В ТУРКЕСТАНЕ ТОРЖЕСТВЕННО ОТМЕТИЛИ 81-ЛЕТИЕ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЫ

В мемориальном комплексе «Даңқ» на территории парка «Женис» в Туркестане состоялось торжественное мероприятие, посвященное 81-летию Великой Победы. В нем приняли участие ветераны труда и тыла, представители интеллигенции, военнослужащие, молодежь, жители города. В ходе торжественной церемонии участники минутой молчания почтили память погибших в годы жестокой войны. Также была организована церемония возложения цветов к “Вечному огню” и поклонения героическому подвигу фронтовиков и тружеников тыла.

Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров поздравил с праздником Победы и отметил самоотверженный подвиг и исторический труд казахстанцев во Второй мировой войне.

– От всей души поздравляю вас с 81-й годовщиной Победы в Великой Отечественной войне! Этот праздник – символ бессмертного подвига. Во время Второй мировой войны казахстанцы самоотверженно сражались на фронтах и проявили особый героизм. Многие трудились и в тылу, не жалея сил, и внесли свой вклад в победу. Таким образом, фашизм был побежден. Как отметил Глава государства Касым-Жомарт Кемелович Токаев, Казахстан внес неоценимый вклад в общую победу человечества, торжество справедливости и свободы. Более 1,2 миллиона бойцов из нашей страны ушло на фронт, половина не вернулась. Среди них немало героев и славных воинов, более 500 наших земляков стали Героями Советского Союза. Из южного региона на войну отправилось свыше 140 тысяч граждан, половина из них погибла за Родину. Их возвышенный дух и самоотверженность стали незабываемым свидетельством велипого подвига. Мы будем прославлять подвиг наших дедов и передавать память будущим поколениям. Сегодня ряды ветеранов редеют. В области осталось всего три ветерана Великой Отечественной войны. Они – живая история. Также проживает более трех тысяч ветеранов тыла. Государства заботится о них. Мы никогда не забудем наших героев. Еще раз поздравляю всех с Днем Победы! Пусть в стране всегда царит мир! Пусть процветают будущие поколения, а наша независимость укрепляется! – сказал Нуралхан Кушеров.

Председатель Туркестанского областного совета ветеранов Женисбек Мауленкулов отметил, что чествование ветеранов – это священный долг следующих поколений. Участники мероприятия посетили аллею Славы, где почтили память погибших героев. Мероприятие продолжилось концертной программой, звучали патриотические песни.

Отметим, сегодня в Туркестанской области осталось три ветерана Великой Отечественной войны. Лиц, приравненных к участникам ВОВ, насчитывается 1462, ветеранов тыла – 2 082.

В настоящее время ветераны Великой Отечественной войны проживают в Сайрамском, Сарыагашском и Жетысайском районах. Им оказывается поддержка со стороны государства. В этом году ветеранам вручили по 5 млн тенге. В рамках закона также предусмотрена единовременная социальная помощь лицам, приравненным к участникам ВОВ, ветеранам тыла, женщинам умерших инвалидов войны.

ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН АНАЛАР.

Бүгін Созақ ауданына қарасты Балдысу ауылында ел тарихын ұлықтап, аналардың ерен еңбегіне тағзым ету мақсатында «Жеңісті жақындатқан аналар» атты ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тағылымы мол игі шараның бастамашысы – «Ауыл» партиясының мүшесі, «Ауыл» партиясы Түркістан облыстық өңірлік филиалы саяси кеңесінің мүшесі Ерубай Әлмаханұлы Дуанаев.
Салтанатты іс-шараға «Ауыл» партиясы атынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Салыбек Қайрат Келесұлы, Созақ ауданы бойынша «Ауыл» партиясы аумақтық ұйымының төрағасы Бабиев Аманкелді Әбибуллаұлы, сондай-ақ «Ауыл» партиясы атынан сайланған Созақ аудандық мәслихатының депутаты Сапарбаев Рыскелді Ұнсарыұлы арнайы қатысып, ауыл ақсақалдары мен ардақты аналарына құрмет көрсетті.
Шара барысында ескерткіштің лентасы қиылып, көпшілік соғыс жылдарында тылда тынымсыз еңбек етіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан аналардың рухына тағзым жасады. Өз сөзінде Қайрат Келесұлы:
«Соғыс жылдарында аналарымыз бен аталарымыз елдің ауыр жүгін қайыспай көтеріп, адал еңбектің ерен үлгісін көрсетті. Осындай тарихи еңбекті кейінгі ұрпаққа өнеге етіп, есімдерін алтын әріппен жазып қалдыру – үлкен сауапты іс. Осындай бастама көтерген азаматтарға алғысымды білдіремін», – деп ізгі тілегін жеткізді.
Сондай-ақ арнайы дайындалған сый-сияпаттар ауылдың ардақты аналары мен ақсақалдарына табысталды. Іс-шара соңында құран бағышталып, ас берілді.
Мерекелік жиын ауыл жастарының концерттік бағдарламасына ұласып, сахналық көріністер арқылы соғыс жылдарындағы аналардың ауыр тағдыры мен қажырлы еңбегі әсерлі түрде бейнеленді. Көрермендер тарихи қойылымнан ерекше әсер алып, аналардың қайсар рухына тағы бір мәрте тағзым етті.


Шара басталар алдында Ерубай ақсақал келген қонақтарды ауыл ішіндегі табиғаты көркем, суы балдай тәтті Табақ бұлақтың басына бастап барып, қасиетті өлкенің тарихымен таныстырды. Қарт Қаратау мен Келіншек тау туралы тағылымды әңгімелер айтып, туған жердің шежіресіне терең бойлатты. Бұл тағылымды кездесу қонақтарға ерекше әсер сыйлап, туған жер тарихына деген құрметті арттыра түсті.
Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы кейінгі ұрпақ бейбіт өмірдің қадірін терең түсініп, ел бірлігі мен тыныштығының баға жетпес құндылық екенін ұғынады. Ендігі жерде жер бетінде қасіретті соғыс болмасын, аналардың көз жасы төгілмесін, сәбилер жетімсіреп, шаңырақтар ортасына түспесін деген ақ тілектер айтылды. Батыр аналардың төзімі мен еңбегі мәңгі ел жадында сақталып, ұрпаққа рухани мұра болып қала бермек.

Ұлы Жеңіске биыл 81 жыл!

9 мамыр, ерлік пен елдіктің, батырлық пен қайсарлықтың мәңгілік символына айналған қастерлі күн. Ұлы Жеңіс, тарих бетінде алтын әріппен жазылған ұлы мереке. Бұл күн, бейбіт өмір үшін жанын аямаған боздақтарды еске алып, майдан мен тылда еңбек еткен ардагерлерге тағзым ететін ерекше дата.

Сұрапыл соғыс жылдары қазақ даласынан аттанған мыңдаған азамат Отан үшін от кешіп, ерліктің өшпес үлгісін көрсетті. Олар бізге бейбіт аспан, тыныш өмір мен Тәуелсіз елдің жарқын болашағын аманат етті. Сондықтан Жеңістің қадірін ұғыну, өткенге құрмет көрсету және оны келер ұрпаққа жеткізу, бүгінгі біздің міндетіміз деп білемін.

Бүгінде уақыт алға жылжыған сайын сол сұм соғыстың куәгерлері де арамыздан сиреп барады. Қазіргі таңда Түркістан облысында Ұлы Отан соғысының үш ардагері ғана өмір сүріп жатыр. Олар:
🏅 Жетісай ауданындағы 101 жастағы Папков Петр Кузьмич,
🏅 Сайрам ауданындағы 100 жастағы Ахметжан Анартаев,
🏅 Сарыағаш ауданындағы 103 жастағы Эрмохан Ишхонов.

Бұл ардагерлер, ел үшін жанын шүберекке түйіп, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін күрескен батыр жандар. Олардың өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлкен тағылым, сарқылмас рух пен патриотизмнің айқын үлгісі.

Бейбіт өмір, бұл ең үлкен баға жетпес байлығымыз. Еліміздің тыныштығы мен бірлігі, халқымыздың, әр бір ер жетіп келе жатқан жас ұрпақтың амандығы әрдайым ең асыл құндылығымыз болып қала береді. Сондықтан елдігімізді сақтап, батыр бабаларымыздың ерлігін ұлықтау баршамыздың қасиетті борышымыз.

Ұлы Жеңіс күні әр шаңыраққа қуаныш, береке мен бақ әкелсін!
Ардагерлеріміз аман болып, олардың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталсын!
Көк туымыз көкте желбіреп, Тәуелсіз еліміздің тұғыры әрдайым биік болсын!

Барша жерлестерімізді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметпен,
Түркістан облыстық мәслихат депутаты
Қанат Нышанов.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығарубойынша қызметтер көрсетуге (Жария шарт)

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгентәртіппен Әділет департаментінде тіркелген «Clean Village»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкент, (БСН210440014989), бұдан әрі көрсетілетін қызметті беруші, жарғынегізінде әрекет ететін директор К.А.Орунбаев атынан, біржағынан және үй-жайдың меншік иесі/жалдаушысы (жекетұрғын үй, пәтер, тұрақты тұруға арналған жәнепайдаланылатын жатақхана бөлмесі), бұдан әрі“тұтынушы”деп аталады екінші жағынан, сондай-ақ ҚРЭкологиялық Кодексінің 367-бабын назарға ала отырып, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету бойынша қызметтер көрсетуге осы Шартты (бұдан әрі Шарт)төмендегілер туралы жасасты:

Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) “Қатты тұрмыстық қалдықтар”, ҚТҚ қатты нысандағыкоммуналдық қалдықтар;

2) “коммуналдық қалдықтар” елді мекендерде, оның ішіндеадамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын тұтынуқалдықтары, сондайақ құрамы мен түзілу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары;

3) “сұйық қалдықтар” сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;

4) “ірі көлемді қоқыс” тұтыну және шаруашылық қызметтіңқалдықтары (Тұрмыстық техника, жиһаз және т. б.), өзініңтұтыну қасиеттерін жоғалтқан және өзінің мөлшері бойынша арнайы қоқыс жинайтын машиналармен тасымалдаумүмкіндігін болдырмайтын;

5) “қоқыс шығаратын ұйым” коммуналдық қалдықтардымамандандырылған көлікпен әкетуді жүзеге асыратын ұйым;

6) “құрылыс қоқысы” -ғимараттарды немесе құрылыстардынемесе жекелеген конструкторлық элементтерді бөлшектеу(бөлшектеу) процесінде, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жәнежөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезінде пайда болған қоқыс;

7) “Тариф” қалдықтарды сақтау орындарынан қайта өңдеу,орналастыру (көму), сақтау пункттеріне ҚТҚ-ның 1 текшеметрін (м3) әкету құны;

8) “ҚТҚ әкету” қызметіне ақы төлеу мөлшеріқызметке ақытөлеу құны Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3сәуірдегі №2/16-VIII шешімімен бекітілген қолданыстағытарифке, сондай-ақ Шымкент қаласы мәслихатының 2022жылғы 12 тамыздағы 20/179 VІІ шешімімен бекітілгенШымкент қаласы бойынша ҚТҚ қалыптасу және жинақталунормаларына сәйкес (бұдан әрі-ҚТҚ қалыптасу жәнежинақтау нормалары);

9) Контейнерлік алаң (қоқыс жинағыш)” тұрғын үйлерде/әкімшілік ғимараттарда (оның ішінде тұрғын емес үй-жайларда) орналасқан үй-жайлардың меншік иелері/жалдаушылары қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауғаарналған ортақ нүкте (қалдықтарды жинаудыңорталықтандырылған жүйесінің бөлігі).

1. Шарттың Мәні

1.1. Осы Шарттың мәні көрсетілетін қызметті берушінің ҚТҚжинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегіөтеулі қызметтерді (бұдан әрі Қызметтер) оларды жинақтауүшін бөлінген орындардан (контейнерлік алаңдардан) көрсетуі және тұтынушының шарттың талаптарына сәйкес көрсетілгенқызметтерге ақы төлеуі болып табылады.

1.2. Көрсетілетін қызметті беруші қоқыс шығаратын ұйымбола отырып, тұтынушыға Шымкент қаласының аумағынанкоммуналдық қалдықтарды әкету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау жөніндегі жеңген тендернәтижелері негізінде уәкілетті органдар бекіткен учаскелердеқызметтер көрсетеді. 2. Есеп айырысу тәртібі мен шарттары2.1. Қызметке ақы төлеу мөлшері жергілікті өкілді органбелгілеген тариф өзгерістеріне сәйкес белгіленеді жәнеөзгертіледі. Шымкент қаласы бойынша бекітілген тариф:көпқабатты тұрғын үйлердегі бір тұрғын үшін 378 теңге, жекеүйлердегі бір тұрғын үшін 413 теңге.

2.2.Қызметтер үшін төлем мөлшерін өзгерту Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасына және уәкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес, бекітілген тарифтер негізінде жүзеге асырылады.

Тариф өзгерген жағдадайда Қызмет көрсетуші Тұтынушыны хабардар етеді, бұл ретте тарифтердің жария және міндетті сипатына байланысты Тұтынушымен қосымша келісу талап етілмейді.

Төлем мөлшерінің өзгеруі жеке жағдайларға (тұратын адамдар санының өзгеруі, қайта есептеу жүргізу, деректерді нақтылау) байланысты болған кезде, мұндай өзгерістер Тұтынушымен келісу арқылы, оның ұсынған мәліметтері немесе растайтын құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

2.3. ҚТҚ әкету үшін төлем көрсетілетін қызметті беруші есеп айырысу шотына аудару немесе көрсетілетін қызметті берушінің кассасына ақша қаражатын енгізу жолымен қойғантөлем құжаттары бойынша есеп айырысу айынан кейінгіайдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

2.4. Тұтынушы және/немесе онымен бірге тұратын адамдар уақытша болмаған жағдайда, тиісті өтінішті еркін нысандажәне растайтын құжатты (уақытша тұратын жері бойыншатіркеу туралы анықтама, емдеу мекемесінің анықтамасы,жұмыс орнынан, санаторий-курорттық жолдама) берген жағдайда, ол болмаған уақыт үшін қызметтер үшін ақыалынбайды, қонақ үйде тұру үшін төлем туралы түбіртек жәнет. б.). Көрсетілген мән-жайлар тұтынушы өтініш берген сәттенбастап төлемді қайта есептеу үшін назарға алынады.

3. Тұтынушының құқықтары мен міндеттері

3.1. Тұтынушы құқылы:

3.1.1. “Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға,пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға,сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” Санитариялыққағидаларының талаптарына сәйкес ҚТҚ уақтылы әкетуге.

3.1.2. Тарифтерді қолдану және қызметтерге ақы төлеу мөлшері туралы ақпарат алуға;

3.1.3. Көрсетілетін қызметті берушінің ақылға қонымдымерзімде қызмет көрсетуде анықталған кемшіліктерді жоюға; 3.1.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынасәйкес айқындалатын мөлшерде және тәртіппен қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің кінәсінентұтынушының денсаулығына және/немесе мүлкіне келтірілген залалдар мен зиянды толық көлемде өтеуге;

3.1.5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынасәйкес оның құқықтары бұзылған жағдайда соттық қорғауға.

3.1.6. Қызмет көрсетілмеген немесе тиісінше көрсетілмеген жағдайда төлемді қайта есептеуді талап етуге

3.1.7. Тұтынушы нақты көрсетiлмеген қызмет үшiн немесе қызмет көрсетушi шарт бойынша қызмет көрсету шарттарын бұзғаны үшiн төлем жасамайды, сонымен қатар тұтынушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өсiмпұл өндiрiп алуға құқылы.

;

3.1.8. Көрсетілетін қызметті берушіге шағым жасап, анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге.

3.2. Тұтынушы міндетті:

3.2.1. Уақтылы және толық көлемде, осы Шартта белгіленгенмерзімде қызметтерге ақы төлеу;

3.2.2. Тұтынушы төлем мөлшеріне әсер ететін өзгерістер туралы мәліметтерді уақтылы қолжетімді байланыс құралдары арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну арқылы ұсынуға міндетті;

3.2.3. Тұтынушы тұрғындардың саны туралы мәліметтерді растау мүмкіндігін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және оның құқықтарын бұзбайтын тәртіпте қамтамасыз етеді.;

3.2.4. Көрсетілетін қызметті берушімен жылжымайтынмүлікпен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалған жағдайда, алып жатқан тұрғын үй-жайдан шыққан күнге дейін не жалғаберілетін тұрғын үйден шыққан жағдайда толық есеп жүргізу;

3.2.5. Онда пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтардыконтейнерлік алаңдарға салыңыз;

3.2.6. Сұйық қалдықтарды төгуге, құрылыс қоқыстарын,топырақты, ірі көлемді қоқыстарды, металл сынықтарын,ағаштарды, жапырақтарды, бұтақтарды қоқыс жинағыштарғатастауға жол бермеңіз;

3.2.7. Бұл үшін белгіленбеген орындарда (контейнерлікалаңдардан басқа) ҚТҚ және өзге де қоқыстарды жинауға,сондай-ақ оларды жерге көмуге, контейнерлерде, аулалар менкөшелерде өртеуге, кәдеге жаратудың өзге де тәсілдеріне жол бермеуге;

3.2.8. Сақтауды қамтамасыз ету мақсатында қоқыс жинағыштар мен контейнерлік алаңдардың қоршауларынаұқыпты қарау; 3.2.9. Контейнерлік алаңдарғамамандандырылған техниканың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;

3.2.10. Қазақстан Республикасының қолданыстағызаңнамасында және осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

4. Көрсетілетін қызметті берушінің құқықтары менміндеттері

4.1. Көрсетілетін қызметті берушінің құқығы бар:

4.1.1. Төлемдерді төлеу мерзімдері бұзылған жағдайдатұтынушыдан қызметтер үшін төлемді уақтылы және толықкөлемде алуға және шартта көзделген шараларды қабылдауға; 4.1.2. Тұтынушы шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін төлем мерзімдерін бұзған кезде көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының қолданыстағызаңнамасына сәйкес берешек сомаларын және айыппұлсанкцияларын өндіріп алуға құқығы бар.

4.1.3. Келеісім-шарттың 3.2.2-тармағында көрсетілгенмән-жайлар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметтергетариф, сондай-ақ “ҚТҚ әкету” қызметіне ақы төлеу мөлшерінөзгертуге.

4.2. Қызмет көрстеушінің міндеттері:

4.2.1. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтықактілеріне сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісілген кестебойынша өзіне бекітілген учаскелерді ҚТҚ-дан жоспарлы-тұрақты тазалауды жүзеге асыру;

4.2.2. Контейнерлерден қоқыс таситын көлікке түсіру кезіндеоянған қоқысты тазалауды жүргізу;

4.2.3. Қозғалыс сызбасымен және өзгерген пайдаланужағдайларына сәйкес маршруттық кестелерді жасау жәнетүзету; 4.2.4. Контейнерлерді сақтау мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды тиеу кезінде жабдыққа ұқыпты қараукерек;

4.2.5. Бірыңғай есеп айырысу орталығы (БТО) арқылытұтынушыға қызметтер көрсетілген айдан кейінгі айдың15-күніне дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету үшінтөлем құжаттарын ұсыну;

4.2.6. Нақты тұратын адамдардың саны туралы мәліметтергесәйкес қызмет көрсеткені үшін төлемдерді есептеу;

4.2.7. Тұтынушыға ҚТҚ әкетуге арналған тарифтердіңөзгергені, сондай-ақ ҚТҚ әкету шарттарының өзгергені туралыоларды енгізгенге дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен хабарлау;

4.2.8. Қазақстан Республикасының қолданыстағызаңнамасында және осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.

4.2.9. Қызметтерді қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша бекітілген кестеге сәйкес көрсетуге;

4.2.10. Қызметтердің сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етуге міндетті.

5. Тараптардың жауапкершілігі

5.1. Көрсетілетін қызметті беруші мен Тұтынушы ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес өздерінің шарттықміндеттемелерін орындамағаны немесе тиісіншеорындамағаны үшін жауапты болады.

5.2. Қызметтер уақтылы төленбеген жағдайда тұтынушыкөрсетілетін қызметті берушіге өсімпұл төлейді. Өсімпұлесептеу есепті айдан кейінгі айдың 26-күнінен бастап кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген соманың 0,1%мөлшерінде, бірақ төленбеген соманың 10% – нан аспайтынмөлшерде жүргізіледі.

5.3. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы Шартбойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауданбосатпайды.

Көрсетілетін қызметті берушінің кінәсінен қызметтер көрсетілмеген немесе тиісінше көрсетілмеген, соның ішінде қоқыс шығару кестесі бұзылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші Тұтынушыға әрбір кешіктірілген күн үшін қызмет құнының 0,1% мөлшерінде, бірақ жалпы соманың 10%-нан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді.

6. Дауларды қарау тәртібі

6.1. Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптароларды сотқа дейінгі реттеу үшін барлық қажетті шаралардықабылдауға міндеттенеді.

6.2. Туындаған даулар бойынша келісімге қол жеткізілмеген кезде олар Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен шешілуге тиіс. Бұл ретте шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот даулары Қызмет көрсетілетінтұтынушының жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша қаралуға тиіс.

6.3. Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан РеспубликасыАзаматтық кодексінің ережелеріне, Шымкент қаласыныңаумағын абаттандырудың қолданыстағы ережелеріне жәнеҚазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтықактілеріне сәйкес қаралады.

7. Шарттың қолданылу мерзімі

7.1. Шарт бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен және көрсетілетін қызметті берушінің тұтынушы үшінҚТҚ әкету бойынша қызметтер көрсетілген күннен бастап күшіне енеді.

7.2. Осы шарт Қызмет көрсетуші қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі оператор (жеткізуші ретінде) айқындалған мемлекеттік- жекешелік әріптестік шартының мерзімі ішінде қолданылады. Мемлекеттік – жекешелік әріптестік шартының мерзімі ұзартылған, пролонгацияланған немесе өзгеше өзгертілген жағдайда, осы шарт қосымша келісім жасапай, тиісті мерзімге автоматты түрде ұзартылған болып есептеледі.

Шарт ЖАО хаты тоқтатылған күнге дейін қолданылады, ал соңғысы ұзартылған жағдайда сол мерзімге ұзартылған болып есептеледі.Қызмет көрсетілмеген немесе тиісінше көрсетілмеген жағдайда, тиісті кезең үшін төлем алынбайды немесе азайтылады.

     

8. Форс-мажор жағдайлары

8.1. Тараптар шарт жасасқаннан кейін пайда болған жәнеТараптар болжай алмаған, ақылға қонымды тәсілдермен алдынала алмаған еңсерілмейтін күш мән – жайларының (дүлейқұбылыстар, апаттар, төтенше жағдай режимін енгізу және т.б.,бұдан әрі-“Форс-мажор”) әсерінен шарт бойынша өзміндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшінжауапкершіліктен босатылады.

8.2. Форс-мажор мән-жайлары басталған кезде Тараптар Форс-мажор мән-жайларының әсеріне ұшыраған тарап екіншітарапқа Форс-мажор мән-жайларының басталғаны туралы дереу хабарлаған және олардың қолданылуы тоқтатылған кездеШарт талаптарын орындауды қайта бастаған жағдайда, шарттық міндеттемелерді сақтамағаны үшін материалдықжауаптылықтан босатылады.

8.3. Форс-мажордың мән-жайларын ҚазақстанРеспубликасының уәкілетті органы куәландыруға тиіс.

9. Ерекше шарттар

9.1. Жария шарт жасасу кез келген қызмет түрін жүзеге асыру процесінде ҚТҚ-ның тұрақты қалыптасуына, ҚТҚ-ны уақтылыкәдеге жарату және белгіленбеген жерлерде ҚТҚ-ның заңсызтөгілуіне жол бермеу және олардың қоршаған табиғи ортағатеріс әсер етуіне жол бермеу қажеттілігіне байланысты

9.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің387бабына сәйкес жария болып табылады.

 

Публичный договор на оказание услуг по сбору и вывозу твёрдых бытовых отходов

Товарищество с ограниченной ответственностью «CleanVillage», зарегистрированный в установленном законодательством Республики Казахстан порядке в Департаменте юстиции г. Шымкент, (БИН 210440014989), именуемое в дальнейшем Услугодатель, в лице директора Орунбаев Канат Амангазиевич, действующего(ей) на основании Устава,  с одной стороны и Собственник/Наниматель помещения (индивидуальный жилой дом, квартира, комната в общежитии, предназначенная и используемая для постоянного проживания), именуемый в дальнейшем «Потребитель», с другой стороны, далее совместно именуемые как «Стороны», на основании статьи367 Экологического кодекса РК, заключили настоящий Договор на оказание услуг по сбору и вывозу твёрдых бытовых отходов (далее – Договор) о нижеследующем:   

Основные понятия, используемые в Договоре: 

1) «Твердые бытовые отходы», «ТБО» – коммунальные отходы в твердой форме;

2) «Коммунальные отходы» – отходы потребления, образующиеся в населенных пунктах, в том числе в результате жизнедеятельности человека, а также отходы производства, близкие к ним по составу и характеру образования;

3) «Жидкие отходы» – любые отходы в жидкой форме;

4) «Крупногабаритный мусор» – отходы потребления и хозяйственной деятельности (бытовая техника, мебель и др.), утратившие свои потребительские свойства и по своим размерам исключающие возможность транспортировки специальными мусороуборочными машинами;

5) «Мусорвывозящая организация» – организация, осуществляющая вывоз коммунальных отходов специализированным транспортом;

6) «Строительный мусор» – мусор, образовавшийся в процессе разборки (демонтажа) зданий или сооружений, или отдельных конструкторских элементов, а также, при выполнении строительно-монтажных и ремонтно-строительных работ;

7) «Тариф» – стоимость вывоза 1 кубического метра (м3) ТБО на пункты переработки, размещения (захоронения), хранения отходов с мест их складирования;

8) «Размер оплаты услуги «Вывоз ТБО» – стоимость оплаты услуги, установленная в соответствии с действующим Тарифом, утвержденным решением Маслихата города Шымкент от 3 апреля 2023 года №2/16-VIII, а также Нормами образования и накопления ТБО по городу Шымкент,утвержденными Решением Маслихата города Шымкент от 12 августа 2022 года № 20/179-VІІ (далее – Нормы образования и накопления ТБО);

9) «Контейнерная площадка (мусоросборник)» – общая точка для сбора твердых бытовых отходов собственниками/нанимателями помещений, расположенных в жилых домах/административных зданиях (в том числе нежилых помещениях) (часть Централизованной системы сбора отходов).

 

1. Предмет Договора 

1.1. Предметом настоящего Договора является оказание Услугодателем возмездных услуг по сбору, вывозу, утилизации, переработке и захоронению ТБО (далее – Услуги) из мест, отведенных для их накопления (Контейнерных площадок), и оплата Потребителем указанных Услуг, в соответствии с условиями Договора.

1.2. Услугодатель, являясь мусоровывозящей организацией, оказывает Услуги Потребителю на участках, закрепленных за ним уполномоченными органами на основании результатов выигранного тендера по определению поставщика услуг по вывозу коммунальных отходов с территории г. Шымкент.

 

2. Порядок и условия расчетов

2.1. Размер оплаты Услуги устанавливается и изменяется в соответствии с изменениями Тарифа, установленного местным представительным органом. Утвержденный тариф по городу Шымкент: 378 тенге за одного жителя в благоустроенных домах, 413 тенге за одного жителя в частных домах.

2.2. Оплата за оказаннные Услуги производится исходя из количества фактически проживающих либо зарегестрированных лиц.

В случае изменения тарифа Услугодатель уведомляет потребителя, при этом дополнительное согласование с потребителем не требуется, поскольку тарифы носят публичный и обязательный характер.

В случаях, когда измение размера оплаты связано с индивидуальными условиями (изменение количества проживающих, перерасчет, уточнение данных), такие изменения осуществлются по согласованию с Потребителем на основании предоставенных им сведений либо подтверждающих документов.

       2.3. Оплата за вывоз ТБО производится не позднее 25 числа месяца, следующего за расчетным месяцем по платежным документам, выставленным Услугодателем путем перечисления на расчетный счет или внесения денежных средств в кассу Услугодателя.  

2.4. В случае временного отсутствия Потребителя и/или лиц, совместно проживающих с ним, оплата за Услуги за время его/их отсутствия не взимается, при условии подачи соответствующего заявления в свободной форме и подтверждающего документа (справка о регистрации по месту временного проживания, справка лечебного учреждения, с места работы, санаторно-курортная путевка, квитанция об оплате за проживание в гостинице и т.д.). Указанные обстоятельства принимаются во внимание для перерасчета оплаты с момента подачи Потребителем заявления.

3. Права и обязанности Потребителя 

3.1.  Потребитель имеет право:

3.1.1. На своевременный вывоз ТБО в соответствии с требованиями Санитарных правил  «Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления».

3.1.2. На получение информации о применении Тарифов и Размера оплаты Услуг;

3.1.3. На устранение Услугодателем выявленных недостатков в предоставлении Услуг в разумные сроки;

3.1.4. На возмещение в полном объеме убытков и вреда, причиненных здоровью и/или имуществу Потребителя по вине Услугодателя при оказании Услуг в размере и порядке, определяемым в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

3.1.5. На судебную защиту в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан в случае нарушения его прав.

3.1.6.  Требовать перерасчета платы в случае неоказания либо ненадлежащего оказания Услуг;

3.1.7. Не производить оплату за фактически неоказанные Услуги либо при нарушений Услугодателем сроков окозание по Договору Услуги, а также Потребитель имеет право взысканий штрафных санкций, согластно действуюшему законадательству РК.  

3.1.8. Обращаться с претензией к Услугодателю и требовать устранения нарушений в разумный срок.

3.2. Потребитель обязан:

3.2.1. Своевременно и в полном объеме, в установленные в настоящем Договоре сроки, оплачивать Услуги;

3.2.2. Потребитель обязан своевременно предоставлять Услугодателю сведения об изменениях, влияющих на расчет платы, в том числе посредством доступных способов связи либо при обращении к Услугодателю;

3.2.3. Потребитель обеспечивает возможность подтверждения сведений о количестве проживающих лиц в порядке, не нарушающем его права и в соответсвии с законодательством Республики Казахстан;

3.2.4. Произвести полный расчет с Услугодателем, в случае совершения гражданско-правовых сделок с недвижимостью до даты выезда из занимаемого жилого помещения, либо в случае выбытия из арендуемого жилья;

3.2.5. Складировать образовавшиеся у него ТБО в Контейнерные площадки;

3.2.6. Не допускать слива жидких отходов, выброса строительного мусора, грунта, крупногабаритного мусора, металлолома, спила деревьев, листвы, веток в мусоросборники;

3.2.7. Не допускать складирования ТБО и иного мусора в неустановленных для этого местах (кроме как на контейнерных площадках), а также их закапывания в землю, сжигания в контейнерах, во дворах и на улицах, иных способов утилизации;

3.2.8. С целью обеспечения сохранности, бережно относиться к мусоросборникам и ограждениям контейнерных площадок;

3.2.9. Обеспечить беспрепятственный доступ специализированной техники к контейнерным площадкам;

3.2.10. Выполнять иные обязательства, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан и настоящим Договором.

 

4. Права и обязанности Услугодателя 

4.1. Услугодатель имеет право:

4.1.1. Своевременно и в полном объеме получать от Потребителя оплату за Услуги и принимать меры, предусмотренные Договором, в случае нарушения сроков оплаты платежей;

4.1.2. При нарушении Потребителем сроков оплаты за оказанные по Договору Услуги, Услугодатель имеет право взыскания сумм задолженности и штрафных санкций, согласно действующему законодательству Республики Казахстан.

4.1.3. Изменять тариф на предоставляемые услуги в установленном законодательством Республики Казахстан порядке, а также Размер оплаты Услуги «Вывоз ТБО» в случае выявления обстоятельств, указанных в п. 3.2.2. Договора.

4.2. Услугодатель обязан:

4.2.1. Осуществлять планово-регулярную очистку закрепленных за ним участков от ТБО по согласованному с управлением государственного санитарно-эпидемиологического надзора графику, в соответствии с нормативно-правовыми актами Республики Казахстан;

4.2.2. Производить уборку мусора, просыпавшегося при его выгрузке из контейнеров в мусоровоз;

4.2.3. Составлять и корректировать маршрутные графики со схемой движения и в соответствии с изменившимися эксплуатационными условиями;

4.2.4. С целью сохранности контейнеров, бережно относиться к оборудованию во время загрузки ТБО;

4.2.5. Предоставлять через Единый расчетный центр (ЕРЦ) Потребителю платежные документы для оплаты за вывоз ТБО до 15 числа месяца, следующего за месяцем, в котором Услуги были оказаны;

4.2.6. Начислять платежи за оказание услуг, согласно сведений о количестве фактически проживающих человек;

4.2.7. Информировать Потребителя об изменении Тарифов на вывоз ТБО, а также изменении условий вывоза ТБО, не менее чем за 10 (десять) календарных дней до их введения, путем публикации в средствах массовой информации;

4.2.8. Выполнять иные обязательства, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан и настоящим Договором.

4.2.9. Оказывать Услуги в соответсвии с утвержденным графиком вывоза твердых бытовых отходов;

4.2.10. Обеспечивать надлежащее качество оказываемых Услуг в соответсвии с требованиями законодательства Республики Казахстан.

 

5. Ответственность сторон 

5.1. Услугодатель и Потребитель несут ответственность за неисполнение или ненадлежащее исполнение своих договорных обязательств в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

5.2. При несвоевременной оплате Услуг, Потребитель уплачивает Услугодателю пеню. Начисление пени производится с 26 числа месяца, следующего за расчетным месяцем, в размере 0,1% от неоплаченной суммы за каждый день просрочки, но не более 10% от неоплаченной суммы.

5.3. В случае неокозания либо ненадлежащего оказания Услуг по вине Услугодателя, повлекшего нарушение графика вывоза, Услугодетль уплачивает Потребителю неустойку в размере 0,1% от стоимости услуг за каждый просроченный день нарушения6 го не более 10% от стоимости услуг.

 

6. Порядок рассмотрения споров 

6.1. В случае возникновения споров по Договору, Стороны обязуются принять все необходимые меры для их досудебного урегулирования.

6.2. При недостижении согласия по возникшим спорам, они подлежат разрешению в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

6.3. Вопросы, не урегулированные Договором, рассматриваются в соответствии с положениями Гражданского кодекса Республики Казахстан, действующими Правилами благоустройства территории города Шымкент и другими нормативными правовыми актами Республики Казахстан. 

7. Срок действия Договора 

7.1. Договор вступает в силу со дня его публикации в средствах массовой информации и начала оказания Услугодателем Услуг по вывозу ТБО для Потребителя.

7.2. Ностаящий Договор действует в течении срока реализации договора государственно-частного партнерства (ГЧП), в рамках каторого Услугодатель определен в качестве оператора (поставщик услуг) по сбору и вывозу твердых бытовых отходов на соответствующей теретории. В случае продления, пролонгации либо иного срока действия договора государственно-частного партнерства, настоящий Договор считается автоматический продленным на соответствующий срок без необходимости заключения дополнительного соглашения.

В случае неоказания Услуг либо оказания их ненадлежащего качества качества, плата подлежит уменьшению либо начисляется за соответствующий период.

 

8. Обстоятельства форс-мажора 

8.1. Стороны освобождаются от ответственности за неисполнение либо ненадлежащее исполнение своих обязанностей по Договору вследствие действия обстоятельств непреодолимой силы (стихийные явления, катастрофы, введение режима чрезвычайного положения и т.д., далее – «Форс-мажор»), которые возникли после заключения Договора и которые Стороны не могли не предвидеть, не предотвратить разумными способами.

8.2. При наступлении обстоятельств Форс-мажора Стороны освобождаются от материальной ответственности за несоблюдение договорных обязательств при условии, что Сторона, подвергшаяся действию обстоятельств Форс-мажора, немедленно известит другую Сторону о наступлении обстоятельств Форс-мажора и возобновит выполнение условий Договора при прекращении их действия.

8.3. Обстоятельства Форс-мажора должны быть засвидетельствованы уполномоченным органом Республики Казахстан.

 

9. Особые условия 

9.1. Заключение публичного договора обусловлено постоянным образованием ТБО в процессе осуществления любого вида деятельности, необходимостью своевременной утилизации ТБО и предотвращения незаконного сброса ТБО в неустановленных местах и недопущения их негативного воздействия на окружающую природную среду

9.2. Настоящий Договор в соответствии со статьей 387Гражданского кодекса Республики Казахстан является публичным.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Біріккен Ұлттар Ұйымының даму құқығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Сурья Девамен кездесті. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Түркістан өңірі қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, экономика, инфрақұрылым, әлеуметтік сала бойынша оң көрсеткіштерге тоқталды.

– Түркістан өңірі әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған тұрақты даму мақсаттарына ерекше мән береді. 2026 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша Түркістан облысы халқының саны 2146,7 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 545,1 мың адам (25,4%), ауыл тұрғындары – 1601,6 мың адам (74,6%). Біз экономикалық өсім мен әлеуметтік әділеттілікті үйлестіруге, халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кешенді саясат жүргізіп келеміз, – деді ол.

Айта кетейік, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Түркістан облысы қысқа мерзімді экономикалық өсім 119,4%-ды құрап, республикада 2-орынға ие болды.

Кездесуде экологиялық тұрақтылық мәселелері де кеңінен талқыланды. Өңірде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, жасыл технологияларды енгізу және қоршаған ортаны қорғау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар көші-қон және интеграция мәселелері де ерекше назарда. Облыста азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік үйлесімділікті нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Жиында гендерлік теңдік мәселесі де сөз болды. Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Бүгінгі таңда, өңірде 400 мыңнан аса отбасы бар. Көпбалалы батыр аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы 5611 мемлекеттік қызметшінің 1572-сі немесе 28,1%-ы – қыз-келіншектер. Оның ішінде, 233 әйел немесе басшылық лауазымдарды атқарады.

Сондай-ақ өңірде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбектер көрсетуде. Облыс көлемінде шамамен 210258 мың кәсіпкер болса, оның 91 мыңнан астамы – әйелдер. Статистикаға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерліктің 43,1%-ында әйел адамдары басшылық жасауда.

Кездесуде азаматтық қоғамды қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған бастамалар да талқыланды.

Жиын соңында Ертай Кенжебекұлы БҰҰ арнайы баяндамашысының тәжірибесі мен сараптамалық көзқарасының өңір үшін маңызды екенін атап өтіп, пікір алмасу Түркістан облысының даму стратегиясын жетілдіруге және халықаралық тәжірибені енгізуге серпін беретінін жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тәжірибе алмасуды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Бүгін Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Анартаев Ахмеджан атаны 9 мамыр – Жеңіс күнімен “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы арнайы құттықтады.

Кездесу барысында майдангерге сый-сияпат табысталып, құрмет көрсетілді. Ел үшін от кешкен ардагердің ерлігі мен өнегелі өмір жолына ризашылық білдіріліп, жылы лебіздер айтылды.

Ахмеджан ата ақ батасын беріп, елге амандық, жұртқа тыныштық тіледі. Ардагерлердің ерлігі – кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосты.

Бүгін Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекенінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ауыл аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, шарбақтар сырланып, айнала шөптерден тазартылды. Бұл игі бастама елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосты.

Аталған сенбілікке “Ауыл” партиясының Мақтаарал ауданы бойынша аумақтық ұйымның төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бексұлтан Абзал Ермаханұлы, “Бірлік” бастауыш партия ұйымының төрағасы Асқар Елшеев және партия белсенділері белсене қатысып, ортақ іске жұмыла кірісті.

Мұндай шаралар ауыл тұрғындарын бірлікке шақырып, туған жерге деген жанашырлықты арттыруға ықпал етеді.

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

Астана тағы да әлемдік киберспорттың назарын өзіне аударады. Қалада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі өтеді. Counter-Strike 2 бойынша өтетін бұл додаға әлемнің үздік 16 командасы жиналып, миллиондаған аудитория көз тігетін ірі аренаға айналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнир 15-17 мамыр аралығында Barys Arena алаңында өтеді. Оған әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысады.

2025 жылы өткен турнир үлкен табысқа жетті: онлайн көру көрсеткіштері рекордтық деңгейге жетіп, халықаралық аудитория тарапынан жоғары қызығушылық болды. Соның нәтижесінде Астана әлемдік киберспорттың жаңа орталықтарының бірі ретінде өз мәртебесін нығайтты. 2026 жылы турнирдің қайта өткізілуі осы жетістіктің логикалық жалғасы болды.

Турнирдің ұйымдастырушысы – PGL Esports SRL, киберспорт жарыстарын өткізетін әлемдегі жетекші операторлардың бірі.

2026 жылы турнирдің жүлде қоры 1,6 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтылды. Бұл оны «Counter-Strike 2» бойынша мейджорлардан (киберспорт турнирлер сериясынан) жоғары жүлде қоры бар жарыстардың біріне айналдырады.

ТҮРКІСТАНДА «ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ЕГУ» ЭКО-ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы №33 жалпы білім беретін «Келешек» мектебінің бітіруші түлектері «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджін өткізді. Игі бастама аясында мектеп ауласына көшеттер отырғызылды. Түлектердің бұл бастамасы – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, мектеппен байланысын нығайтатын тағылымды шаралардың бірі болмақ.

Биыл аталған білім ордасынан 28 дарынды түлек үлкен өмірге жолдама алмақ. Олардың қатарында Хақназар Шеріпхан «Алтын белгі» иегері атанса, Жасұлан Пернехан «Үздік аттестат» иегері. Сонымен қатар, мектеп шәкірттері білім мен спорт саласында да жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтқанда, Арафат Молдағалиев 2025 жылы Беларусь елінде өткен «Даму кубогы» халықаралық турниріне қатысып, ел намысын қорғаған. Ал Расул Досан өз білімінің арқасында Дания елінде ұйымдастырылған халықаралық деңгейдегі байқауларда үздік нәтижелер көрсеткен.

Түркістан қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Turkestan Night Run – 2026» атты алғашқы түнгі жүгіру марафоны өтті.

«Turkestan Night Run – 2026» – тек жүгіру жарысы емес, Ұлы Жібек жолының рухын заманауи форматта жаңғыртқан түнгі фестиваль. Іс-шараның басты ұраны – «Сен жай ғана жүгірмейсің – сен ғасырларға созылған жолдан өтесің». Бұл идея қатысушыларға ежелгі керуен сапарын символикалық түрде сезінуге мүмкіндік береді.

Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жарысқа қатысушыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

– Бұл іс-шара тек спорттық жарыс қана емес, бұл – бірлік пен жігердің, салауатты өмір салтын дәріптеудің мерекесі. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ шетелден келген кәсіби атлеттер мен әуесқой спортшылар бас қосуда.
Түркістан төрінде осындай ауқымды іс-шараның өтіп жатқанына қуаныштымыз. Марафон арқылы бұқаралық спорт дамып қана қоймай, қаламыздың туристік және спорттық әлеуеті де кеңінен таныстырылады, – деді облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы.

Жарыс кешкі уақытта басталып, қала көшелері ерекше жарықпен, музыкалық сүйемелдеумен және театрландырылған қойылымдармен көмкерілді. Трасса бойында «Оазис», «Уақыт құмдары», «Қасиетті Түркістан» секілді тақырыптық аймақтар құрылып, әрбір қашықтық тарихи сапардың кезеңдерін бейнеледі.

Халықаралық деңгейдегі марафонға жалпы саны 3 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде 6 елден келген 70 шетелдік спортшы және Қазақстанның әр өңірінен жиналған 800-ге жуық адам бар. Жалпы ауқымды додаға 5 мыңнан аса адам жиналды. Марафонға қатысушылар 5,10 және 21 шақырым қашықтықтарда бақ сынасты.

Кеш барысында көрермендер үшін би сайыстары, викториналар және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары өтті. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

«Turkestan Night Run – 2026» – спорт, мәдениет және тарихты тоғыстырған ерекше жоба. Бұл бастама Түркістанды халықаралық деңгейдегі спорттық-туристік орталық ретінде дамытуға бағытталған.

№KZ89VPY00063999 Куәлік нөмірі

Lost your password? Please enter your email address. You will receive mail with link to set new password.

Exit mobile version