Архив рубрики: Қоғам
КЕНТАУДА ЖЫЛУ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР
ШЕКАРАЛЫҚ АЙМАҚ ҚАЗАҚ ТІЛДІ КІТАПТАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында еліміздің ең қиыр оңтүстік нүктесі – Жетісай қаласы «АМАNАТ» партиясының аудандық филиалында «Кітап-АМАNАТ» мәдени-ағартушылық орталығы ашылды. Партиялық алаң осылайша Президент айтқан ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға үлес қосып, адамның ішкі әлемін байытып қана қоймай, оны адамгершілік қасиетке, азаматтық ізгілікке, елжанды мінезге тәрбиелейтін ортаға айналмақ.
«Кітап-АМАNАТ» жобасының маңызы жөнінде партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Қалыйма Жантөреева баяндады.
«Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда кітап басып шығару ісі идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі екенін айтты. Ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды басып шығару өте қажет екеніне көңіл бөліп, балаларды ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу үшін сол бағыттағы кітаптарды оқытып, жалпы кітапқа деген қызығушылығын оятудың маңызына тоқталып, арнайы тапсырма берді. «АМАNАТ» партиясы осы міндет аясында барлық өңірлерде арнайы орталық ашып отыр. Түркістан өңірі партия бастамасын шекаралық аймақ саналатын Жетісай ауданынан ашып, қазақ тілді әдебиетке кең өріс ашып отыр », – деп атап өтті.
Орталықта жүртшылық кітапты жазып алып та, сатып алып та оқуға мүмкіндік алмақ. Партияның облыстық филиалы баспагерлік ұйымдармен арнайы меморандумға қол қойып, сұранысқа ие қазақ тілді әдебиеттердің халық арасында кең таралымға ие болуына жәрдемдеспек. Бұл бағытта Жетісай ауданындағы мәдени-ағартушылық орталыққа алғашқы 1500 кітап жеткізілді.
Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов көзі ашық, көкірегі ояу Жетісай жұртшылығы кітаптың қадір қадір-қасиетін ұғатынын жеткізді. Ауданда жуырда өткен кітап фестивалі оған дәлел бола алатынын атап өтті. Бүгін осы дәстүр ізімен партиялық алаңда «Кітап-АМАNАТ» жобасының іске асуын жақсылыққа балайтынын айтты. Идеологиялық жүктемесі ауқымды бұл бастама арқылы тұрғындардың әдеби танымын кеңейту, оларды баспадан шыққан қазақ тілді жаңа кітаптармен таныстыру, тұрғындардың сапалы әдебиетке қол жеткізуіне жәрдемші болу міндеті атқарылатынын атап өтті. Сондай-ақ партия ашқан алаңда отандық әдеби ортамен, кітап авторларымен, баспагерлік ұйымдардың өкілдерімен мәністі жүздесулер өтіп, көркем және балалар әдебиеттерінің, танымдық кітаптардың, ғылыми публицистикадағы соңғы жаңалықтардың таныстырылымдары, шығармашылық кездесулер тұрақты түрде өткізілетінін жеткізді.
Ағартушылық орталықтың ашылуына ауданның белді азаматтары қатысып, игілікті бастаманың сәтті болуын тіледі. Сондай-ақ аудан тұрғындарына ақжарма тілектерін партияның Түркістан облыстық филиалы жанындағы «MIRAS» кеңесінің мүшелері де білдіріп, аудан тарихындағы елеулі жоба табысты болатынына сенімдерін білдірді.
Айтулы жобаның қиырдағы қасиетті Жетісай топырағында жүзеге асып жатқанына шын қуаныштарын білдірген жұртшылық ұлт пен жұрттың райы мен шырайын білдіретін кітап әлемі өміршең құндылық екенін жеткізді. Кітаптан алар тағылым мен қуат, өнеге мен үлгі орасан екенін айтты. Айта кету керек, Түркістан өңірі ежелден білім-біліктің қасиетті қарашаңырағы, үздік өркениеттің ордалы мекені болған. Тарихта ізі қалған әйгілі «Отырар кітапханасы» қазақ даласы байырғы дәуірдің өзінде-ақ ғылымға дем берген, адамзатты білімге бастаған шамшырақ жұрт – Жерұйық болғанын көрсетеді. Жетісайда ашылып отырған ағартушылық ортақ бұрыңғының игі дәстүрін жалғайтынына сеніміміз мол.
Кітаптың ғибратты мәнін халыққа жеткізіп, ағартушылық қызметімен ел ырысын арттыруға «АМАNАТ» партиясының Жетісай аудандық филиалының «Кітап-АМАNАТ» мәдени-ағартушылық орталығы белсене үлес қосады деген сенімдеміз. Жетісай бастап берген жобаны өңірдің басқа аудандары жалғап, кітаптың салтанат құрған құт қадамы ауыл-аймақтардағы кітап шеруімен ел көңілінен шығады деген ойдамыз.
ДЕПУТАТ «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ҚЫЗМЕТІНЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ
– ИВЛ аппараты пандемия кезінде арнайы Жапония елінен сатып алынған. Бір аппараттың құны – 11 млнды құрайды. Бүгінде адам баласының басына төнер қауіптің саны көп. Соның бірі – аяқ астынан болатын жарақат түрлері. Көлік қақтығыстарында, күнделікті тұрмыста, құрылыста, өндірісте, түрлі дәрежеде жарақаттанып, «Жедел жәрдем» қызметі шақырылады. Сондықтан жалпы құны 55 млн болатын аппаратты өңірдің медицина саласының жұмысы жүйелі және халыққа қызмет көрсету сапасы жылдам әрі тапшылық болмауы үшін орталық қызметіне пайдаланғаны дұрыс,-деді М.Сексенбайұлы.
“Құлбек Ергөбектің туыстары қызметтік міндеттерін орындамаса да жалақы алып келген”
Бұл туралы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ректоры Жанар Темірбекова фейсбук әлеуметтік желісінде жазды, – деп хабарлайды TAQ.KZ сайтының тілшісі.
КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН ОТБАСЫЛАР ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУҒА СУБСИДИЯ АЛАДЫ
– Биылғы жылдың 1 тоқсанында «Отбасы банк» АҚ мекемесіне келіп түскен және мақұлданған өтініштер саны 2 мыңға жуықтаған. Өтініштер санына қарай, 2023 жылға басқарма мен «Отбасы банк» АҚ арасында келісім-шарт түзіліп, облыстық бюджеттен қаражат қаралған болатын. Алайда, мамыр айынан бастап өтінім берушілердің саны күрт өсіп, шілде айында 5 000-ға жуықтады. Жалпы Республика деңгейінде 11 563 өтінімге жалдау ақысын субсидиялау тағайындалған. Оның ішінде Түркістан облысында биыл 7 ай қортындысымен 4 524 отбасы үйді жалдау ақысына субсидия алған. Бүгінгі таңда өтінімдердің саны 6 460-қа жетіп отыр. Бұдан бөлек, жалға алушылардың жалға берілетін тұрғынжайды мақсатты пайдалануы бойынша аудан-қала әкімдіктерімен мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде субсидия алып жатқан 5 011 азаматтың 2 773-нен кемшіліктер анықталды. Бұл ретте облыстық бюджеттен төленетін ай сайынғы 58,2 млн. теңгенің мақсатсыз жұмсалуы тоқтатылды,- деді басқарма басшысы.
50 Cent бір концерттен 285 млн… Бұл мұғалімнің бір ғасырлық табысы
Бұл қызықты есепті Тик-ток әлеуметтік желісінде @mobius_math атауымен тіркелген азамат жасап көрген. Оның айтуынша Алматыда өткен 50 сеnt-тің концертіндегі ең қымбат билет 300 мың, ал арзан билеттер 75 мың теңгеден сатылған. Оның айтуынша 600 адам 300 мыңның билетін, 1400 адам 75 мыңның билетін алыпты. Жалпы концертке барған 2 мың адамның ақшасын есептегенде 285 миллион теңгені құраған.
Блогер 50 cent-тің бір күнде тапқан ақшасын, айлығы 250 мың теңге болатын мұғалім неше уақытта табады деген сауалға жауап іздейді. Нәтижесінде, 285 миллионды 250 мың теңгеге бөлу арқылы 1140 айды шағарады. Ал, 1140 ай дегеніміз 95 жыл дейді есепші жігіт. Яғни, оның есебіне сәйкес шетелдік репердің бір күндегі табысын табу үшін Қазақстандық мұғалім ғасырға жуық уақыт жұмыс жасауы керек.
ӨРТЕНГЕН ХОСТЕЛДІҢ БАСШЫСЫ ҰСТАЛДЫ
Алматыда өртенген хостелдің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Тaq.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгінде прокуратура Алматыдағы хостелдегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғаған. 30 қарашада өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі “Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
“Бас прокурордың тапсырмасы бойынша қылмыстық іс арнайы прокурордың қарауына алынды.Тәжірибелі құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен прокурорлар хостелді жалға алушы А.Мұхамедьяровты ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады.Тергеу шаралары аясында жатақхана жұмысына қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеті анықталатын болады”, – деп хабарлады бас прокуратура.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Шәріпов көшесінде орналасқан хостелде өрт шығып, 13 адамның қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Қаза тапқандардың ішінде 4 шетел азаматы да бар. Кейіннен президент Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, ал Алматы әкімдігі өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына 1 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді.
АРЫСТЫҚ ЖАСТАР МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Хазіретәлі Тұрсын: Журналистер қауымы тарихшылардың бақшасына тас атады
Бұл туралы белгілі ғалым репрессия жылдарына арналған Республикалық конференцияда айтты, – деп хабарлайды Taq.kz сайтының тілшісі.
Тарихы ғылымдарының докторы Хазіретәлі Тұрсынның айтуынша қуғын сүргін зардаптарын зерттеуде құпия құжаттармен жұмыс жасау оңай шаруа емес. Бұл бағытта нақты деректерді жарыққа шығару үлкен мәселе. Ал, журналистер қауымының құлағына бір дерек ілінсе, оның анық-қанығын тексеріп жатпай бірден баспасөзге жариялап жібереді. Сосын, сол арқылы үлкен ажиотаж туғызғысы келеді. Міне осылайша тарихи шындық көркемдік шындықпен алмастырылып, тарихи таным жаңылысады.
-“1989 жылы КНБ-ның архивтерінде тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алған ғалымдарымыз болды. Солардың қатарында жазушыларымыз да болды. Сол жазушылардың біреуі Дүкенбай Досжан деген жерлесіміз. Дүкенбай Досжан “Абақты” деген көлемді еңбек жазды. Сол көлемді еңбекте Алаш қайраткерлерінің ісін қарап отырып, дәлелденбеген фактілерді алға салып жіберіп отырды. Бұл енді ұпай жунауға байланысты айтылатын нәрсе. Шын мәнісінде, бұл біз айтып отырған тарихы бұрмалау болып табылады. Міне осындай мәселелер көп”, – дейді Хазіретәлі Тұрсын
