18 мамыр күні Тегеран қаласында «Ғылым ордасы» РМК делегациясының Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы және архиві басшылығымен ресми кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – ғылым, архив және кітапхана ісі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ құжаттық мұраны сақтау, қалпына келтіру және консервациялау бағыттары бойынша кәсіби тәжірибе алмасу арқылы екі ел арасындағы әріптестікті нығайту.
Жиналыс барысында қазақстандық делегация Иран архиві мен кітапханасының инфрақұрылымымен, атап айтқанда құжаттарды сақтау жүйесімен, қалпына келтіру және консервациялау бөлімдерінің жұмысымен, сондай-ақ цифрландырудың заманауи әдістерімен жан-жақты танысты.
Кездесу нәтижесінде «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы және архиві басшысы Голямреза Амирхани (Gholamreza Amirkhani) ғылым, архив және кітапхана ісі салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды.
Ұлар Мұқажанов бұл келісімді екі ел арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды дамыту жолындағы маңызды кезең ретінде атап өтті. «Иранмен архив және кітапхана ісі саласындағы әріптестік – бұл тек кәсіби тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар құжаттық мұраны сақтау, қалпына келтіру және цифрландыру бағыттарындағы озық тәжірибемен бөлісудің тиімді алаңы. Мұндай ынтымақтастық екіжақты мәдени-ғылыми қарым-қатынасты жаңа сапалық деңгейге көтереді», – деді «Ғылым ордасы» РМК бас директоры.
Меморандум Қазақстан мен Иран арасындағы архив және кітапхана ісіндегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық серіктестікті кеңейтудің маңызды негізі болды. Ол екі елдің бірлескен ғылыми жобалары мен цифрландыру саласындағы зерттеулерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл келісім «Ғылым ордасының» халықаралық дамуына серпін беріп, Қазақстанның ғылыми және мәдени мұрасын әлемге кеңінен танытуға жол ашады.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы дәнді және майлы дақылдарды форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруды жалғастыруда.
16 мамырдағы жағдай бойынша ұлттық оператор 169 мың тонна астықты күзгі тапсыру үшін алдын ала төлем ретінде фермерлердің шотына 6,4 млрд теңге аударды. Оның 4,7 млрд теңгесі бидай өндірушілерге, 549 млн теңгесі майлы зығыр өсіруге маманданған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, 367,7 млн теңгесі арпа жеткізушілеріне бағытталды. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысына тиесілі күнбағыс өндірушілеріне басым бөлігі 688,9 млн теңге жіберілді.
Қаржыландырудың ең көп көлемі дәстүрлі түрде негізгі астықты аймақтарға келеді. Қазірдің өзінде қаржылай қолдауды Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының 98 ауыл шаруашылығы кәсіпорны алды.
2025 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша майлы дақылдарды өндірушілерді несиелендіру көлемі ұлғайтылады.
Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталғаннан бері Азық-түлік келісімшарт корпорациясына жалпы сомасы 19 млрд теңгеге жүгінген. Форвардтық келісімшарттар бойынша шаруалар орақ науқаны аяқталғаннан кейін мемлекеттік оператордың ресурстарына 368 мың тонна астық жеткізуді жоспарлап отыр.
Форвардтық қаржыландыру бағдарламасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді егіс жұмыстарына қолжетімді қаражатпен қамтамасыз етуге бағытталған. Алған авансты шаруалар тұқым, тыңайтқыш, қосалқы бөлшектер және басқа да ресурстарды сатып алуға жұмсайды. Бұл ретте мемлекет қаржыландыруды ғана емес, сонымен қатар Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы астық өнімдерін әділ бағамен өткізуге де кепілдік береді. Осылайша, форвардтық тетік фермерлерге қаржылық жүктемені азайтуға және маркетингтік тәуекелдерді барынша азайтуға көмектеседі.
Түркістан облысы, Созақ ауданында «Қазыналы Созақ – ұлт руханиятының негізі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Тағылымды жиында еліміздің тарихында өзіндік орны бар өңір – Созақтың өткен тарихы мен бүгінгі келбеті, мәдениеті және тарихи орындарының ғылыми негізі кеңінен талқыланды.
Басқосуға отандық және шетелдік белгілі тарихшылар, археологтар, өнертанушылар мен қоғам қайраткерлері қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Өзбекстан, Қырғызстан секілді бауырлас елдердің ғалымдары да рухани байланыстың тамырын сөз етті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі модераторлық етті.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында «Біз болашаққа сеніммен қадам басу үшін төл тарихымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, мәдени мұрамызды сақтап, оны дәріптеуіміз қажет» деген сөздеріне ерекше тоқталып, Созақтың көне және орта ғасырлардағы, Қазақ хандығы тұсындағы тарихы жайында ғалымдардың ой-тұжырымдарына негізделу керектігін атап өтті. Сондай-ақ Созақтың сан ғасырлық тарихы бар, қазақ халқының тағдырында ерекше орын алатын қасиетті мекен екенін айтып, басқосудың ғылыми тұрғыдағы мән-маңызына тоқталды.
Ал аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков алғаш рет өткен ғылыми-практикалық конференцияның аудан үшін үлкен мәртебе екенін жеткізіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Конференция қарарымен қатысушыларды Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың археологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Көпжасар Жетібаев таныстырды.
Маңызды шарада сондай-ақ, Созақтың киелі орындарын Түркістан облысының туризм картасына енгізу, инфрақұрылымын қалыптастыру, Созақтағы мәдени мұраларды ЮНЕСКО тізіміне енгізу жөніндегі ұсыныстар айтылды.
«Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі» МҚКҚ – қазіргі жаһандану кезеңіндегі өзгерістерге сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті маман даярлауда өзіндік орны мен шежірелі тарихы бар білім ордасы.
Оңтүстік өңірдегі ағартушылық бағытта мамандар даярлайтын, ілгері білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек нарығы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген қоғамда жұмыс жасай алатын, заман талабын ескере отырып өркендеп келе жатқан білім мекемесі.
Тағылымды тарихы 1934 жылдан басталатын, заманымен үндескен қарашаңырақтан елімізге әйгілі академик, профессорлар, белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы азаматтар шығып, «Білім керуенінің» көшін бастады.
Колледждің материалдық-техникалық базасы заманауи технологиялық жүйемен қамтамасыз етілген, білім алушыларға қолайлы жағдай жасалған.
Білім ордасында гуманитарлық және техникалық бағытта төмендегі мамандықтар оқытылады: “Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі”, “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту”, “Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі”, “Дене тәрбиесі және спорт”, “Туризм”, “Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)”, “Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)”, “Зергерлік іс”, “Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша)”, “Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу”, «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану».
Ахан Асанов басқарып отырған білім ордасының ұжымы «Инновациялық дамудың қажеттілігі мен міндеттеріне сай, өңірдің өзгерген, әлеуметтік-экономикалық жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кәсіби машықтанған, бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлау» миссиясы бойынша жұмыс жасайды.
Колледждің стратегиялық жоспарлау міндеттерін жүзеге асыру нәтижесі – жоғары сападағы оқытушыларды даярлауда интеллект пен мәдениет рухын, студент өмірінің бірегей көрінісін сақтау.
Колледж ИДЖ – негізінде Дүниежүзілік банк жариялаған конкурста «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша грант иеленген. Өңірдегі және аймақтағы сұраныстарға жауап беретін, жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына үлес қоса алатын педагог кадрлар мен білім алушылар республика, облыс деңгейінде жоғары биіктерден көрінуде. Білім ордасы облыс деңгейінде «Сән технологиясы» бойынша құзыреттілік орталығы болып саналады. Дәстүрлі өткізілетін «Үздік шебер» байқауында арнайы пән оқытушылары жыл сайын жүлделі І орыннан көрінуде.
Колледж студенттері «WorldSkills Turkestan», республикалық «WorldSkills Kazakstan» чемпионаттарында, түрлі зияткерлік сайыстар мен олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, колледж мерейін үстем етуде.
Колледж спортшылары түрлі облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың, әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Техникалық және кәсіптік білім саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында серпінді жұмыстар атқарылуда.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында білім алушыларға қолайлы жағдайлар жасау көзделуде. Шәкіртақының, жан басына шаққандағы қаржының ұлғаюы, жастардың бос жүрмеуін көздеу, белгілі бір маман иесі болып шығуына ықпал ету, еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілету – басты мақсат.
«Жас маман» жобасы аясында колледжіміз «IT» және «Қол өнер» мамандықтары бойынша республикалық деңгейдегі құзыреттілік орталықтар болып саналады. Аталған жоба аясында «3 D модельдеу және протиптеу», «Кибернетика, робототехника», «Бағдарламалық инженерия және Biq Data талдау» сияқты бірнеше кабинет-зертханалар ашылды.
Дуальды оқыту жүйесі арқылы білім алушыларымыз өңірдегі озық мектептер мен балабақшаларда, өнеркәсіп орындарында тәжірибелерін шыңдауда.
Педагог кадрларымыз білім сапасын арттыру мақсатында ғылым мен техниканың озық үлгісі болған мемлекеттердің тәжірибесін үйреніп, біліктіліктерін арттыруда. Түркия, Сингапур, Малайзия, Франция, Германия, Белоруссия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдердің оқу үдерісіндегі жаңашылдықтарды үйреніп, тәжірибе алмасуда.
Білім ордасы – талантты да талапты жастардың өзіндік айқындамасы бар, нағыз азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңіріп келе жатқан оқу орны.
Құрметті 9 және 11 сынып мектеп бітіруші түлектер және ата-аналар!
Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі сіздерді 2025-2026 оқу жылына білім алуға шақырады. Шалғай қалалар мен аудандардан келетін білім алушылар жатақханамен қамтамасыз етіледі.
Құрметті талапкер!
Бәсекеге қабілетті, өз болашағына нық сеніммен қарайтын маман боламын десеңіз, таңдауыңыз бізде болсын!
Қазақ зиялысы Жүсіпбек сөзімен айтсақ, «Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң».
Біздің мақсатымыз – жастарды білім алуға шақыру, саналы білім, сапалы тәрбие беру, елдің жарқын болашағы жолында үздік еңбек ететін мамандарды дайындау.
Мира СЕЙЛБЕКОВА,
«Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі» МҚКҚ әдіскері.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында: «Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеуге де айрықша назар аударған жөн. Бұл мәселе бойынша ең әуелі өз еліміздің және шетелдің ғалымдарын шақырып, арнайы симпозиум өткізу қажет»,- деген болатын.
Осыған орай, киелі Түркістанда «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиум өтті.
СимпозиумғаМемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова және еліміз бен Әзербайжан, Германия, Үндістан, Иран, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен келген жүзге жуық белгілі ғалымдар қатысты.
Өз кезегінде, Ерлан Қарин Мемлекет басшысының симпозиумға қатысушыларға арналған құттықтау хатын оқып беріп, симпозиумның Ясауи мұраларын терең зерттеуге және насихаттауға зор үлес қосатынын атап өтті.
Ия, расында бұл жиынның маңыздылығы өте ерекше. Көпшілік әсер алған симпозиумда XII ғасырдағы ұлы ойшыл, түркі сопылық мектебінің негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи мұрасыныңтүрлі қырлары қамтылған ғылыми баяндамалар жасалып, қызықты пікірлер айтылды. Соның бірі,ұлт әдебиетінің ұлы классигі Абайдың Қожа Ахмет Ясауи ілімін оқығандығы және Абайдың шығармаларындағы көзқарасы, идеялық мазмұны Ясауи ілімімен үндесетіндігі айтылды.
Жалпы, Қожа Ахмет Ясауи ілімі –бірлікке, жеке адам мен қоғамды тұтастыққа, жалпы жаратылыстың гармониясы мен діндер арасындағы төзімділікке бағытталған. Данышпан бабамыздың мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік көзқарастары бүгінгі біз өмір сүріп жатқан қоғамға берері мол. Әсіресе жастарды имандылық пен ізгілікке, адалдық пен тазалыққа, отансүйгіштікке, төзімділікке шақыруда рөлі зор.
Ахмет Ясауи даналығы мың жылдар бойына ұрпақтан-ұрпаққа мұра. Оның «Хикметтер жинағы», «Диуани хикмет», «Пақырнама және тағы да басқа еңбектерінің жүздеген елдің тілдеріне аударылуы – оның маңыздылығын көрсетеді.
Сондықтан, Ясауи жолын, оның ислам мәдениеті мен өркениетіне қосқан үлесін тануда осындай халықаралық шаралардың өткізілуі өте құптарлық іс.
Өйткені, Ясауи мұрасының ой толғамдарында көрсетілген адамдардың ғылым мен білімді меңгеруі, қоғам болып дамуы туралы өсиеті осы заманның ырғағына орамдас жазылғандай.
Ғұлама Ясауидің нақыл сөздерін оқып қараған әрбір оқырман бұл еңбектердің ешқашан мағынасын жоғалтпайтын, әлі талай ғасыр адамзаттың рухани қазынасы болатын дүние екендігіне көз жеткізеді деп ойлаймын.
Қазақстан ТЖМ қызметкерлері өртке қарсы және құтқару техникасы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Леондинг қаласындағы Rosenbauer компаниясының өндірістік алаңында болды.
Жергілікті жерде мамандар заманауи өрт сөндіру машиналары мен экипировкалардың қалай жасалатынын, сызбалар мен материалдарды таңдаудан бастап түпкілікті құрастыруға дейін егжей-тегжейлі қарастырды. Электромобильдердің белсенді дамуын және құтқарушылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды ескере отырып әзірленген технологияларға ерекше назар аударылды.
Қазақстандық делегация өрт дулығалары мен жауынгерлік киімдер өндірісінің қалай ұйымдастырылғанын көрді, онда әр бөлшек жоғары тәуекел жағдайында сенімді қорғаныш пен жайлылық үшін ойластырылған.
Мұндай тәжірибе озық шешімдерді қабылдауға ғана емес, елдегі азаматтық қорғаудың техникалық базасын нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты да құруға, сондай-ақ өндірушілерге шығарылатын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (бұдан әрі – БҰӨО) жұмыс істейді, оның 57-сі қалаларда және 63-і ауылдарда орналасқан. 2024 жылы орталықтардың қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттерден бөлінген жалпы қаражат көлемі 5,9 млрд теңгені құрады. Биыл бұл мақсатқа 6,7 млрд теңге қарастырылған.
2017 жылдан бастап Қазақстан ресми түрде халқы қартайып жатқан елдердің қатарына кірді. Бүгінде 65 жастан асқан адамдар халықтың 9,2%-ын құрайды – бұл шамамен 1,87 миллион адам. Салыстырар болсақ, 2020 жылы бұл көрсеткіш 6,8% болған.
Қарттарымызға қамқорлық көрсету, белсенді және мәнді өмір сүру үшін жағдай жасау – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сол себепті 2020 жылы республикада алғашқы белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. 2021 жылы аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспары қабылданды. Оның аясында заңнамаға өзгерістер енгізіліп, ведомствоаралық комиссия құрылды және белсенді ұзақ өмір сүру индексі есептелді.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша үш бағытта жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс. БҰӨО-ның қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыруға (йога, скандинавиялық жүріс, цифрлық сауаттылықты арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.), егде жастағы адамдардың еркіндігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғамның өміріне қатысуға бағытталған.
Орталықтар жұмысын бастағалы бері 20 мыңнан астам іс-шара өткізілді, 3,8 мыңнан астам қызмет көрсетілді – олардың қатарында медициналық, психологиялық, мәдени және білім беру қызметтері бар. Мұның бәрі егде жастағы адамдарға белсенді болуға, денсаулық пен көңіл-күйді жақсартуға көмектеседі.
Нәтижелері де көңіл қуантады – БҰӨО қызмет алушылары халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы, «Алматы әжелері» ұжымы Италиядағы сән апталығында Қазақстанның атынан қатысып, Түркия мен Қырғызстандағы этнофестивальдерде жеңіске жетті.
Сегодня в стране работает 120 центров активного долголетия (далее – ЦАД), из них 57 в городах и 63 – в сёлах. Общая сумма средств, выделенных из местных бюджетов на функционирование центров, на 2024 год составила 5,9 млрд тенге. В текущем году на эти цели предусмотрено 6,7 млрд тенге.
С 2017 года Казахстан официально вошёл в список стран со стареющим населением. Сегодня люди старше 65 лет составляют 9,2% населения – это около 1,87 млн человек. Для сравнения, в 2020 году этот показатель был 6,8%.
Забота о старшем поколении, создание условий для активной и насыщенной жизни – один из приоритетов социальной государственной политики. Поэтому в 2020 году в республике были открыты первые центры активного долголетия. В 2021 году был принят План мероприятий по улучшению положения граждан старшего поколения до 2025 года «Активное долголетие», в рамках которого внесены изменения в законодательство, создана межведомственная комиссия, а также рассчитан индекс активного долголетия.
Центры активного долголетия работают по принципу «одного окна» по трем направлениям: активное долголетие, культура здоровья и связь с общественностью. Деятельность ЦАД направлена на улучшение качества жизни пожилых людей, стимулирование продуктивного и активного долголетия, в т.ч. организацию системного досуга (йога, скандинавская ходьба, повышение цифровой грамотности, мотивационные и предпринимательские курсы, курсы английского языка и т.д.), обеспечение людям пожилого возраста независимости, участия в жизни казахстанского общества.
С начала работы центров проведено более 20 тыс. мероприятий, оказано свыше 3,8 тыс. услуг – от медицинских и психологических до культурных и образовательных. Всё это помогает пожилым людям оставаться активными, улучшать здоровье и настроение.
Результаты впечатляют – получатели услуг ЦАД участвуют в международных конкурсах и завоёвывают призовые места. К примеру, коллектив «Алматы әжелері» представлял Казахстан на Неделе моды в Италии, а также победил на этнофестивалях в Турции и Кыргызстане.
Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес
маусым айында өтетін сессияда облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы басшысының есебі тыңдалады. Осыған байланысты облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтың өкімімен уақытша депутаттық комиссия құрылды. Уақытша комиссия аталған басқармаға қарасты екі мекемеде болып, тыныс-тіршілігімен танысты.
Мекемелердің жұмысымен танысуға облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Алмас Салимов, облыстық мәслихаттың депутаттары Қайрат Салыбек, Бахыт Басымбек, Инара Намазбаева, Талғат Садуов барды.
Түркістан облыстық жинақтау бекеті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін және әскери құрылымдарды жасақтауға Түркістан облысының барлық аудандарынан 18 – 27 аралығындағы жасөспірімдерді мерзімді әскери қызметке азаматтарды толықтырады.
Облыстық жинақтау бекетінің жаңа ғимараты барлық санитарлық және өрт қауіпсіздік нормаларға сәйкес жабдықталған, бір күнде 100 адамға дейін әскерге шақырылушыларды қабылдауға мүмкіндігі бар.
Аталған ғимаратта жатын орындар, психологиялық тест өткізуге арналған бөлме, Тәрбие және ақпараттық бөлме теледидармен қамтамсыз етілген.
Асхана бөлмесі барлық керек жарақтармен, медициналық комиссия құрамының бөлмелері, әскери бөлім өкілдеріне арнайы жабдықталған бөлмелер қарастырылған.
Ғимаратта интернет желісі толықтай қамтылған, темір жол станциясына әскерге шақырушыларды шығарып салу үшін қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген.
Әскерге шақырушыларды флюрографиялық тексеруден өткізу үшін жылжымалы рентген аппаратымен жабдықталған. 2024 жылы Қарулы Күштері мен әскери құрылымдарды жасақтауға 5000 адамға жуық әскерге шақырылушыға тапсырыс берілген.
Депуттарға мекемені аралау барысында бірқатар ұсыныстар айтылды. Аталған мәселелерді халық қалаулылары алдағы тұрақты комиссияда талқылап, сессияда қарайтын болады.
2025 жылдың мамыр айының 08-13 күндері Ақтөбе қаласында кикбокстан 2011-2012, 2013 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өткен болатын. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлеріндегі спорт мекемелерінен 300-ден астам, әр облыстың чемпиондары мен жүлдегерлері болған жас кикбоксерлары қатысты.
Еліміздің аламан бәйгесіне білікті басшы, самбодан спорт шебері Ордабаев Ғани Оңғарұлы басқарып отырған Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Абрамян Индира Түркістан облысы құрамасы сапында 60 кг салмақта өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, Индира 2025ж наурыз айының 12-15 күндері Түлкібас ауданы, Азаттық елді мекені «Азаттық» спорт кешенінде кикбокстан Түркістан облысының жасөспірімдер арасында чемпионатында, 60 кг салмақта жеңімпаз атанған болатын.
« – Өңірімізде кикбоксинг спортына қызығушылар саны артып келеді. Әсіресе балалардың қызығушылығы жоғары. Спортшыларымыздың жеткен жетістіктері де баршылық. Жалпы Кикбоксинг спорты баланың ойлау қабілетін шыңдауға көмектеседі. Жылдам қимыл-әрекет нәтижесінде дене бұлшықеттері қозғалып, түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Кішкентай жеткіншектердің өздері спорттың денсаулыққа пайдасын сезінуде. Жекпе-жекке деген құмарлық қазақтың қанында бар қасиет. Сондықтан өзін ғана емес, өзгені де қорғай алатын, шымыр, шыныққан, жас жеткіншектеріміздің қатары артса, ел намысын асқақтатар азаматтарымыз көбейері сөзсіз. Төлебилік спортшы қызымыз, шәкіртіміз Индира Абрамян өте еңбекқор, шымыр, шапсаң спортшы. Үмітімізді ақтап биік белестерді бағындырып келеді. Болашағынан күтеріміз көп, әлі әлемді бағындырып, еліміздің көк байрағын биікке көтереді деп сенемін. Кикбоксинг спорты дамып келеді. Осы жылы әлемдік спорт федерациялары тарапынан кикбоксингті олимпиадалық ойын санатына қосу туралы ұсыныс жолданды. Егер шешімін тапса, 2028 жылы кикбоксинг олимпиадалық спорт түрлерінің қатарына енгізіледі.Мен жастарды шапшаң қимылдауды қажет ететін спорт түрімен айналысып, оны кәсіби деңгейге көтеруге шақырамын. » – деді Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Рахымжан Тасболатов.
Облыста кикбоксинг спорты қарқынды дамып келеді. Кикбоксинг — қол мен көздің үйлесімділігі мен тепе-теңдігін жақсартатын, дененің күшін арттыратын спорт түрі. Каратэ, бокс сияқты жекпе-жек өнерінен ерекшелігі — жылдамдық пен дәлдікті қажет етеді. Кикбоксингтің бірнеше түрі бар, олардың әрқайсысының ережелері де әртүрлі. Мысалы, америкалық кикбоксингта қол мен аяқ арқылы қарсыласқа шабуыл жасалады. Осындай әдістерді жақсы меңгерген Индира Абрамянның мақсаты да чемпион болу.
« – Мен бұл спорт түрімен біраз жылдардан бері айналысып келемін. Облыстық, республикалық турнирлерде жеңімпаз атандым. Ендігі мақсатым — әлем чемпионатына жолдама алу. Кикбоксингке ең алғаш келгенімде тек жай жаттығуға келген едім. Кейін өзіме бұл спорт түрі ұнап, спорт кешеніне тұрақты келіп, шынығуды әдетке айналдырдым. Жаттықтырушыларымыздың қажырлы еңбегінің нәтижесінде жеңіс тұғырынан көрініп келемін. Отбасымда менің кикбоксингпен шұғылдануыма қарсылық білдірмейді.Мұндайқолдаудың өзі менің жеңіске деген құлшынысымды арттырады, Әрине, спорт жеңістер мен жеңілістерден тұрады. Менің сайыстарға қатысуымның басты мақсаты — денсаулығымды нығайту. «Шынықсаң, шымыр боласың» деп бекер айтылмаған. Облыстық турнирде бірінші орын алдым. ҚР чемпионатына 300-ден асаспортшы қатысып, солардың арасынан жеңімпаз атандым. Жеңіс тұғырынан көрінуіме себепкер болып жүрген бапкер Рахымжан Тасболатовқа, Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ордабаев Ғани Оңғарұлына алғысымды білдіремін. Әрдайым жеңіске жеткен жастарды жігерлендіріп, қаржылай сыйлықтармен ынталандырып тұрады.» – дейді Индира Абрамян
Кикбокстан ҚР чемпионатында жеңімпаз атанған Абрамян Индира және жаттықтырушысы Тасболатов Рахымжанды жақсы жетістіктері үшін спорт мектебінің ұжымы құттықтап, алғыстарын жеткізді. Алдағы уақытта Азия, Әлем чемпионаттарына жан-жақты дайындық жасап, еліміздің көк байрағын көкте желбірете берсін деп сенім білдірді.