Үкіметтің кеңейтілген жиынынан кейін журналистердің сауалына жауап берген энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газ бағасының қымбаттайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ТАQ.KZ тілшісі
Министрдің айтуынша, Қазақстан сұйылтылған газды қымбаттатуға мәжбүр және алдағы үш ай ішінде газдың литрі 5-10 теңгеге қымбаттайды.
“Қазір газдың бағасы әр аймақта әртүрлі. Бастапқыда аса қатты қымбаттамайды деп ойлаймын – 5-10 теңге, одан артық емес. Бірақ кейін өзіндік құнын ақтайтындай бағаға шығамыз, – деді Сәтқалиев.
Оның айтуынша, үкімет бәсекелестікті қорғау агенттігімен және депутаттармен бірлесе отырып, бірнеше жыл ішінде сұйылтылған газ бағасын кезең-кезеңмен нарық бағасына “сәйкестендіреді”.
“Сепаратизмді насихаттады деп күдіктелген топқа екі қылмыстық іс қозғалған, ҚР Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған. Бұл ауыр қылмыстар санатына кіреді. Оның санкциясымен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазалау қолданылады.
Топтың негізгі үш фигуранты бүгін бір сағат бұрын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”, – деді СҚО прокуратурасы басқармасының бастығы Ғани Жалби.
Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен болған комиссиялық психологиялық-филологиялық сот сараптамасының қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған.
БАҚ беттерінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы өз тегін алғаны туралы ақпарат тарады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ТАQ.KZ сайты
Shishkin_like Telegram-арнасының мәліметіне сәйкес Сара Алпысқызының атына “Назарбаева Сара Алпысқызы” жеке кәсіпкерлігі тіркелген. Алайда оның басшысы ретінде Қонақай Сара Алпысқызы көрсетіліпті. Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылы отау құрғанға дейін оның тегі “Қонақай” болған екен.
Ресми құжаттарға сүйенсек экс-президенттің жұбайы тегін 2005-2012 жылдар аралығында ауыстыруы мүмкін. Себебі ол 2012 жылдың 4 ақпанында жарияланған “Халық-Life” Халық банктің өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы” АҚ-да үлестес тұлғалар тізімінде Қонақай тегімен көрсетіліпті.
Ал 2005 жылдың 19 қыркүйегінде Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі “Алмэкс” Холдинг тобы” АҚ-ның үлестес тұлғасы ретінде Сара Алпысқызы “Назарбаева” деген текпен тіркелген.
Әйткенмен Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның ресми ажырасқаны туралы ақпарат жоқ. Ал “Бөбек” қайырымдылық қорының Instagram-парақшасында деректер 2018 жылдың 15 сәуірінен бері жаңартылмаған, мұнда оның тегі Назарбаева деп көрсетілген.
Еске салайық, бұған дейін Сара Назарбаева енгізген “Өзін-өзі тану” міндетті пәндер тізімінен шығарылған еді.
“Түркістан облысы Сайрам ауданы аумағында эпидемиологиялық жағдайға талдау жүргізу қажет. Аудан аумағында көптеген бойнялар бар. Ол жерлерде күнделікті мыңдаған бас мал сойылып жатыр. Ал олардан шыққан қалдықтарды өңдеу, залалсыздандыру орындары жоқ. Қалдықтарды (тері,бас-сирақ,қан,ішкі органдар) рұқсат етілмеген жерлерге тастап жатыр. Ондай орындар күн сайын көбейіп жатыр.Мыңдаған тонна қан жер асты суларына қосылуда, басқа қалдықтар ашық далада сасып жатыр”- дейді табиғат жанашырлары. Видео әлеуметтік желіден алынды
`AMANAT` партиясы Ордабасы аудандық филиалында облыстық мәслихат депутатының қатысумен қоғамдық қабылдау өтті. «Өңірдегі өзекті мәселелер — шешілуімен құнды», – деген депутат Дулат Әбіш жергілікті азаматтардың мәселесін тыңдады.
Мәселен қабылдауға келген тұрғын Бибарыс Рыскұлбек, Бөген ауылындағы шаруа қожалықтарының егістік науқанында тиісті деңгейде ағын сумен қамтамасыз етілу мәселесін көтерді.
Ал, Садуардин Исақ ақсақал — Аққойлы, Жусансай, Сарытоғай ауылдарында 2019 жылы құрылысы басталып, сол жылы бітуі тиіс ФАП құрылысының мәселесін айтты. Төрт жылдан бері жырға айналған проблема облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына айтылған.
— «Оңтүстік қыш» ЖШС-нің қызметкері Айбек Бекбаев кәсіпорынға электр қуатын алу бойынша заңды көмек сұрады. Халыфқ қалаулысы аталған мәселе бойынша жергілікті билік пен «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нен сұрап, тиісті шара көретінін айтты.
-Темірлан ауылының тұрғыны, білім ұясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру бойынша ауқымды шаралар ұйымдастыруды сұрады.
-Ерғали Әліпбайұлы Аққойлы ауылындағы тозығы жеткен электр бағаналарын жаңарту бойынша тұрғындар атынан өтініш білдірді.
Қабылдауға келген өзге де азаматтар түрлі әлеуметтік мәселені алға тартты. Ол жағдайды депутат қабылдау барысында нақтылап, инфрақұрылым мен медицина саласы бойынша жауапты мамандарға жолдады.
“AMANAT” саяси партияға арыз-шағыммен келген сегіз азаматтың мәселесі — әлеуметтік көмек, денсаулық, білім саласы, инфрақұрылым, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жайында болды. Облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш айтылған проблемаларды назарға алып, кейбірі бойынша жауапты орындарға хабарласып анықтады. Нәтижесінде қабылдау барысында бірқатар азаматтардың мәселесі оң шешімін тапты.
Сонымен қатар, депутат кездесуде көтерілген мәселелерді толық зерттеп, депутаттық сауал жолдайтынын да жеткізді.
Қазақстан азаматтары мемлекеттік шекарадан өткен соң Қытай аумағында 30 күнге дейін визасыз бола алады. Мұндай ереже Қытай Халық Республикасының азаматтарына да қатысты.
Сыртқы істер министрлігі дайындаған қаулыға сәйкес екі ел азаматтары туризм, емделу, транзит немесе іскерлік кездесу мақсатында көрші елде 30 тәулікке дейін болса, виза талаптарынан босатылады.
Егер Қазақстан мен Қытай азаматы көрші елде белгіленген мерзімнен ұзағырақ қалғысы келсе, шекараны кесіп өткенге дейін визаға өтініш беруі қажет.
Сонымен қатар қаулы бойынша тараптардың бірі ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті немесе халықтың денсаулығын сақтау мақсатында елге кіру кезінде құжат беруден бас тартуға құқылы. Екі ел арасындағы келісімге 2023 жылдың мамырында, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қытайға сапары кезінде қол қойылады. Ал құжаттың мәтіні 26 сәуірге дейін қоғам талқысында болмақ.
ҚР Энергетика министрі А.Сатқалиевтің «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес, бүгіннен бастап еліміздегі барлық жанармай құю бекеттерінде сұйық отын бағасы өсті.
Мәселен, Аи-80 маркалы бензин 1 литр үшін – 89 теңге, Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин 1 литр үшін – 205 теңге, дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 450 теңге.
Айта кетерлігі, дизель отыны қазақстандықтар жеңілдетілген бағамен сатылады. Отандастарымыз жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде 1 литр үшін –295 теңгеге сатып ала алады. Ал жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейін көлемде литріне – 295 теңгеге алады.
Түркістандағы «Оқушылар сарайы» – ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауидің 930 жылдық мерейтойына орай қылқалам шеберлері және кәсіби, әуесқой фотографтар арасында «Көне мен келешек көпірі» атты халықаралық байқауы жарияланған болатын. Бүгін Түркістандағы “Этноауыл” қалашығында сол өнер бәйгесінің қорытынды іс-шарасы өткізілді. Аталған байқауға түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның тарихы мен бүгінгі көрінісі бейнеленетін туындылар қабылданған.
«Байқаудың мақсаты – Түркістанның тарихи маңызын ашып, қатысушылардың ұлттық құндылықтарға деген ерекше құрметін, елжандылық, Отансүйгіштік сынды патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Сондай-ақ, дарынды жастар шығармашылығына және әуесқой фотограф мамандығына жол ашу. Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмады. Бүгін міне, ұсынған жұмыстары қазылар алқасының сұрыптауынан өткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер қорытынды кешке шақырту алып, марапаттау салтанатына қатысып отыр. Рухани астананың мәртебесін асырып, тарихын жаңғыртуға үлес қосқан барша азаматқа алғыс білдіремін!», – деді ауқымды іс-шара жайлы айтқан «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова.
Атап өтсек, бұл байқауға Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы, Орал, Атырау, Ақтау қалалаларынан 30-дан астам фотограф пен қылқалам шеберлері қатысқан. Ережеге сәйкес, байқаудың марапаттау салтанаты екі бағытта өткізілді. Біріншісі – көне және жаңа Түркістанның көрінісінен сыр шертетін фотосуреттер болса, екіншісі – рухани астананык келбеті бейнеленген қылқалам шеберлерінің картиналары.
Байқау нәтижесінде, «Фотосурет» номинациясы бойынша Серікболсын Шері бірінші, Жұмаханов Асыл екінші және Антон Лищенко мен Ұлпан Әбдірахман үшінші орынға ие болды. Ал, «Қылқалам шеберлері» номинациясы бойынша Темірбек Нұрмашев жеңімпаз атанса, Шаханбаев Мұрат екінші және Қинабаев Серік пен Рысымбетов Ержан үшінші орынды місе тұтты. Тиісінше, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хат және қаржылай сыйлықпен марапатталды
“Күдебаевқа қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің маңыздылығын ескере отырып Бас прокуратура өз қарауына алды. Ең мықты, тәжірибелі тергеушілер тартылып, іздеу жалғасып жатыр. Біз Қырғызстанға сұрау жібердік, енді іздеу жұмыстарын бірлесіп жүргізетін боламыз”, – деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс кулуарында.
“Күдебаев Бішкектегі Манас әуежайы арқылы Ыстанбұлға ұшып кетті деген мәлімет бар. Қырғыз тарапы да мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады. Бізде Түркиямен келісімшарт бар және қазір олармен жұмыс істейміз. Барлық ақпаратты бере алмаймыз, деректерді ашып айта алмаймыз, себебі іздеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін”, – деді Бас прокурордың орынбасары.
2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы қабылданды. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова өзінің Facebook парақшасында жазды.
Бұйрыққа сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталады. 9 (10) – сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізіледі. Ал, 11 (12) – сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары – 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өткізіледі.
Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілген:
9 (10)-сынып оқушылары үшін:
1) оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;
3) өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;
11 (12) – сынып оқушылары үшін:
1) оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;
3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
4) өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы
19 маусым.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау бойынша тиісті шараларды ұйымдастырады.