Түлкібас ауданының тұрғыны Султанбек Алтынай «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» негізінде «Мемлекеттік қайтарымсыз грант» алған. Қазіргі таңда бизнес жобасына сәйкес тігін шеберханасын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Шеберханада ұлттық және мерекелік киімдер, жаңа үлгідегі көйлектер, ұл-қыздарға арналған киімдер тігіліп, тұтынушыларға ұсынылуда. Сондай-ақ, күнделікті тігін шеберханасының қызметіне жүгінушілерге де қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, жеке кәсіпкер тігін шеберханасына қосымша 5 жұмысшыны қабылдаған. Осылайша ол, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға да үлесін қосып отыр. Сұраныс артып жатса, алдағы уақытта тағы да жұмысшылар санын көбейту жоспарда бар дейді шеберхана иесі.
Сұлтанбек Алтынай бұл кәсіпке әбден бейімделген, тігін саласында біліктілігі жоғары. Арнайы оқыту курстарынан өтіп, сертификат және түрлі іс-шараларға қатысып алғыс хаттармен марапатталған. Ұжымдағы қызметкерлер де оның еңбексүйгіштігін, адамға деген адалдығын және мақсатына жету жолында аянбай тер төгіп, жұмыс жасап жүргендігін айтады.
Тиісінше, қыз-келіншектер кәсіпкерден үлгі алып, оларда кәсіп ашуға, өз ісін бастап өркендетуге құштар болады екен. Иә, расында «Еңбек адамы» елдің қай тұсында жүрсе де әрбір әрекетінен берекет табары сөзсіз.
Төлеби ауданының халқының негізгі күн көрісі – мал және егін шаруашылығы. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау көп. Ауданда кіші және орта бизнесті дамыту үшін 2023 жылдың басынан 5 650 азаматқа 3 млрд 970 млн теңге жеңілдетілген несие берілген. Оның ішінде ««Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МКҰ арқылы 99 млн теңгеге 14 жоба қаржыландырылған.
Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмысшы топ құрылып, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруда. Мәселен, Киелітас, Көксәйек, Бірінші Мамыр, Қаратөбе ауылдық округтерінде 24 азамат аталған жобаның игілігін көрді.
Бұған қоса, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өз бизнесін бастағандарға 400 АЕК немесе 1 млн 380 мың теңге шеңберінде қайтарымсыз гранттар бөлінді.
Аудан тұрғындары арасында қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны артып келеді. 2022-2023 жылдар аралығында ұлттық жоба шеңберінде жаңа кәсіптерді іске асыру үшін 218 грант берілген.
Кентауда 250 орындық спорт кешені бой көтереді. Биыл кешен құрылыс мен «Динамо» стадионын қайта қалпына келтіру жұмыстарына жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.
Қазіргі таңда қала аумағында 53 спорттық нысан жұмыс істейді. Былтыр Хантағы ауылында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында екі спорт залы ашылған болатын.
Айта кетерлігі, кентаулық спортшылар халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстарда жеңіс тұғырынан жиі көрініп келеді. Мәселен, 2021 жылы – 24 спортшы жеңімпаз атанса, 2022 жылы – 84, ал 2023 жылдың 6 айында – 67 спортшы түрлі дүбірлі додаларда жеңіске жеткен.
Түлкібас ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жұмыс іздеуші азаматтарға тиісті қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл бағытта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп, азаматтарға «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес заңдылықтары, «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталы (enbek.kz) арқылы бос жұмыс орындарын іздеу мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде. Сонымен қатар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында ұйымдастырылатын жұмыс орындарына қатысу тәртібі тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар бағдарламаға қатысу бойынша насихат жұмыстарын атқарып келеді.
Бұған дейін дәл осы бағытта өткізілген жәрмеңкеге 16 жұмыс беруші мекемелерден 29 бос жұмыс орындарының мәліметі ұсынылған. Оның ішінде білім саласынан 10, денсаулық сақтау саласынан 10 бос жұмыс орны және басқада салалардан 9 бос орындарға сұраныстар болды. Жәрмеңкеден кейін 5 жұмыс іздеуші азаматқа жұмысқа орналасу үшін жолдама берілген. Сонымен қатар, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына, айта кеткенде қоғамдық жұмыстарға 210 уақытша жұмыс орны, жастар практикасы бағдарламасы бойынша 31 уақытша жұмыс орындары ұсынылды.
Түлкібас ауданының тұрғындары қосымша ақпараттар мен мәліметтерді Түлкібас аудандық Мансап орталығынан біле алады. Айта кетейік, биыл шілде айынан бастап бұған дейін жұмыс істеп келген «Халықты жұмыспен қамту орталықтары» енді, Мансап орталықтары болып қайта құрылды. Жаңадан құрылған еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі қызметін еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітті. Яғни, аталған мекеме жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімдерін қамтамасыз ету, өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады. Сондай-ақ, жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасайды. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесіп, азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіруді және жұмыс іздеуші ретінде жүгінген азаматтарды тіркеумен айналысады.
Жалпы алғанда, орталықтың негізгі мақсаты «Ұлттық жоба» арқылы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Бұл орталық жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем береді, кейбіріне уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын да қоса атқарады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан кез-келген жұмыс іздеуші азаматтар немесе өз кәсібін дамытуды қалайтын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға ниетті тұрғындар Түлкібас аудандық Мансап орталығының қызметіне жүгіне алады.
Түлкібас ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында, кешенді жоспардың барлық бағыттары бойынша 5588 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 7 айдың көрсеткіші бойынша 2755 адамды құрап отыр. Бұл туралы Түлкібас аудандық Мансап оралығының басшысы Байбатшаев Ерсұлтан Жаңабайұлы мәлімдеді.
Орталық басшысының айтуынша, жалпы жұмыспен қамтылғандардың ішінде «Әлеуметтік жұмыс» орындарына 203 азамат жолданса, «Жастар практикасына»115 азамат жолданған. Ал, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 43 азамат жолданып, олар өз қызметіне кірісіпті. Сондай-ақ, «Күміс жас» жобасына 71 азамат жолданса, «Ақылы қоғамдық» жұмысқа 821 азамат орналасқан.
– “Бүгінде ауданда 7 айда 741 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. «Жаңа жұмыс» орнына 56 адам жолданды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша 608 азамат жұмысқа орналасты. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант 44 азаматқа берілді. Бұдан бөлек, ауданымыздағы мүгедектігі бар еңбекке қабілетті 283 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Оның ішінде 8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 2 азамат жастар практикасына, 2 азамат күміс жас жобасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына, 45 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 190 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына, 15 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алған және 20 азамат деректер қорындағы бос жұмыс орнына жолданды”, деді Түлкібас аудандық Мансап оралығының басшысы Ерсұлтан Жаңабайұлы.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс шаралар қарастыру бойынша нақты міндеттерді айқындап берді. Яғни, еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Дәл осы бағытта, 2023 жылдың 1-шілдесінен бастап, Түркістан облысының аудан, қалаларында еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін 20 орталық құрылды. Бұған дейін жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары, енді мансап орталықтары болып қайта құрылып отыр. Қазіргі таңда, аталған мекемелер «Ұлттық жоба» аясында ұйымдастырылатын жұмыстарды жүзеге асыруда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңадан құрылған еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі қызметін де бекітті. Олар:
– Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімдерін қамтамасыз ету; өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру; жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасау; жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру; жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз азаматтарды тіркеу; халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілеттік мемлекеттік органдарды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
Қазіргі таңда, Түлкібас ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бағытында нақты іс-шаралар жоспары нақтыланып, тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамту үшін жаңа өндіріс орындарын ашу, “Халықтың кірісін арттырудың 2025 жылға дейін бағдарламасын” іске асыру, ауданға инвестициялық жобаларды тарту, шағын және орта бизнесті дамыту бағыты да басты назарда. Түлкібас ауданының туристік әлеуеті де өте жоғары. Аудандық Мансап орталығының басшысы мемлекет осындай қолдауларды жасап жатқанда, азаматтар еңбек етуге ұмтылуы керек екенін айтады.
– “Біздің ауданда еңбек етемін деген тұрғындарға, яғни қос қолға бір күрек табылады. Шағын кәсіп, ауылшаруашлығымен айналысу, туризм бағытында қызмет көрсету бойынша да ауданның әлеуеті жоғары. Сондықтан, мемлекет қолдап тұрғанда, жастардың өсуіне көмек көрсетіп тұрғанда, қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттіміз. Біз, барынша көмектесуге, жол көрсетуге дайынбыз. Орталықтың негізгі мақсаты «Ұлттық жоба» арқылы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Бұл орталық жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем береді, кейбіріне уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын да қоса атқарады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Негізі, халықтың басым бөлігі мамандығы бойынша еңбек жалақысы жоғары тұрақты жұмыспен қамтылуды қалайды. Ал, ауылдық жерде қыруар қаржы алып, жалақының жоғары болуы екіталай. Ондай мамандықтар бірен-саран. Сол себепті «маған жалақысы жоғары жұмыс қажет» деу орынсыз. Барға қанағат етіп, жұмысыңды жасап, қосымша кәсіп ашып, оны да талапқа сай жүргізіп отырсаң, соның өзі бақыт деп білемін”, – дейді Ерсұлтан Байбатшаев.
Айта кетейік, бүгінде электронды еңбек биржасының арнайы сайты бар. Порталдың басты жұмысы- жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. Енді, жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты электронды еңбек биржасында жеке кабинеті арқылы беріп, бос жұмыс орындар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді. Жалпы, Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы Ұлттық жобалардың бірыңғай платформасында жұмыс орнын табуға көмектеседі. Сондай-ақ, жұмыс іздеушілер жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға өтінім бере алады.
“AMANAT” партиясы Түркістан облыстық флилиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиевтің айрықша қадағалауына алған өзекті мәселелердің шешілу жолдарын өзара талқылау мақсатында Төлеби ауданы Қаратөбе ауылының тұрғындары қатысуымен өткен аптаның жұмасында жиын өтті. Ауылдағы ағайынның талап-тілегін талқылаған, ақылдасқан жиында “AMANAT” партиясы атынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары Ғалымжан Елшібай және Ханай Әшірбеков, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев, сондай-ақ аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімнің бас маманы Мақсат Спабек пен Кемеқалған ауылының әкімі Досымжан Дәрібаев бастаған әкімдік мамандары қойылған сауалдарға жауап қайтарып майшаммен қарайтын мәселелердің шешілу жолдарын түсіндіріп берді. Әлеуметтің жанайқайын әлеуметтік желіде жариялаған Мейрамбай Құрманбаев та осы жиынның ортасында болып елмен бірге ой-пікірлерін бөлісті. Ауыл ақсақалдары Сейдаз Әбдуәлиев, Айтжан Төлтаев тұрғындарды өзекті мәселелерді шешуге атсалысуды өздерінен бастауға, ынтымақ пен бірлік танытуға шақырып, жиында баталы тілектерін айтты.
Алқалы жиын қорытындысына қысқаша тоқталайық:
1. Қаратөбе елді мекенінің Қазығұрт, Қаратөбе, Ынталы көшелеріне трансформатор қою және электр желілерін жүргізу жұмысы былтыр басталған болатын. Нысанның құрылыс құны 74 190,0 мың теңге. 2022 жылға 10,0 млн. теңге қаралып, жұмыс басталған. Қалған 64 190,0 мың теңге 2023 жылға өтпелі. Бұл мәселе бұған дейін “AMANAT” партиясының Ордабасы ауданында өткен көшпелі мәжілісінде талқыланып, сол жиында есеп берген салалық басқарма басшысының орынбасары Роза Олжабайқызы алдағы күзде болатын облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына қалған қаржыны бөлуді ұсынатынын алға тартқан еді. Енді осы мәселенің оңтайлы шешілуі бақылауда болады.
2.Қаратөбе елді мекенінің жалпы ұзындығы 2,92 шақырымды құрайтын Ақбосаға, Ақбура, Ынталы көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты сметалық құжаттама әзірленіп (сметалық құны-70 млн. 414 мың 38 теңге), аудандық салалық бөлім конкурс жариялаған. Бүгінде мердігер анықталуда, кешікпей көше жөндеу қолға алынады.
Қаратөбеліктермен бірге ауыз су, көпір, жайылым мәселесі де жан жақты талқыға түсіп ауыл халқы шешілу жолдарының барысына қанықты. Игі бастамаларды қолдайтындықтары қуантты.