ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Ел Президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керектігін тапсырған болатын. Осы ретте Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы өнеркәсіп саласында құны 30,8 млрд. теңге болатын 15 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 390 адам жұмыспен қамтамасыз етілмек.

Тарқата айтсақ, ауданда «Асылбастау» ЖШС тарапынан «Суды автоматтандыру» және «Сүт өнімдерін өндіру» жобалары жүзеге асырылып, 15 адам жұмыспен қамтылмақ. Сонымен қатар, ауданда биыл «БИЛОЛ» ЖК «Болат шарларының өндірісі» қолға алынып, 45 адам жұмыспен қамтылады деп көзделген. Сондай-ақ, «Masha Allah Rolling Metal Industris» компаниясы» «Алюминий қалдықтарын өңдеу» жобасын қолға алып, 50 адамға жұмыс беріледі. «Nise constructions» компаниясы тарапынан да «Бұрғылау қондырғыларын жасап шығару» іске асып, 10 адамға жұмыс беріледі.

Одан бөлек, ауданда «Al Riaz» ЖШС мекемесі «Тұздан емдік мүсіндер жасап шығару» жобасы қолға алынып, 10 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, «Smart Re Energy» ЖШС тарапынан «Гидротурбина шығаратын завод» жобасы іске асып, 15 адам жұмысқа қабылданады. OOO «GOLD STAR OIL» компаниясы тарапынан және Өзбекстан мемлекетінің иинвесторлары есебінен «Шифер зауытын салу» жобасы жүзеге асырылып, 20 адам жұмыспен қамтылмақ.

КЕНТАУДА АУЫЛ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігін айтты. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр.

Осы ретте Түркістан облысына қарасты, Кентау қаласындағы ауыл округ көшелеріне асфальт төселіп жатыр. Мәселен, Байылдыр ауылындағы 2,3 шақырымды құрайтын айналма жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасары Нұрбол Көкенов құрылыс барысын бақылап, мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында қалаға қарасты Қарнақ және Байылдыр ауылдарында 14,3 шақырымды құрайтын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, 2,27 шақырымды құрайтын 4 көшеге аяқ жол салу көзделген. Бүгінде Қарнақ ауылындағы 10,2 шақырымды құрайтын 11 көшеге және Құсшы ата елді мекеніндегі 3,6 шақырымды құрайтын 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан өзге, Байылдыр ауылындағы 1,6 шақырымды құрайтын 2 көшеге асфальт жабындысы төселген. Қалған 0,7 шақырымды құрайтын 2 көшенің аяқ жолдары және 0,8 шақырымды құрайтын 4 көшенің жөндеу жұмыстары 2025 жылға өтпелі.

САУРАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҒИПТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Халықаралық зағиптар күні — 1745 жылдың 13 қарашасы күні Валентин Гаюи дүниеге келгеніне байланысты аталып өтеді. Ол Францияда Парижде және Петербургте зағиптарға арналған бірнеше мектептің негізін қалаған танымал педагог. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен нақты осы дата Халықаралық зағиптар күнін белгілеуге негіз болды.

Аудан әкімінің кеңесшісі М.Жумадуллаев, «Қазақ соқырлар қоғамы » қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрайымы Әйтек Зәуре, Сауран ауданы бойынша өкілі Гүлбану Исабекованың қатысуымен Халықаралық зағиптар күні аталып өтті. «Жанарыммен емес, жан жүрегіммен сеземін» деп аталатын шарада аудандағы зағип жандарға құрмет көрсетіліп, аудан әкімінің Алғыс хаты мен сыйлықтар табысталды.

Жанарынан айырылған. Бұл сөзді есту қандай ауыр болса, осы бейнетпен күн кешу одан да қиын. Десе де, тағдырдың тауқыметіне қасқая қарсы тұрып, қоғамдағы өз орындарын орнықты көрсете білген жандар қашан да құрметке лайық,-деген аудан әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Ергешбайұлы, қоғам өміріне белсене атсалысып жүрген жандарға алғысын білдірді.

Мерекелік шарада сөз алған аудандық Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Айнұр Серікбайқызы зағип жандарды қоғамға бейімдеу мақсатында көптеген іс-шараларды өткізіліп жатқандығын атап өтті.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Жол сапасы бақылауда

Шымкент қаласы, Абай ауданында Индустиялық аймақ салынуда. Бүгінде қажетті инженерлік инфрақұрылым жүйелері тартылып жатыр. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қаласы бойынша филиалы аталмыш нысандағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізді.

Қазіргі таңда Индустиялық аймақта 5 көшеге 2 қабат асфальт төселген. Жолдың ені 8 метр. Ұзындығы 4 шақырым. Тапсырыс беруші Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы. Мердігер- «Отау Строй» ЖШС-гі.
-№1 көшеден қалыңдығы сәйкес келмеген учаскенің ұзындығы 40 метр. Жалпы ауданы – 320 м2 сәйкес келмеді. Сәйкес келмеген 320 м2 жол жабыны мердігер мекеменің қаражатынан қайта салынды. Зертханалық сынақтар жүргізу үшін №1 көшеден 50 кг мөлшерінде ыстық тығыз ірі түйрлі Б типті II маркалы асфальтбетон қоспасы іріктеліп алынды,-дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қалалық филиалының инженері Ернарбек Мамет.
Айта кетейік, 2024 жылдың 10 айында «Ұлттық сапа орталығы» РМК нысандарға сараптама жасау барысында 225 ақаулар мен кемшіліктер анықтады. Жыл соңына дейін барлық кемшіліктерді толығымен жою жоспарлануда.

Созақ ауданы: Жуантөбе ауылындағы жүйелі жұмыстар

Жуантөбе ауылдық округінде биыл жүйелі жұмыстар жүзеге асырылды. Атап айтқанда 100 пайыз ішкі көшелер асфальтталып, халыққа қажетті инфрақұрылымдар мен маңызды нысандар ел игілігіне берілді. Бұл бағыттағы жұмыстарға ауыл тұрғындары мен ауыл ақсақалдары да оң бағасын берді. Айта кетейік, Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Абраев Дәуіржан Жолдасұлы ауыл ақсақалдарына біршама біткен құрылыс нысандарын аралатып, таныстырған болатын. Яғни, Созақ ауданының Құрметті азаматы, тыл ардагері Сығалайұлы Әбдіразақ, еңбек ардагері Шаймерденов Өтенбай, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбек Амандық, әділ би Тайбек Аманжол, ақсақалдар кеңесі Сәрсен Алтай бастаған топ қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонды және толық жөндеуден өткен кіші футбол алаңшасын аралап көрген еді.

Сонымен қатар ауылдық клуб жанынан ашылған заманауи спорттық жаттығу залының жұмысымен танысып, халықтың игілігі үшін жасалған жүйелі істерге ризашылықтарын білдіріп, атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, аудан басшылығына алғыс жеткізген. Жалпы Жуантөбе ауылында құрылыс саласы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Жергілікті бюджет есебінен мал тоғытатын нысан құрылысы және мал емдеу мен бірдейлендіруге арналған станок алаңының құрылысы жүргізілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке қарайтын жанбай тұрған бағаналарға жарықтандыру шамдары жаңадан орнатылды. Көктем мезгілінде де «Торлан-Строй» ЖШС тарапынан біршама ахау келген бағаналарға жөндеу жұмыстары жасалған болатын. Ал, ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен Қожақ Омарұлы көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. 2018 жылдан бастап жүргізілген жарықтандыру жұмыстарының нәтижесінде ауылдағы негізгі 8 көшенің қазіргі таңда барлығы және көше аралық жолдар толығымен 100 пайыз жарықтандырылған.

Көктем мезгілінде төртінші деңгейлі бюджет есебінен біршама ахау келген бағаналарға жөндеу жұмыстары жүргізіп, сырланған, алдағы уақытта да тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Сонымен қатар үнемделген қаржы есебінен жеке арнайы ауыл жарықтандыру жүйелерін бір жерге топтастыратын трансформатор орнату жоспарда.

Сонымен қатар, Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков аудандағы ауылдық округтер мен кенттерге 11 дана электрлі көтергіш машиналарын табыстаған болатын. Соның 1 данасы Жуантөбе ауылына жеткізіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жүк көтергішпен жұмыс жеңілдей түскен. Яғни, бағаналардағы көше жарықшамдарын алмастыру мен ауылдарға кіре беріс тұстағы аркаларды безендіру, баннерлер ілу сынды жұмыстарды оңтайландыруға тиімді.

Жоғарғы кеңістіктегі жұмыстарды оңтайландыратын жаңа машиналар ауданға облыс көлемінде алғаш болып алынып отыр. Бұған дейін аудандағы елді мекендердің арасы шалғай орналасқандықтан істен шыққан жарықшамдарды алмастыруға немесе қажеттілігіне қарай өзге де жұмыстарға жүк көтергіш машиналарының жетіспеуі сынды мәселелер туындап келген болатын. Жаңа қондырғылардың салмағы 1,5 тоннаны құраса, 12 метрге дейінгі биіктікке көтеріледі. Кез келген көлік түріне жегіп, тасымалдауға ыңғайлы етіп жасалған.

Айта кетейік, биыл Жуантөбе ауылында асфальт төсеу жұмыстары да қарқынды жүрді. Елдімекендегі жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын Қазыбек би, Қ.Омарұлы мен Ә.Жақсыбайұлы, Б.Достайұлы көшелеріне асфальт жабындысын төселіп, жергілікті тұрғындардың талап-тілегі орындалды. Осылайша ауылдың негізгі көшелеріндегі топырақ және тас жол мәселесі оң шешімін тауып, ішкі автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтпен қамтылды. Қазіргі таңда ауыл көлемінде 9,4 шақырымды құрайтын негізгі ішкі автомобиль жолдары бар. Биылғы жылы тұрғындар сұранысына орай бірқатар көшеге жарықшамдар орнатылып, бұл мәселе де оң шешімін тапты. Осылайша ауылдың негізгі ішкі көшелері де толығымен жарықтандырылды. Сонымен қатар ауыл тазалығын ретке келтіру мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон да пайдалануға берілді.

Жалпы Созақ ауданында жолдарды жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 22,4 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық бюджеттен 547 млн. 67 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық  11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін 371 млн. 127 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

2023 жылы Жартытөбе, Аққолтық, Балдысу және Басбұлақ елді мекендерінің ішкі көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, нәтижесінде аталған елді мекендердің көшелері 100% асфальт жабындысымен қамтылған. Бүгінгі таңға ішкі жолдардың асфальт жабындысы 66 пайызды құраса, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде 69 пайыздан асады деп жоспарлануда.

2024 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 26,1 шақырымды құрайтын 25 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық бюджеттен 710 млн. 613 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталып шарт түзілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 21,2 шақырымдық 18 көшеге қиыршық тас төсеу және асфальт жабындысын төсеу үшін 493 млн. 289 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталып шарт түзілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысын және қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

ЖАЙЛЫ МЕКТЕП — БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептер және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған. Міне осындай білім ордасының бірі Созақ ауданында бой көтеруде. Аталған нысанның құрылысы аудан басшылығының басты назарында. Кезекті насандарды аралау барысында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс алаңында болды. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, білім ордасының құрылыс барысымен танысты.

Қазіргі таңда мектеп ғимаратының ішкі және сыртқы жұмыстарының қарқыны арта түскен. Ғимараттың фасадтары травертинмен қапталып, мектептің сыртқы келбеті сәнді әрі заманауи сипатқа ие болуда. Сонымен қатар, құрылыс аймағында абаттандыру жұмыстары да қоса жүргізіліп, аумағына асфальт жабындысы төселіп, көлік тұрақтары ретке келтірілуде. Бұл жоба ауданның білім саласын жаңа деңгейге көтеріп, оқушыларға заманауи және жайлы оқу ортасын ұсынуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Ұлтық жоба аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Мектептердің құрылыс жұмыстарына дайындық қалай? Нендей мәселелер бар? Осы және өзге де сұрақтар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының басты бақылауында екенін айта кеткен жөн.

– «Жайлы мектеп» жобасы – өңірімізде мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік. Енді осы жобаны сапалы жүзеге асыру керек. Жауапты орынбасар, басқармалар, аудан, қала әкімдері білім ұяларының құрылысын уақтылы әрі талапқа сай етіп аяқтау бағытында жұмыс істеңіздер. Мектептердің инфрақұрылымын тарту, газ, су, электр, жылу, ғаламтормен қамту бойынша тиісті шаралар қабылдансын. Мектептердің құрылыс материалдары сыртқы және ішкі көрінісі, сәулеттік жобасы бойынша да барлық мердігерге біріңғай нұсқа берілуі тиіс. Ең бастысы, осы «Жайлы мектептерді» жоғары деңгейлі ұстаздармен қамту аса маңызды. Қазірден бастап білікті басшылар мен мұғалімдер жасақтауды қолға алған жөн, – деген болатын облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы.

«Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында құрылысы салынатын 63 мектептің, яғни жобалық қуаттылығы 49 000 орын болатын нысандардың іс-шара жоспары бекітіліп, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жаңа мектеп құрылысын салуға тиісті құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ұсынылып, жұмыстар атқарылған еді. Сондай-ақ 2023-2025 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілетін елді мекендердегі мектептерді инженерлік инфрақұрылыммен (су, электр, жылу желілері, кәріз жүйелері, кірме жолдар, интернет желілері, қоғамдық көліктер және т.б.) қамтамасыз ету шаралары қабылданып, инфрақұрылым жоспары бекітілген болатын.

Түркістан облысында жалпы екі жылда 300 орындық 11 мектеп, 600 орындық 25 мектеп, 900 орындық 15 мектеп, 1200 орындық 6 мектеп, 1500 орындық 4 мектеп және 2000 орындық 2 мектеп салынады. Жоба аясында 2023 жылы құрылысы басталатын 29 мектептің жер телімі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ меншігіне өткізіліп, бүгінгі күнге, құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылуда. 29 мектептің құрылысы 2024 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал қалған 34 мектептің құрылыс жұмыстары 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жалпы аталған жоба бойынша елімізде 2024-2025 жылдары барлығы 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектеп салу жоспарлануда. Негізгі басымдық қала мен ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Осылайша, салынған білім нысандарының жартысына жуығы ауылдық жерлерде орналасады.Үкімет отырысында баяндама жасаған салалық ведомство басшысы жаңа форматтағы мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылатынын атап өткен болатын. Яғни, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың кедергісіз жүріп-тұруына да мүмкіндік жасалады. Оқу орындарын жобалау кезінде кіре беріс, жеделсаты, баспалдақ, оқу сыныбы, жуынатын бөлме және тағы басқалары ескеріледі. Заманауи техникалық құрал-жабдықтар орнатылып, қауіпсіздік шараларын арттыруға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, жергілікті бақылау органдарына қосылған цифрлық бейнебақылау, дабыл түймесі және дыбыстық хабарлау, есіктер мен блоктарды автоматты түрде құлыптау, лицензияланған күзет және тағы басқалары.

Қазіргі уақытта министрлік жайлы мектептер үшін кадрлық резерв жасақтауда. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы бойынша директорлар корпусына 208 адам резервке алынған екен. Сонымен қатар, педагогтардың базасы жасалып жатыр. Еліміздің жетекші мектептерінің тәжірибесі бойынша оқу процесінің мазмұнын трансформациялаудың жаңа моделі де әзірленуде. Айта кетейік, бүгінде 217 жайлы мектептің құрылысы басталған. Жоба үш тетік арқылы жүзеге асырылады: бірыңғай оператор арқылы нысаналы құрылыс жүргізу, дайын ғимараттарды жеке инвесторлардан сатып алу, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде.

Созақ ауданы: Әлеуетін арттырған ауыл тұрғындары

Балық өсіру бойынша елімізде Түркістан облысы көш бастап тұр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өңірде балық шаруашылығын дамыту тапсырмасы аясында Созақ ауданының шаруалары балық шаруашылығымен айналысуды қолға алды. Бүгінде ауданда тауарлы балық шаруашылығымен айналысуға кәсіпкерлердің қызығушылығы күн санап артып келеді. Соның бірі – «Бейбарыс» шаруа қожалығы. 2005 жылы ашылған шаруа қожалығы бұған дейін мал және егін шаруашылығымен айналысып келген. Соның ішінде асыл тұқымды ангус тұқымын өсірген. Бүгінде Жартытөбе ауылдық округі, Аққолтық елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Қайрат Байниев 15 гектар аумаққа балық шаруашылығын дамытуды қолға алып отыр.

Ол мемлекеттік «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен 8,5 млн теңге несие алып, былтыр көктем айында өз ісін бастаған болатын. Кәсіпкер өзінің жеке тоғанына 15 мың форель шабақтарын жіберіп, өсіріп жатыр. Кәсіп иесі алдағы уақытта өз кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда өңірімізде балық шаруашылығымен айналысу тиімді кәсіптердің бірі және оған мемлекет тарапынан қолдауларда көрсетіліп жатыр.

Жалпы Созақ ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидия беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Жалпы ауданда «Ауыл аманаты» жобасы аясында балық шаруашылығын дамыту бойынша 7 кәсіпкер 56 млн теңге несие алған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 232 жоба мақұлданып, 1 млрд. 20 млн. теңге қарастырылыпты.  Айта кетейік, облыста «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 24 кәсіпкер 168,9 млн теңге жеңілдетілген несие алып, балық өсіру шаруашылықтарын ашқан.

Осылайша Созақта ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз кәсібін ашқан азаматтардың саны арта түскен деп айтуға болады. Жобаны ұтымды пайдаланған, өз кәсібін өркендеткендердің тағы бірі — Жартытөбе ауылының тұрғыны Жамал Балакүл. Ол 6 млн теңге несие алып, жаңа жылыжайды іске қосты.Диқандықты қолға алған кәсіп иесі бұл бастамасын одан әрі өркендеткісі келеді. Кәсіпкердің айтуынша қазіргі таңда ондағы бір гектар жерге қызанақ пен қияр егіліп, жылына екі рет өнім алуды қолға алған.

Жалпы Созақ ауданында «Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін биылғы жылы Қаратау, Қарақұр, Сызған және Шолаққорған ауылдық округтері ұсынылған болатын. Бүгінгі таңға Қарақұр ауылдық округінен «Ran Agro», Сызған ауылдық округінен «Қайнар 1», Шолаққорған ауылдық округінен «Игібай» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері ашылды. Несие қаржы алуға Сызған ауылдық округінен «Қайнар 1» АӨК құжаттарын «ЫРЫС» МҚҰ» ЖШС-не тапсырды. Қарақұр ауылдық округінен «Ran Agro» АӨК-і құжаттарын әзірлеп, өз ісін бастауды қолға алды.

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық пен атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, сонымен қатар өзін өзі қамтушыларды заңдастыру. Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына тоқталатын болсақ, ең бірінші кезекте жобаны іске асыруда жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріледі.

Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігі тигізеді. Шартта көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғылықты азаматы болуы керек. Оған қоса, міндетті түрде кепілге қоятын жылжымайтын мүлкі болуы шарт. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пайдалануға болады. Бағдарламада уақыт шектеуі жоқ, дейді мамандар. Аталған жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез-келген мүліктің 60 пайызы бағаланады. Бір жылға дейін демалыс қарастырылған. Бұл ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша «Жұмысшы топ» құрамымен бірге барлық аудандарды аралап, бағдарламаның концепциясын құруға, басым бағыттарын таңдауға, несие беру ережесіне қатысады. Нақтырақ айтқанда, палатаның қызметі жобаларды сүйемелдейді, бизнес жоспар дайындап береді, құжаттарды жинақтауға көмек береді.

Несие алушы ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативіне кіруіне кеңес беріледі. Себебі, бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды арзан бағамен пайдалануға мүмкіндік береді. Қысқасы, кооперативке бірігудің пайдасы көп. Бірінші кезекте сату мәселесі шешіледі. Мәселен, кооперация мүшесі 8,6 миллион, ал төрағасы 27 миллион теңге ала алады.

Тиісінше «ауыл аманаты» жобасы өңірлердегі тұрғындардың әлеуетін арттырумен қатар, ауылшаруашылығы өнімдерінің еселенуіне де септігін тигізеді. Өнімді арттыра түседі. Мысалы, Созақ ауданында ағымдағы жылдың сегіз ай қорытындысымен ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 332,4 млн. теңге инвестиция тартылған, ал тамақ өндірісі негізгі капиталына 67,6 млн. теңге инвестиция тартылыпты. Сонымен қатар, егістік жер көлемі 14 638 гектарға игеріліп,  20 жаңа ауыл шаруашылығы техникалары алынған. Сондай-ақ, жаңбырлатып суару әдісі 201 гектар жерге ендірілген.Есепті кезеңнің сегіз айдағы қорытындысымен 4 731,4 тонна ет,  4 747,2 тонна сүт, 1 243,8 мың дана жұмыртқа өндірілген. Жалпы мүйізді ірі қара 39 745 бас, қой 263 254 бас, ешкі 26 290 бас, жылқы 33 842 бас, түйе 16 639 бас, құс 28 692 басты құраған.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіп­сіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байла­нысты мәселелерді шешу мақса­тында жобаланып, жүзеге асыры­лып жатқан «Ауыл аманаты» мем­ле­кет­тік бағдарламасына барша бұ­қа­ра қатты мүдделілік танытып отыр.

Жалпы, «Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Бастапқыда жаңа бағдарламаны ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді. «Amanat» партиясы жанынан арнайы құрылған мобильді топтар барлық дерлік өңірді аралап шығып, елді мекендердің 250 мыңнан астам  тұрғынына «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен таныстырды. Оның ішінде ең шалғай деген ауылдардың тұрғындары да қамтылды. Бапталған бағдарламаның басты шарттарымен тыңғылықты таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасау мақсатында жүргізілген жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсіптерін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қа­жет­ті түрлі ақпараттарға молынан қанықты.

Мұндай несиенің халыққа пайдалы екендігі сөзсіз. Мәселен, ауыл тұрғындарының бүгінде бірде-бір коммерциялық банк­тен мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие – өте тиімді. Ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін аталған жоба – үлкен мүмкіндік. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған.Қаражатты ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, зей­неткерлік жасқа толмаған жұмыс­керлер, жеке кәсіпкер ретінде тауарлар­ды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөнін­дегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар, отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, қосалқы шаруа­шылықтың мүшелері, табысы ең төменгі күн­көріс деңгейінен төмен өндіріс­тік коопе­ративтердің мүшелері ала алады. Шағын несие алу үшін өтінім беруші жеке кәсіпкер болып тіркелуі керек. Сондай-ақ салық органдарында тіркеудің болуы, басқа несиелер бойынша мерзімі өт­кен жарнаның, мемлекеттік кірістер ор­ган­дарында берешектің болмауы талап етіледі. Несие алушыда ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімі, қора және басқа да қажетті жағдайлардың болуы шарт, сондай-ақ ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру және жоба аясындағы өндірген өнімін өндірістік коо­перативке өткізу талап етіледі. Жобаны іске асыруға 2023 жылы респуб­ликалық бюджетте 52,4 млрд теңге, яғни 11 мыңнан астам шағын несие беру жүзеге асырылды. Бұл ретте жергілікті әкімдіктер қаражат­қа қосымша қажеттілікті анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргіз­ді. «Amanat» партиясы жанынан азамат­тар мен әкімдерді әдіснамалық сүйеме­лдеуді, оқытуды, өтінімдерді қабыл­дау және қаражатты бөлу үдерісінің монито­рингін қамтамасыз ететін жобалық кеңсе құрылып, қызмет етті.

Ел тұрғындарының табысын арттыру мәселесін шешу – негізгі басымдықтарының бірі. Ауылда 7,7 млн адам тұрады. Бұл – халықтың жалпы санының 41%-ы. Былтырғы дерекке сәйкес, ауыл және қала тұрғындарының ақшалай та­бы­сының айырмашылығы 38%-ды құ­раған екен. «Ауыл аманаты» жобасы осы ол­қы­лықтың орнын толтыруды көздеді.  Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. Яғни, ауыл тұрғындарына мамандануға, шұғылданып жүрген кәсіптерін әртарап­тандыруға көмектескен жоба болды. Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. Кәсіп ашуға немесе істі дұрыс жүргізуге мамандануға ауылдық округ әкімдері көмектеседі.

Қашанда қағажу көріп жүретін ауыл тұрғындары жаңа жобаға үлкен үміт артып отыр. Қолынан іс келетін, дөң­гелетіп отырған шаруасы бар көп­теген кәсіпкер, фермерлер бұл бастамаға барынша мүдделілік танытқаны айқын. Олар қаржылай қолдау болса, ауыл-аймақта өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін шұғылданып келген шағын кәсіптерінің аясын кеңейтіп, талапқа сай дамыта алатынына бек сенімді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған созақтықтар арасында Құрманбек Маюсов та бар. Жартытөбе ауылының тұрғыны жоба құны 5 миллион теңгені құрайтын термопанель өндірісін қолға алған. Қазіргі уақытта алғашқы тапсырыстарын алып үлгерген кәсіпкер 3 азаматты жұмыспен қамтып отыр.
Сондай-ақ, Қызылкөл ауылының тұрғыны Бақытхан Ердешұлы да жоба көмегімен тігін шеберханасын ашқан. Ол 7 300 000 теңге көлемінде несие алып, тігін цехын ашқан. Бүгінде цех ауылда ғана емес, аудан көлемінде тапсырыс қабылдап келеді. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруды да көздеп отыр.
Қазіргі таңда облыс көлемінде балық шаруашылығымен айналысуға қызығушылар саны да артып келеді. Осындай кәсіпкерлер қатарында Шолаққорған елді мекенінің тұрғыны Ержан Асқаров та бар. Ол бағдарлама аясында 8 500 000 теңге несие алып, аудандағы балық шаруашылығын дамытуда. Қазіргі уақытта оның шаруашылығында 10 мыңнан астам сазан балығы өсіріледі.
Сонымен қатар, Шолаққорған ауылының тағы бір тұрғыны Әлішер Отаров жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алып, өз кәсібін дамытып келеді. Кәсіпкер мемлекеттен алған қаржыға «DAMIR & AIA» атты балаларға арналған гидромассаж орталығын ашқан. Гидромассаж – балалардың қан айналымын жақсартуға, тері түсін және бұлшықет тонусын жақсартуға көмектеседі.

Созақ ауданында 21 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылындағы жеке инвесторлар тарапынан салынып жатқан 2 пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын бақылауға алды. Әрбір үйді жеке-жеке аралап, құрылыс сапасын тексерді. Оның сәулеті мен суыққа төзімділігіне айрықша назар аударды. Құрылысқа жауапты мамандарға нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктелді.

Қазіргі таңда 2 пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысы толығымен аяқталған. Қалған үш тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жақын арада тәмамдалып, жыл соңына дейін пайдалануға берілуі жоспарлануда. Тұрғын үйлердің сыртқы фасадтары травертинмен безендіріліп, аулалары темір қоршаулармен қоршалған. Су және жылу жүйелері толық жүргізіліп, қабырғалары түсқағаздармен безендірілуде. Едендері де төселіп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалуда. Әр үйдің жалпы алаңы – 71,1 шаршы метр. Айта кетейік, бұл жоба әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін көтеруге және тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша тұрғын үй саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тарқатып айтар болсақ, аймақтағы  құрылыс жұмыстарының көлемі 158 млрд. теңгені құраған. Былтыр 410 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Яғни көрсеткіш 12%-ға артқан.  «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін жалпы аумағы 185 мың м2 құрайтын 55 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде 3140 отбасы баспаналы болмақ. 5 жылда құрылыс көлемі 2,5 есеге өсіп, 351 млрд. теңгені құрап отыр.

Пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 2 есеге көбейіп, 864 мың шаршы метрге жетті. 5 жылда Түркістан облысында 4500-ге жуық отбасы коммуналдық баспанамен қамтылды. «7-20-25» бағдарламасы және «Отбасы банк» арқылы 5000-нан астам отбасы әлеуметтік кредиттік үй сатып алды. Жалға алған баспана ақысын субсидиялау бағдарламасымен (50%) 2000-нан астам отбасы қамтылды. 221 көппәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізілді.

Облыс орталығына айналған Түркістанда 5 жыл ішінде заманауи нысандар бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Облыс орталығында ғана емес, аудан-қалаларда да осы бағытта жұмыстар қолға алынып, Түркістанмен бірге дамыту көзделген. Түркістан облысында 5 жылда тұрғын үй саласы бойынша құрылыс қарқыны артқаны белгілі. Алайда өзекті мәселелер де аз емес. Үйлерді уақтылы тапсырмау, абаттандыру жұмыстарын талапқа сай жүргізбеу және өзге де түйткілдері бар.

Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің айтуынша, биыл өңірде барлық қаржыландыру көздері есебінен 866,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті қойылған. 8 айдың қорытындысымен облыс бойынша 525,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға қабылданған. Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығындағы 62 (4202 пәтер, 251 533 мың шаршы метр) тұрғын үйдің тапсырыс берушісі – Облыстық құрылыс басқармасы. Биыл 55 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, жалпы 185 мың шаршы метрді құрайтын 3140 пәтерді пайдалануға тапсыру жоспарланған. Қазіргі таңда 1409 пәтер немесе 81188 мың шаршы метр үй пайдалануға қабылданды. Құрылысты мерзімінен кешіктірген мердігерлерден келісімшартқа сәйкес 2,5 млн. теңге өндірілген.

Түркістан облысында 2023 жылғы мемлекеттік қолдау шаралары аясында баспана кезегінде тұрған 70 мыңға жуық азамат тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялауға, сондай-ақ 2 мыңдай жеңілдетілген зайым жылжымайтын мүлікті сатып алуына мүмкіндіктер қарастырылды. Сондай-ақ,  былтыр Түркістан облысында  73 үйдің іргесі тиісті жөндеуден өткізу бойынша қызметтер қарастырылған болатын. Қосымша 219 көппәтерлі тұрғын үйді жаңғыртуға 7 өңірден жалпы сомасы 12,7 млрд теңгеге өтінімдер келіп түскен.

Мемлекет басшысы өткен жылы тұрғын үй мәселелерін шешуге арнайы тапсырмалар мен міндеттер жүктеген болатын. Яғни  2023 жылы 15,3 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілді. Бұл шамамен 143 мыңнан артық баспана. 2023 жылғы баспана құрылысына бағытталатын жалпы инвестиция мөлшері де ұлғайып (16,8%-ға), 2,9 трлн теңгеге жетті. Дегенмен  мемлекеттік инвестициялардың есебінен 10,5 мыңдай жеңілдетілген зайым беріліп, 17,3 мың пәтер салынды. Оның ішінде 7 мыңға жуық баспана жас мамандарға, сондай-ақ әлеуметтік осал топ санаты бойынша кезекте тұрғандар мен көп балалы отбасыларға берілді.

Тұрғын үй мәселесі  қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып саналады. Оны шешудің әр түрлі жолдары бар, атап айтқанда: сатып алу, банктердің ипотека бағдарламалары, қызметтік тұрғын үй  алу, соңыра сатып алумен жалға алынған пәтерді алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу немесе әкімдіктен азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана алу.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылғы дейінгі жаңа  тұжырымдамасында отбасы институтын қолдау және сақтау мақсатында, «Бақытты отбасы» жеңілдетілген бағдарламасына қатысушылардың санаттары қайта қаралды. Атап айтқанда, толық емес отбасы санатты  «Бақытты отбасы» бағдарламасынан алынып тасталды.

«Бақытты отбасы»  бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап  «толық емес отбасы» санатты  бойынша кезекте тұрғандар саны 72-ға  пайызға артқан. Басқа санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтар үшін тең емес жағдай тудырады. Мемлекет  ең алдымен мүгедектігі бар азаматтарды үймен қамтуға қамқорлыққа алуда. Өйткені «толық емес отбасы», бала тәрбиелеп отырса да, жұмысқа қабілетті, жұмыс  істей алады, балаларының дені сау.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 68-бабына сәйкес, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар, олар  бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, толық емес отбасы  және т.б  азаматтар жатады. Сондықтан  «толық емес отбасы» санатын алып тастау тетігі азаматтарды жергілікті  атқарушы органнан кредиттік тұрғын үй сатып алу мүмкіндігінен айырмайды. Толық емес отбасы басқа да санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтармен қатар 5 пайыз мөлшерлемемен қолжетімді қарыздар ала алады.  Енді толық емес отбасы санаты «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламасы бойынша ипотека ала алады. Шаңырақ бағдарламасы мен «Бақытты отбасы» бағдарламасының айырмашылығы сыйақы ставкасында ғана.

Жалпы Созақ ауданында орналасқан өндірістік кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер демеушілігі есебінен соңғы үш жылда 1,3 миллиард теңгеге бірқатар нысандар бой көтерген болатын. Олар Екі мешіт салып берген, сонымен қатар 6 балалар алаңшасын, 5 спорт алаңын салып, 12 көшені жарықтандырған және 15 нысанды абаттандыруға себеп болған. Айта кеткен жөн, Созақтықтар аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жалпы саны 11 үй сыйлаған екен.

Таукент кентінде жарықшамдарды ауыстыру жұмыстары жүргізілді

Созақ ауданындағы Таукент кентінде көшелердің жарықшамдарын ретке келтіру, жаңарту және ауыстыру жұмыстары басты назарда. Атап айтқанда, кенттегі Геологтар, Қ.Сәбаев, Мәңгілік ел, Тұран, Бәйтерек, Алмалы және Таукент кенті мен саяжай ортасындағы жолдың жарықшамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы теріскейде 2024 жылға аудандық бюджет есебінен елді мекендерді жарықтандыруға 10 ауылдық округке, оның ішінде 57 көшеге 425 млн.573 мың теңге бөлінген. Атап айтқанда, Шолаққорған, Жартытөбе, Құмкент, Сызған, Созақ, Қарағұр, Қаратау, Жуантөбе, Шу, Таукент кентіндегі тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жаңдай жасау, көшелерді жарықтандыру мәселесі шешімін тауып келеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында да бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.  «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ұлттық қордан Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы жобасына тиісті қаражаттар бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданған. Сонымен қатар, Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы, яғни сыртқы инженерлік желілері жобасына қаржы бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталған.

Биыл құрылыс жұмыстарын бастауға бірнеше жобаларға қаржы қарастырылған Атап айтқанда: «Құмкент елді мекеніндегі Жылыбұлақ каналын салу» жобасы. Нысан 2025 жылға өтпелі.  Сондай-ақ, Қаратау елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы. Нысан 2024 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген. Сонымен қатар «Қарақұр елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы. Нысан келесі жылға өтпелі. Осындай тағы бір жоба «Жуантөбе елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы. Нысан қазіргі таңда пайдалануға беріліп, тиісті жұмыстар бастау алған.

Көптеген жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан  басты экологиялық проблемалардың бірі — қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс мәселесі. Қазіргі уақытта мұндай қалдықтардың 97 пайызы алдын ала сұрыпталмай, санитарлық стандарттар талаптарына сай емес, бейімделмеген қоқыс алаңдарына шығарылады. Еуропалық елдерде  қоқыстардың 80 пайызы қайталама шикізат ретінде пайдаланылып, табыс көзіне айналғандығын атап өту керек. Қалдықтар — қоршаған ортаны ластайтын көздердің бірі. Жер бетіндегі  зиянды заттардың  жинақталған массасы  топырақ жамылғысына, өсімдіктерге, жерүсті және жер асты суларына жағымсыз әсерін тигізеді. Қоқыстар жанған кезде атмосфераға өте көп улы заттар бөлініп,  тыныс жүйесі аурулары мен репродуктивті және  иммундық жүйелердің   ауытқуларына әкеліп соғуы мүмкін. Аса қауіп төндіретін органикалық заттар диоксиндер. Олардың әсері цианисті калийден, стрихниннен және курареден күшті абсолютті у болып есептеледі. Үлкен қауіп тудыратын қатерлі зат — фильтрат, ол қоқыс алаңдары аумағынан  жерасты суларына түседі. Қалдықтарда дизентерия, холера, туберкулез және т.б. ауруларды тудыратын бактериялар ұзақ уақыт бойы сақталады. Фильтраттардың жерасты суларына өтуі, осы микроорганизмдердің кең  таралуына әкеліп соғуы мүмкін. Міне осындай қатерлердің алдын алу мақсатында Созақ ауданында тиісті жұмыстар атқарылуда. Атмосфералық ауаға кері әсерді  төмендету  бойынша ауданда экологиялық ауыртпашылықты төмендету үшін қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны айналасында жасыл белдеу құру шешімі қабылданған.

Ауылдық округтерде салынған қатты қалдықтар тастайтын орындарда, қоқыс сұрыптау кешенін іске қосу жүзеге асырыла бастады. Сұрыпталатын қалдықтардың түрлері — шыны, пластик, темір және қағаз қалдықтары. Аталған кешендер алдағы уақытта полигонға келіп  түсетін  қалдықтардың  40  пайызға жуығын қайта өңдеуге де мүмкіндік бермек. Бұл жобалар елді мекендердің экономикалық және экологиялық сауықтырылуына бағытталған. Қатты қалдықтарды тастайтын орындардың инженерлік-геологиялық және гидрологиялық  жағдайлары толық зерделеніп,  аумақтың жоспары жасалып,  инженерлік жүйелер жүргізілген. Жүзеге асырылып жатқан жобаның оңтайлы жақтарына тоқталатын болсақ, олар мыналар: биоыдырайтын қалдықтар  үлесінің төмендеуінен жағымсыз иістің  азаюы; көмілуге  жататын қалдықтардағы биоыдырайтын қалдықтар санының азаюы  салдарынан  сілтілені өнімдерінің түзілу қаупінің төмендеуі; полигонның санитарлық жағдайының жақсаруы; өрттің  пайда болу қаупінің төмендеуі; жер қыртысы, жер және жерасты суларының ластану қаупінің төмендеуі; жергілікті тұрғындарға жұмыс орнының пайда болуы; қоршаған орта жағдайын үзіліссіз мониторингтеу жүйесін енгізу.

Енді алдағы уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың бағдарламасы шеңберінде облыстың ірі елді мекендерінде  полигондар, қоқыс  сұрыптайтын цехтар мен кешендер салу бойынша шаралар жоспары қажет екені анық. Түркістан облысының әкімі де экология мәселесіне ұдайы назар аударып келеді. Мәселен, облыс әкімі өткізген аппараттық жиында  жинақталған қатты тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға  қауіптілігін ескере отырып, оны  жою  мәселесі қайта қаралған болатын. Аталған жиында қатты тұрмыстық қалдықтар проблемасына айрықша назар аударылып, оларды шешу жолдары талқыланды.

Тау-кен өндіру кәсіпорындарының  барлығында дерлік қалдықтарды басқару жүйесі әрекет етеді. Бұл жүйеге қалдықтардың технологиялық  циклдерінің, сондай-ақ  қалдықтар түзілуінің ескерту немесе азайту, есеп және бақылау, жинау, қайта өңдеу, жою, сақтау және тасымалдау сияқты  барлық  кезеңдері кіреді. Қалдықтарды басқару жүйесі бірнеше сатыдан тұрады: бөлек жинау, тасымалдау, сұрыптау және заласыздандыру  немесе қайта өңдеу. Осындай сұрыптау және қайта өңдеу сатыларын құру  және ұйымдастыру жағдайында қалдықтарды басқарудың барлық тізбегі жұмыс істей бастайды. Қоршаған ортаға электрондық қалдықтар да  біраз зиянды әсерін тигізеді. Қызмет ету мерзімінен асқан электрлік  немесе электромагнитті құрылғылар (компьютер,  ұялы телефон, батарейкалар) құрамында сынаптан басқа алюминий, магний, мышьяк, берилий және т.б. зиянды заттар пайда болады. Электрлі заттардың қабығына зақым келгенге дейін ол қауіпсіз болып саналады. Одан кейін улы заттар топырақ және жерүсті сулары арқылы қоршаған ортаға таралатынын ескеру қажет. Сондықтан қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру өте маңызды және қажетті.

Сонымен қатар, «Жартытөбе, Жуантөбе ауылдарынан мал емдейтін станок құрылысы, Абай, Жуантөбе ауылдарынан және Таукент, Қыземшек кенттерінен ұсақ малдарды тоғытатын нысан құрылысы, Шолаққорған ауылынан мал өлекселерін тастайтын шұңқыр құрылысы, «Беккери» шұңқыры құрылысы» жобаларына тиісті қаражаттар қаралған. Бүгінгі таңда аталған нысандар өз жұмыстарын атқаруда.

Сондай-ақ, Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылындағы «Астана» мөлтек ауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобалық-сметалық құжаттамасына түзету енгізуге оң сарапта қорытындысы алынған. Жобаның құны 2 млрд. 555 млн. теңгені құрайды. Нәтижесінде жер кезегінде тұрған 435 адамға тұрғын үйге жер телімдерін беруге мүмкіндік туындайды.

«Қаратау ауылынан жабық кіші футбол алаңының құрылысы» жобасына 97,5 млн. теңге бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. 2023 жылы Шолаққорған ауылынан заманауи спорттық сауықтыру кешені құрылысы басталды. Нысан 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, «Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жобасына 176,6 млн. теңге бөлініп, өткен жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданған болатын. Айта кетейік, Қарақұр ауылдық округі аппараты әкімшілік ғимараты мен кіші жабық футбол алаңының құрылысы ел игілігіне пайдалануға берілді.

Созақ ауданында өңірлік өнім көлемі арта түскен

Созақ ауданында биыл жалпы өңірлік өнім еселеніп, инвестиция көлемі арта түскен. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аудандағы өзекті мәселелер, яғни автомобиль жолдарын жаңарту және жарықтандыру , тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жалпы инфрақұрылым бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков халықпен кездесулерінде баяндап, алдағы атқарылатын жоспарларды да мәлімдеген болатын.

Жалпы, ауданның бюджет кірісіне ағымдағы жылдың 8 айында 14 млрд. 841 млн. 808 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 114 пайызға,1 млрд. 825,3 млн. теңгеге өзіндік кірістер есебінен артығымен орындалған. Оның ішінде; трансферттер 4 млрд. 514,3 млн. теңге, өзіндік кірістер 10 млрд. 327,4 млн. теңгені құрайды. Бюджеттің шығыс бөлігі бойынша жоспары 13 млрд. 253,7 млн.теңгені құрап, оның13 млрд. 049,5 млн. теңгесі,98,5 пайызы игерілген.

Осы орайда, Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы баяндамасын назарларыңызға ұсынамыз.

 ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ, ИНВЕСТИЦИЯ

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінің қорытындысымен ауданда  427 млрд. 593 млн. теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 128,3 пайызға немесе 94 млрд. 228 млн. теңгеге артты.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ БОЙЫНША

«Ауыл Аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2024 жылы Қаратау, Қарақұр, Сызған және Шолаққорған ауылдық округтері ұсынылды. Бүгінгі таңға Қарақұр ауылдық округінен «Ran Agro», Сызған ауылдық округінен «Қайнар 1», Шолаққорған ауылдық округінен «Игібай» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері ашылды. Несие қаржы алуға Сызған ауылдық округінен «Қайнар 1» АӨК құжаттарын «ЫРЫС» МҚҰ» ЖШС-не тапсырды. Қарақұр ауылдық округінен «Ran Agro» АӨК-і құжаттары әзірленуде.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 7 млрд. 77 млн. 100 мың теңгені құрап, нақты көлем индексі (НКИ) 86,6 пайыз болды. Нақты көлем индексінің төмендеуі барлық санаттағы мал бастарының кемуі нәтижесінде орын алды. Биылғы жылы алынған барлық санаттағы мал бастарының төлі есебінен нақты көлем индексін орындау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінің қорытындысымен ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 332,4 млн. теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 27,7% орындалды (жоспар 1200 млн. тг).

Тамақ өндірісі негізгі капиталына 67,6 млн. теңге инвестиция тартылып, 32% орындалды (жоспар 211 млн.)

Егістік жер көлемі 14 638 гектарға игеріліп, 101,9 % орындалды, (жоспар 14 363 га).

20 жаңа ауыл шаруашылығы техникалары алынып, жоспар 55% орындалды. (жоспар 36 бірлік).

Жаңбырлатып суару әдісі 201 гектар жерге ендіріліп, жоспар 100% орындалды. (жоспар 201 га.).

Есепті кезеңнің қорытындысымен 4 731,4 тонна ет,  4 747,2 тонна сүт, 1 243,8 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Мүйізді ірі қара 39 745 бас, қой 263 254 бас, ешкі 26 290 бас, жылқы 33 842 бас, түйе 16 639 бас, құс 28 692 басты құрады.

 «ЖЕР АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША

Созақ ауданының барлық жер көлемі 4 млн. 104 мың 940 гектарды құрайды. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланудағы жерлер 759 мың 563 гектар, өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 84 мың 157  гектар, босалқы жерлер (ауданның арнайы жер қоры)  1 млн. 960 мың 982 гектар, орман қорының жерлері 1 млн. 034 мың 898 гектар, су қорының жерлері 3 245 гектар, елді мекендердің жерлері  261 мың 296 гектар, ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 799 гектар.

«Жер аманаты» жобасы аясында 2024 жылы жоспарға сәйкес жайылымдық жерді ортақ пайдаланымдағы жайылымдарға қайтару бойынша, мақсатына сай пайдаланылмай жатқан 15,0 мың гектар жер учаскесінің ішінен 8 471 гектары, яғни 56,5% мемлекет меншігіне қайтарылды.

 ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Аудан көлеміндегі  33 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі 61 937 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Орталықтандырылған ауыз су құбыры бар 29 елді мекеннің 21 елді мекеніне ауыз су 24 сағат берілсе, қалған 5 елді мекенге  (Сызған, Созақ, Қарақұр, Қаратау, Қозмалдақ) кестемен берілуде.

Созақ ауылы, Шақырық елді мекенін ауыз сумен тәулік бойы қамтамасыз ету үшін қаржы бөлуге (жоба құны – 2 млрд. 88 млн. теңге) облыстық бюджетке ұсынылды. 2024 жылға 151 000,0 мың.тг (АБ-1 000,0 мың.тг ОБ-150 000,0 мың.тг) қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер «ИНТЕКО ЛТД СТРОЙ» ЖШС анықталып, 01.07.2024 жылы келісім шарт түзіліп, ұңғыма құдықты бұрғылау жұмыстары басталған.

Қаратау ауылын тәулік бойы ауыз сумен қамтуға қаржы бөлуге (жоба құны – 952 млн. 43 мың теңге)  облыстық бюджетке ұсынылып, 2024 жылға 51 000,0 мың.тг (АБ 1 000,0 мың.тг, ОБ-50 000,0 мың.тг) қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер «ӨСЕН АР» ЖШС анықталып, 20.06.2024 жылы келісім шарт түзілді.

Қарабұлақ, Балдысу, Басбұлақ, Саржаз және Сызған елді мекендеріне ауыз су құбырын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленіп, 2023 жылы аудандық бюджеттен 9 млн. теңге, облыстық бюджеттен Қарабұлақ, Балдысу елді мекендеріне 34 млн. 400 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. Ағымдағы жылы 5 елді мекеннің ауыз су құбыры (Балдысу, Қарабұлақ, Басбұлақ, Сызған, Сарыжаз) құрылысының жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, 1 268 тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 98,1 пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, жоғарыда аталған ауыз су құбырының құрылыстары аяқталған жағдайда аудан халқы 100 пайыз қамтылатын болады.

  «АУЫЛ- ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ

Жолдарды жақсарту мақсатында 2023 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 22,4 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық бюджеттен 547 млн. 67 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық  11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін 371 млн. 127 мың теңге қаржы бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2023 жылы Жартытөбе, Аққолтық, Балдысу және Басбұлақ елді мекендерінің ішкі көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, нәтижесінде аталған елді мекендердің көшелері 100% асфальт жабындысымен қамтылды. Бүгінгі таңға ішкі жолдардың асфальт жабындысы 66 пайызды құраса, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде 69 пайыздан асады деп  жоспарлануда.

2024 жылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 26,1 шақырымды құрайтын 25 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін облыстық бюджеттен 710 млн. 613 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталып шарт түзілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен 21,2 шақырымдық 18 көшеге қиыршық тас төсеу және асфальт жабындысын төсеу үшін 493 млн. 289 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер анықталып шарт түзілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысын және қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

 ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ БОЙЫНША

 «Созақ ауданында АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу» нысаны бойынша 2019-2022 жылдар аралығында 2 млрд. 766 млн. 571 мың тг қаржыға Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолаққорған ауылына дейінгі  43,8 шақырым магистральды газ құбыры траншеяға 100% көмілген. Газды қабылдау құрылғысы (УПОУ) орнатылды.   АГТС қондырғыларының орындары дайындалып, қоршалған. Электр бағаналары орнатылып, электр желілері жүргізілді. Найзағайдан қорғау прожектор діңгегі (ПМЖ) 5 дана және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылды. ВОЛЬС кабельдері жүргізілді.

2024 жылға 700 млн. 624 мың тг. (ҰҚ – 411 млн. 221 мың тг. ОБ – 289 млн 403 мың тг.) бөлініп,289 млн. 403 мың тг игерілді.  Ағымдағы жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында АГТС қондырғыларының 6 данасы жеткізілді.

ШОЛАҚҚОРҒАН АУЫЛЫН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ

Аудан орталығы Шолаққорған ауылын табиғи газбен қамту үшін «Шолаққорған ауылдық округінің газ тарату желісін салу» жұмыс жобасы бойынша 2021-2023 жылдар аралығында 3 млрд. 249 млн. 142 мың теңге қаржыға 216,6 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3200 абонентке газ құбыры жүргізілді. Шкафты газ реттеу пунктінің орындары дайындалып, 5 дана ШРП орнатылды.Қондырғылардың қалған бөлігі акт түзіліп мердігер мекеменің сақтау қоймасында сақталуда. 2024 жылыға газ тарату желісін салуға облыстық бюджет есебінен 203 млн. 187 мың теңге бөлінді. АГТС қондырғылары орнатылып, іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылының тұрғындары табиғи газбен қамтылады.

КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ БОЙЫНША

2024 жылға аудандық бюджет есебінен елді мекендерді жарықтандыруға 10 ауылдық округке (57 көшеге) 425 млн.573 мың теңге бөлінді. (Шолаққорған, Жартытөбе, Құмкент, Сызған, Созақ, Қарағұр, Қаратау, Жуантөбе, Шу, Таукент)

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ БОЙЫНША

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ұлттық қордан Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы жобасына 231,8 млн. теңге (2022 жылдан өтпелі) бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды. Сонымен қатар, Созақ ауылындағы спорт алаңы құрылысы (сыртқы инженерлік желілері) жобасына 227,6 млн. теңге бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

«Қаратау ауылынан жабық кіші футбол алаңының құрылысы» жобасына 97,5 млн. теңге бөлініп, 2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. 2023 жылы Шолаққорған ауылынан заманауи спорттық сауықтыру кешені құрылысы басталды  (жобаның құны  1 млрд. 924 млн. теңге) 2023 жылға ұлттық қордан 300 млн. теңге қаралып, игерілді. Нысан 2025 жылға өтпелі. «Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жобасына 176,6 млн. теңге бөлініп, 04.12.2023 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылданды.

Қарақұр ауылдық округі аппараты әкімшілік ғимараты мен кіші жабық футбол алаңының құрылысы ел игілігіне пайдалануға берілді. Биыл құрылыс жұмыстарын бастауға бірнеше жобаларға қаржы қарастырылды: «Құмкент елді мекеніндегі Жылыбұлақ каналын салу» жобасының құны – 470,1 млн. теңге
2023 жылға 30 млн. теңге игерілсе, 2024 жылы – 250 млн. теңге қаралды. Нысан 2025 жылға өтпелі.  «Қаратау елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобаның құны – 201,6 млн. теңге 2023 жылға 6 млн. теңге игерілсе, 2024 жылы – 173 млн.теңге қаралған. Нысанның пайдалануға беру уақытысы 2024 жылдың қыркүйек айы.  «Қарақұр елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобаның құны – 303,2 млн. теңге.
2023 жылға 1 млн. теңге игерілсе, 2024 жылы – 128 млн.теңге қаралды. Нысан 2025 жылға өтпелі. «Жуантөбе елді мекенінің қатты қалдықтар тастайтын орынының құрылысы» жобаның құны – 174,6 млн. теңге. 2023 жылға 6 млн. теңге игерілсе, 2024 жылы – 155 млн.теңге қаралған. Нысанның пайдалануға беру уақытысы 2024 жылдың қыркүйек айы.

Шолаққорған ауылындағы «Астана» мөлтек ауданына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жобалық-сметалық құжаттамасына түзету енгізуге оң сарапта қорытындысы алынды. Жобаның құны 2 млрд. 555 млн. теңгені құрайды. Нәтижесінде жер кезегінде тұрған 435 адам тұрғын үйге жер телімдерін беруге мүмкіндік болады.

Сонымен қатар, «Жартытөбе, Жуантөбе ауылдарынан мал емдейтін станок құрылысы, Абай, Жуантөбе ауылдарынан және Таукент, Қыземшек кенттерінен ұсақ малдарды тоғытатын нысан құрылысы, Шолаққорған ауылынан мал өлекселерін тастайтын шұңқыр құрылысы, «Беккери» шұңқыры құрылысы» жобаларына 2024 жылы – 207 млн.теңге қаралған. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Нысанның пайдалануға беру уақытысы 2024 жылдың қазан айы.

 БІЛІМ САЛАСЫ

 Аудандағы 38 балабақшада (17-мемлекеттік, 21-жекеменшік) 4 171 бала тәрбиеленуде (мемлекеттік балабақшалардағы 2 480 бала, жекеменшік балабақшаларда – 1 691 бала тәрбиеленуде).

Қазіргі таңда, 2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші – 98%-ды құраса 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 100%-ды құрап отыр. 2024-2025 жаңа оқу жылы қарсаңында 1 сынып табалдырығын 1 452 бала  аттады. Еліміздің ең үздік білім беру мекемелерінің бірегейі “I-Qanat” мектебінде 4 оқушымыз білім грантын иеленіп, өз білімдерін жалғастыруда.

Өткен оқу жылында біздің облыс шәкірттері жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпиадаларында 14 оқушы І орынды, 15 оқушы ІІ орынды және 15 оқушымыз ІІІ орынды жеңіп алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс»,- деп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғандығын атап өткен болатын. Осы орайда ауданымызда «Жайлы мектеп» жобасы аясында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 900 орындық құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 200 орындық жаңа ғимарат құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.2024-2025 жаңа оқу жылында жалпы 6 902 бала ыстық тамақпен қамтылған, оның ішінде 1- 4 сынып оқушылары 5 849 бала.Мектептерге бейнекамералар орнатылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылады.Мемлекеттік 35 білім беру мекемелері 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды. Кәсіби күзет қызметімен Н.Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицей, «Созақ» мектеп-гимназия және І.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп қамтамасыз етілді. 700 оқушысы бар 8 мектепке (Алтынсарин, Әлімқұлов, Төреқұлов, Кеңесбаев, Созақ, Науайы, Бөкенов, Сүлейменов)  турникет орнатылды.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ САЛАСЫ

Ұлттық жобалар шеңберінде 2 569 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылып, жылдық жоспар 63 пайызға орындалды. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес, 750 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен  279 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрайды. 2024 жылы 8 айдың қорытындысы бойынша — атаулы әлеуметтік көмек 253 отбасына (1 477 адамға) 64 млн.300 мың теңге төленді.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ-де «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетуге арналған әлеуметтік такси пайдалануға берілді. 2024 жылдың 8 айының қорытындысымен пробация қызметінің есебінде тұрғандар мен бас бостандығынан айырылу мекемелерінен босаған азаматтарға арнап 4 рет жәрмеңке өткізіліп, 2 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, 126 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды.

 МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ

Созақ ауданында қазіргі таңда 40 мәдени мекеме аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. Оның ішінде: 17 мәдениет үйлері мен клубтар болса, 23-і кітапханалар. Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде «КАТКО» Қазақ-Француз біріккен кәсіпорны демеушілігімен күрделі жөндеуден өткен Шу ауылдық кітапханасының жаңа ғимараты ашылып, ел игілігіне ұсынылды. 2024 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін                  Ақсүмбе ауылдық клубына бюджеттен 25 млн. 479 мың теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Бабата ауылдық клубына қазандық орнатуға конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

СПОРТ САЛАСЫ

 Аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау мақсатында ауданда 148 спорттық нысандар жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінің қорытындысымен 3 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Атап айтар болсақ Шолаққорған ауылынан «Катко» БК демеушілігімен шағын футбол және балалар ойын алаңшасы, Шаға елді мекенінде сол ауылдан шыққан кәсіпкердің демеушілігімен шағын футбол алаңшасы салынды. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Қарақұр елді мекенінен төбесі жабық үлгідегі шағын футбол алаңшасы салынып пайдалануға берілді және «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шолаққорған ауылының Түркістан бағытына қарай тас жол бойынан республикалық бюджет есебінен заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталып, 2025 жылы құрылысы аяқталады деп күтілуде.

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ

 Аудан халқына 28 емдеу мекемесі қызмет көрсетеді. (1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 МСАК орталығы, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП, 13 МП) Ағымдағы жылдың есепті кезеңінің қорытындысымен диспансерлік есепте тұратын  науқастар   саны  8 018   болған, 175 млн. 727 мың. 917 теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Басты бағыт ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Осы мақсатта жүйелі түрде ана мен нәрестелер өлімін болдырмау көрсеткішін барынша төмендетуге арналған іс-шаралар атқарылуда. 2024 жылы 1 жасқа дейінгі нәрестелер өлімі 7 айда 4 нәресте өлімі орын алған. 2023 жылы 1 жасқа дейінгі 12 нәрестелер өлімі орын  алған. (2022 жылы 13 нәрестелер өлімі орын алған).

Ал, туберкулезден болған өлім көрсеткіші өткен жылы да, биыл да тіркелмеді. Денсаулық сақтау саласының әрбір көрсеткішін төмендету бойынша алдын алу шаралары атқарыла беретін болады. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Түркістан облысы әкімі Д.Сатыбалды облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарына 75 дана жедел жәрдем санитарлық автокөлік табыстаған болатын. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған «Hyundai i30» маркалы жедел жәрдем автокөлігінің екеуі ауданымызға жеткізілді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның демеушілігімен алынған 2 жедел жәрдем автокөлігі алынды. Бұл көліктердің ерекшелігі жол талғамай, құмды жерлер мен шалғай ауылдарға еш қиындықсыз қатынай алады. Науқастарды тасымалдауға арналған көліктің ішінде жататын орын және алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ»

 БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Елімізде тазалыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты дағдыға айналатын бастама екенін айтты. Акция аясында ауданда түрлі шаралар іске асырылуда. Аудан орталығының аумағы 5 секторға бөлініп, ондағы 144 көшеге жауапты мекемелер бекітілді. Сондай-ақ аудан аумағын жасыл желекке айналдыру мақсатында жалпы саны 27 500 тал көшеттері отырғызылды. Шолаққорған-Түркістан бағытындағы “Жасыл белдеу” аумағы жолдың екі шетін қоса есептегенде 4,5 шақырымға артып 10 500 дана қара тал егілді. Бұл аумақ қазіргі уақытта толықтай қоршалды. Қазіргі таңға дейін 405 шақырым ішкі көше бойлары тазаланып, 285 шақырымдық облыстық маңызы бар жолдар және 77,4 шақырымдық аудандық маңызы бар жолдар тазаланды. 33 аялдама сырланып, қалпына келтірілді. 1050 ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. 27 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. 58 дана жол белгілері сырланды. Жалпы, сенбілік тазалық жұмыстарына 13 050 адам қатысып, 55 техника жұмылдырылды. Осылайша барлық мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп келеді. Жоғарыда аталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.