«Қазіргі таңда, елімізде еңбек етемін деген адамға мемлекеттен қолдаулар өте көп. Тек жалқау болмау керек деп ойлаймын. Жеңілдетілген несиелер де беріліп жатыр. Құс шаруашылығын бастау иядеясын жүзеге асыру менің арманым еді, енді қазір кәсібіме айналып отыр. Мақсатым да бар. Осы істі өркендетіп, табысымды арттырып, жаңа бастамаларды қолға алсам деген ниеттемін», дейді Ерлан Нақыпбеков
Все записи автора Admin
Түлкібас: Мансап орталығының қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізуде
Түлкібас аудандық Мансап орталығының директоры Байбатчаев Ерсұлтан Жаңабайұлы және орталықтың қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты шараларды қабылдап келеді. Олар халыққа “2021 — 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы “ туралы , “Жастарға арналған 2,5 пайызды несие” және “Атаулы әлеуметтік көмек” бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге күнге дейін жұмысшы топ Шақпақ, Жабағылы, Кемербастау ауылдық округтері мен Түлкібас кентінде болды. Сонымен қатар Машат, Келтемашат, Майлыкент, Жаскешу, Балықты, Арыс, Ақбиік, Рысқұлов, Тастұмсық, Мичурин ауылдық округтері және Састөбе кентінде де тұрғындарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Жиында Мансап орталығының мамандары жалпы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру қалай жүзеге асатынын атап өтті.
Айта кетейік, Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары іске асырылады. Бірінші жұмысы және табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам, жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына тікелей немесе «электрондық үкімет» веб-порталы және «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеле алады. Үш жұмыс күні өткеннен кейін жұмыс іздеуші ретінде тіркеуде тұрған адам жұмыссыз мәртебесіне ие болады. Жұмыссыз мәртебесіне ие болған адамдар мамандықтарына немесе жас мөлшеріне қарай уақытша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу үшін мемлекеттік және жеке сектордағы мекемелер (ауылдық округ әкімшіліктері, бөлімдер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер) электронды еңбек биржасы арқылы тапсырыс бере алады. Берілген тапсырыстарды жергілікті атқарушы орган қарап, оң немесе теріс шешім шығарады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бірі — қоғамдық жұмыс.
Қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар 12 айға дейін қатыса алады. Қоғамдық жұмысқа басым бағыт мамандығы жоқ жұмыссыздар болып табылады. Қоғамдық жұмысқа жеке секторлар да жұмысшы алуға болады. Жалақы мөлшері 70 000 теңге.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
Ал, қысқа мерзімдік курсқа жұмыс берушілдердің тапсырысы негізінде жұмыссыз адамдар оқытылып, сол мамандықтары бойынша тұрақта жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар. Мемлекет тарапынан жұмыссызға ай сайын 21 787 теңге шәкірт ақы, медасмотрден өтуге 2 АЕК (6900 тг), жол шығынына (ары-бергі шет жақ ауылдар үшін ) 4 АЕК(13 800тг), алыс елді мекендерден келіп оқитындар үшін жатақхана шығынына ай сайын 10 АЕК (34 500 тг) төленеді.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
- Денсаулығы бойынша медициналық анықтамасы.
Әлеуметтік жұмыс орны – халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн олардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші құратын жұмыс орны. Жалақының субсидияланатын мөлшері 35%-ды құрайды, бірақ 20 АЕК-тен аспайды. Мерзімі 12 айға дейін.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Бар болса еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
Жастар практикасы меңгерген мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жастан аспаған жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды. Жалақысы 30 АЕК (103500 тг. қолдарына 79811 тг).
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Бар болса еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде жұмыс берушілерге жіберілетін 29 жасқа дейінгі орта білімі бар жұмыссыз жастар қатыса алады. Мемлекет тарапынан ай сайын жұмысшыға 30 АЕК (103500 тг.қолдарына 79811 тг) субсидия мақсатында жалақы төленеді. Қатысу мерзімі бойынша 18 айдан аспайды және қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін келісім шарт бойынша жұмыссызды кемінде 12 (он екі) ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына жұмысқа қабылдауға міндетті.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Бар болса еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
Күміс жас жобасына 50 жастан асқан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз адамдар 3 жыл мерзімге қатыса алады.Мемлекет тарапынан 1 жылы жалақының 70%-ы 30 АЕК-ке дейін (103500тг), 2 жылы 65%-ы 30 АЕК-ке дейін, 3 жылы 60%-ы 30 АЕК-ке дейін субсидияланады. Жұмыс беруші келісімшарт аяқталғаннан кейін қатысушыны зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдауы тиіс.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Бар болса еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса, білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
Ұрпақтар келісімшарты жобасына соңғы 2 жыл ішінде орта және жоғарғы оқу орындарын аяқтаған 29 жасқа дейінгі жастар мамандығына сәйкес қатыса алады. Мерзімі 6 айға дейін, жалақы 30 АЕК (103500тг. қолдарына 79811 тг). Жұмыс беруші 6 ай мерзімге зейнеткерлікке шығатын адамды тәлімгер ретінде тағайындайды. Тәлімгер зейнеткерлікке шыққан кезде қатысушы тұрақты жұмысқа қабылдануы тиіс.
Тиісті құжаттар:
- Жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
- Бар болса еңбек қызметің растайтын құжат көшірмесі;
- Бар болса білімі туралы құжат көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом).
«ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН-СӨРЕГЕ»
Түлкібас: Павлодар облысынан жұмысшы топ келді
БАСТЫ МАҚСАТ – КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ
Түркістан қаласының әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Қамқорлық жанұя орталығы» КММ мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының арасында меморандум түзілген. Екі жақты келісім бойынша қос тарап көпбалалы мұқтаж отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласқан.
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев «Қамқорлық жанұя орталығы» КММ-не арнайы барып, кәсіпкерлермен жүздесті. Жанұя орталығының директоры Жібек Әшірхантегі Асылан Сейілбекұлын мекемеде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Кездесу барысында палатының жанынан ашылған әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен тығыз жұмыс жүргізу жөнінде сөз болды.
«Аз қамтылған, мүгедектігі бар жандарды тәрбиелеп отырған және көпбалалы толық емес отбасылардың мұқтаждықтарын анықтау, кеңес беру, отбасы мүшелерін тұрмыстық депресиядан шығару үшін психологиялық қолдау көрсету, бейімдеу шараларына қатыстыру, оқу курстарын ұйымдастыру, құқықтық кеңес беру, демеушілер есебінен қолдау көрсету бағытында қызмет көрсетудеміз. Бүгінде 240 азаматша оқу курстарын аяқтап, 8-і мемлекеттік грант иегері атанды. Ал 20 ана қаладағы мейрамхана мен сұлулық салондарына жұмысқа орналасты. Аспаздық курсын бітірген 12 анамыз үйден жартылай фабрикат жасап, тігін курсын бітірген 17 ана тойбастар жасап, үйінде табыс тауып отыр»,- деді Жібек Маштайқызы.
Аталған орталықта тегін оқу курстарына қатысып жүрген азаматшаларға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының мамандары «Шағын және орта кәсіпті мемлекеттік қолдау шаралары» және кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің, сонымен қатар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызметтері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, «Бастау бизнес» жобасына тіркелуге көмектесіп, мемлекеттік гранттар мен төмен пайыздық жеңілдетілген несиелер алу бойынша тегін консультация берілуде.
Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
Түлкібас ауданы бойынша 11-22 қыркүйек аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың III-ші легі бойынша өтінім беру басталады. Бұл туралы Түлкібас аудандық әкімдігі мен «Мансап» орталығының әлеуметтік парақшаларында жарияланды.
Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. Ал, интернет желісі төмен немесе порталға қосылуға мүлдем мүмкіндігі жоқ азаматтар тікелей орталықтың көмегіне жүгіне алады.
Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет қана ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
Порталда тіркелу;
Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
Порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
Өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, «Мансап» орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.
Төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
Еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
Қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
Өңіраралық қоныс аударушылар
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
Мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Айта кетейік гранттар мынадай мақсаттарға: қажетті жабдық (инвентарь), еңбек құралдары, технологиялық жабдық, жануарлар, төрт түлік, құс, ағаш көшеті, бұталы өсімдіктер, тұқым, көшет сатып алу, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға қажет орынжайды жалға алуға беріледі.
Гранттар несие төлеу, тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу және салу, жер учаскелерін сатып алу, акциздік өнімдерді өндіру сынды тұтынушылық мақсаттарға берілмейді.
Негізі, «Бастау Бизнес» жобасы халықты кәсіпке үйретудің үздік үлгісі болып табылады. Яғни, адамның өзі-өзіне жұмыс істеуіне, табысын еселеуге, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа бизнестердің қалыптасуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді.
Жалпы, Түлкібас ауданында Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша 608 азамат жұмысқа орналасып, ал жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант 44 азаматқа берілген. Бұдан бөлек, аудандағы мүгедектігі бар еңбекке қабілетті 283 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Оның ішінде 8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 2 азамат жастар практикасына, 2 азамат күміс жас жобасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына, 45 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 190 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына жолданса, осындай топтағы 15 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алған.
Облыстық мәслихат депутаттарының баспасөз мәжілісі жалғасуда
️«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғимаратында, партия филиалының ұйымдастыруымен бекітілген кестеге сәйкес барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін баспасөз мәслихаты жалғасуда.
Кезекті брифингке, Сарыағаш ауданының мәслихат депутаттары Алмас САЛИМОВ, Жәнібек СУЛЕЙМЕНОВ, Уалихан РАХИЕВ және Жомарт АБДИБАЕВ қатысты.
Халық қалаулылары БАҚ өкілдерінің алдында 4 айда атқарған жұмыстары туралы баяндады. Жалпы депутаттар бүгінге дейін бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізіп, сайлаушылармен кездесу жұмыстарының өткендігін, жол картасы туралы атқарылған жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Журналистер Сарыағаш ауданы бойынша шешімін таппай отырған күрделі мәселелер мен депутаттың ықпал етуімен атқарылған жұмыстар туралы сұрады. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы бойынша және идеология мәселесі төңірегінде де сөз қозғады. Баспасөз мәжілісі аясында депутаттар, журналистердің толғандырған сұрақтарына жауап беріп, алдағы жұмыс жоспарларымен толыққанды бөлісті.
Айта кетейік, алдағы уақытта да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының баспасөз мәжілісі, кестеге сәйкес жалғасын табатын болады.
Түлкібастық косметолог әжімді операциясыз да кетіруге болатынын айтады
«Бизнес бастау» жобасымен қайтарымсыз грант алып, өз ісін бастаған Түлкібастық косметолог Ғалия Жайшаева беттегі әжімді операциясыз да кетіруге болатынын айтады. Ол мемлекеттік қолдаудың арқасында шетелден арнайы медицицналық құрал жабдықтар сатып алып, қазір соның көмегімен қыз-келіншектердің беттеріндегі қара дақтар мен безеулерді емдеп келеді. Кәсіпкердің бұл салаға келуі де жәй-жәй емес екен. Бұған дейін Ғалия Жайшеваның өз денсаулығында кінәраттар болып, одан арылу жолын іздеген. Косметолог маман бүгінде денсаулығындағы кінәраттан толық арылыпты. Кәсіпкер, жалпы қыз-келіншектердің ажарлы, әсем болып жүргені үлкен бақыт екенін айтады.
«Мен бұған дейін түрлі-түрлі косметологтарға бардым. Алайда емі ешқандай табылған жоқ. Одан кейін өзім, бұл салаға өзім кіріскенді жөн көрдім. Себебі бұл қадам болашақта тек маған ғана емес, өзгеде адамдарға қажет екенін білдім. Сондықтан, нақты шешім қабылдап өз ісіме кірісіп кеттім. Құдайға шүкіршілік етемін, қазір дәл осы бағытта, бұл салада қызмет жасап жүргеніме төрт жылдай уақыт болды. Алғысын білдіретін азаматшалар да арта түсті. Ал, табысым бұрынғыға қарағанда он есеге көбейді десемде болады», дейді косметология орталығының иесі Ғалия Жайшаева.
Бүгінде, Түлкібастықтар Ғалияны еркелетіп «сұлу келіншек» деп атайды екен. Өйткені ол қаншама қыз-келіншектің бетіндегі әжімін отасыз кетіріп, қара дақтары мен безеуін емдеп беріпті. Айта кетейік, сұлулық салонында 16 жыл еңбек еткен келіншек бұған дейін өзінің бетіндегі қара дақтарды қанша емдеткенімен кетіре алмаған айтады. Сосын тәуекелге бел байлап косметология саласына түбегейлі ден қойған. Тиісінше Алматы қаласында білім алып, адамның бет күтімін сақтау және оған қажетті шараларды қолдану бойынша толық зерттеп шыққан.
Мемлекеттен жаңа жобасы арқылы қайтарымсыз грант жеңіп алған кәсіпкер, сол қаражатқа шетелден заман талабына сай арнайы жаңа медицицналық құрал сатып алуға мүмкіндігі болғанын айтады. Озық технология беттегі әжімнен бастап қара дақтар мен безеуді емдейді. Әзірге, Түлкібас ауданында бұл құрылғының баламасы жоқ екен.
Адамның ажары өте нәзік. Сондықтан оған ерекше күтім қажет. Тіпті дұрыс тамақтанбау мен реніштің өзі беттің бұзылуына әкеп соғады, дейді Ғалия Жайшаева.
«Отасыз да әжімді кетіруге болады. Оны арнайы құрылғының көмегімен жүзеге асырамыз. Төрт қабылдаудан кейін нәтижесін көруге болады. Оданда басқа беттегі безеулерден арылуға мүмкіндік береді. Оның көмегімен көптеген кінәраттардан арылуға болады», дейді косметолог.
Жаңа құрылғы қара дақтарды айтапғанның өзінде денеге салынған түрлі суреттерді де кетіреді екен. Бетті медицицналық құрылғымен ғана емес, қарапайым жолмен де әрілеуге болады. Қас-кірпік пен ерін тіпті түтіктерді кетірудің оңай жолы бар, дейді маман.Өзіне келген әрбір қыз-келіншекті мұқият қарап тексеріп, жағдайы ауырлар адамдарды дәрігер кеңесіне жібереді екен. Ал, бетіне әжім түсіп немесе бөртіп кеткен келушілер көп ұзамай, 3-4 қараудан кейін нәтижесін көріп жатыр екен.
«Химиялық, механикалық тазартулар да бар. Плазмолифтинг бар. Бетті вакуммен тазалау, микротоки әдісі де бар. Тек жалғыз құрылғымен жұмыс жасау жеткіліксіз. Мен, мемлекеттік грант арқылы өзге де қосымша керекті құрал-жабдықтарды да алдым. Олардың барлығы отасыз бетті тартуға көмектеседі», дейді Ғалия Жайшаева.
Түлкібас ауданында өткен жылы Ғалия Жайшаева секілді жеке кәсібін бастайымын деген 183 адам қайтарымсыз гран жеңіп алған. Барлығы өз кәсібін дөңгелетіп, дамытып келеді екен. Ал, биыл 90 адамға қаржы бөлінбек. Қазіргі таңда оның 44-і комиссия қорытындысымен грант алып, бизнестерін бастап кеткен. Барлығы жіті бақылауға алынып, кәсіпкерлер әр тоқсан сайын «Enbek.kz» сайтына өз жұмыстары туралы есеп беріп отырады екен.
«Барлық ақпарат интернет желісіндегі «Enbek.kz» сайтында жарияланған. Бұл бағытта қайтарымсыз грантқа мүгедек бала асыраушы отбасылар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылған отбасылар, мүгедектігі бар бірақ жұмысқа жарамды жұмыссыз азаматтар, көші-қон бағдарламасымен өзге өңірлерден көшіп келген адамдар, сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар да «Enbek.kz» сайты арқылы өтініш білдірсе болады», дейді Түлкібас аудандық «Мансап» орталығының директоры Ерсұлтан Байбатчаев.
Жуырда жобаның үшінші кезеңіне құжат қабылдау басталады екен. Барлығы онлайн түрінде жүргізіледі. Сондықтан мекемеге келіп кезек күтудің қажеті жоқ. Егер интернеті нашар ауыл тұрғындары немесе сайтқа өтінім беруді білмейтін азаматтар болса, Түлкібас ауданының орталығындағы «Мансап» орталығына келіп тіркелуілеріне болады. Онда арнайы бұрыш жасақталып, мамандар тегін кеңес береді, дейді орталықтағылар.
«Түлкібас әк зауытында» 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған
Түлкібас ауданында үздіксіз және жоспарлы түрде жұмыс істеп келе жатқан мекеменің бірі — Түлкібас әк зауыты. Өндіріс орнының жылдық қуаттылығы 22 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда зауытта 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Түлкібас әк зауыты» ЖШС 2021 жылы 43 млн. теңгеге жаңадан әк сындыру жүйесін іске қосқан. Алдағы уақытта мекеме басшылығы зауытты қайта құрылымдаудан өткізуді жоспарлап отыр.
— Өндірілген өнімді бүкіл Қазақстан бойынша жөнелтеміз. Сонымен қатар, Қырғызстанға да экспорттаймыз. Биылдан бастап Өзбекстаннан да сұраныс түсуде. Бұйыртса, көршілес тағы бір мемлекетке өнімдерді шығармақпыз. Шетелдік зауыттар жаңа технологиямен қамтылған, сондықтан оларға бірінші сұрыптағы әк керек. Біз егер сол талаптарға сәйкес өнімдерді шығарсақ, өте жақсы болар еді. Тиісінше, жергілікті өңірдің экономикасы да қосатын үлесіміз арта түсетін еді. Бүгінде зауытта 100 адам тұрақты жұмыс жасап жатыр. Егер зауыттың ауқымы кеңейіп жатса , қосымша тағы да жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуға мүмкіндігіміз болады. Бұл бағытта, мемлекеттік бағдарламалардың аясында жобаларды жүзеге асыру мен бірқатар жоспарларымыз да бар.» — дейді «Түлкібас әк зауыты» ЖШС-нің бас директоры Перизат Әбдібекова.
Айта кетейік, Түлкібас ауданында алдағы үш жылда өнеркәсіп саласы бойынша 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның аясында, 3685 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтіліп отыр. Жобалар жүйелі түрде іске асатын болса, өнеркәсіп өнімінің көлемі 127,6 млрд. теңгеге жетіп, салық түсімі 21,9 млрд. теңгеге артады деп көзделіп отыр. Ал, қазірдің өзінде Түлкібас ауданында 4 орта, 26 кіші және 6 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Атап айтар болсақ тамақ өнеркәсібінде 10, құрылыс материалдары өнімдерін өндіру саласында 8, кен өндіру саласында 6 және өндірістің басқа да түрлерімен 8 мекеме айналысуда.
Түлкібас: «Жастар практикасы» жастарға жаңа мүмкіндік
-«Жастар практикасы» оқуын аяқтап, мамандық иесі атанған жастар үшін үлкен мүмкіндік деп білемін. Себебі алған біліміңді, тәжірбиеңді шыңдап, жұмысқа орналасуға үлкен қадам. Менде жоғарғы оқу орнын бітіріп, өзімнің туған ауылыма оралдым да, аудандық жұмыспен қамту орталығына, яғни қазіргі «Мансап» орталығына жүгіндім. Бүгінгі таңда «Жастар практикасы» бағдарламасымен Түлкібас аудандық кәсіпкерлік бөлімінде жұмыс жасап жүрмін. Маған өз мамандығыммен жұмыс жасау ұнайды»,- дейді Алтынбек Азиза.
1. Бірінші міндет шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу мерзімі дара кәсіпкер ретінде үш жылдан кем болатын жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін олар тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беріледі.
2. Екінші міндет шеңберінде еңбек нарығында белгілі бір кедергілерге тап болған адамдарды (жұмыссыздар, жастар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар және т.б.) жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шаралар іске асырылады.
Оқу орындарының түлектеріне арналған Жастар практикасы, «бірінші жұмыс орны» және «ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) немесе сабақтардың Ұлттық сыныптауышының сол сабақ тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
«Бірінші жұмыс орны» жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орындарын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған (қатысу мерзімі 18 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
Қоғамдық жұмыстар-қызметкерлерді алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрлері. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: жұмыссыздар; жазғы демалыс кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттері; бос тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын) құқылы.
«Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған (қатысу мерзімі 36 айға дейін, субсидия мөлшері 30 АЕК — тен аспайды (ай сайын).
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы кейіннен зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруға бағытталған (қатысу мерзімі 6 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыруға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын).
Жоғарыда көрсетілген субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет: қатысуға өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом), бар болса оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат).
Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде келесі үш бағыт бойынша ұйымдастырылады.
Біріншіден, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында оқыту.
Оқыту оқытудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырылады. Ол үшін тараптардың (жұмыспен қамту орталығы, жұмыссыз, жұмыс беруші және оқу ұйымы) арасында тараптардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін 4 жақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Екінші, жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту.
Жұмыс берушілерде жұмыссыздарды жұмыс орнында оқыту білікті тәлімгерді бекіте отырып, кәсіпорындар базасында ұйымдастырылады. Оқу кезеңінде жұмыс беруші жұмыссыздармен еңбек шартын жасасады және оны уақытша жұмыс уақытына жұмысқа орналастырады.
Үшінші, платформада онлайн оқыту skills.enbek.kz.
Портал онлайн оқытудың қысқа мерзімді курстарының маркетплейсі болып табылады және сұранысқа ие дағдыларды үйренуге немесе біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген республика азаматы үшін қолжетімді.
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін жеңілдетілген шағын несиелеу қарастырылған.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% — дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы-кепілмен қамтамасыз етудің міндетті шартымен 5 млн теңгеге дейін. Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін (қызметтің осы бағыты үшін – 7 жылға дейін).
Кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету:
— халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту;
— экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену;
— кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту болып табылады.
Айта кетейік, Түлкібас ауданында «Ұлттық жоба» аясында мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға ниетті азаматтар мен азаматшалар