Все записи автора TAQ.KZ

Қазығұрт ауданында көкпардан аудандық чемпионат өтті

Қазығұрт ауданында “Ұлттық спорт” күніне орай көкпардан ересектер арасында аудандық чемпионат басталды. Аталған дода ұлттық құндылықтарды дәріптеп, көкпар спортының дамуына серпін беруге бағытталған. Спорттық сайысқа ауданның әр ауылдық округінен жиналған 8 команда қатысып, өзара тартысты ойын көрсетіп жатыр. Жарыс барысында шабандоздар өздерінің ептілігі мен батылдығын көрсетуде. Сондай-ақ, көкпар додасы көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыруда. Чемпионаттың финалдық кезең ойындары Қазығұрт тауы баурайында өтеді деп жоспарланған. Финалда үздік шыққан командалар анықталып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болады. Мұндай ауқымды спорттық іс-шаралар жас ұрпақты салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеп, салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады.

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен ұлттық мәдениетінде ат спортының орны айрықша. Соның ішінде көкпар халқымыздың батылдығын, ептілігін, шапшаңдығын және намысшылдығын танытатын ұлттық ойындардың бірі. Көкпарды жай ғана ат үстіндегі сайыс деп қабылдау жеткіліксіз. Оның астарында қазақтың көшпелі өмір салты, жылқыға деген ерекше құрметі, жігіттің азаматтық қасиетін шыңдау дәстүрі жатыр. Көкпардың тарихы тым тереңде жатыр. Қазақ даласында жылқы көлік қана емес, тұрмыс-тіршіліктің, еркіндіктің, ел қорғаудың және азаматтық мәртебенің символы болған. Ат үстінде еркін шауып, қиындыққа төтеп беру, найза ұстап, жауға қарсы тұру сияқты қасиеттер көшпелі өмір салтында маңызды орын алған. Осы ортада атқа міну мәдениетімен бірге түрлі ат ойындары да қалыптасты. Көкпар осындай дәстүрлі ат спортының ең танымал әрі күрделі түрлерінің біріне айналды. «Көкпар» сөзінің шығу төркіні туралы түрлі пікір бар. Халық арасында оның «көк бөрі» сөзінен шыққаны туралы түсінік кең тараған. Ежелгі көшпелі ортада қасқырды аулап, ат үстінде тартысудың болғаны туралы деректер мен аңыздар кездеседі. Кейін бұл дәстүр өзгеріп, арнайы ойын түріне айналған деген пікір бар.

Уақыт өте келе көкпардың ережелері қалыптасып, ойынның өзіндік тәртібі мен талаптары орнықты. Көкпардың басты ерекшелігі ат пен адамның бір-біріне деген үйлесімділігінде. Көкпаршы тек мықты шабандоз болып қана қоймай, атын шебер басқара білуі керек. Өйткені сайыс барысында көкпаршыға жоғары жылдамдықпен қозғалу, қарсыластың әрекетін бақылау, көкпарды іліп алу, оны қорғау және белгіленген жерге жеткізу қажет. Мұның барлығы үлкен күшті, төзімділікті, ептілікті және тәжірибені талап етеді. Ер қанаты ат» деген халқымыздың қанатты сөзі осының дәлелі. Атқа міну мәдениеті ұлттың тұрмысымен біте қайнасқан. Көкпар кезінде шабандоз бен тұлпардың біртұтас әрекет етуі осы дәстүрдің жалғасы іспетті. Жүйрік әрі төзімді ат көкпаршының басты серігі болса, тәжірибелі шабандоз оның мүмкіндігін дұрыс пайдалана біледі. Көкпардың тәрбиелік мәні де ерекше. Көкпар жастарды батылдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелейді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН КҮТІП ҰСТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысы аумағында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 678 шақырымды құрайды. Сондай-ақ, жолдардың бойында 107 көпір және 625 су өткізгіш құбыр бар.

Республикалық жолдарда Шымкент-Қызылорда бағытында тәулігіне 22 250 көлік, Шымкент-Тараз бағытында тәулігіне 14 622 көлік, Шымкент-Ташкент бағытында тәулігіне 24 668 көлік, ал Жібек жолы-Жетісай бағытында тәулігіне 16 758 көлік қатынайды.

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Түркістан облыстық филиалының «ҚАЖсервис» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан қазіргі уақытта көктем-жазғы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жүріп жатыр.

Атап айтқанда, жол жамылғысындағы ақауларды жою, тосқауыл қоршауларын түзету, жол бойындағы жабдықтарды әктеу және бояу, санитарлық-гигиеналық тораптарды күнделікті тазалау, мұзға қарсы материалдардың қалдықтарынан тазарту, тосқауыл қоршауларын жуу, жолдың жүру бөлігін және жол жиегін қоқыстан тазалау, жасанды құрылыстарды алу, жол белгілерін орнату және ауыстыру, жол бетіндегі таңбалау жұмыстары.

Жолдарды күтіп ұстау бойынша жоспарланған барлық жұмыстарды орындауға 58 бірлік техника және 184 адам жұмылдырылған. Бұдан бөлек, су тасқынына қарсы іс-шараларға дайындық бойынша 13 000 қап, 800 текше метр құм, 150 текше метр бут тас және 1 400 текше метр қиыршық тас қоспасы дайындалған.

Жалпы көктем-жазғы кезеңде 5 485 шаршы метр шұңқырларды жөндеу, 428 дана жол белгілері мен көрсеткіштерін орнату, 3704 метр доңғалаққа қарсы қоршау брусын түзету, 10 дана жол буферлерін орнату, 2638 шақырым жолды таңбалау, 30 дана жасанды кедергілер орнату, 8 шақырым жол жарықтарын бітеу жұмыстары жүретін болады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1 МЛН ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛЕДІ

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында республика көлімінде 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырған. Аталған тапсырмаға сәйкес, облыстың орман қоры жерлеріне 2021-2027 жылдары 110 мың гектарға 170 млн көшет егу жұмыстары бойынша арнайы кешенді жоспар бекітілген. Бүгінде 2021-2025 жылдары аралығында 96 мың гектар жерге 146 млн түп көшет егілді. Жоспар 116 пайызға артығымен орындалды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.

Облыс басшысы жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне көктемгі ағаш егу жұмыстарын жүйелі ұйымдастырып, бекітілген жоспардың толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар кейбір аудандарда суару жүйелері мен қоршау жұмыстарының төмен деңгейде жүргізіліп жатқанын сынға алып, көшет отырғызу сапасын күшейтуді жеткізді.

Жиында көктемгі ағаш егу жұмыстарына дайындық барысы туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов баяндама жасап, алдағы жоспарларын атап өтті. Оның айтуынша, 2026-2027 жылдары аралығында қалған 14 мың гектар жерге, 24 млн түп көшет егу жұмыстары толығымен атқарылады. Биылғы наурыз айында 13 600 гектар жер жырту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

2025 жылы облыстағы орман шаруашылығы мекемелеріне қарасты 22 тұқымбақта 30 миллионға жуық көшет өсіріліп, ормандарды толықтыруға 10 миллионнан астам көшет егілді.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, елді мекендерді көгалдандыру аясында облысқа 1,1 млн көшет отырғызу тапсырылған. Өткен жылы 1 065 139 түп көшет егілді. Ал 2026 жылға 1 млн көшет отырғызу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда 312 мың көшет аудан-қалаларға таратылған. Көктемгі маусымға дайындық аясында 374 гектар жер қамтылып, суару жүйелері 80 пайызға, қоршау жұмыстары 84 пайызға қамтылған.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 13 аудан, қала әкімдіктерінде жер бөлініп, тұқымбақтар ашылды.

Биыл Наурызнама аясында 23 наурыз – Тазару күніне орай жаппай ағаш отырғызу және тазалық акциялары өткізілді. Нәтижесінде 46 гектар жерге 32 256 түп көшет отырғызылып, 821 гектар аумақ тазартылып, 1032 тонна қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ Түркістан қаласы маңында 30 мың гектар аумақта «Жасыл белдеу» қалыптастыру жобасы жүзеге асуда. Қазіргі таңда оның 29 544 гектары мемлекеттік орман қоры санатына енгізілген. 2026 жылғы жоспарға сәйкес, көктемде 100 гектарға 294,1 мың түп сексеуіл, ал күзде 9 415 гектар аумаққа 776 мың түп жапырақты ағаш көшеттері отырғызылады.

Жасыл белдеуде отырғызылған көшеттерді суғаруға арналған 390 дана су ұңғымалары жұмыс істейді. Биыл олардың 60-ының насосын жөндеу жоспарланған.

Оған қоса, әуежай жолы бойындағы су жүйелері қысқы маусымда толық тазаланып, вегетациялық кезеңдерге дайындық жұмыстары атқарылды.

Отырғызылған ағаштарды жазғы ыстық ауа-райында бірыңғай суғаруды қамтамасыз ету мақсатында тамшылатып суғару жүйелерін жаңарту және қосымша 4 дана бассейнге қуаттылығы сағатына 80-120 м3 болатын су айдағыш құрылғыларын орнату жоспарлануда.

Алдағы уақытта, Түркістан қаласы айналасы мен облыс көлеміндегі көгалдандыру жұмыстары тұрақты жалғасады.

 

«Туркестан Арена» приняла первый матч под эгидой УЕФА и собрала полный стадион

В Туркестане состоялось историческое событие — стадион «Туркестан Арена» впервые принял официальный матч под эгидой УЕФА. В рамках отборочного турнира чемпионата Европы среди молодёжных сборных (U-21) на поле встретились команды Казахстана и Словакии.


Матч вызвал большой интерес у местных жителей: трибуны были заполнены до отказа. По официальным данным, игру посетили около семи тысяч болельщиков. С первых минут встречи зрители активно поддерживали казахстанскую команду, создавая атмосферу настоящего футбольного праздника.

Несмотря на мощную поддержку трибун, победа досталась гостям. Сборная Словакии продемонстрировала организованную игру в обороне и эффективно использовала свои моменты, завершив встречу со счётом 3:1.


Проведение матчей такого уровня в Туркестане свидетельствует о поступательном развитии спортивной инфраструктуры региона. Эксперты отмечают, что подобные события способствуют популяризации футбола среди молодёжи и формированию нового поколения спортсменов.

«Туркестан Арена» соответствует международным стандартам и требованиям УЕФА. Уже 31 марта здесь состоится следующий матч: молодёжная сборная Казахстана примет команду Ирландии. Начало встречи — в 20:00, вход для зрителей свободный.

«TAYIBA» СҮТ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ — ӨҢІРЛІК ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУДА

Сайрам ауданында орналасқан «TAYIBA» сүт өңдеу зауыты бастапқыда үй жанындағы шағын цех ретінде ашылып, сүттен 5 түрлі ғана өнім шығарып бастаған. Кейіннен кәсіпорын кеңейтіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылды. 50 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл кәсіпорын бұрын күніне 10 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығарған. Бүгінде өнімдер саны да көлемі де артқан. Сұраныс болса, тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады.

Қазіргі таңда мұнда сүт өнімдерінің 10-12 түрін шығарылуда. Айран мен қаймақ, құрт, сары май, ірімшік және өзге де өнім түрлері қосылған. Шикізат жергілікті тұрғындар және фермерлерден жиналып алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа өткізеді. Өндірістің барлық кезеңдері автоматтандырылған жүйелер мен заманауи жабдықтардың көмегімен бақыланады. Өндірісте сүтті қайнатып, өңдейтін вакуумдық цифрландырылған құрылғы қойылған. Өнімдер мұздатқыш камераларда сақталады. Өндірістегі құрылғылар Ресей, Қытай және Түркия мемлекетінен жеткізілген.

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ КАЧЕСТВО СТРОИТЕЛЬСТВА НАХОДИТСЯ НА СТРОГОМ КОНТРОЛЕ

В управление государственного архитектурно-строительного контроля Туркестанской области через платформу «Е-Өтініш» поступило 1 490 обращений и обращений физических и юридических лиц в прошлом году. В прошлом году поступило 1 722 сообщения о начале строительно-монтажных работ. Также в 2025 году завершено строительство 1 116 объектов, введенных в эксплуатацию в соответствии с требованиями закона. Об этом сообщил и.о. руководителя данного управления Тарту Байтурсынов.

“В 2025 году в результате контрольной и надзорной работы управления выявлены нарушения на 469 объектах. В результате этих работ составлено 1 202 протокола об административных правонарушениях в отношении объектов строительства и выдано предписания. Кроме того, в суд направлены документы по принудительному сносу 40 самовольно построенных объектов, как незаконных, так и с нарушением требований закона. Также, в результате разъяснительной работы сотрудников управления было снесено 16 объектов. В прошлом году незаконным застройщикам наложено штрафов на сумму 324 577 604 тенге, за отчетный период взыскано 283 688 535 тенге”, – доложил Тарту Орынтайулы.

Табиғат тазалығы – болашақ кепілі: «Мөлдір бұлақ» акциясының маңызы

Қоршаған ортаны қорғау – адамзат алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі. Табиғаттың тепе-теңдігі бұзылған сайын, оның салдары қоғам өмірінің барлық саласына әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда, елімізде жүзеге асырылып жатқан «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының мәні ерекше.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді.
Бұл бастама тек табиғатты тазартуға бағытталған шара ғана емес, ол – экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыратын маңызды қадам.

Аталған акция Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты – ел аумағындағы экологиялық ахуалды жақсарту, табиғи ресурстарды сақтау және халықтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Ал «Мөлдір бұлақ» акциясы осы мақсаттарды нақты істер арқылы жүзеге асыруға бағытталған.


Акцияның ерекшелігі – оның тәрбиелік маңызында. Бұлақ көздерін аршу, өзен-көлдерді тазарту жұмыстары арқылы адамдар табиғаттың қадірін тереңірек түсіне бастайды. Әсіресе, жас ұрпақ үшін мұндай шаралар үлкен өнеге. Табиғатты қорғау – тек міндет емес, ол – өмір салты екенін ұғындыру осы акцияның басты жетістіктерінің бірі.

Түркістан облысында бұл бастама кең көлемде жүзеге асырылып келеді. Өңірде бұлақ көздерін тазарту, олардың айналасын абаттандыру, ағаш отырғызу сияқты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралар тек экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етуде. Таза ауа, мөлдір су – денсаулықтың кепілі екені белгілі.


Түлкібас ауданында өткен іс-шаралар – осы бастаманың жарқын үлгісі. Табиғи байлыққа бай бұл өңір Қаратау мен Алатау тауларының түйіскен тұсында орналасқан. Мұнда көптеген өзендер мен бұлақтардың бастауы бар. Сондықтан әрбір су көзі – жергілікті халық үшін аса маңызды ресурс.

Акция аясында тарихи маңызы бар «Әулие бастау» бұлағы тазартылып, оның айналасы көркейтілді. Бұл бұлақ ұзақ жылдар бойы ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етіп келеді. Оның суы егістік алқаптарын суаруға пайдаланылып, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосуда.

Мұндай табиғи нысандарды сақтау – экологиялық қана емес, экономикалық тұрғыдан да маңызды.
Сонымен қатар, Төлеби ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Бірнеше ауылдық округтерде бұлақтар тазартылып, олардың табиғи арналары қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарға тұрғындар, еріктілер және түрлі сала мамандары белсенді қатысып, ортақ іске жұмыла кірісті. Мұндай бірлік пен ынтымақ – қоғамдағы экологиялық мәдениеттің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

«Мөлдір бұлақ» акциясы Тазару күнімен қатар ұйымдастырылуы да символдық мәнге ие. Бұл – жаңару мен тазалықтың белгісі. Осындай игі шаралар арқылы ұлттық құндылықтар мен заманауи экологиялық көзқарас үйлесім тауып, қоғамда жаңа мәдениет қалыптасуда.

Жалпы алғанда, бұл акция аясында алдағы уақытта мыңдаған бұлақ көзін ашу жоспарланған. Ал «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде миллиондаған ағаш отырғызылып, жүздеген мың адам экологиялық шараларға қатысуда. Бұл – елімізде табиғатты қорғау ісінің жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі.
Қорытындылай келе, «Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатқа деген жанашырлықтың нақты көрінісі.

Әрбір тазаланған бұлақ, әрбір отырғызылған ағаш – келешек ұрпаққа қалдырылған баға жетпес мұра. Сондықтан табиғатты қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі.

«Мөлдір бұлақ» – табиғат тазалығының бастауы

Қазақстанда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастамалардың бірі – «Мөлдір бұлақ» акциясы. Бұл игі шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Акцияның негізгі мақсаты – ел аумағындағы су көздерін тазарту, табиғатты қорғау және халық арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру.

Аталған бастама әсіресе Түркістан облысы аумағында кеңінен қолдау табуда. Өңірде бұлақ көздерін ашу, өзен-көлдерді қоқыстан тазарту және айналасын абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстар тек табиғатты қорғауға ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға да үлкен әсер етуде.

Акцияның «Наурызнамадағы» маңызды күндердің бірі – Тазару күнімен тұспа-тұс келуі оның маңызын арттыра түседі. Бұл күні табиғатты тазарту, қоршаған ортаны күтіп-баптау дәстүрі кеңінен насихатталады. Соның нәтижесінде тұрғындар табиғатқа жанашырлықпен қарап, ортақ іске белсене атсалысуда.

Мәселен, Түлкібас ауданында өткен экологиялық іс-шара ерекше ауқымымен көзге түсті. Табиғаты көркем бұл өңір Қаратау мен Алатау тауларының түйіскен жерінде орналасқан. Мұнда жеті өзен бастау алып, жүзге жуық бұлақ халық игілігіне қызмет етуде. Осындай табиғи байлықты сақтау – басты міндеттердің бірі.

Іс-шара барысында «Әулие бастау» бұлағының көзі тазартылып, айналасы абаттандырылды. Бұл бұлақ 1940 жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді және бірнеше елді мекенді сумен қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, ондаған гектар егістік жер мен жүзден астам тұрғын үй осы су көзіне тәуелді. Сондықтан мұндай табиғи ресурстарды сақтау – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аса маңызды.

Сонымен қатар, Төлеби ауданында өткен акция барысында Зертас және Көксәйек ауылдық округтеріндегі бұлақтар тазартылып, олардың арналары ашылды. Бұл шараға жергілікті тұрғындармен қатар еріктілер, жастар және ардагерлер белсенді қатысты. Мұндай бірлескен жұмыстар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.

Жалпы алғанда, «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Түркістан облысында 1500-ге жуық бұлақ көзін ашу жоспарланған. Ал «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде өңірде 1,3 миллионға жуық адам қатысып, 1 миллионнан астам ағаш көшеті отырғызылған. Бұл көрсеткіштер халықтың табиғатқа деген жанашырлығының артқанын айқын көрсетеді.

Қорытындылай келе, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы – табиғатты қорғау жолындағы маңызды әрі қажетті қадам. Бұл бастама тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатқан игі іс. Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосса, еліміздің табиғаты одан әрі көркейіп, экологиялық жағдайы жақсара түсері сөзсіз.

Бәйдібек ауданында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аталып өтті.

Мерекеге “Ауыл” партиясының аудандық мәслихат депутаты Мырзабеков Ерболат Қалдарұлы қатысып, тұрғындарды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Ұлттық салт-дәстүрлер жаңғырып, мерекелік шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Наурыз әр шаңыраққа құт-береке әкелсін!