Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты — дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

Дәл осы мақсатта, Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы » ҚР ДСМ -нің 2022 жылғы 17 ақпандағы N ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР ДСМ-нің м.а 2023 жылғы 4 сәуірдегі N 58 бұйрығы мектеп асханасындағы астан уланудың алдын алу мәселесі бойынша» аудандағы білім ордаларының асхана қызметкерлері арасында семинар өткізуде.

« — Жалпы мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынғануы тиіс. Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуы керек. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдардың сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отыруына назар аударыңыздар. Мектеп оқушыларын таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндетті. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылу тиіс. Дұрыс тамақтану бойынша, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану — әр адамның болашағы және ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы екенін ұмытпаған жөн.» — деді мамандар.

Расында дұрыс тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет. Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recipe Rating




Рейтинг*