Все записи автора Admin

Жетісайдағы жанжал: «Әйелім мен бала-шағамның көзінше ұрғаны намысыма тиді»

Түркістан облысы Жетісай ауданында болған жанжалға байланысты жаңа деректер пайда болды,деп хабарлайды ТАQ.KZ ақпараттық агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеода оқиғаның Жетісай ауданында орын алғаны айтылған болатын. Яғни орталық саябақтардың бірінде болған жанжалдың аяғы сұмдық оқиғаға ұласқан еді. Т есімді азамат А есімді азаматты ұрғаннан кейін, А есімді азамат Т есімді азаматты өз көлігімен қағып, оның денсаулығына зақым тигізген. Видеода зардап шеккен азаматтың аяғы сынғанын айтады. Бүгінде бұл оқиғаға байланысты қос тарап видео үндеу жариялап, бір-бірінен кешірім сұрады. А есемді азамат көлікпен не себепті қаққанын айтты. Толығырақ, @TAUELSIZ AQPARAT ютуб каналынан көре аласыздар…

ДЕПУТАТ ҮЙ СЫЙЛАДЫ

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылының тұрғыны Гүлзат Шайхұстанова облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбековтің демеушілігімен салынған жаңа баспанаға қол жеткізді. Бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған, қазіргі таңда жолдасымен бірге жалдамалы пәтерді паналап отырған І топтағы мүгедектігі бар баспана иесіне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғын үй кілтін табыстап, қоныс тойымен құттықтады.

– Біздің жағдайымызды, жеткізген мұң-мұқтажымызды елеп, ескеріп осы игі істі ұйымдастырып отырған облыс әкіміне, аудан басшысына үлкен рахмет. Қатты қуанып отырмын. Бақытты болыңыздар, – деді қуанышын жасыра алмаған жаңа үйдің иесі Гүлзат Темірханқызы.

Аудан орталығынан берілген жаңа үйге асхана жабдықтары орнатылып, су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Бау -бақша өсіруге арналған жері бар. Жер учаскесі қосалқы шаруашылықты дамытуға мүмкіндік береді. Мүгедектік арбамен үйіне кіріп-шығуға қолайлы болу үшін пандус қойылып, бар мүмкіндік жасалған.

КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңесінің көшпелі жиыны өтті. Көшпелі жиынға филиал жанындағы кеңестің төрағасы Ж. Тұрғанов, жайлы ортаны қалыптастыру басқармасы бөлімінің басшысы Н. Сейтжанов, кеңес мүшелері және партия филиалының қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасындағы тармақтардың жүзеге асырылуы талқыланды. Зерделеу жұмыстары Бозарық, Тұран және Шымсити елді-мекендерінде 2022 жылдың күз айы мен 2023 жылдың көктем айында отырғызылған ағаш көшеттерінің бүгінгі ахуалына жүргізілді.

Кеңес мүшелері көшпелі басқосуда сайлауалды бағдарлама аясында әзірленген Жол картасы тармақтарының орындалуы бойынша басқарма басшылығымен орман қызметкерлеріне бір қатар ұсыныстарын жеткізді.

САУРАНДА ОБЛЫС МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Темірбекова Жанар Амангелдіқызы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалы төрағасы С.Асылбеков, аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары А.Конырбаева, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы А.Акжанов және аудандық кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы С.Шакиров қатысты.

Бабайқорған ауылының тұрғыны Ш.Искакова 8 жасар қызының туылғаннан денсаулығы жоқ екендігін айта келе, шет елге ота жасатуға апаруға көмек көрсетуді, сондай ақ екінші қызының бір аяғы екінші аяғынан қысқа болуына орай мүгедектік топқа шығара алмай жүргендігін, сондай ақ 8 баланы өмірге әкелген ана осы күнге дейін өзіне тиесілі «Алтын алқа» медалін ала алмай жүргендігін айтып, көмек көрсетуді сұрап келді.

Мәселені мұқият тыңдаған Жанар Амангелдіқызы Түркия елінен Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне қарасты клиникаға жуырда білікті дәрігерлер келетіндігін, сол дәрігерлерге көрсетіп, мәселені шешуге ықпал жасайтындығын жеткізді. Тұрғынның екінші мәселесі бойынша аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары А.Конырбаеваға жан-жақты қарап заң аясында шешім қабылдау керектігін тапсырды. Ал көп балалы ананың үшінші мәселесі көпбалалы аналарға берілетін «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларды тағайындайтын ұлттық комиссияның құзырында екендігін жеткізді.

Қабылдауға келген Шорнақ ауылының тұрғындары А.Мұхамеджанова, Ә.Джумадуллаевалар биылғы мектеп бітіретін түлектерге жоғарғы оқу орнына түсу үшін қандай жеңілдіктер бар екендігін сұрап келді.Облыстық мәслихат депутаты Жанар Амангелдіқызы үстіміздегі жылдың 18 мамыр күні «СЕРПІН» бағдарламасы бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүретіндігін, оған аудандағы барлық талапкерлер мен ата-аналар қатысуға болатындығын,
ол жерде «СЕРПІН» бағдарламасы бойынша білім беру гранттары туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҰТО және 18 университеттің қатысуымен өтетін маңызды жиынға міндетті түрде қатысуға шақырды.

Қабылдауға келген Шорнақ ауылының тұрғыны Т.Ерімбет ауылдағы мемлекеттік бала бақшаның ғимаратының ескі екендігін, ауданда аналар мектебін ашуға ыңғайлы ғимарат бөлінсе, сондай-ақ әйелдерді кәсіпкерлікке баулу мақсатында көмектер көрсетілсе деген өтініштерін білдірді.
Мәселені мұқият тыңдаған халық қалаулысы кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруге ниет білдірген ауыл аналарына арнайы білікті мамандарды тарта отырып семинар тренингтер ұйымдастыратындығын жеткізді.
Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе қараусыз қалмайтындығын, арнайы бақылауға алынып заң аясында шешілетіндігін түсіндірді.

Қайрат Балабиев: Түркістан облысында халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесі өте өзекті

Түркістан өңіріндегі ең өзекті мәселенің бірі ауыз сумен қамтылмаған 124 ауылға су құбырын жүргізу жұмыстарын жеделдетуді ұсынып төменгі депутаттық сауалымды ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға жолдадым.

Құрметті Роман Васильевич!

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев су тапшылығының артып жатқанын ұдайы айтуда. Халқы ең тығыз орналасқан Түркістан облысында ауыз сумен, сапалы ауыз сумен қамту проблемасы бүгінде өткір мәселелердің қатарында.
Елімізде кезең-кезеңімен «Ауыз су» (2000-2010 жж.), «Ақбұлақ» (2011-2014 жж.), «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жер» (2015-2021 жж.) бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде Түркістан облысында халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту көрсеткіші Үкіметтің есептерінде 710 ауылды 93,3% — ды немесе 1 517,3 мың адамды құрайды. Дегенмен, 124 ауылды елді мекендерде су құбыры мүлдем жоқ, 109, 7 мың адам сапалы таза ауыз суға мұқтаж.
Негізгі себептер: технологиялық жүйелердің тозуы, су құбырларының техникалық жай-күйінің төмендігі, су құбырын тазарту құрылыстарының тиімді жұмыс істемеуі, мамандандырылған ұйымдардың болмауы және су құбыры желілері мен құрылыстарына қызмет көрсету және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыс істеп тұрған коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының жеткілікті жарақталмауы және т. б.
Үкіметтің есебіне сәйкес, 2022 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде қалаларда 135 жобаны іске асыруға 167 млрд. теңге және ауылдарда 267 жобаны іске асыруға 113 млрд. теңге қарастырылған. Оның қаншасы Түркістан облысына қарастырылды? 2022 жылы республика бойынша тексеру және санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы ауылдық елді мекендердегі су құбыры суының сынамасының санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізілді ме? Қаншасы нормативтік талаптарға сәйкес келмеді. Оны шешу үшін қандай шаралар қабылдануда?
AMANAT партиясы фракциясы келесі ұсыныстарды енгізеді:
1. Түркістан облысының 124 елді мекенінде ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған жедел түрде су құбырларын жүргізу үшін жоспарлы бағдарлама қабылдау керек және жедел түрде су құбырларын жүргізу шараларын іске асыруды.
2. Халыққа берілетін ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялық жабдықты, тарату желілерін, сүзгілерді және өзге де жабдықтарды уақтылы ауыстыруға, тарату желілеріне дезинфекция жүргізуді қадағалау өзекті.
«AMANAT» партиясы
фракциясының депутаты

#Amanat

ҰБТ-ға еркін киімде қатысуға рұқсат етілді

Ұлттық бірыңғай тестілеуге еркін киімде қатысуға рұқсат етілді. Сондай-ақ, оқушыларға өзімен бірге су және шокалад алып кіруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Taq.kz сайты

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеуі бойынша талапкерлерге бірқатар жеңілдіктер жасалды. Ереже-талапты орталық өзінің әлеуметтік парақшасында жариялаған. Онда тест тапсырушыларға еркін киімде келуге рұқсат етілген.

Құрметті талапкерлер! Сіздерге ҰБТ-ға мектеп формасымен келудің қажеті жоқ екенін айта кетейік. Яғни тестілеуге еркін киімде қатысуға болады. Бірақ этикаға сай, ұқыпты киініп келулеріңізді сұраймыз, — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, биыл тестілеу сынағына талапкерлер өзімен бірге су және шоколад алып келуіне болады.

Айта кетейік биыл ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілде аралығында өткізіледі.

Нұржан Әшіров: Еліміздің қуаттылығы — бірлікте.

Бүгінгі таңда әлемдегі құбылыстарды зерделей қарасақ, бейбіт өмір мен тұрақтылықтың, тыныштықтың қадірін арттыра түсетін жағдаяттар аз емес. Әлемде, жаһандық аумалы төкпелі жағдайды бастан кешкен, мемлекеттік жүйенің тепе-теңдігі бұзылған, берекесі төгіліп, бірлігі сөгілген елдердің саны артып келе жатқанын байқауға болады. «Ынтымақ болмай, іс оңбас» деген бабамыздан қалған сөз бар. Шындығында, бүгінгідей қатерлер аяқ астынан туындап жататын алмағайып заманда береке мен бірлік, татулық пен достық ауадай қажет. Өйткені, Тәуелсіздіктің тірегі — тұрақтылық. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі сан салалы істері, тұтастай жеткен жетістіктері тек бірліктің, ынтымақ пен тыныштық арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында ғана орын алды. Бірлігі, ынтымақтастығы жарасқан елде ғана тіршілік қайнап, тұрақтылық сақталып, болашақ дамуы да баянды болмақ.
Бұл ретте, Мемлекет басшысы қоғамда бірлік пен ынтымаққа ерекше көңіл аударып келеді. Бірлік болмай тірлік болмайды деген ата-баба өсиеті Президент Жолдауларының негізгі бағыты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында «Ата-бабаларымыздан қалған аманаттарды, қасиетті тіліміз бен халқымыздың бірлігі, басқа да толып жатқан рухани құндылықтарымызды, бай тарихымыз бен әдебиет, мәдениет пен өнерімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпақ, жастарымызға мирас етуіміз керек» -деп айтып өтті.
Сондықтан да «Аманат» партиясының фракция мүшелері, ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып, әр ауылда береке-бірліктің дамуына өз үлесімізді қосып, түсіндіру, тәрбие жұмыстарына барынша атсалысудамыз. Қай заманда, қай елде болмасын, адамдар арасында әр түрлі мәселелерге байланысты дау-дамай туындап, түсініспеушіліктер болып тұратыны өздеріңізге адамзат тарихынан белгілі. Осындай түйткілді мәселелердің алдын алу мақсатында ай сайын халықпен кездесіп, қоғамдық қабылдаулар, кездесулер өткізудеміз.
Өздеріңіз білетіндей, «AMANAT» парламенттік сайлаулардан кейін бірден өз сайлауалды уәделерін іске асыруға белсенді түрде кірісті. Сайлаудан кейінгі міндеттерге орай бүкіл қажетті партиялық инфрақұрылым жаңаша қайта құрылымданды. Жауапты депутаттар мен басшыларға бекітілген жол картасы іске асырылуда. Одан бөлек ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, жастарымызды патриоттыққа баулитын, халықтың барлық санатына бағытталған түрлі жобалары аясында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Атап айтар болсақ, «Ауыл аманаты», «Қайсар», «Халыққа көмек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра», «Кедергісіз келешек», «Таза Лайк», «Бақытты отбасы» жобалары аясында түрлі шараларға қатысамыз. Аталға жобаларың мақсаты мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру, өскелең ұрпақты мейірімділкке баулу,елдегі тұрақтылықты, бірлікті сақтауға дәріптеу болып табылады.

@Нұржан Әшіров — Түркістан облысы мәслихатының депутаты


Ел артқан сенім біреу. Ұстанған тура жолдан тайынбау. Төңіректегі түрлі қиындықтарға төтеп беру. Межелі міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін, еліміздегі тұрақтылықты сақтау үшін әрине, сыртқы саясатымыз да сындарлы болуы шарт. Әлеммен байланысымызды бекемдеу қажет. Бұл тұрғыда, Мемлекет басшысы, Қ.К. Тоқаев әлемдік саясатта да, елдік, ұлттық саясатта да өзін дәлелдеген кемеңгер басшы.
Еліміз үшін татулық пен тұрақтылықтан артық ешнәрсе жоқ. Тыныштықта өмір сүріп, алаңсыз еңбек еткенге, бақытты ұрпақ тәрбиелегенге не жетсін! Міне, ең бастысы – осы. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

Айта кетейік, Әшіров Нұржан Сапабекұлы 29 шілде 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1978-1983 жылдары Ташкент автомобиль жолдары институтында оқып,«автомобильдер және автомобиль жолдары» мамандығы бойынша «инженер механик» квалификациясын алып, еңбек жолын 1983-1986 жылдары Шымкент қаласындағы облыстық жолауышылар тасымалдау басқармасында инженер болып бастаған.1986-1996 жылдары Шарбұлақ ауылындағы Ленин ұжымшарында еңбек қорғау инженері, жөндеу-ұстаханасының меңгерушісі, жем-шөп дайындау цехының меңгерушісі, ұжымшардың бас инженері қызметтерін атқарды.
1996 жылы «Сапа» шаруашылығын ұйымдастырып, 2002 жылы ауыл округіндегі ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп «Сапа-2002» ЖШС-ін құрып, бүгінгі күнге дейін осы шаруашылықты басқарып келеді. «Сапа-2002» ЖШС қазіргі таңда егін шаруашылығынан элиталы тұқым өндіруші шаруашылық мәртебесін, мал шаруашылығынан асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылық мәртебесін алған. Қазіргі таңда 150 ге жуық азаматты жұмыспен қамтып отыр.
Депутаттық мерзімінде, алға қойылған міндетті орындау үшін аудан халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендерді газдандыруға арналған жобалардың өз уақытында және сапалы орындалуы, білім беру мен медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін шешуге атсалысты.
• Бүгінгі күнге дейін өзі туып өскен еліне
Тұрбат, Қақпақ, Шарбұлақ ауыл округтерінің елді мекендеріне газ құбырын тарту жобаларының іске асуына;
• Қазығұрт ауылының оңтүстік бөлігінен жаңа мектеп ғимаратын салу жұмыстары қолға алынып, О.Жандосов атындағы мектеп ашылуына;
• Тұрбат ауыл округінде Қызыл Дихан елді мекеніне, Құларық елді мекеніне, Шарбұлақ елді мекенініе жаңа көпір салуға қаржы бөлдіруге ықпал етті;
• Аудан орталығын абаттандыру, жаңадан салынған көшелерге электр энергиясын тарту, ішкі жолдар және басқа да коммуникациялар жүргізу басты назарда болып, Шарбұлақ ауылының бірнеше көшелері күрделі жөндеулерден өтті;
• Қызылқия, Айнатас, Ынталы, Қызылсеңгір, елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне қаржы бөлуге ықпал етті;
Қақпақ ауыл округінің Сырлысай, Тассай елді мекендерінде жол, ауыз- су, электр энергиясы мәселелерін шешуге қаржы бөлуге тиісті органдарға ұсыныс жасады;
• Соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге өз қаражаты есебінен материалдық жәрдем беріп келеді.
• Имандылық пен бауырмалдықтың рухани орталығы болсын деп Шарбұлақ ауылына өз қаражаты есебінен мешіт салдырды.
• Жол картасындағы өзіне жүктелген бағыттарды орындау барысында біршама кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандар іске қосылды, әлеуметтік үйлер пайдалануға берілді.
• Қазығұрт ауылы, Кезеңбұлақ елді мекені арқылы өтетін Үлкен Келес магистральды каналын 2 жағын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес қоршалуына өз септігін тигізді