Архив рубрики: Жастар саясаты

Сауран: Насихат шаралары жастарды жұмысқа тартуға септігін тигізуде

Сауран ауданында мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттары мен қолайлы мүмкіндіктерін насихаттау шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл өз кезегінде аудандағы жұмыссыз азаматтардың еңбек қамтылуына және NEET санатындағы жастарды жұмысқа тартуға мүмкіндік беруде. Қазіргі таңда жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта қоғамда өз орнымды тауып, еңбек етемін, жаңадан кәсіп бастаймын деген азаматтар үшін қолдаулар мен мүмкіндіктердің қатары жеткілікті. Сауран ауданының Жаңа Иқан ауылдық округінің жастарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратқан “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Ш.Абдуханов жастарға мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тетіктерін айтып берді.

«Мысалы, 2,5% пайыздық несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Қатысушыларды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырады. Бұл жерде қалаларға арналған 2,5% пайыздық несиеге кепілдік қойылады. Кепілдік қою – пайыздық несиенің басты талаптарының бірі. Кепілге жылжымайтын мүліктен басқа меншіктегі жер немесе арнаулы техниканы қоюға болады. Несие 5 миллионға дейін беріледі. Бұл жерде қатысушының несие тарихы қаралады. Сондай-ақ, несие 5 жылға, яғни 60 айға беріледі. Ал жеңілдік, несие каникулын алу үшін микрокредит алған адам агент атына өтініш жазуы керек болады. 2,5% мөлшерлеме жеңілдікті кезеңге есептеледі, бірақ оны өтеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Міне, бүгінде жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында осындай мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатыр.» – деді Сауран аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Ш.Абдуханов

Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктерді Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Жолдасбекова да насихаттады. Ораңғай ауылдық округінің жастарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратқан маман кездесуде мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасып, кәсіп бастап, тіпті ауыл әлеуеттін арттыруға үлес қосуға болатынын атап өтті.

“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Жолдасбекова жастар мен тұрғындарға «Серпін-2050», «Жастар практикасы», «Бастау бизнес», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жіне «2,5% несие алу» бағдарламаларын түсіндірді. ‎

«Жастар практикасы» – жұмыс табуға мүмкіндік

Сауран ауданында «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жастарды жұмыспен қамту белсенді жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның жемісін көрген жастардың бірі – Жолдасова Диляра. Ол, Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінің тұрғыны. Халықаралық туризм және меймандостық университетінің түлегі, дене шынықтыру және спорт мамандығының иегері. Жас маман жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң, әлеуметтік желіден «Жастар практикасы» туралы хабарландыруды көріп, аудандық мансап орталығына  орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген. Қазіргі таңда Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінде орналасқан “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы болып жұмыс жасайды. Жалпы,«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік.

Жастар практикасы – меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 5 (бес) жыл ішінде оқушының аяқтаған және 35 (отыз бес) жастан аспаған жұмыссыздарға арналған жобалардың бірі.

Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.

– Жалақының бір айдағы мөлшері 30 АЕК құрайды.

Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар:

1) Жеке басты куәландыратын құжат

2) Еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса)

3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжат. Жастар практикасынан өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне есептеледі.

Міне осындай мемлекеттік бағдарламаның қолдауына ие болғандардың тағы бірі – Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғыны Дарвешова Ақида.  Жас маман Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде қазақ тілі және әдебиет мамандығын тәмәмдаған. Оқуын аяқтаған соң аудандық «мансап орталығы» мен Сауран ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен өткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне барған. Сол жерде жұмыс орнын тауып, жолдама арқылы білім ордасына жіберілген.  Қазіргі таңда Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде орналасқан “Дарын kz” орта білім беру мекемесінде қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. Жас маман шәкірттеріне сапалы білім мен трбиелі тәлім беріп, оларды заман талабына сай оқыту мәселесіне де баса назар аударып жүр.

« – Мен өзім мұғалім болуды бала кезден армандайтынмын. Кейін арманымды жүзеге асыру үшін білікті ұстаздардан білім алып, осы бағытта жоғарғы білім алдым. Қазіргі жұмыс орным өзіме қатты ұнайды. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауына шексіз алғыс айтамын. Себебі бұл жастарға берілген мүмкіндік. Өз ойым ұстаз болу деген – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру, шамшырағына айналу. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту және шәкіртке ата-анасындай  тәрбие сыйлау. Лев Толстой айтқандай- ақ: «Егер ұстаз тек өз мамандығын жақсы көрсе, ол жақсы ұстаз болады. Егер ұстаз тек оқушыларын жақсы көрсе, онда ол барлық кітапты оқып шыққан ұстаздан да үздік болады, бірақ жұмысқа қызығушылығы болмайды. Егер ұстаз жанында жұмыс пен оқушыға деген сүйіспеншілігі тоғысса, ол – нағыз ұстаз.» Мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарыту білім берушінің басты парызы деп білеиін. Мұғалім дегеніміз – өз ісімен, сөзімен, жүріс- тұрыс мәдениетімен, жұмыс орнында және одан бөлек қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесіне айналу екені анық. Міне мен осы мақсатта нағыз маман ретінде танылғым келеді. Жаһандану дәуіріне қадам басып, әлемдік аренаға жол тартып, тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастау- бұлағы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім.  Ахмет Байтұрсыновтың өзі «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Білектің емес, білімнің күшімен ілгерілейтін жаңа заманда ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы ретінде бағалауға болады.  Бұл орайда мемлекетіміз мұғалімдердің беделін көтеруде жан-жақты қолдау көрсетіп, білім саясатына басымдық беріп келеді. Мемлекет басшысының өзі жолдауларында, үлкен жиындарда ұстаз беделін қоғам алдында көтеру бағытында нақты тапсырмаларын беруде. Тәуелсіз еліміз межелеп отырған қандай міндеттерге болса да жас ұрпақты дайындап отырған ұлағатты ұстаздарымызды құрметтеу – адамзаттық ұлы борышымыз деп білемін.» – дейді жас маман Дарвешова Ақида.

Айта кетейік, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бір бағыты колледждер мен жоғары оқу орындарын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ бітірушілері үшін жастар практикасы бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру. Оған тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуде бар жұмыссыз жастар қатыса алады. Жастар практикасында істейтіндер мемлекет есебінен қаржыландырылады.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 5 жыл ішінде бітірген және 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатысушылар ретінде белгіленеді.

Жастар практикасын өту үшін жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс.

Дәрігерлер оқушыларға салауатты өмір салтын ұстану бойынша кеңестерін айтты

Оқушылар арасында “Салауатты өмір салтын насихаттау” мақсатында Жетісай аудандық орталық ауруханасының генеколог дәрігері Н.Алиеваның қатысуымен семинар кеңес ұйымдастырылып, өткізілді. Нақтырақ айтсақ, Жетісай қаласы «Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 бен 10- сынып ұлдарына жасөспірімдердің жыныстық даму кезіндегі гигиенасы мен жыныстық жолдармен таралатын жұқпалы аурулар туралы және жас ерекшелігіне сай жыныстық тәрбие, сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндірілді.

Семинар кеңесте жасөспірімдердің жыныстық даму кезіндегі гигиенасы мен жыныстық жолдармен таралатын жұқпалы аурулар бойынша дәрігері Н.Алиева дәрігерлік ақыл – кеңестерін берді. Жасөспірім ұлдар арасындағы жыныстық жұқпалы аурулардың кең таралғанын және оның өміріне болашақта үлкен зардабы бар екенін түсіндірді.

« – Жыныстық жетілу – бұл әр адамның өміріндегі маңызды кезең, ол балалық шақтан ересек өмірге ауысуды білдіреді. Бұл процесс жасөспірімнің денесінің дамуына және психикалық жағдайына әсер ететін көптеген физикалық және эмоционалдық өзгерістермен бірге жүреді. Жыныстық жетілу немесе пубертатты кезең — бұл организмнің дамуындағы жыныстық жетілудің қалыптасуы болатын кезең. Бұл процесс эндокриндік жүйеде айтарлықтай өзгерістерден басталады, нәтижесінде белгілі бір гормондар түзіледі. Гормондар— ағзаның әртүрлі жүйелерінің қызметін реттейтін химиялық заттар. Жыныстық жетілуге қатысатын негізгі гормондар— ұлдардағы тестостерон және қыздардағы эстроген. Олардың белсенді жұмысы көптеген органдарда бірден жаңа процестерді бастайды. Әр баланың жыныстық жетілуінің басталуы генетика, тамақтану, физикалық белсенділік деңгейі және жалпы денсаулық сияқты көптеген факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Орташа алғанда, қыздарда жыныстық жетілу 8 жастан 13 жасқа дейін, ал ұлдарда 9 жастан 14 жасқа дейін басталады. Жыныстық жетілу — бұл әр жасөспірімнің өміріндегі күрделі және маңызды кезең. Бұл процесті түсіну ата-аналар мен жасөспірімдерге осы кезеңде болатын физикалық және эмоционалдық өзгерістерге жақсы дайындалуға көмектеседі. Ересектердің қолдауы мен түсінігі жасөспірімнің денсаулығының үйлесімді дамуы мен нығаюына ықпал ете отырып, жыныстық жетілудің сәтті өтуінде шешуші рөл атқарады.» – деді Жетісай аудандық орталық ауруханасының генеколог дәрігері Н.Алиева

Мамандардың айтуынша жұқпалы процестердің қаупі айтарлықтай жоғары.Көп жағдайда жыныстық жолмен берілетін инфекциялар ерлерде де, әйелдерде де жамбас мүшелерінің созылмалы қабыну ауруларын тудырады, атап айтқанда, олар жатырдан тыс жүктілікке, түсік тастауға, жаңа туған нәрестелерде туа біткен инфекцияларға, өлі туу мен бедеулікке, әйелдерде жатыр мойны обырына және ерлерде жыныс мүшесінің қатерлі ісігіне әкеледі.

«- Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жыныстық жолмен берілетін ауруларды тудырады – олардың көпшілігі өмір бойы денеңізде қалады. Олар «жыныстық жолмен берілетін» деп аталады, өйткені олар жыныстық қатынас кезінде адамнан адамға жұғады. Жыныстық жолмен берілетін аурулар венерологиялық инфекциялардан, несеп-жыныс мүшелерінің инфекциясынан, сондай-ақ АИТВ инфекциясы мен В және С вирустық гепатиттерінен тұратын инфекциялық аурулардың үлкен тобы. Кез келген жыныстық қатынас жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтыру қаупімен байланысты. Көптеген адамдар жыныс аймағында қабынудың айқын белгілері жоқ адамнан жұқтыру мүмкін емес деп санайды. Алайда көптеген инфекциялар симптомсыз жүреді, сондықтан белгілердің болмауы адамның денсаулығына сенуге себеп болмауы керек. Сонымен қатар, жыныстық инфекциялар тек жыныстық жолмен ғана емес, сонымен қатар қан арқылы да беріледі. Мысалы АИТВ инфекциясы, мерез, В және С вирустық гепатиттері – қан құю кезінде, стерильді емес инелерді қолдану кезінде жұғуы ықтимал. Кейбір сатыларда мерез тіпті сүйісу арқылы да берілуі мүмкін. Егер қорғалмаған жыныстық қатынас болса және содан кейін Жыныстық жолмен берілетін аурулардың кейбір белгілері пайда болса, дәрігерге мүмкіндігінше тезірек бару өте маңызды.» – деді генеколог дәрігер Н.Алиева

Ал, Ш.Уәлиханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбаев оқушыларға қазақ ұлтының әдеп – ғұрып, салт – дәстүрімен ұштастыра отырып, салауатты өмірді ұстану туралы кеңестер берді. Сондай-ақ, мектеп медбикесі Р.Муфтуллаева МӘМС – дың оқушыларға қатысты тұстарын түсіндіріп өтті.

« – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз бұл ерікті медициналық сақтандыру емес, міндетті екенін айта кеткен жөн. Сондықтан «МӘМС туралы» заңның талаптарына сәйкес барлық азаматтар жүйеге жарналар төлеуге міндетті. Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаттары үшін жарналар жүргізуге міндеттеме алады. Олардың қатарында — 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналар, күндізгі оқу бөлімінің студенттері, жұмыс істемейтін азаматтар мен оралмандар, бас бостандығынан айыру орындарындағы қамаудағылар бар. Егер жеңілдікті санаттағы азаматтарда сақтандыру мәртебесі анықталмаса, олар Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, жеңілдікті санаттар тізіміне енгізу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Жұмыссыздарға Жұмыспен қамту орталығында ресми түрде тіркелу қажет. Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар құжаттарын қалпына келтіріп, жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Студенттер тізімге енгізу үшін ЖОО басшылығына жүгінулері қажет. Міне осындай толығырақ ақпаратты Медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығының 1406 нөмірі бойынша білуге болады.» – дейді мектеп медбикесі Р.Муфтуллаева

Айта кетейік семинар кеңесте “Жасөспірімдердің жыныстық дамуы кезіндегі психикасы” туралы да педагог – психолог Г.Божаева тренинг жасай отырып, жасөспірімдерге кеңестер берді.

Жастарды жұмысқа тарту, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру маңызды

Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Д.Сырлыбай жастарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарын жүргізді. Кездесуде маман жастарды жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктерді атап өтіп,  жастар мен тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін таныстырды.

Мысалы, «Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы. Бұл бағытта жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жалақысы субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орнын құрады. Әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмыс уақытша сипатқа ие, қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы төлеуді жұмыс беруші нақты жұмыс істеген уақыты үшін ай сайын еңбек шартында белгіленген мөлшерді негізге ала отырып жүзеге асырады. Мемлекет жұмыс беруші белгілеген жалақы мөлшерінің 35%-ын, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтындай мөлшерін субсидиялайды.

Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына тоқталсақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап “Дипломмен ауылға” жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк тағайындалды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін “Дипломмен ауылға” жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады. “Дипломмен ауылға” жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және электронды кілт көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.

Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда). Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады). Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Енді “Дипломмен ауылға!” жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуы тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара. Банктің клиенттері бола отырып, олар кредит талаптарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады. Банктің клиенті болудың мынадай бірнеше тәсілі бар:

– Otbasy bank мобильді қолданбасын жүктеп, оның көмегімен ағымдағы шотты және депозитті ашу; – ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу; – жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу.

“Дипломмен ауылға” жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады. Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.

“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Д.Сырлыбай Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округінің жастарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіп, «Серпін-2050», «Жастар практикасы», «Бастау бизнес», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы, «2,5% несие алу » бағдарламалары бойынша түсіндіріп, брошюралар таратты.

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, NEET санатындағы жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру маңызды шаралардың бірі.

Айта кетейік былтыр қабылданған «Мем­ле­кеттік жастар саясаты туралы» жаңа заң бойынша жастар ұғымы 35 жасқа дейін ұлғайып, енді ха­лықтың үштен бір бөлігі жас­тар са­натына жататын болды. Осы­лай­ша, елімізде бұл санатқа кіре­тін азаматтардың саны бірден 6 миллионға дейін жетті. Жастар жа­сы ұлғайғандықтан, тағы 2 миллионнан астам азамат жеңіл­дігі бар мемлекеттік бағдарла­ма­лар­дың игілігін көруге мүмкіндік алды. Мы­салы, жұмыспен қамтуға байла­ныс­ты «Жастар практикасы», «Дип­ломмен – ауылға», «Серпін», «Жастар – ел тірегі», «Жасыл ел» мем­лекеттік бағдарламалары да 35 жасқа дейінгі азаматтар үшін қолжетімді болды. Жаңа заң аясында 3,3 мил­­­­лионнан астам адам­ды, оның ішінде 2,3 млн жас­ты жұ­мыс­қа орналастыру жос­пар­ланып отыр. Мемлекеттік жастар сая­сатын жетілдіруге ба­ғыт­талған заң жобасына жас­тар­дың даму индексі және уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET са­наты) ұғымы енгізілді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының тү­лектері үшін «Жастар прак­ти­касы» (6 айдан 12 айға дейін, 25-тен 30 АЕК-ке дейін) және «Ал­ғаш­қы жұмыс орны» (12-ден 18 ай­ға дейін, 20-дан 30 АЕК-ке дейін) ұйымдастырылып, аталған жобалардың ұзақтығы мен жа­лақысы ұлғайтылды. Мәселен, бұрынғы немесе жаңа мамандық бойынша тәжірибе болмаса да 35 жасқа дейінгілер «Жастар практи­касына» қатыса алады. Яғни, NEET санатындағы жастардың мем­лекеттік қолдау алуына мүм­кіндік жасалды. Аталған іс-ша­ралар 177 мыңнан астам жасты жұ­мыс­қа (оның ішінде 107 мың­нан астамы тұрақты жұмыс орын­­­­дарына) орналастыруға мүмкін­дік берді. Мәселен, «Бастау бизнес» жо­басы аясында 70 мыңға жуық жас онлайн-оқытудан өтсе, «Жасыл ел» жобасы бойынша 2025 жылға дейін жыл сайын ақылы маусым­дық жұмысқа 30 мың жас жұмыл­дырылатын болды. Осылайша, жас кәсіпкерлердің үлесін 20 пайыз­ға дейін арттыру көзделіп отыр. Мем­­­­лекет басшысының тапсыр­масы бойынша 2021-2025 жыл­дарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жастарға жеңілдікпен шағын несие берудің жаңа тетігі ен­гізілді. 21 жастан 35 жасқа дейін­гі жастар үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен 5 млн теңгеге дейін несие ала алады. Осы бас­та­маны іске асыруға бюджеттен 28 миллиард теңге қарастырылған және 2023 жылы 6 мыңға жуық шағын несие беру жоспарланып отыр. Мұндай несие өз ісін бас­тағысы келетін не кәсіпкерлікпен, оның ішінде тауарлар өндірумен немесе сатумен, жұмыстарды орын­даумен және қызметтер көр­сетумен, жеке қосалқы шаруашы­лық­та өнім өндірумен айналыс­қы­сы келетіндерге тамаша мүм­кіндік.

Жартытөбенің жетістіктері мен игі жобалары артып келеді

Созақ ауданы әкімінің халықпен кездесуі жалғасын тауып жатыр. Жиында аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен атқарылатын жобалар туралы баяндап, әр ауылдың өзекті мәселелеріне назар аударуда. Мұхит Тұрысбековтің кезекті жиында Жартытөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, аудан көлемінде атқарылар жұмыстарды баяндап берді. Сондай-ақ, ауылдық округте жүзеге асырылған жобаларды қамтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

 

-«Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Талап-тілектеріңізді ескере отырып, бірнеше жобаларды қолға алдық. Кездесу алдында ауылдық округтегі әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысын қарап шықтым. Бүгінде Бабата ауылында демеушілер есбінен жарықшамдар орнатылып, жеке инвестор арқылы 50 орындық балабақшаның құрылысы жүруде. Бұл балабақша заманауи талаптарға сай жабдықталып, бүлдіршіндеріміздің қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді. 10-нан астам азаматтар жұмыспен қамтылады. Бұл жоба ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға септігін тигізеді. Біз әруақытта бірге жұмыс істей отырып, ауылымыздың даму жолында ілгерілеуіміз керек. Елді мекендердегі жағдайды жақсартуға бағытталған жұмыстарымызды одан әрі жандандырып, бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Тұрғындарымыздың мүддесі біз үшін маңызды, және біз оларға барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз. Сондықтан, жауаптыларға әрбір істі жіті бақылап, жұмысты жүйелі түрде жүзеге асыруды тапсырдым. Бізге көрсетілген қолдау мен сенімді ақтап, ауданымызды дамытуды жалғастыруымыз керек. Бәріміз бірлесіп, ауылымыздың болашағын жарқын ету үшін еңбек етуіміз қажет. Қосымша ұсыныстарыңыз болса тыңдап, нақты жоспарға сәйкес жұмыс жүргіземіз»,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Жиын соңында ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарды жоғары бағалап, алғыстарын жеткізді. Бірқатар азаматтар жеке мәселелері бойынша жүгінді. Аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, шешу үшін жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Сонымен қатар, Жартытөбе ауылдық округінде демеушілер тарапынан атқарылған жұмыстар бақылауға алынып, келелі міндеттер нақтыланды. Бүгінгі таңда Созақ ауданы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында бірлескен жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Осы уақытқа дейін ауданның ауылдық округтер мен кенттерінде «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қарасты кәсіпорындары бірнеше балалар ойын алаңдары мен әлеуметтік нысандар салып, сондай-ақ көше жарықшамдарын орнатуда. Бұл бағыттағы жұмыстар Жартытөбе ауылдық округінде жалғасын тауып жатыр.

 

Осы ретте, Жартытөбе ауылдық округіне жұмыс сапарымен барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков демеушілер арқылы атқарылған жұмыстарды бақылауына алды. Сапар аясында Бабата ауылына барып, «Орталық» ӨК» ЖШС-нің демеушілігімен жүргізілген бір шақырымдық ішкі көшеге орнатылған жарықшамдарды көрді. Сондай-ақ, тұрғындардың талап-тілектері негізінде жеке инвестор арқылы салынып жатқан 50 орындық балабақшаның жай-күйімен танысты. 350 шаршы метр аумақты алып жатқан балабақшаны жеке кәсіпкер Нұрман Назаров салуда. Ғимарат заман талабына сай жабдықталып, бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай асхана, ойын бөлмесі, жатын бөлме, медициналық кабинетпен қамтылатын болады. Балабақшада 10-нан астам адам жұмыспен қамтылады. Жаңа нысанның құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталады.

Сонымен қатар, аудан әкімі ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді өткізулеріне мүмкіндік беретін жобаларды да назардан тыс қалдырмады. «Орталық» ӨК» ЖШС-нің демеушілігімен ауылдық спорт клубына гандбол, бокс және күрес сияқты спорт түрлерімен шұғылдануға арналып алынған спорт жабдықтарын көріп, онда спортпен шұғылданып жатқан балдармен ашық әңгімелесті. Жаттықтырушылар қуаныштарымен бөлісіп, алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ, Созақ ауданында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып, игі іс Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бабата елді мекенінде жүзеге асты. Аз қамтылған отбасына «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен алынған үй табысталды. Ауылға арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа баспананың кілтін табыстап, үй иесін қоныс тойымен құттықтады.

-«Бүгінгі қуаныш – тек сіздер үшін ғана емес, барша ауыл тұрғындары үшін де маңызды. Әрбір адам өзінің шаңырағында бақытты болуы тиіс. Жаңа үй – жаңа мүмкіндіктер, жаңа бастама. Біз тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамымыздың дамуына барынша қолдау көрсетеміз. Осылайша, біз бірлігімізді нығайтып, еліміздің болашағын бірге қалыптастырамыз», – деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

«Қазфосфат» ЖШС бас директорының әлеуметтік даму және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Ерсін Берікұлына өз кезегінде баспана иесінің отбасына береке, бақыт және табыс тілеп, жаңа үй алдағы өмірлеріне қуаныш сыйлайтынына сенім білдірді.

-«Біздің ауылымыздың болашағы осындай қамқорлықпен жарқын болмақ. Бұл қоғамымыздың дамуына және әлеуметтік теңдіктің орнауына және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруге үлкен ықпал ететіні сөзсіз», – деген ауыл ақсақалдары мен тұрғындар да игі іске арқау болған барша азаматтарға ізгі тілектерін арнап, баспана иесінің қуанышын бірге бөлісті.

Айта кетейік, Бабата елді мекенінен берілген 5 бөлмелі баспанада су, жылу сынды коммуналдық қызметтері үшін жеке бөлмелер қарастырылып, жылу жүйелері толықтай орнатылған. 20 сотықтан астам жер учаскелері арнайы шарбақпен қоршалған. Ол қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау-бақша дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді.

Міне осындай игі істері мен нақты көрсеткіштері бар Жартытөбе ауылдық округі, биыл ауыл шаруашылығы бойынша 2024 жылдың қортындысымен 1-орынды жеңіп алғандығын айта кету керек. Яғни, ауыл шаруашылық қызметкерлері мерекесіне орай Созақ ауданы бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің «Алтын Күз»-2024 жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Шара барысында 2024 жылы ауыл «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жеңілдетілген несие арқылы алынған техникалардың көрмесі ұйымдастырылып, шаруалардың тауарлары төмендетілген бағамен сатылымға шығарылды. Биылғы жылы Жартытөбе ауылдық округінің бірқатар шаруалары техникаларын жаңартты. Олар ескі техникаларын «Аманжол Ш» , «Айгерім», «Мұса» шаруа қожалық төрағалары жеңілдетілген несие арқылы алынған DONG FENG 904 маркалы тракторларға жаңартты. Ауыл шаруашылық саласынының техникаларын жаңартуға өз үлестерін қосқаны үшін, «Аманжол Ш» шаруа қожалық төрағасы Ержан Сүлейменов және «Айгерім» шаруа қожалық төрағасы Нұрлыбек Көкенов аудан әкімі М.Тұрысбековтың алғыс хатымен марапатталса, «Ауыл аманаты» халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша берілген 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиенің 1 – бағыты бойынша өсімдік шаруашылығын дамыту үшін 6 млн теңгеге қол жеткізген көп балалы ана Жамал Балагүл Орынбасарқызы жылыжай өнімдері бойынша бір жылда 4,5 тонна өнім алғаны үшін аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. «Сембек-ата» АӨК-і төрағасы Бақбергенов Жарқынбек Сембекұлы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша техника алып ауылымыздың тазалығына, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникаларын жаңартуға үлесін қосқаны үшін марапатталды.

Ауданда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы балық шаруашылығын жолға қойған азаматтардың кәсібі де жандана түскен. Бұған дейін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа жобаны қолға алған Жартытөбе ауылдық округің тұрғыны Әлтеков Нұрлыбектің тоғандық балық шаруашылығымен танысқан болатын. Қазіргі таңда кәсіпкер жаңа жобаның тиімділігін көріп, өз кәсібін өркендетіп жатқан жағдайы бар. Айта кетейік, Әлтеков Нұрлыбек «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8 млн 300 мың теңге 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алған. Мамыр айында 10000 дана сазан шабағын қолдан қазылған тоғанға жіберіп, қазіргі уақытта бұлақ суын ұтымды пайдаланған кәсіпкер өнімін сатуға кіріскен. Сонымен қатар округте екі азамат жеңілдетілген несие алып, балық шаруашылығымен айналысып отыр. Ал, Майусов Құрманбек термопанель технологиясы бойынша 5 млн теңге несие алып үйдің сыртқы жылу жабындысын өндіріп, аудан көлемінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. «Алтын күз» 2024 жыл ауыл шаруашылық қызметкерлер мерекесінде асыл тұқымды қошқарлардың салмағы бойынша жарыс нәтижесімен жеке кәсіпкер мал шаруашылығының майталманы Бақберген Әбуовтің асыл тұқымды қошқары 136 кг салмақпен 2-орынды иеленді. Осылайша шаруалардың биылғы жылдағы тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде «Алтын күз»- 2024 жыл ауыл шаруашылық қызметкерлер мерекесінің қортындысы бойынша Жартытөбе ауылдық округі 1- орынды иеленді. Сонымен қатар, Түркістан қаласында ауыл шаруашылығының асыл мұрасын дәріптеп, еңбекқор жандардың жетістіктерін атап өтетін «AGROFEST TÚRKISTAN – 2024» салтанатты шарасы өткен болатын. Бұл шара Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып, еңбеккерлердің қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы рөлін айқындады. Шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін аралап,  қолөнер шеберлерінің туындылары мен мал шаруашылығы көрмесімен де танысқан еді. Тиісінше салтанатты шарада, агроөнеркәсіптік кешендегі жетістіктерімен ерекшеленген аудан және қала әкімдері марапатталды. Ал, Созақ ауданы жыл қорытындысында жылқы шаруашылығын дамытушы озат аудан номинациясын иеленіп, бұл саладағы үздік жетістіктерін еселей түсті. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан Мырзағали Жақаевқа “Еңбек ардагері” медалі табысталды. “Бабата-1” АШӨК төрайымы Сәуле Қалдыбекова Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталып, Әнетов Мақсат “Жылқы шаруашылығын дамытушы” дипломымен ерекшеленді. Міне, Созақ ауданының осындай жетістіктерге жетуіне Жартытөбе ауылдық окугі шаруаларының қосқан үлесі орасан деп айтуға болады.

Жалпы, Жартытөбе ауылдық округі спорттық-мәдени іс-шараларды да жиі ұйымдастырып, жастарға салауатты өмір салтын насихаттау бойынша түрлі жарыстар өткізіп тұрады. Солардың бірі, жақында Жартытөбе ауылдық округінде Көкенов Ғани Лесбекұлын еске алуға арналған жүгіруден аудан аралық марафон және округ жастары арасында кіші футболдан жарыс болып өтті. Жарыстың ұйымдастырушылары ата-анасы, бауырлары. 10 шақырым ұзақтыққа ерлер арасында жүгіруден 20-ға жуық спортшы тіркеліп, барлығы дерлік 10 шақырымды бағындырды. Ең жасы үлкені аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы Ермек Өтебаев болса, ең жасы Кемелұлы атындағы мектептің 8 сынып оқушысы болды. Марафон қортындысы бойынша бірінші болып келген Сызған ауылының азаматы Нұрпейісов Еламан Серікұлына арнайы сертификат 100 мың теңге ақшалай ұтысы мен ауылдық округ әкімінің марапатына ие болды. Ал, екінші болып келген Жартытөбе ауылының оқушысы Лесбек Нұрәділ Нұрлыбекұлы 70мың теңге сертификат және құттықтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар, мәре сызығына 3ші болып келген Тастылық ауылының азаматы Зәкіржанов Жандос Қырғызбайұлы дәл осылай 50 мың теңге қаржылай ұтысқа ие болған.

Ең жас марафоншы және ардагер марафоншыларды ынталандыру мақсатында аудандық мәслихат депутаты Р.Сапарбаев пен кәсіпкер, іскер азамат Е.Сүлейменов қаржылай сый-сияпатпен марапаттады. Сондай-ақ ауылдық округ жастар арасынан кіші футболдан Көкенов Ғани Лесбекұлын еске алуға арналған турнирде тартысқа толы, керемет ойын өрнегімен өтті. Таңертең басталған турнир кешкі уақытта аяқталып, аталған турнирге 8 команда қатысқан болатын. Тиісінше, жеңімпаз командалар марапатталып, ойындағы үздіктерге арнайы номинациялар тапсырылған. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Аққолтық-2 командасы жеңіп алып, 100 мың теңге, кубок және арнайы сертификатпен мақтау қағазын ауыл әкімі Д. Жүсіпов табыстаған. Сонымен қатар, 2-орынды жеңіп алғаны үшін Аққолтық-1 командасы арнайы кубокпен, 70 мың теңге қаржылай жүлдемен марапатталды. Ал, 3 орынды- Бабата командасы қанжығасына байлап, кубок пен 50 мың теңге қаржылай жүлде табыс етілді. Сонымен қатар Үздік шабуылшы, Үздік қақпашы, Үздік қорғаушы номинациялары бойынша да спортшылар марапатталып, қаржылай жүлде табыс берілген болатын.  Сондай-ақ, түскі үзіліс кезінде Жартытөбе ауылдық округінің мешіт маңындағы асханада ауыл тұрғындары мен жарысқа қатысушыларға ас беріліп, құран бағышталды. Ұйымдастырушы Көкеновтер әулетіне аудан халқы ризашылықтарын білдіріп, ниеттеріне қабыл айтып, ізгі тілектерін білдірді. Жарыстың жоғары деңгейде өтіп, ауыл спортына қосқан үлес қосқан жастарға да бұл күні алғыс білдірілді.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығынан үздік көрсеткіштер көрсетіп, халықты салауатты өмір салтына бейімдеп, ынтымағы мен бірлігі артып, көркейген келбетімен ерекшеленген Жартытөбе ауылы «Үлгілі ауыл» атанған болатын. Биыл, аудан деңгейінде өткізілген байқауға әрбір ауылдық округтен бір елді мекеннен қатысып, жасыл желекпен көмкерілген Жартытөбе ауылы үздік деп танылған еді. Жеңімпаз ауылды нақтылау кезінде ауылдардағы тазалық пен көгалдандыру жұмыстарына, ауыл шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейіне басымдық берілген болатын. Аудандық деңгейден жеңімпаз атанған Жартытөбе ауылы, кезекте облыстық деңгейде бақ сынауға мүмкіндік алған болатын.

Айта кетейік, аудан орталығына іргелес орналасқан Жартытөбе ауылында стандартқа сай жабдықталған білім ордасы, балабақша, аурухана, мәдениет үйі, балаларға арналған спорт, ойын алаңшаларымен қамтылған. Бұдан бөлек ауыл тұрғындарының сұранысына орай да тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Қазіргі уақытта Жартытөбе ауылы мен оған қарасты Аққолтық және Бабата елді мекендерінің ішкі көшелері 100 пайыз асфальт және 100 пайыз көше жарықшамдарымен қамтылды. Бұған қоса толықтай орталықтандырылған таза ауыз су жүйесі жүргізілген. Ауылды көркейту-көгалдандыру және қоқыстан тазарту жұмыстары да қарқынды іске асырылып, ауылдың келбеті ажарлана түскен. Ішкі көшелер мен ауыл маңына отырғызылған тал көшеттері аймақты жасыл желекке орауда. Сәні мен салтанаты келіскен ауылдың ажарлана түсуіне «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасының да серпін бергені анық.

Сонымен қатар, денсаулыққа зиянды өнімнің бірі болып саналатын алькогольді ішімдікті сатудан бас тартып, өскелең ұрпақты салауатты өмірге қалыптастыруды жөн санаған ауылда 69 алтын құрсақты батыр аналар тұрса, жалпы округ бойынша 179 батыр ана бар. Сондай-ақ Округ бойынша 28 азамат “Ауыл аманаты” жобасы бойынша 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізген. Осылайша соңғы уақытта ауылдан өз кәсібін ашып, нәсібін ұлғайтып отырған азаматтардың қатары күн санап артуда. Әрбір істі аса ұйымшылдықпен атқаратын ауылда соңғы 5 жылға жуық уақытта ешқандай қылмыс дерегі тіркелмеген.

ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сауран ауданы Майдантал ауылдық округінде мемлекеттік бағдарлама бойынша мобильді топпен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесудің басты мақсаты- жастарға жан жақты қолдау көрсету және NEET санатындағы жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру. Кездесуге Сауран аудандық “Мансап орталығы” КММ -нің “Жұмыс іздеушілерді қолдау және еңбек нарығының ұтқырлығын арттыру” бөлімінің маманы Қудратулла Аят Нұрболатұлы және Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің “Жастарға қызмет және Neet санатындағы жастармен жұмыс жүргізу” бөлімінің әдіскері А.Сарсенбаев қатысты.

« – Жалпы елімізде NEET санатындағы кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген жастарды қолдау күшейтіліп келеді. Атап айтқанда, жұмысқа орналастыру бойынша белсенді көмек көрсетіліп, өзге де қолдау шаралары қолға алынады. ҚР Үкіметі мемлекеттік жастар саясатын күшейту аясында тиісті қаулы да қабылдаған. Құжат «білімі жоқ және жұмыссыз» жастармен нақты жұмыс жүргізетін бірқатар орталық мемлекеттік органның құзыретін айқындайды. Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытша жұмыссыз қалған жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау жүктелді. Бұдан бөлек, Қаулыда жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілік сипаттамасын, жастар еңбек жасақтарын құру ережелерін, сондай-ақ жастарды дамыту индексін енгізу қағидаларын бекітуге мүмкіндіктер жасалған.  Қазақстан Үкіметі NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жүйелі шаралар қабылдаған. Еліміздің 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жеті бағытының бірі жастардың әлеуеті мен кәсіпкерлігін іске асыру болып табылады. Жастар – өмірдегі кез келген өзгерістерге жедел жауап беретін қоғамның ең белсенді бөлігі. Осыған байланысты жастар кәсіпкерлігі жастарды әлеуметтендірудің маңызды тетігі және әлеуметтік лифт ретінде әрекет етеді. Негізі NEET санатындағы жастар ерекше назар аударуды талап етеді. Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстан Республикасының 15-34 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі өткен жылы жылы 7,1%-ды құрапты. «Осы мәселені шешу мақсатында заңмен «Уақытша бос жүрген жастар» немесе NEET санатындағы жастар ұғымы бекітілді.  Бұл 2023 жылдан бастап оларды жұмысқа орналастыру, білім беру, біліктілігін арттыру бойынша жүйелі және атаулы жұмысты бастауға мүмкіндік берді. Ал, жастарды жергілікті қоғамдастық қызметіне қайта біріктіру мақсатында «Zhas project» гранттық бағдарламасы іске асырылды. Жоба өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға және қоғам өміріне қатысуға, жеке тұлға мен әлеуметтік институттар арасында сенім орнатуға, әлеуметтік жобалардың тұрақты экономикалық моделін құруға бағытталды. Әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларды оқыту мен іске асырудың арқасында NEET санатындағы жастар оң және нәтижелі қызметке тартудың бірегей тәжірибесіне ие болады. «Zhas Project» аясында жастар арасында жобаларды іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру, білім беру және жүргізілетін жұмыстар арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып отыр.» – деді Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің “Жастарға қызмет және Neet санатындағы жастармен жұмыс жүргізу” бөлімінің әдіскері А.Сарсенбаев

«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.

« – Ауылдық жерлерде жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір мүмкіндіктің бірі – «2,5% несие алу » бағдарламалары. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастарды шағын несиелеу бағдарламасына қатысу Жастарды несиелеу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырады. Аграрлық несие корпорация жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттеріне жауапты. Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады. Шағын несие беру туралы шешімді комиссия қабылдайды, оған мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады, комиссия ол бизнес-жобаларды бағалап, неғұрлым болашағы барын таңдайды. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек.» – деді Сауран аудандық “Мансап орталығы” КММ -нің “Жұмыс іздеушілерді қолдау және еңбек нарығының ұтқырлығын арттыру” бөлімінің маманы Қудратулла Аят Нұрболатұлы

Кездесуде мамандар жастарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер, гранттар қала берді жалпы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, жеңілдіктер жайлы кеңестер беріліп, үнпарақтар таратылды.

Сауран: Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және жастарға мемлекеттік қолдау

Құрметті Сауран ауданының тұрғындары!

21 қазан күні сағат 15:30 – де Сауран аудандық мансап орталығының ғимаратында, яғни Ыбырай Алтынсарин көшесі 20, мекен-жайында “Шектеусіз мүмкіндік” тақырыбымен NEET санатындағы жастар санын азайту және жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмыспен қамту мақсатында Сауран аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Бүгінде, жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздегі басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, NEET санатындағы жастарды және жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру өте маңызды. Осы тұрғыда жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағытындағы мүмкіндіктерді атап өтсек.

Жастар мен тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар тізімінде “Тәуелсіздік ұрпақтары” гранты бар. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты енді, 6 бағыт бойынша беріледі. Мемлекет басшысының бастамасымен берілетін бұл грант 2021 жылдан бастап жастарға «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Медиа» бағыттары бойынша үйлестірілген. Ал, биыл аталған тізімге «волонтерлік» бағыты да қосылды. Бұл өзгеріс бағдарлама қағидаларын жетілдіру мақсатында жасалған. 2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады. Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау. Конкурсқа Қазақстан Республикасының он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі (34 жас қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.

6 бағыт бойынша берілетін гранттар тізімі:

«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

«Волонтерлік» –  өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

 

Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бар. Бұл бағытта еңбек мобильділігі орталықтары, яғни, мансап орталықтары жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз түлектерге, 35 жастан аспаған жастар, жұмыс тәжірибесі жоқтар  қатарынан жүзеге асырылады. Оқу орындарының түлектері үшін “Алғашқы жұмыс орны” жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп бойынша немесе ұқсас кәсіп, яғни мамандық бойынша құрылады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен келісім негізінде қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге жұмысқа орналастырады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Айта кетейік, биыл елімізде  «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске асыру шеңберінде 4,2 мың адам жұмысқа орналасқан. 2024 жылы осы бағыт бойынша барлығы 8,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен жұмысқа орналастыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл бағытта 1,3 мың адам еңбекпен қамтылған екен. Бұл жобаға жұмыс тәжірибесі жоқ 35 жастан аспаған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Ол үшін Мансап орталығына өтініш беру керек. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздарды кемінде 12 ай мерзіммен тұрақты жұмыс орнына орналастыруға міндетті.

 

Сондай-ақ, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін “ақылы қоғамдық жұмыстарды” мансап орталықтары ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады. Қоғамдық жұмыстарға қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Айына жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, 20 айлық есептік көрсеткіштен төмен емес болып белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға келесілердің құқығы бар. Олар: тіркелген жұмыссыздар, студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары оқудан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар.  Бұл бағытта жолдама алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгіну қажет.Сондай-ақ, 21 қазан күні Сауран аудандық мансап орталығының ғимаратында өтетін жәрмеңкеде осы бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары да жүргізілетін болады.

 

Сонымен қатар, жастарға жұмыс табудың жаңа мүмкіндігі, ол – «Жастар практикасы». Бағдарлама оқуды аяқтаған соң алған кәсібі бойынша жұмысқа орналасуды жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Түлектің «Жастар практикасына» қатысқан уақыты жұмыс өтіліне кіреді. «Жастар практикасы» 1 жылдан аса қызмет етіп тұрған, салық, жалақы бойынша берешектері жоқ жұмыс берушілерде ұйымдастырылады. Жұмыс беруші түлектің мамандығын немесе оған ұқсас мамандық бойынша жұмыс орнын құрады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде 2023 жылы заң қабылданды. Оның бірнеше жаңа нормасы бар. Егер бұрын жастар санатына 29 жасқа дейінгі азаматтар кіретін болса, қазір 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Демек, жастарға арналған механизмдерді қолданатын азаматтардың саны едәуір артты. Егер бұрын жастар категориясына 3 миллион 700 адам кірсе, қазір 5 миллион 700 мың адам кіреді. Яғни олар осы нормаларға, осы қолдау тетіктеріне ие болады. Сондай-ақ «Жастар практикасы» бағдарламасына сәйкес, бұрын жастар жарты жыл өтетін болса, қазір ол бір жылға дейін ұзартылған. Жастарға өз-өзін көрсетуге мүмкіндік берген жақсы, әрине. Бірақ, сонымен қатар оларға мотивация да керек. Жас мамандарды айтпағанда тәжірибелі, тісқаққан қызметкерлердің өзі жоғары жалақы алса, жұмысты құлшыныспен істейді. Ал қолына дипломын енді ғана алған жас маман үшін мақтау-мадақтаудың өзі жеткілікті. Әйткенмен еңбегі қаржылай бағаланса еңсесі көтеріліп, қуанып қалатыны жасырын емес. «Жастар практикасы» арқылы уақытша болса да жұмысқа орналасқандарға 110 760 теңге көлемінде жалақы қарастырылған. Бұл қаржы 1 жыл бойы бойы мемлекеттің қазынасынан төленеді. Бағдарлама арқылы уақытша жұмысқа орналасқан маман ҚР Еңбек кодексімен қорғалған. Соған сәйкес, оның мекемедегі құқығы басқа да қызметкерлермен тең. Оның жалақысынан барлық аударымдар шегеріледі. Бір сөзбен айтқанда «Жастар практикасы» – жастарға берілген үлкен мүмкіндік.

 

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша да түсіндіріледі. Себебі бұл жоба кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жеке әлеуметтік санаттарға жататын жас кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізу үшін бастапқы білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін жобаға қатысушы аяқталғаны туралы сертификат алады және өзінің бизнес-жобасын іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алуға үміткер бола алады.101 ас 0

« Баст                 ау Бизнес»   ж обас ы  бойынша келесі санаттарға жататын тұлғалар өтінім беріп, оқуға қатыса алады. Олар: жұмыссыздар; зейнеткерлік жасқа толмаған жұмыстан босатылған қызметкерлер; дара кәсiпкер ретiнде тiркелмей-ақ табыс алу мақсатында тауарларды өндiру жөнiндегi қызметтi өз бетiнше жүзеге асыратын, жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететiн және енжар ​​дара кәсiпкерлер; отбасылық кәсiпкерлiкте ақысыз қызметтi өз бетiнше жүзеге асыру; табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен сатуға арналған жеке қосалқы шаруашылықта өндірістік қызметті дербес жүзеге асыратындар; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооператив мүшелері; бастаушы және/немесе жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер.

Жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жастарды жұмыспен қамту бағытында «Әлеуметтік жұмыс орны» жобасы  – тиімді бағдарлама болып саналады. Әлеуметтік жұмыс орнын  жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін құрады. Бағдарлама бойынша жұмысқа орналасу кезінде  аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға басымдық беріледі. Жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысының 35%-ы мемлекет есебінен төленеді.Әлеуметтік жұмыс орын – бұл, жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін мансап орталықтарымен келісім шарт негізінде, олардың жалақысын субсидиялай отырып құратын жұмыс орны. Әлеуметтік жұмыс орындарын са    лық және басқа әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізіп отыратын және жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер ұйымдастырады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Елімізде жас мамандар үшін мемлекет тарапынан көп мүмкіндік, үлкен қолдау, көмек беріліп жатыр. Бұл бағытта жаңадан құрылған Сауран ауданында да жаңа жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік мол. Сонымен қатар, «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан беріліп жатқан мол мүмкіндікті мамандар тиімді пайдалана білгені жөн. Көтерме жәрдемақы, бюджеттік несиемен бірге ауылда жұмыс жасайтындардың жалақысына 25 пайыз үстемеақы қосылатыны тағы бар. Сөйтіп, жастар ауылды көркейтіп, ауыл арқылы өздерінің де тұрмысын түзеп алса болады. Жалпы еңбек етуге талпынғандар үшін ел Үкіметі тарапынан қолдау көп. Көпшілік «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы тек қана жастарға, жоғары оқу орнының биылғы түлектеріне арналған  жоба» деп түсінеді. Бұл — қате пікір, қате түсінік. Бағдарламаға қатысу үшін жап-жас болу, университет немесе институт бітіру міндет емес. Маманның жас ерекшелігінде шектеу жоқ. Сондай-ақ, колледж түлектері де қатыса алады.  Маманның оқуды қашан аяқтағаны да маңызды емес. Ең бастысы, ауылды көркейтуге үлес қосуды мақсат етіп, ауыл үшін қызмет еткісі  келетін әлеуметтік саланың маманы болуы тиіс.  Нақтырақ айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласының және мал дәрігері маманы бағдарламаға қатыса алады.  Сондай-ақ, кем дегенде 3 жыл ауылда тұруы тиіс. Пәтері болмауы керек. Бұдан 3-4 жыл бұрын университет бітіріп, қалада жұмыс жасаған маман ауылға келіп, жобаға қатысуына болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап “Дипломмен ауылға” жобасының сенімді агенті Отбасы банкі болып  тағайындалды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін “Дипломмен ауылға” жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады. Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері. Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек. Енді “Дипломмен ауылға!” жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуы тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара.

Банктің клиенттері бола отырып, олар кредит талаптарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады. “Дипломмен ауылға” жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады. Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.

Ауылдық жерлерде жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір мүмкіндіктің бірі – «2,5% несие алу » бағдарламалары. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастарды шағын несиелеу бағдарламасына қатысу Жастарды несиелеу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырады. Аграрлық несие корпорация жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттеріне жауапты. Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады. Несиелеу шарттарына тоқталсақ.

  • Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%
  • Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін.
  • Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.

Шағын несие беру туралы шешімді комиссия қабылдайды, оған мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады, комиссия ол бизнес-жобаларды бағалап, неғұрлым болашағы барын таңдайды. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму — еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды». Бұл бағытта елімізде «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі болып қалыптасты. «Жасыл ел» еңбек жасағына 14 – 35 жас аралығындағы өңір жастары қатыса алады. Олар қоршаған ортаны абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары бойынша ақылы түрде қызмет атқарады.Құжат тапсырушылардың арасында ең бірінші әлеуметтік мәртебесі яғни, көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасының балаларына басымдық беріледі. Жастардың жалақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақы 85 000 теңге көлемінде есептеледі. Бүгінгі таңда «Жасыл ел» республикалық штабы жалпы мемлекеттік жастар қозғалысына айналды. «Жасыл ел» жастар ұйымының мақсаты: жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау  және  достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Жалпы елімізде NEET санатындағы кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген жастарды қолдау күшейтіліп келеді. Атап айтқанда, жұмысқа орналастыру бойынша белсенді көмек көрсетіліп, өзге де қолдау шаралары қолға алынады. ҚР Үкіметі мемлекеттік жастар саясатын күшейту аясында тиісті қаулы да қабылдаған. Құжат «білімі жоқ және жұмыссыз» жастармен нақты жұмыс жүргізетін бірқатар орталық мемлекеттік органның құзыретін айқындайды. Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытша жұмыссыз қалған жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау жүктелді. Бұдан бөлек, Қаулыда жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілік сипаттамасын, жастар еңбек жасақтарын құру ережелерін, сондай-ақ жастарды дамыту индексін енгізу қағидаларын бекітуге мүмкіндіктер жасалған.  Қазақстан Үкіметі NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жүйелі шаралар қабылдаған. Еліміздің 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жеті бағытының бірі жастардың әлеуеті мен кәсіпкерлігін іске асыру болып табылады. Жастар – өмірдегі кез келген өзгерістерге жедел жауап беретін қоғамның ең белсенді бөлігі. Осыған байланысты жастар кәсіпкерлігі жастарды әлеуметтендірудің маңызды тетігі және әлеуметтік лифт ретінде әрекет етеді. Негізі NEET санатындағы жастар ерекше назар аударуды талап етеді. Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстан Республикасының 15-34 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі өткен жылы жылы 7,1%-ды құрапты. «Осы мәселені шешу мақсатында заңмен «Уақытша бос жүрген жастар» немесе NEET санатындағы жастар ұғымы бекітілді.  Бұл 2023 жылдан бастап оларды жұмысқа орналастыру, білім беру, біліктілігін арттыру бойынша жүйелі және атаулы жұмысты бастауға мүмкіндік берді. Ал, жастарды жергілікті қоғамдастық қызметіне қайта біріктіру мақсатында «Zhas project» гранттық бағдарламасы іске асырылды. Жоба өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға және қоғам өміріне қатысуға, жеке тұлға мен әлеуметтік институттар арасында сенім орнатуға, әлеуметтік жобалардың тұрақты экономикалық моделін құруға бағытталды. Әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларды оқыту мен іске асырудың арқасында NEET санатындағы жастар оң және нәтижелі қызметке тартудың бірегей тәжірибесіне ие болады. «Zhas Project» аясында жастар арасында жобаларды іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру, білім беру және жүргізілетін жұмыстар арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып отыр.

Міне осындай мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері мен бос жұмыс орындарымен танысу және тұрақты жұмысқа орналасуды көздейтін жастар Сауран аудандық мансап орталығында өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне міндетті түрде барып, кеңес алғандары абзал. “Шектеусіз мүмкіндік” тақырыбымен NEET санатындағы жастар санын азайту және жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмыспен қамту мақсатындағы шараның маңыздылығы ерекше. Сондықтан мамандар 21 – қазан күні өтетін жәрмеңкеге барша аудан халқын шақырады!

Ұлттық құндылық – ұлт бренді

Ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық құндылықтар мен қолөнерді насихаттау, оларды дәріптеу әрқашанда маңызды болып есептеледі. Осы мақсатта, Сауран ауданы әкімдігі ішікі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің жанынан құрылған “Сыр мен сымбат” қыздар клубы игі іс-шараны ұйымдастырды. “Ұлттық құндылық – ұлт бренді” тақырыбында қыздар арасында атадан балаға мұра болып сақталған қолөнер бұйымдарын, оның ішінде киіз басу, түкті кілем тоқу өнерімен таныстыру мақсатында тәжірибе алмасу сабағын өткізді.

Аталмыш шараны Түркістан облысы ҚХА Ассамблеясы жанындағы Сауран аудандық аналар кеңесі төрайымы Жұманова Нышанкүл ашып берді. Ақ жаулықты аналар “Сыр мен сымбат” қыздар клубының мақсаты салт-дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды жастардың бойына сіңіре білу, аналарымыз бен жас келіндер, қыздарымыздың арасында өнегелі тығыз қарым-қатынасты нығайта білу керек екендігін жеткізді.

« – Киізден киім мен бұйымдар жасау ежелгі дәуірден бастау алады. Халқымыз киізден кілем тоқу әдісін жетік меңгерген. Бұл тәсілді әлі де жалғастырып жүргендер жетерлік және оны ұмыт қалдырмауымыз керек. Бүгінде біз жас қыздарға үйретіп, әдіт-ғұрпымызды дәріптеп келеміз. Жалпы киіз басу – көктемгі және күзгі қой жүнінен киіз жасау әдісі. Киіз басу кезінде шабу, сұрыптау, тарту, суға малу, сондай-ақ аяқпен ұру, булау, қолмен айналдыру, түту сияқты әдістер қолданылады.Киіз басу өзінің даму шыңына орта ғасырларға дейін жеткен. Ертедегі саяхатшылар сипаттаған киіз басудың ежелгі тәсілдері ХХ ғасырға дейін қазақтарда, қырғыздарда және басқа халықтарда сақталған екен. Дәстүрлі қазақ ортасында киіз басудың негізгі ұйымдастырушылары мен орындаушылары әйелдер болды. Әрбір қазақ әйелі ежелгі киіз басу технологияларын жетік меңгерген. Себебі, XIX ғасырдағы қазақ өмірінің зерттеушілерінің бірі М. Красовский «… қазақтар жас кезінен бастап қыздарға тігін тігуді, тор тоқуды, киіз басуды және тағы басқасын үйретеді және жасына қарай олардан талап етеді» деген екен. Ал, кілем – жүннен немесе мақта жіптерден жасалған үй бұйымдарының атауы. Кілем қабырға мен еденге үйді безендіру және үй ішіндегі жылуды сақтау үшін қолданылады. “Ұлттық құндылық – ұлт бренді” тақырыбындағы іс-шарамызда біз осындай халқымыздың кереметтерін насихаттап, оны қалай орындау керектігін үйретіп жатырмыз. Жастардың қызығушылығы да керемет. “Сыр мен сымбат” қыздар клубының бастамасын әрқашан қолдаймыз. Себебі дәстүрді дәріптеп, ұмыт қалдырмау әрбіріміздің міндетіміз. Бізге мұра болып сақталған қолөнер бұйымдарын таныстыру мақсатындағы тәжірибе алмасу сабағының маңыздылығы айрықша.» – дейді Сауран аудандық аналар кеңесі төрайымы Нышанкүл Жұманова.

Жалпы кілем тоқу өнері Орталық Азия мен Қазақстанда ежелгі дәуірден бастау алады және оның ою-өрнектерінің қарапайым, бірақ шебер орындалғаны үйлесімді және әдемі сызығы халықтың ғасырлар бойғы эстетикалық талғамын көрсетеді, дейді ғалымдар.Осы тұста сіздердің назарларыңызға Қазақстанның Ұлттық музейінде сақталған киіз кілемдердің түрлерін атап өткіміз келеді.

Сырмақ- өрнекті киіз кілем. Түс әр түрлі киізден жасалған кесінділерден жасалған (негізінен ақ-қара), фон бір түсті бетте көрпе тігу техникасымен («құрақ») жасалған; бұл композицияда алдыңғы жағындағы материя бөліктерінің шеттері әр түрлі түсті жіптермен тігілген. Кілемнің бетіндегі композиция өте күрделі – «шекара» үлгісімен жасалған, орталық аймақты бөлетін арқалықтар, төсеніштер бар. Мұнда үш үлкен ромб орнатылған, олардың айналасында өсімдік типіндегі өрнектер орналасқан.

Сырмақ. ҚР Ұлттық музей қорынан.

«Самауыргүл» түкті кілемі. Кілем, оның негізгі төсемі қададан жасалған. Мұндай кілемдердің өрнектері дәстүрлі түрде үш бөліктен тұрады: кілем жиектері, су – фондағы өрнектерді бөлетін бөлік және орталық аймақтағы көл тәрізді бөліктер. Кілемнің орталық бөлігінде әр түрлі түсті жіптермен жасалған өрнектермен қоршалған үлкен ромб тәрізді өрнектер жиынтығы орналасқан. Жиектің жалпақ жиегі ашық қызғылт сары фонда қызыл, күлгін, жасыл, қызғылт, көк өрнектермен толтырылған. Кілемнің бүйірлері жиектермен жабылған.

Үйінді кілем. ҚР Ұлттық музей қорынан.

Түксіз кілем (алаша). Тігінен созылған тікбұрышты пішінді кілем. Ол түрлі түсті жүннен жасалған жіптерден тігілген. «Жиек арқылы» жолақтар арасында жүннен жасалған қара және қоңыр түсті жіптер қолмен тігілген. «Терме» әдісімен тоқылған (әр түрлі түсті жіптердің негізгі бөлігі, көлденең жіптер бірдей түсті). Ұзындығы бойынша тоқылған түрлі-түсті жіптер тігінен орналасқан бірқатар геометриялық өрнектерді құрайды.

Түксіз кілем (алаша). ҚР Ұлттық музей қорынан.

Тускиіз. Тікбұрышты көлденең пішінді қабырға кілемі, полихромды кестелер өсімдік-геометриялық сипатқа ие. Тіктөртбұрыштың ішіндегі орталық бөлігінде қызғылт сары гүлдердің кішкентай шоғырларымен қоршалған қызыл қоңыр түсті өрнектер жиынтығы бар. Кілемнің шеті жалпақ, ашық қызыл матамен өңделген. Кестенің негізгі түстері: қызыл, қызғылт, сирень, көк, жасыл, қоңыр реңктері, қызғылт, қара. Кілемнің бұл түрі жиынтық түріндегі көрпемен бірге жүреді, сондықтан төменгі бөлігі өңделмеген.

Түскиіз. ҚР Ұлттық музей қорынан.

Тақыр қоржын («түксіз қоржын»). Бір-біріне жалғанған екі қалтасы бар дәстүрлі сөмке. Тоқу қалтаның сыртынан басталды. Әдетте сөмке қылшықтан немесе қылшықсыз тоқылған және композициялық өрнектермен безендірілген. Алдымен оң қалтаның артқы жағы тоқылып, қалтаның сыртына, содан кейін ортасына, содан кейін екінші қалта артқы жағынан сыртқа қарай тоқылған, өрнектің құрамы оң қалтаны тамаша қайталайды. Нәтижесінде толығымен тоқылған өрім пайда болады.

Қоржын. ҚР Ұлттық музей қорынан.

Аяққап. Ақ киізден жасалған, ішкі жағында қызыл барқыт төсемі бар. Орталық бөліктегі тікбұрышты сызықтың бұрыштары кесілген, ал оның ішкі жағы тісті ромбтармен безендірілген. Ромб ортасында ұштары қайралған крест тәрізді өрнектер бар. Ромб жиектері сары түсті тісті жиектермен қоршалған. Жиектер бірнеше рет қайталанады. Орталық тіктөртбұрыштың өзі S-өрнектердің ортасында орналасқан. Сонымен қатар, алдыңғы бөлігінде түрлі-түсті ою-өрнектер жиектелген, олардың жиектері тістер түрінде жасалған. Айналадағы ромб арасында үшбұрыштар орналасқан.

Аяққап. ҚР Ұлттық музей қорынан.

Этносаралық келісім мен ынтымақтастықты, достық қарым-қатынасты нығайту және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында кездесу өтті

Бірінші Мамыр елді мекенінде аудан аумағындағы этносаралық келісім мен ынтымақтастықты, достық қарым-қатынасты нығайту және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жұман Абдиевтің төрағалығымен өткен жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бұқар Оралбеков, үкіметтік емес ұйымдар мен этно-мәдени орталық төрағалары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес аудандық «Қоғамдың келісім» КММ-нің басшысы Есімхан Айтжанов этносаралық келісім тақырыбында баяндама жасады. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков ауылшаруашылық саласындағы мемлекеттік қолдаулар туралы айтып өтті. Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Батырхан Сахов бөлім тарапынан көрсетілетін қызметтер жөнінде хабарлады.
«Төлеби аудандық мансап орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Хайырғали Әміртаев қысқа мерзімді кәсіптік оқу, әлеуметтік жұмыс орны, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, мемлекеттік грант бағдарламалары бойынша түсіндірді. Сондай-ақ аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығы КММ-нің басшысы Ақнұр Жакупова аудандағы жарнама, көрнекі ақпараттың жай-күйі жайында баяндады. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Беглан Мақұлбек жастарды жұмыспен қамту, оқу гранттары, жаңа бизнес идеялар туралы хабарландыру жасады. Еркін форматта өткен кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, сұрақтарын қойды.

Түркістандық бала Мағжан TOGG зауытына барды

Түркістан қаласында тұратын 3-ші сынып оқушысы Арғынбай Мағжан Ержанұлы бауырлас түрік елі шығаратын отандық электрлі көлік TOGG-тың Бурса қаласының Гемлик ауданындағы зауытын аралап қайтты. Көліктерге деген қызығушылығы ерте оянған Мағжан, алғаш шыққан күнінен бастап-ақ TOGG жайлы жаңалықтарды жібермей көріп келеді. Қазақ баласының Түркияның отандық өнімі TOGG-қа деген осы қызығушылығы түрік телеарнасының назарын да аударған болатын. Түркияның TRT арнасының Қазақстандағы тілшісі Түркістанға арнайы сапары барысында бала Мағжаннан сұқбат алып, қазақ баласының TOGG–қа деген қызығушылығын түрік жұртына жеткізгенді. Бұл репортаж TRT Haber және TRT Avaz арналары мен TRT қазақша сайтында жарияланды.

Осы жаңалықтан кейін бала Мағжан TOGG-ты өз көзімен көру үшін әкесімен бірге Түркияға барып қайтты. Ұшақтан түскен бойда-ақ әуежайда TOGG-тың үшеуін көріп, қуанышқа кенеледі. Сол күні әкесінің досы Фатих Кескиннің TOGG T10X көлігімен қаланы қыдырып, түрік елінің отандық өнімімен жақыннан танысады. TOGG-пен Түркияның бірнеше қаласын аралаған Мағжан, түрік елінің осы отандық электрлі көлігін шығаратын зауытты көруге Бурса қаласына барады. Оларды TOGG зауытына кіріп, аралап көрулері үшін алдын-ала арнайы рұқсат алып қойған Айбарс Йылмаз мырза күтіп алып, Мағжанның көптен күткен арманын орындайды. Осылайша, түркістандық Мағжан TOGG зауытын көріп, Түркияның отандық көлігінің қыр-сырымен, ерекшеліктерімен танысады. Қазақ баласы зауыт қызметкерлерін өзінің TOGG жайлы білетін ақпараттарымен таң қалдырып, тәнті етеді.

Түркістандық бала Мағжан осы саяхаты барысында TOGG зауытымен қатар, Бурсада өздерін қонақ еткен Серкан Акын мырза және ұлы Кылычарсланмен бірге Bursaspor футбол клубы мен баскетбол клубына да барды. Футболшылар мен баскетболшылардың жаттығу залдары мен алаңдарын, жататын орындары мен спорт клубының ғимаратын аралап көрді. Өмер Кескин және Тансел Ышыккент мырзалар Мағжанды Bursaspor футбол клубының тарихымен таныстырып, футболшылардың жеткен жетістіктерін баяндап берді. Ал баскетболшылардың жаттықтырушысы Мұрат Таныш мырза болса, Мағжанға жаттығу залын аралатып, арнайы сый-сыяпат табыстады.


Сегіз жасар Мағжан болашақта көлік жасап шығаруды армандайды. Көліктерге деген қызығушылығы мен TOGG-ты көруге құштарлығының себебі де осы. Баланың ұшқыр қиялы мен асқақ арманына мән беріп, TOGG-қа деген қызығушылығына назар аударған түрік бауырларымыз Мағжанға өздерінің оң батасын беріп, арманының орындалуын тілеп шығарып салды.

@Ербақыт Нығмет