– Түркістан облысында былтыр 55 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қолға алынды. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 48 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Бірнеше медициналық нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде ауылдар мен елді мекендердің 100 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекпен қамтылмақ. Сонымен бірге өңірдегі ауруханалар мен емханаларға заманауи құрылғылар, жедел жәрдем көліктері алынды. Ауылдарда медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру жұмысы жалғасады, – дейді Бейсенбай Тәжібаев.
Архив рубрики: Қоғам
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БІР ЖЫЛДА 154 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандармен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 182 елді мекенде 213 жобаны іске асыруға бюджеттен жалпы 30,1 млрд теңге бөлінді. Оның 57-сі өтпелі, 156-сы – жаңа жобалар. Бір жылда 154 жоба жүзеге асырылып, қаржының 99,2 пайызы игерілген.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасына қатысты жоспарлар мен мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.
– Аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшылары «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын уақтылы өткізіп, жұмысты үйлестірулері керек. Нысандардың құрылысы жылдам басталып, уақтылы аяқталуы тиіс. Осыған мән беріңіздер. Кемшілікке жол бергендердің қызметтік жауапкершілігі қаралады. Аталған жоба бойынша әр аудан әкімінің екі-үш жылға арналған жоспары әзірленуі қажет. Ауылдар мен елді мекендер зерделеніп, халыққа аса қажетті әрі өмір сапасына тікелей әсер ететін жобалар жүзеге асырылсын, – деген Нұралхан Көшеров жұмысты дұрыс үйлестіре алмаған әкімдердің есептерін тыңдап, тиісті міндеттер жүктеді.
Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, 2024 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы 4 мәдениет үйі, 4 спорт нысаны, 1 мектептің қосымша оқу корпусы салынса, 20 электрмен жабдықтау, 12 газбен қамтамасыз ету нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілген. Оған қоса 4 мектеп, 4 мәдениет үйі, 3 ауыз су нысаны күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ жол жөндеу саласында 102 жоба іске асырылып, 339 ішкі көше (330 шақырым) орташа жөндеуден өткізілді. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 1,5 мыңнан аса жұмыс орны құрылған.
2025 жылы 139 жобаны (85 жаңа жоба, 54 өтпелі) іске асыруға бюджеттен қаржы бөлу жоспарланды. Жобаларды іске асыру барысында мыңнан аса жаңа жұмыс орнын (250 тұрақты, 833 уақытша) ашу көзделген. 2025 жылға 85 жаңа жобаларды іске асыруға 13,3 млрд теңге қарастырылмақ. Нәтижесінде 503,9 мың халық тұратын 140 елді мекендегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандардың жағдайы жақсарады.
РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ӨНДІРІЛГЕН ЖАЛПЫ ӨНІМНІҢ 13 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТИЕСІЛІ
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары күшейтіледі. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қаралған мәжілісте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Бекітілген индикаторды орындамаған басшыларға сын-ескертпе айтып, жұмысты күшейтуді тапсырды.
– Түркістан облысы үшін ауыл шаруашылығы саласы өте маңызды. Осы бағытта жұмысты күшейтуіміз керек. Әрбір ауданның ерекшелігіне сай шаруашылықты дамытып, жобалар жасап, өнімділікті арттыру қажет. Ет, сүт өндіру, инвестиция тарту көрсеткіштері төмендеген аудандар осы мәселеге назар аударсын. Аудан, қала әкімдері ауыл шаруашылығына, кәсіпкерлікке жауапты басқармалармен бірлесіп, инвестиция тарту жұмысын күшейтсін. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстарымыз жалғасады, – деген Нұралхан Көшеров жауаптыларға көктемгі дала жұмыстарын сапалы ұйымдастыру, шаруаларды жеңілдетілген жанар-жағармай мен тұқыммен қамтамасыз ету, инвестиция тарту жөнінде тапсырмалар берді.
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Әлібек Плаловтың айтуынша, аймақта ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі 1 трлн теңгеден асқан. Республикадағы ауыл шаруашылығы өнімінің 13 пайызын өндіретін Түркістан облысы бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында тұр. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 146,1 млрд теңге тартылған. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада екінші орынға тұрақтаған.
Облыста ауыл шаруашылығы саласын 7 бағыт бойынша дамыту жоспары бекітілген. Біріншіден, ауыл шаруашылығы дақылдардың өнімділігін арттыру көзделген. Егіс көлемі 37 мың гектарға артып, 906,2 мың гектарды құрайды деп күтілуде. Екіншіден, мақта-тоқыма кластерін құру жұмыстары жалғасады. Үшіншіден, су үнемдеу технологияларын ендіру жұмысы жалғасып, жаңадан 47 мың гектарға ендіріледі.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы техникалары паркі жаңартылады. Салаға жалпы құны 155 млрд теңге тартылып, 35 жоба іске асырылады. Оның ішінде 7 қайта өңдеу кәсіпорны ашылады. «Ауыл аманаты» жобасын кооперацияға бағдарлау шарасы жалғасады. 2025 жылдың алғашқы кезеңіне 7,4 млрд теңге бөлініп, жаңадан 62 кооператив құрылады деп жоспарланған. Сонымен бірге облыста су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.
Жедел жәрдем көлігіне кілем тиеген
Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жедел жәрдем көлігіне кілем тиеп жатқанын көрсететін видеоға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Видео Telegram-дағы “Жалобы Астана” арнасында жарияланды. Кадрда екі ер адамның жедел жәрдем көлігіне кілем тиеп жатқаны көрсетілген. Видео сипаттамада кадрлар Астананың орталық базарында түсірілгені жазылған. “Міне, халқым, біз күтетін жедел жәрдем қайда жүргенін қараңыздар. Бұл енді сұмдық”, – делінген жазбада. Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне болған жайтқа қатысты түсініктеме берді. Ведомство өкілдері видеоға түсірілген көлік “Қалалық психикалық денсаулық орталығындағы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансында екенін айтты. “Жүргізуші шаруашылық басқармасы басшысының тапсырмасымен Орталық базар аумағына бұрын балалар бөліміне сатып алынған тұрмыстық заттарды (кілемдерді) тиеу үшін барды”, – деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оның барысында қызметтік көліктерді пайдалануға жол берілмейтіні анықталды. “Жүргізуші мен шаруашылық басқармасы басшысы қатаң сөгіс беріліп, тәртіптік шаралар қолданылып, профилактикалық әңгімелер де жүргізілді”, – деді ведомстводағылар.
Желіде ІІМ Ақтаудағы Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы бастығының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. https://kaz.nur.kz/society/2210201-uqk-ishki-ister-ministrligining-zhogary-lauazymdy-sheneunigin-ustady/
“2024 жылдың 24 желтоқсанында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ҚР ІІМ Әскери тергеу басқармасының қызметкерлерін ұстады. Ұсталғандардың арасында ІІМ Батыс өңірлік Әскери тергеу басқармасының басшысы да бар”, – делінген желіде тараған хабарламада. Бұл ақпаратқа қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері пікір білдірді. “Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды”, – деп атап өтті ведомство өкілдері.
Қарауылдан 2400-ден астам “Трамадол” таблеткасы тәркіленді
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысының полициясы “трамадол” психотроптық затын тасымалдаған күдіктіні ұстады. Ордабасы ауданында полиция қызметкерлері Арыс ауданы тұрғынының басқаруындағы “Тойота Камри” маркалы автокөлікті тоқтатты. Тінту кезінде жедел уәкілдер автомобиль салонынан 120 “Трамадол” таблеткасы бар 4 полиэтилен пакетін тәркіледі.
Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерінен психотроптық зат таблеткалары бар тағы 1 пакет табылды. Алынған препараттың жалпы саны 2416 “Трамадол” таблеткасын құрады. Белгілі болғандай, Арыс ауданындағы медицина мекемелерінің бірінде қарауыл болып жұмыс істеп, “дәрігер беретін рецептінің” таза бланкілерін пайдаланып, “трамадолды” сатып алу үшін Шымкент қаласына барған. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және барлық мән-жай анықталуда.
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.
– Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.
«ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 920 МЫҢНАН АСТАМ БАЛАҒА ҚАРЖЫ АУДАРЫЛҒАН
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы басталған болатын. 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық қорынан алғашқы қаражат есептеліп, барлық балаларға алғашқы қаржы аударылды. Жалпы еліміз бойынша бағдарламаға 6 919 131 бала қатысушы ретінде тіркелген. Олардың барлығына бірдей 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшеріндегі сома аударылды. Ал Түркістан облысы бойынша 922 841 балаға қаржы аударылған болатын.
Енді жыл сайын Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кіріс есебінен сома ұлғайып отырады. Сондай-ақ, есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында одан әрі инвестициялануын жалғастырады. Ол бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс алып келмек.
Атап кету керек, бағдарлама іске қосылған алғашқы 10 күн ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін нысаналы жинақ төлемін алуға берілген 41 өтінім, ал білім беру ақысын төлеу мақсатында 42 өтінім түсіп, БЖЗҚ уәкілетті операторға өтінім берген азаматтардың банктік шотына аудару үшін төлем жүргізген.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨНДІРІС ДАМИДЫ
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өсім байқалады. Өткен жылы облыс орталығының жалпы өңірлік өнім көлемі 421,7 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.
Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға Түркістанды дамыту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, жаңа жобаларды қолға алуды тапсырды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен дайындалған «Түркістан қаласының Ерекше мәртебесі» туралы Заң жобасы жуырда Парламент Мәжілісінде мақұлданды. Бұл заң киелі Түркістан қаласының одан әрі дамуына оң ықпал етпек. Жұмысты күшейтіңіздер. Тиімді жобаларды қолға алған жөн, – деді Нұралхан Көшеров.
Түркістан қаласында өндіріс орындарының саны артып келеді. Бүгінде қаладағы 180 гектар аумақта Арнайы экономикалық аймақ орналасқан. Одан бөлек, 190 гектар жерде Индустриалды аймақ іске қосылған. Бұл аймақта 10,5 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Алдағы уақытта 19 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарында бетон бұйымдарын жасау, есіктер шығару, битум өндіру, жұмсақ жиһаздарды жасау, әк өндіру сияқты жобалар бар.
Облыс орталығында халықты жұмыспен қамту шаралары да қарқынды жүзеге асырылып келеді. 2024 жылы 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жоспар 116,2 пайызға орындалған.
Тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасады. Өткен жылы 961 пәтер пайдалануға берілсе, биыл 944 пәтерді ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Түркістан қаласын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Криптовалюта арқылы ақшаны заңдастыратын құрылымдарды жою
Соңғы жылдары қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастырусхемаларында заңсызкриптоайырбастаушылар маңызды рөлатқарады, олар криптовалютаны фиаттықвалюталарға және керісінше конвертациялауғамүмкіндік береді.
Мұндай құрылымдар өз клиенттерінсәйкестендірмейді және күдікті операциялардыанықтамайды. Сондықтан, олардыңқызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткізаттарын өткізушілер пайдаланады.
2024 жылы жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз крипто айырбастаупункті жойылды. 4,8 млн USDT (шамамен 2,5 млрд теңге) сомасына активтер бұғатталып, тәркіленді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Мәдениетжәне ақпарат министрлігімен бірлесіп жүргізген жұмыс нәтижесінде 3,5 мыңнан астам заңсызонлайн криптоайырбастау қызметі бұғатталды.
Инвестициялар тарту үшін криптовалютаныпайдаланған екі қаржылық пирамида әшкереленді. 545 мың USDT қайтарылдыжәне 120 мың USDT бұғатталды.
Қаржылық мониторинг агенттігікриптотранзакцияларға бақылауды күшейтужәне олардың қылмыстық мақсаттардақолданылуына қарсы күрес жүргізуде халықаралық әріптестермен жұмысты жалғастыруда.
Ақша жымқыру саласындағы бұзушылықтар үшін цифрлық активтерпровайдерлеріне жауапкершілік жүктейтін заңнамалық түзетулер әзірленді.
Қаржы ұйымдарындағы криптовалюта операцияларын тексеру күшейтілді.
Қаржылық мониторинг агенттігіқылмыстық схемаларға қарсы күресу мақсатында қаржылық операцияларғатиімді бақылау құралдарын жетілдірудіжалғастыратын болады.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі