Архив рубрики: «AMANAT»

УАҚЫТША ДЕПУТАТТЫҚ КОМИССИЯ МАҚТААРАЛ МЕН ЖЕТІСАЙ АУДАНДАРЫНДА БОЛДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Мағауия Тұрысбеков бастаған комиссия Мақтаарал мен Жетісай аудандарында болды . Аталған комиссия құрамында 15 облыстық мәслихатының депутаттары қамтылған. Бүгінде «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттермен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі» туралы мәселені зерттеу және дайындау бойынша арнайы депутаттық комиссия өз жұмысын қарқынды атқаруда. Комиссияның негізгі жұмыстары бойынша өңірдегі аудандарды аралау жұмыстарын жалғастырып келеді. Мақсат, Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы қыркүйек айында өтетін кезекті сессияда, «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттермен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі» туралы мәселені зерттеу және дайындау болатын.

 

Сапар барысында, уақытша депутаттық топ алдымен Мақтаарал ауданы, Мақтаарал ауыл округінде орналасқан жалпы жер көлемі 10 832 гектарды қамтитын ұзындығы 27,18 шақырымды құрайтын К-20 каналының жобасымен танысты. Аталған каналдың 5 шақырымдық бөлігі бетон қаптамасыз топырақты канал. К-20 каналы республикалық маңызы бар . Бүгінгі таңда К-20 каналының жалпы ұзындығы 208,76 шақырымды құрайтын 91 дана ішкі тармақтарына ИДЖЖ -2 жобасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда каналдың 27,18 шақырымдық негізігі бөлігі жеке тұлғаның меншігінде болуына байланысты аталған бағдарламаға енгізілмей қалған.

 

 

Бүгінде каналдың бағалау құны жасалған, сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта толық күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, су ресурстар комитетінің меншігіне өткізуге қажетті жұмыстар атқарылатын болады. Айта кетейін, облыстық бюджеттен жобалық сметалық құжаттарын дайындау үшін 52 млн теңге қаржы қаралып, конкурсқа жіберілмек.
Сонымен қатар, Жетісайда орналасқан «Cotton мақта 2» ЖШС мақта зауытының құрылыс жұмыстарымен де танысты. Жобаның жалпы құны 60 000 тонна. Зауыттың құрылысы 01.05.2023 жылы басталып, ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады. Мақта зауытының құрылысы аяқталса мекеме 300 адамды жұмыспен қамту мүмкіндігіне ие болады.

КІТАП СЫЙЛА АКЦИЯСЫ ӨТТІ

10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күні. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен дәл осы күн Абай күні деп бекітілген.
”AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанаты Түркістан облыстық филиалы Абай күніне орай “Кітап сыйла” акциясын ұйымдастырды.

 

Қала тұрғындар мен қонақтары арасында тұлғаға қатысты сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген жандарға “Абайдың қара сөздері” жыйнағы тарту етілді.

#AMANAT #ЖастарРухы #Abaibol

ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

2023-2024 жылғы оқу маусымының қарсаңында студенттік жатақханалардың даяырлығын тексеру мақсатында Түркістан облысы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе отырып мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бүгінде 10 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында орналасқан 7 жатақханада 3042 орын бар, қосымша 2 ОАОО 570 орын жалға алынса, 109 орын жергілікті хостелдермен келісім негізінде студенттерге берілетін болады.

 

 

 

Мониторингтік топ құрамында «Жастар Рухы» жастар қанаты төраға міндетін атқарушы Еркебұлан Мадиярұлы, ТО «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшы орынбасары, Төлеби аудандық мәслихат депутаты Есқұлов Пердебек, Түркістан облыстық Студенттер Альянсының төрайымы Тургунбекова Айсанам және ерікті жастар болды. Жауапты маман ретінде университетің «Жастар ісі жөніндегі департамент» басшысы Дәркенбай Аружан қатысты.

 

 

Мониторинг барысында жатақханалардың техникалық жабдықталуы, су-жылу жүйелері, ас орындары мен оқу залдары, қауіпсіздік құралдарының қаамтамасыз етілуі назарға алынды. Студенттер үйінде жүріп жатқан ішкі әрлеу жұмыстары ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін аяқталады деп мәлімдеді. Жатақхана жұмысы бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар университет басшылығына жолданды.

️АМАНАТТЫҚТАРДЫҢ АРАЛАСУЫМЕН ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ АУЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында сайлау науқаны кезінде айтылған уәделі жұмыстар, бүгінде оң шешімін тауып келеді. Өздеріңізге белгілі сайлау науқаны кезінде, депутаттыққа үміткер азаматтар ауыл-ауылдарды аралап елдің ұсыныс-тілектерін тыңдап, қоғамдық қабылдаулар өткізген болатын. Сайлау науқаны қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облысы Қазығұрт аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат хатшысы Т.Қалымбетов депутаттыққа үмітер ретінде халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған. Қабылдауға келген Қазығұрт ауылы, Табыс көшесінің тұрғыны Табыс Қазына көшелерінің электр желілерінің тозығы жетіп, жарамсыз күйде екендігін айтып шағымын білдірген еді. Депутаттан аталған көшенің электр желілерін ауыстырып беруіне ықпал жасауды сұраған.

 

Бүгінде күрмеулі проблема өз шешімін тауып, тұрғынның мәселесі орындалды. Қазығұрт елді мекенінің тұрғыны Б.Сарсенбаеваның қоғамдық қабылдау барысында көтерген ұсынысы зерделеніп, қолдау тапты. Аталған көшенің желілері толық ауыстырылды.
Айта кетейік, мәслихат сайлауында аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне 154- тен аса ұсыныстар келіп түскен. Оның басым бөлігі әлеуметтік көмек пен инфрақұрылымға қатысты өзекті проблемалар.

«AMANAT»: Түркістан облысы мәслихатының депутаттары атқарған жұмыстары туралы баяндады

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғимаратында, партия филиалының ұйымдастыруымен бекітілген кестеге сәйкес барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының, БАҚ бірге өтетін баспасөз мәслихаты өз жұмысын жалғастыруда.
Кезекті брифинг, облыстық мәслихат депутаты Ағабеков Жаңабай Молдабайұлы мен Басымбек Бахыт Мүсірәліұлының қатысуымен өтті.

 

Халық қалаулылары БАҚ өкілдерінің алдында 4 айда атқарған жұмыстары туралы баяндады. Жалпы қос депутат бүгінге дейін бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізіп, сайлаушылармен кездесу жұмыстарының өткендігін, жол картасы туралы атқарылған жұмыстарына кеңінен тоқталды.

— Әр бір тұрғынның мәселесін жіті назарға алып, оның оң шешімді болуы үшін барынша қызмет жасаймыз. Депутаттық сауалдар жолдап, мәселенің шешілуін бақылауға аламыз. Аудандарда су, газ мәселесі үнемі күрделі проблема екендігі рас. Жер мәселесінің де басты назарда тұрғанын атап өткім келеді, — деді депутат Ж.Ағабеков.

 

Мұнан өзге де депутат Жаңабай Молдабайұлынан журналистер қауымы солтүстікке қоныс аудару мәселесі бойынша сұрақтар қойып тиісті ақпараттар алды.

Ал, депутат Бахыт Мүсірәліұлы, есепті кезеңде тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша облыстық құрылыс басқармасының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында Келес ауданы бойынша мектеп, мәдениет, әкімшілік ғимаратының құрылысына қаржы қарастыру бойынша депутаттық сауал жолдап, ол бүгінде өз шешімін қанағаттандырғанын айтты.

 

— Сессияда қабылданған әрбір шешім алдын-ала мәслихаттың тиісті тұрақты комиссияларында егжей-тегжейлі пысықталып, талқыланды. Мәселен өзіме қатысты комиссияның жұмысында,
— әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның ағымдағы жылдың 4 айында, 4 отырысы өткізіліп, 36 мәселе қарадық. Нақтырақ айтқанда, тұрақты комиссиялардың отырыстарында облыстық бюджетті нақтылау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, облыс әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамына өзгерістер енгізу, облыстық әкімшілік аумақтық құрылысы және атқарушы органдардың есептерін тыңдау туралы болады, — деді Б.Басымбек өз сөзінде.

 

Жалпы баспасөз мәжілісі аясында екі мәслихат депутаты журналистердің барлық толғандырған сұрақтарына жауап беріп, алдағы жұмыс жоспарларымен толыққанды бөлісті.
Айта кетейік, алдағы уақытта да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының баспасөз мәжілісі, кестеге сәйкес жалғасын табатын болады.

ЖАСТАР АРАСЫНДА ТОЛАҒАЙ СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай, “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының жанындағы “Жастар Рухы”жастар қанатың ұйымдастыруымен “ТОЛАҒАЙ” спорттық эстафеталық ойыны өтті. Ойынға 7 аудан, қаладан жыйналған жастар қатысты. Іс-шара барысында “Есірткіге жол жоқ” акциясы бойынша жастарға салауатты өмір салтын ұстану бойынша түсіндірме жүргізілді.

Түрлі бағыттағы спорттық ойындардың қорытындысы төмендегідей:
І орын — “Краш” командасы
ІІ орын — “ Джентльмен” командасы
ІІІ орын — “Көк бөрі” командасы

“ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ” АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы ”AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанаты ұйымдастыруымен Төлеби ауданы “Қуаныш” жазға сауықтыру лагерінде “Есірткіге жол жоқ” акциясы өтті. Мақсаты: өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық сезімді қалыптастыру, дұрыс бәсекелестікке жол ашу. Акция аясында жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы сурет салудан байқау өтті. Іс-шараның жалғасы командалар арасында патриоттық әндер жарысымен жалғасты.

#AMANAT #ЖастарРухы

«Құқықтық көмек» жобасы аясында тұрғындарға заңгерлік көмектер көрсетілуде

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтардың өмірлік маңызды мәселелерін шешу мақсатында бірқатар азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы қоғамдық қабылдауда төрағалық етіп жүргізді. Сонымен қатар, азаматтардың арыз-өтініштеріне байланысты құқықтық көмек көрсетуге облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Тұрсынбаев Полат Түркістан облысы прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау бойынша басқармасының бастығы Мұратұлы, Жұмағалиев Болат Әлібекұлы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының басшысы Жүнісов Ержан Әліұлы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мусаев Дастан Нармаханбетұлы, Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ахметов Бегімхан Төреханұлы, Түркістан облысы Полиция департаменті көші-қон басқармасының инспекторы Қалжанов Бауыржан Бақытжанұлы, Түркістан облысы Полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Байдуллаев Ерлан Жұмағалиұлы , Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасының басшысы Халтаев Алибек Мухтарұлы, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкіл (анықтаушысы) Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызы, Түркістан облыстық әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Пирметов Ансар Омарұлы, Түркістан облыстық әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлім басшысының м.а. Алтынбеков Базарбай Анықбекұлы, Түркістан облыстық әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Бостан Жандос Ерболұлы, Түркістан облыстық адвокаттар алқасының Төрағасы Қамбаров Қайрат Уалиханұлы, Түркістан облыстық жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының м.а Байдаулетов Бауыржан Шотбайұлы, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттар палатасының заң консультанты Түймебаев Айни Тілеубергенұлы қабылдау жүргізді. Жалпы 13 департамент, басқарма мен адвокат, заңгерлер бас қосты.

 

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өткізілген қоғамдық қабылдауға облыс бойынша аудан, қалалардың полиция қызметкерлеріне шағым айтқан арызданушылар көп болды. Жан-айқайын білдіріп, келушілердің қатарында әлимент өндіру ісі мен алаяқтық фактілері бойынша және банктерден үлкен соманы құрайтын несие алып, қарызға батырған адамға қатысты шағымдар айтылды. Арызын арқалаған ағайын «AMANAT» партиясы «Құқықтық көмек» жобасы аясында мәселеміз назарға алынса деген өтініштерін білдірді. Мәселен Отырар ауданының бір топ тұрғындары алаяққа алданып, КМФ микроқаржылық ұйымына қарызға батқандығын айтып келді.Алайда, жәбірленушілер сол уақыттан бері арызданып, іс қозғалғанымен, күні бүгінге дейін іс қараусыз қалдырылған. Құзырлы органдарға шағымданғанмен қауқарсыз болып отырғанын айтып ашынды.

 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы бүгінгі қоғамдық қабылдау бөліміне келген азаматтардың арыздары бойынша хаттама негізігінде Түркістан облыстық прокуратурасына және басқада құқық қорғау органдарына хат жолданып, партия тарапынан бақылауға алатындығын айтты. Бұдан өзге де қозғалған проблемалар бойынша қоғамдық қабылдау барысында тиісті жауаптар беріліп, бақылауға алуға тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өткізілген қоғамдық қабылдауда бірнеше тұрғынға ҚР қолданыстағы заңдары аясында түсінік беріліп, мәселелері заң тұрғысынан қолдау табатыны жеткізілді.

Жәмила Сүлейменова: Мәслихаттың депутаттары өте белсенді жұмыс жасап жатыр

Қазақстан Республикасының президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы «барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» №105 жарлығына сәйкес, осы жылдың 19 наурыз күні сайлау өтті. Сол сайлаудың нәтижесінде сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатына 18 депутат сайланып, 30 наурыз күні бірінші сессиясы өтіп, сол сессияда Түркістан қалалық мәслихаты құрылды. Мәслихат төрағасы сайланды және мәслихаттың тұрақты комиссиялары құрылып, депутаттық фракция тіркелді. Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатына барлығы 18 депутат сайланса, оның 17 депутаты «Amanat» партиясынан. Айта кетерлігі, Түркістан қалалық мәслихатында бір ғана әйел депутат бар. Ол — Сүлейменова Жәмила Төреханқызы. Бүгінде, «Бюджет,  экономикалық  және  әлеуметтік даму, өнеркәсіп, кәсіпкерлік  мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрайымы қызметін де атқарады.

 

 

«AMANAT» партиясының бастамасымен  барлық деңгейдегі депутаттар халықпен кездесуден бөлек, БАҚ өкілдеріне атқарылған және атқарылатын жұмыстар жөнінде баспасөз мәжілісін өткізуде. Кезекті брифингке Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары Сүлейменова Жәмила мен Данияр Аюпов қатысып, БАҚ өкілдеріне нақты іс-шараларды баяндап берді.

— «Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары қаламыздың экономикасының өркендеуіне, қала халқының тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына қала әкімдігімен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқарылуына ықпал етуде. Қаламыздың тыныс тіршілігінің жақсаруы мақсатында қаланы аббаттандыру, көгалдандыру, көшелерді асфальттау, жарықтандыру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, газдандыру тағы да басқа да өзекті мәселелерді қаржыландыру бойынша тұрақты комиссиялардың отырысында жан-жақты талқыланып, олардың шешілуі жөнінде нақты ұсыныстар айтылып, сессияларда шешімдер қабылданды және сол шешімдердің орындалу барысы үнемі басты назарда болып келеді», дейді Жәмила Төреханқызы

 

 

Депутаттардың айтуынша, жыл басынан бері Түркістан қалалық мәслихатында 4 сессия өткізілген. Сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылап, тиісті шешім қабылдау мақсатында 8 тұрақты комиссия отырысы болған. Жалпы 24 мәселе қаралып, барлығына нақты шешімдер қабылданған. Ал, бюджетке қатысты қабылданған шешімдер саны — 2.

Түркістан қаласының  2022 жылғы жергілікті бюджет түсімдерінің  орындалуы 132 миллиард 37 миллион 418 мың теңге болса, ал шығысының  атқарылуы 131 миллиард 929 миллион 618 мың теңге болып  бекітіліпті. Сондай-ақ, назарларыңызға  Түркістан қаласының 2023 жылға арналған бюджеті туралы мәліметті ұсынамыз.

 

Мазмұны Бекітілген бюджет Нақтыланған бюджет Айырмасы %
Жалпы кірістер 73 983 568,00 106 411 891,00 32 428 323,00 143,8
Өзіндік кірістер 32 889 427,00 45 736 858,00 12 847 431,00 139,1
Жалпы шығыстар 73 983 568,00 106 411 891,00 32 428 323,00 143,8

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес, депутаттық өкілеттілігіне байланысты, тұрғындардың өтініштері негізінде және қоғамдық қабылдаудың нәтижесі бойынша атқарушы орган өкілдеріне депутаттық сауалдар мен жолданым хаттар жолданған. Оның ішінде депутат Сүлейменова Жәмила Төреханқызы төмендегі мәселелерді көтерген:

— М.Әбенова мектебі аумағындағы келеңсіздіктер туралы;

— Балалар ойын алаңшаларының қоршауының жарамсыздығы;

— Егілген көшеттердің қурап кету жағдайы;

— Аумақтың санитарлық жағдайының төмендігі;

— Иригациялық суландыру жүйесінің сапасы туралы;

— Гауһар ана көшесіндегі сарқынды су жүйесінің сапасы туралы;

— Мәдениет. Ш.Қалдаяқов көшелеріне тас төсеу жұмыстарын жүргізу;

— Көше қиылыстарына көше атаулары жазылған маңдайшалар орнату;

— Қ.Рысқұлбеков көшесіндегі асфальт төселмей қалған 500 метрге    жуық жерге асфальт төсеу;

— Қ.Рысқұлбеков көшесімен Гауһар ана бұрылыс көшесі аумағындағы кәріз жүйесі жүргізілмей қалған 15 үйге кәріз жүйесін жүргізу;

— Жаңа қала аумағына тікелей қоғамдық көлік бағытын ашу;

— Дулыға көшесіне кәріз құдықтарын орнату;

— Сүйіліш батыр көшесіндегі электр бағандарының сапасы;

— Өсиет және Сыбаға көшелеріне ауыз су жүйесін жүргізу;

—  Меркі және 23 көшелерге тас төсеу жұмыстарының сапасы туралы;

 

 

 

Мұнымен қоса,  Жәмила Төреханқызы тұрғындармен кездесу барысында айтылған өтініштерінің негізінде, халықпен жұмысты оңтайландыру және тиімділігін арттыру мақсатында Отырар тұрғындар алабын екіге бөліп, жаңадан тұрғындар алабын ашу мәселесін көтерген.

— «2023 жылы, яғни жыл басынан бері 8 қоғамдық қабылдау өткіздім. Жеке қабылдауға келгендердің саны 37 азаматты құрап отыр. Тұрғындардың басым көпшілігі жол, қоғамдық көлік, ауыз су, жалпы әлеуметтік мәселелерді жеткізеді. Кейде, жеке отбасылық жағдайын айтатындары да бар. Бірақ, кез-келген өтініш пен ұсыныс айтушының сөзіне бей-жай қарамаймыз. Мен, бұған дейін де бірнеше шақырылымның депутаты болғанмын. Сондықтан, Түркістандағы өзекті мәселелерді де білемін. Мәслихаттың депутаттары да өте белсенді жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар да аз емес. Оның барлығы кезең кезеңімен шешімін тауып жатыр,» дейді «Бюджет,  экономикалық  және  әлеуметтік даму, өнеркәсіп, кәсіпкерлік  мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрайымы Жәмила Сүлейменова.

 

 

 

«AMANAT» партиясының Түркістан қаласы бойынша 2023 жылға арналған жол картасының  бүгінгі күнге дейінгі орындалуы бойынша барлығы 35 индикатор болса, оның ішінде 9 индикатор орындалыпты. Ал 26 индикатор орындалу барысында дейді Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары.

 

«Қауіпсіз қала» акциясы аясында кезекті мониторинг жүргізілді

“AMANAT” партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты «Қауіпсіз қала» акциясы аясында кәріз құдақшаларының ашық қалу фактілеріне қатысты мониторинг жүргізді.


Акцияның басты мақсаты: бала қауіпсіздігі үшін қала аумағындағы ашық жатқан люктерге, аулалардың жарықтандырылуы, үй жағдайында газ балондарының дұрыс орналасуы, қозғалыс (мектеп жанындағы жаяу жүргінші жолы), су айдындарындағы қауіпсіздік және кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына рейд жұмыстарын жүргізу.
Түркістан қаласы бойынша 250-ден астам люкке тексеріс жүргізіліп, ашық қалған 10 кәріз құдықшасы тіркелді.

 

Орын алған фактілерге сәйкес жауапты мекемелерге мәселенің шешілуі бойынша ұсыныс хат жолданды.