Қазіргі кезде интернет ресурстарындағы әр түрлі сайттарда арықтауға көмектесетін биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) жарнамасы көбейді. Алайда, ол қоспалардың қауіпсіздігін растайтын құжаттар бірінде болса, бірінде жоқ. Бұл туралы , Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
“Биологиялық белсенді қоспалар КО ТР 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес, мемлекеттік тіркеу рәсімінен міндетті түрде өтуі тиіс тауарлар қатарына жатады. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік болмайынша өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында заңды түрде таратуға болмайды. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік –ол мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткен тауардың барлық санитариялық және гигиеналық нормаларға толығымен сай келетінін куәландыратын ресми құжат. Сондықтан, Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 56-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі жоқ ББҚ-ды сатпауды және жарнамаламауды ұсынады.”
“Құрметті, облыс тұрғындары! Қандай да бір биологиялық белсенді қоспалары бар тағамды тұтынбас бұрын сатушыдан оның мемлекеттік тіркеу куәлігін талап етіңіз, оған Сіздің толық құқығыңыз бар. Егер сатушы ол куәлікті ұсына алмаса, өнімді тұтынбаған жөн. Сондай ақ, жоғарыда аталған заңсыз жайттар орын алған жағдайда, біздің сенім телефонына хабарласуыңызға болады.
Сенім тел: 8 72533 71084″ – Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
«Тең қоғам» бөлімде – мүгедектерге санаторлы курортты емделумен, инватакси және әлеуметтік такси қызметімен, құлағы кеміс еститін мүгедектерге ымдау тілі маманымен, мүгедек балаларға күндізгі қатынау бөлімшесі мен оңалту орталықтарымен қызмет көрсетеді. Жалпы онда І және ІІ топтағы мүгедектерге 4 инватакси қызмет көрсетеді, ІІ топтағы мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 3 әлеуметтік такси бар.
Сондай-ақ, алдағы уақытта мүгедектерге арналған кітапхана, дойбы, шахмат инвентарлары және йога бөлмесі қарастырылуда. Мүгедектігі бар адамдармен кәсіпкерлік бағытта тренинг пен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Биыл санаторлы курортты емделумен 856 мүгедекке қаржы қарастырылып, шипажаймен қамтамасыз етілу жоспарлануда. Санаторлы курортты емделуге мүгедектер өздерінің электронды цифрлы қолтанбасы (ЭЦҚ) арқылы әлемуеттік қызметтер порталынан шипажай түрін таңдап, бара алады.
Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына 15 жедел жәрдем автокөлігі тапсырылды. Айта кетейік, осыдан үш жыл бұрын аталған мекемеге 122 автокөлік беріліп, жедел жәрдем автокөлік паркі жаңартылған болатын. Енді жаңа автокөліктер Түркістан облысының аудан, қалаларына жіберіледі. Ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, жедел емдеу шараларын көрсетуге үлес қосады.
Жалпы Түркістан облысы бойынша жедел медициналық жәрдем станциясының 5 бекеті және 17 бөлімшесі, жалпы 22 нысаны бар.
Жедел медициналық жәрдем станциясы 2 миллионнан астам тұрғынға қызмет етеді. Жаңа ғимарат заманауи технологиямен жабдықталған. Қызмет көрсету радиусы 100 км шақырымды құрайды, рациямен толық қамтамасыз етілген.
Санитарлы автокөліктердің барлығы GPS навигациясымен 100% қамтылған. Түркістан облысы бойынша ЖМЖС-да 140 жедел жәрдем бригадасы бар, оның 34-і дәрігерлік болса, 106 фельдшерлік бригада елге қызмет етіп жатыр.