Архив рубрики: Қоғам

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ТӘУЛІГІНЕ 200 БАНКА КӨКӨНІС КОНСЕРВІЛЕП, САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРАДЫ

Түлкібас ауданындағы Жаскешу ауылының тұрғыны Қатира Алдабергенова қайтарымсыз грант аясында консервалық өнімдерді шығару кәсібін қолға алған. Бүгінде өндіріс орнында жалпы саны бес адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 200 банка консервіленген өнімді сатылымға шығарып отыр.
 
Кәсіпкердің айтуынша, ол ауданда өсетін көкөністер мен жеміс-жидектердің пісу уақытына қарай консервының барлық түрін дайындайды. Өндіріс орнында тәтті тосаптар мен қатар тұздалған қияр консервісіне дейін дайындалады. Ол қажетті көкөністерді өздерінің игеріп отырған егін алқабынан алынып, табиғи өнімдер облыстағы басқа аудандар мен қалаларға да жөнелтіліп келеді.
Қатира Алдабергенова алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік қолдауларға жүгініп, кәсібін ұлғайтуға ниетті. Сондай-ақ, ол жоспары іске асқан жағдайда қосымша тағы 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, ауыл халқының әлеуетін арттыруға өз үлесін қоспақ.
Қазіргі таңда мемлекеттік грант алып кәсіп бастаған түлкібастықтардың қатары күн санап артып келеді. Биыл жыл басынан бері 44 азамат мемлекеттен қолдау тауып жұмыс бастаса, жыл соңына дейін бағдарлама бойынша 46 адам қамтылады деп көзделіп отыр.

Түлкібас ауданында жұмыспен қамтылғандардың саны 40,7 мың адамды құрайды

Түлкібас ауданында экономикалық белсенді  халық саны 42,9 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылғандардың саны 40,7 мың адамды құрайды. Ал,  жұмыссыздар саны 2243 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрап отыр. Бұл туралы, Түлкібас ауданының әкімі Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Аудан әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша аудан көлемінде 1322 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған,  2023 жылдың 1 шілдесіне 526 жаңа жұмыс орны ашылыпты.

 

«Жастар практикасына 625 азаматқа  Республикалық бюджеттен 776,3 млн теңге қаржы  бөлінген. 150 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 223 жұмыссыз жастар парктикасына жолданды. Игерілген қаржысы 136,5 млн теңге.  Ал, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 60 азаматқа Республикалық бюджеттен 74,5 млн теңге қаржы бөлінген. 21 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 46 азамат алғашқы жұмыс орнына жолданды. Игерілген қаржысы 27,3 млн теңге. Сондай-ақ, «Күміс жас» жобасына 90 азамат жоспарланған. Осы бағытта ұлттық  қордан 57,8 млн теңге қаржы қарастырылған. 46 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 90 азамат  «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа жолданып, 44,4 млн теңгесі игерілді», — деп мәлімдеді Түлкібас ауданының әкімі  Нұржан Ізтілеуов

 

 

Сондай-ақ Түлкібас ауданында Мемлекеттік грант бойынша 90 азаматқа Ұлттық қордан 124,2 млн теңгеге қаржы бөлінген. 2023 жылдың 1 шілдесіне 44 азаматқа 60,7 млн теңге грант берілу мақұлданыпты.  Ал, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру  бойынша 12,4  млн теңгеге 60 азаматқа 3-мамандық бойынша  оқуға жолдама беру жоспарлануда. Сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарына 200 азаматқа республикалық бюджеттен  69,3 млн теңгеге қаржы  бөлінген.  34 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 203 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Игерілген қаржысы 38,4 млн теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, ауданда ақылы қоғамдық жұмысқа  700 азамат жолдау жоспарланып, бұл бағытта 579,6 млн теңге қаржы жоспарланған. Аудан көлеміндегі 32 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 821 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға жолданды. Игерілген қаржы 206,4 млн теңгені құрады, — деп атап өтті аудан әкімі

Ал, атаулы әлеуметтік көмектің жылдық жоспары 526,0 млн теңге болса, 6 айының қорытындысымен 760 отбасындағы 4 355 адамға 234,6 млн. теңге тағайындалып, 757 отбасындағы 4 330 адамға 198,8 млн. теңге төленген.

 

ТҮРКІСТАНДЫҚ 40-ҚА ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ БІР КҮНІН ТҮРМЕДЕ ӨТКІЗДІ

Түркістан облысының лауазымды қызметкерлері ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №69 түзету мекемесіне барды, деп хабарлайды ТAQ.KZ сайтының тілшісі Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қатаң режимдік бақылау изоляторына мемлекеттік мекеме басшылары мен олардың орынбасарлары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, жалпы 40-қа жуық адам арнайы автобуспен жеткізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары салдары бойынша мемлекетік қызметшілердің санасына әсер ету көзделген бұл сапар барысында түзету мекемесінің басшылық құрамы мемлекеттік қызметшілерге түрмедегі жағдайды көрсетті. Мемлекеттік қызметкерлер сотталушылардың жататын жері, тергеу изоляторы, жеке камера, асхана мен аулаларын аралап көрді.
Шенеуніктер сотталушылардың темір тордың ар жағындағылардың ахуалымен танысты. Қамаудағы жағдайды өз көздерімен көрді.
Ерекше шара шенеуніктер арасындағы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің алдын-алу үшін ұйымдастырылды. Мақсат – мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жазаның қалай өтелетінін тікелей таныстыру арқылы жемқорлықтың алдын алу. Пара алғанның барар жері абақты екенін ұғындыру.
«Мұндай шаралар сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге әсер етеді», дейді мамандар. Шара алдағы уақытта да тұрақты түрде жүзеге асырылып тұрады.

ФРАКЦИЯНЫҢ КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Ордабасы ауданында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция мәжілісі өтті. Партияның фракция мәжілісін облыстық партия филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев ашып, жүргізді. Күн тәртібіне қойылған мәселеге орай мобильді мәжіліс отырысында 2 аудан әкімінің есебі мен басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Жиында алдымен мемлекеттік, салалық бағдарламалардың және өңірлік бағдарламалар мен сайлауалды бағдарламаның жол картасының іске асырылу барысы туралы Қазығұрт, Ордабасы аудандарының әкімдері есеп берді.

 

Сондай ақ, халық қалаулыларының алдында бұл күні партияның Сайлауалды бағдарламасы мен жол картасының орындалу барысы туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдувалиев, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Р.Сариева және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов баяндама жасады.

 

 

 

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша өңірлік және сайлауалды бағдарламаның жол картасы бойынша іске асырылып жатқан жұмыстар қарқынды жүруде. Жол картасында көрсетілген нысандар бойынша Партиялық бақылау комиссиясы өз қадағалауына алып, бақылау бекеттерін орнатқан және әр қала, ауданда жауапты депутаттар бекітілген. Бұдан өзге жер, ауыз су және газ мәселесі де, тұрғындарды толғандырып келген мәселе екендігі жасырын емес.

 

 

Мәселен бір ғана Қазығұрт ауданында, «Жер аманаты» жобасы аясында жайылым жер ортақ жайылымға қайтаруға жылдық жоспар 16,9 мың.га болса, бүгінде оның 8,7 гектар жайылым жер аудан қорына қайтарылып, 120 жеке және заңды тұлғалардың құжаттары сотқа жолданған. Сондай ақ, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында жеңілдетілген несие кәсіпкерлерге микрокредит беруге жылдық жоспар 140 кәсіпкер болса, 6 айдың қорытындысымен 64 кәсіпкерге жеңілдетілген несие берілген. Фракция мүшелерінің алдында есеп берген Азизхан Исмайлов жыл соңына дейін жоспар орындалатынын атап өтті. Депутаттар Ордабасы ауданы бойынша кәріз жүйесінің жоқтығын айтты. Аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлына Жастарды баспанамен қамту, жол жөндеу жұмыстары бойынша арнайы ұсыныс білдірді. Өз жұмыстарын орындамаған кәсіпкерлерді, міндеттемелері талапқа сай болмаған нысандар бойынша заңды шешім шығару керектігін де айтты. Бұдан өзге барлық депуттар өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салып, тиісті жауаптарын алды.

 

Басқосуда Фракцияның жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев , хаттамада көрсетілген тапсырмалады орындауды және аудан әкімі мен басқарма басшыларына бір қатар жұмыстарды жүйелендіру керектігін айтып, нақты ұсыныстар берді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Нухринса Иристаева: «AMANAT» партиясы алаяқтардан құтқарды!

Түркістан облысында «Құқықтық көмек» жобасы қарқынды жұмыс жасауда. Қоғамдық қабылдауға жүгінушілер, көмекке мұқтаж жандардың саны күн сайын артып келеді. Бұл «AMANAT» партиясының аталған құқықтық жобасының маңызды әрі халыққа пайдалы екендігінің дәлелі. Соның бірі Түркістан облысы Қарамұрт ауылының тұрғыны Нухринса Иристаева «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалына көмек сұрап келген. Тұрғынның айтуынша партия алдаған алаяқтарды анықтап, көмек көрсеткен.

— «Менің атымнан алаяқтар кредит алып алдап кетті. Алынған несиелер төленбей, банк алдындағы берешегім 2,5 миллионға жетті. Өзім 3-топтағы мүгедек, жалғызбасты анамын. 2 балам бар. Алғашында «АМАНАТ» партиясында «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтеді дегенді естіп келдім. Мұнда заңгерлердің көмегіне жүгініп, мәселемді айттым. Бүгінде мәселем оң шешімін тауып, қазіргі таңда алынған несиені алаяқтар өзі төлеп жүр, — деді Нухринса Иристаева.

Сонымен қатар, ауыл тұрғыны «АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы Қарамұрт ауыл округінің әкімшілігіне ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырғанын айтып қуанышын жасырмады.

— «Партияға үлкен алғыс айтамын. Басымнан өткен жәйтті айтып жеткізе алмаймын. Қаттты уайымдадым. Бүгінде алаяқтың арбауына түсіп жатқандар аз емес. Барлығына партияның «құқықтық көмек» жобасына келіп кеңес алуға, заңды үйренуге шақырамын, — деді ауыл тұрғыны

ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен, қалалық партия филиалының төрағасы Арман Басаровтың, қалалық мәслихат депутаты, Қарнақ бастауыш партия ұйымының төрағасы Бекзат Хабибовтың, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС -гі Кентау электр желілері мекемесінің басшысы Исабек Саменовтың, Қарнақ ауылы әкімінің орынбасары Бахтияр Шайлауовтың және қалалық коммуналдық бөлімі бас маманының қатысуымен Қарнақ ауылы тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қабылдауға келген ауыл тұрғындары тарапынан электр желілеріне қатысты сұрақтарына, атап айтқанда ауыл тұрғыны Х.Гайбуллаевтың тоқ қуатының жетіспеушілігі, С.Камаловтың ескірген электр бағаналарды және электр сымдарын ауыстыру мәселелеріне қатысты Кентау электр желілері мекемесінің басшысы И.Саменов мекеме тарапынан атқарылатын жұмыстар мен Қарнақ ауылына қатысты инвестициялық жобаларымен таныстырып, мүмкіндіктерді қарастырып, қосымша трансформаторлар қою, электр бағаналарын ауыстыру мәселелері кезең — кезеңімен атқарылатынын жеткізсе, И.Изетов, Х.Рамаев көше жарықтарының шамдарын ауыстыру, қосымша жарық шамдарын қою мәселелеріне қатысты, ауыл әкімі аппараты тиісті жұмыстарды атқаратын болып келісті.

 

Жалпы қабылдауға 8 адам жазылып, тиісті жауаптарын алса, көтерілген міәселелерді қалалық мәслихат депутаты өз бақылауына алатынын жеткізді.

Түлкібас: Састөбе ауылының тұрғыны наубайхана ашып, несібесін арттырды

Түлкібас ауданы, Састөбе ауылының тұрғыны Гүлнәр Жақсыбаева бизнес бастау жобасы аясында мемлекеттік грант иегері атанып, өзі иелік ететін наубайхананың қуаттылығын кеңейтіп, кент тұрғындарын ыстық нанмен қамтып отыр.  Бұған дейін өз қаражатымен жүргізіп келген кәсібін мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен қайта дамытып,  қажетті жабдықтарды алған жеке кәсіпкер күніне 600-700 дана нан пісіріледі. Мейрамханалардан тапсырыс түскен жағдайда күніне 1000 данаға дейін нан жабылады. Алдағы уақытта  нысанды кеңейтуді де жоспарлап қойған.
 
“ – Қазір біз кент ішіндегі 15 дүкенің әр қайсысына күніне 40-60 данадан нан өткіземіз. Кейде тапсырыс көп беріп жатады. Оған үлгермейміз. Кейін үлкейтіп, ауылдық округтерге тасысам деген жоспар бар” – деді Гүлнәр Жақсыбаева.

Айта кетейік, жеке кәсіпкер Гүлнәр Жақсыбаева мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2023 жылдың сәуір айында 1 380 000 теңге қайтарымсыз қаражат алған. Аталған наубайханада қазір 2 адам тұрақты жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта наубайхана көлемі ұлғайып, сұраныс артып жатса тағы бірнеше азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ нан өнімін шығаратын орын жергілікті тұрғындарға да тиімді болып отыр.  Яғни, жылдар бойы ас атасын аудан орталығынан тасыған тұрғындардың мәселесі шешімін тауып отыр.

 

Жалпы нан пісіру саласы тамақ өнімдерінің ішіндегі көшбасшылардың бірі болып саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмауы мүмкін, бірақ мұндай наубайханалар диеталық, ұлттық, эксклюзивті нан пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуға мүмкіндік береді.

 

 

Жеке кәсіпкер Гүлнара Жақсыбаева кішігірім наубайханасына конвекционды пеш, шкаф, дайын өнімдерді қоятын жылы сөрелер мен тот баспайтын болат противиньдер, мұздатқыш ларь секілді құрал-жабдықтарды да орнатқан. Бүгінде,  өнім бағасы да сатып алушыларға қолжетімді болып отыр. Келешекте жеке кәсіпкер, тұтынушылардың санын көбейту үшін және бизнесті кеңейту үшін пісірілген өнімді үйге немесе жұмыс орнына жеткізіп беру іспетті қосымша қызмет көрсетулерді ұсынуы да мүмкін.

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА «АКВАЧЕЛЛЕНДЖ» САЙЫСЫ ӨТТІ

Жаз – балалар асыға күтетін, түрлі қызыққа толы жыл мезгілі. Сондай-ақ, бұл демалыс маусымын бүлдіршіндер су қызықтарынсыз елестете алмайды. Осы орайда, бүгін «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы өтті. Мекеме директорының орынбасары Асылзат Ибраеваның сөзіне сүйенсек, бұл сайыстың балаларға берері мол.

– Бүгін сарайымыздағы үйірмелерге қатысатын балалар өзара сайысып жатыр. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларымыздың, жалпы жасөспірімдердің спорттық ойындарға деген қызығушылығын, жылдамдығы, дәлдігі мен ептілігін арттыру. Балаларды ұжымдық жұмысқа, бірге әрекет етуге үйретіп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы жарысқа қатысқан және көрермен болған барша бүлдіршіндер бүгін бір сергіп, серпіліп қалды деп ойлаймыз. Тағы бір айта кетерлігі – «Оқушылар сарайындағы» 60-тан астам үйірме жаз бойы балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қызмет етеді, — деді ол.

Атап өтер болсақ, жарысқа түрлі үйірме оқушыларынан құралған «Достық», «Бірлік», «Пантера», «Алаш», «Beeline» және «Болашақ», жалпы 6 топ қатысты. Ең белсенді 30 оқушы 6 кезең бойынша сайысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, «Пантера», «Алаш» және «Болашақ» топтары үшінші орынды місе тұтса, «Достық» және «Beeline» топтары екінші орынға ие болып, жас таекводошылардан құралған «Бірлік» командасы жеңімпаз атанды.

Тиісінше, жүлдегерлерге арнайы диплом мен медаль берілсе, бас бәйгені қажығалаған командаға кубок тапсырылды. Айта кетсек, мұндай көңілді сайыстар мен түрлі іс-шаралар жаз бойы жалғасатын болады

ТҮРКІСТАН: «ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ» ТҮРКИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТПЕН ӘРІПТЕСТІК ОРНАТТЫ

Түркістандағы «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубының директоры Индира Икапова М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры Шолпан Есимовамен бірге Түркиядағы Sakarya Teknokent университетіне барып, іргелі оқу ордасының жұмысымен танысты. Іссапар барысында «Оқушылар сарайының» басшысы Индира Сарқытқызы Sakarya Teknokent университетінің директоры Ярук Көсеоғлымен кездесіп, мекеме қызметкерлерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау жайын талқылады.

Нәтижесінде, алдағы уақытта арнайы жоба түзіліп, мекеме қызметкерлері әріптестік аясында білім-білігін арттыратын болып шешілді. Осылайша, қос тарап білім сапасын жақсартуға өзіндік үлестерін қоспақ. Атап өтсек, бұл университеттің басты мақсаты – технологиялық өнімдер шығаруға қабілетті жаңа компанияларды құру және қолданыстағы шағын компаниялардың өсуіне ықпал жасау. Яғни, көптеген компаниялардың өркендеп, дамуына жағдай жасау. Қазіргі таңда Сакария Технокентінде барлығы 130 компания жұмыс істеп жатса, осы уақытқа дейін 273-тен астам жоба сәтті аяқталған.

Айта кетейік, бүгінде Түркістандағы «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубы балалар, студенттер мен ересек азаматтарға 60-қа жуық үйірме және тың жобалар арқылы қосымша білім беріп, бос уақытты тиімді пайдалану үрдісін іске асырып келе жатыр.

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ

Бүгін Түркістан облысы Қазығұрт ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Абдиев арнайы барды. Халық қалаулысы Қ.Абдалиев ауылдық округіне қарасты Аманкелді елді мекеніндегі, «Амангелді» жалпы орта білім беретін 150 орынға арналған қосымша мектептің құрылыс барысымен танысып, құрылыстың қалай жүргізіліп жатқандығына бақылау жасады. Кездесу барысында мердігермен және тапсырыс берушімен объектілерді салу процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады.

Аталған нысан 2022 жылдың мамыр айында басталған, қаржының жетіспеушілігіне байланысты құрылыс тоқтап, биылғы жылдың наурыз айында қаржысы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, депутат құрылысы жүріп жатқан Сарапхана ауыл округі, Майлыошақ елді мекенінен 200 орындық «А.Байтұрсынов» атындағы жалпы орта мектебіне де барды. Аталмыш білім ошағының құрылысын “ӨМІРЗАҚ» ЖШС жүргізуде. Құрылыс 2021 жылы басталған. Ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталуы тиіс.

 

Мәжіліс депутаты қос нысанды аралау барысында құрылыстың бірқатар атқарылуы тиіс жұмыстарын атап өтті.
— Мектеп құрылысын осы жылдан кешіктірмеу керек жоспар бойынша. Бұл нысан партия тарапынан қазір толық бақылауда. Біздің сайлауалды бағдарламамызда дәл осы нысандарды енгізіп қойған. Біздің қазір осында келу мақсатымыз жұмыстарды өз көзімізбен көріп, бақылауға алу, — деді ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ.
Сондай — ақ, Ерлан Абдиев құрылыстың қарқыны жаман емес, алайда сапасына да баса мән беру керектігін айтып, облыстық құрылыс басқармасына жұмыстарды қадағалауға алуды қатаң түрде тапсырды.

Айта кетейік, құрылысы жүріп жатқан қос нысан да “AMANAT” партиясының бақылауында.

“AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі