– Бұл – облысымызда туберкулезге қарсы күресті күшейтудегі маңызды қадам. Біз әртүрлі ведомстволар мен азаматтық сектордың күш-жігерін біріктіру арқылы қаупті дерттің таралуын шектей аламыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған туберкулезді бақылаудың барлық заманауи тәсілдері Түркістан облысына да енгізілген. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан медицина саласына толық қолдау көрсетіледі, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Архив за месяц: Ноябрь 2024
ОТЫРАРДА САТТАР ЕРУБАЕВТЫҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ
Биыл қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында адуынды ақын, дарынды жазушы, публицист әрі журналистика саласының майталман маманы атана білген Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толды. Осы орайда жыл басынан бері Түркістан өңірінде көптеген мәдени-танымдық іс-шара өткізіліп, Саттар мұралары дәріптеліп келеді.
Бұл үрдіс ақынның кіндік қаны тамған Отырар ауданындағы Қарғалы ауылында жалғасып, Саттар Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте жыр мүшәйрасы мен ғылыми конференция өткізілді. Іс-шараны «Отырар әдебиеті және өнері» қоғамдық бірлестігі, аудандық білім бөлімі, мектеп ұжымы, қаламгердің туған-туыстары мен ауыл тұрғындары бірлесе ұйымдастырған.
Саттар Ерубаевтың өмірі, еңбек жолы мен шығармашылығы кеңінен насихатталған іс-шараға ақынның немере қарындасы Ұлжалғас Есім, «Саттартану» оқулығының авторы Дана Жуандықова, «Игілік ата» қоғамдық қорының төрағасы Нассень Қожабай, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Дархан Ембай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай, Қарғалы ауылдық округінің әкімі Еркеғали Жұмабек арнайы қатысты. Жиынға келушілер алдымен мектеп ауласында орналасқан Саттар Ерубаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Содан соң, Түркістан қаласында орналасқан Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени мұражайдың көрмесін тамашалап, ары қарай іс-шара екі бағыт бойынша жалғасты.
«Тұлғаңды таны, тарихыңды құрметте» тақырыбы аясында өткізілген жыр додасының іріктеу кезеңіне Шымкент, Түркістан қалалары мен Отырар ауданынан отызға жуық ақын қатысып, олардың оннан астамы ақтық сынға жолдама алған. Қорытынды кезеңге қатысушылар сахна төрінде Саттар Ерубаевқа арнаған және еркін тақырыптағы өлеңдерін оқып, арнайы жасақталған қазылар алқасы жыр жүйріктерін анықтады. Нәтижесінде Жүсіпәлиева Гауһар, Мұратова Раушан, Оразәлиева Жадыра, Табылхан Рена, Дидар Зиядын, Бектұрған Мейірхан, Сауран Беридияр мен Мағжан Қанжігіт арнайы марапатқа ие болса, Тінейбай Құралай мен Айсүйкім Ізбасар үшінші орынды өзара бөлісті.
Екінші орынға Қалтайқызы Айгүл мен Бекжан Ақсақалов лайық деп танылса, бірінші орын Нұрғали Сердәлиевке, ал бас бәйге отырарлық Бауыржан Мейірханұлына бұйырды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Айта кету керек, жыр бәйгесіне қатысқан ақындардың өлеңдері облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының қолдауымен арнайы кітапша болып жарық көрді. Мүшәйраға қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған.
Сондай-ақ, «Жарқ еткен сәуле ғұмыр» тақырыбы бойынша өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияға аудандағы бірнеше мектептің оқушылары ғылыми жұмыстарын ұсынған. Мұндағы мақсат – Саттар Ерубаев шығармашылығын дәріптеу, қазақ руханиятына қосқан үлесін насихаттау және шығармаларының бүгінгі күндегі маңыздылығын айқындау. Ғылыми конференция қорытындысына сәйкес, Т.Ибрагимов атындағы мектептің оқушысы Әбдіхамитқызы Кәусар мен С.Әшіров атындағы мектептің оқушысы Қалдыбай Таңшолпан үздік үштікті түйіндесе, С.Ерубаев мектебінің оқушысы Сартай Толқын мен Жамбыл Жабаев мектебінің оқушысы Қалдан Нұрасыл екінші орынды місе тұтты. Ал, бірінші орынды Отырар жалпы орта мектебінің оқушысы Әшірбай Раяна иеленді. Оқушыларға арнайы диплом мен электронды құралдар табысталды.
ОРДАБАСЫДА ЖЫЛЫНА 90 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
ТҮРКІСТАНДА ЕЛ БІРЛІГІ МЕН РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.
Жиын барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өңірдегі татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтарды марапаттады.
Іс-шара аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы таяуда Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығының иегері атанған белгілі жазушы, әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбекке құрмет көрсетіп, облыс әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.
Келелі жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалімен ҚХА мүшесі, Қазығұрт аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Жавлон Сәбитов және ҚР Президентінің Алғыс хатымен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, Жетісай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Рахила Басымбекова марапатталды.
Сондай-ақ Түркістан облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Яша Чилингаров пен Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, ҚХА мүшесі, «Қызмет» газетінің бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова және «Turkistan Media Holding» ЖШС басқарушы директоры, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі Тельман Бейсенге ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хаты табыс етілді.
Жиын соңында марапат иелері береке-бірліктің арқасында елді өркендету ісіне атсалыса беретіндіктерін жеткізді.
Сауранда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау қарқынды жүріп жатыр
Мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру арқылы жастарды және жұмыссыз азаматтарды еңбекке тартуға, жаңа жұмыс орындарына орналастыруға және өз кәсібін бастаймын дегендерге қолдау көрсету маңызды шаралардың бірі. Осы мақсатта Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” мен аудандық мансап орталығының мамандары қарқынды жұмыс жасап келеді. Жалпы жастарға және жұмыссыз азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, NEET санатындағы жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында Сауран ауданының Ораңғай ауылдық округінде Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Жолдасбекова үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіріп, брошюралар таратты.
Жастар мен тұрғындарға жалпы мемлекеттік бағдарламалардың ішінде «Серпін-2050», «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы және «2,5% несие алу » бағдарламалары түсіндірілді. Сонымен қатар, «Бастау бизнес» жобасының тиімді бағыттары мен мемлекеттік грантты қалай алуға болатыны жөнінде айтылды.
Жалпы қазіргі уақытта грант ұтып алу үшін арнайы мәртебеге ие болып, «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін үйрету курстарын аяқтап, жобаны комиссия алдында қорғау қажет. 2024 жылдан бастап бизнесті ашуға және дамытуға 5 миллион теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар тек әлеуметтік кәсіпкерлерге және «Бір ауыл — бір өнім» жобасының финалистеріне ғана берілетін болды. Мемлекетте жаңартылған ережелермен кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасы қабылданды. Осы орайда мемлекеттік грант алушыларға қандай талаптар қойылатынын және қандай құжаттарды жинау керек екені жөнінде атап өтсек. Грант шикізат пен материал сатып алуға, құрал-жабдық жөндеуге және жаңадан сатып алуға беріледі, технологияларға, франшизаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына үміткер мына шарттарды орындауға міндетті. Біріншіден өз қаражатынан кем дегенде 20% қосу, екінші бөлінген бюджетті мақсатына сай шоттан шотқа аудару арқылы жұмсау және жаңа жұмыс орындарын ашу. Осылайша, мемлекет бағдарлама ауылдардағы кәсіпкерлер мен жұмыс орындарының санын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
» — Егер үміткер қаражатты кредиттерді төлеуге, үй салуға немесе үй сатып алуға, жер учаскесін сатып алуға, жалақы төлеуге, жалдау ақысын төлеуге және акцизделетін өніммен байланысты бизнеске жұмсағысы келсе, онда өтініші қабылданбай қалып, грант та берілмейтін болады. Мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушылар тізімінде тұрған, несие бойынша берешегі және төленбеген салықтары бар, мемлекеттік грантқа бұрын ие болған кәсіпкерлерден өтініштер қабылданбайды. Бизнес-жобаны іске асыруға грант берілген сәттен бастап 18 айға дейін беріледі. Бұл бағытта мерзімі 3 жылдан аспаған әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін немесе «Бір ауыл — бір өнім» бағдарламасына қатысуын растайтын құжат. Мерзімі 3 жылдан аспаған «Бизнес бастау» кәсіпкерлерді даярлау курстарын аяқтау туралы сертификат. Жеке кәсіпкерліктің есеп шотынан алынған банк көшірмесі. Шарт бойынша сіз жобаға өз ақшаңызды да қосуыңыз қажет. Яғни, шотыңызда грант мөлшерінің 20%-нан артық ақша болуға тиіс. Мысалы, егер сіз мемлекеттен 4 млн теңге мөлшерінде грант алатын болсаңыз, онда шотыңызда кемінде 800 мың теңге жатуға тиіс. Сөйтіп, жалпы алғанда, сіз 4,8 млн теңге жұмсайтын боласыз. Бизнес-жоспар — бұл сіздің бизнесіңізді дамытуға, сондай-ақ, бөлінген ақшаны жұмсауға байланысты жоспарларыңыз бен болжамдарыңызды қамтитын құжат. «Бастау Бизнес» кәсіпкерлерді даярлау курстарын аяқтау туралы сертификат — грант алуға үміткерлердің барлығы үшін міндетті шарт. Оқу Skills Enbek платформасында тегін өтеді. Аймақтардың өтінім беру кестелері өтініш беру мерзімінің басталуына 5-7 күн қалған кезде еш ескертусіз жарияланады, сол себепті, оны өзіңіз тексеріп отыруыңыз қажет. Егер сіздің кестеден табылмаса, онда өтініш қабылдау мерзімі әлі белгісіз деген сөз. Өтінішті уақытында беріп үлгеру үшін мына үш құжатты алдын-ала дайындап қойған дұрыс.Олар: Жобаның бизнес-жоспары; Қаржы есебі және шығындардың болжамы; «Бастау Бизнес» оқуын аяқтау туралы сертификат. Қызметкерлер саны туралы анықтаманы дайындауға немесе ЭҚЖЖ-ны өзгертуге екі-үш күн де жетеді, ал бизнес-жоспар жазу біраз уақыт алады: оны ойланып, зейін қойып құрастыру керек. Бизнес-жоспардың үлгісін «Атамекен» ҰКП-дан сұрап алуға болады.» — деді Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Жолдасбекова
Жалпы мемлекеттік грантқа берілген өтініштен кейін үміткерге жобаны комиссия алдында қорғау күні, уақыты және орны жазылған хабарлама беріледі. Жобаны қорғау үшін комиссияға өтініш берушінің өзі баруы қажет. Қорғау алдында жоба туралы презентация дайындап, оның электронды нұсқасы мен қағазға басылған бірнеше көшірмесін алу шарт. Жобаны қорғауға 5–7 минут беріледі. Айтанын мәтін мен алдын-ала дайындалып, жоспарлар бен үміттерді нық түрде айтып беру, болашақ кәсіпкердің мүмкіндігіне жол ашады. Сондықтан, комиссия өз шешімін үміткердің сенімді түрде жобаларын таныстыруына назар аударады және тиісті шешімін қабылдайды. Грант ұтқан жағдайда «Атамекен» ҰКП сізбен үш күн ішінде келісімшарт жасасып, келесі үш күн ішінде жеке кәсіпкердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік иесінің есеп шотына қаражат аударады.
Мемлекеттік грантты ұтып алу ықтималдығын арттыру бойынша басты көңіл бөлетін жағдайлар бар. Яғни, гранттар әлеуметтік бағыттылық, бәсекеге қабілеттілік және жобаның іске асыруға дайындығы дәрежесіне қарай іріктеледі. Мемлекет ауыл тұрғындары мен халықтың әлеуметтік осал топтарына табыс табуға мүмкіндік беретін, жаңа жұмыс орындарын ашатын жобаларды қолдауға дайын. Мысалы, «Бір ауыл — бір өнім» жобасының финалистерінің бірі бұрын өртеп тастайтын қой мен түйе жүнін қайта өңдеуді қолға алған. Бұл киімдер, ойыншықтар, тұрмыс заттары сияқты қолдан жасалған бұйымдар шығарылатын жүз пайыздық жергілікті шикізат. Міне осындай бастамалар кәсіпті де өркендетуге және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Басты ескеретін жайт ақшаның мақсатқа сай жұмсалғанын тексеру басты назарда болады. Алғашқы тексеру орта есеппен үш ай өткеннен кейін өтеді. Комиссия мына үш шарттың дұрыс орындалуын тексереді: шығындардың белгіленген мақсатқа сәйкестігі, қызметкер штанының өсуі және салық декларациялары. Мысалы, сіз қаржы болжамдарында жобаның орындалу мерзімдерін 2024 жылғы қаңтардан маусымға дейін белгіледіңіз дейік. Егер сіз наурыз айында екі қызметкер аламын деп жазсаңыз, онда наурызда міндетті түрде еңбек.кз сайтында екі адамды тіркеу керек. Егер екінші тоқсанның соңына құрал-жабдық сатып алу жоспарлаған болсаңыз, онда аталмыш құрал-жабдық маусым айында жеткізілуге тиіс.
Комиссия ақшаны бизнес-жоспарда жазылған мақсатта жұмсалғанын тексереді. Бұл кезде олар сатып алынған заттарды суретке түсіріп, шығындарды растайтын мына құжаттардың көшірмелерін алып кетеді. Олар сатып алу-сату келісімшарты; төлем шоты; төлем тапсырмасы; электронды шот-фактура; тауарлардың жөнелтпе құжаты немесе орындалған жұмыстар актісі. Бұл құжаттарды көшірме түрінде тапсырған жөн: олардың түпнұсқаларын ешкімге бермей, өзіңізде сақтаңыз. Сонымен қатар, құжаттарды тапсырар кезде қабылдау-тапсыру актісін дайындап, барлығын сол акті арқылы тапсырғаныңыз дұрыс болады. Бөлінген қаражатты шоттан қолма-қол ақша түрінде шешіп алуға болмайды. Барлық төлемдер тек ЖК немесе ЖШС шотынан басқа шотқа тікелей жіберіліп төленуге тиіс — ол шығындарды растау үшін қажет. Ақшаны мемлекетке қайтару керек болатын жағдайлар да кейде туындап қалады: мысалы, егер сіз қаражатты уақытында жұмсамасаңыз, немесе сатып алған кезде тауардың бағасы өзгерсе, немесе қажет тауар еш жерде табылмаса, мемлекетке ол туралы жазбаша түрде хабарлап, қалдық ақшамен не істеу керегі туралы ресми жауап алу керек.
Жалпы, ақшаны бизнес-жоспарда жазылмаған кез келген шығындарға жұмсау үшін әкімдіктен алдын-ала келісім алу керек, яғни, алдымен рұқсат алып, содан кейін ғана ақшаны жұмсай беруге болады. Егер әкімдік рұқсат етпесе, ақшаны мемлекеттің транзит шотына қайтару керек. Оның реквизиттері сізге жазбаша түрде жіберілетін болады. Содан кейін қағазға төлем тапсырмасын басып шығарып, қалған құжаттарға қоса сақтап қою қажет. Бұл да қаражаттың басқа мақсаттарға жұмсалмағанын растау үшін керек болады.
Жастарды жұмысқа тарту, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру маңызды
Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Д.Сырлыбай жастарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарын жүргізді. Кездесуде маман жастарды жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктерді атап өтіп, жастар мен тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін таныстырды.
Мысалы, «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы. Бұл бағытта жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жалақысы субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орнын құрады. Әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыс уақытша сипатқа ие, қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы төлеуді жұмыс беруші нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерді негізге ала отырып жүзеге асырады. Мемлекет жұмыс беруші белгілеген жалақы мөлшерінің 35%-ын, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мөлшерін субсидиялайды.
Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына тоқталсақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға» жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк тағайындалды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады. «Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және электронды кілт көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.
Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда). Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады). Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.
Енді «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуы тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара. Банктің клиенттері бола отырып, олар кредит талаптарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады. Банктің клиенті болудың мынадай бірнеше тәсілі бар:
— Otbasy bank мобильді қолданбасын жүктеп, оның көмегімен ағымдағы шотты және депозитті ашу; — ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу; — жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу.
«Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады. Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.
“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Д.Сырлыбай Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округінің жастарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіп, «Серпін-2050», «Жастар практикасы», «Бастау бизнес», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы, «2,5% несие алу » бағдарламалары бойынша түсіндіріп, брошюралар таратты.
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, NEET санатындағы жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру маңызды шаралардың бірі.
Айта кетейік былтыр қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа заң бойынша жастар ұғымы 35 жасқа дейін ұлғайып, енді халықтың үштен бір бөлігі жастар санатына жататын болды. Осылайша, елімізде бұл санатқа кіретін азаматтардың саны бірден 6 миллионға дейін жетті. Жастар жасы ұлғайғандықтан, тағы 2 миллионнан астам азамат жеңілдігі бар мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруге мүмкіндік алды. Мысалы, жұмыспен қамтуға байланысты «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Серпін», «Жастар – ел тірегі», «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламалары да 35 жасқа дейінгі азаматтар үшін қолжетімді болды. Жаңа заң аясында 3,3 миллионнан астам адамды, оның ішінде 2,3 млн жасты жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіруге бағытталған заң жобасына жастардың даму индексі және уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санаты) ұғымы енгізілді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының түлектері үшін «Жастар практикасы» (6 айдан 12 айға дейін, 25-тен 30 АЕК-ке дейін) және «Алғашқы жұмыс орны» (12-ден 18 айға дейін, 20-дан 30 АЕК-ке дейін) ұйымдастырылып, аталған жобалардың ұзақтығы мен жалақысы ұлғайтылды. Мәселен, бұрынғы немесе жаңа мамандық бойынша тәжірибе болмаса да 35 жасқа дейінгілер «Жастар практикасына» қатыса алады. Яғни, NEET санатындағы жастардың мемлекеттік қолдау алуына мүмкіндік жасалды. Аталған іс-шаралар 177 мыңнан астам жасты жұмысқа (оның ішінде 107 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарына) орналастыруға мүмкіндік берді. Мәселен, «Бастау бизнес» жобасы аясында 70 мыңға жуық жас онлайн-оқытудан өтсе, «Жасыл ел» жобасы бойынша 2025 жылға дейін жыл сайын ақылы маусымдық жұмысқа 30 мың жас жұмылдырылатын болды. Осылайша, жас кәсіпкерлердің үлесін 20 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жастарға жеңілдікпен шағын несие берудің жаңа тетігі енгізілді. 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен 5 млн теңгеге дейін несие ала алады. Осы бастаманы іске асыруға бюджеттен 28 миллиард теңге қарастырылған және 2023 жылы 6 мыңға жуық шағын несие беру жоспарланып отыр. Мұндай несие өз ісін бастағысы келетін не кәсіпкерлікпен, оның ішінде тауарлар өндірумен немесе сатумен, жұмыстарды орындаумен және қызметтер көрсетумен, жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндірумен айналысқысы келетіндерге тамаша мүмкіндік.
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА — ҚОЛАЙЛЫ МҮМКІНДІКТЕРДІҢ БІРІ
Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Н.Калдыбекова жастарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарын жүргізді. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, NEET санатындағы жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында Сауран ауданының Майдантал ауылдық округінің жастарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды. Кездесуде жастарды жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктерді атап өтті.
Жастар мен тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде: «Серпін-2050», «Жастар практикасы», «Бастау бизнес», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы, «2,5% несие алу » бағдарламалары түсіндірілді.
Жастар практикасы
Түлектерге алған кәсібі (мамандығы) бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу үшін еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыспен қамтуға – 12 айға дейінгімерзімге жастар практикасын өтуге жәрдемдесу шарасын ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 5 жыл ішінде бітірген және 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатысушылар ретінде белгіленеді. Жастар практикасын өту үшін жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс. Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Жастар практикасына қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгіну тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
- Еңбек кітапшасы (бар болса).
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы
Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз түлектерге, 35 жастан аспаған жастар, жұмыс тәжірибесі жоқтар қатарынан жүзеге асырылады. Оқу орындарының түлектері үшін “Алғашқы жұмыс орны” жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен келісім негізінде қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге жұмысқа орналастырады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
- Білім туралы құжат (бар болса).
«Ұрпақтар келісімі» жобасы
Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды, оның ішінде білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды іске асыру шеңберінде еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қатысушыларды зейнеткерлік жасқа жеткен белсенді жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен шарт негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 6 ай мерзімге жұмысқа алады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін).
- Білім туралы құжат (бар болса).
Жастар практикасына, «Брінші жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу үшін «электрондық үкімет» веб-портал және www.enbek.kz Электрондық еңбек биржасы арқылы мансап орталықтарына жүгінбей-ақ өтінім беруге болады.
Сауранға тартылған инвестициялар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді
Жаңа жұмыс орындарын ашу халықтың әлеуетін арттырып, аймақтың дамуына оң серпін берері сөзсіз. Ол үшін жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету маңызды мәселе. Мемлекет басшысы да Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өткен болатын. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Осы тапсырманы негізге ала отырып, Сауран ауданы әкімдігінің бастамасымен бизнес өкілдерінен құралған делегациясы ҚХР-ға арнайы іс-сапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу және жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жұмыс орындарын көбейту болып табылады.
Саурандықтар бірінші кезекте Боро-Тала қаласындағы Арасан ауданының кәсіпорындарын аралап көрді. Балық шаруашылығы, саңырауқұлақ өндірісі мен тәтті жүгері өндірісінің жұмыстарымен танысты. Қытайдағы аква мәдениет негізінен жергілікті халықтың күріш өсіруі кезінде дамыған. Қытай әлі күнге дейін әлемде бұл кәсіп саласы бойынша алдына жан салмай келеді. Себебі, қазір әлем бойынша ең табысы мол бизнестің түрі осы балық шаруашылығына тиесілі. Аталған қалада балық өсіру кеңінен қолға алынған. ”Салқын су” балық шаруашылығында бекіре, форель, янтарь балық түрін өсіреді. 30 жылдан астам дәл осы кәсібпен айналысқан шаруа қожалықта бекіре балықтың ұзындығы 4-5 метрге дейін жетіп, салмағы 90 келіден асатын балықтар бар.
Делегациясының іссапары әрі қарай Қарабұқа ауылында жалғасты. Аумақта жүгері өсіру және өңдеу әлеуеті жоғары. Онда ауқымды “Шин ноң”тәтті жүгері өндіріс кооперативі жүгеру зауыты жұмыс жасайды. 350-400 гектар жерге жүгері егіп, бір маусымда экспортқа шығарады. Делегация құрамына өнімді өсіру мүмкіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар, “Кен юань”саңырау құлақ өндірісінің жұмысы таныстырылды. Қытай халық республикасында 22 түрлі саңырауқұлақ өнімдерін тұтынса, мұнда оның 11 түрі өсіріліп, сатылымға шығарылады. Сапардың екінші күні саурандықтар мақтаны тереңдетіп өсіру, тұқым өндіру және оны өңдеу, жіп шығару технологиясымен танысты. Арасан қаласының шаһар басшылығымен екі жақты кездесу өткізіп, Түркістан облысына келуге шақырды. Нәтижесі бойынша Қытайдың бай тәжірибесі негізінде Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алдағы уақытта бірнеше зауыт-фабрикалар жұмыс істейді деген жоспар бар.
Өңірге инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу бағытында саурандық делегация Чыңду ауданы, Шиньжин қаласындағы «СITICO» өндірістік зауытының жұмысымен танысқан болатын. Онда зауыттың әлеуеті таныстырылып, барлық мәліметер ұсынылды. Әлем бойынша ең табысы мол бизнестің түрі болып табылатын балық шаруашылығына қажетті өнімдер өндірілуде. Атап өтетін болсақ, зауытта 60-тан астам балық жемдерін әзірлеуде. Аталмыш нысанның қуаттылығы жылына 500 мың тонна балық жемдерін өндіреді. Ішкі нарықта сұраныс жоғары болғандықтан өнімдерін импорттаумен қатар, шет ел мемлекеттеріне де эспорттауда. Делегация тарапынан, компанияның дайын өнімдерін шығару бойынша жұмыстарымен тәжірибие алмасты. Балық өнімдерін өндірумен айналысуға ниетті бизнес өкілдеріне компанияның қолданып жатқан жабдықтарының тиімділігі мен жабдықтардың технологиясы бойынша ақпараттарымен бөлісті.
Мұндай іс-сапар Сауран ауданында жаңа кәсіпорындардың ашылуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына өзіндік септігін тигізеді. Себебі жергілікті кәсіпкерлер дамыған елдердің тәжірбиесі арқылы жаңа жобаларды жүзеге асырмақ.
Жалпы өндірісі дамыған елдермен байланысты арттыру тың идеялар мен жаңа бастамаларға жол ашуда. Мысалы күні кеше Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Іс-шараға отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты. Ең алдымен халықаралық форумға келушілер назарына көрме ұсынылды. Онда инвесторларға Түркістан өңірінің қолөнері, туристік дестинациялары таныстырылып, таза табиғи ауыл шаруашылығы өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ облыста жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар да таныстырылды.
Олардың қатарында Сауран ауданының көрсеткіштері мен мүмкіндіктері де айтылды. Форум аясында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтымақтастықтың орталығы» тақырыбында мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті.
– Бүгінгі форум жаңа бастамаларды және инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған маңызды алаң. Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам ірі компания өкілдері қатысуда. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин осы күнге дейін бірнеше рет кездесіп, екі жақты қатынастарды дамытуға бағытталған аса маңызды құжаттарға қол қойған. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс нығая түсуде. Соңғы 20 жылда Қытайдан тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 44 млрд. АҚШ долларын құрады. Түркістан облысы құрылғаннан бастап, Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 110 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылды. Түркістан облысының әлуеті өте жоғары. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, туризм және барлық салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Өңірде инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар ғимараттарды ұсынатын индустриалды аймақтар және дайын ғимараттар орнатылған шағын өнеркәсіптік парктер бар. Жоғарыда аталған инвестициялық алаңдарда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамын, – деген Дархан Сатыбалды өңірдің инвестициялық әлеуеті туралы кеңінен баяндады.
Пленарлық отырыс барысында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Люй И сөз алып, халықаралық іс-шараның елдер арасындағы достықты нығайтудағы маңызы туралы айтты. Сонымен бірге спикерлер қатарында ҚР Ауыл шаурашылығы министрлігі мен кәсіпкерлік саласының өкілдері де болды. Форум жұмысы әрі қарай тақырыптық панельдік отырыстарға жалғасты. Халықаралық маңызы бар құжаттарға қол қойылып, ынтымақтастық арта түсті.
Айта кетейік, Түркістан облысында негізгі каптиталға тартылған инвестиция көлемі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 972 млрд теңгені құрап, триллионға жуықтаған. Бұл көрсеткіштер аймақта өндірістің дамып, өнеркәсіптің дамып жатқанын айғақтайды. Әрі өңірде былтыр өңдеу өнеркәсібінде 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Халықаралық форумның негізгі мақсаты – Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру және өңірдің шет елдермен экономикалық байланыстарын нығайту. Инвестиция тартып, өндіріс орындарын көбейту болды.
Осылайша, жиын барысында жалпы құны 301 млрд теңгеден асатын 35 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл келісім аясында өңірде жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Айта кетейік, форум бизнес пен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Түркістан облысының халықаралық ынтымақтастықтағы стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. Жалпы Түркістан облысында 2027 жылға дейін жүзеге асатын 145 инвест жобаның пулы қалыптасқан. Бұл жобалар 17 мың жаңа жұмыс орнын ашып, өзіндік кірісті қосымша 100 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сондай-ақ өңірде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Онда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, облыста қазір өңірдің бар әлеуетін пайдаланып, дайын өнім шығаруға басымдық берілген. Осы мақсатта және өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе Қытай Халық Республикасына іс-сапарлар ұйымдастырылып жатыр. Оның нәтижесінде Қытай Халық Республикасының жаңа технологиясы және қытайлық инвесторлардың капиталымен бірқатар жобалар бастау алды. Ал өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады. Ірі жобалардың қатарында текстиль кластерін құру, күн және жел электростанциясының құрылысы сияқты ірі жобалар бар.
Жалпы өңірге инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында Сауран ауданының әлеуеті жоғары. Сонымен қатар ауданда мақта кластерін дамыту бағытында да жұмыс жүріп жатыр. Олардың қатарында «Казтекс» ЖШС-нің мақта өңдеу зауыты бар. Аталған зауытты салу, жаңа технологиямен қамту жобасы биыл басталған болатын. Тиісінше оған Түркиядан инвестиция тартылған. Жобаның құны –1500,0 млн. тенге, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна мақта өңдеу. Маусымдық кезеңдерде 150 адам жұмыспен қамтылса, 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жоба басшысы Туражан Саидовтың айтуынша, аталған ЖШС ұзақ жылдардан бері мақта шаруашылығымен айналысып келеді. Кейін шетелдегі серіктестері тарапынан заманауи мақта өңдеу зауытын салу туралы ұсыныс түскен. Түркиядан арнайы құрылғылар, мақта өңдейтін машиналар әкелінген. Бұлардың ерекшелігі – электр қуатын үнемдейді, әрі мақта талшығын сапалы етіп шығарады. Айта кетерлігі, Сауран ауданында бұрын-соңды болмаған құрылғылар сатып алынған. Ал 2025-2026 жылдары аталған зауыттың қасынан шитті өңдеп, май шығаратын цех ашу жоспарға енгізілген.
Расында Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамытуға күш салынуда. Жоғары сапалы шитті мақтаны өсіріп, оны өңдеуге ден қойылған. Өңірде мақта-тоқыма кластерін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Бұл бағытта жүйелі жұмысқа кіріскен кәсіпорындардың бірі — «Golden Cotton» мақта қабылдау және қайта өңдеу зауыты. Осыдан 2 жыл бұрын ашылған зауыт 4 гектар аумата орналасқан. Жоба құны – 789,0 млн. теңге. Мұнда жылына 12 мың тонна мақта өңдейді. Жергілікті тұрғындарды да жұмыспен қамтып отыр. Өндірілген өнімді Ресей, Беларусь және Қытай елдеріне сатуға шығарады. Былтыр 8 мың тонна мақта өнімін қабылдап, қайта өндеген. Кәсіпкер су үнемдеу технологиясының көмегімен 2025 жылы 1 мың гектар жерге жоғары сотты мақта тұқымын егіп, өнім сапасын арттыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, істен шыққан ескі қондырғыны сатып алып, оны жөндеуден өткізген Саидбек Жаппаров мақтаны қайта өңдеу цехын іске қосқан болатын. Кәсіпкер жылына 600 тонна мақтаны қайта өңдеп, өндірілген өнімді Қытай мен Түркияға сатады. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын қойма ашып қойған.
Айта кететін жайт, Түркістан облысында жыл сайын облыста 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Облыста егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде.Түркістан облысы елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылымдарда 70 мыңға жуық шаруалар еңбек етеді. Облыста жыл сайын 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналуда. Осыған орай облыста былтыр «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілген болатын. Оған сәйкес 4 бағыта, егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, мақта кластерін құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Нәтижесінде мақта бағасына да алдағы жылдары тәуелділік жойылатын болады.
Бұл бағытта Сауран ауданында ашылатын кәсіпорындардың да қатары басым. Жалпы ауданда 2024 жылдың III-тоқсанында ауданның жалпы өңірлік өнімі 78,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артқан. Көрсеткіш 2023 жылдың тиісті кезеңінде 78,2 млрд. теңге болған еді. Бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 765,9 мың теңгені құраған. 2024 жылдың 9 айында 59,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 100,3%-ды құрап отыр. Оның ішінде: мал шаруашылығында – 11 276,2 млн. теңге, өсімдік шаруашылығында – 47 724,3 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Үш жақты келісімге сәйкес, 2024 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында 112,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 102,5 пайызға жету көзделуде. Ауданда 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі былтыр 49,4 млрд. теңгені құраған. Биыл өнім көлемін 85 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Негізі Сауран ауданында биыл 37 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде жаңадан 800-ден астам жұмыс орны ашылып, тиісінше халықтың әлеуетін арттыру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Аудан экономикасының жандана түсуіне түрткі болатын жобалар қатарында «Turkistan Fruit» ЖШС-ң жеміс шырыны өндірісі де бар. Жоба құны — 4,5 млрд. теңге, онда 54 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылуда. Сондай-ақ, Шорнақ ауылынан қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қапшығын өндіретін «Sauran Plast» өндірістік кешені бар. Бұдан бөлек, Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС-і жалпы қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясының құрылысын басталған болатын. Жоба құны — 8 млрд.теңге. Айта кетерлігі, ауданға қарасты Шаға ауылдық округінде «SAURAN» индустриалды аймағы құрылған. Онда тоқыма, тігін, құрылыс материалдарын өндіру, электроника және ұсақ машина жасау, жиһаз өнеркәсптері шоғырлануда.
ЕСІК ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ 60 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА
Көзін тапқанға кәсіп көп. «Кәсіп ашып, жұмыс істеймін дейтіндерге» мүмкіндік те жоқ емес. Соның нәтижесінде өнімді шығаратын кәсіп иелері көбейіп, Түркістан облысынан шыққан өнімдерге де сұраныс арта түсуде. Атап айтсақ, Сауран ауданында Ресейдің сапалы есіктерінен кем емес ішкі есіктер шығарылып жатыр. Кәсіпкер ағайындылар Азизбек пен Бахадир Абдужалиловтар өндіріс цехын осы жылы іске қосқан.
«Люкс Двери» шағын цехтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев пен Еңбекші Диқан елді мекенінің тұрғындары және ауыл ақсақалдары қатысты. Аталмыш цехта 60 маман жұмыс жасап, жылына 150 мың есік шығарады. Бүгінде облыс және ауданның тұрғын үйлері мен ғимараттарға заманауи түрлі үлгідегі және әртүрлі көлемдегі есіктер сатылуда. Заманауи құрылғылармен жабдықталған цех өнімі сапалы, бағасы да қолжетімді.
« — Ауданнан бөлек, ауыл округінде есіктерге сұраныстың жоғары екенін аңғардым. Алдағы уақытта осы салада өнім өндіретін цехтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмын. Нар тәуекел етіп, бастаған ісім өрге басып, сұраныс артқан сайын жұмысымды өрістете бастадым. Қазір жаман емес, кәсібімнің арқасында жетістікке жетіп жатырмын. Сонымен қатар, ауыл әлеуетін арттырып, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтып отырған жағдайымыз бар. Жалпы Сауран ауданының экономикалық әлеуеті жақсарып келеді. Кәсіпкерлерге де мол мүмкіндіктер беріліп жатыр. Ауданда соңғы жылдары цехтар мен зауыттардың саны да артып келеді. Инвесторлардың да қатары артқан. Бұл кәсіпорындар үшін жақсы жаңалық. Себебі бәсекеге қабілеттілік қалыптасады. Әр түрлі тауарларға да сұраныс көбейеді. Бүгінде аудан тұрғындарының бизнеске деген қызығушылығы жоғары. Соның нәтижесінде, түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласы дамып жатыр. Өңірдің әлеуетін көтеруге бағытталған кәсіпкерлердің жұмыстарына аудан әкімдігі де әрқашан оңтайлы ұсыныстарын ұсынып жатыр. Бұған дейін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров дәл осы бастама негізінде Иассы ауылдық округінің кәсіпкерлерімен кездескен болатын. Онда аталған аймаққа кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қолдау көрсету мақсатында 12 гектар жер телімі бөлінгенін де мәлімдеген еді. Бөлінген аумақта 20-дан астам үлкен, кіші цехтар мен өндіріс орындары ашылатынын және алдағы уақытта кәсіпкерлермен меморандум түзіліп, құрылыс жұмыстары басталатынын жеткізген болатын. Міне, осындай жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп, ауданда кәсіпкерлік нысандардың саны бұрынғыдан да арта түсті.» — дейді цех иесі.
Мемлекет басшысы атап өткендей кәсіпкерлік саласы, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту, аймақтарға инвестиция тарту — бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағытта мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау да өте көп. Ол үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, қоғам үшін, өз туған жері үшін еңбектенемін, жұмыс жасаймын деген азаматтарға мол мүмкіндік беріліп жатыр. Ал, Сауран ауданында соңғы жылдары осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға белсене қатысып, өзінің шағын және орта бизнесін өркендетіп отырған аудан кәсіпкерлерінің саны күн санап көбеюде және табыстарын еселеп отырғандар да бар. Мұндай бастамалардың пайдасы жұмыссыздар санын азайтып, жаңа жұмыс көзін ашуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік Сауран ауданының әкімдігі бұған дейін қарашықтық жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге де арнайы 10 гектар жер беріп, жергілікті азаматтарға тиімді ұсыныстар жасап, бизнеске қолайлы жағдайлар жасаған болатын. Ал, аталған бастамаға дейін түрлі бағытты қолға алған кәсіпкерлер өздерінің үйіргелік жерлерінде өз жұмыстарын жасап келген еді. Қазіргі уақытта Қарашық ауылдық округінің көптеген кәсіпкерлері индустриалды аймақта цехтарының құрылысын бастап, бизнестерін дамытып жатыр. Ол үшін мемлекет тарапынан тиісті инфрақұрылымдар қамтылып, өңірлік бағдарламалар арқылы қолдаулар көрсетілуде. Тиісінше кәсіпкерлермен кездесуде облыс әкімінің бастамасымен Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров 21 кәсіпкерге арнайы орындарын белгілеп, цехтарының құрылыс жұмыстарын бастауға рұқсат берген болатын. Индустриалды аймаққа мемлекет тарапынан қажетті жұмыстар су, электр энергия тағы басқа шаруалар жүргізілуде. Аудан әкімі кәсіпкерлердің өнімдерінің сапасының жоғары екенін айтып, кәсіпті дамыту үшін қолдау көрсетілетінін де жеткізген еді. Осындай жаңа жоспарлардың жемісі – бүгінде аймақта шетелдік тауарлардан кем түспейтін сапалы, әрі әсем жиһаздар, үстелдер, тұрғын үйге қажетті есік, терезелер де нарыққа сатылымға шығарылып жатыр.
Есіктің қиюын келістіріп, әдемі дүние етіп шығару тек шын шебердің қолынан келеді. «Қимылдағанның қыр асатынын» жақсы білетін Азизбек пен Бахадир де кәсіптің осы түрін қолға алып, жетістікке жетуде. Кәсіпкерлер алдағы уақытта есіктердің түрлерін көбейтіп, цех әлеуетін арттырып, көрші облыс пен қалалардан тапсырыстарды қабылдауды жоспарлап отыр.
ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРАТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының бастамасымен, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен мемлекеткаралық игі жобалар жүзеге асырылмақ. Пилоттық жоба әзірге Қазақстанның 3 аймағында қолға алынып, оған халқы тығыз орналасқан Түркістан өңірі де еніп отыр. Түркістан өңірінде қазіргі таңда 2,2 миллионға жуық халық тұрады. Оның 850 мыңы еңбекке қабілетті. Алайда 46%-ы өзі-өзі жұмыспен қамтығандар санатына кіреді. Сондықтан біз үшін жұмыссыздықты азайту маңызды бағыт. Ел азаматтары көп жағдайда тіл меңгермегеннен, баратын елдің Заңдарын білмегендіктен, алаяқ әрі сенімсіз компаниялардың әсерінен түрлі кедергілер мен қателіктерге ұшырайтыны жасырын емес. Бұл бастама арқылы шетелден алдын ала сұраныстарды және бос вакансиялар алдын ала белгіленеді. Осы орталықтың ашылуына орай алғашқы топтарды оқыту басталды. Еңбекші-мигранттардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау, көші-қонның қауіпсіз әрі сенімді жүргізілуі, қатысушылардың білімін жетілдіру, өзге де ресурстармен қамтуды үйлестіру жұмыстары облыстық «Еңбек мобильділігі орталығына» міндеттеліп отыр. Әрине елшілікпен бірлесе атқаруға тиіспіз. Өңір тұрғындары осындай мүмкіндікті пайдаланғаны абзал, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.