Архив рубрики: Қоғам
ТӨЛЕБИДЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІ САҚТАУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
– Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі. Мемлекет басшысы таяуда өткен сессияда Түркістан облысында қолға алынған этномедиацияға қатысты жұмыс тәжірибесін Ассамблеяның барлық ұйымдарына тарату қажеттігін айтты. Осы орайда, этносаралық факторды саясиландыруға және бұл мәселеде арандатушылық сипаттағы талқылауларға мүлде жол бермеу бағытында жұмыстарды күшейтуіміз керек. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, этностардың тату-тәтті ғұмыр кешуі олардың бір тілде сөйлеуіне де тікелей байланысты. Сондықтан этносаралық қатынастың негізі ретінде мемлекеттік тілді үйренушілерге барынша қолдау жасалады. Келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Мерейлі датаны мемлекеттілікті нығайту деңгейінде өткізуге баса мән беру керек. Білесіздер, қазіргі таңда Президент тапсырмасына сәйкес облыс орталығында заманауи «Достық үйі» салынып жатыр. Сондай-ақ Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы бой көтеруде. Аталған қалашықта туристерді тартуға, кәсіпкерлікті дамытуға, мәдениетіміз пен мұрамызды сақтап қалуға этнос өкілдері де белсене атсалысуы тиіс. Толымды жетістіктерімізді еселеп, әлеуметтің әлеуетін көтеру – баршамыздың басты мақсатымыз. Осы міндеттерді орындауда облыстық Ассамблея мүшелері белсенді түрде үлес қосады деп сенемін. Алдағы уақытта өздеріңізбен жиі бас қосып, қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра береміз, – деген болатын.
Бүгінгі таңда елімізді бірлікке үндейтін ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің өңірімізде этносаралық келісімді сақтау, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу ісіне қосар үлесі зор. Еске сала кетсек, өңірдегі ҚХА жанында 11 этномәдени бірлестік пен 6 құрылым жұмыс істейді. Этнос өкілдерінің 92 пайызы мемлекеттік тілді жетік меңгерген.
КЕНТАУЛЫҚ ОҚУШЫ ҰБТ-ДАН ЕҢ ЖОҒАРЫ ҰПАЙДЫ ЖИНАДЫ
КЕНТАУЛЫҚТАР ӘНҰРАНДЫ БІРГЕ ОРЫНДАДЫ
ТҮРКІСТАНДА АЛАШТАНУШЫЛАР МЕН ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Мәдени құндылықтармен алмасу елдің имиджін көтереді
Салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы талқыланды
Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында «Салықтар. Салық Кодексі және жаңа мүмкіндіктер. Цифрландыру» тақырыбында келелі кездесу өтті. Басқосуға «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Жиынға ҚР ҚМ МКК 1-санатты салық кеңесшісі Файзирахман Миянов пен «Салық төлеушілер және бухгалтерлер қауымдастығы» ҮЕҰ мүшесі Сара Жүнісова «Zoom» платформасы арқылы онлайн режимде қатысты. Дөңгелек үстел модераторы, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова салық мәселесіндегі қандайда бір өзгерістерді кәсіпкерлерге құлақтандырудың маңыздылығына тоқталды.
– Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде жаңа салық кодексі туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов «Айыппұлға емес, көмекке бағытталатын болады» – деп атап өтті. Сондай-ақ, заңнама жобасында айыппұл санкцияларынан мемлекеттік қызметтер көрсетуге және проблемалардың алдын алуға баса назар аударылатынын, оның мақсаты – Қазақстанда салық төлеу ыңғайлы, жеңіл әрі жылдам болуын айтты. Оның ішінде өзекті тақырыптар – ҚҚС төлеушілерді тіркеу, ҚҚС қайтару, тексеру, камералдық бақылау, мәмілелерді жарамсыз деп тану, салық есептілігін тапсыру және бақылау іс-шаралары кезінде айыппұл санкциялары қайта қаралатын айтқан болатын», – деді Зухра Төлебайқызы.
«Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы, кәсіби медиатор
Бақытжан Бейсембаевтың айтуынша, жаңа заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстар мақұлданса кәсіпкерлерге тиімділігі жоғары. Жиын соңында жаңа заңнамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстар айтылып, сұрақ-жауап кезеңінде тұщымды ойлар айтылды.
КЕНТАУЛЫҚ ТҮЛЕКТЕР МЕКТЕПКЕ СПОРТ АЛАҢШАСЫН САЛЫП БЕРДІ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалаға қарасты Хантағы аулындағы №6 А.С.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысты.
Қала әкімі педагогикалық ұжымды, оқушылар мен олардың ата-аналарын құттықтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған барлық кентаулық түлектерге жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ еңбегі еселі бірқатар ұстаздарды «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Алғыс хатпен» марапаттады.
Шара барысында мектеп бітіруші түлектер мектеп вальсін орындап, әсем әуендерін шырқады. Салтанатты жиында «Алтын белгі» үміткері, Назарбаев университетіне шақырту алған Серік Қуаныш пен бастауыш сынып оқушысы Талшын Маккамбай соңғы қоңырауды соқты.
Жиын соңында қала әкімі мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің мектепке тарту ретінде салып берген спорт алаңшасының ашылуына қатысты. Одан бөлек, білім ордасының ішіне рәміздер алаңын жасап берген.
Айта кету керек, биыл Кентау қаласында 741-дей оқушы мектеп бітірмек. Олардың 677-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Биыл 45 оқушы «Алтын белгіге», 29 оқушы «Үздік аттестаттан» үміткер болып отыр.
ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛАДЫ
Түркістан облысының кәсіпкерлері мен қытайлық инвесторлар арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Келелі жиында агроөнеркәсіптік кешені, жеңіл өнеркәсіп, медицина, жер қойнауын пайдалану, құрылыс, IT және т.б. салаларды дамыту жайы сөз болды.
Қытайдың Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі комитетінің Қазақстандағы ресми өкілі Чэнь Хунцян екі мемлекет арасындағы кәсіпкерлік саласындағы байланыс жылдан-жылға нығайып келе жатқандығын атап өтті. Рухани астанаға инвестиция құюға ниетті шетелдік бизнес өкілдерімен іскерлік байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталған кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев жобаларды сүйемелдеуге көмек көрсетілетіндігін жеткізді.
«Түркістан облысында 200 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Өңірде негізінен агроөнеркәсіптік кешені қарқынды дамыған. Ет экспорттау бойынша да аймақ кәсіпкерлері республика бойынша 1-орында. Шағын және орта жалпы ірі кәсіпкерлік саласында айтарлықтай ілгерілеу бар»,- деді Асылан Сейілбекұлы.
Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы қос мемлекеттің кәсіпкерлері үшін B2B кездесу алаңына айналды. Кәсіпкерлер инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, бірлескен жобаларды қолға алу мәселесін талқылады.
Көлік саласында кадрлар даярлау жұмыстары қолға алынды.
Президент Қ.Тоқаев техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап, білімге деген көзқарасты өзгерту керек екенін айтқан болатын. ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың тапсырмасына сәйкес көлік саласында кадрлар даярлау жұмыстары қолға алынды.
«ҚазАвтожол» ҰК Түркістан облыстық филиалы, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ШҚФ және Көліктік бақылау инспекциясы, «Қазақстан су жолдары» РМҚК, «Қазаэронавигация» РМК мамандары Шымкент қаласындағы №72 жалпы орта мектепте болды. Болашақ талапкерлерге кәсіби бағыт- бағдар берді.
Танымдық кездесуге жоғары сынып оқушылары таңдалды. Себебі жас түлектер алдында болашақ мамандығын таңдау міндеті тұр.
-Жолшы барлық уақыттағы сұранысқа ие мамандық. Жолшы мамандығы жауапкершілік пен білімділікті талап етеді. Ал, сол жолшы салатын автомобиль жолдары арқылы ел мен елдің байланысы бекиді. Халық пен халықтың қарым-қатынасы жақсарады. Еліміздің экономикалық қуаты артады. Еліміздің болашағы жастардың қолында, дейді «ҚазАвтоЖол” ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының Пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Айдана Дүйсебекова.
Кездесуге келген жоғары санатты жол мамандары еліміздің жол саласында кәсіби мамандар тапшы екенін айтты. Министрлік мәліметінше, жол құрылысы бойынша қазіргі еңбек нарығында 2 мыңға жуық жолшы қажет екен.
«Бұл іс шарада біз оқушыларға техникалық мамандардың Қазақстан Республикасы бойынша тапшы екендігін және де бұл мамандықтың маңыздылығын түсіндірдік. Білімді және білікті маман болуы үшін, ең алдымен өз кәсібін жақсы көрүді, елімізге әуе жолы, темір жол және асфальтбетонды жолдарда болашақта әр бір оқушы білікті маман болып өз жұмысын абыроймен атқаруы жайлы бағыт бердік, дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ШҚФ Сынақ зертханасының меңгерушісі Ермек Намазов.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” РМК талдауына сәйкес, еліміздегі тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларында қызметкерлердің 10%-ның ғана арнайы салалық білімі бар екен. Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін Жол сапа кәсіпорыны мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге бағытталған “2000 мектеп” акциясын ұйымдастырғанына 5 жыл болды.
Мамандық таңдау маңызды іс. Гуманитарлық мамандықтарға әуестену кезеңі өтті. Түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды.
Айта кетейік, жол мамандарын елімізде 8 жоғары оқу орны дайындайды.