Все записи автора Admin

УАҚЫТША ДЕПУТАТТЫҚ КОМИССИЯ МАҚТААРАЛ МЕН ЖЕТІСАЙ АУДАНДАРЫНДА БОЛДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Мағауия Тұрысбеков бастаған комиссия Мақтаарал мен Жетісай аудандарында болды . Аталған комиссия құрамында 15 облыстық мәслихатының депутаттары қамтылған. Бүгінде “Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттермен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі” туралы мәселені зерттеу және дайындау бойынша арнайы депутаттық комиссия өз жұмысын қарқынды атқаруда. Комиссияның негізгі жұмыстары бойынша өңірдегі аудандарды аралау жұмыстарын жалғастырып келеді. Мақсат, Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы қыркүйек айында өтетін кезекті сессияда, “Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттермен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі” туралы мәселені зерттеу және дайындау болатын.

 

Сапар барысында, уақытша депутаттық топ алдымен Мақтаарал ауданы, Мақтаарал ауыл округінде орналасқан жалпы жер көлемі 10 832 гектарды қамтитын ұзындығы 27,18 шақырымды құрайтын К-20 каналының жобасымен танысты. Аталған каналдың 5 шақырымдық бөлігі бетон қаптамасыз топырақты канал. К-20 каналы республикалық маңызы бар . Бүгінгі таңда К-20 каналының жалпы ұзындығы 208,76 шақырымды құрайтын 91 дана ішкі тармақтарына ИДЖЖ -2 жобасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда каналдың 27,18 шақырымдық негізігі бөлігі жеке тұлғаның меншігінде болуына байланысты аталған бағдарламаға енгізілмей қалған.

 

 

Бүгінде каналдың бағалау құны жасалған, сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта толық күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, су ресурстар комитетінің меншігіне өткізуге қажетті жұмыстар атқарылатын болады. Айта кетейін, облыстық бюджеттен жобалық сметалық құжаттарын дайындау үшін 52 млн теңге қаржы қаралып, конкурсқа жіберілмек.
Сонымен қатар, Жетісайда орналасқан “Cotton мақта 2” ЖШС мақта зауытының құрылыс жұмыстарымен де танысты. Жобаның жалпы құны 60 000 тонна. Зауыттың құрылысы 01.05.2023 жылы басталып, ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады. Мақта зауытының құрылысы аяқталса мекеме 300 адамды жұмыспен қамту мүмкіндігіне ие болады.

КІТАП СЫЙЛА АКЦИЯСЫ ӨТТІ

10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен дәл осы күн Абай күні деп бекітілген.
”AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанаты Түркістан облыстық филиалы Абай күніне орай “Кітап сыйла” акциясын ұйымдастырды.

 

Қала тұрғындар мен қонақтары арасында тұлғаға қатысты сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген жандарға “Абайдың қара сөздері” жыйнағы тарту етілді.

#AMANAT #ЖастарРухы #Abaibol

ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

2023-2024 жылғы оқу маусымының қарсаңында студенттік жатақханалардың даяырлығын тексеру мақсатында Түркістан облысы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе отырып мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бүгінде 10 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында орналасқан 7 жатақханада 3042 орын бар, қосымша 2 ОАОО 570 орын жалға алынса, 109 орын жергілікті хостелдермен келісім негізінде студенттерге берілетін болады.

 

 

 

Мониторингтік топ құрамында «Жастар Рухы» жастар қанаты төраға міндетін атқарушы Еркебұлан Мадиярұлы, ТО «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшы орынбасары, Төлеби аудандық мәслихат депутаты Есқұлов Пердебек, Түркістан облыстық Студенттер Альянсының төрайымы Тургунбекова Айсанам және ерікті жастар болды. Жауапты маман ретінде университетің «Жастар ісі жөніндегі департамент» басшысы Дәркенбай Аружан қатысты.

 

 

Мониторинг барысында жатақханалардың техникалық жабдықталуы, су-жылу жүйелері, ас орындары мен оқу залдары, қауіпсіздік құралдарының қаамтамасыз етілуі назарға алынды. Студенттер үйінде жүріп жатқан ішкі әрлеу жұмыстары ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін аяқталады деп мәлімдеді. Жатақхана жұмысы бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар университет басшылығына жолданды.

️АМАНАТТЫҚТАРДЫҢ АРАЛАСУЫМЕН ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ АУЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында сайлау науқаны кезінде айтылған уәделі жұмыстар, бүгінде оң шешімін тауып келеді. Өздеріңізге белгілі сайлау науқаны кезінде, депутаттыққа үміткер азаматтар ауыл-ауылдарды аралап елдің ұсыныс-тілектерін тыңдап, қоғамдық қабылдаулар өткізген болатын. Сайлау науқаны қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облысы Қазығұрт аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат хатшысы Т.Қалымбетов депутаттыққа үмітер ретінде халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған. Қабылдауға келген Қазығұрт ауылы, Табыс көшесінің тұрғыны Табыс Қазына көшелерінің электр желілерінің тозығы жетіп, жарамсыз күйде екендігін айтып шағымын білдірген еді. Депутаттан аталған көшенің электр желілерін ауыстырып беруіне ықпал жасауды сұраған.

 

Бүгінде күрмеулі проблема өз шешімін тауып, тұрғынның мәселесі орындалды. Қазығұрт елді мекенінің тұрғыны Б.Сарсенбаеваның қоғамдық қабылдау барысында көтерген ұсынысы зерделеніп, қолдау тапты. Аталған көшенің желілері толық ауыстырылды.
Айта кетейік, мәслихат сайлауында аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне 154- тен аса ұсыныстар келіп түскен. Оның басым бөлігі әлеуметтік көмек пен инфрақұрылымға қатысты өзекті проблемалар.

Түлкібас ауданының тұрғындарына «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы насихатталды

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Ұлытау облысының ақпараттық-түсіндірме жұмыс тобы Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.
2023 жылдың 9 тамызында Түлкібас ауданына Ұлытау облысынан келген жұмыспен қамту саласына жауапты басшылары мен әкімдік өкілдері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінің халқын Ұлытау облысына көшіруді насихаттау бағытында, аудан тұрғындарымен Түлкібас кент әкімі аппаратының мәжіліс залында кездесу өткізіп, мүмкіндіктер мен еңбек нарығының басым бағыттарын атап өтті.
Кездесудің мақсаты – «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында еңбек күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында, қабылдау өңірі Ұлытау облысындағы өңірлік квотаның орындалуы, бос орындар жәрмеңкелерімен таныстыру, еңбек нарығындағы жағдай, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, қоныс аударудағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсыну.
Аталған жиынды Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлы төрағалық етіп, жұмыс тобымен таныстырып өтті.
Насихаттық топ құрамына:
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Орынбаев Нуржан Серикович; тел: 8-777-262-92-24;
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы
Амангельдина Ляззат Жандарбековна; тел: 8-705-582-38-72;
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Койшыбаев Айдар Саятович; тел: 8-747-990-99-90;
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы
Даниярова Гулим Сапаровна; тел: 8-702-622-65-41;
«Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Әбен Берік Абдыкамалұлы; тел: 8-701-800-03-16;
«Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі
Бекішев Абай Данаұлы; тел: 8-777-486-49-41;
Ұлытау аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры
Аманжолов Баянқұл Курмангалиевич; тел: 8-705-579-30-30;
Жаңаарқа аудандық «Мансап орталығы» филиалының маманы
Сыздыкова Диана Бериковна; тел: 8-708-757-45-02;
Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі
Адикамов Жанғазы Мұратұлы; тел: 8-700-145-77-95;
Жаңаарқа ауданы Жұмажанов ауылдық округінің әкімі
Букербаев Думан Зейнуллахабдинұлы; тел: 8-775-990-42-60;
Ұлытау аудандық «Мансап орталығы» филиалының маманы
Мұңайтпас Аян Ноянұлы
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты Айнабұлақ ауылдық округі, М.Жұмажанов ауылдық округтерінен арнайы келген әкімдер қоныс аударуға ниет білдіріп жатқан аудан тұрғындарына өз тараптарынан, ауылдық шаруа қожалықтар тарапынан көрсетілетін көмек түрлерін жеткізіп, барынша қолдау көрсетілетінін атап айтты.
Сондай-ақ, кездесуге аудан тұрғындарының ішінде көпбалалы отбасылар, жастар, алқалы билері қатысты.
Жалпы саны 60 адам қатысып, олардың ішінде аталған өңірге қоныс аударуға қызығушылық білдірді.
Кездесу барысында насихаттық топ мүшелеріне жиналысқа қатысушылардан түрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Кездесу соңында жиналысқа келген тұрғындарға брошюралар таратылып, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлы үгіт-насихат жұмысымен келген жұмысшы тобына аудан тұрғындары атынан алғысын айтып, елбасымыздың ұстанып отырған саясатын іске асыру жолында жасалып жатқан еңбектерінің нәтижелі болуына тілектестігін білдіре отырып, ауданымыздың жұмыссыз, аз қамтылған, баспана мәселесінің шешімін таба алмай жүрген азаматтарды Ұлытау облысына қоныс аударуға және де кәсіпкерлердің осы облыс аумағында кәсіпкерлікпен шұғылдануына кеңес беріп жиынды қорытындылады.

«AMANAT»: Түркістан облысы мәслихатының депутаттары атқарған жұмыстары туралы баяндады

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғимаратында, партия филиалының ұйымдастыруымен бекітілген кестеге сәйкес барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының, БАҚ бірге өтетін баспасөз мәслихаты өз жұмысын жалғастыруда.
Кезекті брифинг, облыстық мәслихат депутаты Ағабеков Жаңабай Молдабайұлы мен Басымбек Бахыт Мүсірәліұлының қатысуымен өтті.

 

Халық қалаулылары БАҚ өкілдерінің алдында 4 айда атқарған жұмыстары туралы баяндады. Жалпы қос депутат бүгінге дейін бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізіп, сайлаушылармен кездесу жұмыстарының өткендігін, жол картасы туралы атқарылған жұмыстарына кеңінен тоқталды.

– Әр бір тұрғынның мәселесін жіті назарға алып, оның оң шешімді болуы үшін барынша қызмет жасаймыз. Депутаттық сауалдар жолдап, мәселенің шешілуін бақылауға аламыз. Аудандарда су, газ мәселесі үнемі күрделі проблема екендігі рас. Жер мәселесінің де басты назарда тұрғанын атап өткім келеді, – деді депутат Ж.Ағабеков.

 

Мұнан өзге де депутат Жаңабай Молдабайұлынан журналистер қауымы солтүстікке қоныс аудару мәселесі бойынша сұрақтар қойып тиісті ақпараттар алды.

Ал, депутат Бахыт Мүсірәліұлы, есепті кезеңде тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша облыстық құрылыс басқармасының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында Келес ауданы бойынша мектеп, мәдениет, әкімшілік ғимаратының құрылысына қаржы қарастыру бойынша депутаттық сауал жолдап, ол бүгінде өз шешімін қанағаттандырғанын айтты.

 

– Сессияда қабылданған әрбір шешім алдын-ала мәслихаттың тиісті тұрақты комиссияларында егжей-тегжейлі пысықталып, талқыланды. Мәселен өзіме қатысты комиссияның жұмысында,
– әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның ағымдағы жылдың 4 айында, 4 отырысы өткізіліп, 36 мәселе қарадық. Нақтырақ айтқанда, тұрақты комиссиялардың отырыстарында облыстық бюджетті нақтылау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, облыс әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамына өзгерістер енгізу, облыстық әкімшілік аумақтық құрылысы және атқарушы органдардың есептерін тыңдау туралы болады, – деді Б.Басымбек өз сөзінде.

 

Жалпы баспасөз мәжілісі аясында екі мәслихат депутаты журналистердің барлық толғандырған сұрақтарына жауап беріп, алдағы жұмыс жоспарларымен толыққанды бөлісті.
Айта кетейік, алдағы уақытта да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының баспасөз мәжілісі, кестеге сәйкес жалғасын табатын болады.

ЖАСТАР АРАСЫНДА ТОЛАҒАЙ СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының жанындағы “Жастар Рухы”жастар қанатың ұйымдастыруымен “ТОЛАҒАЙ” спорттық эстафеталық ойыны өтті. Ойынға 7 аудан, қаладан жыйналған жастар қатысты. Іс-шара барысында “Есірткіге жол жоқ” акциясы бойынша жастарға салауатты өмір салтын ұстану бойынша түсіндірме жүргізілді.

Түрлі бағыттағы спорттық ойындардың қорытындысы төмендегідей:
І орын – “Краш” командасы
ІІ орын – “ Джентльмен” командасы
ІІІ орын – “Көк бөрі” командасы

“ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ” АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы ”AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанаты ұйымдастыруымен Төлеби ауданы “Қуаныш” жазға сауықтыру лагерінде “Есірткіге жол жоқ” акциясы өтті. Мақсаты: өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық сезімді қалыптастыру, дұрыс бәсекелестікке жол ашу. Акция аясында жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы сурет салудан байқау өтті. Іс-шараның жалғасы командалар арасында патриоттық әндер жарысымен жалғасты.

#AMANAT #ЖастарРухы

Арыста кісі өлтірді деген күдікпен үш ер адам ұсталды

ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген үш адамды, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушыны ұстады.

 

 

Еске сала кетсек, 5 тамыз күні белгісіз біреулер салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

 

 

“Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы “Кісі өлтіру” бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру басталды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан “Сайга” қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, мотоцикл мен бетперделер тәркіленді.”, -деді Құрманбек Сахов – Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары

«Отырар-2050» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атқарған жұмыстары ауқымды

«Отырар-2050» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың 22 сәуіріндегі Отырар ауданы әкімдігінің  №128 қаулысымен құрылған. Мекеме теңгеріміндегі автотұрақтарды, суағарлар, гүлзарлар,субұрқақтар, көше жарықтандыру құралдарын және жаяу жүргінші жолдарын, саябақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бойынша қызмет атқарады. Бүгінгі таңда мекемеде 47 жұмысшы қызмет атқарады. Сонымен қатар мекемеге арнайы тіркелген 20- дана автокөліктер мен техникалар бар.

 

Мекеме теңгеріміндегі жалпы жер учаскелері. Атап айтқанда:

«Жасыл аймақ» алқабы                                                         -353га

Темір ауылында орналасқан «Ұсталар саябағы»               -8,7 га

«Жастар саябағы»                                                                 -5,6га

Орталық саябақ                                                                     -3,6 га

Ардагерлер саябағы                                                              -2,4 га

Темір ауылындағы саябақ                                                    -11,3га

Шәуілдір-Темір тас жолының оң жақ және сол жақ беті  – 17 га

«Тәуелсіздіктің -20 жылдығы атындағы саябақ»               -4,2га

 

Бүгінгі таңда, мекеме қызметкерлері күннің аптап ыстығына қарамастан, көшеттерді күтіп баптау, көше бойындағы ағаштарды күзеу, арық-атыздарды тазалап ретке келтіру, саябақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын атқаруда.

 

 

 

«Тәуелсіздігіне-20 жыл атындағы саябақтың ішіне ретке келтіру жұмыстары бойынша 4,2 гектар жердің арықтары тазаланып арам шөптер шабылды. Көктемгі көшеттер егілу үшін, көшет орындары қазылып 1500 түп қара ағаш көшеті, клен ағашынан 300 түп және 101 түп тұт ағашы  егілді.  Ал, Орталық саябақтардың ағаштары әктеліп 400 түп тұт ағашы және 70 түп туя егілді. Гүл егілетін орындар дайындалып ұрықпен егілуде. Суғару жұмыстары тұрақты бақылауда. Сондай-ақ, Жібек жолы даңғылы бойындағы егілген ағаш көшеттері арнайы техникалармен және канал арқылы суғарылуда. 500 дана тұт көшеті, 1332 дана сир роза көшеті отырғызылды»,- дейді “Отырар-2050” КММ директоры Мырзатай Артықбай Тәжіұлы.

 

 

Отырар ауданында саябақтар мен жасыл аймақ бойынша  жалпы ұзындығы – 1575 метр, ені- 75 метр  жер тегістеліп арық атыздар тартылып көшеттер егілген. 5,8 гектар жерге жалпы егілген көшеттер –  шырша 500 түп, жеміс ағаш 1200 түп, қараағаш 800 түп, терек 420 түп. Жалпы жалпы ұзындығы 800 метр, ені 30 метр жалпы көлемі 2,4 гектарға – шырша 220, қараағаш 421, терек 280, жалпы 4481 дана көшет егіліпті. Кенжеалив каналы арқылы ағын сумен қамтылған. Бүгінгі таңда күніне екі рет суғарылды.

 

 

 

«Мекеме теңгеріміндегі жалпы жер учаскелеріне қараағаш 1490, туя 113, сосна 42,шаған 600,тұт 940, сир роза 2300, роза 1900, аморфа 150, можжевельник – 9, терек 500 барлығы 8044 көшет егілді. Мекеме теңгеріміндегі барлық жер учаскелеріндегі ағаштарға және Жібек Жолы даңғылы бойындағы күз және көктем  айларында егілген ағаштардың өнімділігін жақсарту мақсатында «ГУМИ» минералды тыңайтқыштары берілді. Күтіп баптау жұмыстары бақылауда.», -дейді мекеме басшысы

 

 

Айта кетейік, мекемге 3-дана жаңа шөп оратын агрегат /газонокасилка/ және 1-дана электрлі шөп оратын орақ алынып, бұйрық арқылы бекітіліп, жауапты жұмысшыларға берілген.