
ТҮРКІСТАНДЫҚ 40-ҚА ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ БІР КҮНІН ТҮРМЕДЕ ӨТКІЗДІ

Ордабасы ауданында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция мәжілісі өтті. Партияның фракция мәжілісін облыстық партия филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев ашып, жүргізді. Күн тәртібіне қойылған мәселеге орай мобильді мәжіліс отырысында 2 аудан әкімінің есебі мен басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Жиында алдымен мемлекеттік, салалық бағдарламалардың және өңірлік бағдарламалар мен сайлауалды бағдарламаның жол картасының іске асырылу барысы туралы Қазығұрт, Ордабасы аудандарының әкімдері есеп берді.
Сондай ақ, халық қалаулыларының алдында бұл күні партияның Сайлауалды бағдарламасы мен жол картасының орындалу барысы туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдувалиев, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Р.Сариева және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов баяндама жасады.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша өңірлік және сайлауалды бағдарламаның жол картасы бойынша іске асырылып жатқан жұмыстар қарқынды жүруде. Жол картасында көрсетілген нысандар бойынша Партиялық бақылау комиссиясы өз қадағалауына алып, бақылау бекеттерін орнатқан және әр қала, ауданда жауапты депутаттар бекітілген. Бұдан өзге жер, ауыз су және газ мәселесі де, тұрғындарды толғандырып келген мәселе екендігі жасырын емес.
Мәселен бір ғана Қазығұрт ауданында, «Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жер ортақ жайылымға қайтаруға жылдық жоспар 16,9 мың.га болса, бүгінде оның 8,7 гектар жайылым жер аудан қорына қайтарылып, 120 жеке және заңды тұлғалардың құжаттары сотқа жолданған. Сондай ақ, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында жеңілдетілген несие кәсіпкерлерге микрокредит беруге жылдық жоспар 140 кәсіпкер болса, 6 айдың қорытындысымен 64 кәсіпкерге жеңілдетілген несие берілген. Фракция мүшелерінің алдында есеп берген Азизхан Исмайлов жыл соңына дейін жоспар орындалатынын атап өтті. Депутаттар Ордабасы ауданы бойынша кәріз жүйесінің жоқтығын айтты. Аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлына Жастарды баспанамен қамту, жол жөндеу жұмыстары бойынша арнайы ұсыныс білдірді. Өз жұмыстарын орындамаған кәсіпкерлерді, міндеттемелері талапқа сай болмаған нысандар бойынша заңды шешім шығару керектігін де айтты. Бұдан өзге барлық депуттар өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салып, тиісті жауаптарын алды.
Басқосуда Фракцияның жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев , хаттамада көрсетілген тапсырмалады орындауды және аудан әкімі мен басқарма басшыларына бір қатар жұмыстарды жүйелендіру керектігін айтып, нақты ұсыныстар берді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Түркістан облысында «Құқықтық көмек» жобасы қарқынды жұмыс жасауда. Қоғамдық қабылдауға жүгінушілер, көмекке мұқтаж жандардың саны күн сайын артып келеді. Бұл «AMANAT» партиясының аталған құқықтық жобасының маңызды әрі халыққа пайдалы екендігінің дәлелі. Соның бірі Түркістан облысы Қарамұрт ауылының тұрғыны Нухринса Иристаева «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалына көмек сұрап келген. Тұрғынның айтуынша партия алдаған алаяқтарды анықтап, көмек көрсеткен.
– «Менің атымнан алаяқтар кредит алып алдап кетті. Алынған несиелер төленбей, банк алдындағы берешегім 2,5 миллионға жетті. Өзім 3-топтағы мүгедек, жалғызбасты анамын. 2 балам бар. Алғашында «АМАНАТ» партиясында «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтеді дегенді естіп келдім. Мұнда заңгерлердің көмегіне жүгініп, мәселемді айттым. Бүгінде мәселем оң шешімін тауып, қазіргі таңда алынған несиені алаяқтар өзі төлеп жүр, – деді Нухринса Иристаева.
Сонымен қатар, ауыл тұрғыны «АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы Қарамұрт ауыл округінің әкімшілігіне ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырғанын айтып қуанышын жасырмады.
– «Партияға үлкен алғыс айтамын. Басымнан өткен жәйтті айтып жеткізе алмаймын. Қаттты уайымдадым. Бүгінде алаяқтың арбауына түсіп жатқандар аз емес. Барлығына партияның «құқықтық көмек» жобасына келіп кеңес алуға, заңды үйренуге шақырамын, – деді ауыл тұрғыны
2023 жылы Түркістан облысында жұмыспен қамту саласы 4 негізгі стратегиялық бағыт бойынша жүргізілуде. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Өңірдің жұмыспен қамту картасын» бекіту, Үкіметтің қаулысы негізінде «Еңбек» бағытының іске асырылуы, Түркістан облысының даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өз ісін ашу, Мемлекет басшысының «2050 жылдарға дейінгі даму стратегиясы» бойынша цифрландыруды тереңдету іске асырылады. Биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 109,7 мың жаңа жұмыс орынын ашу жоспары ұсынылып, Түркістан облысы әкімінің бекітуімен облыстың жұмыспен қамту картасы нақтыланған. Оның ішінде 72,4 мыңы тұрақты болса, 37,4 мыңы – уақытша жұмыс орындары. Биылдан бастап 35 жасқа толмаған азаматарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген қайтарымды шағын несие беру жүзеге асырылуда. Ал әлеуметтік жұмыс орны, қоғамдық жұмыс, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Күміс жас» жобалары жалпы «Еңбек» бағыты аясында 32,9 мың адамды субсидияланған жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бюджет есебінен 35,6 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Бүгінде, «Күміс жас» бағдарламасы зейнет жасына таяған азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр. Аталған жоба өткен жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында іске қосылған болатын. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жоба аясында былтыр 3080 адам жұмысқа орналасқан. Оның 516-сы – түркістандық. Яғни, Түркістан облысы ең көп жұмыспен қамтылғандар қатарына енгізілген. Ал, өңірде биыл «Күміс жас» жобасы арқылы 1656 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Аталған бағдарлама бойынша тұрақты қызметке орналасқандардың бірі, Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Құлназаров Нұржан Орынбайұлы. Ол 2022 жылдың 21- ші шілдесі күні “Күміс Жас” бағдарламасымен жұмыссыздыққа тіркеліп, “Мыңбұлақ“ шаруа қожалығына Биогумус өнімдерін өндіру бойынша аграном болып жұмысқа жолданған болатын. Ал, 2023 жылдың 21 шілесінде аталған мекемеге тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді.
– Соңғы жылдары белгілі бір себептермен жұмыссыз қалып қойдым. Осындай бағдарлама бар екенін естіген соң, қатысып көруді жөн санадым. Түлкібас ауданындағы мамандардың нұсқауымен жұмысқа қабылдандым. Жұмыс қиын емес, өте ыңғайлы, өзіме ұнайды. Бастысы еңбек ете білу керек. Еңбектенбей, өзгелерден көмек күтетін адамдарға айтарым, мемлекет осындай игі бағдарламаларды шығарып жатқан кезде мүмкіндіктерді пайдалану керек. «Күміс жас» жобасының елге берер пайдасы мол деп білемін. Жұмыссыз жүрген замандастарыма осы бағдарламаға қатысуға кеңес берер едім. – дейді «Күміс жас» жобасының қатысушысы Нұржан Орынбайұлы.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық, аудандық, қалалық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау Комиссиялары төрағалары, мүшелері мен облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы, мүшелерінің қатысуымен семинар өтті. Еркін форматта өткен басқосу мақсаты партиялық бақылау комиссияларының атқаратын жұмыстары мен міндеттерін нақтылау, тәжірибе алмасу. Семинарды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Үмбетәлиев Алтынсары Дүйсенбекұлы жүргізді.
Семинар отырысына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алмас Салимов, облыстық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес төрағасы Уалихан Рахиев және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 1 мәселе талқыланды. Ол партиялық бақылау комиссияларының атқаратын жұмыстары мен міндеттерін нақтылап алу, тәжірибе алмасу.
Еркін форматта өткен семинарда аудандық, қалалық Комиссиялармен атқарылатын жұмыстардағы негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде, Комиссиялармен атқарылатын жұмыстарды БАҚ-да және әлеуметтік желілерде орналастыру бойынша және Созақ, Бәйдібек аудандарының партиялық бақылау комиссиясымен жүргізілген жұмыстар бойынша баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, семинар соңында партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алмас Алтайұлы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы Уалихан Рысбекұлы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы, семинарға қатысушыларға партияның Орталық Аппаратынан келген хаттамалық тапсырмалармен таныстырды.
Сондай-ақ , партия төрағасы барлық бақылау комиссиялары төрағаларына тұрақты түрде отырыстарда Жол Картасына енген өзекті нысандар бойынша қарауды, Комиссия төрағаларының БАҚ-да сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жұмыс жүргізулерін күшейту, тиісті мекемелермен бірлесіп семинар кеңестер мен дөңгөлек үстелдер өткізуді және бақылау комиссияларының кемінде тоқсанына бір рет міндетті түрде отырысын өткізіп отыру сынды бірқатар тапсырмалар жүктеді
Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында мүміндігі шектеулі баласын тәрбиелеуші санатындағы жеке кәсіпкер Назира Телғозиева мемлекеттік грант иегері атанып, бүгінде қияр шаруашлығын дамытуға кіріскен. Бастау бизнес жобасы аясында, өзінің бизнес-идеясын қорғап, 2023 жылдың сәуір айында мемлекеттен 1 380 000 теңге алған азаматша ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 га егістік алқабында қияр өсіруде. Тәулігіне төрт тонна қияр алатын егістікте, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тиісінше егістік алқабын игеруге де мүмкіндік алды.
«Бүгінде ізденіп еңбек етіп, жеке кәсібін өрлетемін деген азаматқа мүмкіндіктер өте көп. Ең бастысы ерінбеу керек деп ойлаймын. Жолдасым екеуміз осы кәсіпті игеріп келе жатқанымызға біршама жыл болды, отбасылық кәсіп деп айтуға да болады. Бүгінде еңбегіміздің нәтижесін көріп отырмыз. Табысымыз отбасымызға толық жетеді. Қазіргі тағда қиярға сұраныс өте жоғары, сол үшін балаларымыз да арасында көмек беріп, қолдау көрсетеді»,-дейді Назира Телғозиева.
Қиияр шаруашылығымен айналысу елімізде кеңінен тараған кәсіптің түрі ғой. Шаруалардың көпшілігі оны жылыжайларда өсіріп жатады. Бірақ, қиярды кез-келген, тек қышқыл және тұзды емес топырақтарда да өсіруге болады. Ол басқа көкөніс дақылдарымен салыстырғанда, топырақтан қоректік заттарды аз шығындағанымен, оларды бойына тез сіңіреді. Жалпы қияр өнімін оның пісіп, жетілуіне қарай теріп отыру қажет. Себебі оны уақытылы жинамасаң, ұрықтанып, басқа да көкөністердің өсуіне кері әсерін тигізеді, жеуге де жарамсыз болып қалуы мүмкін. Әсіресе, шілде айында жеміс беру уақыты қызған шақта, күніне немесе екі күнде бір рет өнімді жинап алу керек. Қииярдың күтімі дұрыс болу үшін, топырағын қопсытып, уақытылы арам шөптерін жұлып және жаңа өскен сабақтарын қыстырып отыру қажет. Сосын бұл көкөніс түрі суды жақсы көреді.Сондықтан,оғанда баса көңіл бөлу қажет. Мен бастау бизнес аясында осы кәсіпті бастағаныма қуаныштымын. Шаруашылыққа отбасым,жақындарым да қолдау білдіріп жатыр – дейді Назира Телғозиева.
Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін өркендетіп жатқан кәсіпкерлердің қатары артқан. Тіпті, шаруаға қосымша азаматтарды тартып, оларды жұмыспен қамтып жатқандары да бар. Ал, 2023 жылға берілетін мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарланып отыр.
“AMANAT” партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен, қалалық партия филиалының төрағасы Арман Басаровтың, қалалық мәслихат депутаты, Қарнақ бастауыш партия ұйымының төрағасы Бекзат Хабибовтың, “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС -гі Кентау электр желілері мекемесінің басшысы Исабек Саменовтың, Қарнақ ауылы әкімінің орынбасары Бахтияр Шайлауовтың және қалалық коммуналдық бөлімі бас маманының қатысуымен Қарнақ ауылы тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қабылдауға келген ауыл тұрғындары тарапынан электр желілеріне қатысты сұрақтарына, атап айтқанда ауыл тұрғыны Х.Гайбуллаевтың тоқ қуатының жетіспеушілігі, С.Камаловтың ескірген электр бағаналарды және электр сымдарын ауыстыру мәселелеріне қатысты Кентау электр желілері мекемесінің басшысы И.Саменов мекеме тарапынан атқарылатын жұмыстар мен Қарнақ ауылына қатысты инвестициялық жобаларымен таныстырып, мүмкіндіктерді қарастырып, қосымша трансформаторлар қою, электр бағаналарын ауыстыру мәселелері кезең – кезеңімен атқарылатынын жеткізсе, И.Изетов, Х.Рамаев көше жарықтарының шамдарын ауыстыру, қосымша жарық шамдарын қою мәселелеріне қатысты, ауыл әкімі аппараты тиісті жұмыстарды атқаратын болып келісті.
Жалпы қабылдауға 8 адам жазылып, тиісті жауаптарын алса, көтерілген міәселелерді қалалық мәслихат депутаты өз бақылауына алатынын жеткізді.
“ – Қазір біз кент ішіндегі 15 дүкенің әр қайсысына күніне 40-60 данадан нан өткіземіз. Кейде тапсырыс көп беріп жатады. Оған үлгермейміз. Кейін үлкейтіп, ауылдық округтерге тасысам деген жоспар бар” – деді Гүлнәр Жақсыбаева.
Айта кетейік, жеке кәсіпкер Гүлнәр Жақсыбаева мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2023 жылдың сәуір айында 1 380 000 теңге қайтарымсыз қаражат алған. Аталған наубайханада қазір 2 адам тұрақты жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта наубайхана көлемі ұлғайып, сұраныс артып жатса тағы бірнеше азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ нан өнімін шығаратын орын жергілікті тұрғындарға да тиімді болып отыр. Яғни, жылдар бойы ас атасын аудан орталығынан тасыған тұрғындардың мәселесі шешімін тауып отыр.
Жалпы нан пісіру саласы тамақ өнімдерінің ішіндегі көшбасшылардың бірі болып саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмауы мүмкін, бірақ мұндай наубайханалар диеталық, ұлттық, эксклюзивті нан пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуға мүмкіндік береді.
Жеке кәсіпкер Гүлнара Жақсыбаева кішігірім наубайханасына конвекционды пеш, шкаф, дайын өнімдерді қоятын жылы сөрелер мен тот баспайтын болат противиньдер, мұздатқыш ларь секілді құрал-жабдықтарды да орнатқан. Бүгінде, өнім бағасы да сатып алушыларға қолжетімді болып отыр. Келешекте жеке кәсіпкер, тұтынушылардың санын көбейту үшін және бизнесті кеңейту үшін пісірілген өнімді үйге немесе жұмыс орнына жеткізіп беру іспетті қосымша қызмет көрсетулерді ұсынуы да мүмкін.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен, Түркістан қаласы әкімдігі және облыстық “Жастар Рухы” жастар қанатының бастамасымен ұйымдастырылған үстел тенисінен ашық турнир өз мәресіне жетті. Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған жарыста қатысушылар үш күн бойы бақтарын сынады. “AMANAT CUP” жеңімпаздарын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев салтанатты түрде құттықтады.
– Спорттың денсаулық кепілі екені баршамызға аян. Демек, біздің мақсатымыз – тәні мен жаны сау ұрпақ тәрбиелеу; жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, көрген-білгені мен алған білімін тереңдету, салауатты өмір салтын дамыту болып табылады. Турнирге қатысқан барлық теннисшілерді шын жүректн құттықтаймын! Барлықтарыңыз да бүгінгі жарыста табандылық, жоғары спорттық шеберлік және қажымас қайраттылық таныттыңыздар деп білемін. Турнирдің сәтті өтуіне үлес қосқан төрешілер мен бапкерлерге және қатысушыларға, сондай-ақ қолдаушыларға өз алғысымды білдіремін – деді партия төрағасы.
Жалпы 200- ге жуық жасөспірім бақ сынаған ашық турнирде, қыздар арасындағы жеңімпаздар:
Шодина Камилжанова 1-орын
Шохина Мирходирова 2-орын
Назерке Болатбек 3-орын
Сонымен қатар, 2010-2012 жылдар аралығындағы жасөспірімдер арасында
1-орын Мафтуни Ханиязова
2-орын Шахруза Шавкатова Сайрам ауданы.
3-орынмен Шымкент қаласынан қатысқан Томирис Косир марапатталды.
Ал, 2005-2009 жылдар араығындағы жасөспірімдер бойынша
1-орынды Шахзода Ахмадилиева, 2-орын Нойла Ханиязова және 3-орын Ұлдана Байболат жеңіп алды. Ал 2013 жылғы және одан төмен жасөспірімдердің ұлдар арасында
1-орын Абай Жұмағұл Түркістан қ, 2-орын Абылайхан Ермаханұлы Түркістан қ және 3-орын Болатбек Шахмардан Жетісай қ.
2010-2012 жылдар арасында 1-орын Марлен Жұмағұл Түркістан қ, 2-орын Абылайхан Ермаханұлы Түркістан қ, 3-орын Орынбасар Есімхан Жетісай қ.
2005-2009 жылдар аралғындағы теннисшілер бойынша 1-орын Самат Төлебаев Түркістан қ, 2-орын Атханбек Моминжанов Шымкент қ, 3-орын Дастанбек Төребеков Шымкент қ.
18-40 жас аралығындағы қатысушылар:
1-орын Әкімәлі Бақдәулет – Шымкент қаласы
2-орын Артухметов Рысбек – Шымкент қаласы
3-орын Бесбай Жасұлан – Шымкент қаласы
41-59 жас аралығындағы ересектер
1-орын Бакуов Болат – Қызылорда облысы
2-орын Абишев Марат – Жетісай ауданы
3-орын Шарипов Сейілбек – Қызылорда облысы
Ал, 60 жастан асқан ардагерлер арасында
1-орын Ким Николай
2-орын Қамысбаев Біржан
3-орын Қасымбеков Қалдыбай
Еске сала кетейік, жарыс 7 санатты қамтыған болатын. 136 ұл мен 64 қыз іріктелген турнирге Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан бөлек Шымкент қаласы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Қырғыстан мемлекетінен теннисшілер қатысты.
Айта кетейік, ашық турнирге «Иассы» копсорциум және Farabi shcool мекемелері тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі