Архив рубрики: Ақпарат

Жетісай ауданы: Медицина қызметкерлерімен кеңес өткізілді

Жетісай аудандық Асықата емханасында созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарлау бойынша медицина қызметкерлерімен кеңес өткізілді.  Қазақстандағы ауруларды басқару бағдарламасы кеңінен жүзеге асырылып, азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетеді және денсаулық үшін бірлескен жауапкершілікті ынталандырады, деп хабарлады Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту орталығы.

« — Мысалы, сіздің әкеңіз немесе сүйікті ағайыңыз: оның жасы 55-те, жұмыс істейді, толыққанды өмір сүреді, көптеген достары бар, балалары өсті, жақын арада немерелері дүниеге келеді. Ол жалпы жақсы сезінгенімен, кейде басы ауырып, айналады, көз алдында «мушки» пайда болады, кейде қолының саусақтары ұйып қалады. Мүмкін, ол өзінің қан қысымы немесе қант деңгейі көтеріліп жатқанын сезетін шығар. Оның әрекеттері қандай болуы керек, қайда баруы керек? Қазіргі уақытта созылмалы аурулардың белгілерімен танысуға және осы ұсыныстарды ұстануға болатын көптеген ақпараттық ресурстар бар.» — дейді мамандар.

Созылмалы инфекциялық емес аурулар қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді. Көптеген отандық және шетелдік зерттеулерді талдау созылмалы инфекциялық емес аурулардың көпшілігінің алдын алуға болатынын растады. Ауруларды басқару бағдарламасы созылмалы инфекциялық емес аурулармен ауыратын тұрғындардың өз денсаулығын басқарудың ең тиімді әдісі ретінде қарастырылған. Қазіргі әлемдік қоғам үшін созылмалы аурулар медициналық ғана емес, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жаһандық мәселе болып табылады. Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде созылмалы инфекциялық емес аурулар аурушаңдық, мүгедектік, уақытша еңбекке жарамсыздық және госпитализациялау, өлім құрылымында алғашқы орындарда тұр. Созылмалы инфекциялық емес аурулардың негізгілеріне жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, өкпенің созылмалы аурулары, психикалық бұзылыстар және қант диабеті жатады.

« — Жыл сайын созылмалы аурулармен ауыратын науқастар саны артып келеді, олар еңбекке қабілеттілігінен айырылып, ауыр асқынуларға және ұзақ уақыт шығынмен емдеуге, оның ішінде стационарлық емдеу қажеттілігіне әкеп соқтырады. ДДҰ мәліметтері бойынша созылмалы инфекциялық емес аурулардан жыл сайын 41 миллион адам өледі, бұл әлемдегі барлық өлім жағдайының 71%-н құрайды. Уақытынан бұрын болатын өлім жағдайларының 85%-дан астамы кіріс көлемі төмен және орташа деңгейдегі елдерде кездеседі. Созылмалы инфекциялық емес аурулардан өлім құрылымында жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары көп үлесін алады, одан кейін ісік аурулары, тынысалу жүйесінің аурулары және қант диабеті тұр, яғни созылмалы инфекциялық емес аурулардан болатын барлық өлім жағдайларының 81%-ы осы төрт аурулар тобына келіп отыр. Созылмалы инфекциялық емес аурулар қоғамдық денсаулыққа, денсаулық сақтау жүйесіне қауіп тудырады және көптеген елдердің экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Созылмалы патологиясы бар аурулар деңгейінің жоғары болуы және қауіп факторларының айтарлықтай таралуы тұрғындар денсаулығының теріс тенденциясына, медициналық-әлеуметтік жоғалтуға және экономикалық шығынға алып келеді.» — дейді дәрігерлер.

Соңғы жылдары Қазақстанда да созылмалы инфекциялық емес ауруларды диагностикалауға және емдеуге кететін шығындардың өсуі байқалады. Бұл шығындар мемлекеттің денсаулық сақтау саласына кететін барлық шығындарының 95-96%-н құрайды. Оған қоса, елімізде профилактикалық шараларға кететін шығынның үлесі денсаулық сақтау саласына кететін шығынның 3%-н құрайды, ал бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдерде 19%-ы құрап отыр. Сондықтан, елімізде созылмалы инфекциялық емес аурулар денсаулық сақтау саласы үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Көптеген эпидемиологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуына шылым шегу, артериалдық гипертензия, артық салмақ, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейінің жоғары болуы, ішімдік ішу, физикалық белсенділіктің төмен болуы сияқты көптеген факторлар әсер ететіні айқындалған. Созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуына әсер ететін қауіп факторларының алдын алу бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі медициналық қызметкерлердің жұмысының маңызды бағыты болып табылады.

« — Қазіргі кезде ауруды алдын алу бойынша шаралардың басымдығы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерінің бірі болып табылды. Бұл созылмалы инфекциялық емес аурулардың таралуын азайтуда жаңа шешімдерді табуға әсер етеді. Созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу мен емдеудегі және аурудың негізгі көріністерін бақылаудағы басым бағыттарының бірі науқастарды өзін-өзі басқаруға және өзіне-өзі көмек көрсетуге үйрету болып табылады. Ауруды басқару – бұл жеке адамның созылмалы ауруларға тән симптомдарды, емдеуді, өмір салтының физикалық және психологиялық ақыры мен өзгерістерін басқару қабілеттілігі. Disease Management тұжырымдамасы ондаған жылдар бұрын медициналық қызмет көрсетуде соңғы жылдарда туындаған бірқатар мәселелерге жауап ретінде ұсынылды. Disease Management – науқастың функционалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды барынша қамтамасыз ететін, аурулардың даму қаупін, мүгедектігі мен өлім-жітімді төмендететін және денсаулық сақтаудың өнімділігі мен рентабельділігін жаңа деңгейге көтеретін жаңа құрылымдалған жүйелік тәсіл. Ауруды басқарудың американдық қауымдастығының (DMAA) анықтамасына сәйкес Disease Management – халықтың денсаулығын сақтау мақсатында үйлестірілген араласулар мен коммуникациялар жүйесі, бұл жағдайда науқастың денсаулығын қорғау бойынша күш-жігері елеулі болып табылады. Бұл тәсілдің ерекшелігі науқасқа медициналық көмек алу кезінде әртүрлі факторлар әсерінен туындауы мүмкін өз мінез-құлықтары мен сезімдерін басқаруда неғұрлым құзыретті болуға көмектеседі. Тұжырымдама әсіресе созылмалы аурулар кезінде тиімді. Ауруды басқару денсаулық сақтауды жоспарлау мен қамтамасыз етудің оңтайлы тәсілі ретінде халықаралық қолдауға ие. Созылмалы инфекциялық емес аурулардан болатын мерзімінен бұрын өлім-жітімді және мүгедектікті төмендету үшін 30-дан аса елде медициналық көмек көрсетуде профилактикалық және жүйелік тәсілге негізделген «Ауруларды басқару бағдарламасы» енгізілді. Қазақстанда созылмалы инфекциялық емес аурулар мәселесінің өзектілігін, халықаралық тәжірибені ескере отырып, алғаш рет созылмалы инфекциялық емес аурулар патологиясы анықталған тұрғындар арасында ауруларды басқару жүзеге асырыла бастады. Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу бастапқы медициналық-санитарлық көмектің жаңғыруы және басым дамуы ретінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы басты бағыттарының бірі болып табылады. Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу және олармен күрес мәселелерінде, науқастардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыруда, медициналық қызметкерлердің өзара іс-әрекетін жақсартуда және мүмкін асқынуларды немесе жай-күйін ауырлатуды болдырмауға бағытталған қолда бар барлық ресурстарды пайдалануда елеулі өзгерістер қажеттігінен туындады.» — деді мамандар.

Өзін-өзі басқару – бұл науқастардың емдеу процесіне белсенді қатысуы. Өзін-өзі басқарудың мақсаты – созылмалы аурудың денсаулық жағдайына және тіршілік әрекетіне әсерін төмендету. Өз-өзіне көмек көрсетуді қолдау өзіне деген сенімділікке жетуде тиімді, өзіне-өзі көмек көрсетуге және емнің нәтижесін жақсартуға әкелетін ісәрекеттерді таңдауда ақпаратты дәстүрлі беру және науқастарды оқытудан бастап оларға көмек көрсетілгенге дейінгі медициналық қызметкерлердің рөлін кеңейтеді. Дәрігерлер науқасқа ауруы туралы жан-жақты ұсыныстар бергенімен, бұл науқастың өмірінде кездесетін кез-келген жағдайды толық қамти алмайды. Барлық созылмалы ауруларды амбулаториялық жағдайда науқастардың өздері белсенді ем жүргізбей сәтті емдеу мүмкін емес. Мысалы, диабетті емдеу адамнан көптеген арнайы білім мен дағдыларды талап етеді. Әрине, мұндай дағдыларды игеру үшін медициналық мамандардың қатысуымен арнайы дайындық қажет. Терапевтік оқытудың негізгі мақсаты ауру туралы ақпаратты беру ғана емес, емдік әсерді көрсету болып табылады. Емханалар жанында науқастарды өз-өзіне көмек көрсету қағидаларына, өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін, салауатты өмір салты бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін денсаулық мектептері жұмыс істейді. Денсаулық мектептері қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы, артериалдық гипертония, инсульттан кейінгі жағдайлар, асқазан-ішек жолдарының, онкологиялық аурулар, психикалық аурулар және т.б. созылмалы инфекциялық емес аурулары бар науқастар үшін ұйымдастырылады.

— Денсаулық мектептерінде оқытудың әдіснамалық негізі арнайы әзірленетін бағдарламалар болып табылады. Бағдарламаның құрылымы көлемді нақты реттеуді және материалды баяндаудың белгілі бір дәйектілігін білдіреді. Әрбір бөлім үшін оқу мақсаттары қалыптасады және көрнекі материалдардың қажетті жиынтығы, сондай-ақ білім мен дағдыларды меңгеруге, қайталауға және бекітуге бағытталған педагогикалық тәсілдер айтылады. Науқастарды аудио-визуалды құралдар: буклет, брошюра, жадынама, алгоритмдер түріндегі көрнекі материалдармен қамтамасыз етеді. Оқытудың негізгі түрлері топтық және жеке болып табылады. Диабет мектебі көбіне ересектермен жұмыс істеу кезінде жеке оқытудан әлдеқайда тиімді, өйткені тәжірибемен бөлісу, басқалардың жетістіктерін бақылау және осындай жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылу мүмкіндігі пайда болады. Теориялық білімдерден басқа, денсаулық мектептерінде міндетті түрде өзін-өзі бақылауға қатысты практикалық дағдылар беріледі. Осылайша диабет кезінде қан глюкозасын өз бетінше бақылауға, инсулинді инъекциялау техникасына, аяқты күту, дұрыс тамақтануды таңдауға, физикалық жүктемелерге және жалпы еркін өмір салтын жүргізуге үйрету қажет. Оқытудың қажетті компоненті «науқастың жеке күнделіктерімен» жұмыс істеу болып табылады. Артериалдық кан қысымы немесе қан глюкозасын өзін-өзі бақылау нәтижелерін науқас күнделікке енгізеді, ол өз бетінше емдеу және оны кейіннен дәрігермен талқылау үшін негіз болып табылады. Науқас базистік препараттардың дозасын өзі өзгерте алады немесе болашақта асқынулардың дамуына жол бермеуге мүмкіндік беретін қолайлы мәндерге қол жеткізе отырып, өзінің тамақтануын түзете алады. Білім алушылар жүргізетін күнделіктер негізінде қателерді талдау және сабақта талқылау кезінде түсініксіз қалған мәселелерді түсіндіру жүргізіледі, — дейді Асықата емханасында тәжірбие алмасқан ақхалаттылар.

Осылайша, науқастарды оқыту өзін-өзі бақылауды жақсартады, емделушілердің емге бейімділігін арттырады. «Денсаулық мектептерінде» оқыту нәтижесінде науқастардың өмір сүру сапасы жақсарады, ауруханаға жатқызу мен жедел медициналық жәрдем шақырулар санының төмендеуі байқалады.

Жетісай аудандық орталық ауруханасының дәрігерлеріне семинар өткізілді

Қазір жас жұбайлардың арасында «жүктілікті жоспарлау» тақырыбы басты орында. Расымен де, жүктілікті жоспарлау деген не? Оған арнайы жоспар құра ма?

Аталған тақырыпқа байланысты Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының емхана ісі бойынша штаттан тыс акушер гинекологы, сонымен қатар Кентау қалалық емханасы ШЖҚ МКК басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Андабасова Алия Сагидуллатовна Жетісай аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігерлері мен аймақтық аға-дәрігерлерге семинар өткізді.

Бүгінде жүктілікті жоспарлау біздің де өңірімізде дендеп еніп келеді. Шынында да жоспарлы жүктілік көптеген қиындықтардың, көптеген жайсыз жайттардың алдын алады. Бүгінде елімізде медицина саласы болашақ аналарға жоспарлы жүктіліктің маңызын өте орынды түсіндіріп, өте дұрыс насихат жасап келеді. Әрбір ананың арманы өмірге дені сау ұрпақ әкелу. Осы тұста жоспарлы жүктіліктің маңызы зор. Жиын барысында ата-ана өмірге сәби алып келуге ниетті болса, ерлі-зайыптыларға жоспарлы жүктілікке дейін міндетті түрде медициналық тексеруден өту керектігі сөз болды. Маманның айтуынша,ерлі-зайыптылар жүктілікке дейін бірнеше ай бұрын жоспарлауды бастаған жөн. Семинар барысында, аурухана қызметкерлерінің қатысуымен тәжірибе алмасу мақсатында көріністе қойылды.

Жүктіліктің жағымды өтуі мен дені сау нәрестені дүниеге әкелу үшін, бұл оқиғаға алдын ала дайындалу қажет. Талдаулар тапсыру қажеттілігі мен жүктілікті жоспарлау барысындағы іс-шаралар сипаты болашақ ата-ананың денсаулық жағдайларына байланысты анықталады. Ең алғашқы әрекет- гинеколог қабылдауына келу. Қабылдауға сәйкесінше дайындалып келген абзал: өзінің созылмалы, тұқымқуалаушылық, басынан өткен ауруларын, етеккір айналымының ұзақтығын есте сақтап, бар болған жағдайда, бұрын соңды тапсырған зерттеулер нәтижелерін(талдау, УДЗ) алып келу керек. Қабылдау кезінде дәрігер жұбайлармен сұхбаттасып, жүктілікті жоспарлау кезінде ұстануға қажетті өмір салты туралы ақпарат беріп, анамнез (денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді) жинақтайды.

« — Егер сіз қазіргі уақытта жүктілікке қарсы дәрі-дәрмектерді қолданып жүрген жағдайда немесе сізде жатырішілік спираль орнатылған болса, ол жайында гинекологпен кеңесіңіз. Бұл жағдайда, ағзаға қажетті гормональді және физиологиялық өзгерістер пайда болып үлгеруі үшін, жүктілікті жоспарлау мерзімінен бірнеше ай бұрын контрацепциядан бас тарту керек. Дәрігер сізге зерттеулер өтуге бағыттамалар береді, оның ішінде міндетті түрде: кіші жамбас астауы мүшелерінің(жатыр) УДЗ, спермограмма, медициналық генетикалық кеңес және т.б. Жүктілікті жоспарлауға арналған талдаулар мен зерттеулер әр жұп үшін жеке тағайындалады. Бұрын соңды өздігінен түсік тастап, жүктілігі жетілмей қалған әйелдерге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жағдайда тексеру едәуір кеңейтілген болады. Басты мақсат- жүктілікті көтере алмаудың себептерін табу және болашақта олардың алдын алу. Сонымен бірге, әйел адамға гормондар талдауына қан тапсыру керек болуы мүмкін. Қажет болған жағдайда, кейін әйел адамның гормональды саулығын түзетеді. Жұбайлардың әрқайсысына қандағы кариотипті анықтау талдауын тапсырып, генетик дәрігердің кеңесін алған жөн. Әсіресе, егер: ерлі-зайыптылардың біреуінің отбасында тұқымқуалаушылық аурулар немесе даму кемістіктері болса; болашақ ананың жасы 35 жастан үлкен болған жағдайда. Жұбайлар сәби көтеруге толығымен дайын болған соң, қорғаныстан толықтай бас тарту қажет. Сәби көтеру үшін жағымды күндер- етеккір айналымының 9-18 күндері болып табылады. Ең қолайлы күнді дәлірек анықтауға базальді температура кестесі көмек болады. Оны құрастыруға гинеколог-дәрігеріңіз көмектеседі. Бұл мәліметтер овуляцияның келу уақытын анықтауға мүмкіндік береді.» — деді акушер — гинеколог

Мамандардың мәлімеінше кейбір әйелдерге жүктілік оңайға соқса, кейбіреуіне бала сүю үшін белгілі уақыт пен күш жұмсауға тура келеді. Дендері сау жұптың бір айналымда бала көтеру мүмкіндігі бар болғаны 20%, және бұл көрсеткіш 40 жаста 5%-ға дейін төмендейді. Егер сіздің жасыңыз 35-ке толмаған, жұбайыңыз екеулеріңіз дендеріңіз сау, үнемі жыныстық қатынаста болсаңыздар, контрацептивтерді қабылдауды доғарғаннан бастап бір жыл ішінде жүкті болуыңыз керек. Егер сіздер бір жылдан астам уақыт бойы жүктілікке қол жеткізе алмай жүрсеңіз, дұрыс емдеу әдісін таңдауға көмектесетін репродуктолог маман көмегіне жүгінгеніңіз абзал.

Жүктіліктің болмауы бір жұбайының бедеулігі салдары болуы мүмкіндігінің үлесі ер адамдар(30%) мен әйел адамдарда(30%) бірдей. Қалған 40% бедеулік жағдайлары жұптың ортақ денсаулық мәселелеріне байланысты болуы мүмкін, сонымен бірге, 5% — 10% үлесін анықтауға мүмкін емес бедеулік себептері құрайды.Жүктілікке дайындық процесі өте күрделі және бірнеше кезеңді қамтиды. Ерлі-зайыптылар жүктілікке дейін бірнеше ай, яғни кем дегенде үш ай бұрын жоспарлауды бастаған жөн.

«Біріншіден, әйел дәрігерден кеңес алуы керек. Ең маңызды қадам – жүктілікті жоспарлау үшін дәрігерге бару. Дәрігер сіздің қазіргі денсаулығыңызды бағалап, жүктілікке әсер етуі мүмкін  факторлар туралы ақпарат береді. Сондай-ақ сау тұжырымдама мен жүкті болу мүмкіндігін арттыру үшін қоректік заттарды қабылдауды бастауды ұсынуы мүмкін», – дейді мамандар

Екіншісі, Кентау қалалық емханасы ШЖҚ МКК басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Андабасова Алия атап өткендей, жұбайлар өмір салтын жүктілікке дейін жақсарту керек. Дұрыс тамақтануға және физикалық белсенділікке назар аударған жөн. Диетадан зиянды тағамды алып тастап, жаңа піскен жеміс, көкөніс, дәнді дақылды және ақуызды көбірек қосу маңызды. Денені жүктілікке дайындау үшін тұрақты жаттығумен не физикалық белсенділікпен айналысуды ұмытпаған абзал. Жаман әдеттен бас тарту, гигиеналық нормаларды және өмір салтын сақтау – мұның бәрі әйел ағзасына пайдалы әсер етеді және кейіннен жүктілікке төтеп беруді жеңілдетеді.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының емхана ісі бойынша штаттан тыс акушер гинекологы  қарастыратын үшінші қадам – бұл әйелдің циклін зерттеу, онда құнарлы күндерді есептеу қажет.

« — Сіздің цикліңізді түсіну жүктілікті жоспарлаудың маңызды аспектісі болып табылады. Менструальдық циклді зерттеп, ұрықтандыру кезеңдерін анықтаңыз. Күнтізбелік әдіс немесе овуляция сынақтарын қолдану сияқты әр түрлі әдіс бар, олар жүктіліктің оңтайлы уақытын анықтауға көмектеседі. Әрбір әйелдің жеке циклі бар екенін ұмытпаңыз, сондықтан бұл күндері уақытты қадағалап, белсенді жыныстық қатынасқа түсу маңызды. Жүктілік – бұл физикалық қана емес, сонымен қатар эмоционалдық күй. Алдағы өзгерістерге өзіңізді рухани және эмоционалды түрде дайындаңыз. Серіктесіңізбен отбасыңызды кеңейтуге дайын екеніңізді және стресті немесе алаңдаушылық тудыруы мүмкін кез келген мәселені шешуді талқылаңыз. Болашақ туралы ойланыңыз, отбасыңызды елестетіңіз және айналаңызда жағымды атмосфераны жасаңыз.Жүктілікті жоспарлау – бұл отбасы өміріндегі тамаша және қызықты кезең. Жоғарыда аталған қадамдарды орындау сізге жүктілікке дайындалуға және дүниеге келмеген нәресте үшін жағымды жағдай жасауға көмектеседі. Әрбір отбасы бірегей және сіздің саяхатыңыз бірегей болатынын есте сақтаңыз. Осы кезеңнен ләззат алыңыз және отбасыңыздың жаңа мүшесіне дайындалудан ләззат алыңыз. Сәттілік, бақытты ата-ана болуларыңызға тілектеспіз!», – деп түйіндеді Андабасова Алия

Айта кетейік аталған тақырыпқа байланысты семинар-кеңес Жетісай аудандық ауруханаларында да өткізіліп, жергілікті дәрігерлерге тәжірбие алмасуға мүмкіндік берді.

Дәрігерлер жатыр мойны обырының алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізді

Қазақстанда жатыр мойны обырының алдын алу үшін қыздарды АПВ -ға қарсы вакцинациялау туралы жоғарғы санатты, білікті мамандар иммунолог-дәрігер Уалиева С.Ж және гинеколог Абзеитова А.А дәрігерлер Жетісай аудандық орталық ауруханасына қарасты 31 мектептерде ата-аналармен, мұғалімдерге түсіндірме жұмыстарын, семинар- тренинг сабақтарын өткізді.  Қазақстанда қыздарды жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталды. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 11 қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізіледі. Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін.

Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орындағы және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің себептері бойынша екінші орындағы қатерлі ісік болып табылады. Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ инфекциясын жұқтыру екенін дәлелдеді. Вакцинация қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қыз балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған. АПВ-ға қарсы вакцина халықаралық деңгейде өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді. Бүгінгі таңда АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанда қолданылады. Бүгінгі таңда бірқатар елдерде вакцинацияның арқасында әйелдер арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді.

Елімізде егілген жағдайлардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымын және халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың Ұлттық техникалық консультативтік тобының шешімін ескере отырып, 11 жастағы қыздар жоспарлы вакцинациялауға жатады. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес және өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес, АПВ-ден қорғау үшін 6 ай аралықпен вакцинаның екі дозасын алу қажет. АПВ-ға қарсы вакцинация еліміздің 9 өңірінде – Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жетісу, Түркістан, Ұлытау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында жүргізілуде.

« — Адам папиллома вирусы (АПВ) – 200-ге жуық түрді қамтитын тұқымдас вирустарға жатады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуын белсендіре алады.АПВ сыртқы жыныс мүшелерінің аурулары арасында ең көп таралған және агрессивті патология. Вирус көмей мен ауыз қуысының, тік ішектің, вульваның және қынаптың, жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуын қоздырады. АПВ инфекциясы ұзақ уақыт бойы симптомсыз болып,  ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.АПВ жұқтырған кезде пайда болатын аурулар:• Жыныс сүйелдерінің пайда болуы;• Тыныс алу жолдарының папилломатозының дамуы;• Ісік процесінің дамуымен жыныс мүшелерінің зақымдануы.Көптеген адамдар аурудың клиникалық көрінісінсіз патогенді тасымалдаушы бола алады.АПВ-ны адам өмірінде қайталап жұқтыруы да мүмкін. Өйткені АПВ инфекциясынан айыққандардың барлығында вирусқа төзімділік қалыптаса бермейді. Көбінесе, аурудың клиникалық белгілері ерте кезеңдерінде пайда болмайды. Әдетте алғашқы белгілері қоздыратын факторлардың әрекетінен кейін пайда болады. Вирустардың төмен онкогенді штамдары денеде сүйелдер мен тері папилломаларын пайда болдырады. Вирус штаммдарының жоғары онкогенді түрлері аногенитальды аймақта, әйелдерде жатыр мойнында және ерлерде жыныс мүшесінде кондиломалардың пайда болуын тудырады. Ағзаға вирустың 16, 18, 31, 33 типті штамының ұзақ уақыт әсер етуінен жатыр мойны дисплазиясына және одан да ауыр ауруға – жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін. Алайда, ағзада жоғары онкогендік қаупі бар АПВ болса да, онкологиялық патология әрдайым дамымайды. Диагностикалауға тәжірибелі дәрігерлерге уақтылы көріну, дұрыс және уақытында тағайындалған ем адамда ешқашан папиллома вирусының қауіпті клиникалық көріністерінің пайда болуына мүмкіндік бермейді. АПВ тұрмыстық байланыс, жыныстық қатынас және вертикальды жолмен беріледі. Жұқтырған кезде вирус эпителий жасушаларына еніп, бөліну процесін бұзумен әртүрлі аурулардың дамуын белсендіреді. Негізінен, вирус несеп-жыныс жүйесінің органдарына және аноректалды аймаққа әсер етеді. Әйелдер мен еркектер патогенді бірдей жұқтырады. Негізгі берілу жолы – жыныстық қатынас. Әдетте, АПВ алғашқы жыныстық қатынастан кейін жұғады, бірақ инфекцияның басқа жұғу жолдары да анықталған: Вертикалды жолы – АПВ жұқтырған әйелдің босану жолы арқылы өту кезінде туылған нәрестеге жұғуы мүмкін; Аутоинокуляция – эпиляция немесе қырыну кезінде өзіне-өзі жұқтыру (дененің бір аймағынан екіншісіне ауысу) мүмкін; Тұрмыстық байланыс – АПВ қоршаған ортада біраз уақыт өмір сүре береді. Сондықтан оларды қоғамдық орындарға (монша, спорт залы, бассейн, т.б.) барғанда жұқтыру мүмкін; Байланыс – инфекция терідегі немесе шырышты қабаттардағы жара беті арқылы жұғуы мүмкін (абразиялар, жаралар, көгерулер); Жыныстық – инфекцияның жұғуының ең көп таралған жолы. Кез келген адам вирустық инфекцияны жұқтыруы мүмкін!» — деді иммунолог-дәрігер Уалиева С.Ж

 

Папилломовирустық инфекцияда ұзақ уақыт бойы клиникалық көріністер болмауы мүмкін. Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше жылға созылып, оның барысында пациент вирустың әртүрлі түрлерін жұқтыруы мүмкін. Тек қоздырушы факторлардың әсерінен (иммун тапшылығы, гипотермия, стресстік жағдайлар) АПВ инфекциясының белгілерін байқауға болады. Көп жағдайда 1-2 жыл ішінде бұл инфекциядан өздігінен жазылу мүмкін, бірақ кейбір науқастарда патология созылмалы түрге ауысады. Жыныс сүйелдері (сүйір кондилома) – сыртқы көрінісі гүлді қырыққабатқа немесе тараққа ұқсайтын папилла тәрізді сүйір өсінділер. Олар дене түсті немесе қызғылт түсті, бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Дененің барлық жерінде болады, бірақ көбінесе жыныс мүшелерінің терісі мен шырышты қабығында кездеседі. Папилломалар онкогендік потенциалдың төмендігімен сипатталады. Олар сирек қатерлі ісікке айналады, әдетте науқасқа ыңғайсыздық туғызбайды.

Тегіс кондиломалар – олар өзіне тән құрылымға ие – зардап шеккен органның шырышты қабығының бетінен шықпайды. Мұндай папилломалар жоғары онкологиялық потенциалға ие. Сондықтан мұқият диагностикалауды қажет етеді. Әдетте олар қынаптың, уретраның, жатыр мойнының қабырғаларының шырышты қабатында орналасады. Кондиломаның табиғатын диагностикалау үшін биопсия қажет.

Дисплазия – тіндердің сараланған құрылымын бұзуымен сипатталады. Қатерлі ісік патологиясының дамуына себеп болатын атипті жасушалардың болуы жиі кездеседі. Мұқият бақылауды, қажет болған жағдайда хирургиялық түзетуді қажет етеді. Патологияның әр түрін дәрігер мұқият бақылауы керек. Онкологиялық процестің даму қаупін азайту үшін терідегі және шырышты қабаттардағы мұндай өсінділерді алып тастау ұсынылады.

« — Көп жағдайда адамның қорғаныс жүйесі вирусты бірнеше ай немесе бірнеше жылдың ішінде жойып жібере алады. Бірақ кейде вирус адам ағзасына еніп, сансыз еселенуі мүмкін, сол кезде қатерлі ісік немесе обыр тәрізді қауіпті аурулар пайда болады. АПВ вирусын әйелдер де, еркектер де жұқтырғанымен, әрі көбіне еркектер жұқтырғанымен бұл вирус әйелдер үшін қауіптірек. Адам папиллома вирусының түрлері жүзден асады. Ыңғайлы болу үшін оларды «жақсы», «жаман» және «қатерлі» деп бөлейік. «Жақсы» түрі салдарынан аяқ пен қолда сүйел пайда болады. Бұл жағымсыз, бірақ оңай емделеді. «Жаман» вирус немесе қатері төмен АПВ үшкір кондилом тудырады. Олар адамның жыныс мүшелерінде пайда болатын, тері түстес қатерсіз без. Олар түсті орамжапырақ пішіндес. Әйелдерде кондилом жатыр мойнында, қынапта, сыртқы жыныс мүшелерінде және тік ішек айналысында, еркектерде жыныс мүшесі, тік ішек айналасында және жұмалақта пайда болады. Бұларды емдеу сүйелдерді емдеуге қарағанда қиынырақ, бірақ емдеуге болады. «Қатерлі» типті вирус бәрінен де қауіпті. Барлық жағдайда дерлік жатыр мойнының қатерлі ісігін адам папилломасы вирусының 16-түрі немесе 18-түрі туғызатыны дәлелденген. Еркектерде АПВ-сы жоғары қауіпті вирус түрі сирек жағдайларда тік ішек немесе жыныс мүшесі обырын тудыруы мүмкін. Кондилом және сүйел тудыратын АПВ түрлері жатыр мойнының қатерлі ісігіне апармайды, және керісінше жоғары қауіпті вирус түрлері сүйел мен кондилом тудыртпайтыны белгілі болды. Қызылша, сары ауру, тұмау және кене энцефалитіне қарсы вакцинация туралы естіген боларсыз. Адам папиллома вирусына қарсы да вакцинация бар. Ол кең тараған АПВ түрлерінен, оның ішінде ең қауіптілерін жұқтырып алудан қорғайды. Вакцинацияны 9 жастан бастап алуға болады. Дұрысы, оны жыныстық өмір басталғанға дейін жасаған жөн, себебі ол кезде ағзада вирус жоқ екені күмәнсіз. Себебі вирусты тасымалдаушы әйелдер де, еркектер де болуы мүмкін, вакцинацияны қыздарға да, ұлдарға да жасаған жөн.» — деді гинеколог Абзеитова А.А

Мамандардың айтуынша жыныстық қатынаста тек бір жыныстық серіктес болғаны дұрыс. Бұл әдіс жыныстық жолмен берілетін барлық инфекциялардан, оның ішінде АПВ-дан қорғауға мүмкіндік береді. Тосқауыл контрацепциясын қолдану – жеңіл, қолжетімді, бірақ әрқашан инфекциядан 100% қорғай бермейді. Науқас тіпті зақымдалған теріге тиген кезде де вирус жұқтыруы мүмкін. Мерзімді профилактикалық тексерулер. Қыздар гинекологиялық тексеруден тұрақты түрде өтуі керек. Осылай аурудың алғашқы белгілерін анықтап, оны емдеуді уақтылы бастауға болады. Вакцинация – тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс! Вакцинация ерлерге де, әйелдерге де жасалуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% — дан астамға төмендетеді.

ТҮРКІСТАНДА ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА АДВОКАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

2024 жылғы, 7 қарашада ҚР ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы және облыстық фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» ұлттық серіктестігін дамыту бойынша адвокаттық кездесу кеңесі өтті. Мақсаты – Қазақстан Республикасында 2023-2025 жылдары фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметті дамытудың Жол картасын жүзеге асыру аясында «Стоп» ұлттық серіктестігін дамыту және туберкулез ауыртпалығын төмендетуді күшейту.
Жалпы, туберкулезді тоқтату бастамасы 1998 жылы наурызда Лондонда туберкулез індетіне қарсы бірінші таңдау комитетінің отырысынан кейін құрылды. Қазақстан бұл жаһандық қозғалысқа 2017 жылдың тамыз айында, «Stop TB» Қазақстан серіктестігі (STTP) құрылған кезде ресми түрде қосылды.
Маңызды жиында Түркістан облысында жалпы қоғам денсаулығын сақтаудағы проблемаларының бірі – туберкулезді жоюдың маңыздылығы қарастырылды. Осы кеңес шеңберінде жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлу бойынша шешім қабылдайтын тұлғалармен облыста туберкулездің ауыртпалығын төмендету жөніндегі бағдарламалардың қолдау нұсқалары талқыланды.
Адвокациялық кеңеске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, ҚР ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры М.Аденов, ҚР «Стоп туберкулез» серіктестігінің төрағасы Ш.Исмайлов, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуәлиев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғ.Елшібай, «Түркістан облысының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы», «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық», «Психикалық денсаулық орталығы», Түркістан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, АССО «Үміт» үкіметтік емес ұйымдарының басшылары және өкілдері қатысты. Онлайн форматта Қазақстанның барлық өңірлік фтизиопульмонология орталықтарының басшылары да қатысып, пікір алмасты.
Шара аясында Түркістан облысында «Туберкулезді тоқтату» серіктестігінің өкілдігінің ашылуына арналған декларацияға қол қойылды. Бірауыздан дауыс беру нәтижесінде «Туберкулезді тоқтату» аймақтық серіктестігінің төрағасы сайланды.
Облыс әкімінің орынбасары бұл жиынның маңызына тоқталды.
– Бұл – облысымызда туберкулезге қарсы күресті күшейтудегі маңызды қадам. Біз әртүрлі ведомстволар мен азаматтық сектордың күш-жігерін біріктіру арқылы қаупті дерттің таралуын шектей аламыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған туберкулезді бақылаудың барлық заманауи тәсілдері Түркістан облысына да енгізілген. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан медицина саласына толық қолдау көрсетіледі, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Бүгінгі таңда Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, туберкулезбен аурушаңдық пен өлім-жітім азайып келеді. Облыста да бұл үрдіс жалғасып, туберкулезбен аурушаңдық негізгі көрсеткіші 32,2 пайызға, яғни 2019 жылы 36,0-дан 2023 жылы 100 мың халыққа шаққанда 24,4-ке дейін төмендеген, өлім-жітім де 2019 жылы 1,0-ден 2023 жылы 0,4-ке немесе 60,0 пайызға төмендеп отыр. Туберкулез ауруының алдын алу бойынша көзделген индикаторлар орындалған.

ОТЫРАРДА САТТАР ЕРУБАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Биыл қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында адуынды ақын, дарынды жазушы, публицист әрі журналистика саласының майталман маманы атана білген Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толды. Осы орайда жыл басынан бері Түркістан өңірінде көптеген мәдени-танымдық іс-шара өткізіліп, Саттар мұралары дәріптеліп келеді.

Бұл үрдіс ақынның кіндік қаны тамған Отырар ауданындағы Қарғалы ауылында жалғасып, Саттар Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте жыр мүшәйрасы мен ғылыми конференция өткізілді. Іс-шараны «Отырар әдебиеті және өнері» қоғамдық бірлестігі, аудандық білім бөлімі, мектеп ұжымы, қаламгердің туған-туыстары мен ауыл тұрғындары бірлесе ұйымдастырған.

Саттар Ерубаевтың өмірі, еңбек жолы мен шығармашылығы кеңінен насихатталған іс-шараға ақынның немере қарындасы Ұлжалғас Есім, «Саттартану» оқулығының авторы Дана Жуандықова, «Игілік ата» қоғамдық қорының төрағасы Нассень Қожабай, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Дархан Ембай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай, Қарғалы ауылдық округінің әкімі Еркеғали Жұмабек арнайы қатысты. Жиынға келушілер алдымен мектеп ауласында орналасқан Саттар Ерубаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Содан соң, Түркістан қаласында орналасқан Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражайдың көрмесін тамашалап, ары қарай іс-шара екі бағыт бойынша жалғасты.

«Тұлғаңды таны, тарихыңды құрметте» тақырыбы аясында өткізілген жыр додасының іріктеу кезеңіне Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданынан отызға жуық ақын қатысып, олардың оннан астамы ақтық сынға жолдама алған. Қорытынды кезеңге қатысушылар сахна төрінде Саттар Ерубаевқа арнаған және еркін тақырыптағы өлеңдерін оқып, арнайы жасақталған қазылар алқасы жыр жүйріктерін анықтады. Нәтижесінде Жүсіпәлиева Гауһар, Мұратова Раушан, Оразәлиева Жадыра, Табылхан Рена, Дидар Зиядын, Бектұрған Мейірхан, Сауран Беридияр мен Мағжан Қанжігіт арнайы марапатқа ие болса, Тінейбай Құралай мен Айсүйкім Ізбасар үшінші орынды өзара бөлісті.

Екінші орынға Қалтайқызы Айгүл мен Бекжан Ақсақалов лайық деп танылса, бірінші орын Нұрғали Сердәлиевке, ал бас бәйге отырарлық Бауыржан Мейірханұлына бұйырды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Айта кету керек, жыр бәйгесіне қатысқан ақындардың өлеңдері облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының қолдауымен арнайы кітапша болып жарық көрді. Мүшәйраға қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған.

Сондай-ақ, «Жарқ еткен сәуле ғұмыр» тақырыбы бойынша өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияға аудандағы бірнеше мектептің оқушылары ғылыми жұмыстарын ұсынған. Мұндағы мақсат – Саттар Ерубаев шығармашылығын дәріптеу, қазақ руханиятына қосқан үлесін насихаттау және шығармаларының бүгінгі күндегі маңыздылығын айқындау. Ғылыми конференция қорытындысына сәйкес, Т.Ибрагимов атындағы мектептің оқушысы Әбдіхамитқызы Кәусар мен С.Әшіров атындағы мектептің оқушысы Қалдыбай Таңшолпан үздік үштікті түйіндесе, С.Ерубаев мектебінің оқушысы Сартай Толқын мен Жамбыл Жабаев мектебінің оқушысы Қалдан Нұрасыл екінші орынды місе тұтты. Ал, бірінші орынды Отырар жалпы орта мектебінің оқушысы Әшірбай Раяна иеленді. Оқушыларға арнайы диплом мен электронды құралдар табысталды.

ОРДАБАСЫДА ЖЫЛЫНА 90 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округіндегі Теспе елді мекенінде жаңа технологиямен қыш зауытының құрылысы жүргізілуде. Толық автоматтандырылған жаңа қондырғылар көмегімен құрылысы жүріп жатқан «Altyn land» өндіріс орны ауданда 55 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға қауқарлы.
Жылына 90 миллион дана қыш өндіруге қауқарлы зауыттың инвестициялық құны 2,3 млрд теңге. Қыркүйек айында құрылыс жұмыстары басталған жоба 2025 жылдың мамыр айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.

Жиын барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірдегі татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады.

Іс-шара аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы таяуда Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығының иегері атанған белгілі жазушы, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбекке құрмет көрсетіп, облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.

Келелі жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен ҚХА мүшесі, Қазығұрт аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Жавлон Сәбитов және ҚР Президентінің Алғыс хатымен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, Жетісай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Рахила Басымбекова марапатталды.

Сондай-ақ Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Яша Чилингаров пен Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, ҚХА мүшесі, «Қызмет» газетінің бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова және «Turkistan Media Holding» ЖШС басқарушы директоры, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі Тельман Бейсенге ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хаты табыс етілді.

Жиын соңында марапат иелері береке-бірліктің арқасында елді өркендету ісіне атсалыса беретіндіктерін жеткізді.

Сауранда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау қарқынды жүріп жатыр

Мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру арқылы жастарды және жұмыссыз азаматтарды еңбекке тартуға, жаңа жұмыс орындарына орналастыруға және өз кәсібін бастаймын дегендерге қолдау көрсету маңызды шаралардың бірі. Осы мақсатта Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” мен аудандық мансап орталығының мамандары қарқынды жұмыс жасап келеді. Жалпы жастарға және жұмыссыз азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, NEET санатындағы жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында Сауран ауданының Ораңғай ауылдық округінде Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Жолдасбекова үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіріп, брошюралар таратты.

Жастар мен тұрғындарға жалпы мемлекеттік бағдарламалардың ішінде «Серпін-2050», «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы және «2,5% несие алу » бағдарламалары түсіндірілді. Сонымен қатар, «Бастау бизнес» жобасының тиімді бағыттары мен мемлекеттік грантты қалай алуға болатыны жөнінде айтылды.

Жалпы қазіргі уақытта грант ұтып алу үшін арнайы мәртебеге ие болып, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін үйрету курстарын аяқтап, жобаны комиссия алдында қорғау қажет.  2024 жылдан бастап бизнесті ашуға және дамытуға 5 миллион теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар тек әлеуметтік кәсіпкерлерге және «Бір ауыл — бір өнім» жобасының финалистеріне ғана берілетін болды. Мемлекетте жаңартылған ережелермен кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасы қабылданды. Осы орайда мемлекеттік грант алушыларға қандай талаптар қойылатынын және қандай құжаттарды жинау керек екені жөнінде атап өтсек. Грант шикізат пен материал сатып алуға, құрал-жабдық жөндеуге және жаңадан сатып алуға беріледі, технологияларға, франшизаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына үміткер мына шарттарды орындауға міндетті. Біріншіден өз қаражатынан кем дегенде 20% қосу, екінші бөлінген бюджетті мақсатына сай шоттан шотқа аудару арқылы жұмсау және жаңа жұмыс орындарын ашу. Осылайша, мемлекет бағдарлама ауылдардағы кәсіпкерлер мен жұмыс орындарының санын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

» — Егер үміткер қаражатты кредиттерді төлеуге, үй салуға немесе үй сатып алуға, жер учаскесін сатып алуға, жалақы төлеуге, жалдау ақысын төлеуге және акцизделетін өніммен байланысты бизнеске жұмсағысы келсе, онда өтініші қабылданбай қалып, грант та берілмейтін болады. Мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушылар тізімінде тұрған, несие бойынша берешегі және төленбеген салықтары бар, мемлекеттік грантқа бұрын ие болған кәсіпкерлерден өтініштер қабылданбайды. Бизнес-жобаны іске асыруға грант берілген сәттен бастап 18 айға дейін беріледі.  Бұл бағытта мерзімі 3 жылдан аспаған әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін немесе «Бір ауыл — бір өнім» бағдарламасына қатысуын растайтын құжат. Мерзімі 3 жылдан аспаған «Бизнес бастау» кәсіпкерлерді даярлау курстарын аяқтау туралы сертификат. Жеке кәсіпкерліктің есеп шотынан алынған банк көшірмесі. Шарт бойынша сіз жобаға өз ақшаңызды да қосуыңыз қажет. Яғни, шотыңызда грант мөлшерінің 20%-нан артық ақша болуға тиіс. Мысалы, егер сіз мемлекеттен 4 млн теңге мөлшерінде грант алатын болсаңыз, онда шотыңызда кемінде 800 мың теңге жатуға тиіс. Сөйтіп, жалпы алғанда, сіз 4,8 млн теңге жұмсайтын боласыз. Бизнес-жоспар — бұл сіздің бизнесіңізді дамытуға, сондай-ақ, бөлінген ақшаны жұмсауға байланысты жоспарларыңыз бен болжамдарыңызды қамтитын құжат. «Бастау Бизнес» кәсіпкерлерді даярлау курстарын аяқтау туралы сертификат — грант алуға үміткерлердің барлығы үшін міндетті шарт. Оқу Skills Enbek платформасында тегін өтеді. Аймақтардың өтінім беру кестелері өтініш беру мерзімінің басталуына 5-7 күн қалған кезде еш ескертусіз жарияланады, сол себепті, оны өзіңіз тексеріп отыруыңыз қажет. Егер сіздің  кестеден табылмаса, онда өтініш қабылдау мерзімі әлі белгісіз деген сөз. Өтінішті уақытында беріп үлгеру үшін мына үш құжатты алдын-ала дайындап қойған дұрыс.Олар: Жобаның бизнес-жоспары; Қаржы есебі және шығындардың болжамы; «Бастау Бизнес» оқуын аяқтау туралы сертификат. Қызметкерлер саны туралы анықтаманы дайындауға немесе ЭҚЖЖ-ны өзгертуге екі-үш күн де жетеді, ал бизнес-жоспар жазу біраз уақыт алады: оны ойланып, зейін қойып құрастыру керек. Бизнес-жоспардың үлгісін «Атамекен» ҰКП-дан сұрап алуға болады.» — деді Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Жолдасбекова

Жалпы мемлекеттік грантқа берілген өтініштен кейін үміткерге жобаны комиссия алдында қорғау күні, уақыты және орны жазылған хабарлама беріледі. Жобаны қорғау үшін комиссияға өтініш берушінің өзі баруы қажет. Қорғау алдында жоба туралы презентация дайындап, оның электронды нұсқасы мен қағазға басылған бірнеше көшірмесін алу шарт. Жобаны қорғауға 5–7 минут беріледі. Айтанын мәтін мен алдын-ала дайындалып, жоспарлар бен үміттерді нық түрде айтып беру, болашақ кәсіпкердің мүмкіндігіне жол ашады. Сондықтан,  комиссия өз шешімін үміткердің сенімді түрде жобаларын таныстыруына назар аударады және тиісті шешімін қабылдайды. Грант ұтқан жағдайда «Атамекен» ҰКП сізбен үш күн ішінде келісімшарт жасасып, келесі үш күн ішінде жеке кәсіпкердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік иесінің есеп шотына қаражат аударады.

Мемлекеттік грантты ұтып алу ықтималдығын арттыру бойынша басты көңіл бөлетін жағдайлар бар. Яғни, гранттар әлеуметтік бағыттылық, бәсекеге қабілеттілік және жобаның іске асыруға дайындығы дәрежесіне қарай іріктеледі. Мемлекет ауыл тұрғындары мен халықтың әлеуметтік осал топтарына табыс табуға мүмкіндік беретін, жаңа жұмыс орындарын ашатын жобаларды қолдауға дайын. Мысалы, «Бір ауыл — бір өнім» жобасының финалистерінің бірі бұрын өртеп тастайтын қой мен түйе жүнін қайта өңдеуді қолға алған.  Бұл киімдер, ойыншықтар, тұрмыс заттары сияқты қолдан жасалған бұйымдар шығарылатын жүз пайыздық жергілікті шикізат. Міне осындай бастамалар кәсіпті де өркендетуге және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Басты ескеретін жайт ақшаның мақсатқа сай жұмсалғанын тексеру басты назарда болады. Алғашқы тексеру орта есеппен үш ай өткеннен кейін өтеді. Комиссия мына үш шарттың дұрыс орындалуын тексереді: шығындардың белгіленген мақсатқа сәйкестігі, қызметкер штанының өсуі және салық декларациялары. Мысалы, сіз қаржы болжамдарында жобаның орындалу мерзімдерін 2024 жылғы қаңтардан маусымға дейін белгіледіңіз дейік. Егер сіз наурыз айында екі қызметкер аламын деп жазсаңыз, онда наурызда міндетті түрде еңбек.кз сайтында екі адамды тіркеу керек. Егер екінші тоқсанның соңына құрал-жабдық сатып алу жоспарлаған болсаңыз, онда аталмыш құрал-жабдық маусым айында жеткізілуге тиіс.

Комиссия ақшаны бизнес-жоспарда жазылған мақсатта жұмсалғанын тексереді. Бұл кезде олар сатып алынған заттарды суретке түсіріп, шығындарды растайтын мына құжаттардың көшірмелерін алып кетеді. Олар сатып алу-сату келісімшарты; төлем шоты; төлем тапсырмасы; электронды шот-фактура; тауарлардың жөнелтпе құжаты немесе орындалған жұмыстар актісі. Бұл құжаттарды көшірме түрінде тапсырған жөн: олардың түпнұсқаларын ешкімге бермей, өзіңізде сақтаңыз. Сонымен қатар, құжаттарды тапсырар кезде қабылдау-тапсыру актісін дайындап, барлығын сол акті арқылы тапсырғаныңыз дұрыс болады. Бөлінген қаражатты шоттан қолма-қол ақша түрінде шешіп алуға болмайды. Барлық төлемдер тек ЖК немесе ЖШС шотынан басқа шотқа тікелей жіберіліп төленуге тиіс — ол шығындарды растау үшін қажет. Ақшаны мемлекетке қайтару керек болатын жағдайлар да кейде туындап қалады: мысалы, егер сіз қаражатты уақытында жұмсамасаңыз, немесе сатып алған кезде тауардың бағасы өзгерсе, немесе қажет тауар еш жерде табылмаса, мемлекетке ол туралы жазбаша түрде хабарлап, қалдық ақшамен не істеу керегі туралы ресми жауап алу керек.

Жалпы, ақшаны бизнес-жоспарда жазылмаған кез келген шығындарға жұмсау үшін әкімдіктен алдын-ала келісім алу керек, яғни, алдымен рұқсат алып, содан кейін ғана ақшаны жұмсай беруге болады. Егер әкімдік рұқсат етпесе, ақшаны мемлекеттің транзит шотына қайтару керек. Оның реквизиттері сізге жазбаша түрде жіберілетін болады. Содан кейін қағазға төлем тапсырмасын басып шығарып, қалған құжаттарға қоса сақтап қою қажет. Бұл да қаражаттың басқа мақсаттарға жұмсалмағанын растау үшін керек болады.

Жастарды жұмысқа тарту, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру маңызды

Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Д.Сырлыбай жастарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарын жүргізді. Кездесуде маман жастарды жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктерді атап өтіп,  жастар мен тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін таныстырды.

Мысалы, «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы. Бұл бағытта жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жалақысы субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орнын құрады. Әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыс уақытша сипатқа ие, қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы төлеуді жұмыс беруші нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерді негізге ала отырып жүзеге асырады. Мемлекет жұмыс беруші белгілеген жалақы мөлшерінің 35%-ын, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мөлшерін субсидиялайды.

Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына тоқталсақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға» жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк тағайындалды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады. «Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және электронды кілт көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.

Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда). Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады). Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Енді «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуы тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара. Банктің клиенттері бола отырып, олар кредит талаптарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады. Банктің клиенті болудың мынадай бірнеше тәсілі бар:

— Otbasy bank мобильді қолданбасын жүктеп, оның көмегімен ағымдағы шотты және депозитті ашу; — ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу; — жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу.

«Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады. Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.

“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Д.Сырлыбай Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округінің жастарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіп, «Серпін-2050», «Жастар практикасы», «Бастау бизнес», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы, «2,5% несие алу » бағдарламалары бойынша түсіндіріп, брошюралар таратты.

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, NEET санатындағы жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру маңызды шаралардың бірі.

Айта кетейік былтыр қабылданған «Мем­ле­кеттік жастар саясаты туралы» жаңа заң бойынша жастар ұғымы 35 жасқа дейін ұлғайып, енді ха­лықтың үштен бір бөлігі жас­тар са­натына жататын болды. Осы­лай­ша, елімізде бұл санатқа кіре­тін азаматтардың саны бірден 6 миллионға дейін жетті. Жастар жа­сы ұлғайғандықтан, тағы 2 миллионнан астам азамат жеңіл­дігі бар мемлекеттік бағдарла­ма­лар­дың игілігін көруге мүмкіндік алды. Мы­салы, жұмыспен қамтуға байла­ныс­ты «Жастар практикасы», «Дип­ломмен – ауылға», «Серпін», «Жастар – ел тірегі», «Жасыл ел» мем­лекеттік бағдарламалары да 35 жасқа дейінгі азаматтар үшін қолжетімді болды. Жаңа заң аясында 3,3 мил­­­­лионнан астам адам­ды, оның ішінде 2,3 млн жас­ты жұ­мыс­қа орналастыру жос­пар­ланып отыр. Мемлекеттік жастар сая­сатын жетілдіруге ба­ғыт­талған заң жобасына жас­тар­дың даму индексі және уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET са­наты) ұғымы енгізілді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының тү­лектері үшін «Жастар прак­ти­касы» (6 айдан 12 айға дейін, 25-тен 30 АЕК-ке дейін) және «Ал­ғаш­қы жұмыс орны» (12-ден 18 ай­ға дейін, 20-дан 30 АЕК-ке дейін) ұйымдастырылып, аталған жобалардың ұзақтығы мен жа­лақысы ұлғайтылды. Мәселен, бұрынғы немесе жаңа мамандық бойынша тәжірибе болмаса да 35 жасқа дейінгілер «Жастар практи­касына» қатыса алады. Яғни, NEET санатындағы жастардың мем­лекеттік қолдау алуына мүм­кіндік жасалды. Аталған іс-ша­ралар 177 мыңнан астам жасты жұ­мыс­қа (оның ішінде 107 мың­нан астамы тұрақты жұмыс орын­­­­дарына) орналастыруға мүмкін­дік берді. Мәселен, «Бастау бизнес» жо­басы аясында 70 мыңға жуық жас онлайн-оқытудан өтсе, «Жасыл ел» жобасы бойынша 2025 жылға дейін жыл сайын ақылы маусым­дық жұмысқа 30 мың жас жұмыл­дырылатын болды. Осылайша, жас кәсіпкерлердің үлесін 20 пайыз­ға дейін арттыру көзделіп отыр. Мем­­­­лекет басшысының тапсыр­масы бойынша 2021-2025 жыл­дарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жастарға жеңілдікпен шағын несие берудің жаңа тетігі ен­гізілді. 21 жастан 35 жасқа дейін­гі жастар үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен 5 млн теңгеге дейін несие ала алады. Осы бас­та­маны іске асыруға бюджеттен 28 миллиард теңге қарастырылған және 2023 жылы 6 мыңға жуық шағын несие беру жоспарланып отыр. Мұндай несие өз ісін бас­тағысы келетін не кәсіпкерлікпен, оның ішінде тауарлар өндірумен немесе сатумен, жұмыстарды орын­даумен және қызметтер көр­сетумен, жеке қосалқы шаруашы­лық­та өнім өндірумен айналыс­қы­сы келетіндерге тамаша мүм­кіндік.

Сауранға тартылған инвестициялар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді

Жаңа жұмыс орындарын ашу халықтың әлеуетін арттырып, аймақтың дамуына оң серпін берері сөзсіз. Ол үшін жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету маңызды мәселе. Мемлекет басшысы да Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өткен болатын. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Осы тапсырманы негізге ала отырып, Сауран ауданы әкімдігінің бастамасымен бизнес өкілдерінен құралған делегациясы ҚХР-ға арнайы іс-сапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу және жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жұмыс орындарын көбейту болып табылады.

Саурандықтар бірінші кезекте Боро-Тала қаласындағы Арасан ауданының кәсіпорындарын аралап көрді. Балық шаруашылығы, саңырауқұлақ өндірісі мен тәтті жүгері өндірісінің жұмыстарымен танысты. Қытайдағы аква мәдениет негізінен жергілікті халықтың күріш өсіруі кезінде дамыған. Қытай әлі күнге дейін әлемде бұл кәсіп саласы бо­йынша алдына жан салмай келеді. Себебі, қазір әлем бойынша ең та­бысы мол бизнестің түрі осы балық ша­­руашылығына тиесілі. Аталған қалада балық өсіру кеңінен қолға алынған. ”Салқын су” балық шаруашылығында бекіре, форель, янтарь балық түрін өсіреді. 30 жылдан астам дәл осы кәсібпен айналысқан шаруа қожалықта бекіре балықтың ұзындығы 4-5 метрге дейін жетіп, салмағы 90 келіден асатын балықтар бар.

Делегациясының іссапары әрі қарай Қарабұқа ауылында жалғасты. Аумақта жүгері өсіру және өңдеу әлеуеті жоғары. Онда ауқымды “Шин ноң”тәтті жүгері өндіріс кооперативі жүгеру зауыты жұмыс жасайды. 350-400 гектар жерге жүгері егіп, бір маусымда экспортқа шығарады. Делегация құрамына өнімді өсіру мүмкіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар, “Кен юань”саңырау құлақ өндірісінің жұмысы таныстырылды. Қытай халық республикасында 22 түрлі саңырауқұлақ өнімдерін тұтынса, мұнда оның 11 түрі өсіріліп, сатылымға шығарылады. Сапардың екінші күні саурандықтар мақтаны тереңдетіп өсіру, тұқым өндіру және оны өңдеу, жіп шығару технологиясымен танысты. Арасан қаласының шаһар басшылығымен екі жақты кездесу өткізіп, Түркістан облысына келуге шақырды. Нәтижесі бойынша Қытайдың бай тәжірибесі негізінде Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алдағы уақытта бірнеше зауыт-фабрикалар жұмыс істейді деген жоспар бар.

Өңірге инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу бағытында саурандық делегация Чыңду ауданы, Шиньжин қаласындағы «СITICO» өндірістік зауытының жұмысымен танысқан болатын. Онда зауыттың әлеуеті таныстырылып, барлық мәліметер ұсынылды. Әлем бойынша ең табысы мол бизнестің түрі болып табылатын балық шаруашылығына қажетті өнімдер өндірілуде. Атап өтетін болсақ, зауытта 60-тан астам балық жемдерін әзірлеуде. Аталмыш нысанның қуаттылығы жылына 500 мың тонна балық жемдерін өндіреді. Ішкі нарықта сұраныс жоғары болғандықтан өнімдерін импорттаумен қатар, шет ел мемлекеттеріне де эспорттауда. Делегация тарапынан, компанияның дайын өнімдерін шығару бойынша жұмыстарымен тәжірибие алмасты. Балық өнімдерін өндірумен айналысуға ниетті бизнес өкілдеріне компанияның қолданып жатқан жабдықтарының тиімділігі мен жабдықтардың технологиясы бойынша ақпараттарымен бөлісті.

Мұндай іс-сапар Сауран ауданында жаңа кәсіпорындардың ашылуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына өзіндік септігін тигізеді. Себебі жергілікті кәсіпкерлер дамыған елдердің тәжірбиесі арқылы жаңа жобаларды жүзеге асырмақ.

Жалпы өндірісі дамыған елдермен байланысты арттыру тың идеялар мен жаңа бастамаларға жол ашуда. Мысалы күні кеше Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Іс-шараға отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты. Ең алдымен халықаралық форумға келушілер назарына көрме ұсынылды. Онда инвесторларға Түркістан өңірінің қолөнері, туристік дестинациялары таныстырылып, таза табиғи ауыл шаруашылығы өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ облыста жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар да таныстырылды.

Олардың қатарында Сауран ауданының көрсеткіштері мен мүмкіндіктері де айтылды. Форум аясында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтымақтастықтың орталығы» тақырыбында мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті.

– Бүгінгі форум жаңа бастамаларды және инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған маңызды алаң. Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам ірі компания өкілдері қатысуда. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин осы күнге дейін бірнеше рет кездесіп, екі жақты қатынастарды дамытуға бағытталған аса маңызды құжаттарға қол қойған. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс нығая түсуде. Соңғы 20 жылда Қытайдан тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 44 млрд. АҚШ долларын құрады. Түркістан облысы құрылғаннан бастап, Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 110 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылды. Түркістан облысының әлуеті өте жоғары. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, туризм және барлық салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Өңірде инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар ғимараттарды ұсынатын индустриалды аймақтар және дайын ғимараттар орнатылған шағын өнеркәсіптік парктер бар. Жоғарыда аталған инвестициялық алаңдарда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамын, – деген Дархан Сатыбалды өңірдің инвестициялық әлеуеті туралы кеңінен баяндады.

Пленарлық отырыс барысында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Люй И сөз алып, халықаралық іс-шараның елдер арасындағы достықты нығайтудағы маңызы туралы айтты. Сонымен бірге спикерлер қатарында ҚР Ауыл шаурашылығы министрлігі мен кәсіпкерлік саласының өкілдері де болды. Форум жұмысы әрі қарай тақырыптық панельдік отырыстарға жалғасты. Халықаралық маңызы бар құжаттарға қол қойылып, ынтымақтастық арта түсті.

Айта кетейік, Түркістан облысында негізгі каптиталға тартылған инвестиция көлемі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 972 млрд теңгені құрап, триллионға жуықтаған. Бұл көрсеткіштер аймақта өндірістің дамып, өнеркәсіптің дамып жатқанын айғақтайды. Әрі өңірде былтыр өңдеу өнеркәсібінде 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Халықаралық форумның негізгі мақсаты – Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру және өңірдің шет елдермен экономикалық байланыстарын нығайту. Инвестиция тартып, өндіріс орындарын көбейту болды.

Осылайша, жиын барысында жалпы құны 301 млрд теңгеден асатын 35 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл келісім аясында өңірде жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Айта кетейік, форум бизнес пен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Түркістан облысының халықаралық ынтымақтастықтағы стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. Жалпы Түркістан облысында 2027 жылға дейін жүзеге асатын 145 инвест жобаның пулы қалыптасқан. Бұл жобалар 17 мың жаңа жұмыс орнын ашып, өзіндік кірісті қосымша 100 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сондай-ақ өңірде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Онда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, облыста қазір өңірдің бар әлеуетін пайдаланып, дайын өнім шығаруға басымдық берілген. Осы мақсатта және өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе Қытай Халық Республикасына іс-сапарлар ұйымдастырылып жатыр. Оның нәтижесінде Қытай Халық Республикасының жаңа технологиясы және қытайлық инвесторлардың капиталымен бірқатар жобалар бастау алды. Ал өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады. Ірі жобалардың қатарында текстиль кластерін құру, күн және жел электростанциясының құрылысы сияқты ірі жобалар бар.

Жалпы өңірге инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында Сауран ауданының әлеуеті жоғары. Сонымен қатар ауданда мақта кластерін дамыту бағытында да жұмыс жүріп жатыр. Олардың қатарында  «Казтекс» ЖШС-нің мақта өңдеу зауыты бар.  Аталған зауытты салу, жаңа технологиямен қамту жобасы биыл басталған болатын. Тиісінше оған Түркиядан инвестиция тартылған. Жобаның құны –1500,0 млн. тенге, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна мақта өңдеу. Маусымдық кезеңдерде 150 адам жұмыспен қамтылса, 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жоба басшысы Туражан Саидовтың айтуынша, аталған ЖШС ұзақ жылдардан бері мақта шаруашылығымен айналысып келеді. Кейін шетелдегі серіктестері тарапынан заманауи мақта өңдеу зауытын салу туралы ұсыныс түскен. Түркиядан арнайы құрылғылар, мақта өңдейтін машиналар әкелінген. Бұлардың ерекшелігі – электр қуатын үнемдейді, әрі мақта талшығын сапалы етіп шығарады. Айта кетерлігі, Сауран ауданында бұрын-соңды болмаған құрылғылар сатып алынған. Ал 2025-2026 жылдары аталған зауыттың қасынан шитті өңдеп, май шығаратын цех ашу жоспарға енгізілген.

Расында Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамытуға күш салынуда. Жоғары сапалы шитті мақтаны өсіріп, оны өңдеуге ден қойылған. Өңірде мақта-тоқыма кластерін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Бұл бағытта жүйелі жұмысқа кіріскен кәсіпорындардың бірі — «Golden Cotton» мақта қабылдау және қайта өңдеу зауыты. Осыдан 2 жыл бұрын ашылған зауыт 4 гектар аумата орналасқан. Жоба құны – 789,0 млн. теңге. Мұнда жылына 12 мың тонна мақта өңдейді. Жергілікті тұрғындарды да  жұмыспен қамтып отыр. Өндірілген өнімді Ресей, Беларусь және Қытай елдеріне сатуға шығарады. Былтыр 8 мың тонна мақта өнімін қабылдап, қайта өндеген. Кәсіпкер су үнемдеу технологиясының көмегімен 2025 жылы 1 мың гектар жерге жоғары сотты мақта тұқымын егіп, өнім сапасын арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, істен шыққан ескі қондырғыны сатып алып, оны жөндеуден өткізген Саидбек Жаппаров мақтаны қайта өңдеу цехын іске қосқан болатын. Кәсіпкер жылына 600 тонна мақтаны қайта өңдеп, өндірілген өнімді Қытай мен Түркияға сатады. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын қойма ашып қойған.

Айта кететін жайт, Түркістан облысында жыл сайын облыста 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Облыста егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде.Түркістан облысы елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылымдарда 70 мыңға жуық шаруалар еңбек етеді. Облыста жыл сайын 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналуда. Осыған орай облыста былтыр «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілген болатын. Оған сәйкес 4 бағыта, егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, мақта кластерін құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Нәтижесінде мақта бағасына да алдағы жылдары тәуелділік жойылатын болады.

Бұл бағытта Сауран ауданында ашылатын кәсіпорындардың да қатары басым. Жалпы ауданда 2024 жылдың III-тоқсанында ауданның жалпы өңірлік өнімі 78,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артқан.  Көрсеткіш 2023 жылдың тиісті кезеңінде 78,2 млрд. теңге болған еді. Бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 765,9 мың теңгені құраған. 2024 жылдың 9 айында 59,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 100,3%-ды құрап отыр. Оның ішінде: мал шаруашылығында – 11 276,2 млн. теңге, өсімдік шаруашылығында – 47 724,3 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Үш жақты келісімге сәйкес, 2024 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында 112,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 102,5 пайызға жету көзделуде. Ауданда 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі былтыр 49,4 млрд. теңгені құраған. Биыл өнім көлемін 85 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Негізі Сауран ауданында биыл 37 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде жаңадан 800-ден астам жұмыс орны ашылып, тиісінше халықтың әлеуетін арттыру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Аудан экономикасының жандана түсуіне түрткі болатын жобалар қатарында «Turkistan Fruit» ЖШС-ң жеміс шырыны өндірісі де бар. Жоба құны — 4,5 млрд. теңге, онда 54 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылуда. Сондай-ақ, Шорнақ ауылынан қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қапшығын өндіретін «Sauran Plast» өндірістік кешені бар. Бұдан бөлек, Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС-і жалпы қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясының құрылысын басталған болатын. Жоба құны — 8 млрд.теңге. Айта кетерлігі, ауданға қарасты Шаға ауылдық округінде «SAURAN» индустриалды аймағы құрылған. Онда тоқыма, тігін, құрылыс материалдарын өндіру, электроника және ұсақ машина жасау, жиһаз өнеркәсптері шоғырлануда.