ТҮРКІСТАНДЫҚ 24 ҚҰТҚАРУШЫ АРНАЙЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының өрт сөндірушілері жыл басынан бері дабыл бойынша 15 мыңға жуық нысанға барған. Құтқарушылар жалпы құны 1 млрд 974 млн 900 мың теңгені құрайтын материалдық мүліктердің бүлінуінің алдын алған. Бұл туралы Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің бастығы Думан Қыдырмоллаев мәлімдеді.

«Түркістан облысында жыл басынан бастап дабыл өрт сөндіру бөлімшелеріне 14 963 рет дабыл түскен. Соңғы жылда қызыл жалын кезінде өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары 24 адамды құтқарып, 130 адамды эвакуациялаған. Аймақта өрт салдарынан 8 адам жарақат алып, 5 адам қайтыс болды. Облыста орын алған төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды жүзеге асыратын жалпы саны 42 өрт сөндіру бөлімдері бар. Одан бөлек, жыл басынан бері 2 өрт сөндіру бөлімшесі қолданысқа берілді. Жалпы өңірдегі өрт сөндіру бөлімшелерінде 1 388 қызметкер бар. Сонымен қатар, 203 бірлік техника жұмыс істейді»-деді сала басшысы.

Сондай-ақ брифинг барысында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Төреқұлов азаматтық қорағау органдарына жұмысқа тұру үшін атқарылатын міндеттер туралы баяндады.

«М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу үшін орта білімі бар 16 жасқа толған денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды азаматтар қабылданады. Академияға қабылдау медициналық және дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, Ұлттық бірыңғай тесттің нәтижелері бойынша іріктеу арқылы жүргізіледі. Академиядағы оқу техникалық мамандық болғандықтан Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде бейінді пәннен математика және физика пәндерін таңдау қажет. Оқуға қабылданғаннан кейін курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Барлық оқу кезеңінде киім-кешекпен, тамақтану және мемлекеттік шәкіртақымен қамтылады. Академияда күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған азаматтардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеліп, лейтенант атағын алып шығады. Құтқарушылар күніне орай Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы №508 бұйрығымен облыстағы 24 қызметкер түрлі дәрежедегі төсбелгі және алғыс грамоталарымен марапатталды»-деді спикер.

В ТУРКЕСТАНЕ ОТМЕТИЛИ 100-ЛЕТИЕ РАХИМЖАНА КОШКАРБАЕВА

В Туркестане состоялось торжественное мероприятие, посвященное 100-летию народного героя Рахимжана Кошкарбаева.
На мероприятии, организованном в честь столетия Рахимжана Кошкарбаева присутствовал заместитель акима области Ертай Алтаев, который отметил важность данного события.


— Сегодня мы собрались, чтобы отметить 100-летие великой личности, народного героя Рахимжана Кошкарбаева. Это событие напоминает нам о его героизме, патриотическом духе и вкладе в наш народ, а также служит примером для молодежи. Сегодняшнее мероприятие имеет большое значение для сохранения наследия Рахимжана Кошкарбаева, возрождения исторических событий, связанных с его именем, и передачи этого наследия будущим поколениям. Мы обязаны помнить о нем и сохранять его в нашей памяти, — сказал он.
В рамках праздничного мероприятия состоялась церемония подписания меморандума между областным филиалом партии «AMANAT», департаментом по делам обороны Туркестанской области, общественным объединением «Координационный совет ветеранов различного уровня Туркестанской области» и акиматом области.

Цель меморандума — укрепление взаимосвязи ветеранов различного уровня в области, повышение статуса почетного звания «Ветеран», представление образцового жизненного пути молодому поколению, а также сохранение традиций и национальных ценностей.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 20 ҚАЗАННАН БАСТАП ЖЫЛУ БЕРІЛЕДІ

Түркістан қаласында 20 қазаннан бастап жылу беріледі. Қазіргі таңда қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелерде жылыту құрылғыларының қысымын реттеу, шаю жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, қала тұрғындары үйде болулары қажет. Тұрғындар жылыту жүйелерінде ақауды байқаған жағдайда 1310 немесе 109 колл-орталығына хабарласу керек. Бұл туралы брифингте Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков мәлімдеді.

«2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық барысында жылыту мекемесіне қарасты 17 жылу қазандығы мен 55,3 шақырымдық жылу құбыры тексеруден өтіп, қысымдау жұмыстары жүргізілген. Жылу қазандықтарының негізгі отын түрі – табиғи газ. Қаладағы 219 көпқабатты тұрғын-үй, 65 әлеуметтік және 60 кәсіпкерлік нысан, 33 жер теліміндегі үйлер жылу жүйесімен қамтылады. Сондай-ақ шаһардағы автономды көпқабатты тұрғын үйлер саны 160-ты құрайды»-деді спикер

Сонымен қатар «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Ерғазы Рысбеков тұрғындарға жылу маусымына дайындық аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады

«Жалпы кәсіпорында штаттық режимде 38 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, жылыту маусымында қосымша 96 азамат жұмыспен қамтылады. Шаһардағы жалпы абонент саны 11 416-ны құрайды. Бұл жылғы тариф жеке тұлғалар үшін 1 шаршы метрге 140,8 теңге болып бекітілді. Қазіргі таңда қаладағы тұрғын үйлермен әлеуметтік нысандар 100% газбен қамтылған»-деді мекеме басшысы.

Сауран ауданында 3 067 жаңа жұмыс орны ашылады

Түркістан облысында барлық аудан, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жоспар жасалып, ол облыс әкімі мен басқарма басшыларының алдында арнайы талқылаудан өтіп, бекітіледі. Кестеге сәйкес бүгін Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жоспар таныстырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жоспардың кейбір жетілдіретін тұстарына тоқталып, аудан әкіміне жұмысты жүйелеуді тапсырды.
– Сауран ауданының әлеуеті өте жоғары. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен бой көтерген өндірстік парктің мүмкіндігін толық пайдаланып, индикаторға енгізген жөн. Бізге өзіндік кіріс көздерін молайтып, жұмыс орындарын көбейтпесек болмайды. Сауран ауданын дамытуда ауыл шаруашылығы, туризм бағыттарын да қайта пысықтап, жұмысты жандандырыңыздар. Барлық аудан, қала әкімінің жоспары тыңдалады, – деді Дархан Сатыбалды.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың айтуынша, ауданның даму жоспарында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм басым бағытқа ие. Ауданда жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру ісі жақсы дамыған. 2030 жылға дейін құны 174,6 млрд. теңгені құрайтын 151 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы бойынша 52 жоба (жоба құны – 107 млрд. теңге, 390 жұмыс орны), өнеркәсіп саласында 85 жоба (жоба құны 53,1 млрд. теңге, 2 427 жұмыс орны), туризм саласында 14 жоба (жоба құны 14,5 млрд. теңге, 250 жұмыс орны) жүзеге асады. Жалпы 3 067 жаңа жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемі 321,5 млрд. теңгеге жетіп, 2,4 есе артады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге өндірістік аймақтарды кеңейту, тоқыма өнеркәсібі, жиһаз жасау, пластмасса өнімдерін өндіру жобалары жүзеге асады. Су үнемдеу технологияларына 17,6 млрд. теңге инвестиция тартылады. 14 жобаны жүзеге асыру көзделген. Мал, құс, балық, егін және мақта шаруашылығы да дами түседі.
Туризм саласында 14 жоба енгізілсе, оның 4-еуі биыл ашылмақ. Емдік-сауықтыру және демалыс аймақтары салынады. Аудандағы тарихи орындардың туристік әлеуетін көтеру бағытында да жұмыстар жүргізілмек.

«EURO BETON» бетон зауытында 100-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді

Әр кәсіпкер өндіріс орнының айналасын қоршап, тал егу керек. Кәсіпорындардың жұмысын пысықтаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өнеркәсіптік аймақтарын көгалдандырудың маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлерге зауыт маңын реттеуді міндеттеді. Кәсіпкерлерді өндірісті кеңейтіп, терең өңдеуге көшудің маңыздылығын түсіндірді.

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның ХХХ жылдығы елді мекеніндегі ЖШС «EURO BETON» бетон зауыты бетон бұйымдарының барлық түрлерін шығарады. Төрт жыл бұрын іргетасы қаланған зауыт 2,5 гектар жерде орналасқан. Отандық өнімның бағасы қолжетімді. Сұраныс та жоғары. Зауытта 100-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді.

Сауран ауданы облыс әкімінің жіті бақылауымен өндіріс аймағына айналуда. 2030 жылға дейін ауданда 53,1 млрд. теңгенің 85 жобасын іске асыруды жоспарланған. Атап айтқанда, тоқыма бұйымдарын өндіру, тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарын шығару, жиһаз, пластмасса бұйымдар өндіру, құрылысқа қажетті материалдарын шығаратын зауыт, фабрикалар жұмыс бастайды. 2,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылып, кіріс артпақ. Өндіріс алаңдары құрылады.

Сауран: «Golden Cotton» мақта зауытында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.

Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамытуға күш салынуда. Жоғары сапалы шитті мақтаны өсіріп, оны өңдеуге ден қойылған. Өңірде мақта-тоқыма кластерін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Сауран ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Golden Cotton» мақта қабылдау және қайта өңдеу зауытында болды. Осыдан 2 жыл бұрын ашылған зауыт 4 гектар аумата орналасқан. Жоба құны – 789,0 млн. теңге. Мұнда жылына 12 мың тонна мақта өңдейді. Жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған. Өндірілген өнімді Ресей, Беларусь және Қытай елдеріне сатуға шығарады. Былтыр 8 мың тонна мақта өнімін қабылдап, қайта өндеген. Су үнемдеу технологиясының көмегімен келер жылы 1 мың гектар жерге жоғары сотты мақта тұқымын егіп, өнім сапасын арттырмақ.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды сондай-ақ саурандық жас кәсіпкермен кездесті. Істен шыққан ескі қондырғыны сатып алып, жөндеген Саидбек Жаппаров мақтаны қайта өңдеу цехын іске қосқан. Жылына 600 тонна мақтаны қайта өңдеп, өндірілген өнімді Қытай мен Түркияға сатады. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын қойма ашып қойған. Облыс әкімі жас кәсіпкерге сәттілік тілеп, кәсібін кеңейтуін құптады. Түркістан облысында жыл сайын облыста 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Облыста егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде.

Түркістан облысы елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылымдарда 70 мыңға жуық шаруалар еңбек етеді. Облыста жыл сайын 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналуда. Мақта саласындағы негізгі түйіткілді мәселе баға тұрақсыздығы. Себебі елімізде бәсекеге қабілетті тоқыма және тігін өнеркәсібі дамымағандықтан, шитті мақтаны сату бағасы экспорт нарығына тәуелді болып отыр. Елімізде мақта талшығын терең өңдеу бойынша тек 3 кәсіпорын бар, олардың үлесінде мақта талшығының қайта өңделген көлемі 18% – дан аспайды.

Осыған орай облыста 2023 жылы «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілді. Оған сәйкес 4 бағыта, егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, мақта кластерін құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіледі. Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Нәтижесінде мақта бағасына алдағы жылдары тәуелділік жойылатын болады. Осы мақсатта 2023 жылы Мақтаарал ауданында “Cotton Мақта” ЖШС мақта өңдеу зауыты жобасы жүзеге асырылды. Жобаның құны 3 млрд. теңге, жылдық қуаттылығы 60,0 мың тонна мақта талшығын шығару. Зауытта 80 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

Өткен жылы мақта өңдеу зауыты 40,0 мың тонна шитті мақтаны қабылдады. Зауытты заманауи қытайлық технологиямен жарақтандырудың нәтижесінде, күніне 600-650 тонна шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, облыста бүгінгі күнге, ҚХР, Өзбекстан инвесторларының қатысуымен 223,5 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында «Global Textile Solution» ЖШС-нің құны 21 млрд. теңге құрайтын «Мақта-тоқыма кешені және логистикалық хаб құру» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба негізінде 2000 жаңа жұмыс орындары ашылады. Жобаның қуаттылығы – 160 мың тонна. Жоба 2026 – 2027 ж.ж. толық циклде іске қосылады.

Сондай-ақ Жетісай ауданында құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын жылына 7500 тонна иірілген жіп фабрикасын салу бойынша «TST JETISAY TEXTILE» ЖШС-нің жобасы жүзеге асуда. Кәсіпорында 200 жаңа жұмыс орны құрылады.

КЕНТАУДА БІЛІМ ОРДАСЫНАН ОҚУ ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТ АШЫЛДЫ

Кентау қаласының 69 жылдық мерейтойы қарсаңында «Кентау гуманитарлық-техникалық колледжі» базасында жаңа тұрпатты Оқу өндірістік ғимараты пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов білім ордасының басшылығын және студенттерді мерекемен құттықтап, нағыз маман тәрбиелеуде мүмкіндік беретін ғимараттың ашылуына тілектестік білдірді. Жаңа ғимаратта жас мамандар оқумен қатар тәжірибе алмасып, өндірістік саланың қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алады.
Айта кетейік, 2008 жылы құрылған 16 жылдық тарихы бар колледж алғашқы талапкерлеріне білім қақпасын айқара ашқан күннен бері, бәсекеге қабілетті орта буын мамандарын дайындау жөніндегі бастамаларын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып келеді.
Сондай-ақ облыс көлемінде өтетін түрлі олимпиядалар, конкурстар және «WorldSkills» Облыстық байқауларында жүлделі орындарды иеленіп келе жатқан оқу орны.
Осы жылдар ішінде колледжді табысты аяқтаған 1175 тен астам бітірушілер еліміздің түпкір-түпкірінде өндірісте еңбек етуде.
Колледжде жаңа заман талабына сәйкес дуальді оқыту жүйесі жақсы жолға қойылған. Облыстық білімді қадағалау департаментінің 28 тамыз 2024 жылғы шешімімен колледжде «Қолданбалы бакалавриат» мамандарын дайындауға мемлекеттік лицензия беріліп, колледжге «Кентау жоғары Гуманитарлық Техникалық колледжі» статусына ие болған.

КЕНТАУДА ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН АРНАЙЫ МӘЖІЛІСІ ӨТТ

Кентау қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшыларымен арнайы мәжіліс өтті.
Оған құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары қатысты. Мәжілісті Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова төрағалық жасап, жүргізіп отырды. Маңызды жиынның күн тәртібінде Кәмелет жасына толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың профилактикасы жөнінде мәселе талқыланды.
Бірінші Кентау қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасры полиция подполковнигі Абдрахман Тоқбергенов Жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың профилактикасы бойынша баяндама жасады.
Түркістан облысы ПД нұсқамасына сәйкес 3 рет «Жасөспірім» 2 рет «Абайлаңыз балалар» және «жасөспірім және құқық» іс шаралары өткізіліп, мүдделі орган өкілдері қатыстырылды. Іс-шаралар барысында, Кентау қаласы ПБ қызметкерлерімен, күнделікті кәмелетке толмағандар қылмысының алдын-алу профилактикасы барысында күндізгі және түнгі мезгілдерде көшелер мен ойын сауық орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейд барысында түнгі мезгілдерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген -274 жасөспірін, ойын-сауық орнында болған 8 жасөспірім, Ұсақ бұзақылық жасаған 7 жасөспірім анықталған. Ата-аналық міндетін тиісінше орындамайтын 14 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарының алдын алу бойынша оқу орындарында 246 рет кездесулер өткізіліп, құқықтық тақырыпта түсініктер берілген.
Кентау қалалық білім бөлімінің бас маманы Едіге Әпиев жалпы бөлімге қарасты білім беретін мектептердегі кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстардың және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Жиын соңында мәжіліске қатысушылардың ұсыныстары мен ескертпелері хаттамаға енгізілді.

Кентау: 3 оқушы қалалық ІІ-кезеңге қатысу үшін жолдама алды

Кентау қаласында орналасқан “Әл – Фараби атындағы №14 мектеп – гимназия” КММ-де Түркістан облысы білім басқармасының облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 16 қазан күні сағат 10:00-де 10 – 11 сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша Республикалық «Алтын түлек» олимпиадасының мектепішілік І кезеңі өтті. Олимпиадаға 2024 жылғы 09 – 16 қазан аралығында https://pwa.zerdeli.app/ сілтемеcі арқылы тіркелген білім ордасының 10 – сыныптан 7 оқушы, 11 – сыныптан 5 оқушысы қатысқан болатын. Мектепішілік І кезеңнің сапалы, жоғары дәрежеде өтуі мектеп директорының бұйрығымен бекітілген сарапшылар құрамы мен математика пәнінің мұғалімдері жұмыс жүргізді.

Олимпиаданың мектепішілік І кезеңнің тапсырмалары үш бөлімнен тұрады. Бірінші және екінші бөлім – тест тапсырмалары, үшінші бөлім – тапсырманың бос орындарын толықтырып жазу. Барлығы 100 ұпай және 60 минут уақыт берілді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен, 10 – сыныптан 3 оқушы, 10 – сыныптан 3 оқушы қалалық ІІ кезеңге қатысу үшін жолдама алды. Мектеп ұжымы олимпиаданың мектепішілік кезеңінен орын алған оқушыларды марапаттап, қалалық ІІ кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, «Алтын түлек» олимпиадасының мақсаты оқушылар арасында математикаға ерекше қабілеті бар балаларды анықтау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық бағыттарға қызығушылықты ояту, сондай-ақ оқушыларға математикалық ұғымдарды талдау, сыни тұрғыдан ойлау, күрделі есептерді шешу дағдыларын үйрету болып табылады. Сонымен қатар, олимпиаданы өткізу мақсаттарының бірі – кәсіби бағдар беру жұмысы. Олимпиадаға қатысушылар жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен және факультеттерімен танысады.  Атап өтілгендей, «Зердел» ақыл-ой даму мектебімен бірлесіп ұйымдастырылған олимпиаданы өткізу еліміздегі математикалық білімнің дамуына қосылған қомақты үлес деп айтуға болады. Олимпиаданы ұйымдастыру оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Айта кетейік, өткен жылы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Алтын түлек» олимпиадасының республикалық кезеңі өткен болатын. Сайысқа Қазақстан бойынша 3000 оқушы қатысса, оның 234-і Түркістан облысы атынан бақтарын сынаған. Білім олимпиадасы «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірге ұйымдастырылған олимпиадаға 10-11сынып оқушылары қатысып,жалпы олимпиада нәтижесінде Түркістан облысының 8 оқушысы – бірінші орынға, 20 оқушысы – екінші орынға, 27 оқушысы – үшінші орынға ие болған. Ал, 14 білімді жас арнайы мақтау қағазымен марапатталды. Жеңімпаз атанған Камилханов Абдусамат «Stambul Aydin University» оқу орнының грантын иеленсе, Оралбек Дәурен және Оралбек Дарын Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің грантын жеңіп алған болатын.

«Алтын түлек» олимпиадасына қатысудың негізгі артықшылықтарын айта кетейік. Біріншіден олимпиадаға қатысу жоғарғы оқу орындарының білім гранттарын ұтып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіптік бағдар алуға, «Зерделі» оқу орталықтарының грантын иеленуге де мүмкіндік қарастырылған. Одан бөлек, олимпиада есептеріне координация және олимпиада алдындағы тегін сабақтарға қатысуға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ЭЫДҰ-ның парасаттылық және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі отырысына қатысты

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізу жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттерінің бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 15-16 қазан аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Ж. Жұмағали бастаған делегация парасаттылық және жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.

Іс-шарада мемлекеттік және жеке секторлардағы адалдық пен сатылмаушылық, мүдделер қақтығысы, қоғаммен өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы күрестің озық құралдары талқыланды.

Іс-шара аясында еліміздің жемқорлыққа қарсы саясаты және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы таныстырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, цифрлық құралдарды енгізу, активтерді қайтару, бизнесті қорғау және заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі баяндалды.

Айта кету керек, Қазақстан халықаралық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде шетелдік лауазымды тұлғаларға пара беруге қарсы күрес жөніндегі ЭЫДҰ Конвенциясына қосылуға ниетті.

Бұл мемлекеттік аппарат пен қоғамда парасаттылық қағидаттарын енгізу, құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау, заңсыз активтерді қайтару мәселелері бойынша ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді және шет елдердің құқық қорғау органдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін негіз жасайды.

_
❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.