Дәрігерлер оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану бойынша кеңестерін айтты

Оқушылар арасында “Салауатты өмір салтын насихаттау” мақсатында Жетісай аудандық орталық ауруханасының генеколог дәрігері Н.Алиеваның қатысуымен семинар кеңес ұйымдастырылып, өткізілді. Нақтырақ айтсақ, Жетісай қаласы «Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 бен 10- сынып ұлдарына жасөспірімдердің жыныстық даму кезіндегі гигиенасы мен жыныстық жолдармен таралатын жұқпалы аурулар туралы және жас ерекшелігіне сай жыныстық тәрбие, сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндірілді.

Семинар кеңесте жасөспірімдердің жыныстық даму кезіндегі гигиенасы мен жыныстық жолдармен таралатын жұқпалы аурулар бойынша дәрігері Н.Алиева дәрігерлік ақыл — кеңестерін берді. Жасөспірім ұлдар арасындағы жыныстық жұқпалы аурулардың кең таралғанын және оның өміріне болашақта үлкен зардабы бар екенін түсіндірді.

« — Жыныстық жетілу — бұл әр адамның өміріндегі маңызды кезең, ол балалық шақтан ересек өмірге ауысуды білдіреді. Бұл процесс жасөспірімнің денесінің дамуына және психикалық жағдайына әсер ететін көптеген физикалық және эмоционалдық өзгерістермен бірге жүреді. Жыныстық жетілу немесе пубертатты кезең — бұл организмнің дамуындағы жыныстық жетілудің қалыптасуы болатын кезең. Бұл процесс эндокриндік жүйеде айтарлықтай өзгерістерден басталады, нәтижесінде белгілі бір гормондар түзіледі. Гормондар— ағзаның әртүрлі жүйелерінің қызметін реттейтін химиялық заттар. Жыныстық жетілуге қатысатын негізгі гормондар— ұлдардағы тестостерон және қыздардағы эстроген. Олардың белсенді жұмысы көптеген органдарда бірден жаңа процестерді бастайды. Әр баланың жыныстық жетілуінің басталуы генетика, тамақтану, физикалық белсенділік деңгейі және жалпы денсаулық сияқты көптеген факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Орташа алғанда, қыздарда жыныстық жетілу 8 жастан 13 жасқа дейін, ал ұлдарда 9 жастан 14 жасқа дейін басталады. Жыныстық жетілу — бұл әр жасөспірімнің өміріндегі күрделі және маңызды кезең. Бұл процесті түсіну ата-аналар мен жасөспірімдерге осы кезеңде болатын физикалық және эмоционалдық өзгерістерге жақсы дайындалуға көмектеседі. Ересектердің қолдауы мен түсінігі жасөспірімнің денсаулығының үйлесімді дамуы мен нығаюына ықпал ете отырып, жыныстық жетілудің сәтті өтуінде шешуші рөл атқарады.» — деді Жетісай аудандық орталық ауруханасының генеколог дәрігері Н.Алиева

Мамандардың айтуынша жұқпалы процестердің қаупі айтарлықтай жоғары.Көп жағдайда жыныстық жолмен берілетін инфекциялар ерлерде де, әйелдерде де жамбас мүшелерінің созылмалы қабыну ауруларын тудырады, атап айтқанда, олар жатырдан тыс жүктілікке, түсік тастауға, жаңа туған нәрестелерде туа біткен инфекцияларға, өлі туу мен бедеулікке, әйелдерде жатыр мойны обырына және ерлерде жыныс мүшесінің қатерлі ісігіне әкеледі.

«- Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жыныстық жолмен берілетін ауруларды тудырады – олардың көпшілігі өмір бойы денеңізде қалады. Олар «жыныстық жолмен берілетін» деп аталады, өйткені олар жыныстық қатынас кезінде адамнан адамға жұғады. Жыныстық жолмен берілетін аурулар венерологиялық инфекциялардан, несеп-жыныс мүшелерінің инфекциясынан, сондай-ақ АИТВ инфекциясы мен В және С вирустық гепатиттерінен тұратын инфекциялық аурулардың үлкен тобы. Кез келген жыныстық қатынас жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтыру қаупімен байланысты. Көптеген адамдар жыныс аймағында қабынудың айқын белгілері жоқ адамнан жұқтыру мүмкін емес деп санайды. Алайда көптеген инфекциялар симптомсыз жүреді, сондықтан белгілердің болмауы адамның денсаулығына сенуге себеп болмауы керек. Сонымен қатар, жыныстық инфекциялар тек жыныстық жолмен ғана емес, сонымен қатар қан арқылы да беріледі. Мысалы АИТВ инфекциясы, мерез, В және С вирустық гепатиттері – қан құю кезінде, стерильді емес инелерді қолдану кезінде жұғуы ықтимал. Кейбір сатыларда мерез тіпті сүйісу арқылы да берілуі мүмкін. Егер қорғалмаған жыныстық қатынас болса және содан кейін Жыныстық жолмен берілетін аурулардың кейбір белгілері пайда болса, дәрігерге мүмкіндігінше тезірек бару өте маңызды.» — деді генеколог дәрігер Н.Алиева

Ал, Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбаев оқушыларға қазақ ұлтының әдеп — ғұрып, салт — дәстүрімен ұштастыра отырып, салауатты өмірді ұстану туралы кеңестер берді. Сондай-ақ, мектеп медбикесі Р.Муфтуллаева МӘМС — дың оқушыларға қатысты тұстарын түсіндіріп өтті.

« — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз бұл ерікті медициналық сақтандыру емес, міндетті екенін айта кеткен жөн. Сондықтан «МӘМС туралы» заңның талаптарына сәйкес барлық азаматтар жүйеге жарналар төлеуге міндетті. Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаттары үшін жарналар жүргізуге міндеттеме алады. Олардың қатарында — 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналар, күндізгі оқу бөлімінің студенттері, жұмыс істемейтін азаматтар мен оралмандар, бас бостандығынан айыру орындарындағы қамаудағылар бар. Егер жеңілдікті санаттағы азаматтарда сақтандыру мәртебесі анықталмаса, олар Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, жеңілдікті санаттар тізіміне енгізу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Жұмыссыздарға Жұмыспен қамту орталығында ресми түрде тіркелу қажет. Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар құжаттарын қалпына келтіріп, жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Студенттер тізімге енгізу үшін ЖОО басшылығына жүгінулері қажет. Міне осындай толығырақ ақпаратты Медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығының 1406 нөмірі бойынша білуге болады.» — дейді мектеп медбикесі Р.Муфтуллаева

Айта кетейік семинар кеңесте “Жасөспірімдердің жыныстық дамуы кезіндегі психикасы” туралы да педагог — психолог Г.Божаева тренинг жасай отырып, жасөспірімдерге кеңестер берді.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*