Архив рубрики: Қылмыс
Дәрілік өсімдіктерді шет елге заңсыз шығару тиылмай тұр.
» Экожүйеміздің негізі болып табылатын дәрілік өсімдіктерді қорғау және отандық фармацевтикада қолдану мәселесі қашанда өзекті. Мәселен, тек Оңтүстікте өсетін «сасық кеуректің» 10-нан аса түрі бар, оның барлығы да «Қызыл кітапқа» енген. Соған қарамастан, оның майын шет мемлекеттерге заңсыз шығару тиылмай тұр. Сасық кеурек Қытай, Үндістан, Пәкістан, Иран, Ауғанстан сынды елдерде үлкен сұранысқа ие және бұл елдерде өнімнің бір келісі 100-150 долларға бағаланады. Түркістан облысында сасық кеуректің майын дайындау үшін өндірушілер шетелден мыңдаған жұмыс күшін заңсыз тартып, шикі өнімді жаппай сыртқа шығаруда. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 14 тоннадан асып түскен. Болашақта аса бағалы бұл дәрілік өсімдік азайып қана қоймай, мүлдем жойылмасына кепіл жоқ. Себебі сасық кеурек 10 жыл ғана өмір сүреді және монокарпик, яғни 5-6 жылда бір рет қана гүлдейді. Ал, оның өнімін 8 жылдан кейін пайдалануға болады. Сасық кеурек тек құм және шөлді аймақтарда өседі. Оны түп-тамырымен құрту жердің тозуына, құмның көшуіне, табиғи экожүйенің күйреуіне әкеп соғады,» — деп мәлімдеді Қайрат Рахымұлы.
«Бұл күндері арзан табысты көздегендер мияны түп-тамырымен қопарып жұлып, заңсыз саудалауға көшті. Ал, оның тамырын қазып алған соң, қызылмия қайтып шықпайды. 2016-2021 жылдары Оңтүстік Қазақстаннан 70 мың тонна мия тамыры шетел асырылған. Бұл болашақта отандық фармацевтика өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету тапшылығына тап қылады деген сөз.Тіпті қызыл мия құнды өсімдік ретінде «Қызыл кітапқа» да енбеген.Дәрілік дермене жусаны да сирек кездесетін шипалық қасиеттері мол өсімдік. Ол да тек Түркістан өлкесінде өседі. Оның құрамында сантонин, майлар, ащы заттар, эфир майлары бар. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген.Дәрілік өсімдіктер шикізатын заңсыз жинап экспортқа шығарушылар бюджетті айналып өтіп, «көлеңкелі экономикаға» тікелей жұмыс істеп жүр.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл мәселеге бейжай қарайды. Осы күнге дейін заң бұзушыларға қарсы бірде-бір шара көрмеген.Сондықтан, жоғарыда көрсетілген өсімдік түрлерінің жойылып кетуіне жол бермеу мақсатымен төменгі ұсыныстардың қаралуын сұраймын:1. Мия өсімдігін Үкіметтің 2006 жылғы 31 қазандағы №1034 қаулысымен бекітілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесіне кіргізіп, «Қызыл кітапқа» енгізу мәселесін қарастыруды.2. Сасық кеурек, дермене және мияның қорлары мен рұқсат етілген өндіріс көлемін анықтайтын зерттеу жүргізіп, қазіргі кезде өсімдіктердің қалған санына байланысты оларды жинауға, өңдеуге немесе өндіруге мүмкіндіктің бар жоғын анықтауды.3. Осы зерттеу жүргізу барысында аталған дәрі өсімдіктерін жинауға, өндіруге және шикізатын экспортқа шығаруға уақытша тыйым салуды.4. Өсімдік түрлерінің жойылу қаупі анықталған жағдайда, оларды жинауға толықтай шектеу қойып, жедел турде популяциясын көбейтуге бағытталған шараларды ұйымдастыруды.
5. Еліміздің Оңтүстік өңірлерінде фармацевтикалық өндірісте пайдалану үшін сасық кеурек және мия, дермене өсімдіктерін өсіретін арнайы плантацияларды салу мүмкіндігін ойластыруды.Сауалға заңнамада көрсетілген мерзімде жауап беруін сұраймын» — делінген, «AMANAT» партиясы фракциясының депутаты Қ. Балабиев депутаттық сауалында.
«Линда» есірткіні тауып берді
9 дана «Iphone» ұялы телефонын белгісіз біреу жымқырып келген
Бүлдіршіндер Қазақстанға жеткізілген, ал аналары өмір бойына бас бостандығынан айырылған
Иракта өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық әйелдер аштық жариялаған. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
“Осыдан бірнеше жыл бұрын Ирактан «Русафа» операциясы аясында бүлдіршіндер Қазақстанға жеткізілді. Алайда олардың аналары өмір бойына бас бостандығынан айырылып, Бағдат (Ирак) түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Биыл 24 сәуірде Қазақстанның Иорданиядағы елшілігіне Ирак билігінің террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімге наразылық ретінде Бағдаттағы Русафа-6 атты түрмесінде отырған шетелдіктер – оның ішінде Қазақстан азаматтары да аштық акциясын бастағаны туралы хабарлама түсті”, — деді Айбек Смадияров.
Сондай-ақ ресми өкіл түрмедегі әйелдердің негізгі талабы өз елдеріне тезірек экстрадициялану.
Шетелдік БАҚ дерегіне сүйенсек, 2021 жылғы 19 наурыздағы мәлімет бойынша, «Русафа» түрмесінде шетелдік 494 әйел отыр. Олар Иракқа 18 елден келген.
Тұрғыннан трамадол дәрісі тәркіленді
«Қайтарымсыз несие алып беремін». Алаяқ әйел 1 200 000 теңге жымқырған
Сепаратистік ұйымның 3 азаматы 10 жылға сотталуы мүмкін
«Сепаратизмді насихаттады деп күдіктелген топқа екі қылмыстық іс қозғалған, ҚР Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған. Бұл ауыр қылмыстар санатына кіреді. Оның санкциясымен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазалау қолданылады.
Топтың негізгі үш фигуранты бүгін бір сағат бұрын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», — деді СҚО прокуратурасы басқармасының бастығы Ғани Жалби.
Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен болған комиссиялық психологиялық-филологиялық сот сараптамасының қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған.
Серік Күдебаев Манас әуежайы арқылы Түркияға қашып кеткен
«Күдебаевқа қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істің маңыздылығын ескере отырып Бас прокуратура өз қарауына алды. Ең мықты, тәжірибелі тергеушілер тартылып, іздеу жалғасып жатыр. Біз Қырғызстанға сұрау жібердік, енді іздеу жұмыстарын бірлесіп жүргізетін боламыз», – деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс кулуарында.
«Күдебаев Бішкектегі Манас әуежайы арқылы Ыстанбұлға ұшып кетті деген мәлімет бар. Қырғыз тарапы да мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады. Бізде Түркиямен келісімшарт бар және қазір олармен жұмыс істейміз. Барлық ақпаратты бере алмаймыз, деректерді ашып айта алмаймыз, себебі іздеу нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін», – деді Бас прокурордың орынбасары.
Жемқорлықты анықтау. «Кезек жоғары лауазымды тұлғаларға келді»
Жемқорлықты анықтау мен оның жол кесу бойынша жоғарғы лауазымды тұлғаларға бақылау қатаң болады, — деп хабарлайды Taq.kz тілшісі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиді қабылдаған Президент жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауға және оның жолын кесуге баса мән беруді тапсырды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының алдында есебін берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали бірінші тоқсанда 500-ден астам жемқорлық қылмыс тіркеліп, 400-ден аса тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленгенін, оның 53-і әртүрлі деңгейдегі басшылар екенін мәлімдеді.