Түлкібас: Састөбе ауылының тұрғыны наубайхана ашып, несібесін арттырды

Түлкібас ауданы, Састөбе ауылының тұрғыны Гүлнәр Жақсыбаева бизнес бастау жобасы аясында мемлекеттік грант иегері атанып, өзі иелік ететін наубайхананың қуаттылығын кеңейтіп, кент тұрғындарын ыстық нанмен қамтып отыр.  Бұған дейін өз қаражатымен жүргізіп келген кәсібін мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен қайта дамытып,  қажетті жабдықтарды алған жеке кәсіпкер күніне 600-700 дана нан пісіріледі. Мейрамханалардан тапсырыс түскен жағдайда күніне 1000 данаға дейін нан жабылады. Алдағы уақытта  нысанды кеңейтуді де жоспарлап қойған.
 
“ – Қазір біз кент ішіндегі 15 дүкенің әр қайсысына күніне 40-60 данадан нан өткіземіз. Кейде тапсырыс көп беріп жатады. Оған үлгермейміз. Кейін үлкейтіп, ауылдық округтерге тасысам деген жоспар бар” – деді Гүлнәр Жақсыбаева.

Айта кетейік, жеке кәсіпкер Гүлнәр Жақсыбаева мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2023 жылдың сәуір айында 1 380 000 теңге қайтарымсыз қаражат алған. Аталған наубайханада қазір 2 адам тұрақты жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта наубайхана көлемі ұлғайып, сұраныс артып жатса тағы бірнеше азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ нан өнімін шығаратын орын жергілікті тұрғындарға да тиімді болып отыр.  Яғни, жылдар бойы ас атасын аудан орталығынан тасыған тұрғындардың мәселесі шешімін тауып отыр.

 

Жалпы нан пісіру саласы тамақ өнімдерінің ішіндегі көшбасшылардың бірі болып саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмауы мүмкін, бірақ мұндай наубайханалар диеталық, ұлттық, эксклюзивті нан пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуға мүмкіндік береді.

 

 

Жеке кәсіпкер Гүлнара Жақсыбаева кішігірім наубайханасына конвекционды пеш, шкаф, дайын өнімдерді қоятын жылы сөрелер мен тот баспайтын болат противиньдер, мұздатқыш ларь секілді құрал-жабдықтарды да орнатқан. Бүгінде,  өнім бағасы да сатып алушыларға қолжетімді болып отыр. Келешекте жеке кәсіпкер, тұтынушылардың санын көбейту үшін және бизнесті кеңейту үшін пісірілген өнімді үйге немесе жұмыс орнына жеткізіп беру іспетті қосымша қызмет көрсетулерді ұсынуы да мүмкін.

“AMANAT CUP” ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен, Түркістан қаласы әкімдігі және облыстық “Жастар Рухы” жастар қанатының бастамасымен ұйымдастырылған үстел тенисінен ашық турнир өз мәресіне жетті. Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған жарыста қатысушылар үш күн бойы бақтарын сынады. “AMANAT CUP” жеңімпаздарын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев салтанатты түрде құттықтады.

– Спорттың денсаулық кепілі екені баршамызға аян. Демек, біздің мақсатымыз – тәні мен жаны сау ұрпақ тәрбиелеу; жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, көрген-білгені мен алған білімін тереңдету, салауатты өмір салтын дамыту болып табылады. Турнирге қатысқан барлық теннисшілерді шын жүректн құттықтаймын! Барлықтарыңыз да бүгінгі жарыста табандылық, жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайраттылық таныттыңыздар деп білемін. Турнирдің сәтті өтуіне үлес қосқан төрешілер мен бапкерлерге және қатысушыларға, сондай-ақ қолдаушыларға өз алғысымды білдіремін – деді партия төрағасы.

 


Жалпы 200- ге жуық жасөспірім бақ сынаған ашық турнирде, қыздар арасындағы жеңімпаздар:
Шодина Камилжанова 1-орын
Шохина Мирходирова 2-орын
Назерке Болатбек 3-орын
Сонымен қатар, 2010-2012 жылдар аралығындағы жасөспірімдер арасында
1-орын Мафтуни Ханиязова
2-орын Шахруза Шавкатова Сайрам ауданы.
3-орынмен Шымкент қаласынан қатысқан Томирис Косир марапатталды.
Ал, 2005-2009 жылдар араығындағы жасөспірімдер бойынша
1-орынды Шахзода Ахмадилиева, 2-орын Нойла Ханиязова және 3-орын Ұлдана Байболат жеңіп алды. Ал 2013 жылғы және одан төмен жасөспірімдердің ұлдар арасында
1-орын Абай Жұмағұл Түркістан қ, 2-орын Абылайхан Ермаханұлы Түркістан қ және 3-орын Болатбек Шахмардан Жетісай қ.
2010-2012 жылдар арасында 1-орын Марлен Жұмағұл Түркістан қ, 2-орын Абылайхан Ермаханұлы Түркістан қ, 3-орын Орынбасар Есімхан Жетісай қ.

2005-2009 жылдар аралғындағы теннисшілер бойынша 1-орын Самат Төлебаев Түркістан қ, 2-орын Атханбек Моминжанов Шымкент қ, 3-орын Дастанбек Төребеков Шымкент қ.
18-40 жас аралығындағы қатысушылар:
1-орын Әкімәлі Бақдәулет – Шымкент қаласы
2-орын Артухметов Рысбек – Шымкент қаласы
3-орын Бесбай Жасұлан – Шымкент қаласы
41-59 жас аралығындағы ересектер
1-орын Бакуов Болат – Қызылорда облысы
2-орын Абишев Марат – Жетісай ауданы
3-орын Шарипов Сейілбек – Қызылорда облысы
Ал, 60 жастан асқан ардагерлер арасында
1-орын Ким Николай
2-орын Қамысбаев Біржан
3-орын Қасымбеков Қалдыбай

Еске сала кетейік, жарыс 7 санатты қамтыған болатын. 136 ұл мен 64 қыз іріктелген турнирге Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан бөлек Шымкент қаласы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Қырғыстан мемлекетінен теннисшілер қатысты.
Айта кетейік, ашық турнирге «Иассы» копсорциум және Farabi shcool мекемелері тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА «АКВАЧЕЛЛЕНДЖ» САЙЫСЫ ӨТТІ

Жаз – балалар асыға күтетін, түрлі қызыққа толы жыл мезгілі. Сондай-ақ, бұл демалыс маусымын бүлдіршіндер су қызықтарынсыз елестете алмайды. Осы орайда, бүгін «Оқушылар сарайы» – ЮНЕСКО клубында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы өтті. Мекеме директорының орынбасары Асылзат Ибраеваның сөзіне сүйенсек, бұл сайыстың балаларға берері мол.

– Бүгін сарайымыздағы үйірмелерге қатысатын балалар өзара сайысып жатыр. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларымыздың, жалпы жасөспірімдердің спорттық ойындарға деген қызығушылығын, жылдамдығы, дәлдігі мен ептілігін арттыру. Балаларды ұжымдық жұмысқа, бірге әрекет етуге үйретіп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы жарысқа қатысқан және көрермен болған барша бүлдіршіндер бүгін бір сергіп, серпіліп қалды деп ойлаймыз. Тағы бір айта кетерлігі – «Оқушылар сарайындағы» 60-тан астам үйірме жаз бойы балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қызмет етеді, – деді ол.

Атап өтер болсақ, жарысқа түрлі үйірме оқушыларынан құралған «Достық», «Бірлік», «Пантера», «Алаш», «Beeline» және «Болашақ», жалпы 6 топ қатысты. Ең белсенді 30 оқушы 6 кезең бойынша сайысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, «Пантера», «Алаш» және «Болашақ» топтары үшінші орынды місе тұтса, «Достық» және «Beeline» топтары екінші орынға ие болып, жас таекводошылардан құралған «Бірлік» командасы жеңімпаз атанды.

Тиісінше, жүлдегерлерге арнайы диплом мен медаль берілсе, бас бәйгені қажығалаған командаға кубок тапсырылды. Айта кетсек, мұндай көңілді сайыстар мен түрлі іс-шаралар жаз бойы жалғасатын болады

ТҮРКІСТАН: «ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ» ТҮРКИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТПЕН ӘРІПТЕСТІК ОРНАТТЫ

Түркістандағы «Оқушылар сарайы» – ЮНЕСКО клубының директоры Индира Икапова М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры Шолпан Есимовамен бірге Түркиядағы Sakarya Teknokent университетіне барып, іргелі оқу ордасының жұмысымен танысты. Іссапар барысында «Оқушылар сарайының» басшысы Индира Сарқытқызы Sakarya Teknokent университетінің директоры Ярук Көсеоғлымен кездесіп, мекеме қызметкерлерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау жайын талқылады.

Нәтижесінде, алдағы уақытта арнайы жоба түзіліп, мекеме қызметкерлері әріптестік аясында білім-білігін арттыратын болып шешілді. Осылайша, қос тарап білім сапасын жақсартуға өзіндік үлестерін қоспақ. Атап өтсек, бұл университеттің басты мақсаты – технологиялық өнімдер шығаруға қабілетті жаңа компанияларды құру және қолданыстағы шағын компаниялардың өсуіне ықпал жасау. Яғни, көптеген компаниялардың өркендеп, дамуына жағдай жасау. Қазіргі таңда Сакария Технокентінде барлығы 130 компания жұмыс істеп жатса, осы уақытқа дейін 273-тен астам жоба сәтті аяқталған.

Айта кетейік, бүгінде Түркістандағы «Оқушылар сарайы» – ЮНЕСКО клубы балалар, студенттер мен ересек азаматтарға 60-қа жуық үйірме және тың жобалар арқылы қосымша білім беріп, бос уақытты тиімді пайдалану үрдісін іске асырып келе жатыр.