Архив рубрики: Ақпарат
Балалар ауруханасының есепшісі 109 миллион теңгені құмар ойынға жұмсаған
Талдықорғандағы балалар ауруханасының есепшісі құмар ойынға бюджеттің 109 миллион теңгесін жұмсап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Таq.kz тілшісі
«Балалар ауруханасының» есепшісі Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жымқыру фактісі бойынша сотталды.
Сотта анықталғандай, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап есепші болып жұмыс істейтін А. 109 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап, құмар ойындарға салған.
«Сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуын, келтірілген залал ішінара өтелгенін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот күдіктіге бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге жазасын бекітті”, – деп мәлімдеді Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот Қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-бөлігін «Осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен жеңілірек жаза тағайындау» қолданып, ең төменгі жаза тағайындағанын атап өтті. Баптың санкциясы жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Мұғалімге де, оқушыға да ұялы телефон пайдалануға тыйым салынуы мүмкін
Сабақ барысында мұғалім мен оқушының ұялы телефон қолдануына тыйым салынуы мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап TAQ.KZ сайты
Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Жоба 28-наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
“Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды”, — делінген құжатта.
Сонымен қатар бұйрықта оқушыларға ата-ана мен ұстаздың қай кезде жауапты болатыны, әрі тәртіп бұзған жағдайда қандай шара көзделетіні жазылған.
“Білім алушылар білім беру ұйымынан тыс болған кезде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болады. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымынан тыс жерде өткізілетін оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде білім алушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік білім беру ұйымы басшысының бұйрығына сәйкес педагогтерге жүктеледі. Білім алушы теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған кезде оны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді”, — деп жазылған жобада.
Еліміздің бірқатар аймақтарында жер сілкінісі болады деп күтілуде
Келесі апта Алматы қаласында, Алматы және Жетісу облыстарында 3-3,5 баллға дейін сезілетін жер сілкінісі күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ТАQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы болжамдық комиссияның қорытындысынан кейін cейсмология институты мәлімдеді.
Институт директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, биылғы жылы Алматының болжамды диапазон аумағында күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейді.
«Қазіргі таңда Алматы болжамдық полигонының аумағында (Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары) 47 станция жұмыс істеп тұр», – деп хабарлады ТЖМ cейсмология институтының баспасөз қызметі.
Институт базасында төрт ғылыми зертхананың қызметкерлері мен сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (СЭМЭ) қызметкерлері кіретін тұрақты болжау комиссиясы жұмыс істейді.
Полицейлер есірткі зертханасын анықтады
Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, Бөлек ауылының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде синтетикалық есірткі құралдарын өндірген зертхананы анықтады.
«6 наурызда арнайы операция жүргізу кезінде Қарағанды облысының тумасы, 29 жастағы күдікті ұсталды. Тінту барысында үй аумағынан шыны колбалар түріндегі жабдықтар, кристалды нысандағы ақ түсті заттары бар науалар және прекурсорлары бар 15 канистр табылды және тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің белгілері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды,»- деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 24 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ
БАСҚА ӨҢІРГЕ АУЫСҚАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ РОТАЦИЯЛЫҚ ТӨЛЕМ БЕРІЛЕДІ
Зорлық-зомбылық, азаптау сынды орын алған фактілерді дәлелдеу, анықтау өте қиын
Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында палата спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.
Оныі айтуынша, барлық іс-әрекеттің тіркелуі заңсыз әрекеттерді дәлелдеуге көмек болады.
- Қылмыстық кодекске азаптағаны үшін жазаны күшейтетін ережелерді енгіздік, бұл – өте дұрыс деп санаймын. Құқық қорғау органдарының әрекеттеріне, кейбір қызметкерлердің зорлық-зомбылығына қатысты көптеген шағым түсетінін айта кету керек. Сенатқа да ондай шағымдар келуде. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай істердің басым көпшілігі сотқа дейін жетпейді, өйткені зорлық-зомбылық, азаптау сынды орын алған фактілерді дәлелдеу, анықтау өте қиын. Осыған байланысты, біз жақында ғана прокуратурамен бірлесіп құқық қорғау органдарының барлық қызметтік ғимараттарына бейнебақылау орнатуды талап ететін ереже қабылданғанын білеміз, — деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.