Архив рубрики: Қоғам
“Қайтарымсыз несие алып беремін». Алаяқ әйел 1 200 000 теңге жымқырған
Стартовал семинар по финансовой грамотности «Общество без долгов».
Сегодня, 2 мая, в Сауранском районе Туркестанской области партия «AMANAT» совместно с Народным банком начали обучающий семинар «Общество без долгов» по повышению финансовой грамотности.
Обучающий семинар в рамках пилотного проекта прошел в Орангайском сельском округе Сауранского района. В проекте приняли участие около 100 жителей села.Цель: Повысить финансовую грамотность, научиться эффективно распоряжаться собственными средствами, узнать причины возникновений финансовых проблем и как выявлять мошеннические действия.
В обучающем семинаре приняли участие заместитель председателя Туркестанского областного отделения партии «AMANAT», депутат областного маслихата Калима Жанторекызы, эксперт проекта Жандос Азимбай, председатель областного отделения партии Сагынбек Жаксыбекулы и ряд представителей СМИ.
Бесплатный курс по повышению уровня финансовой грамотности провел эксперт проекта Жандос Азимбай.
– На сегодняшний день около 6,3 млн казахстанцев имеют непогашенные банковские кредиты. Кроме того, 1,2 млн получили кредиты от казахстанских микрофинансовых организаций. Это сказывается на социальном благосостоянии граждан. Доступные кредиты, высокие процентные ставки финансовых учреждений, а главное, низкая финансовая грамотность – с каждым годом увеличивается рост государственного долга.
Проблема долговой нагрузки населения требует системного решения. В настоящее время более 1 млн человек имеют просрочку хотя бы по одному кредиту.
Основной целью учебного курса является создание системы финансового образования, направленной на повышение уровня финансовой грамотности населения, молодого поколения, которые в будущем будут формировать экономику страны, – сказал Жандос Азимбай.
Жители села, изъявившие желание участвовать в курсе, были полностью ознакомлены с проблемными вопросами и получили полную информацию о том, как потратить средства.
Следует отметить, что обучение продолжится до конца года. Кроме того, в 8 регионах страны организованы бесплатные обучающие курсы. Обучение участников продолжится в течение 5 дней путем разделения их на 3 группы.
Пресс-служба Туркестанского областного отделения партии «AMANAT»
“Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары басталды
2 мамыр күні, Түркістан облысы Сауран ауданында “AMANAT” партиясы, Halyk bank-пен бірге “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында оқу семинары басталды.Пилоттық жоба аясындағы оқыту семинары Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде өтті. Жобаға 100-ге жуық ауыл тұрғыны қатысты.
Мақсаты: Қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Оқу семинарына “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалима Жантөреқызы, жоба сарапшысы Жандос Әзімбай, аудандық партия филиалының төрағасы Сағынбек Жақсыбекұлы және бірқатар БАҚ өкілдері қатысты.
Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша тегін курсты жоба сарапшысы Жандос Әзімбай жүргізді.
– Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар 1,2 миллион қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады.
Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру, – деді Жандос Әзімбай.
Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген ауыл тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын алды.
Айта кетейік 2 мамырда басталған оқу жыл соңына дейін жалғасын табатын болады, Сонымен қатар, еліміздің 8 өңірінде тегін курс оқулары ұйымдастырылған. Тұрғындарды оқыту 3 топқа бөлу арқылы, 5 күн бойында жалғасады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Әмина апа: Жетім балаларды жинап, қарғыс айтқызамын (Видео)
Шығыс Қазақстан облысына барып, жолдың азабын тартқан Әмина апа балаларды жинап, жауаптыларға қарғыс айтқызбақ, деп хабарлайды Taq.kz ақпараттық агентігінің тілшісі.
Ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға қамқорлық жасап жүрген қажы Әмина апа Шығыс Қазақстандағы жолдардың сапасыздығына ашынып, видео үндеу жасады. Жолдың азабын көріп Өскеменге әрең жеттік деген Әмина апа жауаптылардың “намыссыз, арсыз” екенін айтқан. Сондай-ақ, “жолдың ақысын жеп отырғандар жетімдердің қарғысынан қорқыңдар”- деп, бұл мәселені соңына дейін жеткізетінін мәлім еткен.
ҚАЙСАРДЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛДЫ
Ерекше балалар күн сайын қиындықтарды жеңуге мәжбүр. Оларға көмек, жанашырлық пен көңіл қажет. Дені сау балалар жүгіре алады, секіре алады, ашық ойындар ойнайды, спортпен шұғылдана алады. Ал ерекше балалар арбасындағы бала өмірдің көптеген қуаныштарынан айырылған.
Осындай ерекше баланың бірі Қайсар Қайратұлының арманы орындалды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев «Армандар орындалады» жобасына арнайы қатысып, қолдау білдірді. 9 жастағы Қайсар есімді ерекше балаға Алтынсары Дүйсенбекұлы өзі армандаған велосипедін тарту етті.
– Меніңше, мұндай балалар өз құрдастарына ұқсағысы келеді. Кейде өздерін жеңе отырып, олар да өз мақсаттарына жетеді. Ерекше балаларға көмектесу керек, оларға мұқият және сезімтал болуымыз керек. Мұндай баланың әр күлкісі – бұл сыйлық. Мен мұндай балаларға өздеріне сену және қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін басқаларға қарағанда қарым-қатынас қажет деп санаймын. Сондықтан да, алдағы уақытта партия атынан жобаға қолдау жасауды жалғастыратын боламыз,- деді А.Үмбетәлиев.
«Армандар орындалады» жобасының авторы Әсел Бимырзаеваның айтуынша мұндай жобаның мақсаты, үйден оқытылатын ерекше балалардың қоғамнан тысқары,
елеусіз қалмайтындарын ұғындыру және өмірлеріне өзгеріс енуі үшін қарапайым армандарын орындау арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Айта кетейік, бұл күні арнайы ойын жеребесі арқылы 10 ерекше баланың арманы орындалып, қолдау жасалды.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШІРКЕЙЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА (Видео)
Түркістан қаласынан бастап 386,4 га жер теліміне химиялық әдіспен 3 рет дәрілеу шаралары жүргізілді;
Кентау қаласына 37,9 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дәрілеу шаралары атқарылды;
Арыс қаласы аумағында 279,23 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дәрі шашу шаралары ұйымдастырылды. Арыс қаласынан өтетін Сырдария өзеніне 22 680 литр бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделді
Отырар ауданы аумағында 166,3 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дезинсекция шаралары жүргізілді. Отырар аумағынан өтетін Сырдария өзеніне 12 960 литр бактицид препараты қолданылып, биологиялық әдіспен өңделді;
Сауранда 107,5 га жер теліміне химиялық әдіспен 2 рет дезинсекция шаралары қолға алынып;
Шардара ауданы аумағында 243,8 га жер теліміне кардинал, фипрон препараттары қолданылу арқылы 2 рет дезинсекция шаралары өткізілді. Шардара аумағынан өтетін Сырдария өзенін өңдеуге 9720 литр бактицид препараты қолданылды.
ШІРКЕЙЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫНА 62 ТЕХНИКА ЖӘНЕ 77 МАМАН КІРІСТІ
“КРЕСЛОДА ОТЫРАТЫН ӘКІМ ҚАЖЕТ ЕМЕС”. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚ ӘКІМДІ ІЗДЕП КЕЛДІ (ВИДЕО)
ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА АЛҒАШ РЕТ МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯ САХНАЛАНАДЫ
Бұл туралы бүгін Түркістан музыкалық драма театрында өткен баспасөз жиынында жаңа қойылым режиссері Олжас Жақыпбек мәлімдеді. Оның айтуынша жарты ғасыр бұрын жазылған шығарманы театрдың жас актерлары мен балет әртістері қайта жандандырады. Сонымен қатар басты рөлді сомдайтын өнер иелері мен шығармашылық топ журналистер сұрақтарына жауап берді.
Қанабек Байсейітов пен Қуандық Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай!» комедиясы – Кеңес заманында Социалистік Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваға арнап жазылған шығарма. Заманауи өзгертілген «Беу, қыздар-ай! » спектаклінің көтерген тақырыбы әлеуметтік желінің белең алуы, ауылдағы білікті мамандар тапшылығы, қыздарға өзіне лайық теңін табудың қиындығы сияқты келелі мәселелер болып табылады.
Спектакльді замануи сахналаған талантты, жас режиссер және композитор – Олжас Жақыпбек, театрдың көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова, балетмейстер – Мадина Мұратбекова, гримм бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова, қоюшы суретші – Нұрлан Төлешов. Әубәкір рөлін Данияс Нұрқабден мен Рамазан Өмірзақ сомдаса, композитор Сұлтан – Мұзафар Ғалымжанұлы мен Айбек Боранбаев және режиссер Хасен – Шерхан Саматұлы және Болатбек Оспан, Айсұлу рөлін Шұғыла Жәнібекова мен Ақбөпе Жеңсікбай ойнайды.
Айта кетейік, 1-2 және 7-8 мамыр күндері Түркістан музыкалық драма театры алғаш рет музыкалық комедия – «Беу, қыздар-ай!» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынбақ. Сахнаға шыққанына қанша уақыт өтсе де, «Беу, қыздар-ай!» көрермені көп, құндылығын жоғалтпаған туынды.