Мектеп оқушыларымен «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сабақ өтті

Кентау қаласында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп гимназиясында «Оқуға құштар мектеп » жобасы мен «Бір тұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру аясында Біртұтас қазақ халқының асыл перзенті, көрнекті ақыны, жазушы, драматург және ірі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына -130 жыл толуына орай,  8 «А» сынып оқушылары мен мектеп кітапханашылары Р.Мадиханова мен А.Есіркеп «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» атты әдеби-сабақ ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты: ақынның сыршыл лирикасының табиғатын таныту, оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

«- Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі. Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын — жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Өмірге жұлдыз болып келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара адамдар, дарынды жандар аз — ақ. Бірақ қазақ әдебиеті поэзия әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда 20 — сыншы ғасырда кенже қалған емес. Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады. Қандай марғасқа, жаны жайсаң адамдар өмір сүрді сол кезеңде. Әр адамның өз келбеті, өз жан — дүниесі болады. Егер ақынға сезім мен сұлулықты, қосып берген жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады. Қазақтың маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын. Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген. Дәл сол сері Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп, талай дүниелер дүниеге келді. Соғыстың да ащы дәмін татып, бала оқытуды да меңгерген ірі ұстаз өмірінің соңғы кезіне дейін құдіретті ақындық өнердің жүректе жатқан шырағын сөндірген емес. Жаңалыққа толы қым — қуыт жиырмасыншы ғасыр өмір майданына, өмір жағалауына таңдаулыларды өзі шығарып тастап отырды. Жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын. Өзінің бар өнерін халық мақсатына, туған елінің жарқын болашағына арнап, жаңа заманның дауылпазы болды. Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек.» — деді мектеп кітапханашысы Р.Мадиханова

Іс-шараға қатысқан 8 сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Кентербаева мен бірге ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып қана қоймай , ақын әндерімен де танысып, өздері оқыған ақын өлеңдерінің мәні мен мағанасына, тарихына терең үңіліп ақын шығармашылығымен жақынырақ танысты. Сәкен Сейфуллин – қазақтың бір туар ұлы, қазақ әдебиетінің негізін салушыларының бірі. Өлмес әдеби, мәдени мұра қалдырған ақын осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, өлеңдері халқымен бірге жасай бермек. Мектептің кітап қорындағы Сәкен Сейфуллиннің 5 томдық жинағы,«Аққудың айырылуы», «Өнегілі өмір» және т. б кітаптары бар. Қазақ әдебиеті энциклопедиясында Сәкен Сейфуллиннің толық өмір баяны баяндалған.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*