Все записи автора TAQ.KZ

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ МІНДЕТ: АРЫСТА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін, 19 қыркүйек – «Дүниежүзілік тазалық күні» аясында Арыста жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Қала аумағы мен барлық ауылдық округтерде өткен тазалық жұмыстарына 3 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, мекеме-кәсіпорындардың ұжымдары, білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласының өкілдері мен жастар бар. Бірқатар көпқабатты тұрғын үй аулалары мен жекелеген көшелерде тұрғындар да сенбілікке белсенді атсалысты.

Сенбілік барысында жалпы 30 гектардан астам аумақ тазартылды. Жұмыстарға 20-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 50 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық белгіленген орындарға шығарылды. Сонымен қатар қоршаулар мен аялдамалар, ескерткіштер мен аллеялардың аумақтары ретке келтіріліп, 2 шақырымнан астам арық-атыз тазаланды. Көшелер мен қоғамдық орындардағы арамшөптер шабылып, жасыл желектер суарылып, ағаштар әктелді.

Тазалық шарасына қала әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, қалаға кіреберістегі көпір маңында ардагерлермен бірге көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Аталған аумаққа алдын ала арнайы дайындалған, тамыр топырағы сақталған ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыстар қаланың кіреберіс бөлігін абаттандырып, жасыл желек көлемін арттыруға бағытталған.



Қала басшысы сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатқан орындарды аралап, тазалық барысымен бақылады. Жауапты сала басшыларына қоғамдық орындардың тазалығын тұрақты бақылауда ұстау, тұрғындардың тазалық мәдениетін арттыру және бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру міндетін жүктеді.

Бірқатар көшелерде тұрғындардың сенбілікке белсенді қатысып, өз аулалары мен көшелерінің тазалығына атсалысқаны қуантады. Дегенмен, қаланың таза әрі көрікті болуы үшін мұндай жұмыстарға тұрғындардың барынша көптеп қатысуы маңызды.

Тазалық – баршаға ортақ міндет. Сондықтан қала тұрғындарын өз аулалары мен көшелерінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, алдағы тазалық шараларына да белсенді қатысуға шақырамыз.

#WorldCleanupDay #ТазаҚазақстан #ӨзіңненБаста #Начниссебя

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ БАЛА МӘСЕЛЕСІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ

«Әділет» партиясы үшін балаға қамқорлық – әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Партия саламатты ұрпақ тәрбиелеуге, балалардың сапалы білім алуына, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік тұрғыдан қолдауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға басымдық береді.

Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалында «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай тақырыптық қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шараны өткізуге облыстық партия филиалы жанындағы Әйелдер қанаты ұйытқы болып, аналар мен балалардың құқықтық және әлеуметтік мәселелерінің шешім табуына үлесін қосуда. Осы санаттағы түйткілдерді көтеру арқылы Әйелдер қанаты ана мен балаға қатысты мәселелерге қоғамның ерекше назарын аударуды, отбасылардың әлеуметтік қорғалуына, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ықпал етуді көздейді.

Қабылдауға «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева, Түркістан облыстық білім беру басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов, балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова, денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мадина Мамбетова, балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы Еркін Бекжанов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Нұржан Алтыбаев, «Еңбек мобильділігі орталығы» мекемесі директорының орынбасары Болат Досыбаев қатысып, тұрғындардың балалар құқықтарына, олардың білім алуы мен денсаулық сақтау жағдайына, көпбалалы отбасылардың әлеуметтік тұрғыда қасыздандырылуына және жұмыспен қамтылуына қатысты сауалдарға жауап берді. Партиялық алаңда өткен қабылдауға барлығы 15 адам келіп, 28 мәселе көтерді.

Ашық есік күні форматында өткен қабылдаудың басты ерекшелігі – жауапты сала басшылары тұрғындардың мәселесін тыңдаумен қатар, оларды тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе кешенді қарауға мүмкіндік алды. Өйткені кей жағдайда ата-анаға нақты мәселенің қай мекемеге тиесілі екенін анықтаудың өзі қиынға соғатын. Ал бір кабинеттен екіншісіне барып, жауап іздеу отбасының уақытын ғана емес, кейде баланың қажетті көмекті алу мерзімін де созуы мүмкін.

Адам өз мәселесімен партия филиалына жүгінгенде, ең алдымен оны тыңдайтын, мәселенің мәніне үңілетін және нақты шешім жолын бірге іздейтін орта болуы керек екенін облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөреева айтты.

«- Балалар мәселесі – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында маңызды орын алатын бағыттардың бірі. Партиямыз Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру жоспарының сапалы орындалуын үйлестіруді қолға алып отыр. Бес жылға арналған кешенді жоспарда баланың цифрлық маршруты құру, оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын пайдалана отырып, мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту практикасын кеңейту, балаларға протез-ортопедия жағынан көмек көрсету тәсілдерін жаңарту, ерекше білім алу қажеті бар мектеп түлектерінің бәріне міндетті түрде өз мүмкіндігі мен қажетіне сай техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігін беру сияқты нақты басымдықтар қарастырылған. Балаға қатысты мәселені жай ғана кезекті өтініш деп қабылдауға болмайды. Себебі оның артында баланың тағдыры тұр. Ата-ана қандай да бір мәселе бойынша көмек сұрап келсе, оны тыңдаумен қатар, бала асырап отырған отбасының мәселесін шешуде нақты жолын көрсетуіміз керек. Партияның қоғамдық қабылдауларының құндылығы да осында деп ойлаймын. Біз тұрғынға жай ғана жауап беріп шығарып салуды емес, оның мәселесінің шешімін табуға ықпал етуді көздейміз. Әсіресе балаға қатысты мәселе көтерілсе, оған барынша мұқият қарауымыз керек. Бір отбасының мәселесі шешілсе, оның артында бір баланың жағдайы жақсарады. Ал бұл – біздің жұмысымыздың ең маңызды нәтижесі», – деді Қалыйма Жантөреқызы.

Қоғамдық қабылдау барысында азаматтар тарапынан әлеуметтік қорғау, білім беру, еңбек қатынастары және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Соның ішінде балалардың құқықтық мәртебесі мен оларды қамқорлыққа алу мәселелері бойынша бірнеше өтініш қаралды. Азаматтарға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жақын туыстарының қамқорлығына алу, баланың тұрғылықты және тәрбиелену жағдайын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу, сондай-ақ баланың ата-анасымен байланысты мәселелер бойынша құқықтық кеңестер берілді.

Білім беру саласына қатысты еңбек шарттарының орындалуына және тәрбие жұмыстарына қатысты мәселелер көтеріліп, халық саны мен оқушы контингентінің артуына байланысты бірқатар елді мекендерде жаңа мектеп салу қажеттілігі айтылды. Жекеменшік білім беру ұйымын мемлекеттік меншікке өткізу мәселесі де көтерілді. Салаға қатысты әрбір өтініш бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндіру беріліп, тиісті мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша қарау және шешу тәртібі түсіндірілді.

Ата-аналарды әсіресе баланың медициналық көмекке қолжетімділігі, білім беру саласындағы қажеттіліктері, әлеуметтік қолдау тетіктері мен құқықтарын қорғауға қатысты мәселелер алаңдататыны байқалды. Балаларға қатысты өтініштерді қарау кезінде басты назар баланың құқықтары мен заңды мүдделерін, қауіпсіздігін және оның ең жақсы мүдделерін қамтамасыз етуге аударылуы тиіс екені атап өтілді.

Атап өтуіміз қажет, партиялық алаңда өткен бүгінгі қабылдау ата-аналар мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы байланысты орнататын маңызды тетікке айналды. Партияның қоғамдық қабылдауына келген азаматтар өз мәселелерін ашық айтып, сала жетекшілерінен кәсіби кеңестер алып, әрі қарай қандай қадам жасау керектігін нақтылай алды. «Әділет» партиясының Түркістан облыстық филиалы алдағы уақытта да қоғамдық қабылдаулар арқылы тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, көтерілген мәселелерді тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп шешуге ықпал етуді жалғастыра береді.

«Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

Отбасы – адам үшін ең жақын әрі қауіпсіз орта болуы тиіс. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Қиын жағдайға тап болған адамды қолдау, зорлық-зомбылық белгілеріне бейжай қарамау және қажетті жағдайда тиісті мамандардан көмек сұрау – мәселені ушықтырмай, дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.
Өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынас – берік отбасы мен қауіпсіз қоғамның негізі
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДО

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ТҰЗДЫ ТОПЫРАҚТАҒЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 90 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көгалдандыру саласында озық тәжірибелерді кеңінен енгізу, терек және гүлді өсімдіктер алқабын көбейту мақсатында «Терек және гүлді өсімдіктерді өсіру» тақырыбында семинар өтті. Отырар ауданы мен Арыс қаласы аумағындағы «Түркістан мақта» ЖШС-нің базасында ұйымдастырылған семинарға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, аудан және қала әкімдері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков модератор болған семинар барысында терек өсірудің озық тәжірибесімен «Түркістан мақта» ЖШС-нің жауапты өкілі Ван Сипань бөліссе, гүлді өсімдіктерді өсіру бойынша озық «ChangAn Group» компаниясының өкілі Рэн Джиабоға баяндама жасады. Көгалдандыру саласына жауапты басшылар мен өкілдерге тұзды және шөлейтті жерде көшет өнімділігін арттыру жолдары түсіндірілді.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бүгінгі басқосудың маңыздылығына тоқталып, барлық аудан, қалада тұқымбақтардың жұмысын жандандырып, жаңа технологияларды енгізу керектігін ескертті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы уақытша науқан емес, бұл – табиғатқа жауапкершілікпен қарау, елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту және жасыл әрі қолайлы ортаны тұрақты түрде қалыптастыру. Тек дайын көшеттерді шет елден сатып алып, белгілі бір аумақтарға отырғызумен шектелу жеткіліксіз. Басты міндет – ағаш көшеттері мен гүлді өсімдіктерді өзімізде өсіріп, олардың көлемін жыл сайын арттыру. Бүгінгі басқосудағы мақсатымыз – сапалы көшет отырғызуға мүмкіндік беретін жүйені қалыптастыру. «Жоспарсыз іс – жемісі жоқ ағаш». Сондықтан әрбір аудан мен қала өз аумағының ерекшелігіне қарай ағаш және гүл түрлерін айқындап, көшет санын, өсіру алаңын, суару жүйесі, күтім тәртібін жоспарлауы қажет. Осылайша көгалдандыруды науқаннан тұрақты жүйеге айналдырамыз. Облысымыздың топырағы тұзды аймақтарында «ағаш өспейді» деген пікір қалыптасқан. Бірақ қытайлық әріптестеріміз дәл сол жерге көшет отырғызып, көнімділігті 90 пайызға жеткізіп, бұл пікірді теріске шығарды. Демек, мәселе жерде емес – ниет пен жауапкершілікте. Сіздерге көшет отырғызу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Алайда бірқатар басшы сылтауды алға тартып, жауапкершіліктен жалтарды. Бүгіннен бастап барлық аудан, қала әкімдіктерінен жаңа тәжірибені енгізіп, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап етемін. Біз облысымызды ғана көшет пен гүлмен қамтып қоймай, өзге өңірлерге де жеткізу мәселесін назарда ұстауымыз керек. Оған толық мүмкіндік бар, – деді Нұралхан Көшеров.

Семинар соңында аудан және қала әкімдеріне сапалы көшет қорын қалыптастыру, өсімдік түрлерін көбейту және көшеттерді жергілікті жерде өсіру жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Одан кейін семинарға қатысушылар «Түркістан мақта» ЖШС аумағында жайқалып тұрған терек алқабын тамашалап, суғару, өсіру бойынша мамандардан нақты кеңестер алды. Бүгінде бұл аумақтағы көшеттің көнімділігі 90 пайыздан асып отыр. Бұл тәжірибе өңірде жаппай айналымға енгізіледі деп күтіліп отыр.

Гүл шаруашылығына келсек, Түркістан облысында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру мақсатында жалпы көлемі 5,37 гектар болатын жылыжай кешендерін құру жоспарлануда. Онда 1 миллионнан астам гүл көшеті өсіріледі. Сонымен қатар облыстық орман шаруашылығының тұқымбақтарында 0,87 гектар аумақта қосымша 1,4 миллион түп гүл көшетін өсіру көзделіп отыр.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республика бойынша елді мекендерде 15 миллион түп ағаш көшеттерін отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында Түркістан облысында тиісті жұмыстар жүргізілді. Аталған тапсырма аясында өңірде жалпы саны 1,1 миллион түп ағаш көшеттерін отырғызу көзделген. Нәтижесінде 2021-2025 жылдар аралығында тапсырма аясында облыс көлемінде жалпы 3 миллионнан астам көшет отырғызылды.

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

«Қазсушар» РМК Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің су теңгерімін сақтау және биологиялық әртүрлілікті қорғау мақсатында жыл сайын жүргізілетін табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын жүргізді. Осы мақсатқа 40 млн текше метр су жіберілді. Жұмыстарға кәсіпорынның үш филиалы – «Қ. Сәтбаев атындағы канал» филиалы, сондай-ақ Қарағанды және Ақмола филиалдары қатысты.

Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Қорғалжын қорығының аумағында орналасқан және қоқиқаздар мен басқа да құстардың мекен ету ортасы.

Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл сайын Қазақстанның барлық аумағында табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын жүргізеді. Су нысандарын сақтау және жергілікті экожүйелерді қолдау үшін миллиардтаған текше метр су бағытталады.

Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстары кезінде «Қазсушар» РМК мамандары гидротораптар мен су қоймаларында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады, судың өтуіне тұрақты мониторинг жүргізіп, бақылауды қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, су нысандарының сарқылуының алдын алу мақсатында былтыр қабылданған Су кодексіне алғаш рет «экологиялық ағын» ұғымы енгізілді. Бұл – өзендер, көлдер мен теңіздердің экожүйелерін сақтау үшін қажет судың ең төменгі рұқсат етілген деңгейі. Құжатта шағын өзендер мен көлдерді қорғауға қойылатын талаптар да кеңейтілді. Сонымен қатар сулы-батпақты алқаптар мен мұздықтарды қорғаудың ерекше режимі көзделген.

🗣️«Су нысандарын сарқылу мен ластанудан қорғау – шаруаларды суармалы сумен қамтамасыз етумен қатар, жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі. Министрлік экологияға зиян келтірмей, ауыл шаруашылығы алқаптарына судың тұрақты берілуін қамтамасыз ету үшін үлкен күш жұмсауда. Су үнемдеу технологиялары мен заманауи су есептеу құралдарын енгізу экономика мен қоршаған ортаның қажеттіліктері арасындағы теңгерімді сақтай отырып, суды тиімді бөлуге мүмкіндік береді»,
– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

ТУРКЕСТАНСКИЕ АРТИСТЫ ВОСХИТИЛИ ГРУЗИНСКИХ ЗРИТЕЛЕЙ

Артисты Туркестанского музыкально-драматического театра по специальному приглашению Грузии гастролируют в городе Батуми.

Молодежный творческий коллектив, прибывший из Туркестана, представил на сцене Государственного профессионального драматического театра имени Ильи Чавчавадзе пластический спектакль «Абай. Қара сөз», поставленный по «Словам назидания» поэта и философа Абая Кунанбаева. На первом показе спектакля присутствовали заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев, Почетный консул Казахстана в городе Батуми Гиоргий Абашидзе, третий секретарь Посольства Республики Казахстан в Грузии Риза Садык, руководитель департамента культуры Министерства культуры Грузии Нино Лосаберидзе, директор Батумского государственного драматического театра имени Ильи Чавчавадзе Коте Мзавия и представители сферы культуры.

Заместитель акима Туркестанской области отметил важность многовекового духовного сотрудничества и дружбы между Казахстаном и Грузией, а также выразил благодарность грузинскому народу за большое уважение к казахскому искусству.

Грузинские зрители с особым вниманием приняли спектакли в исполнении туркестанских театральных артистов и были ими восхищены. Они высоко оценили мастерство артистов, их труд по развитию культуры и искусства и выразили свою признательность.

«Слова назидания» Абая Кунанбаева – это сборник размышлений, выдержавших испытание временем, которые даже спустя века не теряют своей значимости и посвящены глубокому и всестороннему изучению смысла и целей человеческой жизни. Пластический спектакль «Қара сөз», основанный на творчестве поэта, призывает к глубокому постижению смысла человеческого бытия. Пластический язык спектакля по-новому «озвучивает» глубокую философию Абая через движение человеческого тела, чувства и внутренние переживания.

Каждое движение на сцене становится средством, которое напрямую доносит до сердца зрителя моменты метаний человека в поисках смысла жизни, его духовного падения и последующего возрождения. Таким образом, спектакль стремится передать назидательные мысли великого мыслителя на новом сценическом языке и показать мудрость Абая с новой стороны.

Режиссер спектакля – Мадина Муратпекова, композитор – Хамит Шангалиев.

Отметим, в рамках гастролей 3 сентября состоится второй показ спектакля «Абай. Қара сөз». Пятидневные гастроли – это не только демонстрация искусства, но и шаг к дальнейшему укреплению дружбы и сотрудничества между двумя странами, развитию культуры и духовности.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ГРУЗИЯ КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

Түркістан музыкалық-драма театрының әртістері Грузия елінің арнайы шақыртуымен Батуми қаласында гастрольдік сапармен өнер көрсетуде.

Алыстан ат арылтып барған жас өнер ұжымы Илья Чавчавадзе атындағы мемлекеттік кәсіби драма театрының сахнасында ақын, философ Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» негізінде сахналанған «Абай. Қара сөз» пластикалық спектаклін көрермен назарына ұсынды. Қойылымның алғашқы көрсетіліміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан Республикасының Батуми қаласындағы Құрметті консулы Гиоргий Абашидзе, Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің үшінші хатшысы Риза Садық, Грузияның Мәдениет министрлігінің Мәдениет департаментінің басшысы Нино Лосаберидзе, Илья Чавчавадзе атындағы Батуми мемлекеттік драма театрының директоры Коте Мзавия және мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Қазақстан мен Грузия арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан рухани ынтымақтастық пен достықтың маңызын атап өтіп, Грузия халқының қазақ өнеріне жасаған зор құрметіне алғыс білдірді.

Грузиялық көрермендер түркістандық театр әртістерінің сахналаған қойылымдарды ерекше ілтипатпен қабылдап, тәнті болды. Әртістердің шеберліктеріне, мәдениет пен өнер саласын дамытудағы белсенді еңбектеріне жоғары бағаларын беріп, ризашылықтарын жеткізді.

Абай Құнанбайұлының «Қара сөзі» – уақыттың сынынан өткен, ғасырлар өтсе де маңызы азаймаған, адам өмірінің мәні мен мақсаттарын терең әрі жан-жақты зерттеуге арналған ой-толғамдар жинағы. Ақынның шығармасына негізделген «Қарасөз» пластикалық спектаклі де адамзаттың мән-мағынасына терең бойлауға шақырады.

Спектакльдің пластикалық тілі Абайдың сөзбен жеткізген терең философиясын адам денесінің қозғалысы, сезім мен ішкі арпалыс арқылы жаңаша сөйлетеді. Сахнадағы әрбір қимыл – адам баласының өмірдің мәнін іздеп аласұрған сәттерін, рухани құлдырауы мен қайта өрлеуін көрерменнің жүрегіне тікелей жеткізетін құралға айналады. Осылайша спектакль ұлы ойшылдың тағылымды ойларын өзгеше сахналық тілмен жеткізіп, Абай даналығын жаңа қырынан танытуды мақсат етеді.

Спектакльдің режиссері – Мадина Мұратпекова, композиторы – Хамит Шанғалиев.

Айта кетсек, гастроль аясында 3 қыркүйек күні «Абай. Қара сөз» спектаклінің екінші көрсетілімі өтеді. Бес күндік гастроль – тек өнер көрсету емес, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, мәдениет пен руханият саласын дамытуға бағытталған.

ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

Арыс қаласында санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы және «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қала аумағымен қатар, ауылдық округтерде де рейдтік бақылау шаралары жүргізілуде.
Жұмысшы топ өкілдері елді мекендерді аралап, тазалық талаптарының сақталуын тексеріп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Рейд барысында белгіленген тәртіпті бұзған азаматтарға қатысты тиісті шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, осы апта басынан бері тазалық талаптарын сақтамаған 13 азаматқа әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Жалпы жыл басынан бері қала аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзған 346 азаматқа қатысты тиісті шаралар көрілді.
Тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет. Осыған байланысты мамандар тұрғындардан белгіленген талаптарды қатаң сақтап, қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға тастамауды және өз аумақтарының тазалығына жауапкершілікпен қарауды сұрайды.
Арыс қаласында тазалық тәртібінің сақталуына бағытталған рейдтік және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

2025-2026 ЖЫЛДАРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН

2025 жылы жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында республика бойынша 7 344 квота бөлінген.

Бөлінген квота негізінде 2025 жылы Түркістан облысынан 398 отбасы (1 627 адам) еліміздің жұмыс күші тапшы өңірлеріне қоныс аударды.

Оның ішінде:

– Солтүстік Қазақстан облысына – 232 отбасы, 964 адам;
– Павлодар облысына – 93 отбасы, 372 адам;
– Қостанай облысына – 29 отбасы, 128 адам;
– Шығыс Қазақстан облысына – 25 отбасы, 93 адам;
– Абай облысына – 9 отбасы, 29 адам;
– Ұлытау облысына – 6 отбасы, 22 адам;
– Қарағанды облысына – 4 отбасы, 19 адам.

Былтыр Түркістан облысында қоныс аударушыларды ақпараттандыру мақсатында өңірлерден келген өкілдердің қатысуымен жәрмеңкелер мен кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сәуір айында Жетісай, Сарыағаш, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласында өткен «Қоныс аудару» жәрмеңкелеріне Абай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарынан 100-ге жуық өкіл қатысып, 1 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылған.

Ал 2026 жылы бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. 1 тамыздағы жағдай бойынша Түркістан облысынан 288 отбасы немесе 1 322 адам жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударған.

Оның ішінде облыстар бойынша:

Солтүстік Қазақстан облысы – 136 отбасы, 593 адам;

Павлодар облысы – 87 отбасы, 459 адам;

Қостанай облысы – 29 отбасы, 104 адам;

Шығыс Қазақстан облысы – 19 отбасы, 89 адам;

Абай облысы – 4 отбасы, 17 адам;

Ұлытау облысы – 11 отбасы, 57 адам;

Қарағанды облысы – 2 отбасы, 3 адам.

Сала мамандарының берген мәлеметінше қосымша квота бөлінген жағдайда қоныс аударуға ниетті азаматтар бар екен.

Ия, айтпақшы, сәуір айында өткен «Жаңа қоныс – 2026» жәрмеңкесіне солтүстік өңірлерден 130 делегат қатысып, жұмыс берушілер тарапынан 11 856 бос жұмыс орны ұсынылды.

ҒАЗИЗ ДИДАРЫҢ ЖАЗЫМЫЗДА МӘҢГІ ЖАҢҒЫРАДЫ, ӘПКЕ

Рая әпкеміз Қуан әкеміз бен Балажан анамыздың бұлағының тұнығы, отбасының көз қуанышы еді. Ата-анамыздың сенімін ақтаған, көпшілік жақтаған, ағайын-туыс мақтаған әулеттің ақмаңдайлы ару еді Рая әпкеміз!..

Рая Қуанқызы 1956 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітіріп, М. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының Математика факультетін «Қызыл дипломмен» деп тәмамдады.Ол болашағынан мол үміт күттірген мықты маман еді.

Еңбек жолын орта мектепте бастап, аз уақытта өзінің терең білімі, ізденімпаздығы және еңбекқорлығы арқасында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне дейін көтерілген-ді. Ол уақытта ауыл, аудан, облыс көлемінде бұл – үлкен лаузымды қызмет саналатын.

Рая Қуанқызының математика саласына ерекше қабілет-қарымы туралы кезінде Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарған Сейілбек Наурызбаев ағамызбылай деп сыр тиегін ағытқан еді (ағамыз 2019 жылы өмірден өтті):  

– Раяны 1963 жылы бірінші класқа әкесі Қуан ертіп келді. «Осы баламнын көп үміт күтемін. Осы балам оқыса деп едім» деді әкесі. Сол жылы бірінші класқа қабылданып, он жылдық мектепті кілең «бес» деген бағамен бітірді.

Мен өзім мектепте жүргенде бір жағынан математика пәнінен сабақ та бердім. Рая маған «Ағай, сіз сияқты математик, ұстаз болсам деген ойым бар» дейтін. Аман болғанда, үлкен математик болатын еді».

Иә, ұстаз айтса, қалт айтпайтыны анық. Бұған қоса, әріптестері де, оқушылары да, ата-аналар да педагог Рая Қуанқызын мақтан тұтып, ерекше құрметтейтін.

Шын мәнінде, талапшыл, арманы асқақ, ізгі ниетті адамның жақсы қасиеттерін курстарынан артық ешкім біле қоймас. Осы ретте, Рая Қуанқызын курстасы, ұлағатты ұстаз, бүгінде зейнеткер, Ордабасы ауданының Құрметті азаматы Замира Сабекқызы Маханова былайша еске алады:

«Біздің қымбатты курстасымыз Раяның, егер тірі болғанда, 70 жасын тойлаған болар  ма едік! Аллаһ Раяны рақымына алсын, жатқан жері жайлы болсын. Әмин.

Раямен  оқу залында кездесетінбіз. Сабақтан босай қалсақ, тек інілері туралы айтатын. Бауырларының жағдайын, болашағын ойлап, үнемі қалың ойда жүретін, бауырларының қамын жейтін. Рая нағыз бауырмал әпке бола алды. Бауырларының кісі болуына өзі іргетас қалап кетті.

Группада комсорг болып қоғамдық жұмыс атқаратын. Оқытушылармен, деканатпен тығыз араласатын. Соның нәтижесінде, Раяның, әсіресе Беріктің математика факультетін түсуіне, оқуына еңбегі зор болды.

Рая бауыр ретінде інілерінің өмірден өз жолдарын адаспай табуына, жақсы білім алуына көмектесетін. Серік КРУ-да ревизор болып, абыройлы еңбек етті. Біздің ауданға қызметпен келгенде мені фамилиямнан танып, «Раяның курстасысыз ғой» деп, менімен қайта танысып, екеуміз отырып алып Раяны еске алғанбыз. Кездесіп қалсақ, жаны қалмай сәлемдесетін. «Рая тірі болғанда Сіз сияқты аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болар ма еді» деп арманын айтатын, сол кезде көңіліміз босап қалатын.

Біздер, курстастары, оның көзін  көрген құрбылары, дұға жасап бүгін оны еске алып отырмыз! Раяның бауырларына қамқорлығы,берген тәрбиесі, кейінгі ұрпақтар алдында қалдырған жақсы атағы, ізгі естелігі, бүгінгі еске алу шарасы – Раяның даналығының, ізгілердің қатарында екендігінің дәлелі және Рая үшін ең үлкен садақа».

Рая әпкеміздің курстасы Замира Сабекқызыныңестелігін оқып отырып, шын мәнінде, әпкеміздің аз ғана сүрген өмірі мағыналы, мәнді болғанына, артына ізгі естеліктер қалдырғанына көз жеткіземіз. Және де оның Рая әпкемізге деген достық ілтипатын, ерекше құрметін, қимас сезімін сезінбей тұра алмайсың!

…Жылжып жылдар өтуде. Бізде қазір бәрі бар сияқты. Қызмет те, үй-жай да, туыс-туған да, тек ортамызда аяулы әпкеміз Рая Қуанқызының жоқтығы анық сезіледі. Жанымызға қатты батады, өн-бойымызды аяздай қариды.

Рая әпкеміз біздің ортамызда жүргенде қандай еді!.. Жүзі нұрға толып, ақылымен бізді баурап алатын. Бәрімізді бірдей көріп, сөзімізді сөйлеп, ақыл-кеңесін беріп, адаспастай жол көрсететін.

Рая әпкеміздің артында Серік, Берік сияқты бауырлары бар, студент кезінде, аз ғана жыл жұмыс істеген мерзімдегі жасаған амал-әрекеті, адал, мәнсіз қызметі қалды. Олар барда оның ардақты есімі еш уақытта ұмытылмақ емес.

Адам тағдыры о баста жарық дүниеге келгенде маңдайына жазылады деген халқымызда тәмсіл бар. Рая әпкемізге бес күндік жалған дүниеге келіп, ана-ана мейіріміне қанып өсіп, бауырларын көріп, олардың әрқайсысына әпке ретіндегі қамқорлығын көрсетіп, оларды тура жолға салып, курстастармен,  ағайын-туыстармен жақын аралас-құралас болып, аз ғана тіршілігінде олар үшін сыйлас, қимас адам қатарынан болуын жазған тағдырға шүкіршік айтамыз.

Рая Қуанқызының артында қалған қалың орманы – бауырлары ғана емес, олардың ұрпақтары – жас буын өкілдері де үлкендер жолын лайықты жалғастырып, әпкемізге – Раядай аяулы апаларынатағзым етіп, оның атын атап ас беріп, рухына бағыштап Құран аяттарын оқытуы – үлкен адамгершілік әрі иманы іс!

Рая әпкеміз арамызда жүргенде биыл жетпіс жасқа толған болар еді!.. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген сөз бар халқымызда. Жаратқанның жазуына көне отырып, Рая әпкеміздің ардақты есімін тағы да жаңғыртып, көпшілік болып еске алып, мерейтойына орай садақа беріп, құрметімізді көрсетеміз.

Рухың пейіш төрінде шалқысын, абзал әпке!

Ғазиз дидарың біздің жазымызда мәңгіжаңғырады!

Сізді ешқашан ұмытпаймыз!

Бердібек МЕЙІРБЕКОВ