
ТӨЛЕБИ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАҚСАТЫНДА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТҚА НЕСИЕ БЕРІЛГЕН

Түлкібас ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жұмыс іздеуші азаматтарға тиісті қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл бағытта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп, азаматтарға «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес заңдылықтары, «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталы (enbek.kz) арқылы бос жұмыс орындарын іздеу мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде. Сонымен қатар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында ұйымдастырылатын жұмыс орындарына қатысу тәртібі тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар бағдарламаға қатысу бойынша насихат жұмыстарын атқарып келеді.
Бұған дейін дәл осы бағытта өткізілген жәрмеңкеге 16 жұмыс беруші мекемелерден 29 бос жұмыс орындарының мәліметі ұсынылған. Оның ішінде білім саласынан 10, денсаулық сақтау саласынан 10 бос жұмыс орны және басқада салалардан 9 бос орындарға сұраныстар болды. Жәрмеңкеден кейін 5 жұмыс іздеуші азаматқа жұмысқа орналасу үшін жолдама берілген. Сонымен қатар, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына, айта кеткенде қоғамдық жұмыстарға 210 уақытша жұмыс орны, жастар практикасы бағдарламасы бойынша 31 уақытша жұмыс орындары ұсынылды.
Түлкібас ауданының тұрғындары қосымша ақпараттар мен мәліметтерді Түлкібас аудандық Мансап орталығынан біле алады. Айта кетейік, биыл шілде айынан бастап бұған дейін жұмыс істеп келген «Халықты жұмыспен қамту орталықтары» енді, Мансап орталықтары болып қайта құрылды. Жаңадан құрылған еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі қызметін еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітті. Яғни, аталған мекеме жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімдерін қамтамасыз ету, өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады. Сондай-ақ, жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасайды. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесіп, азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіруді және жұмыс іздеуші ретінде жүгінген азаматтарды тіркеумен айналысады.
Жалпы алғанда, орталықтың негізгі мақсаты «Ұлттық жоба» арқылы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Бұл орталық жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем береді, кейбіріне уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын да қоса атқарады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан кез-келген жұмыс іздеуші азаматтар немесе өз кәсібін дамытуды қалайтын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға ниетті тұрғындар Түлкібас аудандық Мансап орталығының қызметіне жүгіне алады.
Түлкібас ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында, кешенді жоспардың барлық бағыттары бойынша 5588 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 7 айдың көрсеткіші бойынша 2755 адамды құрап отыр. Бұл туралы Түлкібас аудандық Мансап оралығының басшысы Байбатшаев Ерсұлтан Жаңабайұлы мәлімдеді.
Орталық басшысының айтуынша, жалпы жұмыспен қамтылғандардың ішінде «Әлеуметтік жұмыс» орындарына 203 азамат жолданса, «Жастар практикасына»115 азамат жолданған. Ал, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 43 азамат жолданып, олар өз қызметіне кірісіпті. Сондай-ақ, «Күміс жас» жобасына 71 азамат жолданса, «Ақылы қоғамдық» жұмысқа 821 азамат орналасқан.
– “Бүгінде ауданда 7 айда 741 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. «Жаңа жұмыс» орнына 56 адам жолданды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша 608 азамат жұмысқа орналасты. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант 44 азаматқа берілді. Бұдан бөлек, ауданымыздағы мүгедектігі бар еңбекке қабілетті 283 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Оның ішінде 8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 2 азамат жастар практикасына, 2 азамат күміс жас жобасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына, 45 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 190 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына, 15 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алған және 20 азамат деректер қорындағы бос жұмыс орнына жолданды”, деді Түлкібас аудандық Мансап оралығының басшысы Ерсұлтан Жаңабайұлы.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс шаралар қарастыру бойынша нақты міндеттерді айқындап берді. Яғни, еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Дәл осы бағытта, 2023 жылдың 1-шілдесінен бастап, Түркістан облысының аудан, қалаларында еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін 20 орталық құрылды. Бұған дейін жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары, енді мансап орталықтары болып қайта құрылып отыр. Қазіргі таңда, аталған мекемелер «Ұлттық жоба» аясында ұйымдастырылатын жұмыстарды жүзеге асыруда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңадан құрылған еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі қызметін де бекітті. Олар:
– Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімдерін қамтамасыз ету; өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру; жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасау; жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру; жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз азаматтарды тіркеу; халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілеттік мемлекеттік органдарды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
Қазіргі таңда, Түлкібас ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бағытында нақты іс-шаралар жоспары нақтыланып, тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамту үшін жаңа өндіріс орындарын ашу, “Халықтың кірісін арттырудың 2025 жылға дейін бағдарламасын” іске асыру, ауданға инвестициялық жобаларды тарту, шағын және орта бизнесті дамыту бағыты да басты назарда. Түлкібас ауданының туристік әлеуеті де өте жоғары. Аудандық Мансап орталығының басшысы мемлекет осындай қолдауларды жасап жатқанда, азаматтар еңбек етуге ұмтылуы керек екенін айтады.
– “Біздің ауданда еңбек етемін деген тұрғындарға, яғни қос қолға бір күрек табылады. Шағын кәсіп, ауылшаруашлығымен айналысу, туризм бағытында қызмет көрсету бойынша да ауданның әлеуеті жоғары. Сондықтан, мемлекет қолдап тұрғанда, жастардың өсуіне көмек көрсетіп тұрғанда, қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттіміз. Біз, барынша көмектесуге, жол көрсетуге дайынбыз. Орталықтың негізгі мақсаты «Ұлттық жоба» арқылы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Бұл орталық жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем береді, кейбіріне уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын да қоса атқарады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Негізі, халықтың басым бөлігі мамандығы бойынша еңбек жалақысы жоғары тұрақты жұмыспен қамтылуды қалайды. Ал, ауылдық жерде қыруар қаржы алып, жалақының жоғары болуы екіталай. Ондай мамандықтар бірен-саран. Сол себепті «маған жалақысы жоғары жұмыс қажет» деу орынсыз. Барға қанағат етіп, жұмысыңды жасап, қосымша кәсіп ашып, оны да талапқа сай жүргізіп отырсаң, соның өзі бақыт деп білемін”, – дейді Ерсұлтан Байбатшаев.
Айта кетейік, бүгінде электронды еңбек биржасының арнайы сайты бар. Порталдың басты жұмысы- жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. Енді, жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты электронды еңбек биржасында жеке кабинеті арқылы беріп, бос жұмыс орындар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді. Жалпы, Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы Ұлттық жобалардың бірыңғай платформасында жұмыс орнын табуға көмектеседі. Сондай-ақ, жұмыс іздеушілер жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға өтінім бере алады.
“AMANAT” партиясы Түркістан облыстық флилиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиевтің айрықша қадағалауына алған өзекті мәселелердің шешілу жолдарын өзара талқылау мақсатында Төлеби ауданы Қаратөбе ауылының тұрғындары қатысуымен өткен аптаның жұмасында жиын өтті. Ауылдағы ағайынның талап-тілегін талқылаған, ақылдасқан жиында “AMANAT” партиясы атынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары Ғалымжан Елшібай және Ханай Әшірбеков, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев, сондай-ақ аудандық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімнің бас маманы Мақсат Спабек пен Кемеқалған ауылының әкімі Досымжан Дәрібаев бастаған әкімдік мамандары қойылған сауалдарға жауап қайтарып майшаммен қарайтын мәселелердің шешілу жолдарын түсіндіріп берді. Әлеуметтің жанайқайын әлеуметтік желіде жариялаған Мейрамбай Құрманбаев та осы жиынның ортасында болып елмен бірге ой-пікірлерін бөлісті. Ауыл ақсақалдары Сейдаз Әбдуәлиев, Айтжан Төлтаев тұрғындарды өзекті мәселелерді шешуге атсалысуды өздерінен бастауға, ынтымақ пен бірлік танытуға шақырып, жиында баталы тілектерін айтты.
Алқалы жиын қорытындысына қысқаша тоқталайық:
1. Қаратөбе елді мекенінің Қазығұрт, Қаратөбе, Ынталы көшелеріне трансформатор қою және электр желілерін жүргізу жұмысы былтыр басталған болатын. Нысанның құрылыс құны 74 190,0 мың теңге. 2022 жылға 10,0 млн. теңге қаралып, жұмыс басталған. Қалған 64 190,0 мың теңге 2023 жылға өтпелі. Бұл мәселе бұған дейін “AMANAT” партиясының Ордабасы ауданында өткен көшпелі мәжілісінде талқыланып, сол жиында есеп берген салалық басқарма басшысының орынбасары Роза Олжабайқызы алдағы күзде болатын облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына қалған қаржыны бөлуді ұсынатынын алға тартқан еді. Енді осы мәселенің оңтайлы шешілуі бақылауда болады.
2.Қаратөбе елді мекенінің жалпы ұзындығы 2,92 шақырымды құрайтын Ақбосаға, Ақбура, Ынталы көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты сметалық құжаттама әзірленіп (сметалық құны-70 млн. 414 мың 38 теңге), аудандық салалық бөлім конкурс жариялаған. Бүгінде мердігер анықталуда, кешікпей көше жөндеу қолға алынады.
Қаратөбеліктермен бірге ауыз су, көпір, жайылым мәселесі де жан жақты талқыға түсіп ауыл халқы шешілу жолдарының барысына қанықты. Игі бастамаларды қолдайтындықтары қуантты.
«Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы тек жастарға, жоғары оқу орнының түлектеріне арналған жоба емес. Бағдарламаға қатысу үшін жап-жас болу, университет немесе институт бітіру міндет емес. Маманның жас ерекшелігінде шектеу жоқ. Маманның оқуды қашан аяқтағаны да маңызды емес. Ең бастысы, ауылды көркейтуге үлес қосуды мақсат етіп, ауыл үшін қызмет жасағысы келетін әлеуметтік саланың маманы болуы тиіс. Нақтырақ айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласының және мал дәрігері маманы бағдарламаға қатыса алады. Бүгінде, «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы аясында мамандар үшін мемлекет тарапынан көп мүмкіндік, үлкен қолдау, көмек беріліп жатыр. Түркістан облысы Түлкібас ауданында да дәл осы мемлекеттік бағдарламаның жемісін көріп жатқан азаматтар бар. Солардың бірі – Исмайлов Тоқтар Тәжітайұлы. Ол Түлкібас ауданы №1 балалар мен жасөспірімдер мектебінде белбеу күресі бойынша жаттықтырушы болып жұмыс атқаруда. 2014 жылы “Халықтар достығы” университетінің “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша диплом алған. Дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы өз мамандығы бойынша жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, Түлкібас ауданы “Түлкібас агробизнес және саяхат” колледжінде жұмыс атқарып жатқан Дәурен Досанұлы, бүгінде ұжымда беделді, үздік қызметкерлердің бірі және бөлімше меңгерушісі . Ол, Алматы қаласы Қ.Сәтбаев атындағы”Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде “Радиотехника электроника және телекоммуникациялар ” мамандығы бойынша диплом алған.
“Дипломмен ауылға” бағдарламасы аясында, биыл Түлкібас ауданы Азаттық ауылы “Азаттық” дәрігерлік амбулаториясына жұмысқа қабылданған Мейрбек Жанерке Қанатбекқызы, 2021 жылы Астана медицина университетінің “Интернатура” факультатетін тәмәмдаған. Енді туған жерге келіп, дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы жалпы тәжірибелі дәрігер болып жұмысқа орналасты.
Дипломмен-ауылға бағдарламасына қатысушылардың тағы бірі, Балтабай Ердаулет Махамбетқалиұлы. 2011-2018 жылдары “Астана медицина университетінде”, “жалпы медицина” мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі уақытта “Түлкібас ауданы орталық ауруханасында” “Жансақтау” бөлімінде, реаниматолог – анестезиолог дәрігері болып, өз мамандығы бойынша жұмыс жасауда.
Ал, Нағашбек Меруерт Бахытқызы Түлкібас аудандық орталық ауруханасының терапия бөлімінің меңгерушісі. 1989 жылы дүниеге келген. 2016 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетін тәмамдап, Түлкібас аудандық орталық ауруханасына жұмысқа орналасқан. Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша бірреттік жәрдемақы алып, сонымен қатар баспаналы болған.
Усербай Асхат Әбделіұлы. 2011 жылы “Қарағанды медицина университетіне ” түсіп, 2018 жылы “Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетін” тәмамдап, “анестезиология және реанимация” мамандығы бойынша диплом алған. 2020 жылы “Дипломмен ауылға бағдарламасы” бойынша “Түлкібас аудандық орталық ауруханасында” Анестезиолог-реаниматолог дәрігері болып, өз мамандығы бойынша жұмыс жасауда.
Жалпы, жоғарғы оқу орнын аяқтап, мамандық иесі атанған азаматтардың басым бөлігі дәл осы бағдарламаның жемісін көріп келеді. Дипломмен ауылға келген мамандарға мемлекет тарапынан қашанда қолдау бар. Сондай-ақ, жұмысқа қабылданған қызметкерлерде еңбек адамы болып қалыптасып, туған жерін түлетуге өз септігін тигізіп жатыр.
–Бүгінгі өткізіліп отырған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның біздің өңірде өткізілуі және ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясы орталығының Түркістан облысында ашылуы кездейсоқтық емес деп білемін. Түркістан облысы климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында ауыл шаруашылығын дамытуда ең қолайлы өңір болып саналады. Облыста 74 мың агроқұрылымдар тіркелген. Бұл Республикалық көрсеткіштің 31 % және елімізде өндірілетін ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің 12 % өңірдің үлесінде немесе 1 трлн. теңгеден асады. Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени әрі рухани Астанасы етіп қалыптастыру кезеңінде оның үстіне, Түркістанды туристік мекен ету үшін, табиғаты құрғақ, жазы ыстық, аңызақ желді өлкені көгалдандыру басты күн тәртібіне қойылып бірқатар ауқымды жұмыстар жасалды. Сонымен қатар, біз ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жобаларды оның ішінде «Қарқынды бау», «Бір алқаптан 2-3 өнім алу», «Нольдік технологиялар», «Су үнемдеу технологияларын ендіру» бағыттарына басымдылық беріп келеміз, – деді Ермек Кенжеханұлы
–Орман қорын үлғайту мақсатында 2,0 млрд, елді мекендерде 15,0 млн. ағаш отырғызу – әлем деңгейіндегі жаңа бастама, бұл жобаның әлемдік экономиканы Декорбонизациялау мақсаттарымен үйлеседі. Осы орайда, жақсы мысал ретінде Эфиопияның Сахарасын, Қытай еліндегі 12 шөлді құм кеңістіктерді (Такла-Макан, Гоби, Алашань т.б.) жасылдандыруды оңтайлы шешім деп қарауға болады. Ғалымдарымыздың зерттеулері бойынша, Қазақстанның оңтүстік пен оңтүстік-шығысындағы Іле-Балқаш-Қапшағай Дельтасында бір млрд ағаш егу арқылы осы аймақтың экологиялық проблемалары мен су жинақтау үрдісін 40-80 пайызға дейін арттыруға болады. Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орасан зор үлес қосуда. Осы бағыттағы жұмыстарды инновациялық жолмен жедел дамыту үшін, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибе шаруашылықтарының көпжылдық ізденістері мен тәжірибелері нәтижесінде: жаңа технологиялар, орман алқаптарын дамыту, ауылшаруашылық дақылдары мен бау-бақша өсімдіктерінің бәсекеге қабілетті жаңа сорттары, мал тұқымдары, оларды ауру мен зиянкестерден қорғау әдістері, шикізаттарды сақтау, өндірілген өнімді қайта өңдеу жолдары әзірленген. Осы бағыттағы ғылыми жаңалықтарды жедел өндіріске еңгізу мақсатында, бүгін еліміздің жетекші ҒЗИ басшылары мен ғалымдары осы конференцияға қатысып отыр, олар өздерінің баяндамаларында өз ұсыныстарын айтып пікірлерін білдіреді, – деді Тілектес Есполов.
Түркістан қаласы мен облыстың бірқатар аудандарында климаты күрт континетальды болуына орай, егілген орман ағаштарының бірінші, екінші жылдарында 25 пайызының жерсінбей қурап қалуы, табиғи заңды құбылыс. Сондықтан орман шаруашылығы қағидаларында көрсетілгендей қураған ағаштарды қайта жаңғырту мақсатында орман екпелерін толықтыру жұмыстарын жүргізу, екпелерді құру процесінің кезекті тармағы болып есептелінеді. Осыған орай жасыл желектерді күтіп баптау мерзімі 5 жылға созылуы бойынша шешім қабылданып, мәдени орман екпелерінің көнімділігі 55 пайыздан жоғары болмайтынын атап өткен. Министрлік қолданыстағы орман алқаптарын күзгі түгендеуден өткізу Қағидасына өзгерістер енгізіліп, Түркістан облысындағы мәдени орман алқаптарының жерсіну мен сақталу көрсеткіші 50 пайызға белгіледі. Түркістан қаласы экологиялық аймаққа енгізілгенімен, күзгі түгендеу қортындыларына сәйкес, қазіргі таңда қала айналасындағы жасыл екпелердің көнімділігі 60-65 %-ды құрап отыр, – деді Қ. Амангелдіұлы.
Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы академиясының Ясауи білім тарату орталығының директоры Битөре Жұмақанов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, Түркістан облысының жасыл желегін дамыту мақсатында 3-4 тамыз күндері Түркістан облысының 5 жылдығына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясы орталығының ашылуына арналған «Экологиялық жағдайды жасыл желектерді дамыту жолымен жақсарту және ауыл шаруашылығы дамуындағы мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Ғылыми конференцияда шетелдік ғалымдар өңірдегі жасыл желек және көгалдандыру жұмыстарына баса назар аудармақ.
—Соңғы бес жылда Түркістан облысы көптеген игі жобаларды, бастамаларды іске асырып келеді. Осы орайда өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту, халқы мен ауылшаруашылық егістік алқаптарын сумен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан Жасыл желегінің орны мен рөлі ерекше. Түркістан облысы көпсалалы ауыл шаруашылығымен айналысатын өңір болғандықтан, ең күрделі шешімін таппай жатқан мәселелерде осы өңірде деуге болады. Нақтырақ айтсақ, су тапшылығы, топырақтың құнарсыздануы, өнім сапасының төмендеуі және тағы басқа қордаланған мәселелер аз емес. Осы мақсатта Түркістан қаласында Ауыл шаруашылығы Ғылым академиясының орталығы ашылғалы отыр, сондай-ақ осы мәселерлердің алдын алу және облыстағы жасыл белдеу мен көгалдандыруды дамыту үшін халықаралық ұйымдармен шетелдік ғалымдарды шақырып отырмыз. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында топырақтың құнарлылығы мен өнім сапасын жоғарылатуға бағытталған «гумус», «биогумус», «органикалық тыңайтқыш» деген жаңа ұғымдар келіп қосылды. Осы орайда облыста мақсат тек жоғарғы өнім өндіру ғана емес, жетілдірілген сапалы өнім халықымыздың игілігіне жарату болып саналады, — деді Битөре Молдатөреұлы.
—Облыс әкімінің бастамасымен Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу жоспарланып, бүгінгі таңда 15 009 гектар жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Түркістан қаласы мен облыстың бірқатар аудандарында климаты күрт континетальды болуына орай, егілген орман ағаштарының 1-2 жылдары 25 пайызының жерсінбей қурап қалуы, табиғи заңды құбылыс.
Сонымен қатар, Түркістан облысындағы мәдени орман алқаптарының жерсіну мен сақталу көрсеткіші 50 пайызға белгіленді. Түркістан қаласы экологиялық аймаққа енгізілгенімен, күзгі түгендеу қортындыларына сәйкес, қазіргі таңда қала айналасындағы жасыл екпелердің көнімділігі 60-65 %-ды құрап отыр. Бұдан бөлек, Арал теңізінің тартылуы, түбінің тұздануы, оған жақын орналасқан көрші мемлекеттер мен еліміздің бірнеше облыстары, оның ішінде Түркістан облысындағы бірқатар аудан, елді мекендерге де табиғи кері әсерін тигізуде. Тұздың Аралдан ұшпауына тосқауыл болатын жалғыз жол – Арал ұлтанына өсімдіктер егу және сексеуіл алқабын отырғызу болып саналады, — деді Қайрат Аманкелдіұлы.