«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында тарихи Сауран тарихи қалашығында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Игі шара тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қоршаған ортаны тазарту, сондай-ақ жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сенбілік Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен.
Сенбілікке жергілікті тұрғындармен қатар, еріктілер, студенттер және жастар ұйымдарының өкілдері белсене атсалысты. Қатысушылар қалашық аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты. Сенбілікте тазалық жұмыстарымен қатар, қатысушылар арасында экологиялық мәдениетті насихаттау, табиғатты қорғау тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жастарға қоршаған ортаның адам өміріндегі маңызы мен оны қорғаудың өзектілігі туралы ақпарат берілді.
Шара соңында қатысушылар қала тұрғындарын қоршаған ортаға бейжай қарамауға, табиғатты бірлесе қорғауға және Сауран қалашығы аумағын таза ұстауға шақырды.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ж.Әбдібаев Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылындағы, “Амангелді” орта мектебінің соңғы қоңырау салтанатты кешіне қатысты. Осы қара шаңырақ болған мектеп қабырғасында білім мен тәрбие алып, өмірлік маңызды дағдыларды бойларына сіңірген түлектер, үлкен өмірге қадам басты.
Жыл бойы аянбай еңбек етіп, әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, білім мен тәрбие берген ұстаздар еңбегі ерекше.
Түлектердің алдағы өмірлеріне бағыт беретін алтын арқау — осы білім ордасында қаланды. Ендігі жерде — үлкен жауапкершілік, жаңа белестер, тың бастамалар жолы күтіп тұр.
Қай жолды таңдаса да, абыройлы, адал, білімді азамат болуларына тілектес екендігін жеткізді.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясымен жұмыс кездесуін өткізді. Миссияны Қазақстан бойынша жаңадан тағайындалған жетекші – Али Аль-Эйд мырза бастап келді.
Кездесу барысында елдің энергетика саласындағы инвестициялық климатты нығайту жолдары, жылу электр орталықтарын қоса алғанда, инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жоспарлары және мұнай-газ саласының даму перспективалары талқыланды.
Ерлан Ақкенженов Қазақстан энергетикасындағы басымдықтарды айқындап, инвесторлар үшін ашық әрі қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтті.
— Халықаралық серіктестермен, соның ішінде ХВҚ-мен жүргізілетін конструктивті диалог бізге энергетика саласын орнықты дамыту стратегиясын тиімді жүзеге асыруға және үздік әлемдік тәжірибелермен үндестіруге мүмкіндік береді, – деді министр.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттарды жаңғырту бағдарламалары болды. Әсіресе, жылу электр орталықтарын жаңарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл – сенімді энергиямен қамтуды қамтамасыз ету және заманауи, экологиялық таза технологияларға ұзақ мерзімді инвестиция тарту үшін маңызды негіз болып табылады.
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасыӨңірлік кеңесініңтөрағасы Н.Әбішовтың төрағалығымен кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасары Қозбеков Талғат Жапарханұлы, өңірлік кеңес мүшелері, Сайрам және Түлкібас аудандарының кәсіпкерлері және тиісті мемлекеттік органдар басшылары мен басқарма өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне 3мәселеқаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойыншаСайрам мен Түлкібас аудандарыкәсіпкерлерінжеке-жеке қабылдап, тиісті орган өкілдері түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, кеңес отырысында«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палаталарының өңірлік кеңестерін қалыптастыру және делегаттарды (мүшелерді)сайлау қағидаларына» өзгерістер енгізутуралы мәселе қаралды.
Аталғанмәселе бойынша Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша директор орынбасары Ауелбеков Ербол Асфандиярұлы хабарлама жасады. Кеңес мүшелері бұл мәселені талқылап, ұсынысты Қазақстан РеспубликасыАтамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасынажолдау туралы шешім қабылдады.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Өңірлік кеңестің маусым айында көшпелі отырысы өтетін аудандар айқындалды.
Өңірлік кеңес мүшелерінің шешімімен көшпелі отырысАрыс қаласы мен Отырар ауданында өтеді.
Алдағы уақытта Өңірлік кеңес кезегімен барлық аудандарды аралайтын болады.
Жиын соңында Н.Әбішов кеңес отырысына белсенді қатысқан кеңес мүшелеріне алғысын білдіре отырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, жиында көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуіне және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесуге, кәсіпкерлік саласын барынша дамытуға атсалысуға шақырды.
Түркістан облыстық мәслихатында Н.Әбішовтың төрағалығымен аудандық, қалалалық мәслихат төрағаларының қатысуымен келелі жиын өтті.
Мәслихат төрағасы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының төрағалығымен өткен «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының кезекті отырысында айтылған өзекті мәселелерге тоқталды.
Еліміздегі бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайту және Ассамблеяның саяси-тарихи рөлі жөнінде кеңінен түсіндірді.
Жиынның мақсаты да елдегі ауызбіршілік пен бірлікті сақтау, депутаттық корпустың қоғамдық келісім мен этномәдени бірлестіктермен бірлесе атқаратын жұмыстарын талқылау және дұрыс үйлестіруді жүзеге асыру туралы болды.
Нұралы Әбішов бұл бағытта мәслихат төрағалары мен депуттарының маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
– Халықтың сенімі мен аманатын арқалау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оған немқұрайлы қарау депутатқа тән қасиет емес. Сондықтан халық қалаулылары барлық істе белсенді болуы тиіс. Себебі әр депутаттың артында оған сенім білдірген сайлаушылары бар. Бір ел – бір мүдде деген сөз тіркесінің өзі осы мағынаны білдіреді. Елдің бірлігі мен ынтымағын бекемдеу әрбір азаматтың парызы, міндеті деп есептеймін. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, ҚР Мемлекеттік Кеңесшісі Ерлан Қаринмен болған кездесулерде қоғамдағы этносаяси ахуал, ішкі тұрақтылық, келісім, ынтымақтастық құндылықтарын арттыру туралы айтылды. Біз де бұл бағытта үлкен жауапкершілікті сезінуіміз керек. Сондықтан осы бағыттарда жұдырықтай жұмылып бірге нәтижелі жұмыс жасауға шақырамын, – деді Нұралы Әлмаханұлы.
Сонымен қатар, жиында елді мекендерге атау беру тәртібі, ескерткіштер қою тәртібі, депутаттардың этикасы туралы да айтылды. Бұл бойынша облыстық мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Нұргүл Жақсылықова, тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау бөлімінің басшысы Омар Жексенбаев және облыстық мәслихат аппаратының басшысы Мақсат Исаев баяндама жасады.
Сондай-ақ, кездесуде аудан, қалалардағы елді мекендерді сапалы электр энергиямен қамту бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен атқарылатын жұмыстарды үйлестіру, депутаттардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Жергілікті өзін-өзі басқару институтының тиімділігін арттыру» атты семинар туралы, кіші футболдан турнир өткізу туралы мәселелер талқыланды.
2025 жыл мамырайының 16-18 жұлдызы аралығында Астанақаласы«Aspan» спорт клубында дзюдо күресінен 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылы туылған ұлдар және 2009-2011 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында «QAZAQSTAN JUDO LIGASY» турнирі өтті. Тартысы өткен жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 1000-нан аса боз кілем шеберлері бақтарын сынады. Ленгір қаласында орналасқан, еркін күрестен спорт шебері КатаевАлибек басқарып отырған Төлеби аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері өз салмақ дәрежелері бойынша 1-алтын, 2-күміс медальді иемденіп өте жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтқанда Тұрғынбек Хансұлтан 32кг І-орын және Аманқұл Нұрасыл 35кг, Тұрғынбек Бегасыл 55кг ІІ-орын алып «QAZAQSTAN JUDO LIGASY» турнирінің диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар Төлебидің спортшылары дзюдо күресінен «спортшеберлігінеүміткер» атағын алды. Шәкірттерін жеңіске жетелеген жаттықтырушылары НұрғазиевБекжан пен СартаевБекболат ауданнан чемпиондар тәрбиелеп жүрген азаматтар.
« – Әр жарыс біз үшін маңызды. Себебі шәкірттеріміз шыңдала түседі, жеңіске қарай ұмтылады. Мыңнан жүйрік шығып, жеңімпаз атануда оңай емес. Тұрғынбек Хансұлтан өз салмақ дәрежесінде алғыр екенін дәлелдеп, бірінші орынды жеңіп алды. Нұрасыл мен Бегасыл да жақсы нәтиже көрсетті. «QAZAQSTAN JUDO LIGASY» жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Бізді қолдап жүрген барша жерлестерге алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да спортшыларымыз талай белестерді бағындырады деген сенімдеміз.» деді жаттықтырушы Бекжан Нұрғазиев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті. Атап айтар болсақ, Жетісай ауданына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» арнайы келіп, Ш.Ділдәбеков ауылының және Асықата кентінің тұрғындарына Заң аясында құқықтық кеңестер берді. Заң мен тәртіпті насихаттау шеңберінде ұйымдастырылған науқанда 60-тан аса ауыл тұрғындарына мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган өкілдері, адвокаттар мен сот орындаушылар және еріктілер құқықтық кеңестер беріп, олардың талап-тілегі мен ұсыныстарын тыңдады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар тыл ардагерлеріне біржолғы көмек көрсету, аукицон арқылы сатылған жерінің заңдылығын тексеру, ауылға ұңғыма қазып, ауыз суды ретке келтіру, мектеп салу, үлкен тас жол бойына қауіпсіздік белгілерін және камера орнату, сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жол салу, борышкерден алимент өндіру, қарызы бар несиесіне қолайлы кесте жасау, тұрғын үй мәселелеріне қатысты өтініштерімен жүгінді.
Сонымен бірге, ауданындағы әлеуметтік нысандарға, балалар ойын және спорт алаңшаларына қоғамдық бақылау жүргізілді, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы комплаенс – қызметкерлермен, кәсіпкерлермен және әлеуметтік сала мамандарымен кездесулер өтті. Сондай-ақ, мамандар заң мен тәртіпті қалыптастыру мен әділеттілік қағидалары бойынша түсіндірме жұмыстарын да жүргізді.
« – Қоғамның тұрақтылығы мен дамуы заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаларына тікелей байланысты. Заң үстемдігі – бұл қоғамда құқықтың басым болуы, барлық азаматтар мен билік органдары заңға бағынуы тиіс деген ұстаным. Ал әділеттілік – әрбір адамның құқықтарының сақталуы, заң алдында тең болуы және қоғамдағы әлеуметтік теңгерімнің орнауы. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты және кез келген өркениетті мемлекеттің негізін қалайды. Заңның барлығына ортақ болуы – мемлекеттік билік, азаматтар, ұйымдар мен компаниялар заң талаптарын сақтауы тиіс. Ешбір адам немесе ұйым заңнан жоғары болмауы керек. Тәуелсіз және әділ сот жүйесі – сот билігінің тәуелсіздігі заң үстемдігінің маңызды шарты. Соттардың әділ және бейтарап шешім шығаруы азаматтардың құқықтарын қорғайды. Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау – заң үстемдігі адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Әрбір азамат заңды түрде өз мүдделерін қорғай алады.Құқықтық айқындық және тұрақтылық – заңдардың түсінікті, айқын әрі тұрақты болуы қажет. Құқықтық жүйенің жиі өзгеруі азаматтар мен бизнестің сеніміне нұқсан келтіреді.Жауапкершілік пен есептілік – билік өкілдері мен мемлекеттік органдар өз әрекеттері үшін заң алдында жауап беруі тиіс. Қоғамның билікке сенімі осыған байланысты қалыптасады.» – деп атап өтті мобильді топ мүшелері.
Расында, заң үстемдігі мен әділеттілік – бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Заң үстемдігі жоқ жерде әділеттілік те орнамайды. Керісінше, заң үстемдігі әділетсіздікке негізделсе, қоғамда теңсіздік пен наразылық пайда болады. Сондықтан кез келген мемлекеттің басты мақсаты – заң үстемдігі арқылы әділетті қоғам құру.Тарихта заң үстемдігі сақталмаған елдерде тұрақсыздық пен дағдарыс орын алғанын көреміз. Ал құқықтық мемлекеттерде, керісінше, экономикалық даму, азаматтардың әл-ауқатының артуы және қоғамдық келісім орнайды. Заңның үстемдігі мен әділеттілік – кез келген қоғамның дамуындағы басты құндылықтар. Олар азаматтардың құқықтарын қорғап қана қоймай, елдің өркендеуіне, тұрақтылық пен бейбітшіліктің сақталуына ықпал етеді. Осы ұстанымдар мықты болған жағдайда ғана мемлекет пен халықтың болашағы жарқын болмақ. Әрбір азамат заңды сыйлап, әділеттілік қағидаттарын ұстанғанда ғана өркениетті, құқықтық қоғам қалыптастыруға болады. Ал, құқық бұзушылыққа “нөлдік төзімділік” саясаты – тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралдарының бірі. Ол азаматтардың заңға құрметін арттырып, қылмыс деңгейін төмендетуге көмектеседі. Алайда, оны жүзеге асыру кезінде тепе-теңдікті сақтау маңызды. Әділеттілік пен адам құқықтарын қорғау қағидалары сақталмаса, бұл саясат қоғамда наразылық тудыруы мүмкін. Сондықтан, кез келген мемлекет бұл тәсілді өзінің құқықтық жүйесі мен мәдени ерекшеліктеріне сай бейімдеуі қажет, – деп атап өтті мамандар.
Сонымен қатар, қоғамдық бақылау барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында әкімдік басшылығымен лездемелік мәжіліс ұйымдастырылып, хаттамалық тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуы Департамент және аудандық Әкімдік бақылауында. Айта кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері облыс аумағындағы елді-мекендер мен ауыл тұрғындарына тегін кәсіби – құқықтық көмек көрсетуді және әлеуметтік нысандарға қоғамдық бақылауды тұрақты түрде жүргізетін болады.
Бұл іс шара “Miras”тың ең алғашқы төрағасы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналады. Ойтолғаушы деп айтушы едім шынында ойтолғаушы еді..“”MIRAS” ты енді сен басқаршы” деп тізгінді қолыма ұстатып кеткен болатын. Алғашқыда жүрексінгенімді несіне жасырайын. Аманатты арқалап отырыстарды көшпелі түрде өткізіп жатырмыз. Рухы биік, әділ еді, бірақ ешкіммен айтыспайтын, жақпай қалса қолын бір сілтей салатын. Артық әңгімесі жоқ, өсек аяңнан биік тұратын еді. Қаламы майлы, елге айтары көп, көркем мінезді азамат еді. Ештеңе мәңгілік емес…
80 жылдыққа ойлап тапқаным Қазығұрттың “Кеме қалған”шыңына шығу болды. Рухыңыз биікте, пейіште шалқысын деген ниет еді..Ұрпаққа қалдырған қаламыңыз -бояуы өшпейтін ізгілік мұрасы. Мирастықтар Сізге риза. Жатқан жеріңіз жайлы болсын! Қабіріңізге қойылған құлпытас жартылай ашылған кітап етіп жасалыпты. Сіз шынында да кітапсыз, елдің бағына біткен құнды қазынасыз. Мирастықтар Сіздің қадіріңізді біледі.
“AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы “MIRAS” кеңесінің отырысы ағымдағы жылдың 16 мамыр күні киелі мекен Қазығұрт ауданында өте жоғарғы деңгейде өтті. Кеңес отырысынан кейін 16:30 -да Қазығұрт тауына қарай беттедік. Күн төбеден ауғанда шықтық деген атымыз болмаса күн құрғыр шыжғырып барады.Аңыздарда адамзат баласын аман алып қалған Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұртқа келіп тоқтаған деседі. Нұх пайғамбар (ғ.с.) адамдарды иманға шақырғанымен, оның қауымы сенбеді. Жаратушы оларға үлкен топан суды жіберіп, тек Нұх (ғ.с.) және оның кемесіне мінген иманды жандар мен жан-жануарлар ғана аман қалады. Бұл — адамзат тарихындағы үлкен сынақ әрі жаңа кезеңнің бастауы болған.
Бұл жай ғана миф емес, ұлттың жадына сіңіп кеткен үміт пен аманаттың символы. Мыңдаған жыл өтсе де, Қазығұрт аты аталғанда адамзаттың қайта тірілуі, жаңа өмір бастау туралы ой келеді. “MIRAS” кеңесінің мүшелерімен аңыздарды айтып, табиғатты тамашалап тау шыңына шыққанша сырластық. Таудың шыңына шыққан кезімізде күн ұясына батып, ымырт қараңғы түскен еді. Уақытқа қарасам сағат 20:30 болыпты. Қазығұртқа бір барған адам – тарихпен тілдесіп, табиғатпен үндесіп қайтады. Бұл – жүрекке тыныштық, жанға күш беретін, рухыңды биіктететін қасиетті мекен. Тау етегіндегі самал жел, аспанмен тілдескен шыңдары, табиғаттың тылсым үндестігі — бәрі де ішкі жан дүниеңді тазартып, рухани серпіліс береді. Мұнда әр тас, әр сүрлеу — мыңдаған жылдық сырдың куәсі. Бұл тау – өткен мен бүгінді жалғап тұрған рухани көпір.
Қазір бәріміз жаңғыру, жаңару, түлеу жайлы көп айтып жүрміз. Қазығұрт – сол идеяның түпкі тамыры. Теңіз деңгейінен 2300 метр биікте орналасқан Қазығұрт тауының Кеме қалған шыңына шығып құран оқып, тілек тіледік.
ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА – «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттарын салу және қалдықтарды басқару жүйесін дамыту аясында утилизациялық төлем есебінен жеңілдетілген қаржыландыру механизмі жұмыс істейді. Қаржыландыру 3%-дық жылдық мөлшерлемемен және 15 жылға дейінгі мерзіммен, төлемдерді екі жылға дейін кешіктірумен беріледі.
Экология министрлігі мен «Атамекен» ҰКП тарапынан әкімдіктер ұсынған 67 жобаның 43-і қалдықтарды қайта өңдеуге бекітілді. Біз әрбір кәсіпорынның қызметін жариялауды жалғастырамыз. «Фибратекс» ЖШС Атырау қаласында орналасқан. 2024 жылдан бері жұмыс істейді. Жобаның мақсаты – ПЭТ-бөтелкелерді қайта өңдейтін және жоғары сапалы штапельді жіп шығаратын заманауи зауыт құру.
2024 жылы компания ПЭТ-бөтелкелерді қайта өңдеу желісі (сағатына 1000 кг шығаратын), полиэфирлі штапельді жіп өндіру желісі (тәулігіне 20 тонна), сондай-ақ жүк көтергішпен жабдықтарды сатып алу үшін 1 043,6 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыруға өтінім берген.
Осы жобаның іске қосылуы штапельді жіп өндірісін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Министрлік «Жасыл даму» АҚ қаржылық қолдау алған кәсіпорындардың қызметін әрі қарай жариялайтын болады.
Қазақстанда энергетика саласын кешенді жаңғыртып, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңартылған бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл тетік энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін мақсатты инвестиция тартуға мүмкіндік береді әрі тұтынушыға түсетін жүктемені барынша азайтады.
2024 жылы бағдарлама аясында едәуір қаражат жұмылдырып, елдегі электр станцияларында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын дер кезінде орындауға қол жеткізілді. 2025 жылы инвестиция көлемі 428 млрд теңгеге дейін ұлғаяды деп күтілуде, бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 13,24 %-ға жоғары.
Жаңартылған тәсілдің басты жаңалығы – инвестицияларды қайтарудың жылдық лимитін 32 млрд-тан 428 млрд теңгеге дейін көтеру және электр қуатын қолдауға арналған қызметтің шекті тарифін арттыру. Бұл жеке капитал тартуды және ауқымды техникалық қайта жарақтандыруды ынталандырады.
«Тарифты инвестицияға айырбастау» бағдарламасы тарифтік өзгерістерді энергия өндіруші компаниялардың нақты міндеттемелерімен – жөндеу қорларын ұлғайту, жабдықтарды жаңарту, өндірістік персоналдың еңбек жағдайын жақсартумен қатаң байланыстыруды көздейді. Еңбекақыны көтеру, станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу – осының барлығы бүкіл энергетикалық жүйенің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сөйтіп, бағдарлама шеңберіндегі тарифті түзету – шығын өсуіне жай жауап емес, заманауи, орнықты әрі келешекке бағытталған энергетиканы қалыптастыруға жасалған ойластырылған қадам. Ұзақ мерзімді инвестициялық көзқарас арқылы Қазақстан энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жетуге елеулі үлес қосады.
Тариф қалыптастырудың ашықтығы мен қаражатты пайдалану туралы есептілікке келсек, энергия өндіруші ұйымдардың деректері енді уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.
Сондықтан электр энергиясы бойынша шекті тарифті бекіту немесе түзету жөніндегі келесі өтінімдер де осы ақпараттық жүйе арқылы беріліп, тарифтүзу процестері толық цифрландырылмақ.