«Жастар практикасы» — жұмыс табуға мүмкіндік

Сауран ауданында «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жастарды жұмыспен қамту белсенді жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның жемісін көрген жастардың бірі – Жолдасова Диляра. Ол, Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінің тұрғыны. Халықаралық туризм және меймандостық университетінің түлегі, дене шынықтыру және спорт мамандығының иегері. Жас маман жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң, әлеуметтік желіден «Жастар практикасы» туралы хабарландыруды көріп, аудандық мансап орталығына  орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген. Қазіргі таңда Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы болып жұмыс жасайды. Жалпы,«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік.

Жастар практикасы — меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 5 (бес) жыл ішінде оқушының аяқтаған және 35 (отыз бес) жастан аспаған жұмыссыздарға арналған жобалардың бірі.

Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.

— Жалақының бір айдағы мөлшері 30 АЕК құрайды.

Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар:

1) Жеке басты куәландыратын құжат

2) Еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса)

3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжат. Жастар практикасынан өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне есептеледі.

Міне осындай мемлекеттік бағдарламаның қолдауына ие болғандардың тағы бірі — Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғыны Дарвешова Ақида.  Жас маман Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде қазақ тілі және әдебиет мамандығын тәмәмдаған. Оқуын аяқтаған соң аудандық «мансап орталығы» мен Сауран ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен өткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне барған. Сол жерде жұмыс орнын тауып, жолдама арқылы білім ордасына жіберілген.  Қазіргі таңда Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде орналасқан «Дарын kz» орта білім беру мекемесінде қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. Жас маман шәкірттеріне сапалы білім мен трбиелі тәлім беріп, оларды заман талабына сай оқыту мәселесіне де баса назар аударып жүр.

« — Мен өзім мұғалім болуды бала кезден армандайтынмын. Кейін арманымды жүзеге асыру үшін білікті ұстаздардан білім алып, осы бағытта жоғарғы білім алдым. Қазіргі жұмыс орным өзіме қатты ұнайды. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауына шексіз алғыс айтамын. Себебі бұл жастарға берілген мүмкіндік. Өз ойым ұстаз болу деген – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру, шамшырағына айналу. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту және шәкіртке ата-анасындай  тәрбие сыйлау. Лев Толстой айтқандай- ақ: «Егер ұстаз тек өз мамандығын жақсы көрсе, ол жақсы ұстаз болады. Егер ұстаз тек оқушыларын жақсы көрсе, онда ол барлық кітапты оқып шыққан ұстаздан да үздік болады, бірақ жұмысқа қызығушылығы болмайды. Егер ұстаз жанында жұмыс пен оқушыға деген сүйіспеншілігі тоғысса, ол – нағыз ұстаз.» Мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарыту білім берушінің басты парызы деп білеиін. Мұғалім дегеніміз – өз ісімен, сөзімен, жүріс- тұрыс мәдениетімен, жұмыс орнында және одан бөлек қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесіне айналу екені анық. Міне мен осы мақсатта нағыз маман ретінде танылғым келеді. Жаһандану дәуіріне қадам басып, әлемдік аренаға жол тартып, тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы — жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастау- бұлағы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім.  Ахмет Байтұрсыновтың өзі «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Білектің емес, білімнің күшімен ілгерілейтін жаңа заманда ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы ретінде бағалауға болады.  Бұл орайда мемлекетіміз мұғалімдердің беделін көтеруде жан-жақты қолдау көрсетіп, білім саясатына басымдық беріп келеді. Мемлекет басшысының өзі жолдауларында, үлкен жиындарда ұстаз беделін қоғам алдында көтеру бағытында нақты тапсырмаларын беруде. Тәуелсіз еліміз межелеп отырған қандай міндеттерге болса да жас ұрпақты дайындап отырған ұлағатты ұстаздарымызды құрметтеу – адамзаттық ұлы борышымыз деп білемін.» — дейді жас маман Дарвешова Ақида.

Айта кетейік, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бір бағыты колледждер мен жоғары оқу орындарын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ бітірушілері үшін жастар практикасы бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру. Оған тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуде бар жұмыссыз жастар қатыса алады. Жастар практикасында істейтіндер мемлекет есебінен қаржыландырылады.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 5 жыл ішінде бітірген және 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатысушылар ретінде белгіленеді.

Жастар практикасын өту үшін жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс.

Бөлісу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг рецепта




Рейтинг*