ДЕПУТАТ ӨЗ ЖЕРЛЕРІН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРДІ

Түркістан облысында халық қалаулысы тұрғындарға ең қажетті нысандар салу үшін өз жерлерін тегін тарту етті, — деп хабарлайды TAQ.KZ тілшісі

Нақтырақ айтсақ, Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Жанарыс Талипбеков Жағажай елді мекеніндегі өзінің 2,5 гектар жерін өрт сөндіру бекетін салуға берген. Тиісінше, бұл өрт сөндіру және құтқару бекетінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, Ж.Ералиев және Абай, Қызылқұм ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде өрт болған жағдайда немесе тұрғындардың суға бату жағдайлары орын алғанда төтенше жағдай қызметкерлерінің уақыттан ұтылмай, дер кезінде көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Осылайша халық қалаулысының Жанарыс Талипбековтың тартуы жалпы жергілікті халықтың әлеуетін арттыруға септігін тигізіп отыр.

Айта кетейік, Жетісайлық депутат бұған дейін де өз иелігіндегі 90 соттық жерін медициналық нысан және спорт алаңшасы мен ауыл тұрғындарына аллея салу үшін тегін берген. Қайырымды азаматтың мұндай игі істеріне жалпы түстік өңірдің халқы өз ризашылықтары мен алғысын білдіруде.

 

Жанарыс Талипбеков Жетісай ауданындағы өзекті мәселелердің шешімін қарастыру, тұрғындардың талап-тілегі мен өтініштерін орындау бойынша да белсенді жұмыс атқарып жүрген депутаттың бірі. Ел аманатын арқалаған халық қалаулысы, өзінің әріптесі Алладин Мырзахановпен бірге ауданның ахуалын Астана қаласына жеткізіп, Мәжіліс депутаттарының назарына ұсынған.

Сондай-ақ, Жетісай ауданындағы өзекті проблемалардың бірі — ағын су. Егіншілікпен айналысатын ауыл тұрғындарына ағын суды жеткізу үшін арық-атыздардың таза болғаны абзал. Осындай маңызды істі елеусіз қалдырмаған белсенді депутат Абай ауылдық округіндегі  ағын су жүйелерін қоқыстан арылтуға бастама болып, «жаздың қамын» ойлауды үйлестіріп жүр. Жанарыс Талипбековтың мұндай бастамаларын жергілікті азаматтарда әрқашан қолдап отырады.

 

Елдің игілігі үшін өз иелігіндегі жерлерін тарту етіп, ауылдардың әлеуеттін арттырып, халықтың сенімі мен үмітін арқалаған Жетісайлық депутаттың бұл істері көпшілікке үлгі болары сөзсіз.

Полиция жүргізушіден 1,5 келіден астам есірткі тәркіледі

Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтап, тасымалдады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.
Нақтырақ айтсақ, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген полицейлер Ордабасы ауданы аумағындағы «Шымкент-Түркістан» тас жолында мегаполистің 32 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Ниссан Прима» маркалы автокөлікті тоқтатты.
Жедел уәкілдер тексеру кезінде жүргізушінің көлігінің артқы орындығының астынан есірткіге ұқсас затты тапты. Заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, есірткі затының жалпы салмағы 1,5 келіден асатын марихуана болып шықты. Қазіргі уақытта есірткі құралдарын сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

АБУ ДАБИДЕН КЕЛГЕН ҰШАҚ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ӘУЕЖАЙЫНА ҚОНДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайына Абу-Дабиден «Wizz Air» әуе компаниясының «Airbus 321» ұшағы келіп қонды. Біріккен Араб Әмірліктерінің танымал туристік қаласынан бағыт алған ұшақта 100 жолаушы бар. Жолаушылардың 40%-ы — туристер. Сондай-ақ, бүгін рухани астана Түркістаннан Абу-Дабиге 200 жолаушы аттанды.
Өткен жылдың қараша айында «Аби-Даби — Түркістан» жаңа әуе бағытының ашылатыны және билеттер сатылымға шыққаны жарияланған болатын. Билеттер «wizzair.com» сайты мен мобильді қосымшасында сатылымда. Бағасы — 20 мың теңгеден басталады. Мамандардың айтуынша, неғұрлым ертерек алынған билет соғұрлым арзан болады. Сондай-ақ, егер «wizzair.com» сайтына тіркеліп, клуб мүшесі атанған жағдайда 10%-ға дейінгі жеңілдіктерді алуға мүмкіндік бар.
Айта кетсек, рейстер аптаның сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері 3 рет орындалады. Жалпы Түркістан халықаралық әуежайы арқылы халықаралық рейстерден Ыстамбұл мен Эль-Кувейтке, ал республикаішілік Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және Ақтау қалаларына тұрақты әуе рейстері ұшады.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫ «ЖАС БАРЫС» АТАНДЫ

Түлкібастық Жомарт Қуанышбек республикалық «Жас барыс» турнирінде «Жас барыс» атағын иеленіп, І орынмен марапатталды. Жомарт бүгінде аудандағы Дауан атындағы мектептің 10-сынып оқушысы. Ол облыстық «Жас барыс» турнирінде де «Жас барыс» атанған болатын.
Жас балуан — қазақ күресінен аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы. Сонымен қатар, облыстық «Qazaq kuresi» жылдық қорытындысында «Үздік спортшы» атағын иеленіп, арнайы мадақтамамен марапатталған. Жаттықтырушысы — Шажалиев Алмас.

Мұғалімдердің мұндай әрекетке барғаны ұят болды

Қысқы демалыста Түркияда демалған қызылордалық екі мұғалімнің басы дауға қалды. Педагогтер шетелде бірнеше мәрте трансвеститтер клубында көңіл көтерген. Мұғалімдердің бұл әрекетіне ата-аналар шамданып, олардың мектептен кетуін талап етті. Бұл туралы TAQ.KZ ақпарат агенттігі ZhasAlash басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Мектеп директоры мұғалімдердің мұндай әркетке барғандарын ұят көріп отыр.

«Екеуі де – ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің «магистр» атағы бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқылап, жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды. Олар тек ұстаз  емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғаны өте ұят болды», – деп мәлімдеді мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева. 

Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Қызыл теңіз жағасында тынығу үшін мектеп әкімшілігін ескертіп, ақысыз демалыс алуды ұйғарған. Алайда кейін ұстаздардың Түркиядағы трансвеститтер клубында демалған видеолары әлеуметтік желілерде тарап кетіп, ата-аналардың наразылығын тудырған.

 

ҚОНАЕВ — ҒАСЫР АДАМЫ

Түркістан қаласындағы “Ұлы дала елі” орталығында «Қонаев-ғасыр адамы» атты мәдени-танымдық іс-шарасы өтті. Аталған жиын мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
 
Басқосуға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Инара Әбдіғаппарқызы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен қалалық әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім қатысып, дара тұлғаның ерен еңбегі жайлы сөз етті.
Танымдық шарада ұлт қайраткерінің ғұмырнамасынан сыр шертер фотокөрме ұйымдастырылып, қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары көпшілік назарына Дінмұхаммед Қонаев туралы арнайы қойылым мен арнау өлеңдер ұсынды.

Жеке кәсіпкер түбіртек бермегенін анықтасаңыз телефон нөміріңізге 900 бірлік түседі

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Мейрамбек Көкенов мәлімдеді.
Спикердің сөзінше, жеке кәсіпкерге тіркеусіз қызмет жасағаны үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, кірістерін жасырғаны үшін – төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде, ал қайталанған жағдайда 300% мөлшерде айыппұл салынады. Түбіртек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Осы ретте жеке тұлғалар түбіртек бермеген немесе төлемді банк карталары мен QR-код арқылы қабылдамаған салық төлеушілеріне «Wipoon» қосымшасы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына шағымдана алады. Шағымдар анықталып расталған жағдайда, әр расталған факт бойынша жеке тұлғаның телефон нөміріне 900 бірлік түседі.
-Жеке тұлғалар өздерінің мақсаттары үшін, таныстарына мобильді аударымдарды жасап, қабылдай алады. Мұндай аударымдар бір реттік болғандықтан, оны декларациялаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, жеке тұлғаның жеке банк шотына қатарынан үш ай iшiнде 100 және одан да көп әр түрлi тұлғалардан ақшалай қаражат түсетін болса, бұл кәсіпкерлік санат болып саналады. Бұл шаралар жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді, әсіресе жеке шоттарына мобильді аударымдар арқылы төлем алатындарды анықтауға бағытталған. Кәсіпкерлер төлемдерді арнайы бизнес шоттарына қабылдау керек. Бүгінде бақылау шараларына жеке кәсіпкерлік ретінде тіркеу және кірістер бойынша толық есеп беру бақылауға алынып отыр. Жалпы камералдық бақылау салық төлеушілерге заң бұзушылықтарын өз бетінше жою мүмкіндігін беруге бағытталған. Осыған байланысты анықталған бұзушылықтар бойынша хабарлама жіберіледі. Салық төлеуші өзінің заң бұзушылықтарымен келісетін болса, ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек немесе табыстың декларацияланбаған сомасын қосымша декларацияға көрсетіп ұсыну тиіс. Ал егер салық төлеуші өзінің заң бұзушылықтарымен келіспеген жағдайда түсініктеме жазып және оны растайтын құжаттарды беруге құқылы. Хабарлама орындалмаған жағдайда салықтық тексеру тағайындалады. Одан бөлек, банктерден шот бойынша толық ақпарат сұратылады және бұзушылықтардың бар жоқтығы туралы нақты шешім қабылданады,- деді Мейрамбек Байқадамұлы.
Бұдан бөлек, брифингте басқарма басшысы декларацияның үшінші кезеңіне тоқталды. 2024 жылдан бастап 300 мыңға жуық заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары активтер мен міндеттемелер туралы 250.00 үлгідегі декларация тапсырады. Сонымен қатар, 2025 жылы қорытынды кезеңде азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық 18 жасқа толған ересек халқы тапсырады. Декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ұсынады.

Түркістан облысындағы 8 мектептің құрылысын қаржыландыру туралы мәселе қаралды

Түркістан облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырысты осы комиссия төрағасының орынбасары Ж.Сүлейменов жүргізіп отырды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров, облыстық мәслихат депутаттары және облыстық білім, құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының басшылары қатысты.
Күн тәртібінде білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан Түркістан облысындағы 8 мектептің құрылысын қаржыландыру туралы мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғ.Жұмашев баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында 2024-2026 жылдары облыста 6512 оқушы орын тапшылығын, апат алдындағы, үш ауысымды мектептердің мәселесін жою және ғимараты ыңғайластырылған мектептердің орнына 23 мектептің құрылысын салу қажет ететіндігін айтып өтті.
Басқарма басшысы бүгінде 23 мектептің ішінде 8 мектептің (Қазығұрт, Сайрам, Ордабасы, Ордабасы, Жетісай, Түлкібас, Төлеби, Сауран аудандарындағы) жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасы тарапынан ҚР Оқу-ағарту министрлігіне мектеп құрылыстарын салу ұсынылғанын жеткізді. Сондай-ақ, қалған 15 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы 2024-2025 жылдары әзірленетінін айтты.
Өз кезегінде облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 17.02.2023 жылғы №38 бұйрығының 2-тарау, 6 тармақ 5 тармақшасына сәйкес комиссия отырысының оң қорытындысы мектептердің құрылысын білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен жүргізуге негіз болатындығын түсіндірді.
Депутаттар аталған мәселені жан-жақты талқылап, бірауыздан қолдады.

 

Д.ТҰРҒАУТОВА: «ҮЗДІК МЕКТЕП» ҮМІТТІ АҚТАЙДЫ

Мақтаарал ауданындағы «М.Тоқжігітов атындағы №42 жалпы  орта мектебі» білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері (оқу жетістіктерін сыртқы бағалау, ұлттық бірыңғай тестілеу және халықаралық зерттеулер рәсімдерінің нәтижесі ) бойынша 56 мектептің арасында 5 орында.

Мектепте педагогтарды ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қамтамасыз ету, мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі сапалы өзгерістерді зерттеу мониторингісінің нәтижесі жоғары деңгейде. Сондай-ақ, педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау бойынша білім беру ұйымында ақпараттық-әдістемелік кеңістіктің қалыптасқан.

Орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы: функционалды сауатты, мемлекеттік грант иегерлері мен еліміздің патриот азаматтары мен азаматшыларын тәрбиелеп шығару.  Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесінің серпіні- 2018-2019 оқу жылында ҰБТ-ге қатысқан бітіруші түлектердің 60 пайызы мемлекеттік грант иегері атанған.

 


Соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері:

2015-2016 оқу жылы-білім сапасы — 41, үлгерімі-100, орта бал-3,50.

2016-2017 оқу жылы білім сапасы — 42, үлгерімі-100, орта бал -3,57.

2017-2018 оқу жылы білім сапасы – 43,  үлгерімі-100, орта бал-3,6.

2018-2019 оқу жылы білім сапасы -44,үлгерім-100,орта бал-3,6.

2019-2020 оқу жылы білім сапасы -45, үлгерім-100, орта бал-3,7.

Оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау мен білім беру ұйымдарында білім алушыларды спорт секцияларының қызметімен қамту бағытында  мектепте 5 спорттық және спорттық би үйірмесі жұмыс жүргізеді.

Сонымен қатар, Облыстың  білім  саласының  дамуына  ерекше  үлес қосқаны  үшін Мақтаарал  ауданы, «М.Тоқжігітов атындағы №42 жалпы  орта мектебі» 2019 жылдың  «Үздік мектебі» номинациясының иегері болып танылған.

Түркістан облысының  адами әлеуетті  дамыту  басқармасы облыстық әдістемелік  орталығы  ұйымдастырған «Табысты  менеджер-2019» облыстық  байқауында  жүлделі  ІІ орынды  иеленгені  үшін марапатталған.

Қазақстан  Республикасы оңтүстік аймақтың жетекші  мектептерінің «Жаңару жаршысы — 2019» атты  І форумында белсене  қатысқаны  үшін  Алғыс хатпен  мектеп  директоры  марапатталған.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын дамыту және қалыптастыру критерийлері, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарының жүлдегер оқушыларының үлесі- 50 пайыз. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру (халықаралық ұйымдармен жасалған шарттар саны, халықаралық жобаларға қатысқан оқушылар мен педагогтар үлесі)- 10 пайызды құрайды

Білім беру сапасын басқару бойынша оқушылар мен ата-аналар қажеттілігінің білім беру мониторингісінің нәтижесі негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау өз деңгейінде. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметінің нәтижелілігі де жоғары деңгейде.

@ Тұрғаутова Динара Пернебекқызы — Мақтаарал ауданы білім бөлімінің М.Тоқжігітов
атындағы №42 жалпы орта мектебінің директоры

Ж.ДОСБОЛОВ: АУЫЛДАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Сауран ауданының Майдантал ауылдық округіне қарасты, Ынталы елді мекенінде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылады. 600 оқушыға шақталған білім ордасының құрылысы биыл бастау алады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған игі бастама ауыл халқының әлеуеттін арттыруға септігін тигізбек. 

Жалпы Майдантал ауылдық округі 3 елді мекеннен құралған, атап айтсақ Ынталы, Қаражон, Егізқара елді мекендері. Ынталыда 2317 адам, Қаражонда 930 адам, Егізқара ауылында 59 адам. Жалпы ауылдық округте 3306 адам тұрады. Майдантал ауылы әкімі аппаратына 2023 жылдың 12 айында барлық шығындарын өтеуге 35 млн 270 мың теңгеге қаржыландырылып, барлық қаржы кезеңімен толық игерілді. Ал мүлік салығы  273000 теңге, жер салығы 159000  теңге, көлік салығы 3 539 014 теңгеге орындалды.

           Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. 2023 жылы 12 айында атаулы әлеуметтік көмекке 118 азамат өтініш беріп, олардың ішінде 73 отбасына тағайындалды. 14 873 909  теңге төленді, қалған 45 отбасына кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмады. Екі атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы «Ауыл аманаты» жобасы негізінде 2,5 пайыз несиеге өтініш білдіріп, кәсібін бастауына байланысты атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 50 азамат жұмыспен қамтылып, қазіргі таңда Ынтала және Қаражон елді мекендерінде көше тазалық жұмыстарын ақаруда. Жастарды жұмысқа тарту негізінде жастар пракикасымен 9 жас маман Әйтеке би жалпы орта мектебінде және Майадантал ауылдық емханасында 1 жас маман, Майдантал ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде 1 жас маман жұмыс атқаруда. Ал, демеушілік есебінен 10 отбасыға азық-түлік беріліп, 6 отбасы  қатты отынмен қамтамасыз етілді.

Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебі оқушыларына «Жалпыға міндетті білім қоры» тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен 56 отбасының мектеп жасындағы 62 балаға құрал жабдықтары және мектеп формасы берілді. Мектеп мұғалімдері демеушілігімен жағдайы төмен отбасылардың балаларына (11 балаға) оқу құрал жабдықтарына көмек көрсетілді. Ауыл кәсіпкерлері демеушілігімен 34 балаға мектеп формасы берілді.

Қаражон жинақталған шағын жалпы орта мектебі оқушыларына  «Жалпыға міндетті білім қоры» тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының мектеп жасындағы балаларына (жалпы саны 25 оқушы) оқу құрал жабдықтары және мектеп формасы берілді. Сонымен қатар толық емес отбасы, яғни жартылай жетім 8 балаға демеушілер есебінен мектеп формасы мен оқу құрал жабдықтары берілді. Мектеп мұғалімдері демеушілігімен 10 оқушыға қаржылай көмек көрсетілді.

Майдантал ауылдық округінде «Ауыл аманаты жобасы» бойынша Ынталы, Қаражон және Егізқара елді мекендерінен несие алуға 40 тұрғынынан өтініш түсіп, оның ішінде 31 өтінім «Ырыс» мекемесіне өткізілді. 21 өтінім мақұлданып, 15 азамат қазіргі таңда қаржыландырылды. Ауылдық округте «Сапа-СПК» ауылшаруашылық кооперативі құрылып, 27,600 млн.т несие «Ауыл аманаты жобасы» бойынша қаржыландырылды. Қазіргі таңда «Сапа-СПК» ауылшаруашылық кооперативі Қытай елінде шығарлыған ҮТО-LX954 тракторы және МТЗ-Казакстан ЖШС шығарған Беларус 920 тракторы қосалқы жабдықтармен алынып жұмыс жүргізуде.

Майдантал ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 73258,47 га.  Ауыл округінің жалпы ауылшаруашылық жері – 53630,39  га. оның ішінде:

  1. Егістік жер – 3368,84 га, оның 2290,64 га суармалы егістік жер.
  2. Жайылым жер — 49669,80 га, оның ішінде 6060 га елді мекенге ортақ мал жайылым жерлері. Қазіргі таңда 10 000 га жер теліміне ортақ жайылымға алу бойынша қаулысы шыққан, мемлекетттік акт алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек округтегі ауыл шаруашылық мақсатындағы жайылымдық жерлерді ортақ жайылымға қайтару үшін ауыл қауымдастық мүшелерінің жиынындағы ұсынысы бойынша жалпы көлемі 3802 гектар болатын жайылым жерді аудандық жер қатынастары бөліміне ұсынылып, аудан әкімінің қаулысы шыққан және қайтару жұмыстары жүргізіліп  жатыр.

3.Су қоры жері-560,0 га

4.Өнеркәсіп,байланыс,қорғаныс және өзгеде а/ш мақсатына арналмаған жерлер — 66,46 га

5.Орман қорының жерлері – 10015,90 га

6.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері – 20,5 га

7.Өзге жерлер – 591,75 га

 Округке қарасты 3 елді мекеннің жалпы жер көлемі – 886,17 га.

Оның ішінде:

1.Ынталы елді мекенінің жалпы ауданы – 580,0 га

2.Қаражон елді мекенінің жалпы ауданы – 250,50 га

3.Егізқара елді мекенінің жалпы ауданы — 55,67 га

2023 жылы жоспар бойынша 1470 га жерге ауылшаруашылық дақылдарын егу жұмыстары жүргізілді .

Ауыл шаруашылығы мақсатында көктемгі дала жұмыстарына 135,0 тонна жеңілдетілген жанар жағармай шаруа қожалықтары төменгі бағамен алынды.

 

 Майдантал ауылдық округінде 2023 жылы салынған нысандар мен жүргізілген жөндеу жұмыстары.

  1. Ынталы елді мекені Жангелдин көшесіне жарықтандыру жұмыстарына 18 872,2 мың теңгеге ашық конкурс өткізіліп, жеңімпаз анықталып жарық бағаналары орнатылды.

2.Ынталы-Егізқара елді мекені 5 км авто жолына орташа жөндеу (тас төсеу) жұмыстарына  мердігер анықталып, 19 540 000 теңгеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

3.Қаражон елді мекені орталығына қосалқы құрылғыларымен ( 1 дана қуаттылығы 160 кВА трансформатор орнату) және Ынталы елді мекені орталығына қосалқы құрылғыларымен (1 дана қуаттылығы 160 кВА трансформатор орнату) жұмыстарына  сметалық құны 22 000,0 мың теңге болатын  тарансформаторлар қойылды.

 

  1. Ынталы елді мекені жоғарғы бөлігіне су мұнарасына (водобашня) су құбырын жүргізу. Сметалық құны 21000,0 мың теңге, мердігер анықталып, 170 тұрғын үйауыз сумен толық қамтамасыз етуге аталған аймақтағы су мұнарасы (водобашня) іске қосу жұмыстары жүргізілуде.
  2. Қаражон және Ынталы елді мекеніндеріндегі Құсшы ата, Ақсарай, Қазыбек би және Қонаев көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

 

Майдантал ауылдық округінде 2024 жылы салынатын нысандар мен жүргізілетін жөндеу жұмыстары.

  1. Майдантал ауылдық округіне қарасты, Ынталы елді мекенінен 600 орындық балаларға арналған  «Жайлы мектеп» жобасы бойынша құрлысы басталады.
  2. Ынталы елді мекеніндегі Б.Момышұлы, І. Жансүгіров, Т. Рысқұлов көшелеріне  (орташа жөндеу) асфалть жол төсеу жұмыстары жүргізіледі.
  3. Қаражон елді мекеніндегі Төрткүл, Ақсай, Құсшы ата, Ақсарай көшелеріне (орташа жөндеу) асфалть жол төсеу жұмыстары жүргізіледі.
  4. Ынталы-Егізқара елді мекеніне 6 шақырым авто жолына орташа жөндеу (тас төсеу) жұмыстары жүргізіледі.

           

Майдантал ауылдық округі бойынша өзекті мәселелер де жоқ емес. Тұрғындардың талап тілегі бойынша:

Қаражон елді мекенінде интернет оптикалық интернет желісін орнату қажет.

— Бас жоспар жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу қажет ( тұрғын үй жері кезегінде тұрған 256 азамат).

  • Майдантал ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі ұялы байланыс интернет желісін жақсарту қажет.

— Майдантал ауылық округінің орталығы Ынталы елді мекенімен Қаражон елді мекені арасындағы 7 шақырым автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

—   Майдантал ауыл округіндегі Ынталы елді мекеніне таудан келетін жер асты транзитке су құятын 5 шақырымды құрайтын тас арықты (лоток) күрделі жөндеуден өткізу қажет.

— Ауыл шаруашылығы егіс алқабына баратын тасарықты (лоток) күрделі жөндеуден өткізу қажет.жалпы ұзындығы 12 шақырым.

Жалпы алғанда ауылдың әлеуетті артып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен Президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар халықтың қолайлы өмір сүруі мен ауылдардың өркендеуіне өз септігін тигізуде. Майдантал ауылдық округін дамыту мен тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын орындау да басты назарда болады…

@ Майдантал ауылдық округінің әкімі Жандос Досболов