Түлкібас ауданында алдағы 3 жылда өнеркәсіп саласы бойынша 447 млрд теңгелік 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, жобалар іске асырылған жағдайда 3635 жаңа жұмыс орны ашылмақ,-деп хабарлайды ТАQ.KZ тілшісі. Аталған ақпаратты Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлімдеген.
«Ауданда 6 айдың қорытындысымен негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 7 466,8 млн. теңгені құрады. Одан бөлек, көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 6 айлық нәтижемен 6 873,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады. Аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға жетіп, оларда 12 720-ға жуық адам жұмыспен қамтылып, өнім көлемі І тоқсан қорытындысымен 8,1 млрд. теңгеге жетті. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 168 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», – деді Нұржан Жақсылықұлы.
Аудан әкімі брифингте туризм саласының әлеуетін де атап өтті. Жалпы 6 айда ауданға 5 700 турист келген. Қазіргі таңда табиғаты әсем аймақта 36 туристік нысан жұмыс істейді екен. Туризм саласы бойынша алдағы 3 жылда 12,4 млрд теңгелік 8 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізіліп, жобалар бойынша 228 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Түлкібас ауданында 2 ауылдық округ таңдап алынып, өсімдік, мал, өз кәсібін ашу, балық, құс шаруашылығын дамыту үшін кооперативтер құрылған.
“Қазіргі таңда 73 азамат бағдарламаға қатысуға ниет білдіріпті. Қабылданған жобалар саны – 55 (312,3 млн. теңге), оның ішінде қаржыландырылған өтінімдер – 22 (111,8 млн. теңге). Одан бөлек, 2023-2025 жылдары ауыл шаруашылық саласы бойынша 10,5 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 202 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.”- деді аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов.
Түлкібас ауданында экономикалық белсенді халық саны 42,9 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылғандардың саны 40,7 мың адамды құрайды. Ал, жұмыссыздар саны 2243 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрап отыр. Бұл туралы, Түлкібас ауданының әкімі Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Аудан әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша аудан көлемінде 1322 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, 2023 жылдың 1 шілдесіне 526 жаңа жұмыс орны ашылыпты.
“Жастар практикасына 625 азаматқа Республикалық бюджеттен 776,3 млн теңге қаржы бөлінген. 150 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 223 жұмыссыз жастар парктикасына жолданды. Игерілген қаржысы 136,5 млн теңге. Ал, “Алғашқы жұмыс орны” жобасына 60 азаматқа Республикалық бюджеттен 74,5 млн теңге қаржы бөлінген. 21 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 46 азамат алғашқы жұмыс орнына жолданды. Игерілген қаржысы 27,3 млн теңге. Сондай-ақ, “Күміс жас” жобасына 90 азамат жоспарланған. Осы бағытта ұлттық қордан 57,8 млн теңге қаржы қарастырылған. 46 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 90 азамат “Күміс жас” жобасы бойынша жұмысқа жолданып, 44,4 млн теңгесі игерілді”, – деп мәлімдеді Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов
Сондай-ақ Түлкібас ауданында Мемлекеттік грант бойынша 90 азаматқа Ұлттық қордан 124,2 млн теңгеге қаржы бөлінген. 2023 жылдың 1 шілдесіне 44 азаматқа 60,7 млн теңге грант берілу мақұлданыпты. Ал, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша 12,4 млн теңгеге 60 азаматқа 3-мамандық бойынша оқуға жолдама беру жоспарлануда. Сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарына 200 азаматқа республикалық бюджеттен 69,3 млн теңгеге қаржы бөлінген. 34 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 203 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Игерілген қаржысы 38,4 млн теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, ауданда ақылы қоғамдық жұмысқа 700 азамат жолдау жоспарланып, бұл бағытта 579,6 млн теңге қаржы жоспарланған. Аудан көлеміндегі 32 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 821 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға жолданды. Игерілген қаржы 206,4 млн теңгені құрады, – деп атап өтті аудан әкімі
Ал, атаулы әлеуметтік көмектің жылдық жоспары 526,0 млн теңге болса, 6 айының қорытындысымен 760 отбасындағы 4 355 адамға 234,6 млн. теңге тағайындалып, 757 отбасындағы 4 330 адамға 198,8 млн. теңге төленген.
Түркістан облысының лауазымды қызметкерлері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №69 түзету мекемесіне барды, деп хабарлайды ТAQ.KZ сайтының тілшісі Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қатаң режимдік бақылау изоляторына мемлекеттік мекеме басшылары мен олардың орынбасарлары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, жалпы 40-қа жуық адам арнайы автобуспен жеткізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары салдары бойынша мемлекетік қызметшілердің санасына әсер ету көзделген бұл сапар барысында түзету мекемесінің басшылық құрамы мемлекеттік қызметшілерге түрмедегі жағдайды көрсетті. Мемлекеттік қызметкерлер сотталушылардың жататын жері, тергеу изоляторы, жеке камера, асхана мен аулаларын аралап көрді.
Шенеуніктер сотталушылардың темір тордың ар жағындағылардың ахуалымен танысты. Қамаудағы жағдайды өз көздерімен көрді.
Ерекше шара шенеуніктер арасындағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің алдын-алу үшін ұйымдастырылды. Мақсат – мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазаның қалай өтелетінін тікелей таныстыру арқылы жемқорлықтың алдын алу. Пара алғанның барар жері абақты екенін ұғындыру.
«Мұндай шаралар сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге әсер етеді», дейді мамандар. Шара алдағы уақытта да тұрақты түрде жүзеге асырылып тұрады.
Ордабасы ауданында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция мәжілісі өтті. Партияның фракция мәжілісін облыстық партия филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев ашып, жүргізді. Күн тәртібіне қойылған мәселеге орай мобильді мәжіліс отырысында 2 аудан әкімінің есебі мен басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Жиында алдымен мемлекеттік, салалық бағдарламалардың және өңірлік бағдарламалар мен сайлауалды бағдарламаның жол картасының іске асырылу барысы туралы Қазығұрт, Ордабасы аудандарының әкімдері есеп берді.
Сондай ақ, халық қалаулыларының алдында бұл күні партияның Сайлауалды бағдарламасы мен жол картасының орындалу барысы туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдувалиев, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Р.Сариева және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов баяндама жасады.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша өңірлік және сайлауалды бағдарламаның жол картасы бойынша іске асырылып жатқан жұмыстар қарқынды жүруде. Жол картасында көрсетілген нысандар бойынша Партиялық бақылау комиссиясы өз қадағалауына алып, бақылау бекеттерін орнатқан және әр қала, ауданда жауапты депутаттар бекітілген. Бұдан өзге жер, ауыз су және газ мәселесі де, тұрғындарды толғандырып келген мәселе екендігі жасырын емес.
Мәселен бір ғана Қазығұрт ауданында, «Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жер ортақ жайылымға қайтаруға жылдық жоспар 16,9 мың.га болса, бүгінде оның 8,7 гектар жайылым жер аудан қорына қайтарылып, 120 жеке және заңды тұлғалардың құжаттары сотқа жолданған. Сондай ақ, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында жеңілдетілген несие кәсіпкерлерге микрокредит беруге жылдық жоспар 140 кәсіпкер болса, 6 айдың қорытындысымен 64 кәсіпкерге жеңілдетілген несие берілген. Фракция мүшелерінің алдында есеп берген Азизхан Исмайлов жыл соңына дейін жоспар орындалатынын атап өтті. Депутаттар Ордабасы ауданы бойынша кәріз жүйесінің жоқтығын айтты. Аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлына Жастарды баспанамен қамту, жол жөндеу жұмыстары бойынша арнайы ұсыныс білдірді. Өз жұмыстарын орындамаған кәсіпкерлерді, міндеттемелері талапқа сай болмаған нысандар бойынша заңды шешім шығару керектігін де айтты. Бұдан өзге барлық депуттар өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салып, тиісті жауаптарын алды.
Басқосуда Фракцияның жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев , хаттамада көрсетілген тапсырмалады орындауды және аудан әкімі мен басқарма басшыларына бір қатар жұмыстарды жүйелендіру керектігін айтып, нақты ұсыныстар берді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі