Архив рубрики: Білім

Ұстаздар білім сапасын талдаудың тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасты

Оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі-сапалы білім беру болып табылады. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және инновациялық технологияларды меңгеру, оны өздерінің тәжірибелерінде тиімді қолдана білу міндеті тұр. 2024 жылғы 24 қазан күні Кентау қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Әдістемелік кабинеттің-10 күндігі» жобасы аясында Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп базасында қалалық деңгейде «Тарих, география пәндерінде білім сапасын талдаудың тиімділігі» тақырыбында коучинг-тренинг өтті. Тренинг мақсаты: Оқушыларды инновациялық әдіс-тәсілдермен оқыту арқылы тарих, география пәндерінен білім сапасын арттыру және білім сапасын талдаудың тиімді жолдары бойынша тәжірибе алмасу.

Коучинг тренингті қалалық білім бөлімінің тарих және география пәндері бойынша әдіскері А.Сенбекова жүргізді. Тренингке Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп базасында “Өрлеу” БАҰО АҚ Түркістан облысы Шымкент қаласы бойынша КДИ ұйымдастыруымен өтіп жатқан тарих-құқық пәні мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курстың Түркістан және Кентау қалалары, Бәйдібек ауданының тыңдаушылары және тәжірибелі тренер Кенжехожаева Ляззат Шакимардановна қатысты.

Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Бабанов Науфаль «Тарих, география пәндерінде білім сапасын талдаудың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, білім сапасы және оған әсер етуші факторлар туралы ақпарат беріп, мектеп тәжірибесіне Lesson stady әдісін енгізу арқылы білім сапасын көтеру жолдары бойынша презентациялық таныстырылым көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің мұғалімі Исаева Мадина Қалдыбекқызы пән мұғалімдеріне сабақта инновациялық әдіс-тәсілдерді, заманауи білім беру платформаларды тиімді қолдану арқылы тарих, құқық, география пәндерінен білім сапасын көтеру жолдары бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісіп, практикалық сабақ өтті. Коучинг тренинг қызықты өтіп, мұғалімдер өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Тренинг соңында мұғалімердер білім сапасын талдаудың тиімді жолдары бойынша өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Білімді, сауатты адамдар – XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: «Тегінде, адам баласы, адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәселермен оздым ғой демектің бәрі бекер», – деген өсиетін ұстанып, еңбек етуіміз қажет.

«Авторлық жұмыстарды рәсімдеу талаптары» тақырыбында семинар өтті

Білім берудегі жетістік тікелей мұғалімге, оның шығармашылық әлеуетіне және кәсіби құзыреттілігіне байланысты. Қазіргі мұғалім-бұл инновацияларды іс жүзінде жүзеге асырудағы негізгі тұлға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білімдерін шығармашылық қабылдауға деген ұмтылысын дамытады, оның тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосады. Ол үшін мұғалім өзінің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін үнемі арттырып отыруы керек. Мысалы: пәндік, әдістемелік, коммуникативтік, ақпараттық, жалпы мәдени, құқықтық сауаттылық өте маңызды болмақ.

Авторлық оқу бағдарламасы – жалпы білім беру стандартына сай оқу пәнінің білім беру мазмұнын анықтайтын, мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалатын, нәтижесі тұлғаны дамытуға бағытталған, педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педагогикалық шығармашылық іс.

Дәл осы бағытта, Кентау қаласында орналасқан Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп базасында қалалық деңгейде «Авторлық жұмыстарды рәсімдеу талаптары» тақырыбында ақпараттық семинар өтті. Семинар мақсаты: мұғалімдерге авторлық бағдарламаның әзірлеу технологиясы, оның құрылымы, титул парағы және бағдарламаны рәсімдеуге қойылатын талаптар туралы ақпарат беру, авторлық бағдарламасы қала көлемінде таралған мұғалімдердің тәжірибесімен бөлісу.

Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Бабанов Науфаль «Авторлық жұмыстарды рәсімдеу талаптары» тақырыбында баяндама жасап, презентациялық таныстырылым көрсетті. Білім беру саласындағы өзекті мәселені шешуде авторлық бағдарламаның маңыздылығы және мазмұны, құрылымының жаңашылдығы және өзектілігімен ерекшеленетіндігін атап өтті. Сондай-ақ, авторлық бағдарламаның жаңашылдығын, инновациялық потенциалы бойынша бірнеше үлгілерін, түрлеріне рецензия беріліп, апробация жақсы нәтиже бергенде іске асатындығын тәжірибе арқылы көрсетті. Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу үшін рецензия, апробация – эксперимент түрінде танысу қажеттігін атап өтті.

Авторлық бағдарлама – педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педагогикалық шығармашылық нәтижесі. Ол оқу пәнінің білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалады. Авторлық бағдарламаның мазмұндық құрылымы мен тұжырымдамасы жалпы білім беру стандартына сай келуі тиіс. Авторлық әдістемелік жүйені құрастыру процесі ұзақ уақытты қамтиды және нәтижесі тұлғаны дамытуға бағытталған. Семинарда авторлық бағдарлама әзірлеген пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, автордың оқу бағдарламасын құрастыруға толық дайындықпен келмеуі көптеген кемшіліктерге алып келетіндігін айтты.

« – Авторлық бағдарламаны педагог немесе педагогтер ұжымы толығымен дайындайды жəне оларға зияткерлік құқығы беріледі. Бұл не алғаш рет енгізілетін курсты, не автордың дəстүрлі тақырыпты өзіндік тəсілмен оқыту бағдарламасы. Мұндай бағдарлама мазмұны – жаңашылдығымен жəне өзектілігімен ерекшеленетін білім беру проблемаларын шешуге ұсынылған құралдар жиынтығы. Авторлық бағдарлама эксперименттік те болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде жаңалығы мен авторлығы құжат бойынша дəлелді болуы қажет. Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу келесі іс-əрекеттерді қамтиды. Жалпы рецензия, апробация жақсы нəтиже бергенде іске асады. Ішкі рецензия – əдістемелік кеңес, əдістемелік бірлестікте талқылау. Сыртқы рецензия – ғылыми-əдістемелік ұйымдар, мамандардан алу. Апробация – эксперимент түрінде танысу. Апробация нəтижесінде бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс жасауға болады. Апробация қыркүйектен наурызға дейін өткені дұрыс. Себебі мұғалім түзету енгізуге мүмкіндік алады. Авторлық деп танылған бағдарламаны қолдануға əдістемелік кеңес ұсынып, білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Авторлық деген мəртебені, ереже бойынша, білім беруді басқарудың жоғары органы тағайындайды.» – деді Ә.Науаи атындағы №17 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Бабанов Науфаль

Авторлық оқу бағдарламасы – педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педагогикалық шығармашылықтың нəтижесі. Ол оқу пəнінің білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалады. Авторлық бағдарламаның мазмұндық құрылымы мен тұжырымдамасы жалпы білім беру стандартына сай келуі тиіс. Авторлық əдістемелік жүйені құрастыру процесі ұзақ уақытты қамтиды жəне нəтижесі тұлғаны дамытуға бағытталған. Авторлық бағдарлама мазмұнының негізінде əдістемелік жүйені құрудағы мұғалімнің өзіндік тұлғалық тəжірибесі мен оның қызметінің даралық стилі жатыр. Алғашқы міндетті шарт –бағдарлама құрылымы мен мазмұны жағынан орта білім беру саласындағы оқу бағдарламасымен сəйкес болуы тиіс. Сонымен қатар, авторлық бағдарлама келесі талаптарға жауап беруі керек: қазіргі ғылымның педагогикалық практикалық жағдайымен сəйкес келуі, жаңалығымен даралануы; оқушылардың жеке қабілетін дамытуға бағытталуы, оның интеллектуалды эмоционалды кеңістігіне, коммуникативті қабілеті мен əлеуметтік бейімделуіне; жүйелілік талаптарына сай болуы; психологиялық-педагогикалық негізі болуы; басты дидактикалық құралдар мен материалдармен, сондайақ оны жүзеге асырудағы əдістемелік ұсыныстармен қамтамасыз етілуі тиіс

Ағылшын сабағында интеллектті тиімді қолдану маңызды

Кентау қалалық білім бөлімінің «Әдістемелік кабинеттің 10 күндігі» жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында ағылшын тілі пәні әдіскері Г.Нысанбаеваның ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект технологияларын оқу процесінде қолдану» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар мақсаты: ағылшын сабағында интеллектті тиімді қолдануға әдістемелік көмек беру, кәсіби қолдау көрсету. Семинар ағылшын тілі бірлестігінің әдіскері Г.Нысанбаеваның кіріспе сөзімен басталды. Жасанды интеллектті сабақта қолданудағы тиімді тұстарын атап көрсетті.

 

« – Жасанды интеллект тез дамып келе жатқан сала және оның білім берудегі әлеуетті қолданбалары барған сайын айқын бола түсуде. Жасанды интеллект оқыту мен оқуды жақсарту үшін қолданылуы мүмкін және ол мұғалімдерге оқушылар үшін жекелендірілген оқу тәжірибесін жасауға көмектеседі. Бұл сабақта жасанды интеллекті білім беруде қолдануға болатын әртүрлі әдістер және оның ықтимал артықшылықтары қарастырылады. Жасанды интеллект әртүрлі салаларды, соның ішінде білім беруді жылдам өзгертеді. Білім берудегі жасанды интеллект интеграциясы біздің оқу, оқыту және бағалау әдісін өзгертеді. Жасанды интеллектпен жұмыс істейтін құралдармен қолданбалар білім алушыларға жекелендірілген және бейімделген оқу тәжірибесін ұсынады, мұғалімдерге арналған әкімшілік тапсырмаларды автоматтандырады және жалпы білім беру нәтижелерін жақсартады. Білім берудегі жасанды инетллектінің маңызды артықшылықтарының бірі, оның оқу тәжірибесінжекелендіру мүмкіндігі болып табылады. Жасанды интеллект алгоритмдері оқушылардың үлгерімін бақылау және оқыту әдістерін олардың нақты қажеттіліктеріне бейімдеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл дәстүрлі сыныптағы оқыту әдістерімен күресетін немесе ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін әсіресе пайдалы.»-деді Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназия базасында ағылшын тілі пәні әдіскері Г.Нысанбаева

Келесі болып №1 мектеп мұғалімі Жасұзақ Саябек пен Қалдарбек Аблайхан «Жасанды интеллект платформалары мен функциялары» тақырыбында өз презентацияларын ұсынды, қатысушыларға теориясы мен қатар практикада өз ноутбуктеріне, қазіргі таңда әрбір адамның күнделікті өмірде қолданып жүрген үйреншікті затына айналған ұялы телефондарына қалай жүктеуден бастап, кұнделікті сабақта, өмірде қолдануға болатынын жеке жек жүктеп, түсіндіріп, сұрақтарына жауап беріп отырды.

« – Жасанды интеллект нақты уақыт режимінде кері байланысты қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.  Бұл оларға оқу стратегияларын сәйкесінше жақсарту және түзету қажет аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект білім беруде қолданылуы мүмкін тағы бір сала интеллектуалды репетиторлық жүйелерді дамыту болып табылады. Бұл жүйелер қолданушыларға жеке репетиторлық қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект алгоритмдерін пайдаланады.  Олардың үлгерімі туралы дереу кері байланыс бере алады, олардың жеке оқу мәнерлеріне негізделген қосымша ресурстар мен материалдарды ұсына алады және белгілі бір ұғымдармен күресіп жүрген білім алушыларға қолдау көрсете алады. Жасанды интеллект бағалауды жақсарту үшін де пайдаланылуы мүмкін.Машиналық оқыту алгоритмдері үлгілерді анықтау және орындағаны туралы түсінік беру үшін оқушы деректерін талдай алады. Бұл тәрбиешілерге оқушылар қиналып жатқан аймақтарды анықтауға және олардың оқыту әдістерін соған сәйкес түзетуге көмектеседі. Қорытына айтқанда, жасанды интеллект бағалау және есепке алу сияқты әкімшілік тапсырмаларды автоматтандыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл мұғалімдердің уақытын үнемдеуге және олардың оқуға және оқушыларменқарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Машиналық оқыту алгоритмдерінің көмегімен жасанды интеллект жеке білім алушылардың оқу қажеттіліктері мен қалауларын талдай алады және теңшелген оқу материалдары мен жаттығуларды ұсына алады. Білім берудегі бұл тәсіл оқушыларға өз қарқынымен оқуға мүмкіндік береді, бұл оқунәтижелерін жақсартуға және белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект бағалау процесін автоматтандыру үшін де пайдаланылады. Бұл мұғалімдердің көп уақытымен күшін үнемдеуге мүмкіндік береді. Автоматтандырылған бағалау жүйелері оқушы жұмысын бағалау және кері байланысты қамтамасыз ету үшін машиналық оқыту алгоритмдерін пайдаланады.»-дейді ұстаздар.

Сонымен қатар, Т.Рысқұлов атындағы №24 ЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Курбанова Салима Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Collaborative Learning Environments: Artificial Intelligence as a Partner in Education» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда алған мәліметімен бөлісті.

« – Астана қаласында өткен жиын барысында «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар», «Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне интеграциялау», «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі цифрландырудың заманауи трендтері», «Ауыл мектеп­терінде оқыту үдерісін цифрлан­дыру», «Цифрлық мектеп – цифр­­лық мұғалім», «Мұғалімдердің цифр­лық құзыреттілігін дамыту», «Цифр­ландыру жағдайындағы инклюзив­ті білім беру», «Балалардың құқықта­рын қорғау саласындағы цифрландыру», «Біртұтас тәрбие және қосымша білім синергиясы», «Цифрландыру жағдайындағы білім беру мазмұнына тұрақты даму компонентін интегра­циялау», «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің бала­лар­ға әсері» тақырыптары бойынша секциялық отырыстар өтіп, біз қазіргі қоғамға қажетті ақпараттармен және тың идея, жаңалықтармен танысып қайтқан болатынбыз. Ол жиында мамандар жасанды интеллектіні мұғалім оқушыдан да артық меңгеруге тиіс екендігі айтылды. Негізі болашақта оқу бағдарламасын жасанды зердеге негіздеп оқытатынымыз анық. Еліміздің астанасында өткен басқосуда да  үздік педагогтер пен шетелдік ғалымдар жасанды интеллектінің игі­лігін көрудегі тәжірибелерін бөлі­сты. Сол жиында «Бір мұғалім алты сы­ныпқа сабақ беретін болса, олардың әрқай­сысында отыз баладан болса, балалардың жұмыстарын аз уақытта тексеру мұғалімге үлкен күш екені» айтылды. Педагог олардың бәріне кері байланыс бере алады, бірақ 45 минут аздық етеді деді мамандар. Ал егер ұстаздар сабақ жоспарын жасаған кезде, емтихан жұмыстарын тексергенде жасанды зердені қолданса, жұмыстары едәуір жеңілдейді. Осылайша, мұғалім өзінің уақыты мен энергиясын үнемдейді әрі қазіргі заманауи оқушылардың талғамына сай болады. Оқушы­лар мұны сапалы қолданатыны рас, сол себепті мұғалім олардың шынайы білі­мін анықтай алмауы мүмкін. Сон­дықтан педагог заманауи тәсілдерді, жаңа әдістерді оқушылардан да жақсы меңгеріп алғаны абзал. Сондай-ақ  оқушыға жасанды ин­теллект орындай алмайтын, жеке­лей тапсырма беріп отырса, білім сапасын едәуір арттыра түсуге болады», – деді Т.Рысқұлов атындағы №24 ЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Курбанова Салима

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері тәжірибе алмасып, жасанды интеллектті ағылшын тілі сабағында қолданудағы тиімді тұстарын атап өтіп, ой бөлісті. Ғылыми әдебиеттерді талдау әдісі жасанды интеллект бағдарламаларын тілді оқытуда қолдануға арналған ғылыми мақалаларға, кітаптарға, журнал басылымдарына және басқа дереккөздерге шолуды қамтиды. Жасанды интеллект тақырыбына сәйкес әдебиеттерді талдау осы саладағы бар тенденцияларды, аталмыш бағдарламаларды қолдану кезінде туындайтын мәселелерді қамтуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект негізінде жасалған бағдарламалардың тиімділігін терең зерттеуді, жаңа технологиялар мен құралдарды әзірлеуді, сондай-ақ білім беруде жасанды интеллектті қолданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдауды талап етеді, – деді ұстаздар қауымы.

Жалпы осындай семинарларда өзекті әдебиеттерді шолу және жасанды интеллект бағдарламаларын қолдану мысалдарын талдау негізінде жасанды интеллект технологияларын білім беру тәжірибесіне біріктірудің маңыздылығын және осы салада одан әрі зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар бағдарламаларды және оқу процесінде тиімді пайдалану үшін ұсыныстар ұсынады және олардың қазіргі білім берудегі маңыздылығы көрсетіледі.

«Мектептен мектепке» жобасы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді

Кентау қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 23 қазан күні «Мектептен мектепке» жоба аясында М.Әуезов атындағы №22 мектеп гимназиясы Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейіне кәсіби қолдау көрсетті. Бұл іс-шараның мақсаты білім сапасын арттыруға қатысты жаңа тың идеялар мен жасанды интеллект тақырыбында тәжірибелерімен бөлісу.

Аталған іс-шараның жоспарына сәйкес М.Әуезов атындағы №22 мектеп гимназиясының ұстаздары шебер сынып сағаттарын көрсетті. Атап айтсақ ағылшын тілі пәні бірлестігінің ұстаздары Турисбекова С., Курманбекова А., Мирзаева С. «Роль краткосрочного планирования для повышения методического уровня учителя» тақырыбында шебер сынып өтті.

А. Шарипова, Д. Мамадалиева «Повышение мастерства учителя посредством творческих находок и приемов на уроке» тақырыбында өз тәжрибелерімен бөлісті. Сабақта қандай әдіс тәсілдер қолданатынын М. Калымбетова «Как использовать ИИ для изучения английского языка» атты тақырыппен таныстырып, оқушысы Тасполат Марғұлан бірлесіп ғылыми жобаларға дайындалу жолдарымен бөлісті.

Педагогтердің өзара тәжірибие алмасуы бірлік пен дамудың ең тиімді жолы. «Мектептен мектепке» жобасы оқушыларға білім беру бағытында да көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар, біліктілікті арттыруға өз септігін тигізеді.

Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту маңызды

Бала өмірге келген сәттен бастап, ата-анасы оның өмірдегі алғашқы тәрбиешілері болып табылады. Отбасындағы тәрбие баланың мінез-құлқының, дүниетанымының және болашақтағы өмірлік бағытының қалыптасуына тікелей әсер етеді.Осыған орай Кентау қаласының білім бөліміне қарасты Кентау оқушылар үйінде ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін талқылау, жауапкершілігін арттыру және ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Тақырыпты ашу мақсатында әлеуметтік педагог Г.Байдүйсенова «Баланың психологиялық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына ата-ананың ықпалы» тақырыбында баяндама оқып, ата-ананың балаға үлгі болуы, қарым-қатынас мәдениеті,эмоционалды қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.

Балалар жастайынан ата-аналарын бақылап, оларға еліктейді. Бұл модельдеу деп аталатын процесс бала дамуының негізі. Ата-ана бала назарының орталығы бола отырып, әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін, эмоцияларға әсер етуін және басқалармен қарым-қатынасты қалай орнату керегінің ақпарат көзі болады. Ата-аналардың қарым-қатынас стилі, сенім деңгейі және ынтымақтастыққа дайындығы бала үшін өзінің әлеуметтік қарым-қатынастырының құруында бағдар болады. Ата-анасының басқа адамдарға мейірімділік пен құрмет көрсеткенін көрген бала олардан үлгі алады. Бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, жанжалдарды шешуге және жалпы салауатты қарым-қатынастарды құруға көмектеседі, дейді мамандар.

 

« – Ата-аналар эмоцияналды интеллектті қалыптастырудағы алғашқы ұстаздар. Балалар әке-шешесін бақылай отырып, өз эмоцияларын тануға және оларды басқаруға үйренеді. Олардың күйзеліспен күресу, қуаныш немесе ашулануды білдіру тәсілдері баланың эмоциялық дамуына әсер етеді. Сезімдерді ашық талқылау немесе релаксация техникасын пайдалану сияқты эмоцияларды басқарудың салауатты тәсілдерін көрсеткенде, балалар да сондай дағдыларды қабылдайды. Керісінше, егер ата-ана өздерінің эмоцияларын басып тастаса немесе күйзеліске деструктивті түрде жауап берсе, бала да тиімсіз әдістерге үйренеді. Осы кезде «эмоция сұрыптау» ұғымын атап өткен жөн. Бұл ата-ананың балаға өз эмоцияларын тануға, түсінуге және реттеуге көмектесетін процесс. Ол баланың эмоциялық дамуында және оның өмірлік қиындықтарымен күресу қабілетін қалыптастыруында негізгі рөл атқарады. Ерте жаста бала өз эмоцияларын басқару дағдыларына әлі дайын емес және оларды өз бетінше атай алмайды. Ата-ана осы жолдағы пайда болатын бала уайымдарын тануға көмектесуі тиіс. Ата-ана баланың қоршаған әлемді қабылдауы мен өзара әрекеттесуіне әсер ететін бірінші және ең маңызды үлгі ретінде қызмет етеді.

Бала өз ата-анасының мінез-құлқын және эмоциялық реакциясын игере отырып, бақылау және еліктеу арқылы үйренеді. Сондықтан кез келген ата-анаға берілетін ең жақсы кеңес — өзгерістерді өзіңізден бастаңыз. Баланың өзін-өзі бағалауы көбінесе ата-анасының оны қалай бағалайтынына тәуелді. Өз кезегінде, ата-ананың өзін-өзі оң бағалауы және олардың өз қабілеттеріне деген сенімі балаға әсер етеді. Ата-ана баласын қолдап, жігерлендірсе, бұл оның өзінің қабілеттеріне деген сенімділігін және мақсаттарына жетуіне деген ұмтылысын дамытады. Керісінше, сын мен салыстыру өзін-өзі бағалауды төмендетіп, сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Біздің эмоционалдық және психологиялық дамуымызға ата-аналар мен отбасылық орта айтарлықтай әсер етеді, бірақ біздің барлық проблемаларымыз тек ата-анамен балалық қарым-қатынастан туындайды деп ойлау дұрыс емес.» – деді әлеуметтік педагог Г.Байдүйсенова

Мекеме медбикесі Ұ.Оралбай «Тазалық- денсаулық кепілі» атты тақырыпта баяндама жасаса, педагог-психолог А.Дарменбаева ата-аналармен түрлі тренингтер өткізіп, ситуациялық сұрақтар қойылып, ата-аналардың жауаптары тыңдалды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар балаларына қалай тәрбие беріп жатқандарын айтып, өзара тәжірибе алмасып, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі қаншалықты маңызды екені талқыланды.

«Жасанды интеллект мүмкіндіктері: соңғы трендтер мен инновациялар» тақырыбында оқыту семинары өтті

Кентау қаласы білім бөлімінің «Әдістемелік кабинеттің 10 күндігі» жобасы аясында химия, биология пәндері бойынша «Жасанды интеллект мүмкіндіктері: соңғы трендтер мен инновациялар» тақырыбындағы оқыту семинары Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектепте өтті. Іс-шараның мақсаты: Жас мамандарға жасанды интеллект түрлері мен тиімділігін таныстыру, кәсіби қолдау көрсету. Кентау қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Дариева өз баяндамасында Заманауи жасанды интеллект технологияларын сабақ барысында тиімді пайдалануды, әртүрлі пәндермен байланыстыру жолдарымен таныстырып өтті.

« – Жасанды интеллекттің дамуы қоғам үшін көптеген жақсы, оң мүмкіндіктер береді. Білім беру және оқыту жүйесінде бұл әр оқушының қажеттіліктеріне бейімделген жеке білім беру тәсілдері болуы мүмкін. Сондай-ақ, жасанды интеллект жаңа дағдылар мен тілдерді үйренуге көмектеседі. Министрлік мәлімдегендей «ИТ саласындағы жаңа кәсіптер атласы» аясында Қазақстанда жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары әзірленіп, табысты іске асырылуда. Көріп отырғанымыздай, жасанды интеллект адамға ақылға қонымды уақыт ішінде өңдеу қиын немесе мүмкін емес үлкен көлемдегі деректерді, күрделі есептеулерді және үлгілерді талдауды қажет ететін мәселелерді шеше алады. Бұл ғылымда, медицинада, инженерияда және басқа салаларда көптеп қолданылады екен. Мамандар мен ғалымдардың айтуынша жасанды интеллект өмір сүру сапасын жақсартуда және адамның негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара алады.

Сонымен қатар, бұл әдісті жаңа тапсырма форматтарын енгізуде, шәкірттердің білімін ғана емес, сонымен қатар олардың осы білімді іс жүзінде қолдану қабілетін бағалайтын, сондай-ақ оқытушыларға олардың жауаптарын бағалау процесін автоматтандыруға көмектесетін күрделі тест сұрақтарын жасау үшін қолдануға болады. Жалпы, жасанды интеллект және басқа технологиялар оқу процесін жеңілдету және емтиханға дайындалу үшін қолдануға болатын жүйе. Мысалы, білім алушылар күрделі ұғымдарды түсіну және білімді тереңдету үшін осының негізіндегі қолданбалар мен платформаларды пайдалана алады. Жасанды интеллекттің автоматты тексеру жүйелері тапсырмалар мен сынақтардың жауаптарын тексеруге, сондай-ақ олардың дайындығын жылдам бағалауға көмектеседі.Сондай-ақ, шет тілдеріндегі мәтіндерді аударуға және талдауға көмектеседі, бұл бір жағынан шет тілдерін үйрену және шет тіліндегі материалдармен жұмыс істеу үшін өте пайдалы.» – деді Кентау қалалық білім бөлімінің әдіскері Г.Дариева

Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі А.Бугенбаева теорияны практика жүзінде ұштастырып, семинарға келген жас мамандарға «Жасанды интеллект мүмкіндіктері: соңғы инновациялар» тақырыбында панельді тақта арқылы жасанды интеллект түрлерімен жұмыс жүргізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

«- Бұл әдісті жаңа тапсырма форматтарын енгізуде, білім алушылардың білімін ғана емес, сонымен қатар олардың осы білімді іс жүзінде қолдану қабілетін бағалайтын, сондай-ақ оқытушыларға студенттердің жауаптарын бағалау процесін автоматтандыруға көмектесетін күрделі тест сұрақтарын жасау үшін қолдануға болады. Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың оң және теріс жақтары бар. Қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін білім алушылар мен мұғалімдер адалдық нормалары мен этикалық стандарттарды сақтай отырып, жасанды интеллектті қолдануға саналы және жауапкершілікпен қарауы керек.Ғылыми жұмыс жазу терең талдауды, әдебиетті зерттеуді, жаңа немесе ерекше идеяларды анықтауды қажет етеді. Бұл әсіресе егер осы салада жеткілікті тәжірибесі болмаса білім алушылар үшін күрделі және уақытты қажет ететін процесс.Білім министрлігі мәлімдегендей оқушылардың ғылыми іс-әрекетке деген қызығушылығын ояту үшін оларға ғылыми зертханаларға кіру мүмкіндігі беріледі, семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізіледі, ғылыми жетекшілер мен тәлімгерлер бекітіледі.» – деді Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектептің биология пәні мұғалімі А.Бугенбаева

Жас мамандар семинар барысында жасанды интеллект қолданбаларын, геймификацияны, яғни оқуда ойынды кеңінен қолдану әдістерін жүзеге асыру барысын үйреніп, тиімділігіне көз жеткізді.

Кентау: «Цифрлық ұстаз» тақырыбында үстел өтті

Кентау қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, әдістемелік кабинеттің 10 күндігі аясында «Оқушыларды әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан қолдау және «цифрлық ұстаз» тақырыбында Кентау қаласы білім бөлімінің әлеуметтік сала әдіскері А. Шиналиев дөңгелек үстел өткізді.

Мемлекет және демеушілер тарапынан әлеуметтік осал топтан шыққан тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсету жылдан-жылға күшейіп жүйеленіп келеді. Биылғы жылдың жаңалығы әлеуметтік осал топтан шыққан тәрбиеленушілерге педагогикалық қолдау көрсетуі болып тұр. Ол «Цифрлық ұстаз » жобасы. Бұл жоба мемлекет басшысы Қ. Ж. Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауынан бастау алған болатын. Жоба мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан және үлгерімі төмен балаларға негізгі пәндер бойынша білімін толықтыруға мүмкіндік беру. Жобаны  министрлік балалардың білім сапасын арттыру үшін алгебра, геометрия, химия, Қазақстан тарихы сияқты негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін ұйымдастырып отыр. Негізгі пәндер бойынша білім алушылардың білімін арттыру, цифрлық білім беру ресурстарын, бейнесабақтарды, электронды оқулықтарды, білім беру платформаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету. Цифрландыру мәселелерінде мұғалімдерге қолдау көрсету. Үлгерімі төмен білім алушыларға психологиялық, академиялық және когнитивті қолдау көрсету. Академиялық қолдау көрсетуде 2 пән бойынша жеке оқыту, күрделі және көлемді тақырыптар бойынша кеңес беру.

Жоба аясында бөлімге қарасты мектептердің әлеуметтік педагогтері қосымша сабаққа қатысушылар тізімін анықтап ұсынып, әрі қарай бірлесе сүйемелдеу қажет. Осы бағытта Кентау қаласының мектептерінде бұйрық пен кесте бекітіліп жұмыстар атқарылуда. Жаңа басталған жоба болғандықтан іске асыруда біршама мәселелер туындауда. Дөңгелек үстел барысында да мәселелер анықталып, педагогтер өзара тәжірибие алмасты. М. Қашғари атындағы мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогі Ш. Рахманова слайд негізінде баяндама оқып, өз мектебіндегі «Цифрлық ұстаз » бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып, тәжірибиесімен бөлісті.

 

« – Мемлекет басшысының жолдауында білім беру жүйесінің үздік үрдісін сақтай отырып, әрдайым даму жолында болып, бәсекеге қабілетті, креативті әлеуетін дамытумен айналысатын, еңбекқор тұлға қалыптастыруда басты үміт ұстаздар қауымына жүктелетінін атап айтқан. Оқыту – бұл біздің профессиональды міндетіміз. Ал білім әр оқушының жадында түпкілікті  сақталып, өмірде қолдана білуі ол  ұстаздар тарапынан табысты оқыту болып табылады. Ол үшін оқушылардың қазіргі уақытта оқып жатқан пәндік салалар мен бұрын  қарастырылған тақырыптар арасында байланыс орнатуына үнемі ықпал етуіміз керек.Оқу бағдарламасы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда белгілі бір бөлім немесе бөлімше аясында қамтылуы тиіс тақырыптар мен оқу мақсаттары көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеуге негіз болып табылатыны анық. Оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін мұғалім мен оқушыларға ұсынылатын жаттығу түрлері, ресурс үлгілері көрсетіледі. Осы орайда ұстаздар ұсынымдық құжатқа сүйене отырып, жаттығу түрлерін бейімдеп, оқушының қызығушылығына, қажеттіліктері мен жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін өзінің балама түрдегі ресурстарын таңдай алуы маңызды. Содан кейін іске асатын жоспар – қысқа мерзімді жоспар болып табылады. Қысқа мерзімді жоспар құру барысында тиімді, табысты жақтарын оқу материалы мен сабақтағы іс – әрекетті жеке оқушының қажеттілігі мен жас ерекшелігін ескере  отырып, құрастыру қажет.  Сабақ барысында қазіргі заманауи оқыту әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, көптеген жаттығу түрлерін пайдалануға тырысқан жөн. Осы орайда, басты назарда ұстайтын жағдай қазіргі оқушылар бір тапсырманың төңірегінде ұзақ уақыт шоғырланып отырып қалмау керек. Себебі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселе, білім берудің сапасын жаңа стратегиялар мен инновациялық технологиялардың тиімді әдіс-тәсілдерін  кеңінен қолданбай цифрлық құрылғыларға бейімделген шәкірттердің білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Яңни, ХХІ ғасыр дағдысын меңгерген оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру – бүгінгі педагогтың басты мақсаты. Сол үшін де, бізге жаңа технологиялармен жәй ғана танысып қоймай, нақты педагогикалық жағдайларда қандай цифрлық құралдардың неғұрлым қамтамасыз ететінін түсіну өте маңызды. Осындай маңыздылыққа сүйене отырып, кез келген оқушыға барынша жайлы білім беру ортасын жасауымыз керек. Педагог жаңа технологияларды пайдалану арқылы өзінің терең білімділігі мен біліктілігін, шеберлігін шыңдайды. Заманауи білім берудің бағыттарының бірі – әлеуметтік желілерді білім беру ресурстары ретінде пайдалану және шеберлік сабақтар мен тренигтер өткізу. Осы арқылы өз – өзімізді түзетіп,даналықтың жетелейміз.» – деді М. Қашғари атындағы мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогі Ш. Рахманова

Кентау қалалық білім бөлімінің әдіскері А. Шиналиев «Цифрлық ұстаз» жобасы мектептерде жүйелі өткізілуі қажет екендігін айтып, мектеп әкімшілігі мен жауапты педагогтердің жобаға терең назар аударуды қажет екенін айтып,қорытындылады.

Кентаулық әдіскер тиімді әдіспен іс-шара өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырған болатын.
Осыған байланысты «Балалар кітапханасы» бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімі жасақталып,оған қазақ әдебиеті тарихының барлық дәуірі мен кезеңін, жанрлық бағытын қамтитын 1770 шығарма енген еді. Оның 76%— отандық, 24%— әлем әдебиетінің таңдаулы еңбектері. Тиісінше осындай тағылымы мол бағдарламаны білім ордалары мен мектепке дейінгі мекемелерде жүзеге асырып, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру өте маңызды.

Осы бағытта, Кентау қалалық білім бөлімінің 2024 жылдың 21-31қазан аралығында “Әдістемелік кабинеттің-10 күндігі “жобасы, “Мектеп оқушыларын кітапханаға тарту жұмыстары” “Балалар кітапханасы” жобасы аясында кітапхана ісі бойынша әдіскер М.Ерназарова кітапханашылармен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара барысында оқушыларды кітап оқуға баулу, қызықтыру мақсатында әдіскер өз тарапынан тренингтер мен ақпараттық жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаның негізгі мақсаты: мектеп кітапханасын балалар әдебиетімен қамтамасыз ету. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында электронды кітап қорын толықтыру.

Айта кетейік, “Балалар кітапханасы” жобасы бойынша отандық шығармалар қатарына Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Тахауи Ахтанов, Шерхан Мұртаза, Бердібек Соқпақбаев сында қаламгерлердің шығармалары енген. Ал әлем әдебиетінің тізімінде Эрнест Хеменгуэй, Джек Лондон, Рабиндранат Тагор, Александр Островский, Вальтер Скот, Михаил Лермонтовтың еңбектері бар. Тізімді жасақтау үшін арнайы құрылған комиссия қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары, мектеп кітапханашылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін ескерген болатын. «Балалар кітапханасы» бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімін жасақтау үшін арнайы тәуелсіз қоғамдық комиссия құрамына ҚР ұлттық ғылыми академиясы, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкерлері, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мен ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының мамандары кірген болатын. Олар бірнеше кезең бойынша талқылаулар жүргізіп, барлық жанрлық бағыттарды қамтыды. Жасақталған тізімнің 40%-ы–көне классикалық әдебиет, 30% -ы «Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет», 24%-ы әлемдік әдебиеттің үздік үлгілерінен тұрады.

Ал, әдіскер М.Ерназарова ұйымдастырған дөңгелек үстел шарасында қала мектептерінің кітапханашылары 3 топқа бөлінді. Топқа бөлудің өзін әдіскер қызықты етіп еңбек, білім, кітап тақырыбында қатысушыларға нақыл сөздер айтқызып, топқа бөлді. “Еңбек”, “Кітап” ,”Білім” болып аталған топтар алдарына берілген кітаптарды пайдаланып өз шығармашылықтарын ортаға салып бір біріне өлең шумақтарын арнап, әдемі тілектер мен бастаса, екінші кезеңде арнайы таңдалған роман, ертегі,әңгімелер желісімен кітапқа талдау жасады. Бұл да кітапханашының жұмысын жандандыру мақсатында өте пайда беретін әдіс. Шара барысында “Тәтті тосап”деген әдіспен топтарды шығарманың бір мәтіні арқылы атын,авторын анықтау арқылы сайысқа түсірді. Біріне роман келсе енді бір топқа повесть және ертегі жасырылған мәтіндерді анықтап, кітапханашылар өздерінің шығармашылықтарын бағалады.

Айта кетейік, «Балалар кітапханасы» бағдарламасының басты мақсаты мектеп кітапханаларын маңызды балалар әдебиетімен қамтамасыз ету. Балалар әдебиеті тізімін қалыптастыру және ұрпақтың кітапқа құштарлығын ояту. Қазіргі кезде еліміздің мектептеріндегі балалар әдеибетінің қоры 40 миллионға жуықтайды екен. Ал, электрондық мемлекеттік кітапхана қорының каталогына 150 жазушының еңбегі енгізіліпті.

КЕНТАУДА КІТАПХАНАШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Елімізде 24 қазан – кітапханашылар күні. Осыған орай, Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде мерекелік кеш өтті. Мерекелік жиында қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова кітапхана ұжымын мерекемен құттықтады. Осы салада еңбегі орасан бірқатар кітапханашыларға Алғыс хаттар табыс етті. Іс-шараға ҚР Білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ардагер ұстаз, Кентау қаласының Құрметті азаматы Бибі Дәрібаева мен ақын, «Қала жанашыры» төсбелгісінің иегері Мұхит Мақажанов қатысып, кітапхана қызметкерлеріне деген жүрек жарды ізгі ниеттерін білдірді.

Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ. Кітапхана- ғасырлар бойы келе жатқан білімділіктің киелі ордасы. Кітапханашылар – ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.

« – Кітапхана дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, біліктіліктің киелі ордасы. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. «Жақсы кітап – жан азығы». Кітап адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі, кез-келген елдің мәдениетінің ең бастысы – кітапхана. Кітапхана-ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байтақ пен біліктіліктің киелі ордасы. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеуге, олардың қызығушылығын арттыруға, талғамына, таңдауына, қажетті тақырыптарын тауып беруге, әдебиеттерді іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген көзқарасын ояту кітапханашының тікелей міндеті. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Олар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда.» – деді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова

Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана болып табылатынын бүгінде білмейтін адам кемде-кем. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз.

« – Қасиетті қазынамызды көздің қарашы­ғындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуы­на өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда. Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, парасатты кітапханашылардың орны өзінше бір бөлек. Кітапхана саласы ақпарат және білім орталығы ретінде, ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте, жоғары ақпаратты біліммен қаруланған, өз ісінің шебері, әмбебап маман болу керек. Кітапханашының жұмысы жаңалыққа құмарлықтан басталады. Сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы мен үшін өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді«Мен кітапхананы ақыл – білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын», – деп жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев айтқандай, біздің кітапханашылар кітапханаға кірген әрбір оқырманға білім шуағымен қатар, көңіл шуағын да шашып, мейірімді жүздерімен өздеріне бірден баурап алады. Кітапханадағы көпшілік жұмыстардан қызметкер ретінде маған ұнайтыны, жастардың қарым-қатынасын қалыптастыратын, олардың пікір алмасу арқылы ойларын өрістететін ортаның-әдеби клубтардың жұмысы. Жас ұрпақтың бетін кітапқа бұрып, ықыласын кітапханаға аударатын іс-шаралардың жастарға берері мол, сондай-ақ инабатты да, еңбекқор, табиғатынан зиялы, кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын кітапханашылардың игілікті істері қоғамға әрдайым қажет.» – дейді беру ісінің үздігі, ұлағатты ардагер ұстаз Бибі Дәрібаева

Айта кетейік, жалпы Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 10 кітапхана бар.10 кітапхананың 4-і ауылдық ,6 кітапхана қала аумағында қызмет етеді. Кітапханаларда жалпы 284420 дана кітап қоры бар. Соңғы уақытта кітап оқитын оқырман саны артқан. Бүгінгі күнге дейін 152124 кітап оқуға берілген.

Түркістан: Ш.Ниязов атындағы мектеп ұжымы 90 жылдық мерейтойын тойлады

Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты Шарап Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектебі 1934 жылы ашылған. Биылғы жылы аталған мектепке 90 жыл толып отыр. Осыған орай, қалалық білім бөлімі және мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Мектебім – мерейім» тақырыбында мерекелік салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға ардагер ұстаздар мен ата-аналар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мерейлі күнде мектеп ұжымына құттықтау тілегін жеткізген Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Кәсіподақ кеңесінің төрайымы Гүлжан Әсілбаева, аталған білім ошағында басшылық жасаған Ергеш Төлегенұлы бастаған директорлар сөз сөйлеп, мектеп ұжымына табыс тіледі. Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Маржан Қорғанбекова облыс орталығының бас ұстазы Оразкүл Шайхықызының арнайы алғыс хаты мен сый-сияпатын ұсынды.

Білім ұясында 916 оқушы білім алады. Оларға 120 мұғалім сабақ беруде. Мектепте 2 оқу ғимараты бар. Алғашқы 1 қабатты ғимарат 1972 жылы, 3 қабатты типтік мектеп 2013 жылы салынып, пайдалануға берілген.

2023-2024 оқу жылында мектепте көптеген өзгерістер орын алды. Атап айтсақ, жаңа футбол, волейбол, баскетбол және жүгіру алаңдары салынды. Үлкен спорт зал ағымдағы жөндеуден өтті. Мектептің сыртқы қоршауы толық нормаға сай жасалынды. Мектеп ғимаратының қасбеті жаңаланды. Мектептің негізгі кіреберісіне заманауи бақылау пункті салынды. Қазіргі таңда кіші спортзал ағымдағы жөндеуден өтуде.

Мектеп директоры Айдар Болатұлының айтуынша, биылғы оқу жылында білім ошағында 9-сыныптың 9 оқушысы «Үздік аттестатқа», 11-сыныптардың 9-оқушысы «Алтын белгіге», 2 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр.
Мектеп мұғалімдерінің ішінде 28 мұғалім «Педагог-зерттеуші», 37 мұғалім «Педагог-сарапшы», 36 мұғалім «Педагог-модератор» санатына ие болса, 11 мұғалім магистр дәрежесіне ие. Мерекелік шарада мектеп оқушылары әннен шашу шашып, би билеп конақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.