Все записи автора Admin

Қайрат Балабиев: Түркістан облысында халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесі өте өзекті

Түркістан өңіріндегі ең өзекті мәселенің бірі ауыз сумен қамтылмаған 124 ауылға су құбырын жүргізу жұмыстарын жеделдетуді ұсынып төменгі депутаттық сауалымды ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға жолдадым.

Құрметті Роман Васильевич!

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев су тапшылығының артып жатқанын ұдайы айтуда. Халқы ең тығыз орналасқан Түркістан облысында ауыз сумен, сапалы ауыз сумен қамту проблемасы бүгінде өткір мәселелердің қатарында.
Елімізде кезең-кезеңімен «Ауыз су» (2000-2010 жж.), «Ақбұлақ» (2011-2014 жж.), «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жер» (2015-2021 жж.) бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде Түркістан облысында халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту көрсеткіші Үкіметтің есептерінде 710 ауылды 93,3% — ды немесе 1 517,3 мың адамды құрайды. Дегенмен, 124 ауылды елді мекендерде су құбыры мүлдем жоқ, 109, 7 мың адам сапалы таза ауыз суға мұқтаж.
Негізгі себептер: технологиялық жүйелердің тозуы, су құбырларының техникалық жай-күйінің төмендігі, су құбырын тазарту құрылыстарының тиімді жұмыс істемеуі, мамандандырылған ұйымдардың болмауы және су құбыры желілері мен құрылыстарына қызмет көрсету және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыс істеп тұрған коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының жеткілікті жарақталмауы және т. б.
Үкіметтің есебіне сәйкес, 2022 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде қалаларда 135 жобаны іске асыруға 167 млрд. теңге және ауылдарда 267 жобаны іске асыруға 113 млрд. теңге қарастырылған. Оның қаншасы Түркістан облысына қарастырылды? 2022 жылы республика бойынша тексеру және санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы ауылдық елді мекендердегі су құбыры суының сынамасының санитариялық-химиялық көрсеткіштерге зерттеу жүргізілді ме? Қаншасы нормативтік талаптарға сәйкес келмеді. Оны шешу үшін қандай шаралар қабылдануда?
AMANAT партиясы фракциясы келесі ұсыныстарды енгізеді:
1. Түркістан облысының 124 елді мекенінде ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған жедел түрде су құбырларын жүргізу үшін жоспарлы бағдарлама қабылдау керек және жедел түрде су құбырларын жүргізу шараларын іске асыруды.
2. Халыққа берілетін ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялық жабдықты, тарату желілерін, сүзгілерді және өзге де жабдықтарды уақтылы ауыстыруға, тарату желілеріне дезинфекция жүргізуді қадағалау өзекті.
«AMANAT» партиясы
фракциясының депутаты

#Amanat

ҰБТ-ға еркін киімде қатысуға рұқсат етілді

Ұлттық бірыңғай тестілеуге еркін киімде қатысуға рұқсат етілді. Сондай-ақ, оқушыларға өзімен бірге су және шокалад алып кіруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Taq.kz сайты

Елімізде ұлттық бірыңғай тестілеуі бойынша талапкерлерге бірқатар жеңілдіктер жасалды. Ереже-талапты орталық өзінің әлеуметтік парақшасында жариялаған. Онда тест тапсырушыларға еркін киімде келуге рұқсат етілген.

Құрметті талапкерлер! Сіздерге ҰБТ-ға мектеп формасымен келудің қажеті жоқ екенін айта кетейік. Яғни тестілеуге еркін киімде қатысуға болады. Бірақ этикаға сай, ұқыпты киініп келулеріңізді сұраймыз, — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, биыл тестілеу сынағына талапкерлер өзімен бірге су және шоколад алып келуіне болады.

Айта кетейік биыл ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілде аралығында өткізіледі.

Нұржан Әшіров: Еліміздің қуаттылығы — бірлікте.

Бүгінгі таңда әлемдегі құбылыстарды зерделей қарасақ, бейбіт өмір мен тұрақтылықтың, тыныштықтың қадірін арттыра түсетін жағдаяттар аз емес. Әлемде, жаһандық аумалы төкпелі жағдайды бастан кешкен, мемлекеттік жүйенің тепе-теңдігі бұзылған, берекесі төгіліп, бірлігі сөгілген елдердің саны артып келе жатқанын байқауға болады. «Ынтымақ болмай, іс оңбас» деген бабамыздан қалған сөз бар. Шындығында, бүгінгідей қатерлер аяқ астынан туындап жататын алмағайып заманда береке мен бірлік, татулық пен достық ауадай қажет. Өйткені, Тәуелсіздіктің тірегі — тұрақтылық. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі сан салалы істері, тұтастай жеткен жетістіктері тек бірліктің, ынтымақ пен тыныштық арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында ғана орын алды. Бірлігі, ынтымақтастығы жарасқан елде ғана тіршілік қайнап, тұрақтылық сақталып, болашақ дамуы да баянды болмақ.
Бұл ретте, Мемлекет басшысы қоғамда бірлік пен ынтымаққа ерекше көңіл аударып келеді. Бірлік болмай тірлік болмайды деген ата-баба өсиеті Президент Жолдауларының негізгі бағыты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында «Ата-бабаларымыздан қалған аманаттарды, қасиетті тіліміз бен халқымыздың бірлігі, басқа да толып жатқан рухани құндылықтарымызды, бай тарихымыз бен әдебиет, мәдениет пен өнерімізді көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпақ, жастарымызға мирас етуіміз керек» -деп айтып өтті.
Сондықтан да «Аманат» партиясының фракция мүшелері, ел Президентінің Жолдауын қолдай отырып, әр ауылда береке-бірліктің дамуына өз үлесімізді қосып, түсіндіру, тәрбие жұмыстарына барынша атсалысудамыз. Қай заманда, қай елде болмасын, адамдар арасында әр түрлі мәселелерге байланысты дау-дамай туындап, түсініспеушіліктер болып тұратыны өздеріңізге адамзат тарихынан белгілі. Осындай түйткілді мәселелердің алдын алу мақсатында ай сайын халықпен кездесіп, қоғамдық қабылдаулар, кездесулер өткізудеміз.
Өздеріңіз білетіндей, «AMANAT» парламенттік сайлаулардан кейін бірден өз сайлауалды уәделерін іске асыруға белсенді түрде кірісті. Сайлаудан кейінгі міндеттерге орай бүкіл қажетті партиялық инфрақұрылым жаңаша қайта құрылымданды. Жауапты депутаттар мен басшыларға бекітілген жол картасы іске асырылуда. Одан бөлек ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, жастарымызды патриоттыққа баулитын, халықтың барлық санатына бағытталған түрлі жобалары аясында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Атап айтар болсақ, «Ауыл аманаты», «Қайсар», «Халыққа көмек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Ұлттық мұра», «Кедергісіз келешек», «Таза Лайк», «Бақытты отбасы» жобалары аясында түрлі шараларға қатысамыз. Аталға жобаларың мақсаты мәдениетімізді қалыптастыру, ұлттық тәрбиені арттыру, өскелең ұрпақты мейірімділкке баулу,елдегі тұрақтылықты, бірлікті сақтауға дәріптеу болып табылады.

@Нұржан Әшіров — Түркістан облысы мәслихатының депутаты


Ел артқан сенім біреу. Ұстанған тура жолдан тайынбау. Төңіректегі түрлі қиындықтарға төтеп беру. Межелі міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін, еліміздегі тұрақтылықты сақтау үшін әрине, сыртқы саясатымыз да сындарлы болуы шарт. Әлеммен байланысымызды бекемдеу қажет. Бұл тұрғыда, Мемлекет басшысы, Қ.К. Тоқаев әлемдік саясатта да, елдік, ұлттық саясатта да өзін дәлелдеген кемеңгер басшы.
Еліміз үшін татулық пен тұрақтылықтан артық ешнәрсе жоқ. Тыныштықта өмір сүріп, алаңсыз еңбек еткенге, бақытты ұрпақ тәрбиелегенге не жетсін! Міне, ең бастысы – осы. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

Айта кетейік, Әшіров Нұржан Сапабекұлы 29 шілде 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Шарбұлақ ауылында дүниеге келген. 1978-1983 жылдары Ташкент автомобиль жолдары институтында оқып,«автомобильдер және автомобиль жолдары» мамандығы бойынша «инженер механик» квалификациясын алып, еңбек жолын 1983-1986 жылдары Шымкент қаласындағы облыстық жолауышылар тасымалдау басқармасында инженер болып бастаған.1986-1996 жылдары Шарбұлақ ауылындағы Ленин ұжымшарында еңбек қорғау инженері, жөндеу-ұстаханасының меңгерушісі, жем-шөп дайындау цехының меңгерушісі, ұжымшардың бас инженері қызметтерін атқарды.
1996 жылы «Сапа» шаруашылығын ұйымдастырып, 2002 жылы ауыл округіндегі ұсақ шаруашылықтарды біріктіріп «Сапа-2002» ЖШС-ін құрып, бүгінгі күнге дейін осы шаруашылықты басқарып келеді. «Сапа-2002» ЖШС қазіргі таңда егін шаруашылығынан элиталы тұқым өндіруші шаруашылық мәртебесін, мал шаруашылығынан асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылық мәртебесін алған. Қазіргі таңда 150 ге жуық азаматты жұмыспен қамтып отыр.
Депутаттық мерзімінде, алға қойылған міндетті орындау үшін аудан халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендерді газдандыруға арналған жобалардың өз уақытында және сапалы орындалуы, білім беру мен медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін шешуге атсалысты.
• Бүгінгі күнге дейін өзі туып өскен еліне
Тұрбат, Қақпақ, Шарбұлақ ауыл округтерінің елді мекендеріне газ құбырын тарту жобаларының іске асуына;
• Қазығұрт ауылының оңтүстік бөлігінен жаңа мектеп ғимаратын салу жұмыстары қолға алынып, О.Жандосов атындағы мектеп ашылуына;
• Тұрбат ауыл округінде Қызыл Дихан елді мекеніне, Құларық елді мекеніне, Шарбұлақ елді мекенініе жаңа көпір салуға қаржы бөлдіруге ықпал етті;
• Аудан орталығын абаттандыру, жаңадан салынған көшелерге электр энергиясын тарту, ішкі жолдар және басқа да коммуникациялар жүргізу басты назарда болып, Шарбұлақ ауылының бірнеше көшелері күрделі жөндеулерден өтті;
• Қызылқия, Айнатас, Ынталы, Қызылсеңгір, елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне қаржы бөлуге ықпал етті;
Қақпақ ауыл округінің Сырлысай, Тассай елді мекендерінде жол, ауыз- су, электр энергиясы мәселелерін шешуге қаржы бөлуге тиісті органдарға ұсыныс жасады;
• Соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жетім-жесірлерге өз қаражаты есебінен материалдық жәрдем беріп келеді.
• Имандылық пен бауырмалдықтың рухани орталығы болсын деп Шарбұлақ ауылына өз қаражаты есебінен мешіт салдырды.
• Жол картасындағы өзіне жүктелген бағыттарды орындау барысында біршама кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандар іске қосылды, әлеуметтік үйлер пайдалануға берілді.
• Қазығұрт ауылы, Кезеңбұлақ елді мекені арқылы өтетін Үлкен Келес магистральды каналын 2 жағын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес қоршалуына өз септігін тигізді

ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ.

«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға келген тұрғындарды Партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев, Қазығұрт ауданының әкімі Әзизхан Исмайлов қабылдап, 16 аудандық бөлім басшыларымен құқық қорғау қызметкерлері қатысты. Қабылдауға келушілер өз арыз-шағымдарын айтып, ұсыныстарын білдірді.

Нақтырақ айтсақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін ИПР мәселесі, жер, үй алу сонымен қатар Талдыбұлақ елді мекенінің газ мәселесі, әлеуметтік көмек көрсетуге ықпал ету мен ішкі жолдарды асфальттау және жайылым жер мәселесі бойынша жалпы 10 тұрғын мәселесін айтты. Мектеп, спорт алаңшаларын салу жөнінде де азаматтар өз сұрақтарын қойды. Ауданға қарасты С.Рахимов ауыл округінен келген тұрғын, «Сабыр Рахимов» атындағы ЖОМ құрылысы тоқтап тұрғанын алға тартып, құрылысын жүргізуге ықпал жасауды сұрады.

Туындаған мәселе бойынша жауаптылар, мектеп құрылысы 2022 жылы басталған. Алайда облыстық құрылыс және сәулет құрылысы басқармасының айтуынша 2015 жылы жасалған ЖСҚ қазіргі таңдағы құрылыс заттарының қымбат болуына байланысты қосымша қаржы қаралуда екенідігін айтып жауап берді. Жалпы 1 тұрғын ауданға қатысты күрмеуі қиын, шешімі табылмай тұрған бірнеше проблемадан көтерді. Қабылдауға катысқан жауапты бөлім басшылары тиісінше заңды жауаптарын берді. Бірнеше өзекті деген мәселені аудан әкімі өз қадағалауына алатынын айтты.

Сонымен қатар Партия төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Алтынсары Үмбетәлиев қабылдауда болған азаматтарға айтылған кемшіліктер бойынша белгіленген мерзімде жауап берілетінін және заң аясында шешім қабылдап тиісті ұсыныс жасайтынын жеткізді. Тұрғындар айтқан бірнеше мәселенің шешімі сол мезетте табылып, көңілге қонымды жауаптырын алды

«AMANAT»-тың Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды

«AMANAT» Партиясы Орталық аппаратының келісімімен филиалдың атқарушы хатшысы қызметіне Таштеев Сұлтанхан Батырханұлы тағайындалды. Оны ұжымға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы таныстырды.


Сұлтанхан Таштеевтың айтуынша, партияның қалалық филиалының алдында бірқатар маңызды міндет тұр. Олардың қатарында партия филиалының жұмысын жандандыру, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру, азаматтармен кері байланысты күшейту, жұмыстың тиімділігін арттыру жұмыстары бар.

Сұлтанхан Батырханұлы 1977 жылы 1 қарашада ОҚО Түркістан қаласында, көпбалалы отбасында дүниеге келген.
1996 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетіне оқуға түсіп, 2001 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
2004-2015 жылы Түркістан қалалық салық басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы болып қызмет атқарды.
2016-2021 жылдары VI-шы шақырымда Түркістан қаласы мәслихатының депутаты болған.
2021 жылдан Түркістан қалалық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығында» КММ-нің директоры қызметін атқаруда.
2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталған. «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» және Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» төс белгісін алған.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Электр самокат қолданушыларында жүргізуші куәлігі болуы қажет

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
Құжат аясында электр самокаттармен жолда жүру тәртібі реттеледі. Аталған заң жобасын Парламент депутаттары әзірледі.
«Кейінгі көшеде жаңа көлік құралдарының, яғни электр самокаттардың, гироскутерлер мен монодөңгелектердің және басқа да түрлері пайда болғанын көріп жүрміз. Бізге азаматтардан жаңа көлік құралдарының жүрісін реттеу мәселелері бойынша өтініштер үнемі түсіп жатады. Әсіресе, бұл жағдай мегаполистерге қатысты. Электр самокаттардың жолдармен және тротуарлармен жүруі жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіп төндіріп жатыр», — деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
Оның айтуынша, осы заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген. Алайда электр самокаттарға қатысты техникалық регламент тек 2022 жылдың шілдесінде қабылданды.
«Бүгін біз электр самокаттардың жүрісін реттеу бойынша алғашқы түзетулер топтамасын ұсынып отырмыз. Жобаға сәйкес электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады, сондай-ақ жүру жылдамдығы сағатына 25 километрге дейінгі көлік құралдары электр самокат санатына жатады. Электр самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады. Тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Бұл тәсіл көліктің жаңа түрін пайдаланатындар мен жаяу жүргіншілер үшін ең қолайлы шешім», — деді депутат.
Оның пайымынша, тротуардағы жылдамдықты шектеу – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
«Шектеулерді қадағалау қиын. Бірақ мұндай жылдамдық шамамен жаяу жүргіншілер легінің жылдамдығына тең. Бұл жылдамдық сырттай көзбен шолып анықталады. Электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда, бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Сондай-ақ оның үстінде жарық шағылыстыратын киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет», — деді Екатерина Смышляева.

ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫ «QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Астанада «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары ұйымдастырылып, нәтижесінде Түркістан облысының жастары жеңіс туын желбіреткен болатын.


Түркістан облысының жүлделі орынды иеленген командасын бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, партия ғимаратында марапаттап, қайсарлы өңір жастарымен кездесу өткізді. Жастарға партия атынан алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

— «Qaisar»-дың басты мақсаты жастардың бойында патриоттық рухты оятып, олардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру. Сондықтан еліміздің абыройын асқақтататын жастарымыздың қатары көп болғаны қуантарлық жағдай, — деді өз сөзінде А.Үмбетәлиев.


Айта кетейік, 120 қатысушы екі күн бойы тартысқан додада өңір жастары жүлделі бірінші орынды иеленді. Олар қашықтыққа жүгіріп, арнайы әскери жаттықтырушылар дайындаған кедергілермен жүріп өтті. Сонымен қатар саптық дайындық деңгейлерін көрсетіп, «Менің елім – Қазақстан» атты әскери-танымдық викторинада білімін шыңдады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 102 ЖАСТАҒЫ ҚАРТ МАЙДАНГЕР АРДАҚТАЛДЫ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев және аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров Ұлы Жеңістің 78 жылдығы қарсаңында 102 жастағы жауынгер Жұмағұлов Рысмет ақсақалдың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Екінші дүниежүзілік соғыстың Төлеби ауданындағы жалғыз куәгері 102 жастағы Рысмет Жұмағұлов Леңгір қаласында дүниеге келген. Қара жұмысқа ерте араласып, Георгиевка ұжымшарында еңбек еткен. Қан майданға 1942-1943 жылдары қатысып, Сталинградты қорғаушылар қатарында болған. Ал 1945-1974 жылдар аралығында күзет бөлімінде қарауыл және қосалқы шаруашылықта жұмысшы болған. Фосфор зауытында зейнеткерлікке шыққанша еңбек еткен Рысмет Жұмағұлов «Отан соғысы» орденімен, «Г.К.Жуков» мерекелік медалімен марапатталған. Рысмет қарияның замандасы 101 жастағы Немет Абдрасилов 1-гвардиялық артиллериялық дивизия құрамында нысанашы, зеңбірек командирі болды. Сталинград, Курск, Украина, Белоруссия, Польша қалаларын азат етуге қатысқан. Рейхстагқа шабуыл жасау кезіндегі ерлігі мен батырлығы үшін ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Сондай-ақ ол «Қызыл Жұлдыз», І дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және басқа да 24 медальмен марапатталған. Соғыс аяқталған соң Түркістан қалалық милициясында және Түркістан қаласының автобазасында жүргізуші болып жұмыс істеді. Ардагер 5 ұл, 1 қыз, 20 немере мен 18 шөбере тәрбиелеп өсірді.
Жалпы, облыста 4438 ардагерге Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 175,5 млн теңге бөлінген. Соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден үлестірілсе, 4400-ден астам тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне және басқа да санаттардағы ардагерлерге қаржылай көмек қарастырылған. Түркістан облысынан Екінші дүниежүзілік соғысқа 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралған. Биылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша 4438 адам соғыс ардагерлері мен оған теңестірілгендер есебінде. Оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыстың 14 ардагері бар.
«Сол бір зұлмат жылдарды бастан кешкен алдыңғы аға буын өкілдерінің төзімділігі мен ержүректілігі бүгінгі және келешек ұрпақ санасында нағыз адамгершіліктің, отансүйгіштіктің үлгісіндей болып қала бермек. Тарих еншісінде қалған соғыстың сұрапыл жылдары енді қайталанбасын деп тілеп, сондағы айбарлы аға-әпкелеріміздің жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне құрметпен бас иеміз,» – деді Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев.
Ел ертеңі үшін күрескен қарияның шаңырағына арнайы барған аудан басшысы отан үшін оқ пен от кешкен Жеңіс солдатының естелік әңгімелерін тыңдап, ауданның жаңалығын, ел жайын әңгімелеп, сый-құрмет көрсетті. Қан майданда ерлікпен қаза тапқан азаматтардың рухына бас иіп, құран бағышталды. Ақсақал келген қонақтарға ақ батасын берді.