушысы – екінші орынға, 27 оқушысы – үшінші орынға ие болған. Ал, 14 білімді жас арнайы мақтау қағазымен марапатталды. Жеңімпаз атанған Камилханов Абдусамат «Stambul Aydin University» оқу орнының грантын иеленсе, Оралбек Дәурен және Оралбек Дарын Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің грантын жеңіп алған болатын.

«Алтын түлек» олимпиадасына қатысудың негізгі артықшылықтарын айта кетейік. Біріншіден олимпиадаға қатысу жоғарғы оқу орындарының білім гранттарын ұтып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіптік бағдар алуға, «Зерделі» оқу орталықтарының грантын иеленуге де мүмкіндік қарастырылған. Одан бөлек, олимпиада есептеріне координация және олимпиада алдындағы тегін сабақтарға қатысуға болады.

Түркістанда «Жайлы мектеп» жобасы аясындағы алғашқы 2000 орындық мектеп пайдалануға берілді

Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күні қарсаңында 2000 орынға есептелген алғашқы жайлы мектеп ашылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және қолдауымен салынған білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты.
– Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтарын салынуда. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Биыл облысымызда жалпы қуаттылығы
17 800 орынды құрайтын 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізілуде. Бүгін оның алғашқысын ашқалы отырмыз. Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – даму мен оқу үшін тамаша жағдайлар жасалған орын. Еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін. Жаңа білім ордасының ашылуы құтты болсын! – деді Дархан Сатыбалды.

Мемлекет тарапынан сапалы білім алуға барлық жағдайлар жасалуда. Оның ішінде Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Бүгін тапсырылған алып білім ұясы қаладағы 2 мектептегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мұнда №28 мектеп-лицейінің оқушылары көшіп келді. Қазіргі таңда 66 педагог ауысу тәртібімен, 7 педагог конкурстық тәртіппен қабылданды. Оқушы санының толығуына қарай өзге де ұстаздар конкурстық рәсіммен қабылданады. Білікті ұстаздар арнайы іріктелген. Бұдан бөлек, қаржы, шаруашылық қызметкерлері жұмысқа алынған.
Түркістан қаласының Жаңа қала аумағында салынған 4 қабатты білім ордасындағы физика, химия, биология және робототехника кабинеттері заманауи жабдықтармен жабдықталған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спорт залдары, шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырылған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Балалардың жас ерекшелігіне орай блоктардың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жекешелеген кішкене шкафтармен қамтылған. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті кабинеттер, пандустар, жедел сатылар, арнайы бейімделген әжетханалар салынған.
Түркістан өңірінде білім саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс басшылығы барлық қажетті шараларды қабылдауда. Соның ішінде білім ошақтарының аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету басты міндеттер қатарында.


Биылғы жылдың өзінде мектептер бейнебақылау, дабыл жүйелерімен қамтылып, полицияның жедел басқару орталығымен интеграцияланды.
Айта кетейік, Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 29 мектеп салынуда. Оған қоса облыстық бюджеттен және арнайы қордың қаржы көздерінен 20 мектеп пен 1 музыкалық мектеп бой көтеруде. Оның ішінде төртеуі ел игілігіне тапсырылып үлгерді. Қалған мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы 14 білім нысаны биыл тапсырылса, 7 мектептің құрылысы келесі жылға өтпелі. Түрлі жобалар мен қаржыландыру көздері есебінен екі жылда 50 білім нысаны пайдалануға берілгенде өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін толық таппақ.