Сауран: Насихат шаралары жастарды жұмысқа тартуға септігін тигізуде

Сауран ауданында мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттары мен қолайлы мүмкіндіктерін насихаттау шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл өз кезегінде аудандағы жұмыссыз азаматтардың еңбек қамтылуына және NEET санатындағы жастарды жұмысқа тартуға мүмкіндік беруде. Қазіргі таңда жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта қоғамда өз орнымды тауып, еңбек етемін, жаңадан кәсіп бастаймын деген азаматтар үшін қолдаулар мен мүмкіндіктердің қатары жеткілікті. Сауран ауданының Жаңа Иқан ауылдық округінің жастарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратқан “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Ш.Абдуханов жастарға мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тетіктерін айтып берді.

«Мысалы, 2,5% пайыздық несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Қатысушыларды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырады. Бұл жерде қалаларға арналған 2,5% пайыздық несиеге кепілдік қойылады. Кепілдік қою – пайыздық несиенің басты талаптарының бірі. Кепілге жылжымайтын мүліктен басқа меншіктегі жер немесе арнаулы техниканы қоюға болады. Несие 5 миллионға дейін беріледі. Бұл жерде қатысушының несие тарихы қаралады. Сондай-ақ, несие 5 жылға, яғни 60 айға беріледі. Ал жеңілдік, несие каникулын алу үшін микрокредит алған адам агент атына өтініш жазуы керек болады. 2,5% мөлшерлеме жеңілдікті кезеңге есептеледі, бірақ оны өтеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Міне, бүгінде жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында осындай мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатыр.» — деді Сауран аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Ш.Абдуханов

Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктерді Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Жолдасбекова да насихаттады. Ораңғай ауылдық округінің жастарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратқан маман кездесуде мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасып, кәсіп бастап, тіпті ауыл әлеуеттін арттыруға үлес қосуға болатынын атап өтті.

“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Жолдасбекова жастар мен тұрғындарға «Серпін-2050», «Жастар практикасы», «Бастау бизнес», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жіне «2,5% несие алу» бағдарламаларын түсіндірді. ‎

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recipe Rating




Рейтинг*