ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сауран ауданы Майдантал ауылдық округінде мемлекеттік бағдарлама бойынша мобильді топпен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесудің басты мақсаты- жастарға жан жақты қолдау көрсету және NEET санатындағы жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру. Кездесуге Сауран аудандық «Мансап орталығы» КММ -нің «Жұмыс іздеушілерді қолдау және еңбек нарығының ұтқырлығын арттыру» бөлімінің маманы Қудратулла Аят Нұрболатұлы және Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастарға қызмет және Neet санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің әдіскері А.Сарсенбаев қатысты.

« — Жалпы елімізде NEET санатындағы кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген жастарды қолдау күшейтіліп келеді. Атап айтқанда, жұмысқа орналастыру бойынша белсенді көмек көрсетіліп, өзге де қолдау шаралары қолға алынады. ҚР Үкіметі мемлекеттік жастар саясатын күшейту аясында тиісті қаулы да қабылдаған. Құжат «білімі жоқ және жұмыссыз» жастармен нақты жұмыс жүргізетін бірқатар орталық мемлекеттік органның құзыретін айқындайды. Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытша жұмыссыз қалған жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау жүктелді. Бұдан бөлек, Қаулыда жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілік сипаттамасын, жастар еңбек жасақтарын құру ережелерін, сондай-ақ жастарды дамыту индексін енгізу қағидаларын бекітуге мүмкіндіктер жасалған.  Қазақстан Үкіметі NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жүйелі шаралар қабылдаған. Еліміздің 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жеті бағытының бірі жастардың әлеуеті мен кәсіпкерлігін іске асыру болып табылады. Жастар — өмірдегі кез келген өзгерістерге жедел жауап беретін қоғамның ең белсенді бөлігі. Осыған байланысты жастар кәсіпкерлігі жастарды әлеуметтендірудің маңызды тетігі және әлеуметтік лифт ретінде әрекет етеді. Негізі NEET санатындағы жастар ерекше назар аударуды талап етеді. Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстан Республикасының 15-34 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі өткен жылы жылы 7,1%-ды құрапты. «Осы мәселені шешу мақсатында заңмен «Уақытша бос жүрген жастар» немесе NEET санатындағы жастар ұғымы бекітілді.  Бұл 2023 жылдан бастап оларды жұмысқа орналастыру, білім беру, біліктілігін арттыру бойынша жүйелі және атаулы жұмысты бастауға мүмкіндік берді. Ал, жастарды жергілікті қоғамдастық қызметіне қайта біріктіру мақсатында «Zhas project» гранттық бағдарламасы іске асырылды. Жоба өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға және қоғам өміріне қатысуға, жеке тұлға мен әлеуметтік институттар арасында сенім орнатуға, әлеуметтік жобалардың тұрақты экономикалық моделін құруға бағытталды. Әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларды оқыту мен іске асырудың арқасында NEET санатындағы жастар оң және нәтижелі қызметке тартудың бірегей тәжірибесіне ие болады. «Zhas Project» аясында жастар арасында жобаларды іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру, білім беру және жүргізілетін жұмыстар арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып отыр.» — деді Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастарға қызмет және Neet санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің әдіскері А.Сарсенбаев

«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.

« — Ауылдық жерлерде жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір мүмкіндіктің бірі — «2,5% несие алу » бағдарламалары. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастарды шағын несиелеу бағдарламасына қатысу Жастарды несиелеу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырады. Аграрлық несие корпорация жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттеріне жауапты. Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады. Шағын несие беру туралы шешімді комиссия қабылдайды, оған мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады, комиссия ол бизнес-жобаларды бағалап, неғұрлым болашағы барын таңдайды. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек.» — деді Сауран аудандық «Мансап орталығы» КММ -нің «Жұмыс іздеушілерді қолдау және еңбек нарығының ұтқырлығын арттыру» бөлімінің маманы Қудратулла Аят Нұрболатұлы

Кездесуде мамандар жастарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер, гранттар қала берді жалпы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, жеңілдіктер жайлы кеңестер беріліп, үнпарақтар таратылды.

Сауран: Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 14 жас жұмысқа жолдама алды

Сауран аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ және Сауран аудандық «Мансап орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай, «Шектеусіз мүмкіндік» тақырыбында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке өткізудің мақсаты –мүмкіндігі шектеулі жастарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және оқу орнын бітірген түлектерді және NEET санатындағы жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жастарға арналған бағдарламалармен таныстыру, жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау. Жәрмеңкеде 20 жас мемлекеттік бағдарламалар бойынша толық мәлімет алып, 5 жас жастар практикасы бағдарламасымен жұмысқа жолдама алса, 9 жас тұрақты жұмысқа жолдама алды.

Айта кетейік, жастарға жұмыс табудың жаңа мүмкіндіктерінің бірі — «Жастар практикасы». Бағдарлама оқуды аяқтаған соң алған кәсібі бойынша жұмысқа орналасуды жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Түлектің «Жастар практикасына» қатысқан уақыты жұмыс өтіліне кіреді. «Жастар практикасы» 1 жылдан аса қызмет етіп тұрған, салық, жалақы бойынша берешектері жоқ жұмыс берушілерде ұйымдастырылады. Жұмыс беруші түлектің мамандығын немесе оған ұқсас мамандық бойынша жұмыс орнын құрады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде 2023 жылы заң қабылданды. Оның бірнеше жаңа нормасы бар. Егер бұрын жастар санатына 29 жасқа дейінгі азаматтар кіретін болса, қазір 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Демек, жастарға арналған механизмдерді қолданатын азаматтардың саны едәуір артты. Егер бұрын жастар категориясына 3 миллион 700 адам кірсе, қазір 5 миллион 700 мың адам кіреді. Яғни олар осы нормаларға, осы қолдау тетіктеріне ие болады. Сондай-ақ «Жастар практикасы» бағдарламасына сәйкес, бұрын жастар жарты жыл өтетін болса, қазір ол бір жылға дейін ұзартылған.

Жастарға өз-өзін көрсетуге мүмкіндік берген жақсы, әрине. Бірақ, сонымен қатар оларға мотивация да керек. Жас мамандарды айтпағанда тәжірибелі, тісқаққан қызметкерлердің өзі жоғары жалақы алса, жұмысты құлшыныспен істейді. Ал қолына дипломын енді ғана алған жас маман үшін мақтау-мадақтаудың өзі жеткілікті. Әйткенмен еңбегі қаржылай бағаланса еңсесі көтеріліп, қуанып қалатыны жасырын емес. «Жастар практикасы» арқылы уақытша болса да жұмысқа орналасқандарға 110 760 теңге көлемінде жалақы қарастырылған. Бұл қаржы 1 жыл бойы бойы мемлекеттің қазынасынан төленеді. Бағдарлама арқылы уақытша жұмысқа орналасқан маман ҚР Еңбек кодексімен қорғалған. Соған сәйкес, оның мекемедегі құқығы басқа да қызметкерлермен тең. Оның жалақысынан барлық аударымдар шегеріледі. Бір сөзбен айтқанда «Жастар практикасы» – жастарға берілген үлкен мүмкіндік.

Сонымен қатар, жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бар. Бұл бағытта еңбек мобильділігі орталықтары, яғни, мансап орталықтары жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз түлектерге, 35 жастан аспаған жастар, жұмыс тәжірибесі жоқтар  қатарынан жүзеге асырылады. Оқу орындарының түлектері үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп бойынша немесе ұқсас кәсіп, яғни мамандық бойынша құрылады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен келісім негізінде қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге жұмысқа орналастырады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Айта кетейік, биыл елімізде  «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске асыру шеңберінде 4,2 мың адам жұмысқа орналасқан. 2024 жылы осы бағыт бойынша барлығы 8,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен жұмысқа орналастыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл бағытта 1,3 мың адам еңбекпен қамтылған екен. Бұл жобаға жұмыс тәжірибесі жоқ 35 жастан аспаған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Ол үшін Мансап орталығына өтініш беру керек. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздарды кемінде 12 ай мерзіммен тұрақты жұмыс орнына орналастыруға міндетті.

«Самғау» оңалту орталығы 180-ге жуық адамды жұмыспен қамтыды.

Түркістан облысында 100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бұл облыс халқының 5%-ын құрайды. Оның 40 мыңнан астамы әлеуметтік оңалту қызметіне мұқтаж. Бұл мәселе облыс басшылығының қолдауымен шешімін тауып келеді. Бүгін Сауран ауданында 25 қазан – Республика күніне орай 200 орындық заманауи оңалту орталығы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, маслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, сонымен қатар Сауран ауданы мен Кентау және Түркістан қаласының тұрғындары қатысты.

– Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осындай маңызды мереке қарсаңында Түркістан облысында бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне пайдалануға тапсырылып жатыр. Ал бүгін жаңа «Самғау» оңалту орталығын ашқалы отырмыз. Мемлекет басшысы «Мүгедектігі бар азаматтарға жүйелі қолдау көрсету прогрессивті және әлеуметтік жауапты мемлекеттерге тән. Біз бұл бағыттағы жұмысымызды үнемі жетілдіріп отыруымыз керек» деген болатын. Өмірдің әрбір сынағы бізді шыңдай түседі. Әрбір адам – өз өмірінің батыры! Кедергіні емес, мүмкіндікті іздеген азамат мақсатына жетеді. Орталыққа келетін әрбәр жанға ем-дом болады деген сенімдемін, қабыл алыңыздар! – деді облыс әкімі.

Қонақтар да өз кезегінде «Самғау» оңалту орталығын «ізгілік пен мейірімділіктің ордасына», «қамқорлық пен жанашырлық орталығына», «жүректерге жылулық пен үміт сыйлайтын мекенге» теңеді. Бұл жер – тек физикалық түрде қалпына келтіруге ғана емес, рухани күш-жігер жинауға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталғанын тілге тиек етті. Содан соң орталықтың лентасы қиылып, келушілер «Самғау» оңалту орталығының ғимаратымен танысты.

Оранғай ауылында орналасқан орталықта 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған. Оңалту орталығының құрылысы 2021 жылы басталып, 2024 жылы аяқталады. Жобаның құны 2,5 миллиард теңгені құрайды. Ғимараттың жалпы ауданы 12,8 мың шаршы метрді құрайды. «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына» сәйкес құрылысы жүргізілді. Қазіргі таңда жартылай стационарлық үлгіде «№6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі («Самғау» оңалту орталығы) құрылды.

Орталық заманауи оңалту құралдарымен жабдықталған. Денені қалпына келтіру және стресс пен психосоматикалық ауруларды жеңуге арналған релаксацияның кешенді процедураларын ұсынады. Жартылай стационарлық оңалту орталығының қызметі арнаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға 6 айға дейінгі мерзімге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағытталған. Мұнда қолданыстағы стандартқа сәйкес кепілдік берілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін көрсетеді.

Айта кетейік, жаңа орталық бір айдың ішінде бір мезгілде 200 адамға оңалту қызметін көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз жыл сайын 2,5 мыңға жуық мүгедектігі азамат жыл бойына жоғары сапалы арнаулы әлеуметтік қызмет алу мүмкіндігіне ие болады. Жалпы 180-ге жуық штат бөлініп, оған іргелес жатқан 3 аудан, қаланың тұрғындары жұмыспен қамтылып отыр. Облыстың барлық аудан, қалаларында мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін «TEN QOGAM» орталықтары ашылған. «Amanat» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2021-2024 жылдар аралығында 1426 нысан бейімделді.

«Мектептен мектепке» жобасы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді

Кентау қаласы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 23 қазан күні «Мектептен мектепке» жоба аясында М.Әуезов атындағы №22 мектеп гимназиясы Ю.Гагарин атындағы №16 мектеп-лицейіне кәсіби қолдау көрсетті. Бұл іс-шараның мақсаты білім сапасын арттыруға қатысты жаңа тың идеялар мен жасанды интеллект тақырыбында тәжірибелерімен бөлісу.

Аталған іс-шараның жоспарына сәйкес М.Әуезов атындағы №22 мектеп гимназиясының ұстаздары шебер сынып сағаттарын көрсетті. Атап айтсақ ағылшын тілі пәні бірлестігінің ұстаздары Турисбекова С., Курманбекова А., Мирзаева С. «Роль краткосрочного планирования для повышения методического уровня учителя» тақырыбында шебер сынып өтті.

А. Шарипова, Д. Мамадалиева «Повышение мастерства учителя посредством творческих находок и приемов на уроке» тақырыбында өз тәжрибелерімен бөлісті. Сабақта қандай әдіс тәсілдер қолданатынын М. Калымбетова «Как использовать ИИ для изучения английского языка» атты тақырыппен таныстырып, оқушысы Тасполат Марғұлан бірлесіп ғылыми жобаларға дайындалу жолдарымен бөлісті.

Педагогтердің өзара тәжірибие алмасуы бірлік пен дамудың ең тиімді жолы. «Мектептен мектепке» жобасы оқушыларға білім беру бағытында да көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар, біліктілікті арттыруға өз септігін тигізеді.

Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту маңызды

Бала өмірге келген сәттен бастап, ата-анасы оның өмірдегі алғашқы тәрбиешілері болып табылады. Отбасындағы тәрбие баланың мінез-құлқының, дүниетанымының және болашақтағы өмірлік бағытының қалыптасуына тікелей әсер етеді.Осыған орай Кентау қаласының білім бөліміне қарасты Кентау оқушылар үйінде ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін талқылау, жауапкершілігін арттыру және ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Тақырыпты ашу мақсатында әлеуметтік педагог Г.Байдүйсенова «Баланың психологиялық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына ата-ананың ықпалы» тақырыбында баяндама оқып, ата-ананың балаға үлгі болуы, қарым-қатынас мәдениеті,эмоционалды қолдау көрсету маңызды екенін атап өтті.

Балалар жастайынан ата-аналарын бақылап, оларға еліктейді. Бұл модельдеу деп аталатын процесс бала дамуының негізі. Ата-ана бала назарының орталығы бола отырып, әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін, эмоцияларға әсер етуін және басқалармен қарым-қатынасты қалай орнату керегінің ақпарат көзі болады. Ата-аналардың қарым-қатынас стилі, сенім деңгейі және ынтымақтастыққа дайындығы бала үшін өзінің әлеуметтік қарым-қатынастырының құруында бағдар болады. Ата-анасының басқа адамдарға мейірімділік пен құрмет көрсеткенін көрген бала олардан үлгі алады. Бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, жанжалдарды шешуге және жалпы салауатты қарым-қатынастарды құруға көмектеседі, дейді мамандар.

 

« — Ата-аналар эмоцияналды интеллектті қалыптастырудағы алғашқы ұстаздар. Балалар әке-шешесін бақылай отырып, өз эмоцияларын тануға және оларды басқаруға үйренеді. Олардың күйзеліспен күресу, қуаныш немесе ашулануды білдіру тәсілдері баланың эмоциялық дамуына әсер етеді. Сезімдерді ашық талқылау немесе релаксация техникасын пайдалану сияқты эмоцияларды басқарудың салауатты тәсілдерін көрсеткенде, балалар да сондай дағдыларды қабылдайды. Керісінше, егер ата-ана өздерінің эмоцияларын басып тастаса немесе күйзеліске деструктивті түрде жауап берсе, бала да тиімсіз әдістерге үйренеді. Осы кезде «эмоция сұрыптау» ұғымын атап өткен жөн. Бұл ата-ананың балаға өз эмоцияларын тануға, түсінуге және реттеуге көмектесетін процесс. Ол баланың эмоциялық дамуында және оның өмірлік қиындықтарымен күресу қабілетін қалыптастыруында негізгі рөл атқарады. Ерте жаста бала өз эмоцияларын басқару дағдыларына әлі дайын емес және оларды өз бетінше атай алмайды. Ата-ана осы жолдағы пайда болатын бала уайымдарын тануға көмектесуі тиіс. Ата-ана баланың қоршаған әлемді қабылдауы мен өзара әрекеттесуіне әсер ететін бірінші және ең маңызды үлгі ретінде қызмет етеді.

Бала өз ата-анасының мінез-құлқын және эмоциялық реакциясын игере отырып, бақылау және еліктеу арқылы үйренеді. Сондықтан кез келген ата-анаға берілетін ең жақсы кеңес — өзгерістерді өзіңізден бастаңыз. Баланың өзін-өзі бағалауы көбінесе ата-анасының оны қалай бағалайтынына тәуелді. Өз кезегінде, ата-ананың өзін-өзі оң бағалауы және олардың өз қабілеттеріне деген сенімі балаға әсер етеді. Ата-ана баласын қолдап, жігерлендірсе, бұл оның өзінің қабілеттеріне деген сенімділігін және мақсаттарына жетуіне деген ұмтылысын дамытады. Керісінше, сын мен салыстыру өзін-өзі бағалауды төмендетіп, сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Біздің эмоционалдық және психологиялық дамуымызға ата-аналар мен отбасылық орта айтарлықтай әсер етеді, бірақ біздің барлық проблемаларымыз тек ата-анамен балалық қарым-қатынастан туындайды деп ойлау дұрыс емес.» — деді әлеуметтік педагог Г.Байдүйсенова

Мекеме медбикесі Ұ.Оралбай «Тазалық- денсаулық кепілі» атты тақырыпта баяндама жасаса, педагог-психолог А.Дарменбаева ата-аналармен түрлі тренингтер өткізіп, ситуациялық сұрақтар қойылып, ата-аналардың жауаптары тыңдалды. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар балаларына қалай тәрбие беріп жатқандарын айтып, өзара тәжірибе алмасып, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі қаншалықты маңызды екені талқыланды.