«АУЛАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ»: ПОЛИЦИЯ МЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ АШЫҚ ДИАЛОГ

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және полиция мен халық арасындағы өзара сенімді нығайту – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен 2026 жылы республика көлемінде «Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы өткізілуде. Аталған акция аясында полиция қызметкерлері тұрғындармен тікелей кездесіп, азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдап, құқықтық кеңес беріп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатысты ұсыныстарын қабылдауда.

Бұл бастама халыққа полиция қызметінің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, тұрғындардың күнделікті өмірінде кездесетін мәселелерді жергілікті жерде анықтап, оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі қауіпсіз қоғам қалыптастыру тек құқық қорғау органдарының жұмысына ғана байланысты емес. Бұл – полиция мен тұрғындардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігін талап ететін маңызды бағыт.

Осы ретте Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де «Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы аясында аудан тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып, азаматтардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асуда. Полиция қызметкерлері тұрғындармен ашық форматта сөйлесіп, олардың құқықтық мәселелеріне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңес алуға, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды.

Акцияның басты ерекшелігі – тұрғындардың полиция бөліміне арнайы баруын күтпей, құқық қорғау қызметкерлерінің халыққа жақын болуы. Яғни азаматтар өз ауласында, тұрғылықты жерінде полиция қызметкерлерімен тікелей кездесіп, өз мәселесін ашық жеткізе алады. Мұндай формат тұрғындар үшін де ыңғайлы әрі тиімді. Өйткені кей жағдайда азаматтардың құқықтық мәселелері немесе қоғамдық тәртіпке қатысты ұсыныстары тиісті мекемелерге уақытылы жетпей қалуы мүмкін. Ал осындай көшпелі қабылдаулар арқылы мәселелерді ерте кезеңде анықтап, тиісті шараларды қабылдауға жол ашылады. Кездесулер барысында тұрғындарға қоғамдық орындардағы қауіпсіздік, құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтау, алаяқтықтың алдын алу және басқа да құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Әсіресе қазіргі таңда азаматтардың интернеттегі және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақтануы өзекті болып отыр. Полиция қызметкерлері тұрғындарға бейтаныс адамдарға жеке деректерін, банк картасының мәліметтерін, құпия кодтар мен электронды қосымшалардағы ақпараттарды бермеу қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау, белгісіз сілтемелерге өтпеу және қаржылық операцияларды мұқият тексеру жөнінде кеңестер беріледі. Мұндай профилактикалық түсіндіру жұмыстары азаматтардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

«Ауладағы қабылдау» акциясы барысында тұрмыстық сипаттағы мәселелерге де ерекше назар аударылады. Отбасындағы жанжалдар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрғындарға заң талаптары түсіндіріледі. Полиция қызметкерлері азаматтарға құқық бұзушылықтың кез келген түріне бейжай қарамаудың, қиын жағдайға тап болған адамдарға тиісті көмек көрсету үшін уақтылы құқық қорғау органдарына жүгінудің маңыздылығын жеткізеді.

Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке қатысты тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері де назардан тыс қалмайды. Аулалардағы жарықтандыру, қоғамдық орындардағы тәртіп, балалар алаңдарының қауіпсіздігі, жол қозғалысы, көлік жүргізушілерінің тәртібі, тұрғын үйлердің айналасындағы қауіпсіздік мәселелері секілді өзекті мәселелер азаматтармен бірге талқыланады. Себебі жергілікті жердегі нақты жағдайды сол аумақта тұратын тұрғындар жақсы біледі. Сондықтан олардың ұсыныстары құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті жақсарту бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Акцияның тағы бір маңызды бағыты – полиция мен халық арасындағы ашық диалогты қалыптастыру. Құқық қорғау органдарының жұмысы халықтың сеніміне тікелей байланысты. Азаматтар өз мәселесінің тыңдалатынына, ұсыныстарының ескерілетініне және құқықтық көмек көрсетілетініне көз жеткізген жағдайда полицияға деген сенім де арта түседі.

Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен кездесулер барысында азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық тәртіпті сақтау әрбір адамның ортақ міндеті екенін атап өтуде. Қауіпсіздік мәселесінде тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы аса маңызды. Көшеде немесе қоғамдық орында құқық бұзушылықты байқаған жағдайда тиісті органдарға хабарлау, балалардың қауіпсіздігіне назар аудару, жол ережелерін сақтау және өзара сыйластық қағидаларын ұстану – қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі алғышарттарының бірі. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуда профилактикалық жұмыстардың маңызы зор. Құқық бұзушылық орын алғаннан кейін әрекет етуден гөрі, оның алдын алу әлдеқайда тиімді. Осы тұрғыдан алғанда «Ауладағы қабылдау» акциясы – халықпен тікелей жұмыс істеуге, құқық бұзушылықтың себептері мен оған ықпал ететін факторларды ерте анықтауға бағытталған маңызды бастама.

Тұрғындармен тұрақты түрде кездесіп, олардың пікірін тыңдау арқылы полиция қызметкерлері аумақтағы ахуалды тереңірек зерделей алады. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын нақты жағдайға қарай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әсіресе жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, отбасылық жанжалдарға жол бермеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарындағы жұмыстарды күшейтуге ықпал етеді.

Акция аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету – халықтың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды қадам. Азаматтардың өз құқықтарын білуі, заң талаптарын түсінуі және құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда қайда және қалай жүгіну керектігін білуі – құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды негізі. Төлеби ауданында жүзеге асырылып жатқан «Ауладағы қабылдау» акциясы да осы мақсаттарға бағытталған. Полиция қызметкерлері тұрғындардың мәселелерін тыңдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кездесулер барысында көтерілген мәселелер назарға алынып, құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдануда.

Жалпы, «Ауладағы қабылдау» республикалық акциясы – полиция мен халық арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қоғамдық бастама. Оның негізгі мәні – азаматтарға құқықтық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздік мәселелерін шешуге белсенді қатысуына мүмкіндік беру. Қауіпсіз қоғам құру – баршаға ортақ міндет. Полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысы мен тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымы өзара үйлескен жағдайда ғана қоғамдық тәртіпті нығайтып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады. Сондықтан мұндай кездесулердің маңызы зор. Ашық диалог, өзара сенім және бірлескен әрекет – қауіпсіз әрі құқықтық қоғам қалыптастырудың берік негізі.

Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Ауладағы қабылдау» акциясы аясындағы жұмыстарды жалғастыра отырып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдауға, құқықтық кеңес беруге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізе береді. Өйткені қауіпсіздік – тек полицияның емес, бүкіл қоғамның ортақ құндылығы. Ал тұрғындармен тікелей әрі ашық байланыс орнату – осы құндылықты нығайтудың ең тиімді жолдарының бірі.

Түркістан облысында «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында кәсіпкерлермен көшпелі кездесулер басталады

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен көшпелі кездесулер басталады. Іс-шаралар кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру мақсатында облыстың барлық аудан-қалаларында өтеді.

Кездесулер барысында бизнес өкілдері қолданыстағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша жан-жақты кеңес алып, кәсіпкерлікті қаржыландыру және дамыту құралдарымен таныса алады.

Сонымен қатар қатысушыларға жеңілдетілген қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кепілдік мүлік жеткіліксіз болған жағдайда несиелерге кепілдік беру, микронесиелеу, лизингтік қаржыландыру және мемлекеттік қолдаудың өзге де тетіктері түсіндіріледі.

Кездесулерге тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер ғана емес, сондай-ақ жеке кәсібін ашуды жоспарлап жүрген азаматтар да қатыса алады. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы қолдау шараларымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар қатысушыларға «Бәйтерек» холдингінің бірыңғай фронт-офисі ұсынатын қолдау құралдары туралы ақпарат беріледі.

Жалпы, «Мобильді фронт-офис» жобасы кәсіпкерлердің орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мұндай формат облыс орталығына бармай-ақ білікті мамандардан кеңес алуға мүмкіндік беріп, ауылдық округтер мен аудандардағы кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасайды.

Кездесулерге Түркістан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау институттарының өкілдері қатысады.

Аталған бастама Мемлекет басшысының шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды кеңейту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Жобаны іске асыру мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуге және өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақты дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Түркістан облысы бойынша «Мобильді фронт-офис» жобасы аясындағы көшпелі кездесулерінің өткізілу кестесі

В Туркестанской области стартуют выездные встречи с предпринимателями в рамках проекта «Мобильный фронт-офис»

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого Фондом развития предпринимательства «Даму». Мероприятия пройдут во всех районах и городах области с целью повышения доступности государственных мер поддержки для предпринимателей.

В ходе встреч представители бизнеса смогут получить подробные консультации по действующим государственным программам поддержки, а также ознакомиться с инструментами финансирования и развития предпринимательства.

Кроме того, участникам будут разъяснены механизмы льготного финансирования, субсидирования процентных ставок, гарантирования кредитов при недостаточности залогового обеспечения, микрокредитования, лизингового финансирования и другие меры государственной поддержки.

Участие во встречах смогут принять не только действующие предприниматели, но и граждане, планирующие открыть собственное дело. Они смогут получить ответы на интересующие вопросы и ознакомиться с существующими мерами поддержки. Также участникам будет представлена информация об инструментах поддержки, предлагаемых единым фронт-офисом Холдинга «Байтерек».

В целом проект «Мобильный фронт-офис» направлен на повышение доступности государственных программ поддержки для предпринимателей независимо от их местонахождения. Такой формат позволяет получить консультации квалифицированных специалистов без необходимости выезда в областной центр и создает комфортные условия для предпринимателей сельских округов и районов.

Во встречах примут участие специалисты Фонда развития предпринимательства «Даму» по Туркестанской области, представители банков второго уровня, Управления предпринимательства и торговли Туркестанской области, а также представители институтов поддержки.

Данная инициатива реализуется в рамках поручения Главы государства по расширению охвата субъектов малого и среднего бизнеса мерами государственной поддержки.

Реализация проекта позволит повысить доступность мер государственной поддержки, обеспечить информационную открытость и придать дополнительный импульс устойчивому развитию предпринимательства в регионе.

График проведения выездных встреч в рамках проекта «Мобильный фронт-офис» Фонда развития предпринимательства «Даму» по Туркестанской области

 

ТҮРКІСТАНДА «ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде Қожа Ахмет Ясауидың рухани-философиялық мұрасын кеңінен дәріптеуге арналған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті. Ауқымды рухани-ағартушылық жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құндылықтарды жаңғырту, тарихи тұлғалардың мұрасын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.


Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, зиялы қауым, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинарды «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ерлан Дәкенов жүргізді. Ол Қожа Ахмет Ясауидың рухани мұрасы ұлттық бірегейлікті нығайтуға, өскелең ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеуге қызмет ететінін атап өтті.


Жиында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер аясында Ясауи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу мен кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Өңір басшысының құттықтау хаты мен сәлемін жеткізді. Мәслихат төрағасы «Ясауи керуені» жобасы өңір тұрғындарының тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдағы рухани тұтастықты нығайтуға серпін беретінін атап өтті.

Семинар барысында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай «Қожа Ахмет Ясауи мұрасының тарихи және рухани маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Ғалым ұлы ойшылдың түркі дүниесіндегі орнына және оның ілімінің қазіргі қоғам үшін өзектілігіне жан-жақты тоқталды. Университет доценті, дінтанушы Сержан Оразбай «Ясауи хикметтеріндегі рухани құндылықтар» тақырыбында баяндама жасап, «Диуани хикмет» еңбегіндегі адамгершілік, имандылық және рухани кемелдену идеяларының тәрбиелік маңызын түсіндірді.
«Яссауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, теология ғылымдарының докторы Бауыржан Сайфунов «Қожа Ахмет Ясауидың тарихи тұлғасы және ұлттық идентификация» тақырыбында баяндама жасап, Яссауи мұрасының ұлттық сананы қалыптастырудағы орнына назар аударды. Философия докторы Төлеген Мұхит Яссауи ілімі мен қазақ халқының салт-дәстүрлері арасындағы тарихи және рухани сабақтастық мәселелерін кеңінен талдап берді.
Іс-шара барысында қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу, жастар арасында насихаттау және рухани құндылықтарды қоғамдық өмірге кеңінен енгізу бағыттары бойынша пікір алмасты.
Сарапшылар Ясауи мұрасын дәріптеу рухани қауіпсіздікті нығайтудың, ұлттық тұтастықты сақтаудың және дәстүрлі құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудің маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтті.
Түркістан облысының Дін істері басқармасының мәліметінше, «Ясауи керуені» жобасы алдағы уақытта облыстың барлық қала және аудандарында жалғасады. Жоба аясында тұрғындарға арналған ғылыми-танымдық кездесулер, семинарлар және рухани-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кеңінен танытуға бағытталған жоба өңір тұрғындарының тарихи-рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, қоғамдағы рухани келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етпек.

Мал шаруашылығы отандық агроөнеркәсіп кешенінің негізгі өсім нүктелерінің біріне айналып келеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына жұмыс сапары барысында агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысып, мал шаруашылығы саласының өкілдерімен кездесті. Министр барған нысандардың бірі – Арыс қаласы аумағындағы құрылысы аяқталуға жақын «Turkestan Agro.kz» ЖШС-нің бордақылау кешені. Жоба бір мезгілде 50 мың бас ірі қара малды бордақылауға есептелген және отандық агроөнеркәсіп саласындағы ең ірі жобалардың бірі саналады.

Жоба Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдау бордақылау алаңын салуға және заманауи суару жүйелерін енгізуге бағытталған. Бүгінде жоғары өнімді 30 мың бас ірі қара сатып алынды. Кешенді толық іске қосу 2026 жылдың тамыз айына жоспарланған. Кешенде өндірістік үдеріс заманауи австралиялық «торлы» технология бойынша жолға қойылған. Бұл жүйе малды тиімді орналастыруға, оның күйзеліске түсуін азайтуға және өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мал азықтандыру, күтіп-бағу және ветеринариялық қызмет көрсету үдерістерінің барлығы автоматтандырылып, халықаралық биологиялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған.

Кәсіпорында өз жемшөп базасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. 7 мың гектар алқапта заманауи жаңбырлатып суару жүйелері енгізіледі, бүгінде 28 жаңбырлатып суару қондырғысы орнатылған. Кәсіпорын тәулігіне 500 тоннаға дейін жемшөп дайындайды. Кешен аумағында сағатына 20 тонна түйіршіктелген құрама жем өндіретін зауыт жұмыс істейді. Алдағы уақытта жылына 1 млн тоннаға дейін жем өндіретін жаңа зауыт салу жоспарланып отыр.

Кәсіпорын өнімдері бүгінде Қазақстанның ішкі нарығында сатылып, Өзбекстан мен Тәжікстанға экспортталуда. Жобаның келесі кезеңінде бір ауысымда 1,5 мың бас ірі қара мен 5 мың бас ұсақ малды өңдеуге қауқарлы ет өңдеу кешенін салу көзделген. Кәсіпорын шикізатты терең өңдеп, ішкі нарыққа және экспортқа, оның ішінде Қытай мен Түркияға жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға бағытталады.

«Бүгінде біздің алдымызда мал басын көбейту ғана емес, толық өндірістік циклді қамтитын, заманауи әрі бәсекеге қабілетті етті мал шаруашылығы жүйесін қалыптастыру міндеті тұр. Біз инвестициялық жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, жемшөп базасын нығайтып, озық технологияларды енгізіп, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытып, өңдеу қуаттарын кеңейтіп келеміз. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында мал шаруашылығы отандық агроөнеркәсіп кешенінің негізгі өсім нүктелерінің біріне айналып келеді. Мемлекет инвестиция тартуға және саланың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасауды жалғастырады», – деді министр.

Арыс қаласының аумағындағы тұңғыш заманауи ірі қара мал бордақылау кешені малды өнеркәсіптік әдіспен бордақылап, ет өңдеу кәсіпорындарын сапалы шикізатпен тұрақты қамтамасыз етеді. Мемлекет тарапынан бұл бағытта субсидия бөлу, жем-шөп базасын дамыту үшін суармалы жерлерді игеру және жеңілдетілген несие беру жұмыстары жүйелі жүріп жатыр.

Жұмыс сапары аясында министр «KAZ ECO MEAT» ЖШС-нің ет өңдеу комбинатын да аралады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 30 мың тонна ет өңдеуге жетеді. Бір ауысымда 500 бас ірі қара мен 600 бас ұсақ малды өңдеуге мүмкіндік бар. Өндірілген өнімнің 50%-ға дейіні экспортқа жөнелтіледі.

Кәсіпорындарды аралау қорытындысы бойынша Айдарбек Сапаров Түркістан облысында өндіріс, бордақылау, өңдеу және экспортты өзара ұштастыратын заманауи ет кластері кезең-кезеңімен қалыптасып келе жатқанын атап өтті.

АРЫСТА ИРРИГАЦИЯЛЫҚ КАНАЛДАР ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, СУ ҮНЕМДЕУГЕ ЖОЛ АШЫЛУДА

Су – тіршіліктің негізгі көзі ғана емес, ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды стратегиялық ресурс. Әсіресе егін және мал шаруашылығы қатар дамыған өңірлерде суды тиімді пайдалану, оны ысырапсыз жеткізу және суару жүйелерін жаңғырту мәселесінің маңызы жыл өткен сайын артып келеді. Климаттың өзгеруі, су тапшылығы және ауыл шаруашылығы өндірісіне түсетін жүктеменің көбеюі су ресурстарына деген жауапкершілікті күшейтуді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, су үнемдеу технологияларын енгізу мен ирригациялық жүйелерді жаңарту – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Суды тиімді жеткізу және оны дұрыс пайдалану бойынша жергілікті мекемелерге, шаруаларға және су пайдаланушыларға артылатын жауапкершілік те жоғары.

Арыс қаласында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда қала аумағындағы ирригациялық каналдарды жөндеу және реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Биылдың өзінде өңірдегі бес негізгі каналды бетондау және лоток орнату жұмыстары басталды. Атап айтқанда, Жиделі мен Байырқұм ауылдық округтері және олармен іргелес елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ететін БК-1, БК-1А, 3-К-1, 3-К-2 және 3-К-3 каналдары жаңғыртылуда. Аталған каналдардың барлығы өткен ғасырдың 80-жылдары пайдалануға берілген. Бірнеше онжылдық бойы ел игілігіне қызмет еткен су арналары бүгінде тозып, күрделі жөндеуді қажет ететін деңгейге жеткен.

Каналдардың тозуы су ресурстарын тиімді пайдалануға кері әсер етеді. Ашық арналар арқылы су жеткізу барысында оның белгілі бір бөлігі топыраққа сіңіп немесе буланып, шаруашылықтарға қажетті көлем толық жетпеуі мүмкін. Мұндай жағдайда су тапшылығының әсері күшейіп, егістік алқаптарын уақытылы суару қиындайды. Сондықтан суару жүйелерін жаңарту – тек инфрақұрылымдық жоба емес, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына тікелей ықпал ететін маңызды қадам. Жоба аясында ұзындығы 25 шақырымды құрайтын негізгі каналдарды бетондау жоспарланған. Сонымен бірге жалпы ұзындығы 117,7 шақырым болатын тармақтардағы ескі лотоктар жаңасына алмастырылады. Бұл жұмыстар каналдардың өткізу қабілетін арттырып қана қоймай, судың шаруаларға тиімді әрі тұрақты жеткізілуіне мүмкіндік береді.

Жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, 2027 жылға дейін жалғасады. Жобаның толықтай Ислам даму банкі арқылы қаржыландырылуы оның ауқымдылығын және су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды инвестициялық жоба екенін көрсетеді. Мамандардың пікірінше, жөндеу және реконструкциялау жұмыстары толық аяқталғаннан кейін Арыс өңіріндегі ағын су мәселесі едәуір жақсарады. Ең бастысы – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік алқаптарына қажетті суды уақтылы жеткізу мүмкіндігі артады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне, шаруалардың шығынын азайтуға және өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді. Дегенмен су инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарының нәтижесі тек каналдардың жағдайына байланысты емес. Су ресурстарын үнемдеу мәдениетін қалыптастыру да аса маңызды. Жаңа жүйелер іске қосылғаннан кейін шаруалар суды белгіленген тәртіппен пайдаланып, оның ысырап болуына жол бермеуі қажет. Әсіресе суару кезінде тиімді технологияларды қолдану, су беру уақытын дұрыс жоспарлау және егістіктің қажеттілігіне қарай су мөлшерін реттеу маңызды.

Су үнемдеу технологияларының қатарына тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері, каналдарды бетондау, заманауи су өлшеу құралдарын орнату және суару процестерін автоматтандыру сияқты тәсілдер жатады. Мұндай технологиялар суды аз жұмсай отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарына қажетті ылғалды тиімді жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде су мәселесі тек шаруалардың емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігін талап етеді. Мемлекет тарапынан су инфрақұрылымын жаңғыртуға жағдай жасалса, жергілікті атқарушы органдар оның тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері берілген мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, суды ысырап етпеуге мүдделі болуы керек.

Арыстағы каналдарды жаңғырту жұмыстары – осы бағыттағы нақты шаралардың бірі. Бірнеше онжылдық бойы пайдаланылған су арналары жаңартылып, заманауи талаптарға бейімделуде. Бұл жұмыстардың түпкі мақсаты – суды тиімді жеткізу, ысырапты азайту және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қажетті жағдай қалыптастыру. Су – шексіз ресурс емес. Сондықтан оны бүгін тиімді пайдалану – ертеңгі күннің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының болашағын қамтамасыз етудің маңызды шарты. Арыста жүзеге асып жатқан ирригациялық жүйелерді жаңғырту жұмыстары осы жауапкершілікті арттыруға және су ресурстарын тиімді басқарудың жаңа кезеңіне жол ашады.

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Таукент кентінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қоғам арасында діни сауаттылықты арттыру және деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсу қаупін болдырмау бағытында кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара кентте дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық-түсіндіру тобының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. 2026 жылғы 20 шілдеде Таукент кентінің мәжіліс залында өткен кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, полиция қызметкерлері, кент тұрғындары және түрлі мекемелердің қызметкерлері қатысты. Жиынның басты мақсаты – қоғам мүшелеріне діни мәселелер бойынша дұрыс әрі нақты ақпарат беру, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың ықпал ету тәсілдерін түсіндіру, сондай-ақ құқық қорғау саласы қызметкерлерінің жұмысына кері әсер етуі мүмкін радикалды идеологиялардың алдын алу болды.

Кездесу барысында қатысушыларға қазіргі таңда қоғамда өзекті болып отырған діни мәселелер жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе діни радикалды идеологияның адам санасына әсер ету жолдарына, оның жеке тұлғаның дүниетанымы мен қоғамдық көзқарасына ықпалына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың адамдарды өз қатарына тарту кезінде қолданатын түрлі әдіс-тәсілдері туралы ақпарат берілді. Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы діни ақпараттың таралу ауқымын да кеңейтті. Әлеуметтік желілер мен түрлі интернет-платформалар арқылы кез келген адам діни мазмұндағы материалдарға оңай қол жеткізе алады. Алайда интернет кеңістігіндегі ақпараттың барлығы бірдей сенімді әрі дұрыс бола бермейді. Осыған байланысты діни тақырыптағы ақпараттарды қабылдау кезінде азаматтардың сыни ойлау қабілеті мен діни сауаттылығы маңызды рөл атқарады.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері осы мәселеге тоқталып, діни білімді тек сенімді және ресми дереккөздерден алудың маңыздылығын атап өтті. Діни мәселелер бойынша түсініксіз немесе күмәнді ақпарат кездескен жағдайда оны өз бетінше қабылдамай, білікті дінтанушылардан, теологтардан және тиісті мамандардан кеңес алу қажеттігі айтылды. Жиында «ДДжақтастарының құқық органы саласы қызметкерлеріне әсері» тақырыбына қатысты да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттың маңыздылығы – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ерекше рөлімен тікелей байланысты. Құқық қорғау саласында қызмет атқаратын азаматтар елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тұрақтылықты қорғауға жауапты. Сондықтан олардың радикалды және деструктивті идеологиялардың ықпалына түсуінің алдын алу – маңызды міндеттердің бірі.

Ақпараттық-түсіндіру барысында деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен адамның мінез-құлқында, әлеуметтік ортасымен қарым-қатынасында және өмірлік ұстанымдарында өзгерістер пайда болуы мүмкін екені айтылды. Мұндай жағдайларды дер кезінде байқап, алдын алу шараларын жүргізу қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі саналады. Сонымен бірге жиынға қатысушыларға діни радикализмнің алдын алу тек құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің ғана міндеті еместігі түсіндірілді. Бұл – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Отбасы, білім беру ұйымдары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана деструктивті діни идеологиялардың таралуына тиімді тосқауыл қоюға болады.

Әсіресе жастар арасында түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Себебі жасөспірімдер мен жастар ақпаратты интернеттен белсенді іздейді және әлеуметтік желілердегі түрлі ақпараттық ықпалдарға тез ұшырауы мүмкін. Діни сауаттылығы жеткіліксіз, өмірлік тәжірибесі аз жастарды радикалды топтар өз идеологияларын тарату мақсатында пайдалануға тырысуы ықтимал. Сондықтан жастарға діннің шынайы құндылықтарын дұрыс түсіндіру, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау және заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу – алдын алу жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі. Кездесу барысында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың арбауына түсудің алдын алу жолдары туралы да кең көлемде ақпарат берілді. Мамандар адамның діни ұстанымына құрметпен қарау қажеттігін атап өте отырып, діни сенім мен радикалды идеологияның арасындағы айырмашылықты дұрыс түсінудің маңыздылығына тоқталды. Дін адамды ізгілікке, сабырлылыққа, мейірімділікке және бейбітшілікке үндейтін рухани құндылық ретінде қоғамның тұрақтылығына қызмет етуі тиіс.

Бүгінде Қазақстан қоғамы үшін діни келісім мен конфессияаралық татулықтың маңызы айрықша. Елімізде түрлі дін өкілдері өзара түсіністік пен құрмет жағдайында өмір сүріп келеді. Осындай тұрақтылықты сақтау үшін әрбір азамат діни мәселелерге жауапкершілікпен қарап, арандатушылық сипаттағы ақпараттарға ермей, заң талаптарын сақтауы қажет. Ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі барысында тұрғындар мен мекеме қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Қатысушылар діни сауаттылықты арттыруға, қоғамда тұрақтылықты сақтауға және радикалды идеологиялардың алдын алуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай кездесулердің негізгі ерекшелігі – азаматтарға дайын ақпарат берумен ғана шектелмей, олардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беру және нақты мәселелер бойынша түсінік қалыптастыру. Ашық пікір алмасу арқылы тұрғындар діни саладағы өзекті мәселелерді жақсырақ түсініп, күмәнді ақпарат пен шынайы діни білімнің ара-жігін ажыратуға мүмкіндік алады. Кездесу соңында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тұрғындарды кез келген діни ақпаратқа байыппен қарауға шақырды. Әсіресе әлеуметтік желілерде таралатын күмәнді материалдарға сенбеу, белгісіз діни топтардың шақыруларына ермеу, діни мәселелер бойынша ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алу қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар қоғам мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттырудың да маңызы зор екені айтылды. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдағы өзара сыйластық пен жауапкершілік қағидаларын ұстану – діни тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды негіздерінің бірі. Жалпы, Таукент кентінде өткен ақпараттық-түсіндіру кездесуі қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайтуға, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруға және деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Осындай кездесулердің жүйелі түрде өткізілуі азаматтардың діни мәселелерге қатысты дұрыс көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға ықпал етеді.

Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу – ұзақ мерзімді әрі жүйелі жұмысты қажет ететін маңызды бағыт. Бұл ретте ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының орны ерекше. Себебі радикалды идеологияға қарсы ең тиімді құралдардың бірі – сапалы білім, дұрыс ақпарат және жоғары деңгейдегі діни сауаттылық. Таукент кентінде ұйымдастырылған кездесу осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде қоғамның әрбір мүшесін сергек болуға, ақпаратты саралап қабылдауға және елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қосуға үндеді. Қоғамдық қауіпсіздік пен діни келісім – баршаға ортақ құндылық. Оны сақтау үшін мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігі қажет.

М.ОРАЗАЛИЕВ: АҚСУ ӨЗЕНІНДЕ РАФТИНГТІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІГІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аудан аумағындағы туристік орындардың санын арттырып, туризм саласының әлеуетін тиімді пайдалану және жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ауданда табиғи нысандардың мүмкіндігін зерделеу, туристер үшін тартымды жаңа демалыс орындарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Осыған сәйкес, бүгін тиісті сала мамандары және әріптестермен бірге Ақсу өзеніне барып, мұнда рафтинг спортын дамыту мүмкіндіктері қарастырылып, алғашқы сынақ жұмыстары жүргізілді. Негізгі мақсат – өзеннің табиғи ерекшеліктерін жан-жақты зерделеп, белсенді демалыс пен экстремалды туризм бағыттарын дамытуға қаншалықты қолайлы екенін анықтау.

Ақсу өзені – табиғи ландшафты, суының ағысы және айналасындағы көрікті табиғатымен ерекшеленетін нысандардың бірі. Мұндай табиғи мүмкіндіктерді дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану арқылы туристерге жаңа форматтағы демалыс түрлерін ұсынуға болады. Соның бірі – соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде және еліміздің бірқатар өңірлерінде дамып келе жатқан рафтинг спорты.

Рафтинг – тау өзендері мен ағысы бар су арналары арқылы арнайы үрлемелі қайықтармен жүзуді қамтитын белсенді спорт түрі. Бұл бағыт спортпен қатар, туристерге ерекше әсер сыйлайтын демалыс түрі ретінде де үлкен қызығушылыққа ие. Әсіресе табиғи көріністермен үйлескен жағдайда рафтинг жаңа туристік өнім қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сынақ барысында Ақсу өзенінің бағыты мен су ағысының ерекшеліктері зерделеніп, рафтинг бағытын ұйымдастыруға болатын учаскелерге назар аударылды. Сонымен қатар қауіпсіздік талаптары, суға түсу және шығу орындарын ұйымдастыру, туристердің қозғалыс бағыты, қажетті жабдықтарды орналастыру, мамандардың қызмет көрсетуі секілді маңызды мәселелер қаралды.

Мұндай жобаны іске асыруда ең басты басымдық – адам қауіпсіздігі. Сондықтан рафтинг бағытын ашу туралы шешім қабылданған жағдайда, алдымен өзеннің гидрологиялық ерекшеліктері кәсіби мамандар тарапынан толық зерттеліп, қауіп деңгейі бағалануы қажет. Туристерді қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, тәжірибелі нұсқаушыларды тарту, алғашқы медициналық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыру және төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету жүйесін қалыптастыру да маңызды.

Сонымен қатар туристік бағыттың тұрақты жұмыс істеуі үшін тиісті инфрақұрылым қажет. Атап айтқанда, келушілерге арналған автотұрақ, демалыс орындары, санитарлық тораптар, қауіпсіздік бекеттері, ақпараттық тақтайшалар және басқа да қажетті нысандар кезең-кезеңімен қарастырылуы тиіс. Табиғи аумақтың экологиялық жағдайын сақтау да жобаның негізгі талаптарының бірі болады.

Ақсу өзенінде рафтингті дамыту ауданның туристік әлеуетін арттырумен қатар, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, қызмет көрсету саласын жандандыруға және шағын кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Туристер санының артуы қоғамдық тамақтану, көлік қызметі, қонақүй және демалыс орындары, гид қызметі, қолөнер және басқа да сервистік бағыттарға оң әсерін тигізуі мүмкін. Бүгінде туризм тек демалыс саласы ғана емес, өңір экономикасының дамуына ықпал ететін маңызды бағыттардың біріне айналып отыр. Сондықтан ауданның табиғи және тарихи-мәдени нысандарын туристік айналымға енгізу – экономикалық тұрғыдан да, ауданның танымалдығын арттыру тұрғысынан да маңызды.

Алдағы уақытта Ақсу өзеніндегі рафтинг бағытын дамыту мәселесі тиісті мамандармен бірлесіп жан-жақты зерделеніп, жобаның техникалық, қауіпсіздік және инфрақұрылымдық талаптары пысықталатын болады. Сынақ нәтижелері негізінде нақты ұсыныстар әзірленіп, жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылады.

Жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру арқылы ауданның табиғи әлеуетін тиімді пайдаланып қана қоймай, тұрғындарға да, сырттан келетін қонақтарға да сапалы әрі мазмұнды демалыс ұйымдастыруға мүмкіндік туады. Ақсу өзеніндегі рафтинг жобасы осы бағыттағы жұмыстардың бір бөлігі ретінде аудан туризмін жаңа деңгейге көтеруге серпін беретін перспективалы бастамалардың бірі болуы мүмкін.

 

@ МАДИЯР ОРАЗАЛИЕВ – Сайрам ауданының әкімі.

«СПОРТ – ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ!» ҰРАНЫМЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Сайрам ауданында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар мен азаматтарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру бағытында маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Ақсукент ауылындағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығында «Спорт есірткіге қарсы!» ұранымен көру қабілеті бұзылған азаматтар арасында Сайрам ауданының ашық біріншілігі өтті.

Аталған спорттық дода ең алдымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау, олардың қоғамдық ортадағы белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Сонымен қатар жарыстың негізгі идеясы – спортты есірткі және өзге де зиянды әдеттерге қарсы тиімді құрал ретінде таныту. Себебі спортпен шұғылдану адамның денсаулығын нығайтып қана қоймай, ерік-жігерін шыңдап, тәртіпке, жауапкершілікке және мақсатқа ұмтылуға тәрбиелейді.

Ашық біріншілікке Сайрам ауданымен қатар Төлеби, Түлкібас және Қазығұрт аудандарынан спортшылар арнайы қатысып, өзара бақ сынады. Жалпы жарысқа 50 спортшы қатысып, бірнеше спорт түрі бойынша шеберліктерін ортаға салды. Қатысушылар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, қол күресі және арқан тарту секілді спорт түрлерінен сынға түсті.

Жарыстың әр кезеңі тартысты өтіп, спортшылар жеңіске деген жігерін танытты. Интеллектуалдық спорт түрлерінен өткен шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ сайыстарында қатысушылар өздерінің ойлау қабілеті мен тактикалық шеберлігін көрсетті. Әр жүріс пен әр шешімнің маңызы зор болғандықтан, спортшылар асықпай ойланып, қарсыласының келесі қадамын алдын ала болжауға тырысты. Бұл сайыстар қатысушылардың тек спорттық қабілетін ғана емес, сабырлылығы мен жинақылығын да байқатты. Ал қол күресі мен арқан тарту жарыстары спортшылардың күш-қуатын, төзімділігін және командалық рухын сынады. Әсіресе арқан тарту бәсекесінде командалар бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдықтың маңызын көрсетті. Жарыс барысында спортшылардың бір-бірін жігерлендіріп, жеңіске жетуге ұмтылғаны ерекше байқалды.

Іс-шараға қатысушылар үшін мұндай жарыстардың маңызы зор. Өйткені мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спорттық әлеуетін дамыту – қоғамдағы инклюзивті ортаны қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі. Әрбір азаматтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына мүмкіндік болуы оның өмір сапасын арттыруға оң әсер етеді. Спорттық жарыстар арқылы азаматтар жаңа орта тауып, өзара тәжірибе алмасып, достық қарым-қатынас орнатады.

«Спорт есірткіге қарсы!» деген ұранның өзі қоғамға маңызды ой салады. Яғни адамның бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану және пайдалы істерге белсенді араласу – зиянды әдеттердің алдын алудың тиімді жолдарының бірі. Сондықтан мұндай жарыстарды тек спорттық бәсеке ретінде ғана емес, тәрбиелік және әлеуметтік маңызы бар шара ретінде бағалауға болады. Сайрам ауданында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған мұндай іс-шаралардың өткізілуі аудан тұрғындарының спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың спорттық ортаға тартылуы – қоғамның барлық мүшесіне бірдей мүмкіндік қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.

Жарыс барысында спортшылар өздерінің дайындық деңгейін көрсетіп қана қоймай, жеңіске деген жігерін, табандылығын және белсенділігін танытты. Қатысушылар үшін басты мақсат тек жүлделі орынға ие болу емес, спорттық ортада өз мүмкіндіктерін сынау, жаңа достар табу және салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосу болды. Бүгінде спорт тек кәсіби спортшылардың ғана емес, жалпы қоғамның өмір салтына айналуы қажет. Дене белсенділігін арттыру, қозғалысты көбейту, салауатты тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту – дені сау қоғам қалыптастырудың негізгі алғышарттарының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, спорттық жарыстардың қоғамдық маңызы өте жоғары.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арасында ұйымдастырылатын спорттық шаралар олардың әлеуетін көрсетуге, өздерін қоғамның белсенді мүшесі ретінде сезінуге және жаңа белестерді бағындыруға жігер береді. Спорттағы әрбір жетістік адамның өзіне деген сенімін арттырып, жаңа мақсаттарға ұмтылуына жол ашады.

Сайрам ауданындағы ашық біріншілік те осы мақсаттарды тоғыстырған тағылымды шара болды. Шахмат пен дойбыдағы ой ұшқырлығы, тоғызқұмалақтағы есеп пен стратегия, қол күресіндегі күш пен төзімділік, арқан тартудағы ауызбіршілік – жарысқа қатысқан азаматтардың жан-жақты қабілетін көрсетті. Шара соңында спортшылардың еңбегі бағаланып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды. Дегенмен мұндай жарыстың басты жеңісі – жүлде емес, азаматтардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, олардың белсенді өмір салтын ұстануына жағдай жасау және қоғамда өзара қолдау мен ынтымақтастықты қалыптастыру.

Алдағы уақытта да осындай спорттық іс-шаралардың тұрақты ұйымдастырылуы маңызды. Себебі спорт арқылы адамдардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беруге, зиянды әдеттердің алдын алуға және қоғамдағы белсенді азаматтардың қатарын арттыруға болады. Сайрам ауданында өткен бұл жарыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, спорттың шекара мен мүмкіндікке қарамай, адамдарды біріктіретін қуатты күш екенін көрсетті. 50 спортшының басын қосқан додада өзара сыйластық, достық және бәсекелестік қатар өрбіді.

ҚОЖАТОҒАЙДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде елді мекеннің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта ауыл аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылып, оған жергілікті тұрғындар мен белсенді азаматтар атсалысты. Тазалық – кез келген елді мекеннің көркі мен тұрғындардың мәдени деңгейін көрсететін маңызды өлшемдердің бірі. Ауылдың таза әрі жинақы болуы ең алдымен сол жерде тұратын азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігіне байланысты. Осыны негізге алған Қожатоғай тұрғындары сенбілікке белсенді қатысып, ауыл аумағын тазарту және көркейту жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында ауылдың арнайы белгіленген аумақтары қоқыстардан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар көшелердің, қоғамдық орындардың және елді мекенге кіреберіс аумақтардың тазалығына ерекше көңіл бөлінді. Жиналған қоқыстар белгіленген орындарға шығарылып, санитарлық тазалық талаптарын сақтау жұмыстары жүргізілді. Мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты – тек бір күндік тазалық шарасын өткізу емес, ауыл тұрғындарының күнделікті өмірінде тазалықты сақтауды тұрақты әдетке айналдыру. Себебі елді мекеннің көрікті болуы тек коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана емес, әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігіне де тікелей байланысты.

Қоршаған ортаны таза ұстау – бүгінгі күннің ғана емес, келешек ұрпақтың алдындағы ортақ міндет. Табиғатқа ұқыпты қарау, қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, көшелер мен қоғамдық орындарды таза ұстау, аулаларды күтіп-баптау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі ауылдың жалпы келбетіне оң әсер етеді. Сенбілік барысында тұрғындардың белсенділігі ерекше байқалды. Үлкендермен қатар ауылдың тазалығына бейжай қарамайтын азаматтар да жұмыстарға атсалысып, туған жердің ажарын арттыруға үлес қосты. Мұндай ортақ іске жұмылу ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып қана қоймай, кейінгі буынға жақсы үлгі қалыптастырады. Ауыл тазалығы – бір мекеменің немесе белгілі бір топтың ғана міндеті емес. Бұл – барша тұрғынға ортақ жауапкершілік. Әр азамат өз ауласын, өз көшесін таза ұстап, қоғамдық орындарға ұқыпты қараса, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға айтарлықтай мүмкіндік туады.

Қожатоғай ауылдық округінде ұйымдастырылған сенбілік те осы ортақ жауапкершіліктің нақты көрінісі болды. Тұрғындардың ауызбіршілігі мен белсенділігі ауылды көркейтуге бағытталған жұмыстардың нәтижелі болуына ықпал етті. Осындай бастамалар арқылы ауыл тұрғындары туған жерге деген жанашырлықтарын іс жүзінде көрсетуде. Тазалық жұмыстары қоршаған ортаны қорғаумен қатар, адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай қалыптастыруға да мүмкіндік береді. Таза көшелер, жинақы аулалар, қоқыстан арылған қоғамдық орындар ауылдың сыртқы келбетін жақсартып, тұрғындардың көңіл-күйіне де оң әсер етеді. Сондықтан абаттандыру мен санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі маңызды. Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қоғам тарапынан ерекше мән беріліп отыр. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, жасыл желектерді көбейту, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару және елді мекендерді таза ұстау – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі.

Бұл ретте ауыл тұрғындарының жауапкершілігін арттырудың маңызы зор. Әсіресе жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың мәнін түсіндіру, тазалыққа тәрбиелеу және қоғамдық ортаға ұқыпты қарауды үйрету – ұзақ мерзімді нәтиже беретін маңызды жұмыс. Тазалық мәдениеті отбасынан басталып, мектепте, қоғамдық ортада және күнделікті өмірде қалыптасады. Қожатоғайдағы сенбілік тұрғындарға осы қарапайым қағидаларды тағы бір мәрте еске салды. Бір адамның бастаған ісіне бірнеше азамат қосылса, ол ортақ іске айналады. Ал ортақ іске жұмылған тұрғындар өз ауылын көркейтуге нақты үлес қоса алады. Туған жердің тазалығы мен көркіне жауапкершілікпен қарау – азаматтық ұстанымның бір белгісі. Өз ауылының тазалығына үлес қосқан әрбір тұрғын елді мекеннің болашағына да үлес қосады. Сондықтан сенбілік сияқты қоғамдық бастамаларды тұрақты түрде ұйымдастырып, тұрғындардың белсенділігін арттырудың маңызы ерекше.

Қожатоғай ауылдық округінде жүргізілген тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Ауыл көшелерін таза ұстау, қоғамдық орындарды күтіп-баптау, заңсыз қоқыс орындарының алдын алу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу арқылы елді мекеннің көркін арттыруға болады. Ең бастысы – тазалықты тек сенбілік кезінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру. Әр тұрғын «ауылым – менің үйім» деген ұстаныммен әрекет етсе, елді мекеннің тазалығы мен көркеюі тұрақты нәтижеге ие болады. Таза ауыл – тұрғындарға қолайлы орта, өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие және болашаққа жасалған маңызды қадам. Қожатоғайдағы сенбілік те осы мақсат жолындағы ортақ еңбектің бір көрінісі.

Туған жерді таза ұстау – табиғатты аялаудан басталады. Ал тазалыққа жасалған әрбір қадам ауылдың ажарын арттырып, елді мекеннің болашағын көркейте түседі. Таза ауыл – ортақ жауапкершілік. Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!