Архив рубрики: Полиция

2026 жыл 2 айындағы жол-көлік оқиғалары

2026 жылдың 2 айында Түркістан облысы бойынша 154 (2025 жылдың 2 айында – 190) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға төмендеген.

Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер саны 21,1%-ға (289-дан 228-ге дейін) төмендеген, оның ішінде жарақат алғандар саны 22%-ға (255-тен 199-ға дейін) төмендеген, ал қаза тапқандар саны 14,7%-ға (34-тен 29-ға дейін)төмендеді.

Кәмелетке толмағандар арасында жарақат алғандар саны 43 (62) 30,6%-ға төмендеген, ал қаза тапқандар саны 4 (3) өсім 33,3%-ды көрсетеді.

Ең көп жол-көлік оқиғалары тіркелгенаудандар: Жетісай – 20, Сайрам – 17, Түркістан қаласы – 16, Сарыағаш – 13, Түлкібас – 12, Созақ – 11, Арыс – 10, Ордабасы – 9, Сауран – 9, Келес – 8, Кентау қаласы – 5,Төлеби – 5, Шардара – 5, Бәйдібек – 4, Отырар – 4, Қазығұрт – 3, Мақтаарал – 3.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында және елді мекендер аумағында орын алуда.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де Жол қозғалысы қағидаларын сақтамау болып табылады (ЖҚҚ немесе жол белгілерінде белгіленген жылдамдықты арттыру; жаяу жүргіншілерге немесе өзге де жол қозғалысына қатысушыларға басымдық бермеу; маневр жасау қағидаларын сақтамау; қарсы қозғалыс кезінде жол беру немесе басып озу қағидаларын бұзу және басқа да жағдайлар).

Түркістан облысының құрметті тұрғындары, сондай-ақ қонақтары мен туристері, жол қозғалысы қағидаларының талаптарын қатаң сақтап, барынша мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Сонымен қатар, ел аумағындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялар картасы» бөлімінде танысуға болатынын еске саламыз.

Комитеттің Түркістан облысы бойынша департаменті

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 1 ТОННАДАН АСТАМ ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Түркістан облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 425 дерек анықтады. Оның ішінде6 131-і қылмыс, 294-і теріс қылықты құқық бұзушылықтар. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Зиятаев мәлімдеді.

“Облыс аумағында есірткіні заңсыз егу бойынша 65 дерек анықталса, 43 есірткі сату дерегі тіркелді. Заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленіп алынды. Сондай-ақ, аса ірі көлемде есірткіні сақтау бойынша 19 дерек анықталса, облыс аумағында 2 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу мақсатында күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1 382 ақпараттық сайт бұғатталды. Прокуратура органдарымен бірлесіп электронды банктік есепшоттарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде есірткі сатумен айналысуы мүмкін 1 761 банк карталары анықталды. “Антифрод” бағдарламасы арқылы олардың айналымына шектеу қойылды. Ал, кинологиялық қызмет орталығы арқылы 50 қылмыс ашылды» – деді спикер.

Биыл 1 маусым мен 31 қазан аралығында “Қарасора-2025” республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша құзырлы органдармен бірлесіп 18 мобильді топ құрылған. Арнайы топға 241 қызметкер жұмылдырылып, 55 қызметтік автокөлік пен 2 дана ұшу аппаратымен қамтамасыз етілген. Іс-шараның 4-кезеңінде есірткінің заңсыз айналымынан жалпы 202 есірткі құқық бұзушылықтары анықталып, 2 ұйымдасқан топ құрықталды. Тікұшақпен барлау жұмыстарының нәтижесінде Шардара ауданының аумағынан 3 есірткі алқабы табылды. Сондай-ақ, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Созақ ауданының таулы аймағында есірткі егудің ірі плантациясы анықталып, Қызылорда облысының екі азаматы және Шымкент қаласының бір тұрғыны қылмыс орнында құрықталған. Оқиға орнынан 829 түп қарасора, 2 352 түп көкнар есірткі өсімдіктері мен тіркелмеген қару тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша есірткінің жалпы салмағы 700 килограмды құрап, аталған дерек бойынша есірткі затын аса ірі көлемде сақтаған 5 тұлға қамауға алынған.

Түркістан облысында интернет алаяқтарға қарсы ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізілді

Түркістан облысының прокуратурасы мен Полиция департаменті тұрғындарды интернет алаяқтықтан қорғау және «Заң мен тәртіп» қағидатын одан әрі ілгерілету мақсатында облыс бойынша бір уақытта бірыңғай профилактикалық шараларды жүргізді.

Құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарға, халық көп шоғырланған орындарға келген азаматтарға сақтандыру шараларын түсіндірді, ал дүкендер, сауда орындары, көп қабатты үйлер, аялдамалар және банк ғимараттарына ақпараттық жабыстырмалар орналастырылды.

Бұл шаралар интернет алаяқтық әрекеттерінің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасының саны артқан

2025 жылдың 12 айында Түркістан облысы бойынша 1274 (2024 жылы 12 айы – 1065) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға өскен.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 15,4% – ға артты (1625тен 1876ғадейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 18,1% – ға өсті (1356дан 1602ке дейін), қаза тапқандар саны 1,9% – ға өсті (269дан 274ке дейін).    

Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар,Сайрам – 183, Түркістан қаласы – 177, Жетісай – 175, Арыс – 84, Түлкібас – 72, Келес – 68, Шардара – 64, Төлеби – 52, Ордабасы – 52, Отырар – 52,Сарыағаш – 49, Созақ – 47, Сауран – 45, Кентау қаласы – 41, Қазығұрт – 39, Мақтаарал – 38, Бәйдібек – 36.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерін сақтамау болып қала береді, атап айтқанда: белгіленген жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншілердің жолды дұрыс емес жерден кесіп өтуі, қашықтықты сақтамау және т.б.

Құрметті облыс тұрғындары, сондай-ақ қонақтар мен туристер жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https://qamqor.qov.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

 

#заң_және_тәртіп
#закон_и_порядок

М.Қабденов: Түркістан облысында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 52000-нан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

М.Қабденов: Түркістан облысында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 52000-нан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов жариялаған «Профилактика жылы» аясында және “Заң мен тәртіп” қағидатына сәйкес Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кешенді шаралар қарқынды жүргізілуде.

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов жол апаты жиі орын алатын қауіпті учаскелерге және көрші облыстардың жолын жалғап тұрған полицияның шеп бекеттеріне барып, жүргізушілермен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жыл басынан бері полицейлер 32 апатты учаскені қоса алғанда жол қозғалысына тікелей әсер ететін 52 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады.

Атап айтқанда 50 548 жаяу жүргіншіге жолдан өту ережесін бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылды, 762 жүргізуші қарсы бағытқа шыққаны үшін сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылды, 866 мас жүргізуші анықталып, олар да көлік жүргізу құқығынан шеттетілді.

Арнайы дрон аппаратының көмегімен 1300-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді.

Қазіргі уақытта облыста және жалпы республика бойынша 18–23 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тәртіп деңгейін арттыру және жолдағы қауіпсіздікті нығайту.

Әрбір жол-көлік оқиғасы және олардың туындау себептері бойынша егжей-тегжейлі талдаулар жүргізілуде. Қауіпті жол учаскелерінде жол жағдайын бақылауды күшейту мақсатында патрульдік экипаждар мен бейнебақылау жүйелерін қайта бөлу жүзеге асырылып жатыр.

Мәселен бүгінгі таңда жолға қатысты қабылданған шаралардың нәтижесінде Республикалық автожолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 4,5%-ға, қаза тапқандар 5,3%-ға, жарақат алғандар 18,4%-ға азайды.

Елді мекендер аумағында ЖКО салдарынан қаза болу деректері 27,2%-ға кеміді.

Осылайша облыстың республикалық маңызы бар автожолдарында жол-көлік оқиғалары деңгейін төмендетуге қол жеткізілді.

Бұдан бөлек жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және авариялық жағдайларды азайтуға бағытталған профилактикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін іске асыру жалғасуда.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

«Жолдағы қауіпсіздік – бәрімізге ортақ жауапкершілік», — дейді тәртіп сақшылары.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы Саденов осы жылды «Профилактика жылы» деп жариялады.

Құрметті жерлестер!

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы Саденов осы жылды «Профилактика жылы» деп жариялады.

Сондықтан өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар атқарылуда.

18–23 қараша аралығында республика бойынша «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Басты мақсат — жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен тәртіп деңгейін күшейту.

Құрметті тұрғындар!

Жолдағы қауіпсіздік – бәрімізге ортақ жауапкершілік.

Баршаңызды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамын.

ҚР ІІМ орынбасары С.Сәрсенов Түркістан облысы полицейлерінің атқарған жұмысын бақылап, облыс әкімімен кездесті

Ішкі істер министрлігінен Түркістанға арнайы келген Сәкен Сәрсенов департаменттің мәжіліс залында жеке құраммен жедел кеңес өткізді. Жиында 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыс полицейлерінің атқарған жұмысы қаралды. Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденов баяндама жасады.

Анықталған кейбір кемшіліктер бойынша сын-ескертпелер беріп, тапсырмалар мен ұсыныстарды дер кезінде орындау керектігін жеткізді. Бірқатар басшы құрамға шара көрілді. Қылмыс пен құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында жұмысты күшейтуді, заң мен тәртіпті сақтауды тапсырды.

Одан әрі Жедел басқару орталығындағы цифрлық шешімдердің орындалуын тексеріп шықты. Облыстағы бейнекамералардың жұмыстарымен жіті танысты. Департамент қолданысындағы соңғы үлгідегі цифрлық технологиялардың жұмысын бақылады. Мұнда Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек, Цифрландыру бойынша әкімдіктегі басқарма басшысының орынбасары С.Байгутов та қонақта болды.

Сонымен қатар қызметтік іссапар облыс әкімдігінде жалғасты. ҚР ІІМ-нің орынбасары С.Сәрсенов облыс әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесті. Әкімдікте цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер бсқармасының басшысы М. Айнабеков және аппарат басшысы Е.Дауылбаевпен кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары: «Цифрландыру – қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ауқымды реформа. Яғни полицияның күнделікті қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолдану – Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі»- деп, әкімдікпен бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

ТӨЛЕБИЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Төлеби ауданы мен Шымкент қаласының шекарасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезекшілігінде жүрген қызметкерлер жергілікті азаматтан көше бойында кәмелет жасқа толмаған қыздың есінен танып қалғанын байқап, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дереу қалалық ауруханаға жеткізіп беруін сұранған.
Хабарламаны қабылдаған полиция қызметкерлері, полиция аға лейтенанты Асылбек Мырзахметов, полиция капитандары Абзал Рахматуллаев және Мадияр Сенгирбаев жасөспірім қызды шұғыл түрде ауруханаға жеткізу жұмыстарын атқарды. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан жасөспірімді жедел ауруханаға жеткізу мақсатында жол қозғалысын реттеп, арнайы көліктің кедергісіз жылжуын қамтамасыз етсе, Мырзахметов басқарған көліктің ішінде Рахматуллаев ауруханаға дейін алғашқы медициналық көмек көрсетіп отырды.
Қысқа уақытта жасөспірім қыз ауруханаға жеткізіліп, қажетті емдік шараларын қабылдады
Әкесі қызына көмек көрсетуге септігін тигізген Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің кәсіби әрекеттеріне алғысын білдірді.