Все записи автора Admin

БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында белсенді азаматтық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.
Басқосу жиынын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы және «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы»» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы В.Пак жүргізді.
Жиынға үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
 
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Мүгедектігі бар адамдардың белсенді қоғамдық ұйымдарымен танысу.
2. Қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар арасында сапалы және жүйелі жұмыс істеу үшін қолжетімді орта бойынша сараптамалық қоғамдастық құру.
3. Мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа жұмыс орындарын құру.
4. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-қимыл алгоритмі.
Облыста 17 ППТК-да 1663 ерекше білім беруді қажет ететін бала оңалту және әлеуметтік бейімдеу мемлекеттік қызметін алуда. Ағымдағы жағдай бойынша кезекте тұрған балалар саны 402 баланы құрайды. Кезек болу себебі ата-аналар тарапынан ППТК жұмысына деген қажеттіліктері артуда. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттілігі бар адамдарды қамқорлыққа алуға, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген. Алдағы уақытта аймақта мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға көп күш салынып, тың бастамалар қолға алынбақ.

УЕФА-НЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН ФУТБОЛ СТАДИОНДАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізілді.
«Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.
Жобаның басты мақсаты – футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау», — делінген федерацияның Telegram-арнасында.
Биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары және Жетісу облысындағы стадиондардың алаңдары жаңартылмақ.
2023 жылы реновация бағдарламасына кіретін футбол алаңдары:
1. ЦСКА стадионы, Алматы қаласы
2. Б.Оңғаров атындағы стадион, Жетісу облысы, Балпық би ауылы
3. «Цементник», Шымкент қаласы
4. №2 БЖСМ, Ақтөбе қаласы
5. «Каспий» СК, Ақтау қаласы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 10 МЫҢНАН АСТАМ ШЕТЕЛ КӨЛІГІ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков мәлімдеді.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетел автокөліктерін біржолғы заңдастыру туралы айтқан болатын. Осыған сәйкес, елімізде автокөліктерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Спикердің айтуынша елімізге шетелден әкелінген көліктерді тіркеп, қазақстандық нөмір беру бағытында бір реттік акция өткізілген. Ал Түркістан облысында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелмеген шетелдік көліктерді заңдастыруды жүргізу туралы тапсырма сапалы орындалған. Ал 2023 жылдың 30 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмерін алуға 19231 өтініш түскен. Оның ішінде 10615 автокөлік құралы тіркеліп заңдастырылып, 8616 автокөлік құралы заңдастырудан бас тартылған. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, еліміздің аумағына конструкторлық жолмен бөлшектеніп әкелінген шетелдік 250 автокөлік тіркеліп рәсімделген.
Осы ретте Алмасхан Тастанбеков Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысының полицейлері жүйелі жұмыстар атқарып жатқандығын және «Шетелдік көліктерді уақытша тіркеу туралы» енгізілген өзгерістердің тәртібін түсіндіріп өтті.
«Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген және заңдастырудан өтпеген автомобильдерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі жұмысты көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері әкету немесе бастапқы тіркеуден өту туралы міндеттеме қойылды. Яғни 5 жыл мерзімге уақытша есепке алу рәсімі енгізіліп, облысымызда осы бойынша жалпы 297 өтініш түсті. Оның ішінде 289 автокөлік құралы уақытша тіркеуге алынып, 8 көлік құралы уақытша тіркеуден бас тартылды. Осы орайда өңір тұрғындарын заңдастырылған көліктерді сатып алуға шақырамын. Өз кезегінде полицейлер заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, көлік құралдарын заңдастыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелері қатаң бақылауда тұрғандығын ескертеміз»,- деді Алмасхан Мамбетұлы.

Түлкібаста жеке кәсіпкер жазғы спорттық трамплин салуда

«Атабұлақ» спорттық туристік нысан жанынан жазғы спорттық трамплин құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Еркін стильдегі спорт түрінің трамплині республика бойынша 6 облыста ғана бар. Аудандар арасында алғаш рет Түлкібаста Пістелі елді-мекенінде салынып жатыр.
-Жалпы, бұл спорт түрімен аудан жастары әлі таныс емес. Өйткені, біздің түскей өңірде қар жату мерзімі қысқа болғандықтан бұл спорт түрімен шұғылданатындар қатары да, қызығатындар қатары да сирек. Дегенмен, Шымкент қаласында орналасқан 8 спорт мектебінде фристайл спорт түрі, Қазақстан бойынша 6 облыста бұл спорт түрімен шұғылданатын спортшылар бар. Әр мектепте шамамен 120-150 бала осы бағытпен айналысады. Түлкібастың төрінен салынып жатқан трамплиннің аналогы жоқ. Көктемде спортшыларға арнап үлкен спорт зал салынды. Онда барлық құрал жабдықтар қойылған. Жазғы трамплингке қызығушы жастар болса мамандандырылған мектептегі спортшыларды шақырып, ауыл жастарын шақырып алғашқы уақыттарда арнайы жиындар өткізуге мүмкіндік береміз, деді кәсіпкер Тимур Нарымбетов.
Ауыл тұрғындары да аталған жобаның керемет бастама екенін айтуда. Себебі, Түлкібаста алғаш рет салынып жатқан жазғы спорттық трамплин халықты салауатты өмір салтын ұстануға және жастар арасында спортты насихаттауға септігін тигізеді.
Айта кетейік, соңғы жылдары Түлкібастық кәсіпкерлер жергілікті тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандар мен ел игілігіне қызмет жасайтын нысандарды салып, азаматтарды жұмыспен қамтуға да өз үлестерін тигізіп жатыр. Тимур Нарымбетов те туған жерінде еңбек етіп, бизнесін өркендетіп келеді. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта жаңа бастамасын іске асырып, аудандағы алғашқы жаңа нысанды іске қоспақ.

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ТӘУЛІГІНЕ 200 БАНКА КӨКӨНІС КОНСЕРВІЛЕП, САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРАДЫ

Түлкібас ауданындағы Жаскешу ауылының тұрғыны Қатира Алдабергенова қайтарымсыз грант аясында консервалық өнімдерді шығару кәсібін қолға алған. Бүгінде өндіріс орнында жалпы саны бес адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 200 банка консервіленген өнімді сатылымға шығарып отыр.
 
Кәсіпкердің айтуынша, ол ауданда өсетін көкөністер мен жеміс-жидектердің пісу уақытына қарай консервының барлық түрін дайындайды. Өндіріс орнында тәтті тосаптар мен қатар тұздалған қияр консервісіне дейін дайындалады. Ол қажетті көкөністерді өздерінің игеріп отырған егін алқабынан алынып, табиғи өнімдер облыстағы басқа аудандар мен қалаларға да жөнелтіліп келеді.
Қатира Алдабергенова алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік қолдауларға жүгініп, кәсібін ұлғайтуға ниетті. Сондай-ақ, ол жоспары іске асқан жағдайда қосымша тағы 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, ауыл халқының әлеуетін арттыруға өз үлесін қоспақ.
Қазіргі таңда мемлекеттік грант алып кәсіп бастаған түлкібастықтардың қатары күн санап артып келеді. Биыл жыл басынан бері 44 азамат мемлекеттен қолдау тауып жұмыс бастаса, жыл соңына дейін бағдарлама бойынша 46 адам қамтылады деп көзделіп отыр.

«AMANAT»: Түркістан облысының бюджет көлемі 1 триллион 325 млрд. теңге

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғимаратында, облыстық мәслихат төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұралы Алмаханұлы Әбішовтың қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті. Нұралы Алмаханұлы БАҚ өкілдерінің алдында Түркістан облысы мәслихатының 4 айда атқарған жұмыстары туралы баяндады.
— Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы 2023 жылғы 30 наурызда өтіп, жаңадан сайланған 46 депутатқа төсбелгілері табысталды.
Сонымен қатар, алғашқы сессияда 3 тұрақты комиссия құрылып, олардың төрағалары сайланды.
Атап айтқанда: Бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі және кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту,  жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялар. Жалпы, елдiң алдында тұрған экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi орындауға ықпал етуде мәслихат маңызды рөл атқарады.

Жыл басынан бері облыстық мәслихаттың 4 сессиясы өткізіліп, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 53 шешім қабылданды, оның ішінде 9 шешім облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Жылдың облыстық бюджеті 2 рет нақтыланды. 2023 жылы облыс бюджетінің көлемі 1 триллион 325 млрд. теңгені құрады. Ал бюджеттің 58,5 % әлеуметтік салаға бөлінді. Бұл өз тұсында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар міндеттерді шешуге септігін тигізді, — деді облыстық мәслихаттың төрағасы.
Сонымен қатар, Нұралы Әбішов ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдарға 154 депутаттық сауал жолданған. Оның 86-ы немесе 56% қанағаттандырылып, орындалған. Ал, қалған 68-і орындалу үстінде немесе оларға заңнама талаптарына сәйкес түсініктемелер берілгенін атап өтті.

Айта кетейік, жалпы жолданған 154 депутаттық сауал, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, құрылыс, инфрақұрылым, қаржы және экономика, білім, денсаулық және әлеуметтік салаға бағытталған.
Сонымен қатар, тағы бір маңызды бағыттардың бірі – азаматтардың өтініштерімен жұмыс. Биылғы жылы барлығы 73 өтініш келіп түскен, оның ішінде 59-ы жеке және 14-і заңды тұлғалардан.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Түлкібас ауданында 3635 жаңа жұмыс орындары ашылмақ

Түлкібас ауданында алдағы 3 жылда өнеркәсіп саласы бойынша 447 млрд теңгелік 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, жобалар іске асырылған жағдайда 3635 жаңа жұмыс орны ашылмақ,-деп хабарлайды ТАQ.KZ тілшісі. Аталған ақпаратты Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлімдеген. 
«Ауданда 6 айдың қорытындысымен негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 7 466,8 млн. теңгені құрады. Одан бөлек, көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 6 айлық нәтижемен 6 873,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады. Аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға жетіп, оларда 12 720-ға жуық адам жұмыспен қамтылып, өнім көлемі І тоқсан қорытындысымен 8,1 млрд. теңгеге жетті. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 168 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», — деді Нұржан Жақсылықұлы.
Аудан әкімі брифингте туризм саласының әлеуетін де атап өтті.  Жалпы 6 айда ауданға 5 700 турист келген. Қазіргі таңда табиғаты әсем аймақта  36 туристік нысан жұмыс істейді екен. Туризм саласы бойынша алдағы 3 жылда 12,4 млрд теңгелік 8 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізіліп, жобалар бойынша 228 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Түлкібас  ауданында  2 ауылдық округ таңдап алынып, өсімдік, мал, өз кәсібін ашу, балық, құс шаруашылығын дамыту үшін кооперативтер құрылған.
«Қазіргі таңда 73 азамат бағдарламаға қатысуға ниет білдіріпті. Қабылданған жобалар саны — 55 (312,3 млн. теңге), оның ішінде қаржыландырылған өтінімдер — 22 (111,8 млн. теңге). Одан бөлек, 2023-2025 жылдары ауыл шаруашылық саласы бойынша 10,5 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 202 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.»- деді аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов.

Түлкібас ауданында жұмыспен қамтылғандардың саны 40,7 мың адамды құрайды

Түлкібас ауданында экономикалық белсенді  халық саны 42,9 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылғандардың саны 40,7 мың адамды құрайды. Ал,  жұмыссыздар саны 2243 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрап отыр. Бұл туралы, Түлкібас ауданының әкімі Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Аудан әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша аудан көлемінде 1322 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған,  2023 жылдың 1 шілдесіне 526 жаңа жұмыс орны ашылыпты.

 

«Жастар практикасына 625 азаматқа  Республикалық бюджеттен 776,3 млн теңге қаржы  бөлінген. 150 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 223 жұмыссыз жастар парктикасына жолданды. Игерілген қаржысы 136,5 млн теңге.  Ал, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 60 азаматқа Республикалық бюджеттен 74,5 млн теңге қаржы бөлінген. 21 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 46 азамат алғашқы жұмыс орнына жолданды. Игерілген қаржысы 27,3 млн теңге. Сондай-ақ, «Күміс жас» жобасына 90 азамат жоспарланған. Осы бағытта ұлттық  қордан 57,8 млн теңге қаржы қарастырылған. 46 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 90 азамат  «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа жолданып, 44,4 млн теңгесі игерілді», — деп мәлімдеді Түлкібас ауданының әкімі  Нұржан Ізтілеуов

 

 

Сондай-ақ Түлкібас ауданында Мемлекеттік грант бойынша 90 азаматқа Ұлттық қордан 124,2 млн теңгеге қаржы бөлінген. 2023 жылдың 1 шілдесіне 44 азаматқа 60,7 млн теңге грант берілу мақұлданыпты.  Ал, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру  бойынша 12,4  млн теңгеге 60 азаматқа 3-мамандық бойынша  оқуға жолдама беру жоспарлануда. Сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарына 200 азаматқа республикалық бюджеттен  69,3 млн теңгеге қаржы  бөлінген.  34 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 203 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Игерілген қаржысы 38,4 млн теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, ауданда ақылы қоғамдық жұмысқа  700 азамат жолдау жоспарланып, бұл бағытта 579,6 млн теңге қаржы жоспарланған. Аудан көлеміндегі 32 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 821 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға жолданды. Игерілген қаржы 206,4 млн теңгені құрады, — деп атап өтті аудан әкімі

Ал, атаулы әлеуметтік көмектің жылдық жоспары 526,0 млн теңге болса, 6 айының қорытындысымен 760 отбасындағы 4 355 адамға 234,6 млн. теңге тағайындалып, 757 отбасындағы 4 330 адамға 198,8 млн. теңге төленген.

 

ТҮРКІСТАНДЫҚ 40-ҚА ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ БІР КҮНІН ТҮРМЕДЕ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының лауазымды қызметкерлері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №69 түзету мекемесіне барды, деп хабарлайды ТAQ.KZ сайтының тілшісі Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қатаң режимдік бақылау изоляторына мемлекеттік мекеме басшылары мен олардың орынбасарлары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, жалпы 40-қа жуық адам арнайы автобуспен жеткізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары салдары бойынша мемлекетік қызметшілердің санасына әсер ету көзделген бұл сапар барысында түзету мекемесінің басшылық құрамы мемлекеттік қызметшілерге түрмедегі жағдайды көрсетті. Мемлекеттік қызметкерлер сотталушылардың жататын жері, тергеу изоляторы, жеке камера, асхана мен аулаларын аралап көрді.
Шенеуніктер сотталушылардың темір тордың ар жағындағылардың ахуалымен танысты. Қамаудағы жағдайды өз көздерімен көрді.
Ерекше шара шенеуніктер арасындағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің алдын-алу үшін ұйымдастырылды. Мақсат – мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазаның қалай өтелетінін тікелей таныстыру арқылы жемқорлықтың алдын алу. Пара алғанның барар жері абақты екенін ұғындыру.
«Мұндай шаралар сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге әсер етеді», дейді мамандар. Шара алдағы уақытта да тұрақты түрде жүзеге асырылып тұрады.

ФРАКЦИЯНЫҢ КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Ордабасы ауданында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция мәжілісі өтті. Партияның фракция мәжілісін облыстық партия филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев ашып, жүргізді. Күн тәртібіне қойылған мәселеге орай мобильді мәжіліс отырысында 2 аудан әкімінің есебі мен басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Жиында алдымен мемлекеттік, салалық бағдарламалардың және өңірлік бағдарламалар мен сайлауалды бағдарламаның жол картасының іске асырылу барысы туралы Қазығұрт, Ордабасы аудандарының әкімдері есеп берді.

 

Сондай ақ, халық қалаулыларының алдында бұл күні партияның Сайлауалды бағдарламасы мен жол картасының орындалу барысы туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдувалиев, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Р.Сариева және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов баяндама жасады.

 

 

 

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша өңірлік және сайлауалды бағдарламаның жол картасы бойынша іске асырылып жатқан жұмыстар қарқынды жүруде. Жол картасында көрсетілген нысандар бойынша Партиялық бақылау комиссиясы өз қадағалауына алып, бақылау бекеттерін орнатқан және әр қала, ауданда жауапты депутаттар бекітілген. Бұдан өзге жер, ауыз су және газ мәселесі де, тұрғындарды толғандырып келген мәселе екендігі жасырын емес.

 

 

Мәселен бір ғана Қазығұрт ауданында, «Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жер ортақ жайылымға қайтаруға жылдық жоспар 16,9 мың.га болса, бүгінде оның 8,7 гектар жайылым жер аудан қорына қайтарылып, 120 жеке және заңды тұлғалардың құжаттары сотқа жолданған. Сондай ақ, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында жеңілдетілген несие кәсіпкерлерге микрокредит беруге жылдық жоспар 140 кәсіпкер болса, 6 айдың қорытындысымен 64 кәсіпкерге жеңілдетілген несие берілген. Фракция мүшелерінің алдында есеп берген Азизхан Исмайлов жыл соңына дейін жоспар орындалатынын атап өтті. Депутаттар Ордабасы ауданы бойынша кәріз жүйесінің жоқтығын айтты. Аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлына Жастарды баспанамен қамту, жол жөндеу жұмыстары бойынша арнайы ұсыныс білдірді. Өз жұмыстарын орындамаған кәсіпкерлерді, міндеттемелері талапқа сай болмаған нысандар бойынша заңды шешім шығару керектігін де айтты. Бұдан өзге барлық депуттар өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салып, тиісті жауаптарын алды.

 

Басқосуда Фракцияның жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев , хаттамада көрсетілген тапсырмалады орындауды және аудан әкімі мен басқарма басшыларына бір қатар жұмыстарды жүйелендіру керектігін айтып, нақты ұсыныстар берді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі