2023-2024 жылғы оқу маусымының қарсаңында студенттік жатақханалардың даяырлығын тексеру мақсатында Түркістан облысы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе отырып мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бүгінде 10 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында орналасқан 7 жатақханада 3042 орын бар, қосымша 2 ОАОО 570 орын жалға алынса, 109 орын жергілікті хостелдермен келісім негізінде студенттерге берілетін болады.
Мониторингтік топ құрамында «Жастар Рухы» жастар қанаты төраға міндетін атқарушы Еркебұлан Мадиярұлы, ТО «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшы орынбасары, Төлеби аудандық мәслихат депутаты Есқұлов Пердебек, Түркістан облыстық Студенттер Альянсының төрайымы Тургунбекова Айсанам және ерікті жастар болды. Жауапты маман ретінде университетің «Жастар ісі жөніндегі департамент» басшысы Дәркенбай Аружан қатысты.
Мониторинг барысында жатақханалардың техникалық жабдықталуы, су-жылу жүйелері, ас орындары мен оқу залдары, қауіпсіздік құралдарының қаамтамасыз етілуі назарға алынды. Студенттер үйінде жүріп жатқан ішкі әрлеу жұмыстары ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін аяқталады деп мәлімдеді. Жатақхана жұмысы бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар университет басшылығына жолданды.
Түркістан облысында сайлау науқаны кезінде айтылған уәделі жұмыстар, бүгінде оң шешімін тауып келеді. Өздеріңізге белгілі сайлау науқаны кезінде, депутаттыққа үміткер азаматтар ауыл-ауылдарды аралап елдің ұсыныс-тілектерін тыңдап, қоғамдық қабылдаулар өткізген болатын. Сайлау науқаны қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облысы Қазығұрт аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат хатшысы Т.Қалымбетов депутаттыққа үмітер ретінде халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған. Қабылдауға келген Қазығұрт ауылы, Табыс көшесінің тұрғыны Табыс Қазына көшелерінің электр желілерінің тозығы жетіп, жарамсыз күйде екендігін айтып шағымын білдірген еді. Депутаттан аталған көшенің электр желілерін ауыстырып беруіне ықпал жасауды сұраған.
Бүгінде күрмеулі проблема өз шешімін тауып, тұрғынның мәселесі орындалды. Қазығұрт елді мекенінің тұрғыны Б.Сарсенбаеваның қоғамдық қабылдау барысында көтерген ұсынысы зерделеніп, қолдау тапты. Аталған көшенің желілері толық ауыстырылды.
Айта кетейік, мәслихат сайлауында аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне 154- тен аса ұсыныстар келіп түскен. Оның басым бөлігі әлеуметтік көмек пен инфрақұрылымға қатысты өзекті проблемалар.
«Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Ұлытау облысының ақпараттық-түсіндірме жұмыс тобы Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.
2023 жылдың 9 тамызында Түлкібас ауданына Ұлытау облысынан келген жұмыспен қамту саласына жауапты басшылары мен әкімдік өкілдері «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінің халқын Ұлытау облысына көшіруді насихаттау бағытында, аудан тұрғындарымен Түлкібас кент әкімі аппаратының мәжіліс залында кездесу өткізіп, мүмкіндіктер мен еңбек нарығының басым бағыттарын атап өтті.
Кездесудің мақсаты – «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында еңбек күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында, қабылдау өңірі Ұлытау облысындағы өңірлік квотаның орындалуы, бос орындар жәрмеңкелерімен таныстыру, еңбек нарығындағы жағдай, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, қоныс аударудағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсыну.
Аталған жиынды Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлы төрағалық етіп, жұмыс тобымен таныстырып өтті.
Насихаттық топ құрамына:
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Орынбаев Нуржан Серикович; тел: 8-777-262-92-24;
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Койшыбаев Айдар Саятович; тел: 8-747-990-99-90;
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы
Даниярова Гулим Сапаровна; тел: 8-702-622-65-41;
«Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Әбен Берік Абдыкамалұлы; тел: 8-701-800-03-16;
«Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі
Бекішев Абай Данаұлы; тел: 8-777-486-49-41;
Ұлытау аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры
Ұлытау аудандық «Мансап орталығы» филиалының маманы
Мұңайтпас Аян Ноянұлы
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты Айнабұлақ ауылдық округі, М.Жұмажанов ауылдық округтерінен арнайы келген әкімдер қоныс аударуға ниет білдіріп жатқан аудан тұрғындарына өз тараптарынан, ауылдық шаруа қожалықтар тарапынан көрсетілетін көмек түрлерін жеткізіп, барынша қолдау көрсетілетінін атап айтты.
Сондай-ақ, кездесуге аудан тұрғындарының ішінде көпбалалы отбасылар, жастар, алқалы билері қатысты.
Жалпы саны 60 адам қатысып, олардың ішінде аталған өңірге қоныс аударуға қызығушылық білдірді.
Кездесу барысында насихаттық топ мүшелеріне жиналысқа қатысушылардан түрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Кездесу соңында жиналысқа келген тұрғындарға брошюралар таратылып, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлы үгіт-насихат жұмысымен келген жұмысшы тобына аудан тұрғындары атынан алғысын айтып, елбасымыздың ұстанып отырған саясатын іске асыру жолында жасалып жатқан еңбектерінің нәтижелі болуына тілектестігін білдіре отырып, ауданымыздың жұмыссыз, аз қамтылған, баспана мәселесінің шешімін таба алмай жүрген азаматтарды Ұлытау облысына қоныс аударуға және де кәсіпкерлердің осы облыс аумағында кәсіпкерлікпен шұғылдануына кеңес беріп жиынды қорытындылады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғимаратында, партия филиалының ұйымдастыруымен бекітілген кестеге сәйкес барлық деңгейдегі мәслихат депуттарының, БАҚ бірге өтетін баспасөз мәслихаты өз жұмысын жалғастыруда.
Кезекті брифинг, облыстық мәслихат депутаты Ағабеков Жаңабай Молдабайұлы мен Басымбек Бахыт Мүсірәліұлының қатысуымен өтті.
Халық қалаулылары БАҚ өкілдерінің алдында 4 айда атқарған жұмыстары туралы баяндады. Жалпы қос депутат бүгінге дейін бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізіп, сайлаушылармен кездесу жұмыстарының өткендігін, жол картасы туралы атқарылған жұмыстарына кеңінен тоқталды.
— Әр бір тұрғынның мәселесін жіті назарға алып, оның оң шешімді болуы үшін барынша қызмет жасаймыз. Депутаттық сауалдар жолдап, мәселенің шешілуін бақылауға аламыз. Аудандарда су, газ мәселесі үнемі күрделі проблема екендігі рас. Жер мәселесінің де басты назарда тұрғанын атап өткім келеді, — деді депутат Ж.Ағабеков.
Мұнан өзге де депутат Жаңабай Молдабайұлынан журналистер қауымы солтүстікке қоныс аудару мәселесі бойынша сұрақтар қойып тиісті ақпараттар алды.
Ал, депутат Бахыт Мүсірәліұлы, есепті кезеңде тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша облыстық құрылыс басқармасының 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау барысында Келес ауданы бойынша мектеп, мәдениет, әкімшілік ғимаратының құрылысына қаржы қарастыру бойынша депутаттық сауал жолдап, ол бүгінде өз шешімін қанағаттандырғанын айтты.
— Сессияда қабылданған әрбір шешім алдын-ала мәслихаттың тиісті тұрақты комиссияларында егжей-тегжейлі пысықталып, талқыланды. Мәселен өзіме қатысты комиссияның жұмысында,
— әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның ағымдағы жылдың 4 айында, 4 отырысы өткізіліп, 36 мәселе қарадық. Нақтырақ айтқанда, тұрақты комиссиялардың отырыстарында облыстық бюджетті нақтылау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, облыс әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың дербес құрамына өзгерістер енгізу, облыстық әкімшілік аумақтық құрылысы және атқарушы органдардың есептерін тыңдау туралы болады, — деді Б.Басымбек өз сөзінде.
Жалпы баспасөз мәжілісі аясында екі мәслихат депутаты журналистердің барлық толғандырған сұрақтарына жауап беріп, алдағы жұмыс жоспарларымен толыққанды бөлісті.
Айта кетейік, алдағы уақытта да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының баспасөз мәжілісі, кестеге сәйкес жалғасын табатын болады.
12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай, “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының жанындағы “Жастар Рухы”жастар қанатың ұйымдастыруымен “ТОЛАҒАЙ” спорттық эстафеталық ойыны өтті. Ойынға 7 аудан, қаладан жыйналған жастар қатысты. Іс-шара барысында “Есірткіге жол жоқ” акциясы бойынша жастарға салауатты өмір салтын ұстану бойынша түсіндірме жүргізілді.
Түрлі бағыттағы спорттық ойындардың қорытындысы төмендегідей:
І орын — “Краш” командасы
ІІ орын — “ Джентльмен” командасы
ІІІ орын — “Көк бөрі” командасы
Түркістан облысы ”AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанаты ұйымдастыруымен Төлеби ауданы “Қуаныш” жазға сауықтыру лагерінде “Есірткіге жол жоқ” акциясы өтті. Мақсаты: өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық сезімді қалыптастыру, дұрыс бәсекелестікке жол ашу. Акция аясында жасөспірімдер арасында нашақорлыққа қарсы сурет салудан байқау өтті. Іс-шараның жалғасы командалар арасында патриоттық әндер жарысымен жалғасты.
ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген үш адамды, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушыны ұстады.
Еске сала кетсек, 5 тамыз күні белгісіз біреулер салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
«Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру басталды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан «Сайга» қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, мотоцикл мен бетперделер тәркіленді.», -деді Құрманбек Сахов — Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары
«Отырар-2050» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың 22 сәуіріндегі Отырар ауданы әкімдігінің №128 қаулысымен құрылған. Мекеме теңгеріміндегі автотұрақтарды, суағарлар, гүлзарлар,субұрқақтар, көше жарықтандыру құралдарын және жаяу жүргінші жолдарын, саябақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бойынша қызмет атқарады. Бүгінгі таңда мекемеде 47 жұмысшы қызмет атқарады. Сонымен қатар мекемеге арнайы тіркелген 20- дана автокөліктер мен техникалар бар.
Мекеме теңгеріміндегі жалпы жер учаскелері. Атап айтқанда:
«Жасыл аймақ» алқабы -353га
Темір ауылында орналасқан «Ұсталар саябағы» -8,7 га
«Жастар саябағы» -5,6га
Орталық саябақ -3,6 га
Ардагерлер саябағы -2,4 га
Темір ауылындағы саябақ -11,3га
Шәуілдір-Темір тас жолының оң жақ және сол жақ беті — 17 га
«Тәуелсіздіктің -20 жылдығы атындағы саябақ» -4,2га
Бүгінгі таңда, мекеме қызметкерлері күннің аптап ыстығына қарамастан, көшеттерді күтіп баптау, көше бойындағы ағаштарды күзеу, арық-атыздарды тазалап ретке келтіру, саябақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын атқаруда.
«Тәуелсіздігіне-20 жыл атындағы саябақтың ішіне ретке келтіру жұмыстары бойынша 4,2 гектар жердің арықтары тазаланып арам шөптер шабылды. Көктемгі көшеттер егілу үшін, көшет орындары қазылып 1500 түп қара ағаш көшеті, клен ағашынан 300 түп және 101 түп тұт ағашы егілді. Ал, Орталық саябақтардың ағаштары әктеліп 400 түп тұт ағашы және 70 түп туя егілді. Гүл егілетін орындар дайындалып ұрықпен егілуде. Суғару жұмыстары тұрақты бақылауда. Сондай-ақ, Жібек жолы даңғылы бойындағы егілген ағаш көшеттері арнайы техникалармен және канал арқылы суғарылуда. 500 дана тұт көшеті, 1332 дана сир роза көшеті отырғызылды»,- дейді «Отырар-2050» КММ директоры Мырзатай Артықбай Тәжіұлы.
Отырар ауданында саябақтар мен жасыл аймақ бойынша жалпы ұзындығы — 1575 метр, ені- 75 метр жер тегістеліп арық атыздар тартылып көшеттер егілген. 5,8 гектар жерге жалпы егілген көшеттер — шырша 500 түп, жеміс ағаш 1200 түп, қараағаш 800 түп, терек 420 түп. Жалпы жалпы ұзындығы 800 метр, ені 30 метр жалпы көлемі 2,4 гектарға — шырша 220, қараағаш 421, терек 280, жалпы 4481 дана көшет егіліпті. Кенжеалив каналы арқылы ағын сумен қамтылған. Бүгінгі таңда күніне екі рет суғарылды.
«Мекеме теңгеріміндегі жалпы жер учаскелеріне қараағаш 1490, туя 113, сосна 42,шаған 600,тұт 940, сир роза 2300, роза 1900, аморфа 150, можжевельник — 9, терек 500 барлығы 8044 көшет егілді. Мекеме теңгеріміндегі барлық жер учаскелеріндегі ағаштарға және Жібек Жолы даңғылы бойындағы күз және көктем айларында егілген ағаштардың өнімділігін жақсарту мақсатында «ГУМИ» минералды тыңайтқыштары берілді. Күтіп баптау жұмыстары бақылауда.», -дейді мекеме басшысы
Айта кетейік, мекемге 3-дана жаңа шөп оратын агрегат /газонокасилка/ және 1-дана электрлі шөп оратын орақ алынып, бұйрық арқылы бекітіліп, жауапты жұмысшыларға берілген.
Қазіргі уақытта Түркістандағы 1500-ге жуық бала мен жасөспірім «Оқушылар сарайы»-ЮНЕСКО клубындағы 6 білім беру бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған 60-қа жуық үйірмеде қосымша білім алып жатыр. Соның ішінде ғарыштық технологияның қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік беретін еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі – «UniSat» білім беру хабының орны айрықша. 2022 жылдың қыркүйек айында ашылған бұл хаб – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Оқушылар сарайының» бірлесе атқарған жобасы. Жер және ғарыштағы радиохабар тарататын құрылғылардан аналогтық, цифрлық радиосигналдарды беруге және қабылдауға мүмкіндік жасаған хаб арқылы 30-ға жуық оқушы STEM курстарына қатысып, инженерлік дағдыларды игеріп келеді.
Мекеме директоры Индира Икапованың сөзіне сүйенсек, бұл үйірмедегі хаб ашылғаннан кейін көп ұзамай-ақ, яғни қазан айында Түркістаннан 50 шақырым жерде атмосфераның жоғарғы қабатына ультразаманауи 2 наноспутник ұшырылған. Салмағы 1-10 келі аралығындағы шағын ғарыш аппараттары бірнеше камера және сенсорлармен жабдықталыпты. Осылайша, қазір ол наноспутниктердің көмегімен ауа температурасы, қысымы, ылғалдығы және ластануы туралы мәліметтер жинақталып жатыр.
– «Бұл үйірмеге 12 жастан асқан, ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушы қатыса алады. Бүгінде үйірмеде 30-ға жуық бала білім алатын болса, олардың көпшілігі қыз балалар. Ғарыштық технологияға ден қойған оқушылармыз осыған дейін ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге де қол жеткізіп үлгерді. Дәлірек айтсам, биыл сәуір айында Мәскеу қаласында халықаралық «ҒЫЛЫМДА БАСТАҢЫЗ» атты байқау өткен болатын. 600-ден астам жас ғалым қатысқан сайыста сарайымыздағы «Физика» үйірмесінің оқушысы Баянбек Камила да бақ сынап, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, оның жетекшісі, сарайымыздың білікті ұстазы Еркін Ақтаевқа «Халық ағарту ісінің үздігі» атты құрметті атақ берілді. Енді оқушыларымыз қазан айында жұлдызды аспанды зерттеуге көмектесетін тағы бір наноспутник құрастыруды жоспарлап отыр. Жалпы, біздің басты мақсатымыз – ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай туғызу арқылы үдеріс барысында оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше білім алуға құштарлығын дамыту, сонымен қатар көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беру,» — дейді Индира Сарқытқызы.
Тағы бір айта кетерлік жағдай – мекеме басшысы Индира Сарқытқызы Түркістан өңірінде алғаш рет UniSat HUB-ының ашылуына себепкер болған. Тиісінше, жаңашыл басшысының еңбегін бағалаған Халықаралық ғалымдар ассосациясы оған «Халықтық білім беру саласына еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағын беріпті.
Атап өтсек, 2023 жылдың 10-13 сәуір күндері аралығында Мәскеуде өткен оқушылар арасындағы XVIII халықаралық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстары байқауының ақтық кезеңінде 414 оқушы өз баяндамаларын оқып, ғарыштық технологияға негізделген жобаларын қорғап шыққан. Ол туралы жас ғалым Камиланың өзі айтып берді.
– «Мәскеудегі ғылыми жобалар сайысы маған ерекше серпіліс сыйлады. Мысалы, айналада жүрген адамдарға қарап, бейтаныс мегаполисте екеніңізді түсіну бір жағынан қиндық тудырса, екінші жағынан қызығушылықты арттырады. Мен еліміздің намысын қорғап тұрғандықтан, өзіме деген сенімді арттырып, бойымды қорқыныш билеуіне мүмкіндік бермедім. Тиісінше, «Түркістан қаласында ұшырылған UniSat наноспутнигінен алынған нәтижелерді талдау» тақырыбындағы жобамды сәтті қорғап, заманауи технологияның қаламызда екі рет ұшырылғанын, олардың қандай биіктікке дейін жеткенін, сайт арқылы наноспутниктердің қайда қонғанын анықтай алғанымды және қаладағы ауа деңгейін тексеру жұмыстарының нәтижесін баяндадым. Сөйтіп, әр елдің бетке тұтар оқушылары қатысқан сайыс қорытындысымен мен де жеңімпаздар қатарынан көрініп, ІІІ орынға ие болдым. Өзіме берілген мүмкіндікті тиімді пайдалана алмағаныма өте қуаныштымын!,» — деді ол өз сөзінде.
Сондай-ақ, аталған байқаудың қорытынды кезеңінде үйірме жетекшілерінің қатысуымен «Ғылыми-тәжірибелік даму перспективалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткен. Нәтижесінде 101 оқушының ғылыми жұмысына жетекшілік еткен ұстаздар «Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болыпты. Өз кезегінде «Наноспутниктер – болашақтың технологиясы» атты тақырыпта баяндама жасаған «Оқушылар сарайының» қосымша білім беру педагогы Актаев Еркін де сол үздіктер қатарынан табылыпты.
– Оқушыны ғылыми шығармашылыққа баулу үшін оның танымдық қызығушылығын арттыру бағытында едәуір жұмыстар жүргізілуі керек. Ол үшін оқытудың түрлі формалары мен әдістерін жүзеге асыру маңызды. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – оқушыларды ғылыми жұмыстарға тарту, яғни зерттеуге үйрету. Сондықтан, жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстар және таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор. Бұл тұрғыда біздің «Оқушылар сарайындағы» UniSat білім беру Hub-ының мүмкіндігі мол. Соның бір дәлелі – өткен жылдың қазан айында атмосфераның жоғарғы қабатына зонд-шар арқылы CubSat типтегі наноспутниктің ұшырылуы. Бұл – жалпы біздің еліміздегі мектеп оқушыларының қатысуымен өткен елеулі іс-шара деп айтуға болады. Өйткені, сол ұшырылған наноспутниктен алынған мәліметтерді талдау барысында оқушылардың спутникпен байланыс жасауға деген қызғушылықтары артқаны байқалды. Бүгінгі таңда «Спутниктік робототехника және байланыс» үйірмесі оқушылардың білімін STEM білім беру жүйесі арқылы дамытуға басымдық беріп отыр. Осы мақсатта оқушылардың қатысуымен бірнеше ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тиісінше, Мәскеудегі байқауда Камила есімді оқушымыздың баяндамасы өте сәтті шықты. Қатысушылар арасында біздің жобамызға қатысты қызу пікірталас болып, бірнеше сұрақтарға жауап берілді. Сонымен бірге, «Оқушылар сарайындағы» UniSat білм беру Hub-ының арқасында наноспутникті құрастырып, ұшыру мүмкіндігіміздің бар екенін білген ұйымдастырушылар алғыстарын айтып, сәттілік тіледі. Бұл – ұстаз бен шәкірттің немесе «Оқушылар сарайының» ғана емес, еліміздің абыройын асқақтатқан жетістік десем, қателеспеймін. Себебі, қазір біз Президентіміз айтқандай «той қуалайтын емес, ой қуалайтын заманда» өмір сүріп жатырмыз. Қай елде ғылым дамыса, сол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары болатынына күмән жоқ, — дейді Ақтаев Еркін.
Үйірме жұмысымен танысу барысында ғарыштық технологияларды игеріп жүрген оқушылармен де тілдестік. Олардың айтуынша, бұл үйірмеге қатысатын балалар теория арқылы нанотехнологияда микросұлбаларды құрастыруды үйренеді. Содан кейін, арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы барлық қажетті ақпаратты енгізе алады.
Қорыта айтсақ, балаларға жастайынан заманауи ғылымның қыр-сырын үйретіп, бүгінгі заманның ең қажетті дағдыларын бойларына сіңіретін бұл үйірмеде келешекте елімізді өрге сүйрейтін ғалымдар тәрбиеленіп жатыр.
Түркістандағы «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубында білімгерлер арасында «3 colours» квест ойыны өтті. Спорттық сайыстарға қызығушылықты арттыру, жылдамдықты, зеректікті, дәлдік пен ептілікті дамыту, балаларды ұжымдық жұмысқа, бірге әрекет етуге үйрету, салауатты, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеп, жазғы демалысты қызықты өткізу мақсатында ұйымдастырылған бұл жарысқа үйірме білімгерлерінен құралған 3 команда қатысты.
Тиісінше, әрқайсысы 10 баладан тұратын қызыл, жасыл және сары топтар бастапқы кезеңде сарайдың әрбір бөлігіне жасырылған фигураларды тапты. Содан соң, логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетсе, үшінші кезеңде қараңғы бөлмелердің біріне жасырылған қара қағазды іздеді.
Сайыс нәтижесі бойынша барлық кезеңнің қорытындысымен ең көп ұпай жинаған «жасылдар» командасы жеңімпаз атанып, арнайы диплом мен кубокқа ие болды. Ал, екінші орынға ие болған «қызылдар» тобы мен үшінші сатыдан көрінген «сарылар» командасы диплом алып, мен арнайы медальдарды тағынды.
Айта кетсек, оқушылардың белсенділігін арттыруға арналған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырыла бермек.