Студенттер Ақсу–Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында кәсіби тәжірибеден өтті

Ақсу–Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығында студенттер үшін ұйымдастырылған кәсіби тәжірибе жұмыстары табысты өтті. Бұл тәжірибе жас мамандардың теориялық білімдерін нақты табиғи ортада қолданып, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік берді. Нақтырақ айтар болсақ, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің  «Қонақ үй» мамандығы бойынша 2-курс топ студенттері бөлімше қызметінің бағыты бойынша бизнес-жоспар құру мен оны орындау дағдыларын қалыптастыру және экологиялық туризмнің басымдылықтарымен танысу мақсатында тәжірбие алмасты.

Қазақстандағы ең көне қорықтардың бірі саналатын Ақсу–Жабағылы табиғи байлығы мол, биологиялық алуантүрлілігі жоғары аймақ. Осындай құнды табиғи мекенде тәжірибеден өту студенттер үшін ерекше мектеп болды. Қорық қызметкерлері жастарға қорықтың құрылу тарихы, қорғалатын аумақтың ерекшелігі, ондағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы кеңінен түсіндіріп, ғылыми-танымдық ақпараттармен бөлісті.

Тәжірибе барысында студенттер табиғатты қорғау жұмыстарына қатысып, экожүйенің сақталу маңызын түсінді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін бақылау, дерек жинау, талдау жасау әдістерін де меңгерді. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу бағытындағы бастапқы жұмыстарды тәжірибеде көріп, практикалық дағдыларын арттырып, экологиялық мәдениет пен табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдысын нығайтты.

Сонымен қатар жастар қорықтың ерекше қорғалатын аумақ ретіндегі мәртебесімен, табиғатты қорғау жөніндегі заң талаптарымен танысты. Әсіресе қызыл кітапқа енген сирек жануарлар мен өсімдіктерді сақтау мәселесінің маңызына ерекше көңіл бөлінді. Табиғат аясында жүргізілген тәжірибелік сабақтар студенттердің қызығушылығын арттырып, таңдаған мамандықтарына деген сенімін күшейтті.

Сондай-ақ студенттер экотуризм саласында бизнес–жоспар жасау және  табысты жобаның негізгі қадамдарын меңгеру бойынша да дәрістер алды. Табиғатты сақтай отырып, туристерге сапалы демалыс ұсыну – қазіргі заман талабы. Бұл сала бір жағынан табыс әкелсе, екінші жағынан табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, экологиялық мәдениетті нығайтуға үлкен үлес қосады. Сондықтан болашақ мамандарға экотуризм саласында кәсіп ашамын деген кәсіпкерлер үшін ең бірінші қажет құжат – нақты әрі жүйелі бизнес–жоспар екені айтылды.

«- Бизнес–жоспар – кез келген жобаның жол картасы. Ол кәсіптің мақсаттарын айқындап, қаржылық есеп жүргізуге, тәуекелдерді анықтауға және жобаның тұрақты дамуына мүмкіндік береді. Экотуризм саласында бизнес–жоспар, бұл табиғи аумақтарды тиімді пайдалануды жоспарлау және инфрақұрылымды дұрыс орналастыру. Туристік ағынды болжау мен экологиялық талаптарды сақтау және инвесторлар мен мемлекеттік қолдауды игере білу де маңызды. Экотуризм бойынша бизнес–жоспар жасаудың алғашқы қадамы – нарықты зерттеу. Ол үшін бірінші аймақтағы экотуризм нысандарын талдау қажет және оған келушілер санын білу маңызды. Сондай-ақ бәсекелестікті ұмытпаған жөн.  Жалпы келушілерді не қызықтырады деген сауал арқылы туристердің қажеттілігін анықтау, ішкі және сыртқы туризмнің сұранысын бағалау қажет.

Экотуризм бизнесі әртүрлі бағытта дамуы мүмкін. Бизнес–жоспарда жоба форматы анық көрсетілуі керек. Мысалы: экологиялық демалыс базасы; эко–лагерь, глэмпинг немесе этноауыл; тау–серуен бағыты; ұлттық парк аумағындағы экскурсиялық қызмет; экологиялық білім беру орталығы болуы мүмкін. Экобизнес үшін ең маңызды фактор – табиғи орта. Сондықтан жер таңдағанда табиғи объектілердің тартымдылығы мен қолжетімділік айқындап алыңыздар.Сонымен қатар бұл бағытта кәсіп бастау үшін табиғатты қорғау нормаларын қатаң сақтау қажет. Бұл талаптарды сақтау – жобаның заңдылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Экотуризмдегі табыстың негізгі бөлігі турист санымен байланысты. Сондықтан маркетингтік жоспар міндетті түрде болуы керек.Экотуризм саласында бизнес–жоспар құру жауапкершілікті, кәсіби талдау мен жүйелі жоспарлауды талап етеді. Бұл бағыт – болашақтың экономикасы. Табиғатты қорғап, халыққа пайдалы, экологияны сақтайтын бизнес жүргізу – бүгінгі уақыт талабы.» – деді дәріс берушілер.

 

Негізі практика – студенттердің теориялық білімін нақты өмірмен ұштастыратын маңызды кезең. Өндірістік және оқу тәжірибесі барысында студенттер алған білімдерін іс жүзінде қолданып, өз мамандығының жауапкершілігін терең түсінді.Сонымен қатар ұжыммен жұмыс істеу, уақытты тиімді пайдалану, тапсырманы дер кезінде орындау, жауапкершілік пен тәртіп сияқты маңызды қабілеттерді дамытты. Бұл бастама студенттердің тәжірибе жинақтауына, кәсіби шеберлігін арттыруына, болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ең бастысы – олар өз саласына деген қызығушылығын күшейтіп, таңдаған мамандықтарына деген сенімін нығайтты.

Ақсу–Жабағылы қорығында өткен бұл кәсіби тәжірибе студенттердің білімін толықтырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтті, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырды. Мұндай мүмкіндік болашақ мамандардың білікті, білімді және экологиялық жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуына үлкен серпін берері сөзсіз.

Отырар ауданы – қоғамдық келісімнің берік үлгісі қалыптасқан қасиетті өңір.

Отырар ауданы – тарих пен тағылым тоғысқан, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің берік үлгісі қалыптасқан қасиетті өңір. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан бұл өлке ежелден түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің тоғысқан мекені ретінде танылған. Сондықтан Отырар жерінде бейбіт өмір сүру, татулық пен өзара түсіністік – ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтына айналған. Бүгінгі таңда Отырар ауданының халқы бір мақсатқа жұмылған, ортақ жауапкершілікті терең сезінетін ынтымақты қауым болып отыр. Ауданда әртүрлі этнос өкілдері өмір сүріп, барлығы бір шаңырақтың астындағыдай тату-тәтті тіршілік етуде. Ұлтына, тіліне, дініне қарамастан, барша тұрғынды біріктіретін ортақ құндылықтар бар. Олар – туған жерге деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық, бейбіт өмірге ұмтылыс және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Отырар ауданындағы бірлік пен ынтымақтың негізінде қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары жатыр. Үлкенге құрмет, кішіге ізет, қонақжайлық пен кеңпейілділік – аудан халқының күнделікті өмірінен айқын көрініс табады. Бұл құндылықтар өзге этнос өкілдерімен өзара үйлесім тауып, ортақ қоғамдық мәдениетті қалыптастырған. Ауданда қоғамдық келісім мен татулықты нығайтуда мәдени-рухани іс-шаралардың маңызы ерекше. Мемлекеттік және ұлттық мерекелер, мәдени фестивальдер, концерттер, көрмелер мен спорттық жарыстар халықты ортақ алаңға жинап, достық пен ынтымақты бекемдей түседі. Мұндай шаралар адамдар арасындағы сенімді арттырып, өзара түсіністікті нығайтады. Сонымен қатар, Отырар ауданында бірлік пен ынтымақты сақтауда қоғамдық институттардың рөлі зор.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қағидаттары, қоғамдық кеңестер, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің өнегелі қызметі қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Ақсақалдардың ақылы мен өмірлік тәжірибесі, аналардың тәрбиелік өнегесі – жас ұрпақты адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеудің берік негізі. Бірлік пен ынтымақ еңбек саласында да айқын көрініс табады. Ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік салада әртүрлі ұлт өкілдері иық тірестіре еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Ортақ еңбек – ортақ жауапкершілік пен өзара сенімді қалыптастырып, қоғамды одан әрі біріктіре түседі.

Отырар ауданындағы бейбітшілік пен келісім – тек бүгінгі күннің жетістігі емес, бұл – болашаққа бағытталған берік негіз. Тұрақтылық пен татулық сақталған жерде даму болады, ал даму бар жерде халықтың тұрмыс сапасы артады. Сондықтан аудан тұрғындары үшін бірлік пен ынтымақ – ең қастерлі құндылықтардың бірі. Биыл Отырар ауданы өзінің құрылғанына 90 жыл толуын зор қуанышпен атап өтті. Бұл – аудан тарихындағы маңызды белес, өткенге тағзым жасап, бүгінгі жетістіктерді саралап, болашаққа нық қадам жасауға мүмкіндік беретін мерейлі кезең. Тоқсан жыл – бір ғана уақыт өлшемі емес, бұл – қажырлы еңбекке, елдікке, бірлік пен ынтымаққа толы шежірелі тарих.

Отырар ауданы – сан ғасырлық өркениет ошағының мұрагері. Тарихи Отырар қаласының рухани жалғасы болып табылатын аудан өткен 90 жыл ішінде талай сындарлы кезеңдерді бастан өткеріп, бүгінгі күнге дейін дамудың даңғыл жолына түсті. Осы уақыт аралығында ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірінде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Мұның барлығы – ел бірлігінің, халық ынтымағының жемісі. Отырар ауданының басты байлығы – оның берекелі бірлігі мен татулығы. Ауданда түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ұлтына, тіліне, дініне қарамастан, барша тұрғынды ортақ мақсат – туған жерді дамыту, елдің тыныштығын сақтау біріктіреді. Бұл – Қазақстандағы ұлтаралық келісім саясатының нақты көрінісі.

90 жылдық мерейтой – тек мереке ғана емес, бірлік пен ынтымақты тағы бір мәрте айқындаған тағылымды кезең болды. Мерейтой аясында ұйымдастырылған мәдени-рухани, ғылыми-танымдық және спорттық іс-шаралар аудан халқын ортақ қуанышқа ұйыстырып, елдік рухты асқақтатты. Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді ұлттық құндылықтар кеңінен дәріптелді. Отырардағы бірлік пен ынтымақтың негізінде қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары жатыр. Қонақжайлық, кеңпейілділік, сабырлылық пен татулық – аудан халқының өмір салтына айналған. Бұл құндылықтар өзге этнос өкілдерімен өзара үйлесім тауып, ортақ қоғамдық мәдениетті қалыптастырды.

Ауданның дамуына әр салада еңбек етіп жүрген азаматтардың үлесі зор. Ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салаларында қызмет ететін жандар ұлтқа бөлінбей, бір мақсат жолында еңбек етуде. Ортақ еңбек – ортақ жауапкершілікті қалыптастырып, қоғамды одан әрі ұйыстыра түседі. «Бірлік бар жерде – береке, ынтымақ бар жерде – ырыс» деген халық даналығы Отырар жұртының өмірлік ұстанымына айналған.

@Айдар Сейдазым – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облысындағы өкілі, Ақын

ТҮРКІСТАНДЫҚ КЕЛЕШЕК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ КИІМ БӨЛШЕКТЕРІНІҢ 3D МОДЕЛІН ӘЗІРЛЕЙДІ

Қазіргі заманғы білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырумен қатар, нақты өндірістік дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта № 34 жалпы білім беретін мектебінде AI көмегімен 3D модельдеу және тігін шеберханасымен интеграцияланған жаңа оқу жобасы іске қосылды.

Жоба аясында оқушылар жасанды интеллектті пайдаланып киім бөлшектерінің 3D моделін әзірлейді. Арнайы бағдарламалар арқылы дайындалған сандық макеттер 3D принтерге жіберіліп, одан лекалолар мен трафареттер басып шығарылады. Бұл әдіс дәстүрлі лекало дайындау процесін жеңілдетіп қана қоймай, оны әлдеқайда дәл әрі тиімді етеді.



Алынған 3D трафареттер көркем еңбек сабағында үлгі ретінде қолданылады, оқушылар бұйымның құрылымын, пішімін және өлшемдік пропорцияларын тереңірек түсінеді. Кейін осы трафареттер тігін шеберханасына жіберіліп, оқушылар нақты матадан дайын бұйымдарды тігуге кіріседі.
Жоба мақсаты – цифрлық технологияларды тәжірибелік оқытумен байланыстыра отырып, оқушылардың дизайнерлік ойлауын, инженерлік дағдыларын және тігін ісіне қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, бұл тәсіл оқушыларды заманауи өндіріс стандарттарымен таныстырып, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға ықпал етеді.

Бұл бастама болашақта мектептің STEAM бағытындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, оқушыларды жаңа технологиялармен жұмыс істеуге ынталандыратынына сенім мол.

«Үздік филиал» Шымкентте

Елордада «AMANAT» партиясының «ЖастарРухы» жастар қанаты үздік волонтерлер мен белсенділерді марапаттады. «Рухтастар» республикалық жастар сыйлығы қоғамдыққызметте белсенділік танытып, жастар саясатыныңдамуына қосқан үлесі үшін жыл сайынтабысталады. «Жастар Рухы» жастар қанатыныңШымкент қалалық филиалы республикалық«Рухтастар» жастар сыйлығында «Үздік филиал»атанды.

Бұдан бөлек «Жастар Рухы» қолдаушысыноминациясын талантты жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп жүрген спортшы, аралас жекпе-жек (ММА) шебері Арман Оспанов марапатталды.

Сондай-ақ «Белсенді рухтас» номинациясыбойынша Шымкент қаласының белсенді жасы Тұрсынбек Жанерке Нұржанқызы марапатталды.

Белгілі болғандай, «AMANAT» партиясы «ЖастарРухы» жастар қанатының кезектен тыс VI съезіндеҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевжастар үшін үш маңызды басымдықты атап өттібілімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм.

Сол съезде жастар қанатын трансформациялаубағдарламасы қабылданған болатын. Мемлекетбасшысының реформалар курсын қолдаумақсатында жастарды қоғамдық қызметкеынталандыру және оларды біріктіру үшін «ЖастарРухы» жастар қанаты бес жылдан бері «Рухтастар» сыйлығын ұйымдастырып келеді.

Биыл Жастар Рухы жастар қанатының Шымкент қалалық филиалы 300ден астам іс-шара ұйымдастырды. Спорттық және шығармашылық іс-шаралар, ғылыми және дебаттық турнирлер,Жұмысшы мамандықтар жылына орай республикалық деңгейде 2 ауқымды форум өткізілді. Биыл жастарды әскери-патриоттықтәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді. Жастардыжұмыспен қамту мақсатында «Жастарға жұмысатты ауқымды жәрмеңке өткізілді және басқа да көптеген шаралар жүзеге асырылды.

«Жастар Рухы» Жастар қанатыбілімге ұмтылған, еңбекқор, елі мен жерін сүйетін, Отанына адал 100 мыңнан астам патриот жастардың басынбіріктіретін жастар ұйымы. Жастар қанаты құрылукезеңінде еріктілер қозғалысынан бастап ірі жастарұйымына дейін қалыптасу жолынан өтті. «ЖастарРухы» мемлекеттің жастар қозғалысындағы негізгікүшке айналды. Ұйым елдің мемлекеттік жастарсаясатын қалыптастырудың бастауында болып, оның дамуына өзіндік ықпалын көрсетті.